Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 18 страница



Рахымдының (Аллаһтың) жақсы көретін екі сөзі бар, олар тілге жеңіл де, ал Таразыда өте ауыр болады: “Аллаһ (кемшілік атаулыдан) пәк әрі Оған мадақ. Ұлы Аллаһ пәк!” /Субхана-Ллаһи уә бихамдиһи, сухана-Ллаһиль-Азим!/аль-Бухари, Муслим.

 

1409. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, “Аллаһ пәк” /Сухана-Ллаһи/, “Аллаһқа мадақ” /Әль-Хамду ли-Ллаһи/, “ Аллаһтан басқа құдай жоқ” /Лә иләһә ил-Ллаллаһу/ және “Аллаһ Ұлы” /Аллаһу Акбар/ сөздерін, мен күн ненің үстінен көтерілсе соның бәрінен де жақсы көремін[729]! Муслим.

 

1410. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім күніне жүз рет: “Серігі болмаған бір Аллаһтан басқа құдай жоқ, үкім Оған тән, Оған мадақ және Оның кұш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді” /Лә иләһә иллә-Ллаһу уахдаһу лә шарика ләһу, ләһуль-мульку, уә ләһуль-хамду уә һуә ъалә кулли шайъин қадирун/[730], - деген, жүз құл босатқанның сауабындай сауаб табады, сондай-ақ оған жүз жақсы амалдың орындалғаны жазылады, сондай-ақ оның (амал дәптерінен) жүз жаман амалы өшіріледі, сондай-ақ бұнысы кешке дейін шайтандардан қорған болады және бұдан артық ешкім ештеңе істей алмайды, бұдан тек ол сөзерді одан да көп айтқандар ғана аса алады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1411. Хабар бойынша,Абу Айуб аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Он рет: “Серігі болмаған бір Аллаһтан басқа құдай жоқ, Билік Оның қолында, Оған мадақ және Оның кұш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді”, - деп айтқан адам, Исмайл ұрпағынан төрт құл азат еткенмен тең болады.Аль-Бухари, Муслим.

 

1412. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Саған Аллаһтың ең жақсы көретін сөздерін үйретейін бе? Расында, Аллаһ: “Аллаһ пәк және Оған мадақ!” /Субхана-Ллаһи уа бихамдиһи!/, - сөздерін жақсы көреді”, - деді. Муслим.

 

1413. Хабар бойынша,Абу Малик аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тазалану – иманның жартысы[731], “Әль-хамду ли-Лаһи!”, сөзі таразыны толтырады, ал “Субхана-Ллаһи уәль-хамду ли-Ллаһи!” сөздері жер мен көктің арасын толтырды. Муслим.

 

1414. Хабар бойынша,Саъад бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын бір бәдәуи келіп: “Маған мен қайталап отыратын сөздер үйретші”, - деп сұрады, сонда ол оған: “Былай де: “Аллаһтан басқа құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Аллаһ Ұлы, Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаһқа көп мақтаулар, Аллаһ пәк! Құдіретті, Дана Аллаһтың күш-қутына жететін ешкім жоқ![732]” /Лә иләһә слла-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, Аллаһу Акбар кабиран, Уәл-хамда ли-Ллаһи кәсирән уә сухана-Ллаһи, Роббиль ъаламина! Уә лә хәулә уә лә қуата иллә би-Лләһил-ъАзизиль-Хкими!/, - деді. Бәдәуи: “Бұл – менің Раббым үшін, ал мен үшін ше?”, - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Былай де: “Иә Аллаһ, кешір мені, маған рахымшылық ет және мені дұрыс жолға алып шық, сондай-ақ маған өмір сүретін ризық бер!” /Аллаһумма, - ғфирли, уархамни, уахдини, уарзуқни!/, - де. Муслим.

 

1415. Хабар бойынша,Саубан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үш рет Аллаһтан кешірім сұрайтын да сосын былай дейтін: “Иә Аллаһ, Сен – Бейбітсің (не Тнышытықсың, не Сәлемсің) және Сенен – бейбіттік (Тыныштық, не Сәлем), ардақтылық пен жомарттық иесі Сен жоғарысың!” /Аллаһумма, Әнтас-Салам уә минкас-Салам, тәбәрәктә йә заль-жәләли уәль-икрами!/[733]- деді.

Аль—Аузаъи, который, осы хадисті жеткізушілердің бірі болған, ол:

“Аллаһтан кешірімді қалай сұрау керек?”, - деп сұрағанда, оған. “Аллаһтан кешірім сүраймын! Аллаһтан кешірім сұраймын!” /Астағфиру-Ллаһа! астағфиру-Ллаһа!/, - деп айт”, - деген. Муслим.

 

1416. Хабар бойынша,аль-Муғира бин Шуъба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Намаз оқып екі жағына сәлем беріп болған соң әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейтін: “Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Үкім (билік) Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық. Әрі Оның күш-қуаты барлық нәрсеге толық жетеді. Иә Аллаһ! Сен берген нәрсеге ешкім тосқауыл бола алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім бергізе алмайды. Сенің алдыңда байдың байлығы пайдасыз болып қалады[734]” /Лә иләһә иллә-Ллаһу уахдаһу лә шарика ләһу, ләһуль-мульку, уә ләһуль-хамду уә һуә ъалә кулли шайъин қадирун! Аллаһумма, лә маниъа лима аътайта, уә лә муътайа лима манаъта уа лә йанфъу заль-джадди минкәльджадду/[735] Аль-Бухари, Муслим.

 

1417. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин аз-Зубайр, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол әр намаздың соңғында екі иығына сәлем беріп болғаннан кейін былай детін:

Серігі болмаған Аллаһтан басқа құдай жоқ, Оған үкім (билік) тән, сондай-ақ Оған мадақ және Оның бәріне күші жетуші! Сондай-ақ Аллаһтан басқа ешкімде күш-қуат жоқ, Аллаһтан басқа құдай жоқ, сондай-ақ Одан басқа ешкімге табынбаймыз, Бүкіл байлық пен кемелділік Онда және Оған – тамаша мадақ. Аллаһтан басқа құдай жоқ, ал біз болсақ (бұнымыз) кәпірлерге ұнамаса да, Оның алдында дінімізде адалмыз! /Лә иләһә иллә-Ллаһу уахдаһу лә шарика ләһу, ләһуль-мульку, уә ләһуль-хамду уә һуә ъалә кулли шайъин қадирун! Уә лә хаулә уа лә қуата иллә бил-Лләһи, лә иләһә иллә-Ллаһу уә лә наъбуду иллә ийиәһу, ләһу-нәъмату, уә ләһууль-фадлу уә ләһус-сәнәъу-ль-хасану. Лә иләһә иллә-Ллаһу, мухлысина ләһуд-дина уә лә кәриһаль-кәфируна!/

Ибн Зубайр айтты:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздерді әр намаздың соңында айтатын[736]. Муслим.

1418. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұхажирлердің ішінен кедейлері келіп: “Байлар барлық жоғары дәрежелерді иемденіп, мәңгілік рахат табады: олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, бірақ бұдан бөлек олардың байлықта артықшылықтары бар, ол арқылы олар Қыжылыққа барады, Умраға барады, Аллаһ жолындағы күреске қатысады және садақа береді”, - деді. Айтқандарын тыңдап, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерге алдағыларды қуып жететін және өздеріңнен кейінгілерден озатын амал үйретейін бе, сонда сендер оны істесеңдер, соны істегеннен басқа ешкім сендерден озып кете алмайды?”, - деді. Олар: “Әрине, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әр намаздан кейін отыз үш реттен “Субхана-Ллаһи”, “Әль-хамдули-Ллаһи” және “Аллаһу акбар”, деп айтыңдар”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Мулим келтірген нұсқасында мына сөздер қосылған:

(Бірәз уақыт өткен соң) кедей мұхажирлер тағы да Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Біздің бай бауырларымыз біздің істеп жүргенімізді естіп, олар да оны істейтін болды!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл – Аллаһтың қалағанына көрсететін мейірімі”, - деді.

 

1419. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім әр намаздан кейін отыз үш реттен: “Субхана-Ллаһи”, “Әль-хамдули-Ллаһи” және “Аллаһу акбар”, деген сөздерді айтып жүзіншісінде “Лә иләһә иллә-Ллаһу уахдаһу лә шарика ләһу, ләһуль-мульку, уә ләһуль-хамду уә һуә ъалә кулли шайъин қадирун!”, - десе, онда оның күнәләрі, теңіздегі көбіктерге тең болса да кешіріледі. Муслим.

 

1420. Хабар бойынша,Қаъб бин ъУжра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әр парыз намаздан кейін белгілі аяқтаушы сөздерді отыз үш реттен “Субхана-Ллаһи”, “Әль-хамдули-Ллаһи” және отыз төрт рет “Аллаһу акбар”, - деп айтқан адам қапыда қалмайды. Муслим.

 

1421. Хабар бойынша,Саъад бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқып болған соң әдетте Аллаһтан қорған сұрап былай дұға оқитын:

“Иә Аллаһ, расында, Саған қорқақтықтан және сараңдықтан сыйынамын, Сондай-ақ мен қаусаған шал болудан (кәріліктің азабынан) Өзіңе сыйынамын сондай-ақ мен осы дүниенің азғыруынан Өзіңе сыйынамын, Сондай-ақ Өзіңе қабір азғыруынан (азабынан) сыйынамын” /Аллаһумма, инни аъузу бика мин-аль жубни уаль-бухли, уә аъузу бика мин ан урадда илә арзалиль-ъумри, уа аъузу бика мин фитнатид-дуниа уа аъузу бика мин фитнатиль-қабри[737]/ аль-Бухари.

 

1422. Хабар бойынша,Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мені қолымнан ұстап: “Иә Муъаз, Аллаһтың атымен ант етемін, расында мен сені жақсы көремін!”, - деді де сосын былай деді: “Иә Муъаз әр намаздың соңында: “Иә Аллаһ, Сені еске алып тұруға, сондай-ақ Саған шүкірлік етуге, сондай-ақ Саған дұрыстап құлшылық етуге маған көметес”, - деп айтып отыруды тапсырамын”. /Аллаһумма, аъини ъалә зикрикә, уа шукрика, хусни ъибадатикә[738]/. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

1423. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ат-Тахиат сөздерін айтып, сендерден әрқайсысың Аллаһтан, төрт түрліден қорған сұрап былай десін: “Иә Аллаһ, мен Саған Тоазақтың азабынан сыйынамын, сондай-ақ қабір азабынан сыйынамын. Сондай-ақ өмір мен өлімнің сынағынан (азғыруынан) сыйынамын, сондай-ақ Даджалдың зұлымдық арбауынан сыйынамын!” /Аллаһумма, инни аъузу бика мин ъазаби жаһаннама, уә мин ъазабиль-қабри, уа мин фитнатиль-махйа уаль-мамати уә мин шарри фитнатиль-масихид-дажали![739]/ Муслим.

 

1424. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқығанда, оның соңында, көп сөзердің арасында ат-тахиат пен сәлем берудің арасында, былай деп жиі айтатын: “Иә Аллаһ, менің бұрын істегенімді және сосын істейтіндерімді, ашақ және жасырын істегендерімді, сондай-ақ шектен шыққан жерлерімді және Өзің менен жақсы білетін (күнәләрімді) кешір! Сен – алдыға Жылжытушысың және Сен – Қалдырушысың, Сенен басқа құдай жоқ!” /Аллаһумма, ғфирли мә қаддамту, уә мә аххарту, уә мә асрарту, уә мә аъләнту, уә мә асрафту, уә мә Анта ъаләму биһи минни! Анталь Муқаддиму уә Анталб-Муъаххиру, лә иләһә иллә Анта!/[740] Муслим.

 

1425. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Өзінің намазындағы рукуғ пен сәжделерінде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте жиі былай деп қайталайтын: “Сен пәксің, иә Аллаһ, Раббымыз, Саған мадақ, иә Аллаһ кешір мені!” /Субханакә, Аллаһумма, Раббана, уә буә бихамдикә, Аллаһумма-ғфирли!/[741] аль-Бухари, Муслим.

 

1426. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Өзінің рукуғ пен сәжделерінде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте былай деп қайталайтын: “Пәксің, Қасиеттісң және періштелер мен Жебірейілдің Раббысың” /Суббухун, Қуддусун, Раббуль-мәләәикәти уәр-рухи./Муслим.

 

1427. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рукуғ жайлы айтатын болсақ, онда (ол уақытта) Ұлы Аллаһ Тағаланы Мадақтаңдар[742], ал сәжде жайлы айтатын болса, онда (сәжде уақытында) Аллаһқа көбірек жалбарынып сұраңдар, өйткені сол уақытта сендер, дұғаларыңа жауап беруге көбірек лайықсыңдар. Муслим.

 

1428. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің Раббына ең көп жақын болып табылатын уақыт, ол сәжде уақыты, сондықтан сол кезде Одан көбірек сұраңдар. Муслим.

1429. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Өзінің сәжделерінде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте Аллаһқа келесі дұғаларын айтатын:

Иә Аллаһ менің барлық үлкен-кіші, алдыңғы-соңғы, ашық-құпия барлық күнәләрімді кешір! /Аллаһумма, ғфирли зәнби кулләһу: дыққаһу уә жилләһу, уә аууәләһу уә ахираһу, ъаләейатәһу уә сирраһу!/[743] Муслим.

 

1430. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Брде түнде оянып жанымнан Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын таппадым, сосын оны іздеп, оның рукуғта иіліп келесі сөздерді айтып жатқанын естідім: “Сен пәксің және мадақ Саған, Сенен басқа құдай жоқ!” /Субханака уә бихамдикә, лә иләһә иллә Анта!/

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың Ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Менің қолым Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тік тұрған өкшсіне тиді[744], ол мешітте болатын, сонда ол мына сөздерді айтып жатты: “Иә Аллаһ, расында мен Саған Ашуыңнан ризалығыңа, жазаңнан кешіріміңе сыйынамын, сондай-ақ Өзіңнен Өзіңе сыйынамын. Мен Саған деген мадақты айтып тауыса алмаймын, өйткені Өзіңді толығымен Өзің (ғана) Мақтағансың! /Аллаһумма, инни аъузу биридокә мин сахатикә, уә бимуъафатикә мин уқубәтикә, уә аъузубикә минкә! Лә ухси сәнъан ъләйкә Антә кәмә аснәйтә ъали нәфсикә!/[745] Муслим.

1431. Хабар бойынша,Саъад бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге болған кезімізде, ол бізден: «Сендерден қайсысың күніне мың игілікті істен жасай аласың?», - деп сұрады. Сөйлесіп отырғандардын бірі: «Адам қалайша күніне мың игі амалдан жасай алады?», - деп сұрады. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол бұны Аллаһты күнде жүз реттен мадақтап жасай алады[746], сонда оған мың игі амалдан жазылып отырады[747] да және одан мың кішігірім күнәнің ауырпалығы түсіп отырады», - деп жауап берді. Муслим.

Аль Хумайд былай деді:

Бұл хадис Муслимнің кітабінде былай келтіріледі: «немсе: …сонда одан түсетіні…»

Аль-Баркани былай деді:

Бұл хадисті сондай-ақ Муслимде, Шуъба Абу ъАуана және Йахйа аль-Каттан, Мусаның сөздерніе сүйеніп жеткізген, олар былай деген:

«сонда одан ауыртпашылығы түседі», - деп «алифсіз» келтіреді.

 

1432. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан әр күні әр қайсысың денелеріңде неше буын болса сонша садақа беруге тиістісіңдер. Әр бір айтылған: «Субхана-Ллаһ», садақа болып табылады және: «Әлхамду ли-Лаһ», садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Лә иләһә ила-Ллаһ» садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Аллаһу акбар», садақа болып табылады, және жақсылыққа шақыру садақа болып табылады, жамандықтан тыйу садақа болып табылады, бірақ осының бәрін таңертіңгілік оқыған екі бас нәфіл намаз /ад-духа/[748] ауыстыра алады. Муслим.

1433. Хабар бойынша,діндарлардың анасы Джувайрийи бинт Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқып болған соң[749], ал мен өзімнің намаз орнымда отырған уақытымда менен шығып кетті де, таң атысымен қайта оралып маған: «Сен әлі сол орныңда тапжылмай отырсың ба не?[750]», - деп сұрады. Мен: «Иә», - деп жауап бердім. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен сенен шыққан соң үш рет төрт сөзді қайталадым, ал егер оларды салмағы жағынан сенің таң ертеңнен айтқан сөздеріңмен салыстыратын болсақ, менің сөздерім міндетті түрде ауыр болады! Мен: «Аллаһтың жаратқандары қанша болса, Оған сонша мақтау, сондай-ақ Ол (мақтау сөздерінің) қаншасына риза болатын болса сонша (мақтау), сондай-ақ сол мақтаулардың салмағы Оның Күрсісінң (Тағының) салмағындай болсын және де Оның сөздерін жазуға қанша сия кететін болса[751], ол мақтауларды жазуға да сонша сия кетсін!», - деп айттым», - деді./Субхана-Ллаһи ва би-хамди-һи 'адада хальқы-һи, уа рида нафси-һи, уа зината 'арши-һи уа мидада кәлимати-һи!/[752]Муслим

Бұл хадистің Муслим келтірген басқа нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Аллаһтың жаратқандары қанша болса, Оған сонша мадақ, Аллаһтың Өзі нешесіне риза болатын болса, Оған сонша мадақ, сондай-ақ ол сөздердің салмағы Оның Күрсісінң (Тағының) салмағындай болсын, сондай-ақ ол (мадақ) сөздерді жазуға, Оның сөздерін жазуға қанша сия жұмсалатын болса, сонша сия жұмсалсын! /Субхана-Ллаһи 'адада хальқы-хи, субхана-Ллаһи рида нафси-һи, субхана-Ллаһи зината 'арши-һи, субхана-Ллаһи мидада кә-лимати-һи!/

Бұл хадистің ат-Тирмизи келтірген басқа нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Саған сен айта алатын басқа сөздерді үйретейін бе? Былай де: «Аллаһтың жаратқандары қанша болса, Оған сонша мадақ, Аллаһтың жаратқандары қанша болса, Оған сонша мадақ, Аллаһтың жаратқандары қанша болса, Оған сонша мадақ, Аллаһтың Өзі нешесіне риза болатын болса, Оған сонша мадақ, Аллаһтың Өзі нешесіне риза болатын болса, Оған сонша мадақ, Аллаһтың Өзі нешесіне риза болатын болса, Оған сонша мадақ, Аллаһқа мадақ , сондай-ақ ол сөздердің салмағы Оның Күрсісінің (Тағының) салмағындай болсын, Аллаһқа мадақ , сондай-ақ ол сөздердің салмағы Оның Күрсісінің (Тағының) салмағындай болсын, Аллаһқа мадақ , сондай-ақ ол сөздердің салмағы Оның Күрсісінің (Тағының) салмағындай болсын, Аллаһқа мадақ, сондай-ақ ол (мадақ) сөздерді жазуға, Оның сөздерін жазуға қанша сия жұмсалатын болса, сонша сия жұмсалсын, Аллаһқа мадақ, сондай-ақ ол (мадақ) сөздерді жазуға, Оның сөздерін жазуға қанша сия жұмсалатын болса, сонша сия жұмсалсын, Аллаһқа мадақ, сондай-ақ ол (мадақ) сөздерді жазуға, Оның сөздерін жазуға қанша сия жұмсалатын болса, сонша сия жұмсалсын! /Субхана-Ллаһи 'адада хальқы-һи, субхана-Ллаһи 'адада хальқы-һи, субхана-Ллаһи 'адада хальқы-һи, субхана-Ллаһи рида нафси-һи, субхана-Ллаһи рида нафси-һи, субхана-Ллаһи рида нафси-һи, субхана-Ллаһи зината 'арши-һи, субхана-Ллаһи зината ‘арши-һи, субхана-Ллаһи зината 'арши-һи, субхана-Ллаһи мидада кя-лимати-һи, субхана-Ллаһи мидада кялимати-һи, субхана-Ллаһи мидада кялимати-һи!/







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.