Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 20 страница



 

1456. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Хубайб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үш реттен: «Құлһу Аллаһу ахад…[773]», - ты және «муъаууазатайнды[774]» таң ертең және кешке үш реттен оқы, сонда бұл сені барлық жамандықтан сақтайды.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1457. Хабар бойынша,Осман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күнде таң ертең және кешке үш реттен: “Аллаһтың атымен, Оның атымен не көкте не жерде еш нәсре зиянын тигізе алмайды, Ол – Естуші, Көруші!” /Би-сми-Ллаһи аллязи ля йадурру ма'а исми-хи шай'ун фи-ль-арди ва ля фи-с-сама'и, ва хува-с-Сaмику-ль-'Алиму!/[775]Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Ұйықтар алдында не деу керектігі жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Шексіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. Олар тіке тұрып отырып, жамбасынан жатып Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: “Раббымыз, Сен бұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді Өз азабыңнан сақта!”» «Аль-Имран» сүресі, 190-191 аяттар.


1458. Хабар бойынша,Хузайфа мен Абу Зарр, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар былай деді:

Сенің атыңмен иә Аллаһ, мен өлемін және тірілемін. /Би-сми-кә, Алла-һума, ахйа уә амуту/[776]
Аль-Бухара.

 

1459. Хабар бойынша,Али, олған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол, бірде Аллаһтың елшісің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған және Фатимға, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Төсекке жатардың алдында (не: …төсекке жатқан кезде): «отыз үш реттен “Аллаху Акбар“, “Субхана-Ллаһи“ және “Әль-хамду ли-Ллаһи“», - деп айтыңдар.

Бұл хадистің басқа нұсқасында Пайғамбардаң, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

“Субхана-Ллаһи“, сөзін отыз төрт реттен айтыңдар.
Бұл хадистің басқа нұсқасында Пайғамбардаң, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

“Аллаху Акбар“, сөзін отыз төрт реттен айтыңдар.Аль-Бухари; Муслим

 

1460. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ертең әдетте былай деп айтатынын жеткізді:

Сендерден кім төсекке жатқысы келсе, онда изарының сыртымен төсегін қақсын, өйткені ол оның ішінде не барын[777] білмейді, сосын былай десін: «Иә Раббым, Сенің атыңмен жамбастап жаттым және Сенің атыңмен тұрамын. Егер Сен менің жанымды алсаң, онда рахым ет, ал егер Сен оны қайтарсаң, онда оны діндарлардың жанын қорғағаныңдай қорға. /Би-сми-кә, Рабби, уада'ту джанби уа би-кә арфа'у-ху, фа ин амсак-та нафси, фа-рхам-һа, уа ин арсальта-һа фа-хфаз-һа би-ма тахфазу би-һи 'ибада-кя-с-салихина/. Аль-Бухари; Муслим

 

1461. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, төсекке жатқысы келсе алақандарына үрлеп (сүпілеп) Құранның соңғы үш сүресін оқып, сосын қолдарымен денесінің бәрін сипайтын. Аль-Бухари; Муслим.

Бұл хадистің Муслимде де аль-Бухарида да келтірген тағы бір нұсқасында, былай делінеді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын, егер төсекке жатқысы келсе қолдарының алақанын өзіне қаратып қосып оған үрлеп (сүпілеп) сосын: «Қульһу Аллаһу ахад…» – ты, сондай-ақ: «Қул аъузу бироббиль фалақ…», -ты, сондай-ақ: «Қул аъузу бироббин нас…», -ты оқып, сосын қолдарымен басы мен беті және денесінің алдыңғы жақтарынан бастап, қолы жеткенше, қолымен сипап шығатын және бұны үш ретттен қайталайтын.

1462. Хабар бойынша,аль-Бара бин ъАзиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: «Төсекке жатқың келген кезде, намаз оқырдың алдындағыдай дәрет ал да, сосын оң жамбасыңа жатып: «Иә Аллаһ, өз нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым, әрі жүзімді Саған қараттым және сауабыңды үміт етіп, әрі азабыңнан қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен пана тілеймін! Түсірген Кітабыңа және жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім. /Аллаһумма, инни аслямту нафси иляй-кә, уә фаввадту амри иляй-кә альджа'ту захри иляй-кә рағбатан уә рахбатан иляй-кә. Лә мальд-жа'а ва лә манджа мин-кә илля иләй-кә! Аллаһумма, аманту би-ки-таби-кә аллязи анзальта ва би-набиййи-кә алләзи әрсальта/[778], - де, сонда егер де осыдан кейін өлсең, онда жаңа туған күйіңдегідеі жағадйда өлесің[779], сондықтан бұл сенің сол күндегі соңғы сөздерің болсын. Аль-Бухари, Муслим.

1463. Хабар бойынша,Анаса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, төсекке жатардың алдында былай дейтін: “Бізді қоректендіріп сусындандырған, сондай-ақ бізге кепіл болып әрі бізге баспана берген Аллаһқа шүкір, өйткені кепіл етушісі мен баспана берушісі жоқтар қаншама” /Әль-хамду ли-Ллаһи аллязи ат'ама-на, уә сақа-на, уә кәфа-на уә ауа-на, фа кәм мимман ля Кяфийа ля-һу уә лә Му'уийа!/ Муслим.

 

1464. Хабар бойынша,Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйықтағысы келсе, оң қолын басының астына қойып былай дейтін: “ Иә Аллаһ, мені құлдарыңды қайта тірілтетін Күні, Өзіңнің азабыңнан сақта” /Аллахумма, кы-ни 'азаба-кя йаума таб'асу 'ибада-кә!/Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

Бұл хадисті Абу Дауд Хуфсаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтуымен тағы бір нұқасын келтіріп, онда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жоғарыда келтірген сөздерді үш рет қайталаған дейді.

 

 

АЛЛАҺТАН ДҰҒА ЖАСАП

СҰРАУ ЖАЙЛЫ КІТАП

 

ТАРАУ

Аллаһтан дұға жасап сұраудың қасиеті жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«Маған жалбарыныңдар, тілектеріңді қабылдаймын» «Ғафыр» сүресі, 60 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді» «Ағраф» сүресі, 60 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін…»» «Бақара» сүресі, 186 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Немесе қиналғандар, Өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын…» «Нәміл» сүресі, 62 аят.

1465. Хабар бойынша,ан-Ну'ман бин Башира оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан сұрап дұға жасау құлшылық болып табылады. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1466. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын Аллаһқа қысқа әрі нұсқа сөздермен сұрауының түпкі негізін айтып, сондай-ақ сөздеріне басқа артық еш нәрсе қоспай жалбарынғанды жақсы көретін. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.


1467. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте Аллаһтан былай сұрайтын: «Иә Аллаһ, бізге осы дүниеде де, мәңгілік дүниеде де жақсылық бер және бізді тозақтың отынан сақта!» /Аллаһумма, ати-на фи-д-дунйа хасанатан, ва фи-ль-ахырати хасанатан ва қи-на 'азаба-н-нари!/ Аль-Бухари; Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында ол мыналарды қосады:

Анас Аллаһқа дұға жасағысы келсе ол осы сөздерді айтатын, ал ол тағы басқа нәрсе сұрағысы келсе де осыны айтатын.

 

1468. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздерді жиі айтатынын жеткізді:

Иә Аллаһ, расында, мен Сенен тақуалықта, ұстамдылықта, және байлықта Өзіңнің басшалағаыңды сұраймын. /Аллаһумма, инни ас'алю-кя-ль-һуда, ва-т-туқа, ва-ль-'афафа ва-ль-ғина/ Муслим.

1469. Хабар бойынша,Тарик бин Ашйам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Егер қай бір адам Ислам (дінін) қабылдаса, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ондайға әрқашан дұрыстап намаз оқуды үйрететін, ал одан кейін Аллаһқа былай деп дұға айтуды талап ететін: «Иә Аллаһ, кешір мені, маған рахым ет, сондай-ақ мені тура жолға шығар, сондай-ақ маған ризық бер!» /Аллаһумма, ғфир ли, ва-рхам-ни, ва-хди-ни, ва 'афи-ни ва-рзуқ-ни![780]/ Муслим.

Бұл хадистің Тарик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген тағы бір нұсқасында, ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандарын тыңдап отырғанында, оған бір адам келіп:

«Иә Аллаһтың елшісі, мен өзімнің Раббымнан сұрағанымда не деуім керек?», - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: ««Иә Аллаһ, кешір мені, маған рахым ет, мені құтқар және маған ризық бер!», - де, өйткені бұл сөздер сен үшін осы дүние мен о дүниегіні біріктіреді», - деді.

 

1470. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Аллаһ, жүректерді бағыттаушы (бұрушы), біздің жүректерімізді Өзіңе бағынуға бағытта (бұр) /Аллахумма, мусаррифа-ль-кулюби, сарриф кулюба-на 'аля та'ати-кя!/ Муслим.

 

1471. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сынақтың қиындығынан, қайғы соққысынан, жаман шешімнен және дұшпанның табалауынан Аллаһқа сыйыныңдар. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында (осы хадисті жеткізушілердің бірі) Суфиан былай дегені келтіріледі:

Мен осылардың бірін өзімінің жанымнан қоспағаныма сеніміді емеспін.

 

1472. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, мен үшін менің барлық ісімде маған қорған болатын дінімді реттеп бер[781], сондай-ақ мен өмір сұріп отырған осы дүниені реттеп бер[782], сондай-ақ мен оған оралатын мәңгілік өмірді реттеп бер, сондай-ақ маған өмірімді тек игілік әкелетін еткіз, сондай-ақ мен үшін өлімімді барлық зұлымдықдықтан құтылдырушы еткіз! /Аллаһумма, аслих ли дини алләзи хува 'исмату амри, уә аслих ли дунйайа алләти фи-ха ма'аши, уә аслих ли ахырати алляти фи-һа ма'ади, уа-дж'али-ль-хайата зийадатан ли фи кулли хайрин, уа-дж'али-ль-маута рахатан ли мин кулли шаррин!/ Муслим.

 

1473. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Былай деп айт: «Иә Аллаһ, мені ақиқат жолына бағытта және мені бәрінде дұрыстыққа алып кел! /Аллаһумма-һди-ни ва саддид-ни!/ Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Иә Аллаһ, расында, Өзіңнен басшылық пен дұрыстықты сұраймын! /Аллаһумма, инни ас'алю-кә-ль-һуда ва-с-садада!/ Муслим.


1474. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, расында, Өзіңе әлсіздіктен, селқостықтан, қорқақтықтан, қаусаған кәріліктен және сараңдықтан сыйынамын, сондай-ақ Өзіңе қабір азабынан және өмір мен өлім сынағынан сыйынамын! /Аллаһумма, инни а'узу би-кя мин аль-'аджзи, уа-ль-кяәсали, уа-ль-джубни, уа-ль-харами уа-ль бухли, уа а'узу би-кә мин 'азаби-ль-кабри уа а'узу би-кә мин фитна-ти-ль-махйа уа-ль-мамати!/ Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…қарыз ауырлығы мен адамдардың қысымшылығынан, /...уа даля'и-д-дайни ва ғалябати-р-риджали!/ Муслим.


1475. Хабар бойынша,Абу Бакр ас-Сиддиқ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған өзімнің намазымда Аллаһтан сұрауым үшін дұға үйретші», - деп сұрадым. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. былай деді: «Былай де: «Иә Аллаһ, мен өз-өзімді көп ренжіттім[783] (не өз-өзіме зұлымдық жасадым), Сенен басқа ешкім күнәләрді кешірмейді! Маған Өзіңнің кешіріміңді сыйлап мені кешір және маған мейіріміңді төк, расында, Сен – Кешірімдісің, Мейірімдісің!» /Аллаһумма, инни залямту нафси зульман кәсиран, уа ля йағфиру-з-зунуба иллә Анта, фа-ғфир ли мағфиратан мин’инди-кә уа-рхам-ни, инна-кә Анта-ль-Ғафуру-р-Рахиму!/ аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Аба Бакрдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

…сондай-ақ өз үйімде…[784]

Бұл хадис «зульман кәсирән» (көп ренжіттім, көп зұлымдық жасадым), деп те жеткізіледі және «зульман кәбирән» (ұлы реніш әкелдім, ұлы зұлымдық жасадым), деп те жеткізіледі, сондықтан екі нұсқаны біріктіріп «кәсирән кәбирән» (өз-өзімді көп рет ұлы реніштермен ренжіттім, не көп рет өз-өзіме ұлы зұлымдықтар жасадым) деп, айту қажет.


1476. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, маған менің күнәләрім мен надандығымды және амалымдағы дағдылықсыздығымды, сондай-ақ Өзіңнің менен де жақсы білетініңді кешір! Иә Аллаһ, менің шынымен және әзілмен, қателесіп және біле тұра жасағандарымның (бәрін) кешір, өйткені осының бәрі маған тән! Иә Аллаһ менің бұрын жасаған және алдағы уақытта жасайтын, сондай-ақ менің жасырын және құпия жасаған, сондай-ақ Өзіңнің менен жақсырақ білетін (бүкіл) күнәләрімді кешір! Сен алдыға Жылжытушысың, - сондай-ақ Сен артқа Ысырушысың және барлық билік Сенде!» /Аллаһумма, ғфир ли хаты'ати уа джахли, ва исрафи фи амри уа ма Анта а'ляму би-һи минни»! Аллаһумма, ғфир ли джадди уа хазли, уа хата'и, уа 'амди ва куллю заликя 'инди! Аллаһумма, ғфир ли ма қаддамту уа ма аххарту, уа ма асрарту уа ма а'лянту, уа ма Анта а'ляму би-һи минни! Анта-ль-Mуқаддиму, уа Анта-ль-Муаххыру уа Анта 'аля кулли шай'ин қадирун!/ аль-Бухари, Муслим.

 

1477. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, істеген зұлымдығым мен істемеген зұлымдығымның (кесірінен) Өзіңе сыйынамын! /Аллаһумма, инни а'узу би-кә мин шарри ма 'амильту уа мин шарри ма лям а'маль!/ Муслим.

 

1478. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп Аллаһқа дұға айтқанын естіген:

Иә Аллаһ, расында, Өзіңнің игіліктеріңнің тоқтап қалуынан, сондай-ақ Сенің сыйлаған нығметтеріңнің[785] ауысуынан, сондай-ақ Сенің жедел қаһарыңнан және барлың Сенің қаһарыңның туғызатындардың бәрінен Өзіңе сыйынамын! /Аллаһумма, инни а'узу би-кя мин завали ни'мати-кә, уа тахауули 'афийати-кә уа фуджа'ати никмати-кя уа джами'и сахати-кә!/ Муслим.


1479. Хабар бойынша,Зайд бин Аркам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, расында, мен өзіңнің қорғаныңа әлсіздіктен, селқостықтан, сараңдықтан, қаусаған кәріліктен және қабір азабынан сыйынамын! Иә Аллаһ менің жаныма тақуалық нәсіп етіп оны тазарт, өйткені Сен – тазартушылардың ең абзалысың[786], Сен – оның Қамқоршысы мен мен Қожасысың! Иә Аллаһ Өзіңе пайдасыз білімнен, бойұсынбайтын жүректен, тойымсыз жәннан (рухтан), жауапсыз дұғадан Өзіңе сыйынамын!» /Аллахумма, инни а'узу би-кямин аль-'аджзи, ва-ль-кясали, ва-ль-бухли, ва-ль-харами ва 'азаби-ль-кабри! Аллахумма, ати нафси таква-ха, ва закки-ха, Анта хайрун ман заккя-ха, Анта Валийу-ха ва Мауля-ха! Аллахумма, инни а'узу би-кя мин 'ильмин ля йанфа'у, ва мин кальбин ля йахша'у, ва мин нафсин ля ташба'у ва мин да'ватин ля йустадж-абу ля-ха!/ Муслим.

 

1480. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, Саған бойұсындым, Саған иман келтірдім, Саған үміт артамын, Сенен сұраймын, Сенің арқаңда айтысамын және Сенің төрешілігіңді (сотыңды) сұраймын, сондықтан менің бұрын жасағаным мен әлі жасамағанымды, сондай-ақ менің құпия әрі жәриә жасағанымды кешір! Сен – алдыға Шығарушысың және Сен – Шегіндірушісің, Сенен басқа, құдай жоқ! /Аллаһумма, аслямту, уа би-кә aмaнту, уа 'аляй-кя таваккяльту, уа иляй-кә анабту, уа би-кә хасамту уа иляй-кә хакәмту, фа-ғфир ли ма қаддамту, уа ма аххарту, уа ма асрарту уа ма а'лунту! Анта-ль-Му-қаддиму ва Анта-ль-Муаххыру, ля иляһа иллә Анта!/ Хадисті жеткізушілердің кей бірі мына сөздерді қосатын:

…және Аллаһтың күш қуатына жететін күш қуат ешкімде жоқ! Аль-Бухари, Муслим.


1481. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, расында, Өзіңе Оттың сынағы[787] мен азабынан, сондай-ақ байлық пен кедейліктің кесірінен (зұлымдығынан) пана іздеймін (сыйынамын) /Аллаһумма, инни а'узу би-кә мин фитнати-н-нари, уа 'азаби-н-нари уа мин шарри-ль-ғына уа-ль-фақри!/ Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді. Бұл жерде Абу Даудтың нұсқасы беріліп тұр.


1482. Хабар бойынша,Зайд бин Иләкә, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ағасымен ағайындас (не болмаса нағашысы) Құтпа бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, арқылы, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, жағымсыз құлықтылықтан, істен және бағыттан Өзіңе сыйынамын! /Аллаһумма, инни а'узу би-кә мин мункәрати-ль-ахләки, уа-ль-а'мали уа-ль-aхва'и!/ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

1483. Хабар бойынша,Шакаль бин Хумайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, маған қай-бір дұға үйретші», - дедім, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Иә Аллаһ, расында, мен құлағымның кесірінен[788], көзімнің кесірінен[789], тілімнің кесірінен, жүрегімнің кесірінен[790] және жыныс мүшелерімнің кесірінен[791] Өзіңе сыйынамын! /Аллаһумма, инни а'узу би-кя ми шарри сам'и, уа мин шарри басари, уа мин шарри лисани, уа мин шарри қальби уа ми шарри манийаи!/ Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1484. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, алапестен, жындылықтан, лепрден[792] және басқа да ауыр кеселдерден Өзіңе сыйынамын! /Аллаһумма, инни а'узу би-кя мин аль-бараси, уа-ль-джунуни, уа-ль-джузами ва сайи'и-ль-ас-ками!/ Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.


1485. Хабар бойынша,Абу Хурайры, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Иә Аллаһ, Өзіңе аштықтан сыйынамын – онымен бір төсекте жату қандай қиын! – сондай-ақ Өзіңе сатқындықтан сыйынамын – ол нендей жаман қылық! /Аллаһумма, инни а'узу би-кә мин аль-джу'и, фа-инна-һу би'са-д-даджи'у, уа а'узу би-кя мин аль-хыйанати, фа-инна-һу би'сати-ль-битанату!/Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.