Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 21 страница



 

1486. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде оған өзінің қожайынымен өзін сатып алу шартына отырған бір құл келіп: “Мен өзімнің шартымның талаптарын орындай алмай жатырмын, маған көметесші!”, - деді. Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді: “Маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйреткен бір сөздерді, саған үйретейін бе? (Егер) ол сөздерді (айтсаң), сенде Ухуд тауындай қарызың болса да, Аллаһ сен үшін оны береді[793]! Былай де: “Иә Аллаһ, Өзіңнің тыйым салған нәрселеріңнен, рұқсат еткен нәрселерің арқылы құтқар[794] және кеңшілігіңмен, мені Өзіңнен басқаға мұқтаж болудан сақта! /Аллаһумма, кфи-ни би-халяли-кә 'ан харами-кә уа-ғни-ни би-фадликә 'амман сиуә-кә![795]/ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1487. Хабар бойынша,Имран бин аль-Хусайн, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның әкесі Хусайнға, Аллаһқа дұға жасағанда айтуы үшін, мына екі сөздерді үйреткен: “Иә Аллаһ, маған Өзіңнің жолыңнан тайып кетпейтінді сіңір және мені жанымның кесірінен сақта! /Аллаһумма, аль-хым-ни рушди уа а'ыз-ни мин шарри нафси!/ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.[796]

 

1488. Хабар бойынша,Абу-ль-Фадль аль-Аббас бин Абд аль-Муталиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: “Иә Аллаһтың елшісі, маған Аллаһ Тағаладан сұрайтын бір нәрсеге үйретші”, - деп өтіндім, - сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһтан құтқаруын сұраңдар”, - деді. Ал біраз күндерден кейін мен оған келіп. “Иә Аллаһтың елшісі, маған Аллаһ Тағаладан сұрап тұратын дұға үйретші”, - дедім, - сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. “Иә Аббас, иә Аллаһтың елшісінің көкесі[797], Аллаһтан осы дүние мен мәңгілік дүниеде құтқаруын сұраңдар!”, - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1489. Хабар бойынша,Шахр бин Хаушаб былай деді:

Бірде мен Умм Саламадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Иә діндарлардың анасы, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сенде болған кезінде Аллаһқа қандай дұғаларды жиі айтатын еді?”, - деп сұрадым. Ол: “Әдетте ол былай дұға айтатын: “Иә жүректердің халін өзгертуші[798], менің жүрегімді Өзіңнің дініңде тұрақтат!” /Йа Муқаллиба-ль-қулюби, саббит қальби 'аля дини-кә/, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1490. Хабар бойынша,Абу-д-Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Дауд, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһқа мына дұғаларды да айтатын: «Иә Аллаһ, мен Өзіңнен Өзіңнің махаббатыңды сұраймын және Өзіңді жақсы көретіндердің махабббатын сұраймын, сондай-ақ Сенің Махаббатыңа алып келетін амалдарға деген махаббатты сұраймын! Иә Аллаһ Өзіңнің мен үшін махаббатыңды, мен үшін өзімнен де артық, өзімнің жанұямнан да артық және салқын суды жақсы көргеннен де артық ет!» /Аллаһумма, инни ас'алю-кә хубба-кә, ва хубба ман йухиббу-кә әа-ль-'амалә-лләзи йубаллиғу-ни хубба-кә! Аллаһумма - дж'аль хубба-кә ахабба иләййа мин нафси, уа ахли уа-ль-ма'и-ль-ба-риди! Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1491. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһқа әрдайым және жиі мына сөздермен дұға жасаңдар: «Иә ұлылық пен жомарттық Иесі[799]…» /Йә За-ль-джаләли уа-ль-икрами.../ Бұл хадисті ат-Тирмизи мен ан-Насаи Рабиъи бин Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, арқылы келтіреді. Аль-Хаким «Жақсы хадис», дейді.

 

1492. Хабар бойынша,Абу Умам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһқа көптеген дұғалар жасайтын да, оларды біз есімізде сақтай алмайтынбыз, сосын бірде біз оған: “Иә Аллаһтың елшісі, сен Аллаһқа көптеген дұға жасап, оларды біз есімізде сақтай алмадық!”, - дедік. Бұнымызға Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Сендерге осының бәрін біріктіретінді үйретейін бе? Былай деңдер: “Иә Аллаһ мен Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сұраған игілікті сұраймын және Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сыйынған барлық зұлымдығынан сыйынамын! Көмекті Өзіңнен ғана сұрау қажет, ал дұғаны қабыл етуді Өзің ғана шешесің және Аллаһтан басқа ешкімде күш қуат жоқ!” /Аллаһумма, инни ас'алю-кә мин хайри ма са'аля-кә мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи уа салләма, уа а'узу би-кә мин шарри маста'аза мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи ва салләма! Уа Анта-ль-муста'ану, уа 'аляй-кә-ль-баләгу уа ля хаулә ва лә қууата иллә би-Ллаһи!/ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.[800]

 

1493. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһқа мына дұғалармен жалбарынатын: «Иә Аллаһ, расында, Мен Өзіңнен Сенің мейіріміңді төккізіп, кешіріміңді тудыратын, сондай-ақ бәрінен құтқаратын, сондай-ақ игілікті көбейтетін, сондай-ақ Жәннәт нәсіп ететін және Оттан құтқаратын (амал) сұраймын!» /Аллаһумма, инни ас'алю-кә муджибати рахмати-кә, уа 'аза'има мағфирати-кә, уа-с-саләмата мин кулли исмин,уа-ль-ғанимата мин кули биррин, уа-ль-фауза би-ль-джаннати уа-н-наджата мин ан-нари!/ Бұл хадисті аль-Хаким Абу Абдуллаһ «Муслимнің талаптарын қанағаттандыратын сенімді хадис», деп келтіреді.[801]

 

ТАРАУ

Жаныңда жоқ басқа біреуге дұға жасаудың қасиеті жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай олардан кейін келгендерге де (бұл олжадан) беріледі. Олар: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр!…» «Хашыр» сүресі, 10 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…өзіңнің және мүмин ер, әйелдердің күнәләрәнің жарылқауын тіле!…» «Мухаммад» сүресі, 19 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүминдерді жарылқа![802]» «Ибраһим» сүресі, 41 аят.

 

1494. Хабар бойынша,Абу-д-Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың кез-келген құлы жанында жоқ бауыры үшін Аллаһқа жалбарынып дұға жасаса, жанындағы переште оған әрдайым: «Саған да сұрағаның болсын!», - деумен болады. Муслим.

 

1495. Хабар бойынша,Абу-д-Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатындығын жеткізді:

Мұсылманның жанында жоқ бауыры үшін сұраған дұғасы қабыл, өйткені, оның басының жанында ерекше тапсырма алған переште бар, сонда ол мұсылман, өзінің жанында жоқ бауыры үшін игілік тілеп дұға жасаған сайын ерекше тапсырма алған періште: «Амин, саған да сұрағаның бұйырсын!», - дейді. Муслим.

 

ТАРАУ

Аллаһқа дұға жасап сұрауға байланысты кейбір мәселелер жайында.

 

1496. Хабар бойынша,Усама бин Зайд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер кімде-кім өзіне жақсылық жасағанға: «Саған Аллаһ хайырымен қайтарсын!» /Джаза-кә-Ллаһу хайран!/, - десе, онда ол өзінің рахметін айтқаннан (ризашылығын білдіргеннен) де, көп іс істеген саналады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

1497. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өздеріңе қарғыс айтпаңдар, өздеріңнің балаларыңа қарғыс айтпаңдар және өздеріңнің дүниелеріңе қарғыс айтпңдар, өйткені ол Аллаһтан сый сұрайтын уақыт аралығында айтып қалуы мүмкін[803], (ал егер сол кезге) тап келіп қалса, онда Ол сұрағандарыңды береді. Муслим.

 

1498. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің Раббына құл, сәжде уақытында ең жақын саналады, сондықтан (сол уақытта) Оған дұғаны жиірек жасаңдар. Муслим.

 

1499. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Мен Аллаһтан сұрап дұға жасадым, ал Ол менің дұғама жауап бермеді», - деп, асықтырмасаңдар, сендердің әр қайсысыларыңның дұғаларыңа жауап бар. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде былай деп айтқаны келтіріледі:

«Аллаһтың құлының дұғасы, ол күнә істі не болмаса туыстарымен қарым-қатынасты үзуді сұрағанша және асығысттық танытпайынша қабыл». Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, асығыстық танытпайыншасы не?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл дегеніміз, ол: «Мен Аллаһқа дұға жасап сұрай бердім, бірақ мен Оның жауап бермекші болғанын көрмедім!», - деп айтқаны, осыдан кейін оған Аллаһтан сұрап дұға жасау ауыр болады да, сосын одан бас тартады», - деді.


1500. Хабар бойынша,Абу Умам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. “Қай дұғаға, ол қабыл болады деп үміт артуға болады?”, - деп сұрады. Ол: “Аллаһқа түннің ішінде жасаған дұға мен парыз етілген намаздардан кейінгі жасалған дұға”, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1501. Хабар бойынша,Убада бин ас-Самит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жер бетінде тұратын мұслмандардың қайсысы болмасын, күнәлі істер мен туыстық қарым-қатынастарды бұзудан бөлек, Аллаһ Тағаладан сұрап дүға жасаса, Аллаһ оған сұрағанын міндетті түрде береді, не болмаса сол сұрағанының көлеміндей көлеміндегі зұлымдықты қайтарады», - деді. Адамдардың бірі: «Онда біз Аллаһқа жиірек дұға жасаймыз», - деді – сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ болса сендерге (сұрағандарыңнан да) көбірек береді», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді. Бұл хадисті Абу Саъидтың жеткізуімен Аль Хаким де келтіреді, оның нұсқасында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәілемі болсын, былай дейді:

…не болмаса оған сұрағанының көлеміндейді, ол үшін сақтап қояды.

 

1502. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайғыға душар болса әлетте былай дейтін: «Жұмсақ әрі Ұлы Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ұлы Ғаршының Раббы Аллаһтан басқа құдай жоқ Аспанның Раббы, жердің Раббы және ардақты ғаршының Раббы Аллаһтан басқа құдай жоқ!» /Лә иләһа лллә-Ллаһу-ль-'Азыму-ль-Халиму, лә иләһа илля-Ллаһу, Раббу-ль-'арши-ль-'азыми, лә иләһа илля-Ллаһу, Раббу-с-самаууати, уа Раббу-ль-арди, уа Раббу-ль-'арши-ль-кәрими!/[804]Аль-Бухари; Муслим

 

 

ТАРАУ

Аллаһқа жақын (әулие) адамдардың кереметтері[805] және олардың қасиетттері жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Біліңдер! Расында, Аллаһтың достарына хауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп тақуа болғандар. Оларға дүние тіршілігінде де ахіретте де қуаныш бар. Аллаһтың сөздерінде өзгерістер жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы.» «Юныс» сүресі, 62-64 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Періште) оның астыңғы жағынан: «Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты[806]», - деп дауыстады. «Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкі, саған жас құрма түседі» (, - деген үн келді). Ал енді же де іш…» «Мәрям» сүресі, 24-26 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Зәкәрия оның бөлмесіне әр кіргенде, оның қасында қорек (тамақ) тапты. (Сосын бірде:) «Иә Мәрям! Осы саған қайдан келді?», - деді. Мәрям: «Ол Аллаһтың қасынан, шексіз Аллаһ қалаған құлын есепсіз ризықтандырады», - деді.» «Аль-Имран» сүресі, 37 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Олар өзара): «Әйтеуір елдеріңнен де олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан да айырылдыңдар, енді үңгірге бекініңдер. Сендерге Раббыларың рахметін шассын! Сондай-ақ сендер үшін істеріңде оңайлық әзірлесін. (Мухаммад) қарасаң: күн шыққан сәтте, үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте, оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің…» «Қеһф» сүресі, 16-17 аяттар.

1503. Хабар бойынша,Абу Мухаммад Абд ар-Рахман бин Абу Бакр ас-Сиддик, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Перде арты тұрғындары кедей адамдар болатын да, бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімнің үйінде екі адмдық тамақ болса, өзімен бірге үшіншісін алсын, ал кімде төрт адамдық болса, өзімен бірге бесіншісін алсын (не алтыншысын)», - деді – сонда Абу Бакр үйіне үш адамды алып келді, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болса өзімен бірге он адамды алып кетті. Абу Бакр жайлы айтатын болсақ, ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйінде кешкі тамағын ішіп алып, өзі де сонда құтпан намазына қалған болатын, ал үйіне Аллаһтың қалаған уақытынан кейін ғана оралды. Әйелі оған: «Саған сенің қонақтарыңа оралуына не кедергі болды?"» - деді. Ол: «Сен оларға кешкі тамақ бермедің бе не?, - деп сұрады. Әйелі: «Оларға тамақ ұсынылды, бірақ олар сен келгенше тамақ жеуден бас тартты!», - деді.

Абд ар-Рахман сөзін балай жалғастырды:

Сонда мен кетіп тығылдым[807], ал Абу Бакр: «Иә надан!», - деп айқайлап ұрыса бастады, ал дастарханға қайтадан тамақ қойылған соң жанұясының адамдарына: «Жеңдер, бұл сендерге игілік алып келмесін, ал мен болсам, Аллаһтың атымен ант етемін, бұны ешқашан жемеймін!», - деді.

Абд ар-Рахман сөзін былай жалғастырды:

Аллаһтың атымен ант етемін, біз бір бөлік тамақ алсақ болды, оның астынан одан да көп тамақ пайда болып жатты да, бұл бәрі тамаққа тойғанша жалғасып жатты. Ыдысқа қарап, Абу Бакр әйелінен: «Иә бану фирастың қарындасы, бұл не?!», - деп сұрады. Әйелі: «Қуанышыммен ант етемін, қазір тамақ, алғашқысынан үш есе көбеді!», - деді. Сонда Абу Бакр сол тамақтан ауыз тиіп: «Расында, бұл шайтанның ісі![808]», - деп өзінің тамақ ішпеуге барген анты жайлы айтты, сосын (тамақтан) үлкен бір бөлігін жеді, ал сосын қалған тамақты Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, апарып берді, тамақ онда таң атқанша болды. Ал бұған дейін біз бір рудың адамдарымен келесем шарт жасақан болатынбыз, оның уақыты өткен соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, он екі адам тағайындап, олардың әр қайсысының басында Аллаһқа белгілі мөлшерде адамдар болды, сонда олардың бәрі осы тамақтан жеді.

Бұл хадистің Абу Бакр келтірген тағы бір нұсқасында, Абд ар-Рахманның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сонда Абу Бакр ол тамақтан жемейтіндігіне ант берді, оның әйелі де осыған ант берді, ал қонақ (не: …қонақтар) болса, үй иесі жемейінше жемейтнідігіне (не: …жемейтіндіктеріне) ант берді. Сонда Абу Бакр: «Бұл шайтаннан!», - деді де, өзіне тамақ берілуін талап етіп жеді, қалғандары да жеді. Сонда тамақтан қай бір бөлік алынбасын, оның астынан одан да көбі пайда болып жатты. Абу Бакр әйелінен: «Иә бану фирастың қарындасы, бұл не?!», - деп сұрады. Әйелі: «Қуанышыммен ант етемін, қазір тамақ болғанынан үш есе көбеді!», - деді. Олар тамақты жеп алды да, бұл тамақты Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, беріп жіберді. Абд ар-Рахман сөзінің арасында Пайғамбардың да, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осы тамақтан жегенін айтып өтті.

Бұл хадистің Абу Бакр келтірген тағы бір нұсқасында мыналар айтылады:

Абу Бакр Абд ар-Рахманға: «Мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кеттім, ал сен болсаң оларға тамақ бер де, мен келгенше дұрыс сый-сыяпат көрсет!», - деді. Осыдан кейін Абд ар-Рахман оларға (үйінде) барын алып келіп: «Жеңдер», - деді. Олар: «Үйдің иесі қайда?», - деп сұрады. Абд ар-Рахман оларға тағы да: «Алыңдар», - деді – бірақ олар: «Осы үйдің иесі келмейінше біз жемейміз!», - деді. Абд ар-Рахман оларға: «Біздің сыйымызды қабыл алыңдар, не болмаса, расында, ол кетіп, сендер тамақ жемеген болсаңдар, одан көп сөгістер естиміз», - деді, бірақ олар бас тартты.

Абд ар-Рахман сөзін былай жалғастырды:

Мен Абу Бакрдің маған ашуланатынын білдім де, ол келген кезде кетіп тығылып қалдым. Абу Бакр: «Сендер не істедіңдер?», - деп сұрады да, үйдегілер бәрін айтып берді. Сонда ол: «Иә Абд ар-Рахман!», - деп шақырды, бірақ мен үндемедім, ол тағы да: «Иә Абд ар-Рахан!», - деп шақырды, бірақ мен тағы да үндемедім, сонда ол: «Иә надан, Аллаһтың атымен, деймін, егер сен менің даусымды естіп тұрсаң маған келуің керек!», - деді. Сонда мен шығып: «Қонақтарыңнан өзің сұра!», - дедім, сонда олар: «Ол саған шындықты айтты, расында ол тамақ әкелді», - деді. Ол: «Седер мені күттіңдер ме не, бірақ мен Аллаһтың атымен ант етемін, бүгін түнде тамақ жемеймін!», - деді. Қонақтар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, сен жемейінше біз де жемейміз!», - деді. Абу Бакр. «Сендерге қайғы келгір, сендер неге біздің сыйымызды қабылдамайсыңдар?!», - деді. Сосын Абд ар-Рахманға. «Тамағыңды алып кел!», - деді, сосын тамақты әкелісімен, оған қолын салып: «Аллаһтың атымен! Алғашқысы – шайтаннан», - деп өзі жеді және қалғандары да жеді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1504. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге дейін өмір сүрген халықтың ішінде дұрысы жүректеріне сіңірілген[809] адамдар болатын, ал менің үмметімнің ішінде сондай адам болған болса онда ол адам Омар. Бұл хадисті аль-Бухари келтіреді, ал Муслим бұл хадистің Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген нұсқасын келтіреді.

 

1505. Хабар бойынша,Жәбир бин Самур, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Куфа[810] тұрғындары Омар бин аль Хаттабқа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Саъад[811], оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жайлы шағымданды, сонда ол оны орнынан алып тастап басқарушы етіп оларға Аммарды[812] тағайындады. Олар өздерінің шағымында, оның (Саъадтың) дұрыстап намаз оқымайтындығын айтып келеді. (Бұның бәрін естіген) Омар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған адам жіберіп (Саъадқа ол келген соң): «Иә Абу Исхақ, бұл адамдар сенің намазды дұрыстап өткізбейді деп жатыр!», - деді. Жауап ретінде ол: «Мен жайлы айтатын болсақ, Аллаһтың атымен ант етемін, расында, мен олармен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қалай намаз оқыса, тура солай намаз оқыдым! Таң намазында алдыңғы екі ракатты ұзартып, ал кейінгі екі ракатты қысқартып отырдым», - дейді. Омар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен сен жайлы солай ойлап едім, иә Абу Исхақ!», - дейді. Содан соң ол онымен бірге ол жайлы қала жұртшылығын сұрастыру үшін, Куфаға бір (не: …бірнеше адамды…) адамды ертіп жібереді. Сонда ол адамның Саъад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жайлы сұрап, ал онда оны мақтамаған бір де бір мешіті қалмайды. Осылай ол бану абс мешітіне кіргенше жалғасады, онда Усама бин Қатад аты, ал халық арасындағы лақап аты Абу Саъад орнынан тұрып: «Сен сұрап жатқан соң айтайын, Саъад бірде-бір әскери жорыққа қатысқан жоқ, әскери олжаны тең бөлген емес және сот ісінде әділдікті ұстанған емес», - деді. Бұны естіген Саъад орнынан тұрып: «Онда, Аллаһтың атымен ант етемін, мен Аллаһтан үш нәрсені сұраймын: «Иә Аллаһ, егер сенің осы құлың өтірікші болса және орнынан тек қана өзін көрсетіп және даңқын көтеру үшін тұрған болса, онда оның өмірін ұзарт, сондай-ақ кедейлігін ұзарт және оны сынақтарға душар ет!», - деді. Сонда осының бәрі орындалды, ал артынан ол адамнан жағдайын сұрағандарға ол: «Мен – жұрдайлықпен сыналып жатқан қартпын, сондай-ақ маған Саъадтың қарғысы тиді», - дейтін.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.