Здавалка
Главная | Обратная связь

Кету керектігі жайында. 2 страница



Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтты:

Менің серіктерім маған: «Бұл - жәннәтің бағы (жәннәту ъадн), ал мынау – сенің тұрар жерің», - деді. Сонда мен басымды көтеріп, аппақ бұлт тәріздес сарай көрдім. Ал олар тағы да: «Бұл - жәннәтің бағы (жәннәту ъадн), ал мынау – сенің тұрар жерің», - деді. Мен оларға: «Сендерге Аллаһ береке берсін! (Баракя-Ллаху фи-кума!) Маған оған кіруге рұқсат беріңдер!», - дедім. Олар: «Қазір емес, бірақ кейін оған міндетті түрде кіресің!», - деді. Мен оларға: «Өткен түнде мен таң қаларлық нәрселер көрдім, олар не?», - дедім. Олар: «Біз ол туралы саған міндетті түрде айтып береміз. Басын таспен жарып және оның жанынан сен өткен адам жайлы айтатын болсақ, ол – алдымен Құранды алып, сосын оны қайтарған[856] және парыз намаздарына ұйықтап тұрмаған адам. Ал сен жанынан өтіп аузының, көзінің, танауларының шетін желкесіне дейін ысырған адам жайлы айтатын болсақ, ол таңертең үйіне шығып өтірік жайушы. Ал пеш секілдінің ішінде жиналған жалаңаш ерлер мен әйелдер жайлы айтатын болсақ, расында, олар – зинақор ерлер мен еркектер. Ал сен жанынан өткен, аузын таспен толтырушы өзенде жүзіп жүрген адам, ол - өсім жеуші, ал ұсқыны жиіркенішті оттың жанында желпіп жүрген, ол – Малик, Тозақтың қарауылы. Ал бақтың ішіндегі ұзын бойлы адам жайлы айтсақ, расында, ол – Ибраһим, ал оны қоршап тұрған балалар, ол өздерінің табиғи күйлерінде[857] жан тапсырған сәбилер», - деді.

Бұл хадистің аль-Баркани келтірген нұсқасында, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді:

«өздеріңнің табиғи күйінде жан тапсырғандар.»

Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Мұсылмпандардың бірі: «Иә Аллаһтың елшісі, олардың арасында көқұдайшылдардың да балалары болды ма?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Көпқұдайшылдардың да балалары. Ал жартылай көрікті, жартылай сұмпайы болған адамдар жайлы айтатын болсақ, расында, олар жақса да жаман амалдарды орындап, бірақ оларды Аллаһ кешіргендер. Аль-Бухари.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Осы түні түсімде, маған келіп, мені қасиетті жерге жеткізген, екі адамды[858] көрдім. Сосын ол бұл туралы еске алып былай деді:

«Сосын біз тағы да жолға шығып аузы пештің аузына ұқсаған бір тесікке жеттік. Ол пештің жоғарғы жағы тар болды да, ал төменгі жағы кең болды. Астынан от жанып жатты, от оларға қарай көтерілгенде олар да аузынан шығып кете жаздағанша жоғары көтеріліп жатты, ал онда жалаңаш еркектер мен әйелдер болды».

Бұл нұсқада Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сосын біз ары қарай су орнына қан аққан өзенге жеткенше жүріп отырдық. Ол өзеннің ортасында бір адам, ал оның жағасында тағы бір адам түрды. Жағадағы адамның алдында тастар болды және ол судағы адамға қарама-қарсы тұрды. Судағы адам судан шықпақшы болып жағаға қарай жүзгенде жағадағы және алдында тастары бар адам оның аузына тас атқылап орнына қайтарып отырды. Ол әр кез жағаға шықпақшы болса, жағадағы оның аузына тас атқылап орнына қайтарып отырды.

Бұл нұсқада, сондай-ақ Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сосын менің серіктерім, мені ол талға көтерді де бұрын соңды ондай әдемі үйді көрмеген үйге кіргізді, онда жастар мен қариялар болды.

Бұл нұсқада сондай-ақ Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Олар: «Сенің көзіңше аузын жыртқан адам жайлы айтатын болсақ, ол – сөздері барлық жерге тараған өтірік айтушы суайт, ал енді оны осылай Ахіретке дейін қинайды», - деді.

Бұл нұсқада сондай-ақ Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Олар: «Ал сенің көзіңше басын жарған адам жайлы айтатын болсақ, оған Аллаһ Құран үйреткен, бірақта ол түнде ұйықтап[859] күдіз оның үкімдерін ұстанбаған, ал енді она осылай Ахіретке дейін қинайды. Сенің бірінші кірген үйің жәй мұсылмандарға арналған, ал мына үй жайлы айтатын болсақ, бұл – дін жолында қаза болғандар үшін. Мен – Жебірейілмін, мынау – Микайль, ал енді басыңды көтер», - деді. Басымды көтергенімде бұлтқа ұқсаған бір нәрсе көрдім, олар: «Бүл – сенің тұрағың», - деді. Мен: «Рұқсат беріңдер, мен тұрағыма кірейін!», - дедім, бірақ олар: «Расында, сенің өмірің әлі аяқталған жоқ, ал өмірің аяқталған соң, тұрағыңа кіресің!», - деді. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Өтірікті қандай жағдайда айтуға болатындығы жайында.

 

Өтіріктің түбірінде тыйым жатқанымен, оны кей кездері айтуға болады, бірақта бұл жағдайда менің «Аль-Азкәр» кітәбінде түсіндірген шарттарым ұсталынуы керек екендігін біл.

Қысқаша олардың мағынасы мынада:

Расында, сөздер түрлі мақсатқа жетудің құралы. Егер әр-бір жақсы мақсатқа[860] өтірік айтпай-ақ жетуге болатын болса, онда мұндай жағдайда өтірік айтуға болмайды. Ал егер оған жету үшін өтірік айту керек болса, онда ол үшін өтірік айтуға болады. Егер ондай мақсатқа жету рұқсат етілген болса, онда ол жолда өтірік айту рұқсат етілген болады, ал егер ол мақсатқа жету парыз болған болса, онда өтірік айту да парыз болады. Егер мұсылман өзін өлтірмекші болған не болмаса оның дүниесін тартып алмақшы болған қысымкөрсетушіден жасырынған болса, не болмаса өзінің дүниесін жасырған болса, ал басқа бір адамнан ол туралы сұраған болса, онда ол оның дүниесінің жсырғаны жайлы өтірік айтуға тиісті. Сондай-ақ оның оған сақтап беруге тапсрған бір нәрсесі болған болса, ал қысымкөрсетуші оны тартып аламақшы болған болса, адам оны жасыру үшін өтірік айтуы керек. Мұндай жағдайда қауіпсізі, түсініксіз сөздер айту, басқаша айтқанда сырт көзге өтірік айқан секілді болғанымен, басқа істі меңзеп шындықты сөйлеу. Керек болса меңзеулерден де бас тартып өтірік айта беруге де тыйым жоқ. Бұған дәлел ретінде ғалымдар Умму Күлсімнің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген мына хадисіне сүйенеді, онда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді:

«Адамдарды татуластыру үшін, оларға игі (хайырлы) сөздер айтқан суайт өтірікші саналмайды[861]». Аль-Бухари, Муслим.

Муслимнің нұсқасында бұған келесі сөздер қосылған:

«Мен оның үш жағдайды санамағанда адамдардың айтатынынан айтатынды[862] айтуға рұқсат бергенін естіген емеспін», - деп соғысты, адамдарды татуластыру үшін талпынғанды және күйеуінің әйеліне, ал әйелінің күйеуіне айтатындары жайлы[863] нұсқады.

ТАРАУ

Адамның айтып жатқаны жайлы, не әңгімесі жайлы дұрысын біліп алу жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«Өзің білмеген бір нәрсенің соңынан түспе» «Ісра» сүресі, 36 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын.» «Қаф» сүресі, 18 аят.

 

1547. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өтірікші болу үшін, адамға естігенін ары қарай айтып тарату жеткілікті. Муслим.

 

1548. Хабар бойынша,Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған өзі өтірік санайтын нәрсені жеткізуші, өтірікшілердің бірі саналады.Муслим.

1549. Хабар бойынша,Асма, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір әйел: «Иә Аллаһтың елшісі, менің күйеуімнің екінші әйелі бар. Егер мен күйеуімнен сыйлық алмасам да, одан сыйлық алған секілді сыңай танытсам (ташаббаъту), мен үшін бұл күнә болды ма?», - деп сұрады. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Өзі алмаған нәрсені алған секілді сыңай танытушы (муташаббиъ), өтіріктен екі киім кигенмен тең. Аль-Бухари, Муслим.

«Муташшабиъ» - ол тоқ болмаса да тоқ адам секілді көрінгісі келген адам. Бұл жерде адам дәрежесі болмаса да, дәрежелі секілді көрінгісі келгендігі жайлы айтылып жатыр.

«Өтіріктен екі киім киген» сөзі «өтірікші» дегенді білдіреді, ал дәлірек айтсақ – үстіне тақуалықтың киімін, не болмаса білімдінің киімін, не болмаса бай адамның киімін киіп, адамдар мен туралы солай ойласын деп, өзі ондай болмаса да адамдарды адастырушы адам жайлы айтылады.

ТАРАУ

Өтірік куәлік беруге қатаң тыйым жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай-ақ өтірік сөзден сақтаныңдар» «Хаж» сүресі, 30 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Өзің білмеген бір нәрсенің соңынан түспе» «Ісра» сүресі, 36 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын.» «Қаф» сүресі, 18 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы» «Фәжір» сүресі, 14 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар өтірікке айғақ болмайды[864] да, бос пайдасыз сөздерге кездессе маңғазданып[865] өтеді.» «Фұрқан» сүресі, 72 аят.

 

1550. Хабар бойынша,Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерге күнәләрдің қайсысы ең ауыр екендігі жайында хабарлайын ба?», - деп сұрады. Олар: «Әрине, иә Аллаһтың елшісі», - деді. Сонда ол шынтағына сүйеніп жамбастап жатып: «Бұл – Аллаһпен бірге басқаға құлшылық ету және ата-ананы қадірлемеу», - деді де, сосын отырып: «Сондай-ақ, расында, ол – жалған сөздер!», - деп айтуын, біз: «Ол енді айтуын тоқтатса екен»[866], - дегенше қайталап айта берді. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Адамға[867], не оның мініп жүрген малына қарғыс айтуға болмайтындығы жайында.

1551. Хабар бойынша,Аллаһ разы болған антты берушілердің бірі[868] болған,Абу Зайд Сабит бин ад-Даххак аль-Ан-сари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім біле тұра Исламнан бөлек дінмен ант берген болса, ол өзін қалай атаса сондай болғаны; кімде-кім өзін-өзі қай бір затпен өлтірген болса, Ахіретте сол затымен азапталады; өзінің қолында жоғымен серт беруге болмайды[869], ал имандыны қарғау, оны өлтіргенмен тең. Аль-Бухари, Муслим.


1552. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шыншыл (адам) карғыс айтушы(лардан) болмау керек. Муслим.

 

1554. Хабар бойынша,Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қарғыс айтушылар Ахіретте не шапағатшы, не куәгер болмайды[870]. Муслим.

 

1554. Хабар бойынша,Самура бин Жундуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір-біріңді қарғамаңдар және басқаларға Аллаһтың қарғысын, не Оның қаһарын, не Оның Отын тілемеңдер. Бұл хадисті Абу Бауд және ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1555. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Даттау, қарғау, әдепсіздік жасау, өсек айту имандыға тән қылық емес.Ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1556. Хабар бойынша,Абу-дДарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың құлы бір нәрсеге қарғыс айтса, айтқан қарғысы көкке көтеріледі де, бірақ көктің қақпалары оған жабылады[871]. Сосын ол жерге түседі де, бірақ жердің қақпалары да ол үшін жабылады. Сосын ол қарғыс оң және сол жағына қарайды, егер қарғыс қарғалғанға лайық болса, онда оған түседі де, ал егер оған лайық болмаса, онда қарғыс айтқанның өзіне қайтарылады[872]. Абу Дауд.


1557. Хабар бойынша,Имран бин аль-Хусайн, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарларының бірінде, ансарлардың ішінен әйелдерінің бірі, отырған түйесіне ызаланып түйесін қарғап қалды. Бұны естіге Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оның үстіндегінің бәрін алыңдар да, оны қоя беріңдер, өйткені, расында, ол қарғысқа ұшырады![873]», - деді.

Имран былай деді:

Мен қазір де оны адамдардың арасында еркін жүргенін көріп тұрғандаймын. Муслим.


1558. Хабар бойынша,Абу Барза Надля бин Убайд аль-Аслами, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде үстінде адамдардың жүгі салынған түйеде отырған бір күң, тар таулы жолмен өтіп бара жатқан Пайғамдарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көріп: «Халь![874] Иә Аллаһ, қарғысың тисін мынаған!», - деп айтып қалды, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қарғыс тиген түйе, бізбен бірге жүрмеу керек», - деді. Муслим.

Бұл хадистің мағынасы адамға күмән туғызуы мүмкін[875], дегенмен оның еш қиындығы жоқ. Бұл жерде ол түйенің Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында болуына ғана тыйым салынып тұр, ал қалған жағдайда, оны сатуға, союға және басқа да жағдайларға тыйым салынып тұрған жоқ, ал бұл жайында Аллаһ жақсырақ біледі.

 

ТАРАУ

Олардың атын атамай күнәлі істерді жасаушыларға қарғыс айтуға болатындығы жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Естеріңде болсын! Аллаһтың қарғысы залымдарға тән.» «Һұд» сүресі, 18 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Сонда олардың арасынан бір айғайшы: «Аллаһтың қарғысы залымдарға», - деп айқайлайды.» «Ағраф» сүресі, 44 аят.

 

Сенімді хадистерде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

«Аллаһ (жалғап) байлаушы мен (жалғап) байлауды сұраушыны лағінеттеді [876]», - сондай-ақ ол былай деді: «Аллаһ өсімқорға барушыны лағінеттеді», - және ол (тірі жанды) бинелеушіні қарғады, сондай-ақ ол былай деді: «Меже белгілерін ауыстырушыны лағінеттеді», - сондай-ақ ол: «Аллаһ ұрыны, ол жұмыртқа ұрласа да лағынеттеді»,- деді және ол: «Аллаһ өзінің ата-аналарын лағінеттегенді лағінеттеді», - деді, сондай-ақ ол: «Аллаһ Өзінен басқаға құрбан шалушыны лағінеттеді», - деді және ол: «... және де кім онда[877] күнә жасаса не болмаса күнә жасаушыға қорған болса, Аллаһпен, періштелермен және бүкіл адамдармен лағінеттеледі...», - деді және ол: «Иә Аллаһ, Аллаһ Тағала мен Оның елшісін тыңдамаған ри'ль, закуан мен бaну усаййа руының адамдарын лағінетте!», - деді, сондай-ақ ол: «Өздерінің пайғамбарларының қабірін құлшылық ететін орын еткендері үшін яхудилерді, Аллаһ лағінеттеді», - деді, сондай-ақ ол әйелге ұқсағысы келген екркекті және еркекке ұқсағысы келген әйелді лағінеттеді.

Бұл сөздердің барлығы сенімді хадистерден алынған, бұлардың бөлігі «Сахих» аль-Бухари мен Муслимде келтірілсе, ал бір бөлігі олардың бірінде келтіріледі. Бұл хадистерді қысқартылған түрде көрсеткенім, тек қана оларға меңзегім ғана келгені, ал олардың көбісі Аллаһ қаласа осы кітаптің басқа тарауларында келтіремін.

 

 

ТАРАУ

Мұсылмандарды хақысыз сөгуге болмайтындығы жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейітетіндер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.» «Ахзап» сүресі, 58 аят.

 

1559. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманды сөгу пасықтық болып табылады, ал онымен шайқасу – имансыздық. Аль-Бухари, Муслим.

 

1560. Хабар бойынша,Абу Зар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір адам екінші адамды пасықтықтықпен не болмаса имансыздықпен айыптап, ал ол адам шындығында оның айтқанындай болмаса, онда оның айыптағаны (жазасы) өзіне қайтып оралады. Аль-Бухари.

 

1561. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір-бірін сөгіп жатқандар не айтса да күнәсін бірінші бастаған көтереді, әрине егер ренжігені шектен шықпаса. Муслим.

 

1562. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шарап ішкен адамды алып келді де, ол: «Оны ұрыңдар!», - деді.

Абу Хурайра айтты:

Біз кейбіріміз - қолымызбен, кейбіріміз – аяқ-кіиімізбен, ал енді біріміз киімізбен ұра бастадық, осының бәрі біткен соң адамдардың бірі: «Аллаһ сені масқараласын», - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Олай айтпа және шайтанға оны жеңіп алуына көмектеспеңдер», - деді. Аль-Бухари.

 

1563. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің құлын зинақорлықпен айыптап, ал құл шындығында, ол айтқандай іс істемеген болса, онда айтушы Ахіретте тиісті жазасын алады[878]. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Шариғаттық көз қарас бойынша пайда әкелмейтін болса және хақысыз өлген адамды жамандауға болмайтындығы жайында.

 

Оның пайдасы, дегені өлген адамның (қателіктеріне) бидғат амалдарына, пасықтығына ермес (еліктемес) үшін айтқаны жатады, ол туралы Құран аяттары мен хадистер алдыңғы тарауда келтірілді.

 

1564. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өлілерді жамандамаңдар, өйткені олар өздерінің бұрынғы жасағандарына оралды[879]. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Біреуді ренжітуге болмайтындығы жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.» «Ахзап» сүресі, 58 аят.

 

1565. Хабар бойынша,Абдуллах бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман деген – ол өзінің тілімен және қолымен басқа мұсылманға зиянын тигізбейтін адам, ал мухажир[880] болып Аллаһ тыйым салғанын орындаудан бас тартқан адам саналады. Аль-Бухари, Муслим.

1566. Хабар бойынша,Абдуллах бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім өзін оттан алыстатуын және Жәннәтқа кіргізуін қаласа, онда оған өлім келген сәтте Аллаһқа және Ахірет күнінен иман келтірген күйде болсын[881], сондай-ақ адамдармен, адамдардың өзіне қандай қарым-қатынас жасағанын қаласа, сондай қарым-қатынас жасасын. Муслим.

Бұл хадис «Күнәсіз істерде әмршілерге бағынудың міндеттілігі және күнәлі істерде әміршілерге бағынбаудың міндеттілігі жайлы», тарауда келтірілген ұзын хадистің бөлігі болып табылады[882].

 

ТАРАУ

Бір-біріне жеккөрушілік танытуға, қарым-қатынасты үзуге және бір-біріне сырт көрсетуге болмайтындығы жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде мүминдер туыс қой...» «Хұжрат» сүресі, 10 аят.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.