Здавалка
Главная | Обратная связь

Кету керектігі жайында. 4 страница



1595. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманға бауырын үш күннен артық мерзімге тастауына болмайды, ал кімде-кім үш күннен артық мерзімге тастап өлсе, онда Отқа түседі. Бұл хадисті аль-Бухари мен Муслимнің иснадын қанағаттанды-ратын шартымен Абу Дад келтіреді.

 

1596. Хабар бойынша,Абу Хираш Хадрад бин Абу Хадрад аль-Аслам (сондай-ақ оның нисбасы — ас-Сулами, - делінеді), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің бауырын бір жылға тастап кеткен оның қанын төккенмен тең болады. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1597. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүминге басқа мүминді үш күннен артық уақытқа тастауына болмайды, ал үш күн өткен соң ол онымен кездесіп сәлем беруі керек, егер ол сәлеміне жауап берсе, онда екеуі де сауап табады, ал егер жауап бермесе, онда ол күнәмен оралады да, ал сәлем беруші айырылысқандарына жауап бермейді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді. Абу Дауд былай дейді: «Егер ол Аллаһ үшін айрйлысқан болса[909], онда айтылғандардың бұған еш қатысы жоқ.[910]

 

 

ТАРАУ

Егер оған мәжбүр болмаса, онда екі адамға үшінші адамның көзінше сыбырласуға, яғни сөйлескенде ол естімейтіндей етіп сөйлесуге болмайтындығы жайында. Сондай-ақ бұған екеудің түсініксіз тілде сөйлесуі жатады.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Құпия жиналыс мүминдерді кейіту үшін шайтанның ісі.» «Мүжадәле» сүресі, 10 аят.


1598. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер екеу жиналса, онда үшіншінің көзінше сыбырласпасын. Аль-Бухари, Муслим. Бұл хадисті сондай-ақ Абу Дауд келтіреді, оның нұсқасында және былай делінеді:

Абу Салих[911] былай деді: «Мен Ибн Омардан: «Ал жиналғандар төртеу болса ше?», - деп сұрады. Сонда ол: «Онда бұл істің саған зияны тимейді[912]», - деді.

Сондай-ақ бұл хадисті Малик «Аль-Муаттада» келтіреді. Онда Абдуллаһ бин Динар былай дейді:

Бірде мен Ибн Омармен бірге базардың жанындағы Халид бин Укбаның үйінде болғанымда, бір адам келіп онымен бөлек сөйлескісі келді. Менімен Ибн Омардан басқа үйде ешкім болмаған болатын, сонда ол бір адамды шақырды да, біз төртеу болдық, сосын ол менімен шақырған адамына. «Кішкене ары тұрыңдаршы, өйткені мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «екеу үшіншінің көзінше сыбырласпасын», - денін, естідім», - деді.

 

1599. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер үшеу болсаңдар, басқа адамдармен қосылғанша, екеуі сыбырласпасын, өйткені бұл істерің оны ренжітеді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Заңды негіз[913] болмаса құлды, жануарды, әйелді және баланы қинауға болмайтындығы, ал заңды негіз болғанның өзінде шектен шықпау керектігі жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«...және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астарыңдағыларға[914] жақсылық қылыңдар. Негізінде Аллаһ, тәкәппар, мантақшақты жақсы көрмейді.» «Ниса» сүресі, 36 аят.

 

1600. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір әйел мысық үшін азапталды. Ол мысықты өлгенінше қамауда ұстап, сол үшін Отқа түсті. Мысық қамауда болғанда оған не тамақ бермеген, не су бермеген, не өзіне жерде жорғалағандарды[915] ұстап жеуіне мүмкіншілік бермеген. Аль-Бухари, Муслим.

 

1601. Хабар бойынша,бірдеИбн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын,

Өздерінің нысанасын тірі құс етіп атып, әр тимеген оғын құстың иесіне беріп жатқан құрайыш-жасөспірім балалардың жанынан өтіп бара жатты. Ибн Омарды көрген балалар тым-тырақай қаша жөнелді, ал Ибн Омар болса: «Бұны істеген кім? Бұл іспен шұғылданғанға Аллаһтың қарғысы тисін». Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаны бар затты өздерінің нысанасы еткен адамдарды қарғаған!», - деді.Аль-Бухари, Муслим.

1602. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсы, өлтіріп, сосын нысана жасау үшін мал ұстауға тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

1603. Хабар бойынша,Абу Али Сувайд бин Мукаррин, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Мукарриннің балаларының бірімін. Біздің бір күңімізден басқа еш бір малайымыз болмады. Оны арамыздағы ең кшіміз бетінен шапалақтайтын, ал Аллаһтың елшісі болса, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге оған бас бостандығын беріп қоя беруге әмір берді. Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген басқа бір нұсқасында Абу Али Сувайд бин Мукарриннің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Менің алты бауырым болды...

 

1604. Хабар бойынша,Абу Мас'уд аль-Бадри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде құлымды қамшымен ұрып жатқан кезімде арт жағымнан: «Иә Абу Масъуд біл...», - деген дуысты естідім де, бірақ қаты ызалы болғандықтан кімнің айтып жатқанын аңғармадым. Айтып жатқан адам жақындаған кезде, ол: «Иә Абу Масъуд біл, Аллаһ сенімен, сен құлыңмен істеп жатқаннан да артығын істей алады!», - деп, айтып жатқан Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екен. Сонда мен: «Осыдан кейін мен ешқашан құл ұрмаймын!», - дедім.

Бұл хадистің тағы бір нұсқсында Абу Мас'уд аль-Бадридің, ған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

...сонда қорыққанымнан қолымнан қамшым түсіп кетті...

Бұл хадистің үшінші нұсқсында Абу Мас'уд аль-Бадридің, ған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Сонда мен: «Иә Аллаһтың елшісі, оны Аллаһ үшін босаттым!», - дедім, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, егер сен олай істемесең, сені әлбетте От шалар еді! (...не От тиер еді!», - деді. Осы нұсқалардың бәрін Муслим келтіреді.

 

1605. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құлының істемеген ісі үшін ұрып соққанның, не болмаса қисынсыз беттен ұрған шапалақтың өтемі оған бас бостандығын беру, болуы керек. Муслим.

 

1606. Хабар бойынша, бірде Хишам бин Хаким бин Хизам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Шамда бастарына май жағып күннің астына қойған набатилердің[916] арасынадағы адамдардың жанынан өтіп бара жатып: «Бұларың не?», - деп сұрады.Оған: «Оларды харадж[917] үшін жазалап жатыр», - деп жауап берді.

Бұл хадистің басқа нұсқасында, оған:«Оларды джизья[918] үшін жазалап жатыр», - делінеді. Сонда Хишам: «Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, осы дүниеде адамдарға азап көрсеткенді, Аллаһ азапқа салады!», - деп айтқандығына куәгермін», - деді де, Хишам сол жердің басшысына кіріп осы жайды айтып берді, сосын оның бұйрығымен оларды босатты. Муслим.

 

1607. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұмсығына күйдіріп таңба салынған есекті көріп ол істі жақтырмағандығын көресетті. (Ибн Аббас, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың атымен ант етемін, мен таңбаны оның тұмсығынан ең алыс жеріне басамын!», - деді. Сосын ол өзінің есегіне таңбаны жаңбасына басуды әмір етті, сондай-ақ ол жамбасқа таңба басуды ең бірінші бастағандардан болды. Муслим.

 

1608. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанынан тұмсығына белгі күйдірілген есек өтті, сонда ол: «Мынаған белгі басқанға Аллаһтың қарғысы тисін!», - деді. Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,беттен ұруға және тұмсыққа таңба басуға тыйым салғандығы келтіріледі.

ТАРАУ

Кез-келген мақұлықты, керек десеңіз іс құмырсқа не болмаса сол сияқты жәндіктерге қатысты болса да оларды отпен азаптауға болмайтындығы жайлы.

1609. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді әскери жорыққа аттандырып жатып: «Егер сендер пәленше мен пәленшені кездестірсеңдер», – деп екі құрайыштың атын атады да, - «оларды өртеңдер!», - деді. Сосын біз шығатын кезде, ол: «Расында, мен сендерге, пәленше мен пәленшені өртеңдер дедім, бірақ, расында, отпен азаптауға тек Аллаһ қана хақылы, сондықтан ол екеуін кездестірсеңдер, оларды тек өлтіріңдер», - деді.

 

1610. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз, Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге жорықтардың бірінде болған кезде, ол өзінің қажеттерімен кетті де, ал біз болсақ екі балапаны бар қызыл құсты көрдік. Сонда біз оның балапандарын алдық, ал құс болса қанаттарын қағып біз айналып ұша бастады. Қайта оралысымен Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына құс пен оның балапандарын қайғыртқан қайсысың!? Оның балапандарын өзіне қайтарыңдар!», - деді. Біз өртеп жіберген құмырсқаның илеуін көріп: «Мынаны өртеген кім?», - деп сұрады. Біз: «Бізбіз», - деп жауап бердік. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оттың Раббынан басқа ешкім отпен азаптамау керек!», - деді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

ТАРАУ

Бай адамға, заңды берешегін талап етіп жатқан иесіне қайтаруды, созуға болмайтындығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді...» «Ниса» сүресі, 58 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«...Егер біріңе-бірің сенсеңдер сенілген жақ аманатын тапсырсын...» «Бақара» сүресі, 283 аят.

 

1611. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бай адамға берешекті созу әділетсіздіктің көрінісі болып табылады, сондықтан егер де сендердің біреулеріңнің берешектеріңді бай адамға ауыстыру ұсынылса келісіңдер[919]. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Сыйлық бермекші болып, ол сыйлық балаларына арналған болса да, бірақ ол силықты әлі сыйламаған болса, онда оны беруден бас тартпағанның жақсы екендігі жайлы, сондай-ақ садақа, зекет және сол сияқты құрбан ретінде берілген затты садақа берілген адамнан сатып алудың жақсы еместігі жайлы, сондай-ақ оны садақа берілген адам басқа адамға беріп, одан кейін оны сатып алғанның зияны жоқтығы жайлы.

1612. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сыйлығын қайтарып алған адам, өз құсығын өзі жеген ит секлді[920]. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген басқа нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі: «

Сыйлығын қайтарып алған, құсып, сосын құсығына қайта оралып оны жейтін итке тең.

Бұл хадистің аль-Баридің де, Муслимнің де келтірген үшінші нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:
Сыйлығын қайтарып алушы, өзінің құсығын жегенмен тең.

 

1613. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһ жолында соғыспақшы болған адамға жылқы сыйладым, бірақ ол оны дұрыс күтпейтін. Сонда мен ол жылқыны сатып алмақшы болдым да, осы жөнінде Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ақылдасқанымда, ол маған: «Оны сатып алма және егер ол саған оны бір дирхемге сатса да садақаңды қайтарып алушы болма, өйткені садақасын қайтарып алушы өзінің құсығын жеген секілді. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Жетімнің дүниесін шашуға (жеуге) болмайтындығы жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді.» «Ниса» сүресі, 10 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Жетімнің малына жақындамаңдар, бірақ ол есейгенге дейін жақсы басқаруға болады.» «Әнғам» сүресі, 152 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар сенен жетімдердің жайынан сұрайды. Оларға: «Жетімдерді түзету жақсы[921]. Тіпті оларды қосып алсаңдар, сонда олар туыстарың. Аллаһ бұзушыны, түзеушіден айырып біледі...» «Бақара» сүресі, 220 аят.

 

1614. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жеті апатты күнәләрдан сақтаныңдар», - деді. Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, бұл қандай күнәләр?», - деп сұрады. Ол: «(1)Аллаһпен бірге басқаға табыну, (2)бақсылық, (3)Аллаһ өлтіруге тыйым салған, (яғни) хақысыз адам өлтіру[922], (4)өсімқорлық, (5)жетімнің дүниесін жеу, (6)жауға шапқанда қашу, (7)иманды таза, ондай істі (жасамақ тұрмақ) ойларына да кіріп шықпайтын әйелдерді, ойнас жасады деп айыптау. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Өсімқорлыққа қатаң тыйым жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай өсім жегендер (қабірлерінен) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың «Сауда да бейне өсім», дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Аллаһ сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті[923], Оның ісі Аллаһқа тән. Ал және кім қайталаса, міне солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Аллаһ барлық қарсы келуші күнәһәрді жақсы көрмейді. Негізінен иман келтіріп ізгі іс істегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әрі олар қайғырмайды. Әй мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар, егер сенсеңдер (иман келтірсеңдер) өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар).» «Бақара» сүресі, 275-278 аят.

Бұл тарауға қатыты хадистер жайлы айтатын болсақ олар көп және белгілі, сондай-ақ олардың қатарына Абу Хурайрадан жеткен осы тарудың алдындағы тарауда келтірілген хадис жатады.

 

1615. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өсімқордан қарызға алғанды және өсімқорлықпен айналусышыны лағінеттеді Муслим.

Бұл хадистің ат-Тирмизи және басқа да мухаддистердің келтірген нұсқасында Ибн Масъдтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

...сондай-ақ оның куәгерлері[924] мен жазушысын.

 

 

ТАРАУ

Көрер-көзге[925] амал жасауға тыйым екендігі жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар, ғибадатты, нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы тұп-тура дін» «Бәййнә» сүресі, 5 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Аллаһқа Ақірет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар...» «Бақара» сүресі, 264 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мұнафиқтар[926] Аллаһты алдамақшы болады. Негізінен Аллаһ, оларды алдауға[927] ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Аллаһты өте аз еске алады.» «Ниса» сүресі, 142 аят.

1616. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: Мен, Маған серік қосқанға кәміл түрде мұқтаж емеспін, егерде кімде-кім бір нәрсені Менен бөлек тағы біреу үшін[928] орындайтын болса, Мен одан да оның көпқұдайшылдығынан да бас тартамын![929]»[930] Муслим.

 

1617. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, ең бірінші болып Ахіретте сұралынатын адам, ол Аллаһ жолындағы шайқаста өлген адам болады. Оны алып келеді де, Аллаһ оған Өзінің рахымшылығын есіне салады, ал ол болса бәрін мойындайды. Сосын Аллаһ одан: «Сен соған ризашылық ретінде не істедің?», - деп сұрайды. Ол: «Мен өлгенше Сенің жолыңда соғыстым!», - дейді. Аллаһ: «Сен өтірік айтасың, өйткені сен, сен туралы адамдар: «Батыр!», - деп айтсын, деп соғыстың және олар солай айтты!», - дейді. Сосын ол адам жайлы оған сәйкес әмірлер беріліп, оның жүзін төмен қаратып Тозаққа тастайды. Содан кейін, білім алған, білімін басқаларға үйреткен және Құран оқыған адамды алып келіп, Аллаһ оған, Өзінің көрсеткен рахымшалаған есіне салады да, одан: «Сен соған ризашылық ретінде не істедің?», - деп сұрайды. Ол: «Мен білім үйреніп оны басқаларға үйреттім және Сен үшін Құран оқыдым!», - дейді. Аллаһ: «Сен өтірік айтасың, өйткені сен, адамдар: «Мыну білімді!», - деп айтсын деп, сондай-ақ Құранды адамдар: «Мынау қари!», - деп айтсын деу үшін оқыдың және адамдар солай айтты!». Сосын ол адам жайлы оған сәйкес әмірлер беріліп, Тозаққа тастау үшін жүзін төмен қаратып сүйрейді. Сосын Аллаһ оған кең ризық нәсіп еткен және оған түрлі байлықпен қамдаған адамды алып келіп, Аллаһ оған Өзінің көрсеткен рахымшалаған есіне салады да, одан: «Сен соған ризашылық ретінде не істедің?», - деп сұрайды. Ол: «Сен риза болатын ешбір мүмкіншілікті мүлт жібермей, Сен үшін ақша жұмсадым», - дейді. Аллаһ оған: «Сен өтірік айтасың, сен оны адамдар, сен жайлы: «Мынау жомарт!», - деп айтулары үшін істедің және адамдар солай айтты!», - дейді. Сосын ол адам жайлы оған сәйкес әмірлер беріліп, Тозаққа тастау үшін жүзін төмен қаратып сүйрейді. Муслим.

 

1618. Хабар бойынша,бірдеИбн Омарға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, адамдар:

«Расында, біз өзіміздің басшыларымызға кіргенде оларға айтатын сөзіміз олардан шыққан кездегі сөздерімізден өзгеше болады», - деді. Бұған Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кезінде мұндайды екіжүзділік санайтынбыз!», деді. Аль-Бухари.

 

1619. Хабар бойынша,Джундуб бин Абдуллах бин Суфйан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ (көрер-көзге) сөйлеушінің әбүйірін төгеді, сондай-ақ көрер-көзге жасаушыны, (адамдарға айғақтап) көрсетіп қояды.[931] Аль-Бухари, Муслим. Сондай-ақ бұл хадисті Муслим Ибн Аббастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын жеткізуімен келтіреді.

Бұл жерде «сөйлейуші», деген «бір істі көрер-көзге істеу», деген мағынаны білдіреді; «Аллаһ оның әбүйірін төгеді», деген, «Ахіретте оның әбүйірін төгеді», деген мағынаны білдіреді; «көрер-көзге жасаушыны», дегені, «кімде-кім сауапты амалдарды адамдардың құрметі үшін жасаса», деген мағынаны білдіреді; «Аллаһ (адамдарға айғақтап) көрсетіп қояды», деген, «адамдардың бәріне оның құпия ойларын көрсетеді», деген мағынаны білдіреді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.