Здавалка
Главная | Обратная связь

Кету керектігі жайында. 5 страница



 

1620. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тек Ұлы Аллаһ Тағаланың дидарына талпынып ізденетін ілімді[932], осы дүниенің қай бір мақсатына жету үшін ізденсе, Ахіретте Жәннәттің тәтті исін де сезінбейді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

Сондай-ақ бұл тарауға қатысты көптеген хадистер бар.

ТАРАУ

Нені көрер-көзге жасалды, деп есептеуге болатындығы және нені олай деп ойлауға болмайтындығы жайлы.

1621. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біреу: «Жақсы амалдар жасап, оған мақтаулар айтып жатқан адам жайлы сен не дейсің?», - деп сұрағанда, ол: «Бұл – имандының осы өмірінде-ақ ала бастаған ізгі хабары», - деді. Муслим.

ТАРАУ

Шариғаттың үкімі (не нұсқауы) болмаса бөгде әйел мен әдемі жігітке (тесіліп) қарауға болмайтындығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мүминдерге айт: «(Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын…» «Нұр» сүресі, 30 аят.
Аллаһ Тағала айтты:

«Өзің білмеген бір нәрсенің соңынан түспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады.» «Ісра» сүресі, 36 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі» «Ғафыр» сүресі, 19 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінде раббың әлбетте бақылаушы.» «Фәжір» сүресі, 14 аят.

 

1622. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам баласына зинада оның үлесі жазылған, оны орындамай өтуі мүмкін емес: көздің зинасына - қарағаны[933], құлақ зинасына – естігені, тіл зинасына – айтқаны, қол зинасына – ұстағаны, аяқ зинасына – (жүрген) қадамы[934] жатады. Ал жүрек жайлы айтатын болсақ, онда ол тілейді және қалайды, ал жыныс мұшелері болса мұны бекітеді не болмаса қайтарады[935]. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр, ал аль-Бухари болса бұны қысқартып келтіреді.

1623. Хабар бойынша,Абу Са'ид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Еш уақытта сендерге жол үстінде отыруға болмайды», - деді. Сонда адамдар: «Біз олай істеуге міндетті түрде мұқтажбыз, өйткені біз онда жиналып бір-бірімізбен әңгімелесеміз!», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер сендер жол бойына жиналуға мәжбүр болсаңдар, онда жолға тиістісін өтеңдер!», - деді. Адамдар: «Ал жолға тиістісін өтеңдер, деген не?», - деп сұрады. Ол: «Бұл дегеніміз (ешкімге) тесіліп қарамау, ешкімге зиян тигізбеу, сәлемге жауап беру, жақсылыққа шақырып жамандықтан тосу», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

1624. Хабар бойынша,Абу Тальха Зайд бин Сахль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз үйлердің алдарында жиі отырып әңгімелесетінбіз, бірақ бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің жанымызға келіп тоқтады да: «Сендер неге жол бойында отырсыңдар? Жол бойында кездесуден қашыңдар!», - деді. Біз: «Бірақта біз бұл жерде ешбір жамандық жасамай, тек қана әңгіме айтып сөйлесіп отырмыз![936]», - дедік. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер сендер бұдан бас тартқыларың келмесе, онда жолға оның хақысын өтеңдер: (ешкімге) тесіліп қарамаңдар, саләмге жауап беріңдер және жақсы сөз сөйлеңдер!», - деді. Муслим.

 

1625. Хабар бойынша,Джарир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кездейсоқ қарау жайлы сұрадым[937], сонда ол: «Көзіңді ал (одан кейін қарама)!, - деді. Муслим.

 

1626. Хабар бойынша,Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен онда Маймуна[938] да болған Аллаһтың елшісінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болдым, онда Ибн Умм Мактум келді. Бұл оқиға бізге жапқыш жабыну әмір берілгеннен кейін болған болатын, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұдан жабыныңдар!», - деді. Біз: «Иә Аллаһтың елшісі, ол соқыр емес пе, оның соқырлығы бізді көріп танудан сақтамай ма?!», - дедік. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мүмкін сендер екеуің де, оны көрмейтін соқыр шығарсыңдар?[939]», - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

1627. Хабар бойынша,Абу Са'ид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Еркек - әркектің әуретіне[940], ал әйел әйелдің әуретне қарамасын, сондай-ақ еркеке еркекпен бір жамалғышты жамылып жатпасын, ал әйел болса әйелмен бір жамылғыштың астына жатпасын. Муслим.

 

ТАРАУ

Бөгде әйелмен оңаша қалуға болмайтындығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«…егер Пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың (шымылдықтың) артынан сұраңдар[941],…» «Ағзап» сүресі, 53 аят.

 

1628. Хабар бойынша,Укба бин Әмір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оғана Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден ешкім ешуақытта бөгде әйелге кірмесін!», - деді. Ансарлардың бірі: «Маған айтшы, егер ол күйеуінің жақын туысы болса ше!», - деп сұрады. Сонда ол: «Жақын туыс – ол опат (ең ауыры)![942]», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Жақын туыс, деп бауыр, бауырының не нағашысының баласы айтылады.

1629. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім оның жанында жақын туысы болмаса әйел адаммен оңаша қалмасын! Аль-Бухари, Муслим.

1630. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһ жолында соғысып жатқандардың әйелі, ол соғысқа қатыспағандар үшін өздерінің аналары секілді қасиетті саналуға тиісті. Ал сендерден соғысқа қатысушының жан ұясын өзінің қамқорлығына алған кез-келгенің, мойнына жүктегенін дұрыс өтемесе, онда оны Ахіретте, соғысқа қатысушы оның сауабты істерінен қанша қаласа соншасын алуы үшін (оның сауаптарын) міндетті түрде оның алдына қояды». Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл жайында сендер не ойлайсыңдар?[943]», - деді. Муслим.

ТАРАУ

Әйел мен еркекке киімде болсын, тұрыс-жүрісте болсын және де басқа да істерде де болсын бір-біріне еліктеуге болмайтындығы жайлы.

1631 Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелге ұқсас еркек пен еркекке ұқсас әйелді лағінеттеді.[944]

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Ибн Аббастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Әйелге еліктеген еркек пен еркекке еліктеген әйелді лағінеттеді. Аль-Бухари.

 

1632. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдің киімін киген еркек пен еркектің киімін киген әйелді лағінеттеді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дад келтіреді.

 

1633. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен үмметімнің ішінен Отта болатын екі түрлісін қазір көріп тұрған жоқпын: (олардың) бұқаның құйрығына ұқсаған қамшылары бар олармен адамдарды ұратын еркекетерді, сондай-ақ әрі киінген (кясийат), әрі жалаңаш ('арийат), бастары түйенің салбыраған өркешетеріне ұқсаған ауытқушы (ма'илят) және ауытқызушы (мумилят) әйелдерді. Мұндай әйелдер Жәннәтқа кірмейді және оның тәтті иісін де сезінбейді, ал оның ттәтті иісі осындай-да осындай ара қашықтықта сезіледі.[945] Муслим.

«Кясийат», дегеніміз Аллаһтың рахымшылығымен киіндірілген, «'арийат» - рахметі жоқтар[946]. Сондай-ақ бұның мағынасы: ондай әйел денесінің бір бөлігін, ал жауып екінші бөлігін ашып өзінің әдемілігін және басқаларын басқаларға көрсетуші (әйел), делінеді. Сондай-ақ оның мағынасы, денесі көрінетіндей нәзік (жұқа) матадан киім киген әйелдер, делінеді. Ал ауытқушы (ма'илят) сөзінің мағынасы жайлы айтатын болсақ ол жайында былай делінеді: бұл дегеніміз, Аллаһтың әміріне бағынудан ауытқушылар. Ал ауытқызушы (мумилят) сөзінің мағынасы жайлы айтатын болсақ ол жайында былай делінеді: бұл дегеніміз, олар басқаларды өздерінің жаман істеріне үйретушілер. Сондай-ақ, «ауытқушылар», деп «өздерінің көкіректерін керіп, тәкәппарлықпен жүрушілерді», айтады, делінеді. Сондай-ақ, «ауытқушылар», деп қаңғыбас (жаман жүрістегі) әйелдер секілді «шаштарын бір жақ иығына тараушыларды», айтады, делінеді, ал «ауытқызушылар», деп «сондай шаштың сәнін басқаларға жасаушылар», деп те айтылады. Ал «бастары түйенің салбыраған өркешетеріне ұқсаған», деген сөз жайлы айтатын болсақ, оның мағынасы, олар бастарына шүберек, сәлде не болмаса соған ұқсас бір нәрселерді орап, бастарын үлкейтушілер[947].

 

 

ТАРАУ

Шайтанға және имансыздарға еліктеуге болмайтындығы жайлы.

1634. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сол қолмен жемеңдер, өйткені, расында, шайтан ішіп-жегенде сол қолын пайдаланады. Муслим.

 

1635. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім сол қолымен ішіпесін де және жемесін де, өйткені, расында шайтан ішкенде және жегенде сол қолын пайдаланады. Муслим.

1636. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, яхудилер мен христиандар шаштарын боямайды, ал сендер болсаңдар олар секілді болмаңдар! Аль-Бухари, Муслим.

Бұл жерде ақ түскен шашатарда сары, не болмаса қызыл түске бояу жайлы айтылып жатыр; ал оны қара түске бояу жайлы айтатын болсақ, олай істеуіге болмайды, ол жайында Аллаһ қаласа келесі тарауларда айтып өтеміз.

ТАРАУ

Әйел баласына да, ер адамға да шашын қара түске бояуға болмайтындығы жайлы.

1637. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Меккені жаулап алған күні, басы мен сақалы суғама[948] секілді аппақ болған Абу Бакр ас-Сиддиқтың әкесі Абу Кухафаны, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, алып келді. Сонда Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мынаны өзгертіңдер[949], бірақ қарадан аулақ болыңдар», - деді. Муслим.

ТАРАУ

«Казаъ» (шашты жартылай қыру) жасауға болмайтындығы және ер кісілерге шашты толығымен қырып тастауға болатындығы, ал әйелдерге олай істеуге болмайтындығы жайлы.

1638. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бастың бір бөлігін ғана қыруға тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1639. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басындағы шашы жартылай қырып, ал қалған бөлігі қырылмаған баланы көріп, оларға[950] олай істеуге тыйым салып былай деді: «Не шашты түгелімен қырыңдар, не болмаса еш тиіспеңдер».Бұл хадисті аль-Бухари мен Муслимнің шарттарын қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді.

1640. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Жа'фар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жа'фардың жанұясы мүшелеріне үш күн мерзім берді де[951], содан соң бізге келіп: «Осы күннен кейін менің бауырымды жоқтап жыламаңдар», - деді. Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған бауырымның балаларын шақырыңдар», - деді, де сосын бізді балапандар секілді алып келді, ал ол болса: «Маған шаштаразды алдырыңдар», - деп, оның әмірімен (шаштаразды алдырып) біздің басымызды тақырлап қырғызды.Бұл хадисті аль-Бухари мен Муслимнің шарттарын қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1641. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерге шаштарын қыруға тыйым салатын. Ан-Насаъи.[952]

 

ТАРАУ

Шашқа басқа шашты қосып ұзартуға, денеге (инемен) сурет салуға және тісті егеуге болмайтындығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Мекке мүшріктері) олар, Аллаһтан өзге ұрғашыларға ғана жалбарынады. Негізінен олар қасарысқан шайтанға жалбарынды. Аллаһ оны қарғады. Сонда шайтан: «Әрине құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын», - деді. «Және оларды, әрине адастырамын, әлбетте оларды босқа үміттендіремін. Әрі оларға міндетті түрде әмір етемін. Сонда олар малдардың құлақтарын (бұтқа арнап) тіледі. Сондай-ақ оларға әрине Аллаһтың жаратқанын өзгертуді бұйырамын!», - деді...» «Ниса» сүресі, 117-119 аяттар.

 

1642. Хабар бойынша,Асма, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір әйел Пайғабардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлеміә болсын: «Иә Аллаһтың елшісі, менің қызым қызылшамен ауырып, содан шаштары түсіп жатыр, ал мен болсам оны жақында ғана тұрмысқа бердім, сондықтан мен оның түскен шашының орнына басқа шаш (жалғап) байлай аламын ба?», - деген сұрақпен келді. Сонад ол: «Аллаһ Тағала (жалғап) байлаушы мен (жалғап) байлап берушіні лағінеттеді!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында, Пайғамбардың оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

...және (жалғап) байлаушы мен (жалғап) байлауды сұраушыны...

Осыға ұқсасты аль-Бухари мен Муслим Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, жеткізуімен де келтіреді.

 

1643. Хабар бойынша,Хумайд бин Абд ар-Рахман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен қажылық жасаған жылы Му'авийаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, күзетшінің қолынан бір бұрым шашты алып[953], минберге көтеріліп былай дегенін естідім: «Иә қала тұрғындары, сендердің ғалымдарың қайда?! Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мынандай істерге тыйым салып былай деп айтқанын естідім: «Расында, Исрайлдың ұрпақтары мынаны, әйлдері қолданғаннан кейін опат болған![954]» аль-Бухари, Муслим.

 

1644. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (жалғап) байлаушы мен (жалғап) байлауды сұраушыны, денеге сурет басушы мен оны өзіне басып беруді сұраушыны лағінеттегендей лағінеттеді! Аль-Бухари, Муслим.

1645. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

«Аллаһтың жаратқанын өзгертіп, денеге сурет салушылар мен оны өзіне салуды сұраушыларға, сондай-ақ қастарын теруді сұраушылаға (мутанаммисат), сондай-ақ егеушілерге (мутафаллиджат) Аллаһтың қарғысы болсын!». Сонда бір әйел одан, оның неге олай айтып жатқанын сұрағанда, ол: «Неліктен маған Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,қарғағандарын қарғамасқа[955], бұл Аллаһтың кітабінде бар емес пе? Аллаһ Тағала: «Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неменеден тыйса одан тыйылыңдар[956]», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

«Мутафаллиджа» бұл тістерін егеп араларын ашып әдмілеген әйел. «Намиса» бұл басқа әйелдің қасын жіңішкертіп әдемілікке терген әйел. «Мутанаммиса» бұны өзіне істеуіне әмір берген әйел.

ТАРАУ

Сақалдан, бастан жене басқа да жерлерден ақ түскен шашты жұлуға болмайтындығы, сондай-ақ жас өспірімге сақалы шыға бастаған кезде оны жұлуға болмайтындығы жайлы.

1646. Хабар бойынша,Әмір бин Шу'айб өзінің атсының айтқанын әкесі арқылы[957], оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақ шашты жұлушы болмаңдар, өйткені олар Ахіретте мұсылман үшін нұр болады[958]. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд, ат-Тирмизи және ан-Насаъи келтіреді. Ат-Тирмизи: «Жақсы хадис», - деген.

 

1647. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Біздің ісімізге сәйкес келмейтін амалды жасаушының амалы қабыл болмайды (қайтарылады)[959]» Муслим.

 

 

ТАРАУ

Оң қолмен ұятты жерлерін жуу жағымсыз іс екендігі және оған дәлелді себеп болмаса оң қолмен ұятты жерлерін ұстауға болмайтындығы жайлы.

1648. Хабар бойынша,Абу Катада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім кіші дәрет сындыратын болса оң қолымен ұятты жерін ұстамасын, сондай-ақ ол жерін оң қолымен жуушы болмасын және (ішкенде) ыдысқа дем алушы болмасын. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл тарауға басқа да көптеген сенімді хадистер жатады.

ТАРАУ

Аяқ киімді бір аяққа ғана киіп жүруге және дәлелді себепсіз аяқ киімді тұрып киуге болмайтындығы жайлы.

1649. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім аяқ киімді бір аяққа ғана киіп жүрмесін, не екеуін де кисін, не екеуін де шешсін.

Бұл хдистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

...не жалаң аяқ жүрсін. Аль-Бухари, Муслим.

 

1650. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кімнің аяқ киімінің қайысы үзілсе, оны жөндемейінше бір аяқ киімімен жүрмесін. Муслим.

 

1651. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аяқ киімді тұрып киуге тыйым салатын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

ТАРАУ

Ұяқтар кезде не болмаса басқа да жағдайларда жанып тұрған отты, ол қай жерде жанғанына қарамастан май шамда не басқа жерлерде болсын қалдыруға болмайтындығы жайлы.

1652. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұйықтап жатқан кездеріңде үйлеріңде жанып тұрған от қалдырушы болмаңдар. Аль-Бухари, Муслим.

 

1653. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Аш'ари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Мединада бір үй ішіндегі адамдарымен бірге жанып кетті, сонда бұл жайлы Аллаһтың елшісіне оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, хабарлағанда ол: «Расында бұл от сендерге жау, сондықтан ұйықтауға жатар кездеріңде оны сөндіріңдер», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1654. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ыдысты жабыңдар, торсықтарыңды байлаңдар, есіктеріңді тіреңдер, өйткені, расында шайтан торсықты шешуге, тіреулі есікті ашуға дәрменсіз, сондай-ақ сендерден кім ең болмағанда судың бетіне бр бөлік ағашты Аллаһтың есімін айтып қоя алса, солай істесін. Сондай-ақ, расында, тышқандардың, үй ішіндегілерді өртеп жіберген кездері де болады[960]. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.