Здавалка
Главная | Обратная связь

Кету керектігі жайында. 7 страница



 

1694. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешіттің қиблаға қараған қабырғасында түкірік (не: ...сілекей. не: ...сұйықтық) кіөріп, оны қолымен қырып алды. Аль-Бухари, Муслим.

 

1695. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, бұл мешіттер онда зәр төгу үшін[992], не болмаса басқа да жағдайлармен кірлетуге арналмаған: олар тек онда Аллаһ Тағаланы еске алып Құран оқуға арналған! Муслим.

ТАРАУ

Мешітте таласудың, дауыс көтерудің[993], жоқ іздеудің, сатудың, бір нәрсені жалға берудің не осыған ұқсас басқа да істермен айналысудың жақсы емес екендігі жайлы.

1696. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім мешітте жоғалқан нәрсесін іздеп жатқан біреуді көрсе: «Аллаһ жоғалтқаныңды қайырмасын!», - деп айтсын, өйткені мешіттер бұл үшін салынбаған! Муслим.


1697. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мешітте біреудің бір нәрсе сатып, не сатып алып жатқанын көрсеңдер: «Аллаһ сенің саудаңның пайдасын жойсын!», - деп айтыңдар, ал егер жоғалтқанын іздеп жатқанын көрсеңдер: «Аллаһ оны саған қайырмасын!», - деңдер. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.


1698. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мешітте жоғын іздеген адам: «Менің қызыл түйемді табуға кім көмектеседі?», - сұрағанда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен оны таппай қал, өйткені, расында, мешіттер өздерінің салынғандары үшін салынды![994]», - деді. Муслим.

1699. Хабар бойынша,Амра бин Шу'айб әкесі оның атасының[995], оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегенін жеткізді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешіттерде жоғын іздеп не болмаса тақпақтарын оқуға[996] тыйым салғандай сатып-алуға да тыйым салды. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1700. Хабар бойынша,ас-Са'иб бин Йазид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен мешітте болған кезімде маған біреу тас лақтырды. Бұрылып қарасам ол Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, екен. Ол маған: «Бар да анау тұрған екеуді маған шақырып алып кел», - деді, сонда мен барып ол екеуін оған ертіп алып келдім, ал ол болса олардан: «Сендер қайдансыңдар?», - деп сұрады. Олар: «Біз Тайфтанбыз», - деп жауап берді. Сонад ол: «Егер сендер осы қаланың[997] тұрғындары болғандарыңда, онда мен сендерді Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешітінде дауыс көтергендерің үшін міндетті түрде жазалар едім!», - деді. Аль-Бухари

ТАРАУ

Сарымсақ, жуа, пияз және осыған ұқсас сасық иісті тағамды жеген адам егер аса қажет болмаса ол жеген затының иісі кетпейінше мешітке кіруіне болмайтындығы жайлы.

1701. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына өсімдіктің жемісін жеген адам біздің сешітке жақындаушы болмасын!», - деп пісірілмеген сарымсақ жайлы айтты. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

...біздің мешіттерге...

 

1702. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мына өсімдіктің жемісін жеген бізге жақындамасын да және бізбен бірге намаз оқымасын! Аль-Бухари, Муслим.

 

1703. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Пияз бен сарымсақ жеген бізден алыстасын! Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тек Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сарымсақ, жуа, пияз жеген біздің мешіттерге жақындаушы болмасын, өйткені, расында, адамдарға тиген қолайсыздық (не: ...тиген азап) періштелерге де тиеді!

 

1704. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол жұма намазындағы құтпада сөздерінің арасында былай деді:

Иә Адамдар, сендер оның иісін, мен жиіркенішті санайтиын екі түрлі өсімдіктің жемісін жейсіңдер, олар: жуа мен сарымсақ, ал мен болсам егер Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осы иісті адамнан осы иістің шығып тұрғанын сезсе, оның аль-Бақыға[998] шығарылуына әмір беретін! Кімде-кім оны жейтін болса, онда оның иісін пісірумен өлтірсін[999]. Муслим.

ТАРАУ

Имам жұмада құтпа айтып жатқанда аяқты көтеріп оны қолмен құшақтап отыруға болмайтындығы, өйткені олай отыру адамға ұйқысын келтіріп, соның әсерінен құтпадағы кейбір сөздерді ұқпай, сондай-ақ дәретінің бұзылуы мүмкін екендігі жайлы.

1705. Хабар бойынша,Му'аз бин Анас аль-Джухани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұмада имам құтпа айтып жатқанда аяқты көтеріп құшақтап отыруға тыйым салатын. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы хадис», деп келтіреді.

ТАРАУ

Зуль хиджжа айының бірінші он күні кірісімен құрбан шалмақшы болған адамға құрбанын шалмайынша тырнағын алуға және шашын кесуге болмайтындығы жайлы.

1706. Хабар бойынша,Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімнің құрбанға арнаған малы болса зуль-хиджа айы туылысымен[1000] құрбанын шалғанша не тырнағын, не шашын қырқпасын. Муслим.

ТАРАУ

Жаратылыстың мысалыға: Пайғамбардың, Қағбаның, періштелердің, көктің, әруақтың, өмірдің, ата-бабалардың, басшының рахымының, пәленшенің мазарының не сенімділіктің атымен ант беруге қатал тыйым екендігі жайлы.

 

1707. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала сендерге ата-бабаларыңның атымен ант берулеріңе тыйым салады, ал кім ант бергісі келсе Аллаһ атымен ант айтсын не үндемесін. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Мүслмнің «Сахихында» келтірілген нұсқасында пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны клтіріледі:
...ал кім ант бергісі келсе Аллаһтан басқа ешкіммен және ештеңкемен ант бермесін не болмаса үндемесін.

 

1708. Хабар бойынша,Абд ар-Рахман бин Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Не пұтпен (тауағиттар), не ата-бабаларыңмен ант бермеңдер. Муслим.

«Тауағи» - «тағийа» сөзінің көпше түрі, сондықтан бір хадисте: «Бұл – даус руының тағийасы», - делінеді, яғни, олардың табынатындары. Бұл хадистің Муслим келтірмеген тағы бір нұсқасында шайтан не болмаса пұт сөзінің мағынасын көрсететін «тағут» сөзінің көпше түрі «тауағит» сөзі қолданылады

 

1709. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сенімділігімен ант берген бізден емес. Сенімді хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1710. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Расында, менің Исламға қатысым болмасын![1001]», - деп айтқан, егер ол өтірік айтып жатса, онда (айтқаны) болсын, ал егер ол шындықты айтып жатса, онда ол ешқашан Исламға игілікпен орала алмайды. Абу Дауд.

1711. Хабар бойынша, бірде Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бір адамның: «Қағбаның атымен ант беремін»!, - дегенін есітіп, оған былай деді:

Аллаһтан басқа ешкіммен және ештеңемен ант беруші болма, өйткені мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім Аллаһтан басқаның атымен ант берсе күпірлікке (имансыздыққа) (не: ...көпқұдайшылдыққа) кірді», - деп айтқанын естідім. Бұл хадисті ат-тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

Кейбір ғалымдар пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «...күпірлікке (не: ...көпұдайшылдыққа) кірді», сөздерін оның: «Көрер көзге жасау (рия) көпқұдайшылдық», дегені, ондай ант беруден жирендірудің тәсілі, дейді.

ТАРАУ

Біле тұра өтірік ант беруге болмайтындығы жайлы.

1712. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Басқа мұсылманның дүниесін иемдену үшін ант берген Аллаһты, өзіне ашулы түрде кездестіреді.
Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтты:
Осыдан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанын растау үшін Ұлы Аллаһ Тағаланың Кітабынан келесі аятты оқыды: «Негізінен сондай Аллаһқа берген серттерімен, анттарын аз (дүниеге) ақшаға айырбастағандар, міне солардың Ахіретте бір сыбағасы жоқ. Қиямет күні Аллаһ оларға сөз қатпайды да оларға қрамайды әрі оларды ағартпайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар»[1002]. Аль-Бухари; Муслим.

 

1713. Хабар бойынша,Абу Умам Ийас бин Са'ляб аль-Хариси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. «Өтірік анттың көмегімен, хақы жағынан басқа мұсылманға тиесілі затты өзіне иемденген адамды, Аллаһ міндетті түрде отқа тастайды және оған Жәннәтты харам етеді», - деді. Сонда бір адам: «Ал егер болмысыз нәрсе болса ше?», - деп сұрады. Сонда ол: «Егер ол арак талының[1003] шыбығы болса да!», - деді. Муслим.

 

1714. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Әмір бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ажалды күнәға, Аллаһпен бірге басқаға құлшылық ету, ата-ананы сыйламау, адам өлтіру және опалы ант жатады.Аль-Бухари.

Бұл хадистің аль-Бухари келтірген басқа нұсқасында, былай делінеді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір бәдәуи келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, ажалды күнә (кяба'ир) дегеніміз не?», - деп сұрақ қойды. Ол: «Аллаһпен бірге басқаларға да құлшылық ету», - деп жуап бергенде, бәдәуи: «Тағы не?», - деп сұрады. Сонад ол: «Опалы ант», - деді.

Абдуллаһ бин Әмір бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтты:

Мен: «Ал опалы ант, дегеніміз не?» - деп сұрадым. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мұсылманның дүниесінің бір бөлігін иемденуге мүміншілік беретіні», - деп, адамның оны айтқанда, өтірік айтып беретін анты жайлы меңзеді.

 

 

ТАРАУ

Бір нәрсені орындауға ант беріп, ал сосын артынан басқа істің одан жақсырақ екендігін көрген сол жақсырақты орындап, ал антының борышын өтеуі жайлы.

 

1715. Хабар бойынша,Абд ар-Рахман бин Самур, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сен бір нәрсені орындауға ант беріп, ал сосын артынан басқа істің одан жақсырақ екендігін көрсең сол жақсырақты орында, ал бұзған антыңның борышын өте. Аль-Бухари; Муслим

 

1716. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір нәрсені орындауға ант берген, бірақ артынан басқа істің одан жақсырақ екендігін көрсе, онда антының борышын өтеп, көрген жақсырағын орындасын. Муслим

 

1717. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ қаласа, онда мен ант бергенде, артынан одан жақсы бір нәрсе көрсем, онда мен міндетті түрде антымның ақысын өтеймін және сол жақсыны жасаймын!» Аль-Бухари; Муслим

 

1718. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, өзінің жанұясына байланысты антта (қырсығып) қажырлық көрсету[1004], ол үшін Аллаһтың бекіткен анттың ақысын өтеуіне қарағанда, Аллаһ Тағаланың алдында күнәдә көбірек болып табылады[1005]. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Бос анттың күнәсәнің жоқтығы және оның ақысын өтеудің керегінің жоқтығы жайлы, ал бос ант деп, адамның тілінен абайсызда шығып кеткен: «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін!», не болмаса «Иә, Аллаһтың атымен ант етемін!», - деген сияқты сөздер жатады.

 

Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра істеген анттарыңнан (ант бұзсаңдар) жауапкер етер. Оның төлеуі: Үй-іштеріңе жегізген орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру, немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу үш күн ораза ұстау. (Бұзған) анттарыңның жазасы осы. Анттарыңды қорғаңдар...»«Мәида» сүресі 89 аят.

 

1719. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

«Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды...», - деген аят, адамдардың арасындағы: «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін!», не болмаса «Иә, Аллаһтың атымен ант етемін!», - деп, көп айтатындардың салдарынан түсірілді. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Шындықты айтса да саудада ант бермегеннің жақсырақ екендігі жайлы.

1720. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ант заттың өтуін тездетеді, бірақ пайдасын (берекесін) кетіреді[1006]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1721. Хабар бойынша,Абу Катада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сауда-саттықта көп ант бере бермеңдер, өйткені, расында, ол заттың өтуіне себепші болады да, бірақ пайданы (берекені) кетіреді. Муслим.

ТАРАУ

Аллаһ үшін Жәннәттан басқаны сұраудың жақсы еместігі және Аллаһ Тағала үшін сұрағанның және Ол үшін сұрап өтінгеннің бетін қайтармау жайлы.

1722. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ үшін Жәннәттан басқаны сұрауға болмайды. Абу Дауд.[1007]

 

1723. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ үшін қорған сұрағанға қорған болыңдар және Аллаһ үшін бр нәрсе сұрағанға (сұрағанын) беріңдер және сендерді шақырғанның[1008] шақыруын қабыл алыңдар және сендерге жақсылық жасағанды есесін қайтарыңдар, ал егер немен есесін қайтаруды білмесеңдер, онда есесін қайтарғандарыңа көздерің жеткенше ол үшін Аллаһқа жалбарынып дұға жасаңдар[1009]. Бұл сенімді хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд пен ат-Тирмизи келтіреді.

ТАРАУ

Әмәршіні және басқа да биліктегі адамдарды «шахиншах» деп атауға болмайтындығы, өйткені ол «патшалардың патшасы» (малику-ль-мулюк), деген мағынаны білдіреді, ал олай тек Оған мадақ болсын, Аллаһ Тағаланы ғана атауға болады.

1724. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағаланың алдында ең сұмпайы адам болып патшалардың патшасы (малику-ль-амляк) атты адам болып табылады. Аль-Бухари, Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.