Здавалка
Главная | Обратная связь

Суфйан бин 'Уйайна: «малику-ль-амляк», деген «шахиншах», дегенді білдіреді», деді.



 

ТАРАУ

Дінсізді және дінге жаңалық енгізушіні «Мырзамыз», деп, немесе осыған ұқсас сөздермен атуға болмайтындығы жайлы.

1725. Хабар бойынша,Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі жүздіні «мырза» деп атаушы болмаңыздар, өйткені егер ол сендерді мырзаларың болса, онда Ұлы Аллаһ Тағаланы ашуландырасыңдар[1010]. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

ТАРАУ

Безгегті ұрсуға болмайтындығы жайлы.

1726. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Умм ас-Саъибке кірген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан: «Сен неге қалтырап жатсың, иә Умм аи-Саъиб (не: ...Умм аль-Мусаййаб)?, - деп сұрады. Ол: «Безгегтің кесірінен, оған Аллаһ игілік бермесін!», - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Безгегті ұрспа, өйткені ол Аддам баласының күнәләрін ұстаның үрлегіші темірдің қабыршағын кетіргендей кетіреді!», - деді.

 

ТАРАУ

Желді ұрсуға болмайтындығы және ол көтерілгенде не деу керектігі жайлы.

 

1727. Хабар бойынша,Абу-ль-Мунзир Убайй бин Ка'б, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Желді сөгуші болмаңдар, ал егер (одан) сендерге ұнамаған бір нәрсені көрсеңдер[1011], онда былай деңдер: «Иә Аллаһ, расында, біз Сенен бұл желдің игілігі, сондай-ақ онда (не бар) соның иігілігін, сондай-ақ оған бұйырылғанның игілігін сұраймыз және Саған бұл желдің зұлымдығынан, сондай-ақ (онда на бар) соның зұлымдығынан, сондай-ақ оған бұйырылғанның зұлымдығынан сыйынамыз!» /Аллаһумма, инна нас'алю-кә мин хайри хазихи-р-риһи, уа хайри ма фи-һа уа хайри ма умират би-һи, уа на'узу би-кә мин шарри хазихи-р-риһи, уа шарри ма фи-һа ва шарри ма умират би-һи!/[1012] бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақы сенімді хадис», деп келтіреді.


1728. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жел – ол Аллаһтың мейірімінен, сондықтан ол өзімен Аллаһтың мейірімін де, азабын да алып келе алады, сондықтан оның көтеріле бастағанын көрсеңдер, онда оны сөкпеңдер, керісінше Аллаһтан оның игілігін сұраңдар да, Аллаһқа оның зұлымдығынан сыйыныңдар! Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

1729. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Жел көтеріле бастаған кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейтін: «Иә Аллаһ, расында, мен Сенен оның игілігін, сондай-ақ оның өзімен алып жүргенінің игілігін, сондай-ақ оның жіберілгендегі игілігін сұраймын және Өзіңе оның зұлымдығынан, сондай-ақ оның өзімен алып жүргенінің зұлымдығынан, сондай-ақ оның жіберілгендегі зұлымдығынан сыйынамын!»/Аллаһумма, инни ас'алю-кә хайра-һа, уа хайра ма фи-һа уа хайра ма урсиләт би-һи, ва а'узу би-кә мин шарри-һа, ва шарри ма фи-һа ва шарри ма урсиләт би-һи!/ Муслим.

 

 

ТАРАУ

Әтешті ұрсуға болмайтындығы жайлы.

1730. Хабар бойынша,Зайд бин Халид аль-Джухани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әтешті сөгуші болмаңдар, өйткені ол сендерді намазға оятушы емес пе! Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Адамаға: «Пәленше жұлдыздың арқасында жаңбыр жауды», деп айтуға болмайтындығы жайлы.

 

1731. Хабар бойынша,Зайд бин Халид аль-Джухани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аль-Худайбияда[1013] Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде өткен жаңбырдан кейін бізбен намаз оқыды, намаз оқып болған соң адамдарға бұрылып: «Сендер Раббыларыңның не дегенін білесіңдер ме?», - деп сұрады. Олар: «Бұл жайында Аллаһ пен оның елшісі жақсырақ былежі», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді. «Аллаһ айтты: «Бүгін таң ертең Менің құлдарымның бірі Маған иман келтірушілердің қатарынады оянды да, ал енді бір бөлігі имансыздардан болып оянды. «Бізге жаңбыр Аллаһтың мейірімімен жіне Оның рахымының арқасында жауды», - деген жайлы айтатын болсақ, ол Маған сеніп (иман келтіріп) жұлдыздарға сенбеуші (иман келтірмеуші), ал «Бізге жаңбыр пәленше жұлдыздың арқасында жауды», - деп айтқан Маған сенбейді (иман келтірмейді) де, жұлдыздарға (иман келтіруші) сенуші»». аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Мұсылманға «Иә кәпір(имансыз)!», деп айтуға болмайтындығы жайлы.

1732. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам Исламдағы өзінің бауырына: «Иә кәпір!», - дейтін болса, онда айтылған сөз екеуінің біріне тиеді, егер ол айтылған сөзге сай келсе, онда ол оған лайық, ал егер де айтылған сөзге сәйкес болмаса, онда айтылған (айтушының) өзіне оралады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1733. Хабар бойынша,Абу Зар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам біреуге имансыз (кәпір), деп не болмаса: «Аллаһтың жауы!», - деп айтатын болса, ал ол адам оған лайық болмаса, онда айтылған айтушыға оралады. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Әдепсіздік пен жаман(ұятсыз)сөздерге тыйым жайлы.

1734. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұрысу, қарғау, ұятсыз-жаман сөздер айту мүмин үшін жат қылық. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1735. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жағымсыздық (ұятсыздық) әрқашан тигенін қаралайды, ал ұялшақтық әдемілейді.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

ТАРАУ

Қарапайым және осыған ұқсас жәй адамдармен сөйлескенде белгілі бір шектен шықпау, маңғазданып сөйлемеу, тым шешендік танытып көне сөзерді қолданып жақсы сөз тіркестерін іздестірмеу(қумау)[1014] жайлы.

1736. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:
Шектен шығар дәлдік (мутанат-ти'уна)[1015] іздеген құрыды! Муслим.

 

1737. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Әмр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ, тілін күйсеуші сиыр секілді күрмеп сөйлейтін шешен сымақты жек көреді![1016] Бұл хадисті Абу Дауд және ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1738. Хабар бойынша,Жәбір бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендерден маған ең сүйкімді және Ахіретте маған ең жақын болатындарың ол көркем мінезділерің, ал маған ең жағымсыздарың және Ахіретте менен алыстатылатындарың ол әр-бір мылжың /сарсаруна/, мақтаншақ /муташаддикуна/ және сөзқұмарлар /мутафайхикуна/[1017]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

“Сарсар” – ол тым көп сөйлеуші; “муташаддик” – ол әрдайым өз сөзін әдемілеп және сөзінің мәнін көтеріп сөйлеп, адмдарға тіл тигізушілер. “Мутафаихик” сөзі, “факх”, яғни толтырылған деген сөзден шығады; “мутафайхик” – ол өзінің сөзін такаппарлығымен неғұрлым адамдардың көбі біле бермейтін сөздермен толтырып, сол арқылы өзінің үстемдігін көрсеткісі келген адам.

 

 

ТАРАУ

«Мен жаманмын», деп айтудың жақсы еместігі жайлы.

1739. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Сендерден ешкім ешқашан: «Мен жаманмын» (Хабусат нафси),- деп айтпасын, бірақ: «Мен нашар, деуге лайықпын» (Ләқисат нафси), - десін. Аль-Бухари, Муслим.

Ғалымдар: ««Хубасат», сөзі «ғасийат», дегенді білдіріп «ләқисат» деген сөздің мағынасы бір болып келеді, бырақ «хубс» сөзін қолдану жақсы емес» [1018], - дейді.

ТАРАУ

Жүзімді «кәрм» деп атау жақсы еместігі жайлы.

1740. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жүзімді «кәрм», деп атамаңдар, өйткені, расында, «кәрім» дегеніміз мұсылман. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп отыр.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

...өйткені «кәрм» - ол тек мұсылманның жүрегі.

Бұл хадистің Муслим мен аль-Бухаридің келтірген үшінші нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Олар «кәрім», дейді, бірақ «кәрім» - ол тек мүминнің жүрегі.[1019]

1741. Хабар бойынша,Уа'ил бин Худжр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Кәрім», демеңдер, бірақ «'инаб» и «хабалә»[1020], деңдер. Муслим.

 

ТАРАУ

Егер шариғаттың рұқсат еткен жағдайлары мысалыға үйлену үшін болмаса, онда еркекке әйелдің әдеміліктерін суреттеуге болмайтындығы жайлы.

1742. Хабар бойынша,Ибн Мас'уд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Бір әйл екінші бір әйелге сүйкеліп[1021], одан соң (күйеуі оны көріп тұрғандай етіп) оны өзінің күйеуіне сүреттемесін. Аль-Бухри, Муслим.

ТАРАУ

«Иә Аллаһ қаласаң, мені кешір», - деген сияқты сөздерді айтуға болмайтындығы жайлы, өйткені адам өзінің(Аллаһтан сұраған) өтініштерінде табанды болуы керек.

1743. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім: «Иә Аллаһ қаласаң[1022] кешір, иә Аллаһ қаласаң мейірім ет», - деп ешуақытта айтпасын – табандылық танытыңдар, өйткені ешкім онсыз да Аллаһты ешнәрсеге мәжбүрлей алмайды. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен әлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

...бірақ шешімділік танытып көбірек талпынсын (сұрасын), расында, Аллаһтың бергенінің ол үшін көп болуы мүмкін емес.

 

1744. Хабар бойынша,Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден қайсысың болмасын Аллаһтан сұрап дұға жасайтын болсаң, онда табандылық танытсын да ешқашан: «Иә Аллаһ, қаласаң маған мынаны бер», - демесін, өйткені расында, онсыз да Оны ешкім ешнәрсеге мәжбүрлей алмайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

«Аллаһ және пәленше қалағандай», - деп айтудың жақсы еместігі жайлы.

1745. Хабар бойынша,Хузайфа бин аль-Йаман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

«Аллаһ қалағандай және пәленше қалағандай», - деп айтушы болмаңдар, бірақ: «Аллаһ қалағандай, ал сосын пәленше қалағандай», - деп айтыңдар[1023]. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу дауд келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Соңғы намаздан кейін сөйлесудің жақсы еместігі жайлы.

Яғни басқа уақыттарда бұндай сөздерді сөйлеу рұқсат етілген (мубах), ал бұл дегеніміз ол кезде сөйлеу сөйлемегенмен тең. Ал басқа уақытта сөйлеуге тыйым салынған, не болмаса сөйлегеннен пайдасы жоқ сөздер жайлы айтатын болсақ, ондай әңгімелерді бұл уақытта сөйлеудің тыйымы одан да жоғары асады, ал егер игі әңгімелер жайлы айтатын болсақ оған, ғалымдардың әңгімесі, тақуалар және үлгілі мнез-құлықтар жайлы және осыған ұқсас әңгімелер мысал бола алатын әңгімелер жайлы айтатын болсақ, онда оның жақсы бола аламайтын ештеңкесі жоқ, ондай әңгімелерді айту жақсы болып саналады. Сондай-ақ себебі бар жәй әңгімелер, не болмаса адам оған ниет етпей өзі болған әңгімелерді айтқаннан да зиян жоқ, ал менің айтқаныма төмендегі хадистер дәлел бола алады.

 

1746. Хабар бойынша,Абу Барза, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кешкі[1024] намазға дейін ұйықтағанды және одан кейін әңгімелескенді жақтырмайтын.аль-Бухари, Муслим.

 

1747. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде өмірінің соңында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кешкі намазды орындап таслим[1025] сөздерін айтқан соң орнынан тұрып: «Сендер маған осы түннің қандай түн екенін айтасыңдар ма? Расында, осы түннен жүз жыл өткеннен кейін, Жер бетінде осы күні тұратындардың ешқайсысы қалмайды!»[1026], - деді. Аль-Бухари; Муслим

 

1748. Хабар бойынша,Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз кешкі намазды оқымай Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түннің жартысына дейін күттік, оны оқып болған соң бізге бұрылып: “Басқа адамдар намаздарын оқыды да жатып қалды, ал сендер болсаңдар намаз басталғанша намаз ішінде саналдыңдар[1027]”, - деді. Аль-Бухари.

 

 

ТАРАУ

Әйелге күйеуімен төсекке жатпауға Шариғаттың үкімінен сәйкес сылтау болмаса бас тартуға болмайтындығы жайлы.

 

1749. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Егер еркек өзінің әйелін төсекке шақырып, ал ол болса бас тартып күйеуі оған ашуланып түн өткізсе, онда періштелер оны таң атқанша қарғап шығады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тек аль-Бухари келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

... ол (әйел төсекке) қайта оралғанша.

 

ТАРАУ

Күйеуінің жанында оның рұқсатынсыз ораза ұстауға болмайтындығы[1028] жайлы.

 

1750. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Әйелге ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауға болмайды, сондай-ақ ерінің рұқсатынсыз оның үйіне біреуді кіргізуге болмайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Имамның артында намаз оқып жатқан адамның имамнан бұрын рукуғтан кейін және сәждеден кейін басын көтеруге болмайтындығы жайлы.

1751. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден Имамнан бұрын бас көтеруші қайсысың, Аллаһ оның басын Есектің басына айналдыратынынан не болмаса оның түрін есеккке ұқсататындығынан қорықпаймысың!? Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Намаз уақытында қолды белге қоюдың жақсы еместігі жайлы.

 

1752. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, колды белге қойып намаз оқуға тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Тамақ беріліп ал адам оны жеуді қалап тұрған кезде және үлкен не кіші дәрет сындырғысы келіп тұрған адамға сол уақытта намаз оқығанының жақсы еместігі жайлы[1029].

1753. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді: Адамға тамақ берілген кездежәне үлкен не кіші дәреті нмаздан алаңдатқан кезде намаз оқығаны жақсы емес. Муслим.

ТАРАУ

Намаз кезінде көкке қарауға болмайтындығы жайлы.

 

1754. Хабар бойынша,Әнәс бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Намаз уақытында көкке қарайтындар не ойлайды екен?!», - деді. Сонда оның даусы катал болды және айтқандарына: «Оларға олай істеуді қою керек, не болмаса жанарларынан айрылады!», - деп қосты. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Намаз уақытында себепсіз бұрылуға болмайтындығы жайлы.

 

1755. Хабар бойынша,Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз уақытында адамның жан-жаққа қарауы жайлы сұрадым, сонда ол: «Бұл шайтанның, Аллаһтың құлының намазынан ұрлайтыны, одан басқа ешнәрсе емес», - деді. Аль-Бухари.

 

1756. Хабар бойынша,Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Намаз уақытында жан-жағыңа қараушы болма, өйткені ондай қараулар опатты, ал егер бұрылып қарауға мұқтаж болсаң, онда оның парыз намазында емес, қосымша намаздарыңда болсын», - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.[1030]

ТАРАУ

Намазды молаға (мазарға) қарап оқуға болмайтындығы жайлы.

1757. Хабар бойынша,Абу Марсад Кянназ бин аль-Хусайн, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Жүздеріңді молаға (мазарға) қаратып намаз оқушы болмаңдар және олардың үстіне отырушы болмаңдар. Муслим.

 

ТАРАУ

Намаз оқушының алдынан өтуге болмайтындығы жайлы.

1758. Хабар бойынша,Абу-ль-Джухайм Абдуллаһ бин аль-Харис бин ас-Симм аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Намаз оқушының алдынан өтуші, қандай күнә жасап жатқанын білсе, онда орнында қырық тұру жақсырақ екенін білер еді!

Хадисті жеткізуші айтты:

Мен оның тура не айтқанын білмеймін: қырық күн бе, қырық ай ма не болмаса қырық жал ма. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Қамат[1031] айтылған соң имамның артында тұрушыларға қосымша намазды оқуды бастау ол сүннет бойынша оқиын деп жатыр ма әлде жоқпа бәрібір жақсы емес екендігі жайлы.

1759. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Қамат айтылған соң парыз намазынан басқа намаздардың ешқайсысын оқуға болмайды. Муслим.

ТАРАУ

Жұманы оразаға және басқа түндердің арсынан жұма түнін намаз оқуға бөлудің жақсы еместігі жайлы.

1760. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Жұманың түнін қалған түндердің арасында намаз оқуға бөлмеңдер және сендердің қайсысыңның әдетте ұстайтын оразаларың[1032] жұма күніне түсетін болмаса, онда жұма күнінің күндізін оразаға бөлмеңдер. Муслим.

1761. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде үш қайтара былай деп айтқанын жеткізді:

Сапардағы және одан кейінгі күнді санамағанда, сендерден ешқайсысың жұман күні ораза ұстаушы болмасын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1762. Хабар бойынша, Мухаммад бин Аббад былай деді:

Бірде мен Жәбірден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұма күні ораза ұстауға тыйым салып па еді?», - дп сұрадым. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1763. Хабар бойынша,мүминдердің анасы Джувайриййи бинт аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мен ораза болған жұма күні маған кіріп, менен: «Сен кеше ораза үстадың ба?», - деп сұрады. Мен: «Жоқ», - дедім. Ол: «Ал ертең ораза ұстауға ниеттеніп жатырсың ба?», - деп сұрады. Мен: «Жоқ», - дегенімде, ол: «Онда ораза ұстауыңды қой!», - деп әмір берді[1033]. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Екі не болмаса одан да көп күн оразаның арасында тамақ-су ішпей үздіксіз (уисаль) ораза ұстауға болмайтындығы жайлы.

1764. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар үздіксіз (уисаль) ораза ұстауға тыйым салған. Аль-Бухари, Муслим.

 

1765. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үздіксіз ораза ұстауға тыйым салған кезде, адамдар оған: «Сен өзің солай істейсің ғой!», - деді. Сонда ол: «Расында, мен сендер секілді емеспін, өйткені мені тамақтандырып сусындатады[1034]», - деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.

 

 

ТАРАУ

Қабірге отыруға болмайтындығы жайлы.

1766. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендердің кез-келгеніңе қабІрге отырғаннан, ыстығы киімінен өтіп денені күйдіретін шоқтың үстінде отырғаны артығырақ! Муслим.

ТАРАУ

Қабірді гипспен[1035] қаптауға және оның үстіне құрылыс салуға болмайтындығы жайлы.

 

1767. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қабірді гипспен қаптауға және оның үстіне отыруға және кез-келген құрылыс көтеруге тыйым салатын. Муслим.

ТАРАУ

Құлға өзінің қожайынынан қашуға болмайтындығы жайлы.

 

1768. Хабар бойынша,Джарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің қожайынына қашқан құл, қорған хақысынан айрылады[1036]. Муслим.

 

1769. Хабар бойынша,Джарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер құл өзінің қожайынынан қашып кететін болса, онда оның намазы қабыл болмайды. Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны клтіріледі:

...демек ол күпірлікке кірді.

 

 

ТАРАУ

Құран мен Сүннеттің үкімінен сай жазаның кешірілуін өтінуге болмайтындығы жайлы.


Аллаһ Тағала айтты: «Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаһқа, Ахірет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын...»«Нұр» сүресі 2 аят.

1770. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде, махзум руынан ұрлық жасаған әйелдің ісімен бастары қатқан құрайыштар: “Кім бұл әйел жайында Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөйлеседі?”[1037], - деп сұрастыра бастады. Сонда басқалар: “Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйіктісі Усама бин Зайдтан басқа кімнің бұған дәті барады?”, - дей бастады. Бірақта Усама оған бұл мәселемен барғанда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Шынымен-ақ сен, Аллаһтың үкімі бар істе біреуге болыспақшысың ба!?”, - деді. Содан соң ол орнынан тұрда да адамдарға насихатпен былай деді: “Расында, сендерге дейін өмір сүргендердің опат болуына мына жай себепкер болған, егер олардың арасынан әйгілі (құрметті) адамдар ұрлық жасаған болса, оған олар тиіспейтін де, ал ұрлықты әлсіздерінен біреу жасаған болса, онда олар оны шариғаттың үкіміне сай жазалайтын. Аллаһтың атымен ант етемін, егерде Мухаммадтың қызы Фатима ұрлық жасаған болса, онда мен міндетті түрде оның да қолын кестірген болар едім!” Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тек аль-Бухари келтірген нұсқасында Аишаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сонда Пайғамбардың, оған Аллаһты игілігі мен сәлемі болсын, түрі өзгеріп кетті[1038] де: “Шынымен-ақ сен, Аллаһтың үкімі бар істе біреуге болыспақшысың ба!?”, - деді. Сонда Усама: «Мен үшін Аллаһтан кешірім сұра, иә Аллаһтың елшісі!», - деді.

Хадисті жеткізушілердің бірі былай деді:

Одан кейін оның әмірімен ол әйелдің қолын шапты.[1039]

 

ТАРАУ

Адамдар жүретін жолдың бойында, олар дем алатын көлеңкелерде, судың қайнар көзінде және сол сияқты жерлерде дәрет сындыруға (әжеттенуге) болмайтындығы жайлы.

Аллаһ Тағала айтты: «Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер[1040], әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.»«Ахзап» сүресі 58 аят.


1771. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Екі қарғаушыдан қорқыңдар![1041]», - деді. Адамадар: «Ал екі қарғаушы деген немене?», - деп сұрады. Сонда ол: «Бұл олар жүретін жол мен олар дем алатын көлеңкелерде әжеттенушілерді қарғаушылар. Муслим.

ТАРАУ

Түрғын суға дәрет сындыруға және сол сияқты істер жасауға болмайтындығы жайлы.

1772. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрғын суға зәр төгіп дәрет сындыруға тыйым салатын. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Сыйлық беру тұрғысында әкенің бір балаға басқа балалардың алдына көп көңіл бөлуінің дұрыс еместігі жайында.

 

1773. Хабар бойынша,Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мені әкем, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алып келді де: «Мен мына балама өзімнің күңімді сыйладым», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен әр балаңа сондай сый жасадың ба?», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда оны өзіңе кері қайыр!», - деді.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Нуъман бин Баширдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. «Сен бұны балаларыңның әрқайсысына жасадың ба?», - сұрады. Ол: «Жоқ», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. «Аллаһтан қорқыңдар және балаларыңа қатысты әрқайсысына әділ болыңдар!», - деді, сонда әкем үйге оралып берген сыйын қайтарып алды.

Бұл хадистің үшінші нұсқасында Нуъман бин Баширдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Башир, сенің бұдан басқа балаларың бар ма?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деді. Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда мен бұған куәлігімді бермеймін[1042], өйткені, расында, мен әділсіздікке куәлік бермеймін!», - деді.

Бұл хадистің төртінші нұсқасында Нуъман бин Баширдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

...мені әделетсіздікке куәлік беруге шақырма!
Бұл хадистің төртінші нұсқасында Нуъман бин Баширдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Куәлікке басқа біреуді шақыр, бірақ мені емес», - деді. Сосын ол: «Бұлардың бәрінің саған бірдей құрмет көрсеткені сені қуандырыр ма еді?», - деп сұрады. Менің әкем. «Әрине», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда бұдан былай олай істеуші болма!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Төрт ай он күнге созылатын күйеуі өлгеннен кейін қара тұтынатын күндер болмаса, онда үш күннен артық қара тұтынуға болмайтындығы жайлы.

 

1774. Хабар бойынша,Зайнаб бинт Абу Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғмбардың, оған Аллһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелі Умм Хабибаның әкесі Абу Суфйан Ибн Харб, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын, қайтыс болған кезде мен оған (Умм Хабибаға) кірдім. Сонда ол өзіне сары (не: ..басқа) иіс май әкелуіне әмір берді де онымен күңінің және өзінің бетіне жағып былай деді: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұл иіс майға мұқтаж емеспін, бірақ мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, минбарда тұрып: «Аллаһ пен Ахірет күніне иман келтірген әйелге төрт ай он күнге созылатын күйеуі өлгеннен кейін қара тұтынатын күндерден басқа күндері, үш күннен артық қара тұтынуына рұқсат жоқ», - деп айтқнын естідім[1043]».

Зайнаб айтты:

Сосын мен бауыры қайтыс болған кезде Зайнаб бинт Жахшке, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кірдім, сонда ол өзіне иіс май әкелуін әмір етті де, оны өзіне жағып былай деді: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұл иіс майға мұқтаж емеспін, бірақ мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, минбарда тұрып: «Аллаһ пен Ахірет күніне иман келтірген әйелге төрт ай он күнге созылатын күйеуі өлгеннен кейін қара тұтынатын күндерден басқа күндері үш күннен артық қара тұтынуына рұқсат жоқ», - деп айтқанын естідім». Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Көшпенді(нің затын) отырықшыға сатуға болмайтындығы, керуендерді қарсы (алып затын қалаға кіргізбестен сатып алуға), (діндегі) бауырының судасын бұзуға және егер оған өзі рұқсат бермесе (діндегі бауырының) құдалығынан кейін құда түсуге болмайтындығы жайлы.

1775. Хабар бойынша,Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отырықшыға ол өзінің әкесі не болмаса анасы жығынан бауыры болса да көшпенді(нің затын) сатуға тыйым салатын.Аль-Бухари; Муслим.

 

1776. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Зат алып келе жатқан керуендерді күтіп алушы болмаңдар, оларды базарда күтіңдер[1044].Аль-Бухари; Муслим.

 

1777. Хабар бойынша,Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Керуендерді қарсы алмаңдар және отырықшы бәдәуйдің орнына сатушы болмасын», - деді. Таус (Ибн Аббастан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын): ««...отырықшы, бәдәуйдің орнына сатушы болмасын», - деген не сөз?», - деп сұрады. Сонда ол: «Бұл дегеніміз ол үшін делдал болмауы керек», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1778. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отырықшыға бәдеуидің қай-бір затын сатуға тыйым салатын және: «Бағаларыңды шарқтатпаңдар[1045] және адам өзінің бауырының саудадағы ісіне араласпасын, сондай-ақ бауыры құда түскен әйелге құда түспесін, сондай-ақ әйел өзі оның орнын алу үшін апасын ажырастыруға ұмтылмасын[1046]», - деді.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Абу Хурайраның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, керуендерді қарсы алуға, мухажирге нені болса да бәдәуидің орнына сатуға, сондай-ақ әйелге шарт ретінде (ерге әйелімен) ажырасуды талап етуге, сондай-ақ бауырының саудасын бұзуға[1047] және бағаларды шарқтатуға және малды сауынсыз қалдыруға тыйым салатын[1048]. Аль-Бухари.

1779. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір-біріңнің саудаларыңды бұзбаңдар және бауырының рұқсатынсыз оның құда түскен әйеліне құда түспесін. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.


1780. Хабар бойынша,Уқба бин Әмір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмин мүминнің бауыры, ал мүминге бауырының саудасын бұзуға, ол өзі бас тарпайынша оның құда түскен әйеліне құда түсуіне болмайды[1049]. Муслим.

ТАРАУ

Шариғаттың рұқсат еткен нәрседерінен басқаға қаржы ақша жаратуға бомайтындығы жайлы[1050].

1781. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала сендердің үш нәрсені жасағандарыңды қалайды да, үш нәрсені жасамағандарыңды қалайды: Ол Өзіне ғана құлшылық етіп Өзімен қатар басқаға құлшылық етпегендеріңді және Аллаһтың жібінен[1051] бекем ұстанғандарыңды және бөлінбегендеріңді қалайды, ал Ол сендердің бір-біріңді жамандауларыңды, көп сұрақтар қоюларыңды және бостан-бос қаржы жұсағандарыңды қаламайды. Муслим.

 

1782. Хабар бойынша,аль-Муғира бин Шу'баның жазбашысы Уаррад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде аль-Муғира маған Муъуияға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына айтылғанды хат етіп жаздырды: «Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әр намаздың соңында былай дейтін: «Серігі болмаған бір Аллаһтан басқа құдай жоқ, Үкім Оған тән, Оған мадақ және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді! Иә Аллаһ, Сенің бергеніңді ешкім ала алмайды және Сенің бермегеніңді ешкім бере алмайды және Сенің алдыңда байдың байлығы пайдасыз болып қалады[1052]». /Лә иляһа иллә-Ллаһу уахда-һу лә шарикя лә-һу, лә-ху-ль-мульку, уа лә-һу-ль-хамду ва һува 'алә кулли шаййин қадирун! Аллахумма, ля мани'а ли-ма а'тайта, ва ля му'тыйа ли-ма мана'та уа лә йанфа'у за-ль-джадди мин-кә-ль-джадду/.Сондай-ақ ол оған, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір-бірін жамандаумен айналысуға, өзінің дүниесін бекерден сарп етуге және адамдарға көп сұрақтар мен өтініштермен баруға, сондай-ақ ананы сыйламауға, жаңа туған қыздарды тірідей көмуге, бермеуге және «Бер!», деп айтуға тыйым салғандығын жаздырды. Аль-Бухари, Муслим.

Оның «бермеуге» сөзі: беретін жерде бермеуге деген мағынаны білдіреді; «бер!», деп айту сөзі, алуға хақысы жоқ нәрсені сұрауы; «Жамандаумен айналысу» дегені ол біреуден естігенді «Былай деп жатыр; пәленше былай, деді», деп оның өтірік-расына көз жеткізбей басқаға жеткізу, естігенді жеткізгеннің өзі күнәдә жеткілікті; «дүниені сарп ету» дегеніміз мақсаты тыйым салынған нәрселерге ұмтылдыратын осы дүние мен діни істерге жұмсап оған мүмкіншілігі бола тұра жинаудан бас тарту; «адамдарға көп сұрақтар мен өтініштермен баруға», дегенімз ол шектен шығатын табандылық.

 

ТАРАУ

Шын болсын ойнап болсын қылышты қынабысыз беруге болмағандай мұсылманға қару және сол секілді заттарды қаратуға (оқтауға) болмайтындығы жайында.

1783. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім қаруын мұсылманға қаратпасын, өйткені ол білмейді, бәлкім шайтан оның қолын бағыттап (йанза'у), содан ол отты шұңғқырға тап болады![1053] Аль-Бухари; Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Абу Хурайраның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Абуль-Қасым[1054], оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Расында, қаруының жүзін бауырына бағыттағанды ол одан қайырмайынша («йанзи'у»), ол оның туған бауыры болса да, періштелер қарғауында болады!

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан «Йанзи'у» сөзі, не «зайн» кәсралы болып келіп «ъайн» әріпі арқылы жазылады не «зайн» фатхалы болып келіп «ғайн» әріпі арқылы жазылады. Екеуінде де «бағыттау» (йарми) және «араны ашу» (йуфсиду) мағынасын береді, өйткені «наъз» сөзінің негізгі мағынасы «сөгу» (таън) және «жарамсыздық» (фасад) болып табылады.

 

1784. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басқаға қылышты жалаңаштап беруге тыйым салды.[1055] Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

ТАРАУ

Оған дәлелді себеп болмаса[1056] азан айтылған соң мешіттен намазды оқымай кетпеу керектігі жайлы.

1785. Хабар бойынша,Абу-ш-Ша'са' былай деді:

Бірде біз Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, екеуміз мешітте отырған кезімізді азаншы азан шақырды да, бір адам азан шақырылып болған соң орнынан тұрып шығар есікке қарай кетті. Ол адам есіктен шығып кеткенше Абу Хурайра оған қарап тұрды да, сосын: « Мына адам туралы айтатын болсақ, онда ол Абуль-Қасымнің тілін алмады (әмірін орындамады)!», - деді. Муслим.

ТАРАУ

Оған дәлелді себеп болмаса сыйға берілген райханнан[1057] бас тартуға болмайтындығы жайлы.

1786. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімге райхан ұсынылса одан бас тартпасын, өйткені ол салмақ тұрғысында жеңіл де, ал иісі болса тәтті. Муслим.

 

1787. Хабар бойынша,Әнәс бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол сыйға берілген жұпар иістен (иіс май) бас тартпайтын. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Егер адам мақтағанды көтере алмайтын болса[1058] онда оны, оның көзінше мақтаудың керегі жоқтығы, ал егер ол мақтағанды көтере алса олай істеуге болатындығы жайында.

1788. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Аш'ари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біреудің, біреуді мақтап оны дәріптеп отырғанын естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендер ол адамды құрттыңдар (не: ... ол адамның желкесін үздіңдер)», - деді[1059]. Аль-Бухари; Муслим.

1789. Хабар бойынша,Абу Бакр Нуфай' бин аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында бір адам жайлы айтылды да, сосын ол адамды басқасы мақтай бастады, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен қайғыға тап болдың, сен бауырыңды бауыздадың!», - деп, бұл сөздерді көп рет қайталады да, сосын: «Сендерден кімге өзінің бауырын міндетті түрде мақтау керек болса және ол шынмен-ақ сондай болса: «Мен пәленшені пәлен-түген, деп ойлаймын», - десін, ал ол жайлы жауапты Аллаһ алады[1060], сондай-ақ ешкімді Аллаһтың алдында ақтаудың керегі жоқ», - деді. Аль-Бухари; Муслим.

 

1790. Хабар бойынша,Хаммам бин аль-Харис былай деді:

Бірде бір адам Османды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аль-Миқдадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзінше мақтай бастады, сонда аль-Микдад тізерлеп мақтаушының бетіне майда тастар лақтыра бастады. Осман: «Сен не істеп жатырсың?», - деп сұрағанда ол: «Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер мақтаушыларды көрсеңдер, олардың бетін топырқпен атқылаңдар!», - деген», - деді. Муслим.

Бұл хадистерде адамдарды мақтағанға тыйым салнғандығын байқаймыз, дегенмен адамды мақтауға рұқсат берілген, басқа сенімді хадистер де бар.

Ғалымдар айтылғандарды біріктіріп былай деуге болады дейді:

Егер мақталып жатқан адамның иманы толық және сенімі мықты болса, оның жан дүниесі айтылған мақтауларға дайын және білімі толық болса, сондай-ақ бұл айтылғандар оны бос үмітке және азғындыққа жетелемейтін болса, онда мақтауға тыйым да және онда жамандық та жоқ, ал егер жоғарыда айтылғандардың бірінің қаупі болса, онда мақтаудың крегі жоқ. Хадистердің бір-бірінен өзгешелігінің болу себебі осыда[1061]. Ал мақтаудың рұқсат етілгендігі жайлы айтатын болсақ, онда оларға Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Бакрге, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жәннәтқа барлық есіктен шақырыласың деп: «Мен сенің солардың бірі болады ма деген үмітім бар», - деп айтқан сөздері жатады. Басқа хадисте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен оларға жатпайсың», - деп, тәкәппарлықтан изарын тым төмен түсірушілерді айтқаны жатады. Сонадай-қ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Омарға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Шайтан сенің қай бір жолмен жүргеніңді көрмесін, ол міндетті түрде басқа жолға түседі», - деп айтқаны жатады. Сонымен мақтауға рұқсат етілген хадистер көп-ақ, олардың бір бөлігін мен «Аль-Азкәр», кітәбінде келтірдім.

ТАРАУ

Оба індеті басталған жерден қашып кетудің және ондай жерге барғанның жақсы еместігі жайлы.


Аллаһ Тағала айтты: «Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді...»«Ниса» сүресі, 78 аят.

Аллаһ Тағала айтты: «...өздеріңді өз қолдарыңмен қауып-қатерге салмаңдар...»«Бақара» сүресі, 195 аят.

 

1791. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Шамға аттанды. Ол Сарғаға[1062] жеткенде Шамда оба індеті басталғандығын хабарлаған әскер қолбасшасы, ал дәлірек айтатын болсақ – Абу Убайда бин аль-Жаррах пен оның жолдастары қарсы алды.

Ибн Аббас айтты:

Омар маған: «Маған алғашқы мухажирлерді шақыршы», - деді де, мен оған оларды шақырдым. Оларға шамда оба індетінің басталғанын хабарлады да, олардан ақыл сұрағанда, олардың ойы әр-түрлі болды. Олардың бірі: «Сен белгілі бір мақсатпен шықтың[1063], ал біз сені мақсатыңнан бас тартуың керек, деп ойламаймыз», - десе, енді басқалары: «Сенімен бірге басқа адамдар, сондай-ақ Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары да бар, сондықтан біз сені оларды ол індет тарап жатқан жаққа апаруың керек, деп ойламаймыз!», - деді. Омар, оған Аллаһтың ризшылығы болсын: «Енді мені қалдырыңдар!, - деді де, сосын маған: «Маған ансарларды шақыршы», - деді. Мен оған оларды шақырдым, сонда Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, олардан да ақыл сұрады. Олардың да ойлары мухажирлердің ойлары секілді ажырады (екі түрлі болды), олардың айтқанын тыңдаған ол: «Енді мені қалдырыңдар!», - деді де, маған: «Маған осындағы жеңіске дейін хижра жасаған құрайыштардың ақсақалдарын шақыршы», - деді. Мен оларды шақырдым. Олардың ойлары бәрі бір ауыздан: «Біз сенің індет тараған жерге адамдарды апармай кері қайтқаныңды жөн көреміз!, - деді. Осыдан кейін Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, адамдарға: «Таң ертең мен жолға шығамын, скендер де соған дайындалуларың керек![1064]», - деді. Сонда Абу Убайда бин аль-Джаррах, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Бұл дегеніміз, сен Аллаһтың жазмышынан қашқаның болып есептеле ме?», - деп сұрады. Бұған Омар, оған Аллаһтың ризашылғы болсын: «Бұны басқа біреу айтса еді, иә Убайда![1065]», - деді, ал Омар болса өзіне қарсы шыққандарды жақсы көрмейтін. «Иә б







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.