Здавалка
Главная | Обратная связь

Ас ішетін аспаптар (десертті жемісті аспаптар)

Десерттік аспаптар шанышқы, пышақ және қасықтан тұрады. Өлшемі бойынша басытқылық құрал – аспаптардан кіші әрі жіңішке болады. Шанышқы мен пышақты тәтті тағамдарды, мысалы, алма шарлоткасын, тәтті бәліштерді ұсынғанда қолданады. Десерттік қасықты – мусс, кілегейдегі және сүттегі жеміс – жидектерді бергенде пайдаланады.

 

 

Сонымен қатар жеміс – жидекті құрал – аспаптар шанышқы мен үшкір жүзі бар пышақтан тұрады. Ал балмұздаққа арналған қасық – қалақша сияқты жалпақ формалы болып келеді. Шәй қасық – шәйға беріледі. Ал кофеге арналған қасық шәй қасықтан кіші болып табылады.

 

 

Ас ішетін аспаптарға күтім

Ас ішетін аспаптарға шанышқы, пышақ, қасық, балыққа арналған арнайы аспаптардан, десерт пен жемістерге арналған аспаптарды жатқызамыз. Бұл аспаптар күмістен және басқа да металдардан жасалады. Егер ас ішетін аспаптар күмістен жасалса, онда оны басқа металдан жасалған аспаптардан міндетті түрде бөлек жуу керек. Сонымен қатар күміс өте жұмсақ метал оны қатты ыдыс жуатын губкалармен тазартпаған жөн. Қасықтар мен шанышқыларды арнайы пасталармен жуады. Ал балыққа арналған пышақтарды тек қана спрейлермен тазартқан дұрыс, себебі ондай пышақтардың тат баспайтын қабаты болады. Пышақты пастамен тазартатын болса, қабаты алынып тат басып кетуі мүмкін. Күмістен жасалған аспаптар құрғақ, су тимейтін жерлерде әрі салқын және күн түспейтін қараңғы жерлерде сақталынады. Оларды орналастырғанда бір – біріне тимейтіндей етіп немесе фальгамен немесе майлықпен нығыздап орап қою керек.

Ал алюминийден жасалған аспаптардың тат баспауы үшін аптасына бір – екі рет тазартып, күтім жасап тұру маңызды. Ол үшін бор мен сүлгіні пайдаланамыз. Борды жақсылап үгітіп аламыз, сол үгіндімен асапаптарды сүлгіні пайдалану арқылы жақсылып ысқылаймыз. Содан соң оларды суық сумен шаямыз, құрғақ сүлгімен құрғатамыз.

Бұл әдістердің барлығы ас ішетін аспаптарға күтім жүргізу мақсатында қолданылады.

 

 

Аспаптармен жұмыс істеу ережесі

Ас ішу бірінші басытқылардан басталады. Бұл кезде ас ішу аспаптарынан басытқы шанышқысы мен пышағы қолданылады. Осы аспаптарды барлық ұсынылған басытқы түрлерін жеуге арналған. Балықты жеген кезде төрт қысқа тістері бар, сүйектерді бөлуге арналған тереңдетілген шанышқыны және қалақша тәрізді қысқа және жалпақ жүзді пышақты пайдаланады.

Десерттік аспаптар шанышқы, пышақ және қасықтан тұрады. Өлшемі бойынша басытқылық құрал – аспаптардан кіші әрі жіңішке болады. Десертті шанышқыны көбінесе ірімшікті немесе торттар мен бәліштерді ұсынғанда қолданады. Ал екі тісі бар шанышқы мен пышақты жемістерді, жемісті мусстарды жегенде пайдаланады. Десертті қасық балмұздақ жеу үшін жұмыс істейді.

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.