Здавалка
Главная | Обратная связь

Ішкі аурулар пропедевтикасы



1.Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі шағымдарының сипаттамасы, себептері және олардың даму механизмі.

2. Ас қорыту жүйесі аурулары бар науқастардан ауру және өмір тарихын сұрастыру ерекшеліктері.

3. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды қарағанда анықталатын белгілер және олардың диагностикалық маңызы.

Б. Негізгі сұрақтар:

1. Асқазан диспепсия синдромының анықтамасы, этиологиясы, патогенезі және түрлері.

2. ГЭРА-ның анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.

3. ГЭРА-ның клиникалық көрінісі: өңештік және өңештен тыс симптомдардың сипаттамасы, даму механизмі.

4. ГЭРА-да аспаттық-зертханалық тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.

5. ГЭРА-ның Savary-Miller бойынша классификациясы.

6. ГЭРА-ның салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

7. ГЭРА-ның емдеу шаралары (тәртіп, емдәм, медикаментозды ем: антацидтер, Н2-гистаминоблокаторлар, протонды насостың ингибиторлары, прокинетиктер, өңештің кілегей қабатының қорғаныш функциясын жоғарылататын препараттар, рецидивке қарсы дәрілер; антирефлюксты хирургиялық ем).

8. ГЭРА-ның алдын алу шаралары мен болжамы.

9. Созылмалы гастриттің анықтамасы, этиологиясы (экзогенді: хеликобактер инфекциясы, аутоиммунды фактор, дуоденогаструмды рефлюкс, гастротропты дәрілер, тағамды аллергия, алиментарлы фактор, зияннды әдеттер, кәсіби зияндылықтар; эндогенді әсерлер: организмдегі созылмалы инфекциялық процестер, эндокринді бұзылыстар, темір тапшылығы және т.б) және патогенезі.

10. Созылмалы гастриттің патогенезі (хеликобакттериялық, аутоиммунды, рефлюкс-гастриттің, СЕҚҚ дәрілердің әсерінен дамыған).

11. Созылмалы гастриттің классификациясы.

12. Созылмалы гастриттің клиникалық көрінісі және олардың даму механизмі.

13. Созылмалы гастриттің аспаптық-зертханалық (қанның және несептің жалпы анализі, нәжісті жасырын қанға тексеру, қанның иммунологиялық зерттеуі, асқазан сөлін зерттеу, тәуліктік рН-метрия, гистологиялық, хеликобактериялық инфекцияның диагностикасы: цитологиялық зерттеу, уреазды тест, С-уреазды тыныс сынамасы, микробиологиялық, гистологиялық, гастроскопиялық және рентгенологиялық зерттеулер) тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.

14. Созылмалы гастриттің салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

15. Созылмалы гастриттің емдеу шаралары: тәртіп, емдәм, медикаментозды ем: висмут және антибактериялық дәрмектер, антисекрециялық дәрмектер (Н2-гистаминоблокаторлар, протонды насостың ингибиторлары, М-холинолитиктер, антацидтер) прокинетиктер, гастропротекторлар, орынбасушы дәрмектер, рецидивке қарсы дәрілер, фитотерапия, физиотерапия, минеральды сумен ем, санаториялық курорты ем).

16. Созылмалы гастриттің алдын алу шаралары мен болжамы.

17. Асқазан және онекіелі ішектің жара ауруы: анықтамасы, бейімдеуші қауіп факторлары, этиологиясы мен патогенезі.

18. Асқазан және онекіелі ішек жара ауруының классификациясы.

19. Асқазан және онекіелі ішекте жараның орналасу жеріне байланысты клиникалық көрінісі және олардың даму механизмі.

20. Асқазан және онекіелі ішек жара ауруының аспаптық-зертханалық (қанның және несептің жалпы анализі, нәжісті жасырын қанға тексеру, қанның иммунологиялық зерттеуі, асқазан сөлін зерттеу, тәуліктік рН-метрия, гистологиялық, хеликобактериялық инфекцияның диагностикасы: цитологиялық зерттеу, уреазды тест, С-уреазды тыныс сынамасы, микробиологиялық, гистологиялық, гастроскопиялық және рентгенологиялық зерттеулер) тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.

21. Асқазан және онекіелі ішек жара ауруының салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

22. Асқазан және онекіелі ішек жара ауруының асқынулары.

23. Асқазан және онекіелі ішектің жара ауруының емдеу шаралары: тәртіп, емдәм, медикаментозды ем: висмут және антибактериялық дәрмектер, антисекрециялық дәрмектер (Н2-гистаминоблокаторлар, протонды насостың ингибиторлары, М-холинолитиктер, антацидтер), прокинетиктер, репаранттар, орынбасушы дәрмектер, рецидивке қарсы дәрілер, фитотерапия, физиотерапия, минеральды сумен ем, санаториялық курорты ем).

24.Асқазан және онекіелі ішек жара ауруының алдын алу шаралары мен болжамы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:ауызша сұрастыру, тесттілеу, науқастарды қарауға қатысу, тақырыптық науқастарды талдау, науқастарды курациялау, кіші топтарда жұмыс жасау, проблемалық бағытта оқыту, пікірталас, презентация, кері байланыс.

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

2. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

 

Орыс тілінде

қосымша:

1. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

2. Моисеев В С и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

3. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

4. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. -М.: Медицина, 1998.

 

7. Бақылау сұрақтары

Тест сұрақтары

1-вариант

1. Н-2 гистаминді рецепторлардың блокаторларына жатады:

А) омепрозол

В) висмут субсалицилат

С) гастроцепин

D) фамотидин

Е) сукральфат

2. Науқас 62 жаста, ойық жаралық анамнезі қысқа және асқазан ойық жарасы ұзақ уақыт тыртықтанбады. Әлсіздікке, жүрек айнуға, тәбетінің төмендеуіне, эпигастри аймағында тұрақты ауырсынуға, арықтауға шағымданады. Бұл жағдайда қай асқыну жайлы ойлау керек:

А) асқазанның шығу бөлігінің стенозы

В) ойық жараның пенетрациясы

С) ойық жарадан микро қан кетулер

D) ойық жараның перфорациясы

Е) ойық жараның малигнизациясы

3. Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатына цитопротективті әсері бар:

А) атропин

В) гастроцепин

С) фамотидин

D) В тобының дәрумендері

Е) де-нол және сукральфат

4. Науқас К., 34 жаста, 2 апта бойы эпигастриядағы «түңгі» және «ашқарынды» ауырсыну шағымдарымен ауруханаға түскен. Эндоскопиялық зерттеуде: алғашқы рет анықталған, 1,2 см көлемдегі, он екі елі ішегінің алдыңғы қабырғасындағы ойық – жара Биоптатта Helicobacter pylori анықталған. Емнің адекватты кестесін таңдаңыз:

А) протонды помпаның ингибиторі &ампициллин & кларитромицин

В) протонды помпаның ингибиторі & метронидазол & ампициллин

С) Н2-гистаминоблокаторлары & висмута субсалицилат&тетрациклин

D) протонды помпаның ингибиторі & висмута & субсалицилат & тетрациклин & метронидазол

Е) Н2-гистаминоблокаторлары&ампициллин & кларитромицин

5. Қалыпты тамақтану рационында асқазанда қанша сөл бөлініп шығады?

A) 0,5-1,0 л

B) 1,0-1,5 л

C) 1,5-2,0 л

D) 2,0-2,5 л

E) 2,5 -3,0 л

6. 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) кардия ахалазиясының

B) өңеш дискинезиясының

C) өңештің пептикалық жарасының

D) гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

E) көкеттің өңештік тесігінің жарығының

7. Созылмалы гастрит диагнозын қоюда ең маңызды:

A) фиброгастродуоденоскопия биопсиямен

B) клиникалық көрінісі

C) асқазан сөлін зерттеу

D) ретгендік зерттеу

Е) рН метрия

8. Көп жылдан берi асқазанның жара ауруымен сырқаттанатын науқаста арқаға берiлетiн тұрақты ауырсыну пайда болған. Қандай асқынудан күдiктену керек?

A) ұйқы безiне пенетрация

B) қалтқының стенозы

C) малигнизация

D) жараның жарылуы

E) демпинг-синдромы

9. Атрофиялық гастриттi анықтайтын маңызды әдiс:

A) гастроскопия биопсиямен

B) хеликобактерді анықтау

C) рентгенологиялық зерттеу

D) асқазан сөлiн зерттеу

E) тыстаушы жасушаларға антиденелердiң болуын

10. Омепразол қандай препараттар тобына жатады:

А) гистамин Н2-рецепторларының блокаторлары

B) адреноблокатор

С) М-холиноблокатор

D) гистамин Н1-рецепторларының блокаторлары

E) протондық насостың блокаторлары

2-вариант

1.Асқазанның секрециялық-қышқыл түзу қызметiнiң төмендеуi қандай ауруда байқалады?

A) Золлингер-Эллисон синдромы

B) созылмалы антрум-гастрит

C) созылмалы гипертрофиялық гастрит

D) созылмалы атрофиялық гастрит

2. Асқазан жара ауруына тән ауырсыну:

A) түнгі

B) кеш

C) аш қарында

D) ерте

E) тұрақты

3. НР +12 елі ішектің жара ауруын емдеу үшін препараттар комбинациясы:

A) омепразол&висмут субцитрат(де-нол)

B) домперидон(мотилиум)&рабепрозол(париет)

C) маалокс&фамотидин

D) омепразол&амоксициллин&кларитромицин

E) омепразол&трихопол&тетрациклин

4. 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) асқазан полипінің

B) Менетрие ауруының

C) асқазанның жаралы қатерлі ісігінің

D) асқазан ойық жарасының

E) асқазан ойық жарасының пенетрациясының

5. Асқазан жарасының малигнизациясының болу-болмауын дәлелдеу үшiн қай тәсiл тиiмдi?

A) асқазан секрециясын гистаминдiк сынамамен зерттеу

B) рентгенологиялық

C) эндоскопиялық

D) нәжiстi жасырын қанға тексеру

E) эндоскопиялық биопсия

6. Науқаста тамақ қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін пилородуоденальды аймақта күшті ауырсыну пайда болып, ол арқаға таралған және ауырсынудың жоғары шегінде жеңілдік әкелмейтін құсық байқалған. Қандай жағдай туралы ойлауға болады?

A) аутоиммундық гастрит

B) асқазан кардиалды бөлімінің жарасы

C) асқазан денесінің ойық жарасы

D) постбульбарлы ойық жара

E) эзофагит

7. Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

A) созылмалы гастрит А тип

B) созылмалы гастрит В тип

C) асқазан жарасы

D) созылмалы панкреатит

E) созылмалы энтероколит

8. Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекірушағымдары пайда болды. Науқаста қандай асқынулар байқалады:

A) Перфорация

B) Пенетрация

C) Стенозирлеу

D) Малигнизация

E) Қан кету

9. Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз.

A) Созылмалы эзофагит

B) өңештің пептитті жарасы

C) Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы

D) Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

10. Студент 21 жаста бас ауруы, оң жақ эпигастрий аумағында түнгі ауырсынулар, жүрек айынуы, құсық, дене салмағының төмендеуі белгіленді. Анамнезінен: 2 ай бойы өз-өзін ауыру деп санайды. Объективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, пальпациялағанда эпигастрий аумағында қатты ауырсыну. Қан анализінде Hb, эритроциттер, түс көрсеткіштері төмендеген. Сіздің алдын ала диагнозыныз және тактиканыз:

A) асқазан денесінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама

B) кардиальді бөліктің ойығы, ФГДС-ға бағыттама
C) асқазанның субкардиальді бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама
D) асқазанның фундальді бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама
асқазанның пилорикалық бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама

 

8. Клиникалық есептер

ЕСЕП 1.

38 жастағы науқас жүк тасушы, емхана дәрігеріне келесі шағымдармен келді: төс артының төменгі үштігінде орналасқан; оң және сол жағына тарайтын; тамақтан соң 15-30 минуттан кейін дамитын; еңгейгенде, жүк көтергенде күшейетін; 20-30 минутке созылатын; біртіндеп, кейде ас содасын немесе сүт ішкенде басылатын; төс артында қыжыл сезіммен, кейде қышқыл кекірумен қабаттасатын ауырсыну; жалпы әлсіздік.

Анамнезінен: өзін 1,5 жылдай науқас санайды, осы уақыт ішінде жедел жәрдем дәрігері 3 рет миокард инфарктісінен күдіктеніп, стационарға алып кеткен. Стационарда тексеру барысында бұл диагноз жоққа шығарылып, науқасты жоғары қышқылды созылмалы гастриттен емдеген. Соңғы екі аптада ауырсыну ұстамасы түнде дамып, қыжылмен, аузының құрғауымен, ащы дәмнің келуімен ұштасты.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене бітімі гиперстеник, тері жамылғысының түсі қалыпты. Тілі қоңырлау, ақшыл жамылғымен жабылған. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 16 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 62 рет. АҚҚ 130/70 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда дұрыс пішінді, тыныс актісіне қатысады, эпигастрий аймағы мен төс сүйегінің төменгі үштігін басқанда ауырсыну бар. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

Қан және несептің жалпы анализдерінде өзгерістер жоқ. ФГДС: асқазан кардиі жабылмайды, өңештің төменгі үштігінің кілегей қабаты қызарған, көптеген эрозиялар көрінеді. Асқазанның кардиінде ісіну мен гиперемия бар. Қалтқысы түйілген, осы себепті эвакуация баяулаған. Онекіелі ішекте өзгерістер жоқ.

· Болжам диагнозын анықтаңыз.

· Жетекші синдромы мен оның ерекшеліктеріне сүйеніп, дифференциялайтын аурулардың тізімін жасаңыз.

· Тексеру жоспарын құрыңыз.

· Клиникалық диагнозын негіздеңіз.

· Емдеу шаралары.

ЕСЕП 2.

45 жастағы науқас эпигастрий аймағында тамақтан соң дамитынауырлық сезіну мен дискомфорт сезімін, ауамен кекіруге, лоқсуға, іш өтуге бейімділігіне, тәбетінің нашарлауына, дене салмағының 2 кг-ға азаюына шағымданады.

5-6 жылдан бері эпигастрий аймағы тамақтан соң 1,0-1,5 сағаттан соң ауырады, ауызына қышқыл дәм келеді. 5-6 айдан бері жоғарыдағы шағымдары мазалағандықтан емханада гастриттен емеделген, ферменттер мен но-шпа қабылдаған, шамалы жақсаруын байқаған.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлы, көңіл күйі басылыңқы. Тері жамылғысы мен көрінетін кілегей қабаттарының түсі қалыпты, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Дене салмағы кемінген (бойы 165 см, салмағы 58 кг). Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 16 рет. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Пульс минутына 78 рет. АҚҚ 130/80 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ, ақ жамылғымен жабылған. Ішін қарағанда дұрыс пішінді, тыныс актісіне қатысады; пальпацияда жұмсақ, эпигастрий аймағының шамалы ауырсынуы бар. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

ҚЖА: эритроциттер 3,8×1012, Hb 120 г/л, т.к. 0,95, лейкоциттер 7,8×109,ЭТЖ 17 мм/сағ.

ҚБА: қан сары суының темірі 10,0 мкмоль/л. Қан сары суының темір байланыстырғыш қасиеті 82,4 мкмоль/л.

Пентагастринмен белсендіріп, фракциямен алған асқазан сөлінің анализінде: асқазан секрециясының айқын төмендеуі.

ФГДС: өңештің кілегей қабаты өзгермеген, кардиі қабыспайды, асқазанның кілегей қабаты қуқыл, ошақты гиперплазиялар мен атрофиялар бар, ХР +. Қалтқысы ашық, антраль бөлігінде өт, онекіелі ішектің кілегей қабаты өзгермеген.

· Болжам диагнозын анықтаңыз.

· Жетекші синдромы мен оның ерекшеліктеріне сүйеніп, дифференциялайтын

аурулардың тізімін жасаңыз.

· Тексеру жоспарын құрыңыз.

· Клиникалық диагнозын негіздеңіз.

· Емдеу шаралары.

 

ЕСЕП 3.

32 жастағы науқастың шағымдары: тамақтан соң 2-2,5 сағаттан кейін және түнде дамитын; жауырын астына тарайтын; эпигастрий аймағының күйдіріп ауыруы, лоқсу, төстің төменгі үштігінде қыжылдау сезімі, қара май тәрізді нәжістің болуы, жалпы әлсіздік, бас айналу мен жүректің қағу сезімі. Өзін 6 жыл көлемінде онекіелі ішек жара ауруымен науқас санайды. Осы уақыт ішінде 3 рет стационарда емделген, дәрігерлік есепке тіркелген, жыл сайын көктем-күз айларында рецидивке қарсы ем қабылдайды. Жағдайының төмендеуін соңғы 3 күнде, емдәмді бұзумен байланыстырады. Кешеден бері жалпы жағдайы күрт төмендеп, бас айналуы дамып, бүгінгі ертеңгілікте дәретке 2 рет қара түстес нәжістің болуын байқаған.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, астеник. Тері жамылғысы мен көрінетін кілегей қабаттарының түсі қуқылданған, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 16 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 112 рет. АҚҚ 100/65 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда тыныс актісіне қатысады; пальпацияда жұмсақ, эпигастрий аймағының басым оң жартысында ауырсыну анықталады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

· Болжам диагнозын анықтаңыз.

· Жетекші синдромы мен оның ерекшеліктеріне сүйеніп, дифференциялайтын

аурулардың тізімін жасаңыз.

· Тексеру жоспарын құрыңыз.

· Клиникалық диагнозын негіздеңіз, асқынуларын анықтаңыз.

· Емдеу шаралары. Болжамы.

 

ЕСЕП4

Науқас С., 36 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: эпигастрий аймағының кешкі уақытта күшейетін керіп ауыруы, көп мөлшерде жағымсыз иісті ауамен кекіру, ашқарынға және 1-2 бұрын желінген тағаммен құсу, дене салмағын жоғалту, жалпы әлсіздік.

Анамнезінен: Науқас 10 жыл бойы он екі елі ішектің жара ауруымен ауырады, бір рет стационарда жатып емделген. Күз, көктем маусымдарында аурудың өршулері болған, бірақ дәрігерге емделмеген.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 68 рет. АҚҚ 120/70 мм.сын.бағ. Тілінде ақ сарғыш шөгінді. Ішінің эпигастрий аймағында күшейген перистальтика көзге көрінеді, аускультациялық-перкуссиялық тәсілмен асқазанның төменгі шегі кіндік деңгейінде анықталады.

· Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.

· Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

· Тексеру жоспарын құрыңыз.

· Қандай ауру деп ойлайсыз?

· Емдеу шаралары. Болжамы.

 

ЕСЕП 5

35 жастағы ер кісі тамақтан 15 минуттан соң эпигастрий аймағында пайда болатын ауырсынуға, төстің төменгі бөлігінде қыжыл сезімнің болуына, лоқсуға, іш қатуға, кейде жеңілдік әкелетін құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Анамнезінен: Өзін 6 айдан бері науқас деп санайды. Ауруын тамақтану тәртібін сақтамаумен байланыстырады.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тыныс алу және жүрек қан тамырлар патологиясы жағынан өзгерістер жоқ.Тілі ылғалды, ақшыл шөгіндімен жабылған, тістерінде кариес бар. Іш тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда эпигастрий аймағында семсерше өскіншеге жақын ауырсыну бар.

ФГДС-та өңешінің төменгі бөлігіндегі кілегей қабаты қызарған, ісінген, кардия жабылмайды. Асқазанның кардиялды бөлігі мен денесінің кілегей қабаты ісінген, қызарған бірнеше эрозиялар бар. Асқазан қалтқысы түйілген, асқазаннан эвакуация осы себепті баяулаған. Он екі елі ішекте өзгерістер жоқ.

· Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.

· Объективті және аспапты тексергенде анықталған белгілердің механизмін

түсіндіріңіз.

· Қандай ауру деп ойлайсыз?

· Емдеу шаралары. Болжамы.

 

ЕСЕП 6

Науқас А., 20 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: тамақтан соң 2 сағаттан кейін, түнде және аш қарынға эпигастрий аймағының бүріп ауырсынуы, қышқыл дәммен кекіру, лоқсу, іш қату, бас айналу, жалпы әлсіздік.

Анамнезінен: Науқасты 4 айдан бері лоқсу, эпигастрий аймағының ауырсыну, іш қату мазалайды. Ауруын тамақтану тәртібін сақтамаумен байланыстырады. Науқас таңертең көп мөлшерде «кофе қойыртпағы» тәрізді құсқан.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 88 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.

2. Объективті және аспапты тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

3. Тексеру жоспарын құрыңыз.

4. Қандай ауру деп ойлайсыз?

5. Емдеу шаралары. Болжамы.

1. Тақырып: Ішек диспепсиясы синдромы.Тітіркенген ішек синдромы. Эпидемиологиясы. Скрининг. Жіктемесі. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Науқас балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктері. Амбулаториялық жағдайда жүргізу тәсілі. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштері. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері. Алдын алу.

2. Сабақтың мақсаты:студенттерге ішек диспепсиясы синдромы, тітіркенген ішек синдромының этиологиясын, патогенезін, жіктемесін, клиникалық ерекшеліктерін, дифференциялық диагнозын жүргізуді, клиникалық диагнозды негіздеуді, зерттеу және емдеу жоспарын дұрыс құрастыруды және зертханалық аспаптық тексеру тәсілдерімен алынған ақпараттарды талдауды үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

· ішек диспепсиясы синдромы, тітіркенген ішек синдромы бар науқастардың

шағымдарының даму механизмдерін;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастардың ауру анамнезі мен өмір тарихының

ерекшеліктерін;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастарды объективті тексеруді;

· тітіркенген ішек синдромының аспаптық-зертханалық белгілері мен олардың

диагностикалық маңызын;

· тітіркенген ішек синдромының дифференциялық диагнозын;

· тітіркенген ішек синдромының болжам және клиникалық диагнозын негіздеу;

· тітіркенген ішек синдромында қолданылатын препараттардың

фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, алдын алу шаралары мен болжамын.

Дағдыларды игерген болуы тиіс:Науқасты қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді; ішектердің пальпациясы, перкуссиясы, копрологиялық анализдерді талдауды

Студент үйреніп алуы қажет:

· ішек диспепсиясы синдромы, тітіркенген ішек синдромы бар науқастардың

шағымдарын сұрастыруды;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастардың ауру анамнезі мен өмір тарихын

сұрастыруды;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастарды объективті тексергенде

патологиялық белгілерді анықтауды;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастарға тексеру жоспарын құрастыру мен

анықталған аспаптық-зертханалық өзгерістерді талдауды;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастарда жетекші синдромдарды анықтау

және оларды негіздеуді;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастарға болжам және клиникалық диагнозын

негіздеуді;

· тітіркенген ішек синдромы бар науқастарға емдеу жоспарын құру, аурудың

ағымына байланысты дифференциялық ем жүргізу мен олардың механизмін негіздеуді;

· тітіркенген ішек синдромының алдын алу шаралары мен болжамын.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

А. Базисті сұрақтардан:

Қалыпты анатомиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтері.

Қалыпты физиологиядан

2. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтері.

Гистологиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының морфофункциональдық ерекшеліктері.

Патологиялық анатомиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылымдық бұзылыстары.

Патологиялық физиологиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтерінің бұзылуы, даму механизмі.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.