Здавалка
Главная | Обратная связь

Функциональды диагностикадан



1. Асқазан ішек жолының функциональды тексеру әдістері.

Визуальді диагностикадан

1. Асқазан-ішек жолының қалыпты рентген-анатомиясы.

2. Асқазан-ішек ауруларының визуальды диагностикасы.

Лабораториялық диагностикадан

1. Ас қорыту жүйесінің лабораториялық тексеру әдістері.

Фармакологиядан

1. Асқазан-ішек жолдарының аурулары фармакотерапиясының негізгі принциптері.

Ішкі аурулар пропедевтикасы

1. Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі шағымдарының сипаттамасы, себептері және олардың даму механизмі.

2. Ас қорыту жүйесі аурулары бар науқастардан ауру және өмір тарихын сұрастыру ерекшеліктері.

3. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды қарағанда анықталатын белгілер және олардың диагностикалық маңызы.

Б. Негізгі сұрақтар:

1. Ішек диспепсиясының анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.

2. Ашу және шіру ішек диспепсиясының негізгі симптомдары.

3. Тітіркенген ішек синдромының анықтамасы.

4. Тітіркенген ішек синдромының этиологиясы мен патогенезі.

5. Тітіркенген ішек синдромының классификациясы.

6. Тітіркенген ішек синдромының клиникалық көрінісі: негізгі симптомдарының белгілері мен механизмі. Ас қорытылуының ферментативті жетіспеушілігі туралы түсінік.

7. Тітіркенген ішек синдромының зертханалық және аспаптық белгілері, диагностикалық маңызы.

8. Тітіркенген ішек синдромының диагностикалық критерилері.

9. Тітіркенген ішек синдромының болжам және клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

10. Тітіркенген ішек синдромының емдеу принциптері.

11. Тітіркенген ішек синдромының алдын алу шаралары мен болжамы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:ауызша сұрастыру, тесттілеу, науқастарды қарауға қатысу, тақырыптық науқастарды талдау, науқастарды курациялау, кіші топтарда жұмыс жасау, проблемалық бағытта оқыту, пікірталас, презентация, кері байланыс.

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

негізгі:

3. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

4. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

Орыс тілінде

қосымша:

5. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

6. Моисеев В С и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

7. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

8. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. -М.: Медицина, 1998.

 

7. Бақылау сұрақтары

Тест сұрақтары

1. 42 жастағы науқас тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауру сезімі, 2-3 күн іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін:

A) Крон ауруы

B) жуан ішектің қатерлі ісігі

C) іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы

D) іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы

E) шамадан тыс микробты контаминация синдромы

2. 29 жастағы науқас толғақ тәрізді ауру сезімі, патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды стреспен байланыстырады. Колоноскопия жүргізгенде - жуан ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Емдеу шараларының жоспарына қосқан барынша тиімді:

A) креон & де-нол

B) дицетел & дюфалак

C) дюфалак & имодиум

D) имодиум & грандаксин

E) интетрикс & хилак-форте

3. Бейспецикалық ойық-жаралы колиттің асқынуы кезінде, науқаста тәуілігіне 10 рет қан және ірің аралас сұйық нәжіс, фебрилді температура, анорексия, дене салмағының жоғалуы байқалады. Осы жағдайда қандай ем тағайындау керек?

А) антидиареялық препараттар

В) сульфасалазин

С) бай клетчаткалы диета

D) ҚҚСЕД

Е) антибиотиктер

4. Сыртқы және ішкі жыланкөздер қандай аурудың асқынуы болып табылады:

А) Крон ауруының

В) БЖК

С) пседомембранозды колит

D) ишемиялық колит

Е) энтероколит

5. Бейспецикалық ойық-жаралы колиттің еміндігі таңдау препараты:

А) кең спектрлі әсері бар антибиотиктер

В) 5-аминосалицил қышқылының препараттары

С) нитрофурандар

D) тиройдты емес қабынуға қарсы препараттар

Е) протонды помпаның ингибиторы

6. Науқас 21 жаста, психоэмоциональді стресстен кейін пайда болатын шырышпен араласқан іш өту ұстамалары мазалайды. Жиырылған сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Ректороманоскопия: патология жоқ. Болжам диагноз:

А) Крон ауруы

В) созылмалы энтероколит

С) тітіркенген тоқ ішек синдромы

D) асқазан токсикоинфекциясы

Е) спецификалық емес ойық жаралық колит

7. Бейспецификалық ойық-жаралы колиттің ауыр дәрежесіне тән:

А) тәуілігіне 8 рет қан, шырыш, кейде ірің аралас диарея

В) дене ыстығының қалыпты болуы

С) дене салмағының 5%-дан жоғары жоғалуы

D) гемоглобин 105-111 г/л, ЭШЖ 23-30 мм/сағ

Е) эндоскопиялық зерттеуде: беткейлік көп эрозиялар, шырышты қабатының біркелкі емес қалындауы байқалады

8. Бейспецификалық ойық – жаралы колиттің диагностика әдістерінің ішіндегі ең ақпаратысы:

А) рентгенологиялық зерттеу

В) тік ішекті саусақпен зерттеу

С) нәжістің микроскопиялық зерттеу

D) лапароскопия

Е) биоптатты гистологиялық зерттеуімен колоноскопия

9. Тітіркенген ішек синдромының ішектен тыс көріністеріне қайсысының жатуы барынша мүмкін:

A) іш қату

B) іш ауруы

C) жиі сұйық дәрет

D) іш қатудың іш өтумен кезектесуі

E) депрессивті - қорқыныш синдромы

10. Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз:

A) Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі

B) Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен

C) Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен

D) Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен

E) Тоқ ішектің қатерлі ісігі

 

 

8. Клиникалық есептер

ЕСЕП 1.

36 жастағы науқас Л., гастроэнтерология бөлiмiне келесi шағымдармен түстi: кiлегей, iрiң, қан араласқан сұйық нәжiстiң тәулiгiне 12 ретке дейін болуы, кейде нәжiс кiлегей араласқан, қан ұйындысы тәрiздi болады; iштiң төменгі бөлiгiнiң ауыр тартуы, дене температурасының 380С-қа дейiн көтерiлуi, тәбеттiң төмендеуi, жүдеу.

Науқаста 4 апта бұрын себепсiзден-себепсiз нәжiсiне қан араласып, қоймалжың, кейде сұйық болып тәулiгiне 3-6 рет өткен. Үйiнде левомице-тин, фталазол iшiп емделген. Емнен нәтиже болмаған, жағдайы нашарлаған: нәжiсi 16 рет (нәжiстiң түрi таңқурай сiлiкпесi тәрiздi және iрiң, кiлегей араласқан қан ұйындысы тәрiздi) болған, әлсiздiк күшейген.

Копрологиялық зерттеулер: нәжiсi кiлегей ұйындысы тәрiздi қанға боялған. Ректороманоскопия: тiк және сигма тәрiздi iшектiң кiлегей қабаты iсiнген, көпсiген, жанасқанда қанағыш, ішектің ұзына бойында эрозиялық жаралар көрiнедi; эрозия мен жараның бетi фибринмен жабылған. Iшек қуысында кiлегей, iрiң, ұйыған қан анықталады.

1. Науқаста қандай синдром анықталады?

2. Болжам диагнозын анықтаңыз.

3.Негізгі шағымдардың және объективті тексеруде анықталған мәліметтердің даму механизмін түсіндіріңіз?

4. Лабораториялық-аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталған өзгеріс-терді қалай түсіндіруге болады?

5.Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?

6. Емдеу шаралары.

ЕСЕП 2.

19 жастағы науқас дәрігерге мынадай шағымдармен келді: іштің төменгі бөлігіндегі ауырлық сезімі, ірің және қан араласқан сұйық нәжістің тәулігіне он екі рет болуы, дене қызуының жоғарылауы, тәбетінің төмендеуі, жүдеу, әлсіздік.

Науқаста екі күн бұрын себепсіз нәжісіне қан араласып, қоймалжың немесе сұйық болып тәулігіне 3-6 рет өткен. Үйінде ем қабылдамаған.

Жалпы қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы қуқылданған, кілегей қабаттары бозғылт, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 84 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ, ақ шөгіндімен жабылған. Іші кепкен, тыныс алуға қатысады, пальпациялағанда іштің сол бөлігінде төмендеме және сигма тәрізді ішек проекциясында ауырсынады.

Қанның жалпы анализінде:эритроциттер 3,5×1012 , Hb 105 г/л, түс көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 9,6×109,ЭТЖ 32 мм/сағ.

Копрологиялық зерттеу: нәжісі келегей үйіндісі тәрізді қанға боялған.

Ректороманоскопия: тік және сигма тәрізді ішектің кілегей қабаты ісінген, жанасқанда қанағыш, ішектің ұзына бойында эрозиялық, жаралық, дефекттілер көрінеді, эрозия мен жараның беті фибринмен жабылған. Ішек қуысында кілегей, ірің, ұйыған қан.

1. Науқаста қандай синдром анықталады?

2. Болжам диагнозын анықтаңыз.

3.Негізгі шағымдардың және объективті тексеруде анықталған мәліметтердің даму механизмін түсіндіріңіз?

4. Лабораториялық-аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталған өзгеріс-терді қалай түсіндіруге болады?

5.Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?

6. Емдеу шаралары.

ЕСЕП 3.

28 жастағы науқас дәрігерге мынадай шағымдармен келді: іштің төменгі бөлігіндегі ауырлық сезімі, ірің және қан араласқан сұйық нәжістің тәулігіне он екі рет болуы, дене қызуының жоғарылауы, тәбетінің төмендеуі, жүдеу, әлсіздік.

Науқаста екі күн бұрын себепсіз нәжісіне қан араласып, қоймалжың кейде сұйық болып, тәулігіне 3-6 рет өткен. Үйінде ем қабылдамаған.

Жалпы қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы қуқылданған, кілегей қабаттары бозғылт, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 84 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ, ақ шөгіндімен жабылған. Іші кепкен, тыныс алуға қатысады, пальпациялағанда іштің сол бөлігінде төмендеме және сигма тәрізді ішек проекциясында ауырсынады.

Қанның жалпы анализінде:эритроциттер 3,5×1012 , Hb 105 г/л, түс көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 9,6×109,ЭТЖ 32 мм/сағ.

Копрологиялық зерттеу: нәжісі кілегей үйіндісі тәрізді қанға боялған.

Ректороманоскопия: тік және сигма тәрізді ішектің кілегей қабаты ісінген, жанасқанда қанағыш, ішектің ұзына бойында эрозиялық, жаралық, дефекттілер көрінеді, эрозия мен жараның беті фибринмен жабылған. Ішек қуысында кілегей, ірің, ұйыған қан.

1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.

2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

3. Лабораториялық аспатық тәсілдермен анықталған көрсеткіштерді талдаңыз.

4. Қандай ауру деп ойлайсыз?

1. Тақырып: Ұйқыбезінің, өт шығару жолдарының зақымдану синдромдары.Панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы. Эпидемиологиясы. Скрининг. Жіктемесі. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Жасөспірім, егде жастағы және қарт науқастарды жүргізу ерекшеліктері. Амбулаториялық жағдайда жүргізу тәсілі. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштері. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері. Алдын алу.

2. Сабақтың мақсаты:

студенттерге ұйқы безінің зақымдалу синдромы, панкреатиттің, холецистит, өт жолдарының дискинезиясының этиологиясын, патогенезін, жіктемесін, клиникалық ерекшеліктерін, дифференциялық диагнозын жүргізуді, клиникалық диагнозды негіздеуді, зерттеу және емдеу жоспарын дұрыс құрастыруды және алынған ақпараттарды талдауды үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

· ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы, панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастардың шағымдарының даму механизмдерін;

· ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы, панкреатит , холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастардың ауру анамнезі мен өмір тарихының ерекшеліктерін;

· ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы, панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастарды объективті тексеруді;

· ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы, панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясының аспаптық-зертханалық белгілері мен олардың диагностикалық маңызын;

· ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы, панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясының дифференциялық диагнозын;

· ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы, панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясының болжам және клиникалық диагнозын негіздеу;

· ұйқы безінің, өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы, панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясында қолданылатын препараттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, алдын алу шаралары мен болжамын.

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Науқасты қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

Ұйқы безі мен өт қабының пальпациясы, перкуссиясы;

Ұйқы безі мен өт қабына қабыну ауруларына тән симптомдарды ажыратуды

Студент үйреніп алуы қажет:

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, панкреатит, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастардың шағымдарын сұрастыруды;

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, созылмалы панкреатиті, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастардың ауру анамнезі мен өмір тарихын сұрастыруды;

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, созылмалы панкреатиті, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастарды объективті тексергенде патологиялық белгілерді анықтауды;

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, созылмалы панкреатиті, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастарға тексеру жоспарын құрастыру мен анықталған аспаптық-зертханалық өзгерістерді талдауды;

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, созылмалы панкреатиті, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастарда жетекші синдромдарды анықтау және оларды негіздеуді;

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, созылмалы панкреатиті, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастарға болжам және клиникалық диагнозын негіздеуді;

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, созылмалы панкреатиті, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы бар науқастарға емдеу жоспарын құру, аурудың ағымына байланысты дифференциялық ем жүргізу мен олардың механизмін негіздеуді;

· ұйқы безінің зақымдалу синдромы, созылмалы панкреатиті, холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясының алдын алу шаралары мен болжамын.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Қалыпты анатомиядан

3. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтері.

Қалыпты физиологиядан

4. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтері.

Гистологиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының морфофункциональдық ерекшеліктері.

Патологиялық анатомиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылымдық бұзылыстары.

Патологиялық физиологиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтерінің бұзылуы, даму механизмі.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.