Здавалка
Главная | Обратная связь

Визуальді диагностикадан

1. Асқазан-ішек жолының қалыпты рентген-анатомиясы.

2. Асқазан-ішек ауруларының визуальды диагностикасы.

Лабораториялық диагностикадан

1. Ас қорыту жүйесінің лабораториялық тексеру әдістері.

Фармакологиядан

1. Асқазан-ішек жолдарының аурулары фармакотерапиясының негізгі принциптері.

Ішкі аурулар пропедевтикасы

1. Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі шағымдарының сипаттамасы, себептері және олардың даму механизмі.

2. Ас қорыту жүйесі аурулары бар науқастардан ауру және өмір тарихын сұрастыру ерекшеліктері.

3. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды қарағанда анықталатын белгілер және олардың диагностикалық маңызы.

Б. Негізгі сұрақтар:

1. Бауырдың зақымдалу синдромының анықтамасы, этиологиясы, патогенезі және түрлері.

2. Созылмалы гепатиттің анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.

3. Созылмалы гепатиттің клиникалық көрінісі: өңештік және өңештен тыс симптомдардың сипаттамасы, даму механизмі.

4. Созылмалы гепатитте аспаттық-зертханалық тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.

5. Созылмалы гепатиттің классификациясы.

6. Созылмалы гепатиттің салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

7. Созылмалы гепатиттің емдеу шаралары.

8. Созылмалы гепатиттің алдын алу шаралары мен болжамы.

9. Бауыр циррозының анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.

10. Бауыр циррозының клиникалық көрінісі: өңештік және өңештен тыс симптомдардың сипаттамасы, даму механизмі.

11. Бауыр циррозында аспаттық-зертханалық тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.

12. Бауыр циррозының классификациясы.

13. Бауыр циррозының салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

14. Бауыр циррозының емдеу шаралары.

15. Бауыр циррозының алдын алу шаралары мен болжамы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:ауызша сұрастыру, тесттілеу, науқастарды қарауға қатысу, тақырыптық науқастарды талдау, науқастарды курациялау, кіші топтарда жұмыс жасау, проблемалық бағытта оқыту, пікірталас, презентация, кері байланыс.

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

2. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

Орыс тілінде

қосымша:

1. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

2. Моисеев В С и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

3. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

4. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. -М.: Медицина, 1998.

7. Бақылау сұрақтары

А.Тест сұрақтары

1. Науқастың жағдайы нашарлап, есенгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды?

A) бромсульфалиенді сынама

B) белокты және оның туындыларын анықтау

C) альфа-фетопротеин құрамын анықтау

D) қан сарысуындағы аммиакты анықтау

E) АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау

2. Бауыр циррозымен ауыратын науқаста гиперспленизм синдромы анықталды. Лабораторлық зерттеу кезінде осы синдромға тән қандай өзгерісті байқауға болады?

A) АЛТ, АСТ, ЩТ белсенділігінің өзгерісі

B) Лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия

C) Билирубинемия

D) гипопротеинемия

E) Гипергаммаглобулинемия

3. Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:

A) Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия

B) Аутоиммунды генездегі цирроз

C) Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация

D) Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия,декомпенсация

E) Бауырдың холестатикалық циррозы

4. Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:

A) Бауырдың билиарлы циррозы

B) Аутоиммунды гепатит

C) Созылмалы гепатит

D) Коновалов ауруы

E) Жильбер ауруы

5. Қан сарысуындағы трансаминазаның деңгейінің жоғарлауы тән:

A) Микронодулярлы циррозға

B) Бауыр үстілік холестазға

C) Жедел вирусты гепатит

D) Біріншілік билиарлы циррозға

E) Бауыр асты холестазға

6. Созылмалы гепатиттің циррозға айналуының ең маңызды белгісі болып табылатын синдром:

A) Сарғаю

B) Портальды гипертензия

C) Астеновегетативті

D) Артериальды гипертензия

E) Қан айналымының жеткіліксіздігі

7.Цитолиздік синдромының индикаторлары:

A) Сілтілік фосфатазаның жоғарлауы

B) Холинэстеразаның жоғарлауы

C) АЛТ белсенділігінің жоғарлауы

D) 5-нуклеотидаза белсенділігінің жоғарлауы

E) Тура емес гипербилирубинемия

8.Бауырдағы мезенхималды - қабыну синдромы, қандағы ненің жоғарлауымен сипатталады:

A) Тимол сынамасының

B) Холестериннің

C) Сілтілі фосфатазаның

D) Билирубиннің

E) Альбуминнің

9.Бауыр цирозына әкелетін, мыс алмасуының генетикалық бұзылуымен негізделген ауруды көрсет:

A) Боткин ауруы

B) Вильсон – Коновалов ауруы

C) Бадда – Киара ауруы

D) Вальденстремнің макроглобулинемиясы

E) Біріншілік амилоидоз

10.51 жастағы ер адам сарғаю және оң жақ қабырға астының ауырсынуымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінде диетаны бұзғанан кейін, оң жақ қабырға астының ауырсыну оқтын – оқтын қайталанып отарған, спазмолитиктерді қабалдағанда оң нәтиже берген. Алкогольді қолданады. Қанның биохимиялық анализінде: АЛТ – 0,46 микрокат/л, АСТ – 0,41 микрокат/л, жалпы билирубин – 100,3 мкмоль/л, тура – 88,7 мкмоль/л. Алғашқы диагноз:

А) холелитиаз, механикалық сарғаю

В) жедел алкогольды гепатит, холестазды түрі

С) алкогольды бауыр циррозы

D) біріншілік билиарлы бауыр циррозы

Е) описторхоз

8. Клиникалық есептер

ЕСЕП 1.

35 жастағы ер кісі физикалық күштемеден кейін және тамақтан соң оң жақ қабырға астында тұрақты түрде ауырлық сезімнің болуына, лоқсу, тәбетінің төмендеуі, іш көлемінің ұлғаюына, терісінің қышуына, қызыл иегінің қанағыштығына, іш қатуға, жалпы әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің нашарлауына, тез шаршағыштыққа шағымданады.

Анамнезінен:Науқасты 5-6 айдан бері салмағы азайғанын байқаған. Жоғарыда аталған шағымдар бір аптадан бері мазалайды.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі сарғыш бозғылт, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде петехиялық бөртпелер, алақандарында эритемалар. Іші ұлғайған, тері астылық веналары білеуленген. Іштің беткей пальпациясында оң жақ қабырға астында ауырсыну бар.

Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 64 рет. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.

2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

3. Қай ауру деп ойлайсыз?

 

ЕСЕП 2.

49 жастағы науқас Б., автобус жүргізушісі, клиникаға мына шағымдармен түсті: жүрек айнуы, эпигастрий аймағында және оң қабырға астындағы тамақ ішумен байланыссыз ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін эпигастрийде толып кету сезімі, тері қышуы, әсіресе түндегі, анда-санда мұрнынан қан кету және қызыл иегінің қанағыштығы.

Науқас 9 жыл бұрын ауыр вирустың гепатитпен "жұқпалы аурулар" ауруханасында емделген. Бір жыл бойы салауатты ем дәмді сақтаған. Соңғы 5 жыл көлемінде оң жақ қабырғасында және эпигастрийде жағымсыз сезім мазалай бастаған. Дәрігерге көрінбеген. Соңғы 1 айда жағдайы нашарлаған. Жүрек айну, кейде тамақтан соң құсу, тері қышуы, ұйқысыздық пайда болған. Науқас емханаға көрініп, ауруханаға жолдама алған.

Объективті: тері жамылғылары қуқылданған, аздап сарғыш тартқан. Тілі таңқурай түстес. Тері асты шел қабаты нашар дамыған. Төсінің жоғарғы бөлігінде, мойнында және бетінде көптеген тамырлық "жұлдызшалар" көрінеді, алақандары қызарған. Ішінің бүйір қабырғаларында кеңіген веналар анықталады. Іштің өлшемі ұлғайған, пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Іш перкуссиясында бүйір бөліктерінде бос сұйықтық анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, ауырмайды, тығыз, шеті сүйір. Талағы қабырға доғасы тұсында пальпацияланады.

Қанның жалпы анализі: эр. 3,6х1012/л, Нв 115 г/л, т/к 0,9, лейкоциттер 40х109/л, ЭТЖ - 46 мм/сағ. Қанның биохим. анализі: Холестерин 28 ммоль/л, билирубин 69,5 мкмоль/л (байланысқан 43,2 мкмоль/л, бос 26,3 мкмоль/л), жалпы белок 63 г/л (альбуминдер 31,4%, глобулиндер 68,6%, гаммаглобулиндер 39%), тимол сынамасы 9 бірлік.

1. Негізгі синдромдар.

2. Болжам диагнозы.

3. Тексеру жоспары (негізгі синдромдарға байланысты күдікті ауруларды есепке ала отырып).

4. Дифференциялық диагноз (тексеру нәтижелерімен жоғарыда аталған синдромдарды толықтырғаннан соң).

5. Клиникалық диагнозды негіздеу.

6. Емдеу жоспары.

7. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

ЕСЕП 3.

18 жастағы науқас К., медициналық комиссияның дәрігерінің жол-дамасымен "созылмалы гепатит" диагнозымен клиникаға түсті. Шағымдары: тері жамылғысының және көзінің кілегей қабаттарының физикалық және эмоциялық нервтік күштемеден кейін сарғаюы (емтихан кезінде, гимнастикадан жарысқа қатысуда), тез шаршау, ұйқының бұзылуы, кейде жүрек айнуы мен кекіру.

Алғаш рет тері жамылғылары мен көзінің кілегей қабаттарының сар-ғаюын ата-анасы 10 жыл бұрын байқаған. Балалар консультациясында‚ сонан соң стационарда зерттеулерден өткен, билирубин мөлшерінің жоғарылауы анықталған. Ем тағайындалған, бірақ науқастың есінде қандай ем алғаны сақталмаған.

Бірнеше жыл науқастың жағдайы қанағаттанарлық болған. Анда-санда эмоциялық және физикалық стресс және тоңғаннан кейін сарғаюлар пайда болады. Бір жыл бұрын стационарда емделген (антибиотиктер, ГКС). Ессентуки курортында болған, бірақ сарғаю кетпеген. Соңғы 6 айда жүректің айнуы, кекіру, тез шаршағыштық қосылып, ұйқысы бұзылған.

Дене бітімі астениялық (бойы 180 см, дене салмағы 64 кг), көз кілегей қабаттары иктериялы (терісі аздап сарғайған), бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен орналасқан, жұмсақ, ауырмайды, талақ пальпацияға ілінбейді.

Қанның жалпы анализі: Нв 138 г/л, эр. 4,8х1012/л, т/к 0,8, л.6,4х109/л, ЭТЖ 5 мм/сағ. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі өзгермеген, диаметрлері қалыпты. Билирубин 42 мкмоль/л (тікелей емесі - 38 мкмоль/л). Бауырдың барлық функциялық сынамалары қалыпты. Науқастың әкесі де тексерілді, 42 жаста, ешқандай шағымы жоқ. Оның билирубині 38,1 мкмоль/л (тікелей емесі 36,8 мкмоль/л).

1. Болжам диагнозыңыз.

2. Негізгі синдромдарды атаңыз.

3. Тексеру жоспары (негізгі синдромдарға байланысты күдікті ауруларды есепке ала отырып).

4. Дифференциялық диагнозды жүргізіңіз.

5. Клиникалық диагнозын негіздеңіз.

6. Емдеу жоспарын құрыңыз, әр тармағын негіздеңіз, рецептілерін жазыңыз.

ЕСЕП 4.

18 жастағы науқас, клиникаға келесі шағымдармен түсті: денесінің сарғаюы, шамалы жалпы әлсіздік.

Өзін 3 жылдан бері ауру санайды, осы уақыт ішінде жылына 2-3 рет сарғаю дамыған, басқа шағымдары болмаған. Соңғы 2 айда шамалы әлсіздік, бас айналу қосылған. Науқастың ағасында осындай ауру бар.

Объективті: тері жамылғылары мен склерасының сарғаюы бар, перифе-риялық лимфа түйіндер үлкеймеген. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары айқын, ырғақты. Іші жұмсақ, талағы 2 см-ге үлкейген.

Қанның жалпы анализінде: Нв 110 г/л, эр.3,х1012/л, т/к 1,0, ретик.20%. Жағындыдағы эритроциттердің орталық ашаңдығы жоқ, диаметрі 5,8 мкм. Жалпы билирубині 53 мкмоль/л.

Несепте өт пигменттері анықталды, уробилин көбейген. Нәжістегі стеркобилин 2000 мг/тәул.

1. Негізгі синдромдарды атаңыз.

2. Болжам диагнозыңыз.

3. Тексеру жоспары (негізгі синдромдарға байланысты күдікті ауруларды есепке ала отырып).

4. Дифференциялық диагноз.

5. Клиникалық диагнозын негіздеңіз.

Емдеу жоспарын құрыңыз, әр тармағын негіздеңіз.

ЕСЕП 5

Науқас 23 жаста, оң қабырға астында салмақ басқандай ауырсыну, сарғаю, дене салмағын жоғалту, буындарда ауырсыну, әлсіздік.

Анамнезінде: балалық шағында жедел вирусты гепатитпен ауырған.

Объективті: тері жамылғыларында сарғаюмен телеангиоэктазиялар бар. Бауыр ұлғайған – оң қабырға асты доғасынан 2 см шығыңқы. Талағы пальпацияланбайды. Биохимиялық тексерулерде: трансаминаза – 3 есе жоғары, жалпы билирубин – 32,8 мкмоль/л. Тимол сынамасы – 9,3 Б.

1. Науқаста қандай синдром анықталады?

2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?

3. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?

4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.