Здавалка
Главная | Обратная связь

Семинар№3. Этил спиртін алу технологиясы.

Сұрақтар:

1. Этилен қышқылын гидратациясынан этанолды алу.

2. Этиленнің этанолға тікелей гидротациясы.

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Әдебиеттер 1-28

 

Семинар№4. Өсімдіктекті шикізаттың гидролизі арқылы

көмірсуларды алу.

Сұрақтар:

1 Өсімдіктекті шикізаттың гидролизі деген не?

2 Этиленнен сірке қышқылын алу әдістерін атаңыз.

3 Метанолдан корбанилдеу арқылы сірке қышқылын алу.

4 Биотехнологияда мелассаны субстрат ретінде қолдану.

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Тапсырма № 2.Өсімдік шикізаттар гидролизінің негізгі әдісі бойынша әдеби ізденіс жүргізіңіз.

Әдебиеттер 1-28

 

Семинар№5. Ақуыз изоляттарды және ақүыз концентраттарын алу технологиясы.

Сұрақтар:

1. Бидай кебегінен ақүыздарды алу.

2. Дрожжы биомассасынан ақүыз препараттарын алу.

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Тапсырма № 2.Нан пісіруге арналған дрожжы биомассасын қайта өндеу бойынша әдеби ізденіс жүргізіңіз.

Әдебиеттер 1-28

Семинар№6. Азықтық биомассаны алудың технологиялық схемасы.

Сұрақтар:

1. Шикізатты дайындау.

2. Егінді материалды дайындау.

3. Ферментация.

4. Қойылту және бөліп алу.

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Тапсырма № 2.Сұйық фаза көлемінде микроорганизмдердің өсуі және дамуы.бойынша әдеби ізденіс жүргізіңіз.

Әдебиеттер 1-28

Семинар №7. Төмен сприттерде микробты ақуыздарды алу.

Сұрақтар:

1. Метанолда микроорганизмдерді культивирлеудің ерекшелігі

2. Этанол арасында микрооганизмдерді культивирлеу ерекшеліктерін атаңыз?

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Әдебиеттер 1-28

Семинар №8. Микробты липидтердің алу технологиясы.

Сұрақтар:

1. Липидтерді алу үшін қандай микроағзаларды қолданылады?

2. Липидтерді алу технологиялық процессы.

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Тапсырма № 2.Микробты липидтерді алу технологиялық процессы бойынша әдеби ізденіс жүргізіңіз.

Әдебиеттер 1-41

Семинар №9 Өнеркәсіптік ферментті препараттар. Ферменттін биосинтізіна әсер ететін факторлар.

Сұрақтар:

1. Өнеркәсіптік ферментті препараттар

2. Ферменттін биосинтізіна әсер ететін факторлар.

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Тапсырма № 2.Өнеркәсіптік биотехнологияда негізгі фермент гидролазы бойынша әдеби ізденіс жүргізіңіз.

Әдебиеттер 1-28

Семинар № 10. Фермент продуценттерін тереңдік әдіспен культивирлеу.

1. Егінді материалды алу.

2. Қоректік ортаны дайындау.

3. Қоректік ортаны стерильдеу.

4. Ауаның аэрирлеуге дейін және кейін тазарту.

5. Өндірістік культивирлеу.

Тапсырма № 1.Семинарға өткен тақырып бойынша лекция конспектісін дайындап келіңіз.

Тапсырма № 2.Өндірістік культивирлеу бойынша әдеби ізденіс жүргізіңіз.

Әдебиеттер 1-28

8. Лабораториялық сабақтар жоспары

Жұмыс оқу жоспары бойынша қарастырылмаған

9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Тақырыптарды орындаған кезде дәріс материалдарымен, берілген тақырып бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен, сонымен қатар танымал, ғылыми-танымдық әдебиет көздерімен, газет, журналдардан алынған үзінділермен жұмыс істеп, телеарналардағы бағдарламаларды, Интернет жүйесінен алынған ақпараттарды, сондай-ақ шығармашылық ыңғай қолдану қажет.

Кесте толтырған кезде, конспект жазғанда, сызба-нұсқа құрастырғанда ұсынылған әдебиеттерді, дәрістердің конспектілерін, сонымен қоса шығармашылық ыңғай қолдану керек.

Көтерме, яғни қосымша балл алу үшін студент осы ОӘЖ-де ұсынылған кез-келген тақырыпта СӨЖ шегінде шығармашылық жұмыс орындап, ОСӨЖ кезінде реферат қорғауына болады.

Конспектілеу – дегеніміз оқылған мәліметтің қысқаша мазмұндамасы, қысқартып жазылуы.

Эссе – нақтылы бір мәселе немесе сауал бойынша жеке тұлғаның өз ойын, тұжырымын білдіретін, шағын көлемдегі және еркін композициядағы прозалық шығарма.

Глоссарий – дегеніміз қандай да бір әдебиетте кездесетін түсініктер мен терминдерді талқылау. Глоссарий жазу үшін берілген тақырыпқа қатысты негізгітемнидерді көрсету керек.

Аннотация (мазмұндау) – оқылған мәліметтің негізгі мағынасын жоғалтпай қысқаша мазмұндау.

Сын (Рецензия) – дегеніміз оқылған мағлұматқа өзінің қатынасын білдіретін қысқаша пікір.

Кроссворд құрастырған кезде берілген тақырып бойынша терминдер мен ұғымдарды қолдану керек.

Аннотация, сын жазу үшін бөлімнің не тараудың қысқаша түйінін мазмұндау керек, қандай оқырмандарға арналғанын көрсетіп, көрнекі құралдардың: кестелердің, суреттердің және т.б., әрі олардың атауларын белгілеу қажет.

СОӨЖ өткізу түрі - аудиториялық: кеңес беру, сұрау, тапсырмалар бойынша өздік жұмысы, рефераттар қорғау.

10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Жұмыс оқу жоспары бойынша қарастырылмаған

11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

№1 тақырып. Кіріспе. Курстың міндеті мен мазмұны.

Тапсырмалар:

1. «Биотехнологияның даму тарихы» тақырыбында кестені толтырыңыз.

Жыл Ғалым Ғылымның дамуына қосқан үлесі
     

 

2.«Фармакологияда биотехнологиялық өндірістің өнімдері» тақырыбында эссе жазыңыз.

Әдебиеттер 1-28

№ 2. тақырып. Биотехнология объектілері

Тапсырмалар:

1. «Микробиологиялық жасушаның құрылымы» суретінде сандармен не көрсетілгенді анықтап, жазыңыз.

2.Төменде берілген кестені толтырыңыз:

 

Сипаттама Прокариоттар Эукариоттар
Жасушалардың көлемі
Генетикалық материал
Ақуыздың синтезі
Органеллалар
Жасуша қабықшалары
Талшықтар
Тыныс алу
Фотосинтез

Әдебиеттер 1-28

 

№3 тақырып. Биотехнология әдістері. ферментация.

Тапсырмалар:

1. Ұсынылған графикте өсу кезеңдерін атап, олардың сипаттамасын беріңіз.

2.Биореактордың негізгі функционалдық элементтерін көрсетіп, қарапайым сызбасын ұсыныңыз.

Әдебиеттер 1-28

№ 4 тақырып. Өнімді бөліп алу және тазарту.

Тапсырмалар:

1. Биотехнологиялық өнімдерді бөліп алу мен тазартудың негізгі кезеңдерінің сызбасын толтырып, сипаттамасын беріңіз.

Әдебиеттер 1-28

 

№5 Тақырып. Өсімдіктер биотехнологиясы әдістер.

Тапсырмалар:

1. «Өсімдіктердің екінші ретті метаболиттері» атты кестені толтырыңыз.

 

Заттардың кластары Кластың кейбір заттарының биологиялық әсері
Алкалоидтар  
Изопреноидтар (терпеноидтар)  
Фенолдар  

Әдебиеттер 1-28

№6 тақырып. Биотехнологиялық өндірісте асептика. биотехнологиялық үрдістерді бақылау мен басқарудың негізгі параметрлері.

Тапсырмалар:

1. «Желдетілген ауаның технологиялық параметрлері» атты кестені толтырыңыз.

 

Бөлме кластары Микроағзалардың саны Механикалық бөлшектердің саны
А    
В    
С    
Д    

2. Кесте толтырыңыз

 

Биомассаны қадағалаудың физикалық-химиялық әдістері Сипаттамасы
Кондуктометриялық  
Спектрофотометриялық  
Колориметриялық  

Әдебиеттер 1-28

 

№7 Тақырып. Биотехнология жетістіктерінің медицина саласында қолданылуы.

Тапсырмалар:

1. Қазіргі кезде қолданылатын рекомбинантты ДНҚ өнімдері болып табылатын медициналық дәрілердің қандай түрлерін білесіз?

2. Биологиялық белсенді заттарға қандай қосылыстар жататынын анықтаңыз.

3. Антибиотиктер топтарын атап, кейбіреулеріне сипаттама беріңіз.

4. Вакциналар дегеніміз не?

Әдебиеттер 1-28

 

№8 тақырып. Азық-түлік өнеркәсібінде қолданылатын биотехнологиялық үдерістер.

Тапсырмалар:

1. Ашу дегеніміз не?

2.Ашу үдерісінің түрлерін атаңыз.

3. Этанолдың өндірісі.

4. Ақуыз өндірісінде ашытқы саңырауқұлақтарын пайдалану туралы баяндама жазыңыз.

Әдебиеттер 1-28

№9 тақырып.Биотехнологиялық үдерістердің соңғы өнімін бөліп алу және тазарту.

Тапсырмалар:

1. Культуралық сұйықтықтан биомассаны бөліп алу.

2 Сепарация туралы түсінік. Сепарация әдістері: флотация, фильтрация, центрифугалау.

3. Дезинтеграция туралы түсінік. Жасушаларды бұзудың химиялық, физикалық, биохимиялық әдістері. Баллистикалық және экструзиялық дезинтеграция.

4. Культуралық сұйықтықтан мақсатты өнімді бөліп алу: тұңдыру, экстракция (қатты-сұйықфазалы, сұйық-сұйықфазалы), адсорбция.

5. Заттарды айыру әдістері: бағаналы, аффиндік хроматография, иондармен алмасу хроматографиясы, иммуноэлектрофорез.

6. Соңғы өнімді концентрациялау әдістері – кері осмос, ультрафильтрация, буландыру.

Әдебиеттер 1-28

№10 тақырып. Ферментациялық үдерістер технологиясы.

Тапсырмалар:

1. Ферментацияның терең мен беткі әдістерін сипаттаңыз.

2. Биотехнологиялық үдерістің аппараттары. Зертханалық, пилоттық, өнеркәсіптік биореакторлар.

3. Масштабтау, біркелкіліксіздік, асептика принциптері.

4. Араластыру мен аэрация жүйелері – эрлифттік, барботаждық, механикалық араластыру.

5. Құрал-жабдықтар мен қоректік орталарды залалсыздандыру әдістері.

Әдебиеттер 1-41

12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары

№1 тақырып. Биотехнологияға кіріспе.

Тапсырма 1.«Биотехнологияның даму тарихы» кестесін тексеріске ұсыныңыз.

Тапсырма 2.«Фармакологияда биотехнологиялық өндірістің өнімдері» тақырыбына эссе ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Биотехнология терминін енгізген ғалым?

2. Биотехнологиялық өндірістің өнімдеріне не жатады?

3. Л.Пастер биотехнологияның дамуына қандай үлес қосты?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:тапсырмаларды орындау үшін биотехнологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар, олардың еңбектерін жазу керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

№2 тақырып. Биотехнология объектілері.

Тапсырма 1.Тексеріске «Микробиологиялық жасушаның құрылымы» суретін ұсыныңыз.

Тапсырма 2.Тексеріске «Прокариоттар пен эукариоттардың айырмашылықтары» атты кестені ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Бактериялар жасушасында неше хромосома болады?

2. Сплайсинг дегеніміз не?

3. Прокариоттарда фотосинтез үдерісі қайда өтеді?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:суретпен жұмыс істеген кездесандармен не көрсетілгенін жазу керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

 

№3 тақырып. Тірі жүйелерде энергия айналуының негізгі жолдары

Тапсырма 1. Тексеріске аэробты и анаэробты тыныс алу кезеңдерінің сызбасын ұсынып, негізгі үдерістерін атаңыз.

Тапсырма 2.Тексеріске Жакоб-Моно ғылыми болжамына сай ақуыз синтезінің негізгі құрылымдары мен реттеу үдерістерінің сызбасын ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Митохондрия кристаларында қандай үдерістер жүреді?

2. Ингибитор дегеніміз не?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:суретпен жұмыс істеген кездесандармен не көрсетілгенін жазуы керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

№4 тақырып. Микроағзалардың гендік инженериясы

Тапсырма 1. «Плазмидалық вектордың қолдануымен молекулалық клондау» суретінде сандармен не көрсетілгенін анықтап, жазыңыз.

Тапсырма 2. Молекулалық клондау кезеңдерінің дұрыс жүйелілігін анықтап, жазыңыз:

· жасап алған конструкцияны жасуша иесіне трансформациялау;

· ДНҚ бөлігін векторға енгізу;

· ағза донордан қажетті ДНҚ бөліп алу,

· ферменттік гидролиз арқылы одан қажетті генді бөліп алу;

· бактериялардан плазмида немесе векторды бөліп алу.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Трансформация дегеніміз не?

2. ДНҚ молекуласын кесетін ферменттер қалай аталады?

3. Векторлар дегеніміз не?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:1 тапсырманы орындау үшін 2 тапсырмадағы мәліметтерді қолдануға болады.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

 

№5 тақырып. Эукариоттардың гендік инженериясы

Тапсырма 1. Эукариоттардың гендік инженериясында қолданылатын векторларға сипаттама беріңіз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Тi-плазмида қандай ағзада анықталды?

2. Ретровирусты векторларды қолданудың кемшіліктері неде?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:тапсырмаларды орындау үшін жануарлар мен өсімдіктердің гендік инженериясында қолданылатын векторларды атап шығып, кейбіреулеріне толық сипаттама беру керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

 

№6 тақырып. Биотехнологияның негізгі түсініктері мен терминдері. қоректік орталар

Тапсырма 1. Тексеріске «Ағзалар үшін қоректік орта компоненттердің қажеттілігі» тақырыбында конспект ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Қоректік орталардағы амоний тұздары не үшін керек?

2. Қоректік ортада көміртектің көзі не болып табылады?

3. Амоний тұздары ненің көзі болып келеді?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:тапсырмаларды орындаған кезде қоректік ортадағы әрбір химиялық қосылыс немесе элемент жасушаға не үшін қажет болатынын көрсету керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

№7 тақырып. Биотехнология әдістері. ферментация

Тапсырма 1. Тексеріске өсу кезеңдерінің сызбасы мен олардың сипаттамасын ұсыныңыз.

Тапсырма 2.Биореактордың негізгі функционалдық элементтерін көрсетіп, қарапайым сызбасын ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Латентті фазаның сипаттамасын беріңіз.

2. Биореактордың құрамында не болу керек?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:тапсырмаларды орындау үшін ұсынылған әдебиеттермен қатар, Ғаламтор көздерін қолдану керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

 

№8 тақырып. Өнімді бөліп алу және тазарту

Тапсырма 1. Биотехнологиялық өнімдерді бөліп алу мен тазартудың негізгі кезеңдерін жазып, сипаттамасын беріп, тексеріске сызбаны ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Интеграция дегеніміз не?

2. Өсірінді сұйықтығы мен биомассаны бөліп алу үдерісі қалай аталады?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:тапсырманы орындау үшін ұсынылған әдебиеттермен қатар, Ғаламтор көздерін қолдану керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

 

№9 тақырып. Өсімдіктер биотехнологиясы әдістері

Тапсырма 1.Тексеріске «Өсімдіктердің екінші ретті метаболиттері» атты кестені ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Гликозидтер қосылыстардың қандай класына жатады?

2. Алколоидтерге антимикробты әсер тән ба?

3. Терпеноидтарға жататын қосылыстарды атаңыз.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:тапсырманы орындау үшін ұсынылған әдебиеттермен қатар, Ғаламтор көздерін қолдану керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

№10 тақырып. Антибиотиктердің өндірісі

Тапсырма 1.«Антибиотиктердің продуценттері» кестесін тексеруге ұсыныңыз.

Өзін-өзі бақылаудың материалдары:

1. Антибиотиктерді өндіретін ағзаларды атаңыз.

2. Пенициллинді қандай ағзалар өндіреді?

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:тапсырмаларды орындау үшін ұсынылған әдебиеттермен қатар, Ғаламтор көздерін қолдану керек.

Негізгі әдебиет: 1-8

Қосымша әдебиет: 9-28

13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары

 

1. Биотехнология жетістіктерін ветеринарлық медицинада қолдану салалары

2. Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың екі тəсілі

3. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау

4. Антибиотиктердің аса көп синтезін қамтамасыз ететін жағдайларды бір қалыпқа келтіру

5. Табиғи антибиотиктерді химиялық трансформациялау – жартылай синтездік препараттар

6. Адам жəне жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы интерферондар мен интерлейкиндердің дəрілік формаларын даярлау жəне жасау

7. Гибридомдық технология жəне моноклональды антидене негізінде кең таралған аурулардың диагностикумдарын өндіру.

8. Моноклональды антиденелерді терапевтік мақсатта пайдалану.

9. Ашытқылардың жоғарғы эукариоттардағы түзетін рекомбинанттық цитокиндерінің өнімдері.

 

10. Тағам өнеркәсібіне қолданылатын органикалық қышқылдар өндірісінің шикізаты және продуценттері

11. Ферментеция жолымен алынған дәстүрлі ақуыз өнімдері

12. Микробтық ақуыз- микопротеиннің тағамдық құнарлылығы мен қолданылу келешегі

13. Бір клеткалы микроорганизмдердің ақуызы.

14. Микробтық биомассаның қоректік бағалылығы мен зиянсыздығы

15. Микробиологиялық жолмен алынған тағамдық қоспалар және ингредиенттер

16. Микроорганизмдер- тағам өнеркәсібінде қолданылатын аспарагин, глутамин, лизин және т.б. аминқышқылдарының продуценттері

17. Аминқышқылдарын алу технологиясы

18. Ферменттерді алу технологиясы

19. Витаминдерді алу технологиясы

20. Тағам өндірісі микробиологиялық бақылауының жалпы принциптері

21. Тағам өнеркәсібінде табиғи және синтетикалық бояғыш заттардың қолданылуы.

22. Бактериялық интоксикация туғызатын микроорганизмдер

23. Тағамдық азықтардан улану және олармен күресу әдістері

24. Дезинфекция, дезинсекция және дератирация әдістерін ұсыну

25. Тағам өнімдері өндірісінде биотехнологияның қолданылу перспективасы

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Воронин Е.С., Тихонов И.В. Биотехнология: Учебник для вузов – М.: Де Ли принт, 2006. – 521 с.
2. Промышленная микробиология. / Под ред. Н. Егорова. М.: Высш. шк., 1999 – 631с.
3. Биотехнология в растениеводстве, животноводстве и ветеринарии: Материалы II Междунар. науч. конф. Москва, 18—19 октября, 2000. М., 2000. 255с.
4. Сельскохозяйственная биотехнология: векторные системы молекулярного клонирования. / Под ред. В. И. Негрука. М.: Агропромиздат, 1991
5. Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. – М.: Пищевая промышленность, 1997. – 448с.
6. Рогов И.А. Пищевая биотехнология: В 4х кн.: учебник /Рогов И.А. – М.: Колосс, 2004. – 530 с.
7. Сельскохозяйственная биотехнология: учебник – 2. изд., перераб. – М.: Высш. шк., 2003 - 469с.
8. Бейни Д.Ж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Ч.,2. Пер. с англ. –М.: Мир, 1997. - 692с.

14. Баға туралы ақпарат

Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала

Рейтинг Балдар
Ағымдық 50 - 100
Аралық 50 - 100
Қорытынды 50 - 100
Барлығы: 50 - 100

 

15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. Гомоферментативті сүтқышқыл бактерияларда көмірсулардың ашуы қандай жолымен жүреді:

A) Пентозофосфаттық.

B) Карбо циклді.

C) Гликолиз.

D) Аэробты.

E) Анаэробты.

2. Өлшеуіш жабдықтар деп:

А) Әр түрлі мөлшердегі біртекті өлшемдердің жиынтығын көрсетеді.

В) Өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға арналған.

С) Сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді.

D) Шаманы өлшеудің қосалқы құралдары.

Е) Берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем құралы.

3. Ашытқы қантты глицерин деңгейіне дейін қандай жағдайда ашытады:

A) Қоректік ортада қант жетіспеген кезінде.

B) Оның артығымен болған кезінде.

C) Бисульфат натрии болғанда.

D) Аэрация кезінде.

E) Қоректік ортаға хлорлы натрийді қосқан кезінде.

4. Аэробты микроорганизмдерді пайдаланып ластанған суларды тазалау қондырғысы:

A) Септотенк.

B) Метанотенк.

C) Олиготенк.

D) Альготенк.

E) Аэротенк.

5. Микробалдырлардың көмегімен ластанған суларды тазалауға арналған қондырғылар қалай аталады:

A) Метантенк.

B) Альготенк.

C) Септотенк.

D) Аэротенк.

E) Олиготенк.

6. Аз тоннажды биотехнологиялық өндіріс өнімдері:

A) Декстеран, сахароза.

B) Ақуыздар, нуклеотидтер.

C) Витамин, фермент.

D) Полисахарид, аминқышқылдар.

E) Липидтер, көмірсулар.

7. Залалсыздандыру ол:

A) Түрлердің көптілігін азайту.

B) Микрофлораны азайту.

C) Ауру қоздырғыш микроорганизмдерді жою.

D) Вегетативті клеткаларды жою.

E) Материалдар мен еріткіштерді барлық тірі организмдерден босату.

 

8. Эксцентрлікте негізделген құрылғы:

А) Вортекс.

B) Ротор.

C) Сепарация.

D) Ферментация.

E) Центрифуга.

 

9. Аталған дәрумендердің қайсысы микроорганизмдер арқылы алынады:

A) А витамині.

B) Е витамині.

C) В12 витамині.

D) В6 витамині.

E) К витамині.

 

10. Экстракция кезінде түзілген эмпульсияларды не істейді:

А) Тазартып алу.

B) Бөліп алу.

C) Өткізіп алу.

D) Қосып алу.

E) Сүзіп алу.

 

11. Гетероферментативті сүтқышқыл бактерияларда көмірсулардың ашуы қандай жолымен жүреді:

A) Пентозофосфаттық.

B) Карбо циклді.

C) Гликолиз.

D) Аэробты.

E) Анаэробты.

12. Фитотоксиндер:

A) Белок синтезін активтендіреді.

B) Белок синтезін тежейді.

C) Ферментті белсендіреді.

D) Синтезді тежейді.

E) Синтезді активтендіреді.

13. Биотехнологияны бес кезеңге (пастерге дейінгі ғасыр, антибиотик ғасыры, биосинтез және жаңа биотехнология эрасы) бөлген кім:

A) Овчинников.

B) Хаувинг.

C) Иванов.

D) Баев.

E) Эдельман.

 

14. Өсімдікті алуда гаплоидты технологияның негізгі артықшылығы:

A) Тез алыну.

B) Мутантық формасын алу.

C) Гомозиготалы өнім алу.

D) Моноклональды өсімдікті пайда болу.

E) Трансформация.

 

15. Организмде синтезделмейтін, тамақпен түсетін амин қышқылдарды:

A) Алмасатын.

B) Алмаспайтын.

C) Қажетті.

D) Өсімдіктен алынатын.

E) жануарлардан алынатын.

 

16. Гетероферментативті сүтқышқыл бактерияларда көмірсулардың ашуы қандай жолымен жүреді:

A) Пентозофосфаттық.

B) Карбо циклді.

C) Гликолиз.

D) Аэробты.

E) Анаэробты.

 

17. Алғаш рет сүт қышқылын– ашу процесінің өнімі екенін көрсеткен ғалымы:

A) Кох.

B) Тиндаль;

C) Дженнер.

D) С. Блондо.

E) Виноградский.

 

18. Биореакторлардың аэрациялау қандай әдістерге бөлінеді:

A) Тереңдету, беткейлі.

B) Химиялық, физикалық, механикалық.

C) Технологиялық, физикалық.

D) Биологиялық, биотехнологиялық.

E) Механикалық, циркуляциялық.

 

19. Қатты фазалық ферментация дегеніміз:

A) Стационарлық дақылдау.

B) Тереңде өсіру.

C) Қатты және жартылай қатты қоректік ортада организмдерді өсіру.

D) Үздіксіз дақылдау.

E) Ферментерларда өсу.

 

20. Технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін қолданылатын жұмысшы өлшем құрал түрі:

А) Лабороториялық.

В) Өндірістік.

С) Алаңдық.

D) Ғылыми.

Е) Техникалық.

 

Дұрыс жауаптар:

Сұрақ номері Дұрыс жауабы (A,B,C,D,E)   Сұрақ номері Дұрыс жауабы (A,B,C,D,E)
C   А
D   B
C   В
Е   С
B   В
С   А
Е   D
А   E
C   C
В   B

 

 

Білімдерді бағалау критерийі:

%-тік құрамы Критерийлері
0-49 Бағдарлама материалы бойынша білімі жоқ; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу; дөрекі қателер жіберу.
50-74 Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; бағдарлама материалын терең түсінбейтіні байқалады; басымды идеялар мен теориялық қағидаларды баяндау барысында жеке қателіктер жіберіледі; материалды тек репродуктивті баяндай алатыны байқалады; дербес қорытындылар мен тұжырымдар жасай алмайды.
75-89 Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу. Бірақ баяндау барысында аса қателіктері жоқ мәліметтердің болуы.
90-100 Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу. Бірақ баяндау барысында басымды емес қателіктерге әкелетін мәліметтердің болуы.

16 Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Биотехнологияның даму тарихы, биотехнологияның мәні мен мақсаты.

2. Биотехнология және негізгі бағыты.Даму перспективасы.

3. Микроорганизмнің өндірістік штамын құрудың және оның бағалы қасиетін сақтау проблемасының қазіргі заманғы әдісі.

4. «Популяциялық беріктікке» және «автоселекцияға» түсінік.

5. Микроорганизм штамын сақтаудың негізгі әдісі.

6. Биотехнологиялық процестер: жүйелі және сатылап іске асыру принциптері.

7. Биоөндірісте қолданылатын шикізаттар.

8. Микроорганизмді культивирлеу

9. Егіс материалын алу.

10. Беттік және түптік культивирлеу.

11. Микроорганизмді культивирлеудің үздіксіз және периодты культивирлеу процесі, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.

12. Метаболит синтезіне және өндірістік штамның өсуіне культивирлеу шартының әсері.

13. Микробтық ақуыз өндірісі. Ауыл шаруашылық жануарларының және адам баласының қоректенуіне арналған ақуыздың мәні.

14. Ақуызды алудың микробиологиялық әдісінің артықшылығы.

15. Ақуыздың микроорганизм-продуценті. Ақуыз заттардың алынатын көзі- микроорганизмге қойылатын талаптар.

16. Микробтық биомассаны алуға арналған шикізаттар:өсімдіктердің түрінің шикізаттары, этил және метил спирті, табиғи газ, мұнай көмірсулары.

17. Өсімдікті қорғауға арналған микробиологиялық заттар және бактериялық тыңайтқыштар.

18. Препарат алу технологиясы. Бактериялық тыңайтқышты алу: нитрагин, ризоторфин.

19. Органикалық қышқыл алу. Сірке қышқылын алу. Сірке қышқылды бактерияны культивирлеудің шарты және шикізаты.

20. Беттік және түптік әдіспен сірке қышқылын алу.

21. Амин қышқылының өндірісі. Амин қышқылының мәні және оны қолданудың сфералары.

22. Витамин өндірісі. Микробтық синтез көмегімен алынатын витамин.

23. Ферментті микробиологиялық әдіспен алудың артықшылығы.

24. Микробтық фермент алу (амилазалар, декстиназалар, лактазалар, инвертазалар, пектиназалар, протеиназалар, липазалар және т.б.)

25. Иммобилизденген ферменттер.

26. Микроб тектес полисахаридтер, өндірістік масштабта-декстрин, ксантан өндіріледі.Полисахаридтің микроорганизмнің продуценті, оларды алу және іс жүзінде қолдану.

27. Көмірсулардың құрылымы мен қасиеттері.

28. Моносахаридтер, олардың туындылары.

29. Глюкозаның көзі және айналу жолдар

30. Аминқышқылдар, олардың құрылымы, классификациясы.

31. Белок молекуласының құрылысы мен қасиеттері.

32. Белок молекуласының құрылысының деңгейлері.

33. Белоктардың топтастыру.

34. Жануарлар, өсімдіктер мен микробтық ферменттер, олардың ерекшелігі.

35. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы.

36. Чаргафф заңдылығы. ДНҚ-ның репликация

37. Белок биосинтезі, негізгі кезеңдері.

38. Генетикалық код, қасиеттері.

39. Липидтердің жалпы қасиеттері.

40. Липидтердің биологиялық қызметі.

41. Көрсетілген екі липидтердің қайсысын сұйық майға жатқызасыз: тристеарин және триолеин.

42. Сабынданбайтың липидтер: стероидтер және терпендер.

43. Витаминдер, құрылысы, қасиеттері, биологиялық қызметі.

44. Экологиялық биотехнология пәні және мақсаты.

45. Ағынды суларды аэробты тазалау, олардың сипаттамасы.

46. Биофильтірдің жұмыс істеу принциптері және сызба нұсқасы.

47. Аэротенканың жұмыс істеу принциппі және сызба нұсқасы.

48. Активті ил туралы түсінік.

49. Ағын суды тазартудың интенсивті және экстенсивті әдіс.

50. Ағын суды тазартудың анаэробты процесстері, олардың сипаттамасы.

51. Тамақ өндірісінің ағын суын тазартуға арналған қондырғы.

52. Көміртегі, азот, күкірт және оттегінің айналуының сызба нұсқасы.

53. Нитрификация және денитирифика процестерінің маңыздылығы.

54. Септиктенктің жұмыс істеу принципі және сызба нұсқасы.

55. Анаэробты биофильтірдің құрлысы.

56. Металды бактерияны сілтілеу туралы түсінік.

57. Сілтілеуші микроорганизімдер.

58. Биоэкстракциялы металлургияны өндірісте қолдану.

59. Экологиялық таза энергияны алу үшін микроорганизмдердің мүмкіндіктері.

60. Өсімдік биотехнологиясының мақсаттары.

61. Өсімдіктер биотехнологиясының даму болашағы мен негізгі бағыттары.

62. In vitro – торларының өсуі, даму тарихы.

63. Өсімдіктер биотехнологиясының әдістері мен объектілері.

64. Қоректік орталардың жалпы сипаты.

65. Өсімдік жасушаларын және ұлпаларын культивирлеу

66. Экономикалық маңызды заттарды өсімдіктен алудың клеткалық технологиясы.

67. Жасушалар иммобилизациясы және оның артықшылығы.

68. Өсімдіктердің клонды микрокөбеюі және оның артықшылықтары.

 

17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе

Тақырып Сабақтың түрі Программалық өнім түрі Қол жеткізілу орны Арнайы дәрісханалардың атауы
Кіріспе. Курстың міндеті мен мазмұны. Дәріс, сем. сабағы, СОӨЖ Мультимедиялық дәріс, СОӨЖ, сем. сабақ Мультимедиялық қор залы №318 дәрісхана
Микробиологиялық өндірістердің аппараттармен жабдықталуы. Дәріс, сем. сабағы, СОӨЖ Мультимедиялық дәріс, СОӨЖ, сем. сабақ Мультимедиялық қор залы №318 дәрісхана
Биотехнологиядағы процестерді моделдеу теориясы;жылулық процестер және аппараттар. Дәріс, сем. сабағы, СОӨЖ Мультимедиялық дәріс, СОӨЖ, сем. сабақ Мультимедиялық қор залы №318 дәрісхана
Жылу және масса көлемін ауыстыруының теориялық негіздері; ферментерлердегі жылулық процестер. Дәріс, сем. сабағы, СОӨЖ Мультимедиялық дәріс, СОӨЖ, сем. сабақ Мультимедиялық қор залы №318 дәрісхана
Фазалары қозғалмайтын бетпен масса алмасу процесі Дәріс, сем. сабағы, СОӨЖ Мультимедиялық дәріс, СОӨЖ, сем. сабақ Мультимедиялық қор залы №318 дәрісхана
Биотехнологиядағы мембранды процестер. Дәріс, сем. сабағы, СОӨЖ Мультимедиялық дәріс, СОӨЖ, сем. сабақ Мультимедиялық қор залы №318 дәрісхана
Фитобиотехнологиялық өндірістердің аппараттармен жабдықталуы. Дәріс, сем. сабағы, СОӨЖ Мультимедиялық дәріс, СОӨЖ, сем. сабақ Мультимедиялық қор залы №318 дәрісхана

Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.

- 316 оқу зертханасы;

- 318 мамандандырылған аудитория;

- мультимедиялы кеңейтілген аудиториялар: № 11, 12

- электронды ресурстар залы – 113 каб.


МАЗМҰНЫ

Пәннің типтік оқу жоспары
Күндізгі оқу түрі
3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
3.1 Оқытушы туралы мәліметтер
3.2 Пререквизиттері
3.3 Постреквизиттері
3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
3.5 Оқыту нәтижелері
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі  
Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі  
Лекциялық кешен (лекция тезисі)
Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
Лабораториялық сабақтар жоспары
Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар  
11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары    
12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары  
13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары  
14. Баға туралы ақпарат
15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
Курс бойынша емтихан сұрақтары
17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе  

 


 

ОӘК кафедра мәжілісінде талқыланды

(хаттама № 8 13.03.2015 ж. )

 

ОӘК Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

(хаттама № 6 10.04.2015 ж.)

 

биотехнологиядағы процестер

және ппараттар

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҒЫ

 

5В070100 - Биотехнология мамандығына арналған

 

Зейниденов Асылбек Қалкенұлы

 

 

Баспаға ж. қол қойылды. Формат 60х84 1/16. Газеттік қағаз. Оқу баспасының көлемі б. Тираж ___ дана. Тапсырыс №___.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасының типографиясында басылды

100012, Қарағанды, Гоголь көшесі, 38





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.