Здавалка
Главная | Обратная связь

Онкогинекология негіздері 7 страница



ТОКС-қа кіреді: вегето-тамырлық, нейропсихикалық, алмасу-эндокриндік.

Диагностика:

анамнез,

физикальді зерттеу (дене массасының индексі, дене бітімі, әр түрлі органдардың жұмысы),

зертхана-аспаптық зерттеу: гормондар (ФСГ, ЛГ, эстрадиол), психоэмоциональді, урогенитальді бұзылыстар, остеопороз,

басқа специалисттер кеңесі (уролог, маммолог, психолог, эндокринолог).

Емі: ЗГТ эстрогендармен, физиотерапевтикалық әдістер, седативті препараттар, көрсеткіш бойынша – транквилизатор, антидепрессант.

Көрнекті материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге..

Әдебиет:

Орысша

негізгі:

1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

қосымша:

Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005.,

Қазақша

негізгі:

1.Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.

қосымша:

Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

Пременструальды керілу синдромына анықтама?

ТОКС этиологиясі (тотальді овариэктомиядан кейінгі жаман)?

Климактерийдің фаза бойынша жіктелуі?

Климактерийдің кеш көрінуіне не жатады?

№8 дәріс

Тақырыбы: «Балалар гинекологиясының негіздері»

Мақсаты: жыныстық жетілу кезеңінің физиология және патологиясі, әйелдердің аналық бездерінің даму ақаулары, ювенильді жаста репродуктивті жүйе және репродуктивті ағзалардың ауруларының алдын-алуымен таныстыру.

Дәріс тезисі:Жыныстық жетілу кезеңінің физиологиясі. Пубертантты кезңнің екі фазасы. Жыныстық жетілудің бұзылуы. Ерте жыныстық жетілу – 8 жасқа дейін екіншілік жыныс белгілердің пайда болуы. Изосексуальді және гетеросексуальді тип бойынша ерте жыныстық жетілу. Ерте жыныс жетілудің толық және толық емес формасы. Орталық және аналық без генездік жыныстық жетілудің тежелуі. Жыныстық жетілу бұзылыстарының диагностикасі.

Әйелдердің жыныстық мүшелерінің даму аномалияларына аяқталмаған органогенез түрінде анатомиялық құрылыстың бұзылуы, көлемі, формасы,пропорциясі, симметрия, топографиясіның ауытқуы, постнатальді периодта әйелге тән емес түзілістердің болуын жатқызады. Қазіргі кезде, құрсақішілік даму ақауына алып келетін себептердің 3 тобын ажыратады: тұқымқуалаушылық, экзогенді, мультифакторлы. Көптеген даму ақаулар көріністерін алғашқы рет(көптеген жағдайларда) пубертантты кезеңде береді. В настоящее время выделяют 3 группы причин, приводящих к порокам внутриутробного развития: наследственные, экзогенные и мультифакторные. Многие пороки развития впервые «заявляют о себе» лишь в пубертатном периоде. Әйел жыныс мүшелерінің даму аномалияларының диагностикасі.

Ювенильді жаста репродуктивті жүйе және репродуктивті ағзалардың ауруларын алдын-алу. Қыз немесе жасөспірімнің гигиена сақтаудың маңызы үлкен. Қыз гигиенасы тек қана өсіп келе жатқан бала организмінің талабына сай емес, сонымен қатар әйел организмінің күрделі функцияларын қалыптастыруға ықпал ету керек. Ерте кезден бастап, физикалық жаттығуларға қызығушылық тудыру керек. Жеке бас гигиена ерекшеліктері зәр шығару және дефекацияның жүйелілігін ескереді. Рациональді тамақтану. Ыңғайлы киім және аяқ-киім кию.

Санитарлық-ағартулық жұмыс қыздар жасына байланысты өткізіледі. Алғашқы 3-8 жасында гигиена ережелерін және сыртқы жыныс мүшелерінің гигиенасына назар аударуына негізделген(анасының бақылауы және жанында болуымен). 9-13 жасында қыздарды олардың ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен, менструальді функциясымен таныстырады, менструальді күнтізбенің дұрыс құрауын, менструация кезіндегі гигиенаны сақтауды үйретеді. 14-17 жасында әйел ағзасының физиологиясымен, бала туу қызметінің маңыздылығымен таныстырады, назарын ерте жыныстық қатынас зиянына, аборт қауіптілігіне, қыз және оның ұрпағының денсаулығына қауіп төнетініне аударады.

Көрнекті материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).

Әдебиеттер:

Орысша

негізгі:

1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006., С.- 407-445.

қосымша:

Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-25-29

Инструкция по проведению профилактических медицинских осмотров отдельных категорий взрослого населения путем выборочных (скрининговых) обследований./ Приложение к приказу № 607 МЗ РК от 15.10.2007.

Қазақша

негізгі:

Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.

дополнительная:

Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

Ерте жыныс жетілу дегеніміз не?

Жыныстық жетілудің тежелуі дегеніміз не?

Аналық безінің құрсақішілік даму ақауларына әкелетін себептер ?

Қай жаста аналық бездің даму ақаулары ең жиі?

 

 

ОНКОГИНЕКОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС КЕШЕНІ ( ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ, БЛОК № 9)

№10 дәріс.

Тақырыбы:Ерте пайда болған репродуктивті жүйе онкопатологиясының мемлекеттік скринингті бағдарламасы. Жатыр ауруларының фондық, ісік алды аурулары.

Дәріс тезисі:Маңыздылығы. Әйел жыныс ағзаларынығ ісігі кеңінен тараған. Жатыр мойны ісігі барлық аурулардың ішінде 6-шы орында, ал әйелдердің жыныс ағзаларынын онкологиялық ауруларының ішінде 3-ші орында. Жатыр денесінің рагы -12 және 5; аналық безінің рагы -14 және 6 орында. Бес жылдық өмір сүрулері: жатыр мойны рагында 60,7%, жатыр денесінің рагында 61,4%, аналық безінің рагында 51,3% құрайды.

Онкологиядағы ең маңызды проблемалардың бірі скрининг-диагностикасы болып табылады. Скринингтау әдіске- жатыр мойнының қатерлі ісігінде онкоциталогияға жағынды алу, жатыр денесінің қатерлі ісігінде эндометриден аспирациялық биопсия, аналық бездің қатерлі ісігінде- УДЗ.

Жатыр мойнының фондық ауруларына ( нағыз эрозия, жалған эрозия, эрозияланған эктропион, лейкоплакия, эритроплакия, цервикоз, цервикальды каналдың полипы, жедел эндоцервицит, папилома, эндометриоз).

Жатыр мойнының ісік алды процесі- дисплазия: әлсіз (CIN 1), орташа (CIN 2), ауыр (CIN 3).

Жатыр мойнының патологиялық кезіндегі диагностикалау әдістері:

1. Жатыр мойнын қынаптық әйнек арқылы қарау

2. Кольпоскопия.Қалыпты кольпоскапиялық көрініс, аномальды инвазивті карсиномага күмәнді кольпоскопиялық көрініс және басқа да кольпоскапиялық көріністер. Кольпоскапия тапсырмалары.

3. Цитологиялық зерттеу әдісі. Жатыр мойны рагынын фонды және ісікалды ауруларынын клиникалық көрінісі, емдеу әдістері, профилактикалық және диспансерлік бакылау.

 

№11 дәріс

Тақырыбы: Жатыр мойны мен жатыр денесінің рагі

Дәріс тезисі:Жатыр мойны рагі қазіргі кезде кеңінен таралып, қатерлі ісік арасында 7 орында,әйелдер ауруында 3 орында 9,8% құрап тұр. Елімізде 2005 жылы ауру көрсеткіші 7,7%000, өлім көрсеткіші 4,2%000.

Жатыр мойны рагі этиопатогенезін қазіргі кезде вирусты теориямен түсіндіріледі. Негізгі түрлеріне папиллома вирусты инфекция мен герпестің 2-ші серотипі жатады.Канцерогенездің химиялық теориясы химиялық заттардың жасуша ядросына әсері арқылы жасуша ДНҚсында мутация тудыруына негізделген.Тұқымқуалаушылық теориясы вирусты теория мен онкоген концепциясын біріктіріп қарастырады.

Жатыр мойны рагінің жіктелуі:сатысы бойынш,TNM системасы, клинико-анатомиялық және гистологиялық формасы.

Клиника. Біріншілік симптомы: қатты ауырсыну,қанды бөлінді.Екіншілік симптомы:жалпы әлсіздік,шаршағыштық,еңбекке қабілетінің төмендеуі.

Диагностика. Жатыр мойны рагінің ерте сатысында негізгі әдіс кольпоскопия.Жатыр мойны рагінің 5 кольпоскопиялық типін ажыратады. Морфологиялық зерттеу.Цитологиялық зерттеу нәтижесі бес балды Papanicolau бойынша. Цитологиялық зерттеу жоғары нәтижелі.Қосымша зерттеу әдістері КТ және УДЗ, цисто-ректороманоскопия, экскреторлі урография,кеуде клеткасын рентгенге түсіру.

Емдеудің негізгі принциптері мен әдістері. Хирургиялық: конусовидная электроэксцизия, жатыр экстирпациясы, Вертгейм әдісімен жатырды қосалқыларымен экстирпациялау.Сәулелі терапия

Комбинирленген емі.

Соңғы жылдары жатыр денесі рагімен ауыратындардың саны өсуде.Республикамызда 1979 жылдан 2005ж аралығында эндометрий рагі 2,3 есеге өсті.Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші бойынша 17-ші орында. 2005 ж аурушылдық көрсеткіші 5,7%000,өлім 2,1%. Аурушылдықтың I-II сатысындағылар 78,3%.

Этиопатогенезі. Гормонғатәуелді ісіктерге нейро-эндокринді-алмасу бұзылысы маңызды. 2 патогенетикалық түрі (гормонға тәуелді,тәуелді емес).Қауіп факторы. Фонды процестер: темірлі гиперплазия, эндометриалды полиптер.Рак алды аурулары: эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы.

Рак: аденокарцинома, аденоакантома,ашықклеткалы мезонефридті аденокарцинома,темірлі-тығызклеткалы рак,дифференцияланбаған рак.

Клиникасы. Негізгі симптом – жатырлық қансырау, меноррагия немесе метроррагия, постменопаузада қанды бөлінді,ауырсыну сезімі.Жалпы симптомы: семіру немесе жүдеу, диабет, гипертония.

Диагностикасы. Скрининг-әдіс – аспирационды эндометрий биопсиясы. Жатыр денесін және цервикалды каналды диагностикалыық мақсатта бөлек қыру. Гистероскопия и гистерография. УЗИ. КТ. МРТ.Кеуде клеткасының және іш қуысының рентгендік көрінісі.

Емі. I сатысы – жатыр және қосалқыларымен экстирпациялау (G1) немесе лимфаденэктомиямен жатырды қосалқыларымен экстирпациялау + гормонотерапия прогестмен (G2), G3 кезіңде – операциядан кейінгі дистанционды ЛТ

II сатысы – комбинирленген, сәулелі ем, комплексті ем.

III сатысы - комбинирленген, қосарлас сәулелі ем, комплексті ем

IV сатысы – паллиативті ЛТ, химиогормонотерапия

 

№12 дәріс

Тақырыбы: Аналық безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері.

Дәріс тезисі:2005 жылы ҚР аурушаңдық 5,1%000, құрады, 14-ші дәрежелә орынды алды, ал патологиялық онкология құрамында 3-ші орынды алды. Меншікті салмағы І-ІІ сатысында 31,1%, ІV сатысында -19,8%.

Этиопатогенезі. Аналық бездің ісігі гормонтәуелділерге кіреді. Қауіп-қатер факторы: ерте менархе, ерте немесе кеш менапауза, бедеулік, жатыр миомасы, генитальдық эндометриоз, эндометридің гиперпластикалық процестері, гипофиздің жоғары гонадотроптық, жедел гиперстрогенемия, тұқым құалаушылық.

Аналық без ісігінің классификациясы: FIGO садиясы бойнша және TNM жүйесі бойынша, гистологиялық (ВОЗ). Аналық безінің ісігінің Клинико- морфологиялық ерекшеліктері. Аналық безінің қатерлі ісігінің клиникасы. Пішіні: асцитті емес және асцитті. Көбіне жиі шағымдарымен іштің төменгі жағының ауру сезімі, жәйсыз сезіну, іш көлемінің өзгеруі, тәбеттің болмауы, салмақтың төмендеуі, Мейгс синдромы( асцит, гидроторокс, кіші жамбас ісігі), Зәр шығару және асқазан ішік жолдарына да шағымданады, мено-метрораги. Диагностика. Ерте диагностикалау қиын, 80% науқастар диагностикалаудан аурудың кеш сатысында отеді. Скрининг-әдіс- УДЗ.КТ. Гастро-кольпоскопия, маммография, рентенография жасау құрсақ құысына, асқазан ішек жодарының рентгенографиясы, экскреторлық урограя. Лапароцентезді цитологиялық тексерумен жасау. Лапароскопия-томия. Ісіктердің маркерін анықтау:СА 125 ( серозды формасында). Метастазы: лимфогенді( кіші жамбастың лимфа түйіндері, парааорталық, бұғана асты), гематогендік(бауыр, өкпе, сүйек), имплантациялық(үлкен шарбы кіші жамбастың құрсақтық бөлігінде, құрсақ құысында).

Емі: хирургиялық, дәрі-дәрмектік, сәулелі. Хирургиялық- жатырды қосалқыларымен бірге экстирпациялау, үлкен шарбыны резекциялау.

І саты- жатырды қосалқыларымен экстирпация, үлкен шарбының резекциясы, құрсақ құысының биопсиясы, (G1) ІА,В,С, сонымен ІІА,В,С стадиясымен (G2,G3)- жатырды қосалқыларымен экстирпациялау, үлкен шарбының резекциясы +6 курс ПХТ. ІІІ, ІV сатысынды операция+ПХТ.

Химиятерапия (цисплатин, таксандар, топотекан, гемцитабин). Сәулелі терапия.

 

№13 дәріс

Тақырыбы:Аналық безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері.

Дәріс тезисі:2005 жылы ҚР бойынша аналық безінің қатерлі ісігімен ауыратындардың саны 19%000,өлімшілдік 9,1%000,ҚР-да аналық безінің қатерлі ісіктері құрылымы бойынша 3-орынды алады (екі жыныстада),1-ші орын (әйелдерде).Аналық безінің қатерлі ісігі көбінесе 40-60 жаста жиі кездеседі.Қауіп факторлары:

1.Етеккір бұзылысы (ерте менархе,кеш менапауза),жыныстық (кеш жетілу,жоқ болу),бала табушының (алғашқы босанудың кеш болуы,босанудың болмауы,түсіктер,анамнезінде түсік болуы),лактациялық (маститтер,лактацияның жетіспеушілігі).

2.Қосымша аурулар:созылмалы аднексит,аналық безінің кистасы,май басу,артериалдық гипертензия,қантты диабет,бауыр аурулары,гипотиреоз,сүт безінің дисгормональды гиперплазиясы.

3.Генетикалық факторлар (BRCA-1,BRCA-2)

4.Экзогенді фактолар:иондаушы радияция,химияляқ канцерогендер,жануар майындағы вирустарды артық қолдану,гормондарды қабылдау.

Ісікалды аурулар.Мастопатин-диффузды және түінді.Сүт безінің қатерсіз ісіктері-фиброаденома,филлоидты фиброаденома,ішкі ағысты папиллома,аденома (емізік,бездер),липома.Ісік алды аурулардың облигатты формасы - 3-ші кезеңдегі дисплазия,факультативті-2-ші кезеңдегі дисплазия.Диагностика:УЗИ,маммография,пункциялық биопсия,пневмокистография,дуктография,жағынды алу, трепано-биопсия.Түінді формасының емі-сүт безінің секторальді резекциясы.Мастопатиннің диффузды формасыны емі-консервативті.Сүт безі рагінің классификациясы:кезеңі бойынша,TNM жүйесі бойынша,клиникалық,гистологиялық.Клиника:ауру сезімінсіз ісіктік түйіндер, тері симпомдары (площадки», «умбиликации», «лимонной корки», «Кенига»),емізіктердегі қанды бөліністер.

Диагностика:Скрининг-тәсіл.Маммография.Сүт бездерін өзін тексеру.Сұрақ-жауапты тәсіл.УЗИ.Дуктография.Термография.Трансиллюминация.Пункциялық биопсия,трепано-биопсия.

Емі: Кезеңінде-лимфаденэктамиямен кең секторальді резекция+сәулелі терапия.

1-кезең-Мадден бойынша радикальды мастектомия

2-кезең-операция алдындағы сәулелі терапия СОД 40-40 Гр+Мадден бойынша радикальды мастектомия

3-кезең- операция алдындағы сәулелі терапия СОД 40-45 Гр+ Мадден бойынша радикальды мастектомия+полихимиотерапия

4-кезең-сүт безінің санитариялық ампутациясы,поллиативті сәулелі терапия,химиогормонотерапия.

Химиотерапия көрсеткіштері-аналық безі қатерлі ісігінің барлық инфильтративті формасында,қорытындымен бірге:35 жастан жоғары,1 қатерлі кезеңі,лимфа түіндеріндегі метастаздардың болмауы,қалыпты гормональды рецепторлар, Her-2-neo рецепторлаының болмауы,ісік көлемі 2,0 см дейін.

Сәлелі терапия көрсеткіші:қалыпты гормонды көрсеткіштер.Пременапауза кезіндігі гормональды терапия:Аналық без қатерлі ісігінің орталықта және медиальды орналасуы,жоспарда комбинирленген ем де бар.

Гормональды терапияға көрсеткіштері:қалыпты гормональды рецепторлар.Пременапауза кезіндегі гормональды терапия:золадекс (диферелин), овариоэктомия немесе 2 жыл бойы 28 күнде 1 рет,сосын тәулігіне 20мг тамоксифен.Постменапауза кезіндегі гормонотерапия:тамоксифен немесе иістендіретін ингибиторлар (аримидекс,фемара)

Таргентті терапия- Her-2-neo рецепторларының қалыпты кезінде моноклональды антидене трастузумаб тағайындайды (герцептин).

 

№14 дәріс.

Тақырыбы:Трофобластикалық ауру

Дәріс тезисі:Трофобластикалық ауру –басқаларымен салыстырғанда сирек кездеседі. ДДҰ зерттеушілерінің келісімі бойынша (Женева, 1985), 1000 босануға 1 реттен көпіршікті күртік(пузырный занос).Шамамен 100 мың әйел ішінен 2-уінде босанудан және аборттан кейін хориокарцинома туындайды. Көбінесе бұл ауру Азия және Оңтүстік – Шығыс елдерінде кездеседі.

Жіктелуі (ВОЗ, 1975): 1. синцитиома. 2. Көпіршікті занос. 3. Инвазивтік көпіршікті занос. 4. хориокарцинома.

Көпіршікті занос. Клиникасы: жыныс жолдарынан қанды ақкір,іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі, токсикоз,жүктілікке сәйкес жатыр көлемінің келмеуі,құсу, гипертиреоидтылық, респираторлы дистресс, тека-лютеиновые кисты яичников.

Диагностикасы. УДЗ,кеуде торының рентгенографиясы,хорионды гонадотропинді зеттеу трофобласттық бета-глобулинді, эвакуаты гистологиялық зерттеу. Көпіршікті заносты алу әдісі: медикаментозды, инструменталды, операция. Химиотерапияның көрсеткіштері: көпіршікті заностың эвакуациядан кейін 4-8 аптада ХГ жоғары титрлы ( қан сарысуында б 20000 МЕ/л жоғары, зәрде – 30000 МЕ/л жоғары);Эвакуация уақытысынан кейін кез-келген кесіндіде ХГ жоғарылауын бақылаймыз.Көпіршікті заносты 3есе қысқа зерттеуін 1айда жүргіземіз.Хориокарцинома гистологиялық түрде нақтыланады.

Хориокарцинома (ХК) – қатерлі ісік, возникающая преимущественно из элементов плодного яйца. Классификация ХК (FIGO, 1992). Қауіп факторы: 1. ХГ 100000 МЕ/л.аса 2. Ауру ағымы 6-айдан аса жүреді.Жүктілік кезеңінен бастап.ДДҰ ұйымы бойынша қауіптің даму резистенттілігі:төменгі қауіп-4-ке дейін,орташа-4-7балл,жоғары-8-ден аса баллды құрайды.Клиникасы:профузды жатырдан қан кету,лихорадка,жатырдың прогрессивті ұлғаюы және иілген формалы,тез дамитын ауыр анемия мен кахексия,анықталған метастаздар,ентігу,жөтел.

Диагностикасы: УЗИ, кеуде қуысының рентгенографиясы,ХГ гормонын зерттеу, трофобластикалық бета-глобулинді анықтау, жатыр қуысын гистологиялық зерттеу, гистероскопия, лапароскопия, ангиография, КТ.

Емі: Радикальды әдіс – химиотерапия. Монохимиотерапия – метотрексатом. Полихимиотерапия – метотрексат, лейковорин, дактиномицин. Оперативті көрсеткішке ем: қан кету,жатыр перфорациясы,химиотерапияга резистенттілігі,плацентарлы жердегі ісік.

 

№15 дәріс

Тақырыбы: Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісігі.

Дәріс тезисі:Вулва ісігі мен қынап ісігі салыстырмалы түрде сирек кездеседі және әйел жыныс мүшелерінің ісігі арасында 3-5% кездеседі.Қынап ісігімен ауыратын науқастардың орташа жасы 68 жаста.

Этиологиясы. эндокринді-зат алмасу бұзылыстары. Вирусты гипотеза.

Қынаптың сыртқы көрінісі: крауроз, лейкоплакия, жедел кондилома.

Қынаптың ісік алды аурулары: эпителийдің дисплазиясы.

Қынап ісігінің классификациясы: сатысымен, TNM жүйесімен, өсу формасы, гистологиялық форма. Клиникасы: ісік, жаралы аурулар, іріңді немесе қанды бөліністер, қынаптың ауруы, тітіркенуі немесе қышуы.

Диагностикасы: әйектермен қарау, вульвоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу, биопсия, радиоизотоптық әдіс Р 32мен, шап аймағындағы түйіндерге пункция жасау, цистоскопия, экскреторлы урография, ректоскопия,кеуде клеткасының рентгенографиясы.

Емі. О сатысы – қарапайым вульвоэктомия.

I сатысы – радикальды вульвоэктомия шап мықындық лимфаденэктомия

II сатысы – радикальды вульвоэктомия шап мықындық лимфаденэктомия + сәулелі терапия немесе ЛТ радикальды бағдарламаға сәйкестелген.

III сатысы - радикальды вульвоэктомия шап-мықын-омыртқа лимфаденэктомия+ сәулелі терапия немесе ЛТ радикальды бағдарламаға сәйкестелген.

IV сатысы – паллиативттық ЛТ, химиотерапия.

Қынап ісігі. Біріншілік екіншілік болуы мүмкін.Біріншілік қынап ісігі сирек кездеседі, әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісігінің 1-2% құрайды. Осы уақытта қынап ісіктері көбірек бақыланады. Осы уақытта Этиологиясы аз зерттелген. Қауіп-қатер тобы: созылмалы тітіркену, пессариямен ауруған кезде; хр.тітіркенуінен қынаппен жатырдың түсуімен байланысты,инволюциялық және дистрофиялық процестер; ВПГ-2, ПВИ инфицирлеу; жатыр мойыны ісігімен анамнез шағымдары бойынша жүктіліктің 8 аптасында диэтилстильбэстролды тағайындаймыз. Қынаптың сыртқы көрінісі және ісіг алды процестері. Сыртқы көрінісі – лейкоплакия және эритроплакия. Ісік алды – дисплазия.Вульва ісігінің классификация:сатысымен, TNM жүйесі, өсу формасы, гистологиялық форма.

Клиникасы:жыныс жолдарынан ақ бөлінділер бөлінуі, жатыр аймағында, сегізкөзде және шап аймағында ауру сезімі, ортақ органдардың функциясының бұзылыстары:зәрдің тез бөлінуі, соңғы бөліктердің ентігуі.

Диагностикасы: тексеру, цитологиялық зерттеу, биопсия, цистоскопия, экскреторлы урография, ректороманоскопия,кеуде клеткасының рентгенографиясы, радиоизотопты лимфография.

Емі. О сатысы – криодеструкция, СО2 лазермен терапия,қынаптың шырышты қабатындағы сау ткандарды, хирургиялық емнің барысында , 5-фтрурациловая мазьімен жүргізіледі.

I сатысы – ішқуысылы сәулелі терапия

II сатысы – тағайындалған сәулелі терапия.

III сатысы – тағайындалған сәулелі терапия.

IV сатысы – паллиативтік сәулелі, химиотерапия.

 

МАМАНДЫҚ: 051 301 – «Жалпы медицина»

КАФЕДРА: №1 акушерия және гинекология

1.4. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР ҚҰРЫЛЫМЫ

1.5.СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР БАСҚАРУЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР ҚҰРЫЛЫМЫ.СОӨЖ.

 

КУРС 4

 

ПӘНІ: «Жалпы медицина»

 

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: №1 акушерия және гинеколгия кафедрасының ПОҚ-ы

 

 

АЛМАТЫ 2012 ж

 

 

№1 акушерия және гинекология кафедрасының отырысында қаралған №9 Хаттама 30.05.12ж

 

 

№1 акушерия және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Г.К.Омарова

 

 

БЛОК №2

Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері.

№ 1 Сабақ.

1.Тақырып:Перзентхананың құрылысы мен жұмысын ұйымдастыру.Акушерлік стационарлардың санитарлық- гигиеналық ерекшеліктері.

2. Сабақтың мақсаты:

Акушерлік стационардың құрылысы, ұйымдастыру негізі және жұмыс істеу жүйесі тұралы басты мағлұмат алу

3. Оқытудың міндеттері:

Перзентхананың жұмыс істеу принциптерімен, құрылысымен және ұйымдастыруымен танысу.

Перзентхананың санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жолдардың ережесімен жете танысу.

Перзентхананың медициналық құжаттарымен және басты сапалы көрсеткіштерімен танысу.

Перзентхана бөлімшесінің аймақтандыру принциптерімен танысу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары :

1. Перзентхана дегеніміз не?

2. Акушерлік стационардың басты қызметі мен міндеті .

3. Перзентхананың құрылысы.

4. Перзентхананың жеке бөлімдерінің құрылысы және санитарлық-гигиеналық,

індетке қарсы күрестің ерекшеліктері.

5. Акушерлік стационардың жұмысының және медициналық құжаттарының негізгі сапа көрсеткіштері.

6. Перзентхананың санитарлық – гигиеналық режимі







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.