Здавалка
Главная | Обратная связь

А) трансабдоминалды УДЗ



Б) КТ

В) гонадотропты және жыныс гормондарын анықтау

Г) жүктілікке сынама жасау

Д) лапароскопия

 

266. 6,5 жастағы науқаста сүйектік жасы (костный возраст) 4-5 жастағы балаға сай, сыртқы және ішкі жыныс мүшелері 11-12 жастағыларға сай. Зерттеуден кейін гонадотропты гормондардың қалыпты деңгейі, ТТГжоғары деңгейі, қалқанша безі гормондарының төмен деңгейі анықталды. УДЗ бойынша қалқанша безінің көлемі кішкентай. Осылайшы мынадай диагноз қойылды: Қалқанша безінің гипофункциясы фонында мерзімінен ерте жетілу. Сіз қандай ем ұсынасыз?

А) тироксинмен емдеу

Б) жатыр қосалқыларын алып тастау

В) гонадолиберин аналогтарымен емдеу

Г) антиэстрогендермен емдеу

Д) парлоделмен емдеу

 

267. 18 жастағы бойжеткен, диета сақтап, 1 айда 15 кг арықтағаннан кейін етеккірінің тоқтауына шағымданады. Менархе 14 жастан, ретті, 28 күннен кейін, 3 күннен, қалыпты мөлшерд. Бойы 168 см, дене салмағы – 47 кг. Екіншілік жыныс белгілері қанағаттанарлық жетілген. Сүт бездері жақсы дамыған, ұшынан бөлінділер шықпайды. Сыртқы жыныс ағзалары әйел типімен дамыған. Қыздық пердесі сау. Ректалды – жатыр қалыптыдан кіші, қалпы дұрыс, қозғалмалы. Қосалқылары анықталмайды. Алдын ала диагнозыңыз қандай болмақ?

А) екіншілік аменорея

Б) аналық без дисфункциясы, екіншілік аменорея.

В) гипоталамустық-гипофизарлық функционалды аменорея

Г) салмақ жетіспеушілігі, екіншілік аменорея

Д) гипоталамустық-гипофизарлық дисфункция

 

268. Әйелдер кеңесіне науқас келді: бойы аласа, таңдайы доға типтес, мойны қысқа, қанат тәрізді қыртысты, бөшке тәрізді кеуде тора, сәл азайған интелектісі байқалады, кариотипі 45X0. Жыныс мүшелері - гипоплазия. Сіздің тактикаңыз:

А) орынбасар гормоналды терапия

B) гонадаларды хирургиялық әдіспен алып тастау

C) сәулемен емдеу

D) диэнцефал синдромын емдеу

E) симптоматикалық ем тағайындау

 

269. 6 жастағы қыз баланың шағымдары: сыртқы жыныс мүшелерінде ауру сезім пайда болып, зәр өткеннен кейін күйдіру және қышыну пайда болуы. Объективті: жалпы жағдайы қанағатты. Қынаптан сулы-сарғыш бөлінді байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) вульвит

B) вагинит

C) спецификалық емес вульвовагинит

D) бактериалды вагиноз

E) гонорея этиологиялы вульвовагинит

 

270. 6 жастағы қыз балада сыртқы жыныс ағзалары аймағында қышыну, ауру сезімі, зәр бөлгеннен кейін кйдіру сезімі; зерттегенннен кейін «Арнайы емес вульвовагинит» диагнозы қойылды. Ем қолданбаған жағдайда осы аурудың асқынуы болып табылады:

А) синехиялар

Б) келлоидты тыртықтар

В) кондиломалар

Г) полиптер

Д) қынап атрезиясы

 

271. 6 жастағы қыз балаға алдын ала вульвовагинит диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қосымша зерттеуді бастау керек:

А) Бактериоскопядани

Б) УДЗ-ден

В) Бактериологиялық зерттеуден

Г) Вагиноскопядан

Д) Гистероскопиядан

 

272.Гиперпролактинемия байланысты емес:

А) гипофиз ісігіне

Б) гипофиз қызметінің бұзылысына

В) гипофиз басылуына

Г) қалқанша безі қызметінің бұзылысына

Д) бүйрекүсті бездерінің дисфункциясына

273. Науқас С., 38 жаста, етеккірі тоқталғанына шағымданады. Соңғы етеккірі 1,5 жыл бұрын болды. Ыстық күніне 15 рет қинайды, ұйқысы нашар, тершең. Етеккірі 36 жасқа дейін ретті болған. Объективті: соматикалық өзгеріс байқалмайды, бойы 160см, салмағы 62кг. Сүт бездері қалыпты. Гинекологиялық тексеру жүргізігенде патология байқалған жоқ. Ықтимал диагноз қойыңыз:

А) аналық без әлсіреген синдромы

B) ерте басталған менопауза

C) аналық без резистенттік синдромы

D) ерет басталған климакс

E) Шихан синдромы

 

274.38 жастағы науқас әйелге келесі болжам диагноз қойылды: Аналық без әлсіреген синдромы. Осы диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеу жүргізіледі: , келесі шағымдармен келіп түсті: етеккір кезіндегі іштің төменгі бөлігінің интенсивті

А) трансвагиналды УДЗ жүргізу, ФСГ, эстрадиол деңгейін анықтау

B) трансвагиналды УДЗ, гистероскопия

C) трансвагиналды УДЗ, бас рентгенографиясы

D) трансвагиналды УДЗ, пролактин деңгейін анықтау

E) трансвагиналды УДЗ, пролактин, кортизол деңгейін анықтау

 

275.38 жастағы әйелде мынадай диагноз: «Екіншілік аменорея, аналық бездердің әлсіреу синдромы», қосымша зерттеуде анықталмайды:

А) аналық бездеріндегі фолликулдардың болмауы не күрт төмндеуі

Б) ФСГ деңгейінің жоғары болуы

В) эстрадиол деңгейінің жоғары болуы

Г) эстрогендер деңгейінің төмен болуы

Д) пролактиннің қалыпты деңгейі

 

276. Гонада дисгенезиясының типтік формасындағы (Шершевский-Тернер синдромы) негізгі дифференциалдық диагностикалық белгілерін көрсетіңіз:

А) кариотип 46 ХУ, әйелдік морфотип, гонадалар аплазиясы, біріншілік аменорея

B) кариотип 45ХО, әйелдік морфотип, жыныс мүшелерінің гипоплазиясы, біріншілік аменорея

C) кариотип 46ХХ, әйелдік морфотип, екіншілік аменорея, қандағы тестестеронның жоғарлауы

D) кариотип 46ХХ, вирилдік морфотип, гипоменорея, 17-КС зәріде жоғарлауы

E) кариотип 46ХХ, әйелдік морфотип, гипоменорея, жатыр гипоплазиясы, 2-жақты аналық безінің ұлғаюы зәрдегі 17-КС деңгейі орташа жоғарлауы

 

 

277. Жатыр миомасындағы эндометридің жағдайына тән:

А) пролиферация

Б) секреция

В) хорион талшықтарының болуы

Г) гиперпластикалық үрдістер

Д) полиптердің түзілуі

 

278. 46 жастағы науқас. Жетекші симптомдары: етеккірдің көп және ұзақ келуі жалпы әлсіздік, жиі зәр шығару, жатыр мойны эрозиясы. Жатыр жүктіліктің 15-16 аптасына дейін өскен, бұдырланған, тығыз, ауру сезімді. Операцияның қандай көлемін жоспарлайсыз?

А) консервативті миомэктомия

B) жатыр үсті ампутациясы қосалқыларымен бірге

C) жатыр үсті ампутациясы қосалқыларысыз

D) жатыр экстирпациясы матки қосалқыларысыз

E) жатыр экстирпациясы қосалқыларымен бірге

279. Науқас 43 жаста. 10 жыл бойы жатыр миомасы себебінен диспансерлік тіркеуде тұрады. Бір ай бойы қанды бөлінділер мазалайды, меноррагия. Меноррагия себебі?

А) шырышасты миома

B) миометрий тамырларының жетіспеушілігі

C) эндометрий гиперплазиясы

D) фибринолитикалық белсенділіктің артылуы

E) фибринолитикалық бейсенділіктің төмендеуі

 

280. Науқас 45 жаста, жыныс жолдарынан көлемді қанды бөлінділерге, ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Гемостаз мақсатымен жатыр қуысын диагностикалық қыру жүргізілді, осы кезде кюретканың «сырғанау белгісі » байқалды. Сіздің диагнозыңыз:

А) көпіршікті тығын

B) ұрық жұмырқасының қалдықтары

C) жатырдың даму ақауы

D) эндометрий полипі

E) центрапеталды өскен интрамуралды миома

281. 40 жастағы науқас З., келесі шағымдармен түсті: іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауруы, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінулердің болуы. Айнада: жатыр мойын каналынан жіңішке аяқшасы бар көлемі 6см түзіліс байқалады. Вагиналды зерттеу: жатыр шамалы ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Қосалқылары пальпацияланбайды. Сіздің диагнозыңыз?

А) цервикалды каналдың полипі

B)жатыр мойнынң қатерлі ісігі

C) туылған субмукоздық миоматоздық түйіні

D) жатыр мойнының миомасы

E) туып келе жатқан субмукозды миоматоздық түйіні

 

282. 40 жастағы науқас З., келесі шағымдармен түсті: іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауруы, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінулердің болуы. Айнада: жатыр мойын каналынан жіңішке аяқшасы бар көлемі 6см түзіліс байқалады. Вагиналды зерттеу: жатыр шамалы ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Қосалқылары пальпацияланбайды. Емдеу тактикасы?

А) түйінді бұрап алу

B) түйінді бұрап алу, диагностикалық цервикалды каналды және жатыр

қуысын қыр

C) түйіннің электроэксцизиясы, диагностикалық цервикалды канал және жатыр қуысын қыру

D) жатырдың қынапүстілік ампутациясы қосалқыларымен бірге

E) жатыр экстирпациясы қосалқыларысыз

 

283. 35 жастағы науқастың шағымдары: жалпы әлсіздік, көп мөлшердегі етеккірдің бірінші күнінен қанды бөлінділері. Вагиналды: жатыр мойны цилиндрлік формалы, мойны жабык. Жатыр 8-9 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, аурусыз, тегіс. Қосалқылары пальпацияланбайды. Берілген этапта емдеу?

А) жатыр қуысын қыру

B) жатырдың қынапүстілік ампутациясы қосалқыларымен бірге

C) жатыр экстирпациясы қосалқыларысыз

D) эстроген-гестагенды препараттар

E) симптоматикалық терапия

 

284. 39 жастағы әйел эндометриінің қырындысын гистологиялық зерттеу нәтижесі – эндометридің безді гиперплазиясы. Емдеуді таңдаңыз:

А) рентгендік сәулемен емдеу

B) қосарланған сәулелік терапия







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.