Здавалка
Главная | Обратная связь

тесттік тапсырмалар

Операция барысында науқасқа қан тобы сәйкес келмейтін қан құйылды. Науқастың жағдайы ауыр, есінен таныған, аяқ-қолдарының құрысулық дірілі байқалалды. Қан талдамасында: анемия, тура емес билирубиннің жоғарылауынан гипербилирубинемия дамыған, қалдық азоттың көбеюінен гиперазотемия, мочевина, креатинин анықталған. Тәуліктік диурез – 200 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,009–1,012. Науқаста зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылыстарының қандай біртектес түрі дамыған?//

созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі//

жіті бүйрек жеткіліксіздігі//

нефротикалық синдром//

нефритикалық синдром//

зәрлік синдром

***

Бүйректің шумақтық аппаратындағы мембранасының біріншілікті зақымдануы осы кезде байқалады://

гломерулонефритте//

бүйректің амилоидозында//

бүйректің поликистозында//

пиелонефритте//

циститте

***

Нефрондардың шумақтық қызметінің бұзылыстары осыған әкеледі://

натрийдің кері сорылуының төмендеуіне//

аминқышқылдардың бөлінуінің азаюына//

ультрафильтраттар түзілуінің төмендеуіне//

бүйректің концентрациялау қабілетінің артуына//

сутегі иондары экскрециясының жоғарылауына

***

Шумақтық сүзілудің төмендеуі кезінде байқалады://

полиурия//

глюкозурия//

аминоацидурия//

гиперазотемия//

бүйректік ацидоз

***

Шумақтық сүзілудің жоғарылауы осының төмендеуінің нәтижесінде байқалады://

қандағы систолалық қысымның//

қандағы гидростатикалық қысымның//

қандағы онкотикалық қысымның//

қандағы артериялық қысымның//

қандағы веналық қысымының

***

Зәр шығару жүйесінің дерті кезіндегі кері сорылудың бұзылыстары осы кезде дамиды://

нефрон шумақшаларының бүлінулері//

бүйрекішілік қысымның төмендеуі//

түтікшелердің дистрофиялық өзгерісі//

Шумлян-Баумен капсуласы мембранасының бүлінуі//

капилярлар шумақшасындағы гидростатикалық қысымның жоғарылауы

***

Проксимальді тубулопатияның көріну белгісі болып саналады://

глюкозурия//

цилиндрурия//

гиперазотемия//

билирубинурия//

қантты емес зәрдің шығуы

***

Науқас 20 жаста, көлік апаты болған жерден клиникаға жеткізілді. Көкірек қуысы және іші көптеп зақымдалған. Есі шатасқан. Терісі бозарған, жабысқақ суық термен жабылған. Жүректің соғу жиілігі – минутына 120 рет, артериялық қысым – 70/30 мм сын.бағ. Тәуліктік диурез - 50 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы -1,020, ақуыз – 0,99 г/л. Науқаста зәрдің қандай сандық және сапалық өзгерістері дамыған?://

олигурия, гиперстенурия//

олигурия, гипостенурия//

олигурия, протеинурия//

анурия, протеинурия//

анурия, изостенурия

***

Натрийдің түтікшелік реабсорбциясы осы кезде жоғарылайды://

альдостерон өндірілуінің жоғарылауы//

сынаптық диуретиктерді тағайындағанда//

бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі//

бүйректегі ацидо- және аммониогенездің тежелуі//

нефрон түтікшелерінің деструктивті өзгерістері

***

Бүйрек қызметінің төмендегені туралы куәлендіреді, егер зәрдің салыстырмалы тығыздығы осыған тең болса://

1,040//

1,028//

1,019//

1,010//

1,002

***

1 типті қантты диабетпен ауыратын науқастың зәр талдамасын зерттегенде анықталды: тәуліктік диурез – 2800 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,039, зәрдегі глюкоза . Науқаста дерттің қандай біртектес түрі анықталды?://

антидиурез//

сулы диурез//

осмостық диурез//

бүйректік жеткіліксіздік//

диабеттік гломерулосклероз

***

Зәрдің сандық және сапалық өзгерістері аталады://

уремия//

зәрлік синдром//

нефротикалық синдром//

нефритикалық синдром//

бүйрек жеткіліксіздігі синдромы

***

Гематурия – бұл осының зәрде болуы://

ақуыздың//

цилиндрлердің//

лейкоциттердің/

эритроциттердің//

эпителий жасушаларының

***

11 жастағы жасөспірім егулерден кейін 10 күн өткен соң әлсіздік, бетінің ісінулері, әсіресе ұйқыдан тұрған соң, тағы басының айналуына шағымданады. Артериялық қысым – 150/95 мм сын.бағ. Диурез – 750 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,028, ақуыз – 1,6 г/л. Зәр шөгіндісінің микроскопиясында: өзгерген эритроциттер - 30–40 көру аймағында, лейкоциттер – 6-8 көру аймағында, гиалинді және эритроцитарлы цилиндрлер көп емес. Көрсетілген клиникалық-лабораториялық белгілер зәр шығару жүйесі дертінің қандай біртектес түріне тән?://

липоидты нефроз//

гломерулонефрит//

бүйрек амилоидозы//

пиелонефрит//

цистит

***

Тубулярлық протеинурия осы кезде дамиды://

гистурияда//

шұмақтық өткізгіштік жоғарылағанда//

ақаулық ақуыздардың бөлінуі жоғарылағанда//

қанның сары суындағы ақуыздар мөлшері төмендегенде//

ультрафильтраттар ақуыздарының кері сорылуы төмендегенде

***

Науқас 22 жаста, жедел тонзиллиттен 2 апта өткен соң жайылымды ісінулер байқалды. Диурез – 500 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,025 , ақуыз – 1,5 г/л. Зәр шөгіндісінің микроскопиясындағы көру аймағында анықталды: лейкоциттер – 2-4, эритроциттер – 25–28, гиалинді цилиндрлер – 0-1. Науқастағы зәрлік синдром қандай әйгіленімдермен көрсетілген?://

анурия, гиперстенурия, гематурия//

олигурия, протеинурия, гематурия//

олигурия, лейкоцитурия, гематурия//

олигурия, гипостенурия, протеинурия//

олигурия, лейкоцитурия, цилиндрурия

***

Бүйректік диабет кезіндегі глюкозурия дамуының тетігі осымен байланысты://

дистальді бүйректік түтікшелердің зақымдануымен//

"бүйректік табалдырықты" жоғарылататын гипергликемиямен//

шумақтық мембрана өткізгіштігінің артуымен//

бүйрек түтікшелеріндегі бөліну үрдістерінің бұзылыстарымен//

бүйрек түтікшелеріндегі гексокиназа белсенділігінің төмендеуімен

***

Изостенурия кезінде соңғы зәрдің салыстырмалы тығыздығы өзгереді://

1006-1012//
1010-1011//

1016-1020//
1020-1030//
1025-1035
***

Зәр шығаруының жиіленуі аталады://

дизурия//

никтурия//

олигурия//

оллакиурия//

поллакиурия

***

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқаста күндізгі диурездің түнгі диурезге арақатынасы 1:1 құрайды. Науқаста бүйрек дертінің қандай біртектес түрі дамыды?://

олигурия//

полиурия//

никтурия//

гематурия//

глюкозурия

***

Сулы диурез осы кезде дамиды://

бүйректік диабет//

зәр қышқылдық диабетте//

қантты емес диабетте//

1 типті қантты диабетте//

2 типті қантты диабетте

***

Жіті гломерулонефрит кезіндегі протеинурия осының нәтижесінде дамиды://

бүйректік қанағыстың азаюы//

түтікшелердегі ақуыздардың кері сорылудың азаюы//

шумақшалар қабырғасының электрлік зарядының азаюы//

шумақшалар капиллярларының өткізгіштігінің артуы//

шумақшалар гиперперфузиясы

***

Бүйректің өзіндік тіні мен тостағанша-түбекшелік аппаратының жаппай зақымдануымен көрінетін арнайы емес инфекциялық-қабынулық ауруды атайды://

пиелонефрит//

бүйрек амилоидозы//

бүйрек поликистозы//

гломерулонефрит//

липоидты нефроз

***

Пиелонефрит дамуының негізгі этиологиялық факторы болып саналады://

ішек таяқшасы//

вирустар//

стрептококк//

микоплазма//

саңырауқұлақтар

***

Пиелонефриттің патогенезіндегі негізгі фактор болып саналады://

уродинамиканың бұзылыстары//

бүйректің аутоиммунды зақымдануы//

эндогенді токсиндердің түзілуі//

жүйкелік реттелудің бұзылыстары//

гормональді бұзылыстар

***

Жіті пиелонефрит кезіндегі зәрлік синдромға тән болып саналады://

лейкоцитурия, цилиндрурия, макрогематурия//

протеинурия, цилиндрурия, макрогематурия//

лейкоцитурия, цилиндрурия, микрогематурия//

пиурия, цилиндрурия, макрогематурия//

гистурия, цилиндрурия, полакиурия

***

Пиелонефритте түтікшелік қызметтердің бұзылыстары нәтижесінде байқалады://

қанда азот өнімдерінің жиналуы//

зәрде эритроциттердің пайда болуы//

глюкозаның кері сорылуының жоғарылауы//

ақуыздардың кері сорылуының жоғарылауы//

бүйректің концентрациялау қабілетінің төмендеуі

***

Обструкциялық уропатиялар патогенезіндегі маңызды://

зәр пассажының бұзылуы//

түтікшелерде секрецияның бұзылуы//

түтікшелерде экскреция бұзылуы//

зәрдің қоюландырудың бұзылуы//

шумақтық фильтрацияның азаюы

***

Обструкциялық уропатияларға тән болып саналады://

иммундық кешендермен шумақтардың зақымдалуы//

шумақтық мембрананың өткізгіштігінің артуы//

қызмет атқаратын нефрондардың тез арада азаюы//

тубулоинтерстициальді тіннің ремоделденуі//

түтікшелер эпителиінің тасымалдау қызметтерінің күшеюі

***

Обструкциялық уропатияларда бүйректің склероздануы шақырады://

қызмет атқаратын нефрондардың саны өсуін//

иммундық агрессия механизмдерінің тежелуін//

бүйрекішілік қанағыстың редукциясын//

коллаген түзілуінің тежелуі//

тостағаншада қысым төмендеуіне

***

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде зат алмасудың уытты өнімдерінің құрамы қанда азаюы осыны қолдану арқылы іске асырылады://

қан құю арқылы//

бүйректік гемодиализді//

күшейтілген диурезді//

антибактериялық терапияны//

гиперосомоляльді ерітінділер инфузиясын

***

Жіті гломерулонефрит дамуының этиологиялық ықпалы ретінде жиі осы қоздырғыш саналады://

токсоплазма//

желшешек вирусы//

β-гемолиздік стрептококк//

стафилококк//

пневмококк

***

Жіті гломерулонефритпен ауыратын науқастың зәр тұнбасының микроскопиясында байқалатын тән өзгерістер://

лейкоцитурия, цилиндрурия//

лейкоцитурия, бактериурия//

пиурия, микрогематурия//

гематурия, протеинурия//

гематурия, бактериурия

***

Табиғаты инфекциялық-аллергиялық жіті гломерулонефриттің дамуында маңызды://

түтікшелер эпителиінің деструкциясы//

бүйректен зәрдің баяу ағып кетуі//

жасушалық детритпен түтікшелердің саңылауының бітелуі//

шумақша аутоантигендеріне қарсы аутоантиденелердің түзілуі//

қан айналымындағы иммундық кешендердің түзілуі

***

Зәрдегі табиғаты ренальді дерттік бөліктеріне жатады://
сілтіленген эритроциттер//

тікелей емес билирубин//

өт қышқылдары//

бактериялары//

шырыш
***

Гломерулонефрит кезінде ісінулер дамуы осымен байланысты://

ақуыздардың реабсорбциясының бұзылуымен //

бүйректе лимфа ағып кетуі бұзылуымен//

мембраналар өткізгіштігі жоғарылауымен//

тамырларда гидростатикалық қысым жоғарылауымен//

бүйректік тінде онкотикалық қысым төмендеуімен

***

Диффузиялы созылмалы гломерулонефритке тән болып саналады://

бүйректік шумақтардың фиброздық тінмен орын алмасуы//

мезангиальді жасушалардың пролиферациясының тежелуі//

бүйрек паренхимасының іріңді қабынуы//

комплемент жүйесінің тежелуі//

апоптоз процестерінің тежелуі

***

Созылмалы диффузиялы гломерулонефрит кезінде иммундық аутоагрессия тетіктері дамығанын айқындайды://

антистрептокиназаныңөндірілуі//

О антистрептолизиннің өндірілуі//

нефроцитоуытты антиденелердің өндірілуі//

бүйрек тініне лейкоциттердің миграциясының жылдамдауы//

комплемент жүйесінің белсенуі

***

Ренопаренхиматоздық артериялық гипертензия осы кезде байқалады://

бүйректі алып тастағанда//

пиелонефритте//

гломерулонефритте//

бүйректік артерияның тробозында//

туа біткенде бір бүйректің жоқ болғаны

***

Протеинурия, гипо- и диспротеинемия, гиперлипидимия, липидурия, ісінулер осының көрінісі болып саналады://

зәрлік сидромның//

нефротикалық сидромның//

нефритикалық сидромның//

жіті бүйректік жеткіліксіздігі сидромының//

созылмалы бүйректік жеткіліксіздігі сидромының

***

Нефротикалық синдром кезінде шумақтық сүзілудегі өткізгіштіктің жоғарылауы осымен байланысты://

Шумлян – Боумен капсуласының дистрофиялық өзгерісі//

базальді мембрана және подоциттердің кіші өсінділерінің деструкциясымен//

шумақшаларда сиалогликопротеин мөлшерінің жоғарылауы//

Tam-Horsfall ақуызының базальді мембранада жиналуы//

базальді мембрананың қалыңдауы

***

Нефротикалық синдром кезінде дамитын протеинурия саналады://

протеинуриялық толу механизмінің//

шумақтық механизм//

бөлінулік механизм//

тубулярлық механизм//

гистуриялық механизм

***

Нефротикалық синдром кезіндегі ісінулер осының нәтижесінде дамиды://

лимфа ағып кетуінің бұзылуы//

капиллярлар өткізгіштігінің артуы//

гидростатикалық қысымның жоғарылауы//

бүйректегі тінішілік қысымның жоғарылауы//

қандағы онкотикалық қысымның төмендеуі

***

Екіншілікті нефротикалық синдром осы кезде дамиды://

липоидты нефрозда//

ошақты гломерулосклерозда//

мембраналық гломерулонефритте//

қатерлі өспелерде//

мембраналық- пролиферативті гломерулонефритте

***

Біріншілікті нефротикалық синдром осы кезде дамиды://

қантты диабетте//

липоидты нефрозда//

сарысулық ауруларда//

жүкті әйелдердің нефропатиясында //

бүйректік артериялардың тромбозында

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздіктің дамуында құрылымдық негізі болып саналады://

нефросклероз//

тубулярлық некроз//

шумақтық капиллярдың ақаулары//

бүйрек тінінің инфекциялық зақымдануы//

табиғаты қабынулық бүйректің диффузды зақымдануы

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің бүйрек алды себептерінің дамуы осыған әкеледі://

некронефрозға//

зәрдің жіті кідіруіне//

бүйректегі қан ағысының төмендеуіне//

бүйректен зәрдің ағып кетуінің бұзылуына//

бүйрек паренхимасының біріншілікті зақымдануына

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің бүйрек алды себептері болып саналады://

кардиогенді шок//

жіті гломерулонефрит//

бүйрек тас ауруы//

бүйректің ісіктік аурулары//

бүйрек түтікшелерінің ферментопатиялары

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің преренальді түрінде байқалады://

ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйелердің белсенуінің тежелуі//

шумақшаларда тиімді фильтрациялық қысымның төмендеуі//

бүйректің қыртысты затындағы бүйректік қанағыстың жылдамдауы//

бүйрек шумақтарының иммунды-қабынулық өзгерістері//

шумақтық сүзілудің жылдамдығының жоғарылауы

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің ренальді себептерінің дамуы осыған әкеледі://

зәрдің жіті кідіруіне//

бүйрек паренхимасының біріншілікті зақымдануына//

бүйрек шумақтарының жылдам склероздануына//

жіті бүйректік қанайналымның бұзылыстарына//

зәр шығару жолдарынан зәрдің ағып кетуінің бұзылуы

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің ренальді себептері болып саналады://

жіті пиелонефрит//

бүйректас ауруы//

жіті сусыздану//

жарақаттық шок//

несепағардың стриктурасы//

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің постренальді себептерінің дамуы осыған әкеледі://

бүйректің қыртысты затының ишемиясына//

жіті бүйректік қанайналымның бұзылуына//

тубулярлық некроздың біріншілікті дамуына//

бүйрек паринхимасының біріншілікті зақымдануына//

зәр шығару жолдарынан зәрдің ағып кетуінің бұзылуына

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің бүйректен кейінгі себебі болып саналады://

коллапс//

уремиялық кома//

миокард инфаркты//

диффузды гломерулонефрит//

несепағардың таспен бітелуі

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің пререальді түрінің патогенезінің негізгі тізбегі болып саналады://

бүйректік қанағыстың жылдамдауы//

кортикомедуллярлы шунттардың ашылуы//

бүйректің қыртысты қабатындағы артериолалар дилятациясы//

бүйректің милы қабатындағы қанмен қамтамасыз етуінің азаюы//

бүйректің қыртысты қабатында ишемия және гипоксияның дамуы

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігінің патогенезінде маңызды рөлді атқарады://

бүлінген өзекшелер арқылы интерстицияға фильтраттардың жиналуы//

ренин-ангиотензинді жүйелердің белсенділігінің тежелуі//

шумақтардың дәнекер тінмен орын алмасуы//

түтікшелерде эпителий апоптозының тежелуі//

афферентті артериолалар вазодилатациясы

***

Жіті бүйректік жеткіліксіздігі дамуының олигоануриялық сатысына тән болып саналады://

гиповолемия//

гипокалиемия//

газдық ацидоз//

гиперстенурия//

ретенциялық гиперазотемия

***

Науқас, 24 жаста, өзін өзі өлтіру мақсатымен сулемамен уыттанғаннан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 3 тәулік өткен соң науқаста құсу, құрысулар, жүрек ырғағының бұзылуы байқалды, өкпе ісінуі дамыды, артериялық қысымы жоғарылады. Қанның талдамасында калий, мочевина, креатинин, қалдық азоттың мөлшері жоғарылаған. Тәуліктік диурез – 80 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,012. Тиімді емдеу шараларын жүргізгенде науқаста бүйрек дертінің біртектес түрінің қандай сатысы дамуы мүмкін?//

бастапқы//

полиуриялық//

олиго-ануриялық//

уремиялық//

сауығу

***

Созылмалы бүйректік жеткіліксіздігіне тән болып саналады://

нефросклероздың дамуы//

бүйрек өзекшелерінің бітелуі//

дерттік үрдістің қайтымды болуы//

бүйректің қызметі жойылуының жылдам өршуі//

қыртысты қабатта артериолалардың айқын тарылуы

***

Созылмалы бүйректік жеткіліксіздігі кезіндегі диурездің ерте бұзылуы көбінесе дамиды://

поллакиурия//

олигоурия//

полиурия//

никтурия//

анурия

***

Нефротикалық синдром кезінде диспротеинемия осымен сипатталады: //

альбуминдердің төмендеуімен,α – және β-глобулиндердің жоғарылауымен //

альбуминдердің жоғарылауымен, α – және β-глобулиндердің төмендеуімен//

альбуминдердің жоғарылауымен, β-глобулиндердің жоғарылауымен//

альбуминдердің төмендеуімен, ү-глобулиндердің жоғарылауымен//

парапротеиндердің пайда болуымен

***

Созылмалы бүйректік жеткіліксіздігінің олигоуриялық сатысында байқалады://

осмостық диурездің дамуы//

шумақтардағы фильтрацияның көбеюі//

шумақтардағы фильтрацияның азаюы//

бүйректің зәрді араластыру қабілетінің күшеюі//

бүйректің зәрді концентрациялау қабілетінің күшеюі

***

Уремияның дамуы кезінде қызмет атқаратын нефрондардың саны азаяды://

нефрондардың 80%//

нефрондардың 70%//

нефрондардың 50%//

нефрондардың 30%//

10% және одан төмен

***

Созылмалы бүйректік жеткіліксіздігінің негізгі иммундық емес тетігі болып саналады://

қызмет атқаратын нефрондарға жүктеменің аз болуы//

калликреин-кининді жүйелердің белсенділігінің тежелуі//

бүлінбеген нефрондардың теңгерілген гиперфильтрациясы//

оттегінің бос радикалдары және цитокиндер түзілуінің азаюы//

шумақтың базальді мембрансы антигендеріне аутоантиденелердің өндірілуі

***

Созылмалы бүйректік жеткіліксіздігіне тән болып саналады://

бүлінген нефрондар регенерациясының күшеюі//

бүйректің көлемінің кішіреюі және бүрісуі//

қызмет атқаратын нефрондарға жүктеменің аз болуы//

гипертрофияланған өзекшелер санының көбеюі//

бүйректегі шумақтардың гипертрофиясынан бүйрек көлемінің ұлғаюы

***

Созылмалы бүйректік жеткіліксіздігінің бірінші сатысында байқалады://

уремиялық токсиндердің жиналуы//

бүлінген шумақтардың регенерациясы //

бүйрекішілік қысымның жоғарылауы//

шумақтық фильтрацияның 50% дейін азаюы//

тәулігіне диурездің 100 мл дейін азаюы

***

Созылмалы бүйректік жеткіліксіздігінің уремиялық сатысына тән:
гипокалиемия//

газдық емес ацидоз//

екіншілікті гипопаратиреоз//

креатинин клиренсінің жоғарылауы//

бүйректің концентрациялау қызметінің жоғарылауы

***

Нефро- және уролитиаз дамуының экзогенді факторы болып саналады://

паратгормонның көп болуы//

В6 дәруменінің өте көп болуы//

тағамда йодтың артығымен болуы//

тағамда ақуыздың артығымен болуы//

суда кальций тұздарының артығымен болуы

***

Бүйрек тас ауруларындағы тастардың түзілуі осыған әкеледі://

бүйректің аммиак және аммоний түзу қабілетінің жоғарылауы//

қанның сары суындағы зәр қышқылы мөлшерінің жоғарылауы//

зәрде сутегі иондарының концентрациясының жоғарылауы//

бүйректе лимон қышқылы бөлінуінің бұзылуы//

зәрде кальций мөлшерінің жоғарылауы

***

Тұздардың ерігіштігінің төмендеуі және тастардың түзілуі осыған әкеледі://

зәрде пирожүзім қышқылының азаюына//

зәрде кешен түзушілердің жоғарылауына//

зәрде кристаллизациялауды тежегіштердің жоғарылауына//

зәрде солюбилизаторлардың азаюына//

зәрде мукопротеидтердің азаюына

***

Амилоидоз патогенезіндегі иммунологиялық теориясындағы AL-амилоидоздың дамуының негізінде басты патогенездік фактор болып саналады://

Т-лимфоциттер санының жоғарылауы//

В-жасушалардың апоптозға қабілетінің күшеюі//

амилоидобласттардың апоптозға қабілетінің күшеюі//

Т-супрессорлардың В-лимфоциттерге бақылаушы әсерінің күшеюі//

В-лимфоциттерден иммуноглобулиндердің амилогенді тізбегінің өндірілуі

***

Амилоидоздың уремиялық сатысына тән болып саналады://

өзекшелер мен жинағыш түтікшелерде амилоид жиналуымен//

түтікше гипертрофиясымен бүйрек көлемінің бірден ұлғаюы//

айқын гиперазотемиямен бүйректің көлемінің кішіреюі//

шумақтардың қыртысты затында амилоидтың пайда болуы//

нефротикалық синдромның дамуы

***

Науқас 35 жаста, бойының ұзындығы 100 см. Мойыны қысқа, тері қатпарлары кеңейген, шүйдесінен жауырын астына дейін созылады, көкірек қуысы деформацияланған. Бедеулік, екіншілікті жыныс белгілері жетілмеген. Кариотип 44А Х0. Жыныстық хроматин жоқ. Науқаста жыныстық жетілудің бұзылуының қандай біртектес түрі дамыды?//

гиперэстрогения//

гиперандрогения//

біріншілікті гипогонадизм//

екіншілікті гипогонадизм//

жүре пайда болған аналық бездің жеткіліксіздігі

***

Ер балада туылғаннан аталық безінің болмауы, аталық безінің қосалқысы және шәует шығатын түтіктері жетілмеген. Жыныс жүйесіндегі осы ақаудың дамуы қалай аталады?://

вирилизация//

крипторхизм//

евнухоидизм//

гермафродитизм//

тестостерон түзілуінің жоғарылауы

***

Әйелдерде біріншілікті гипогонадизм сипатталады://

феминизациямен//

гиперэстрогенизациямен//

климакстың кеш дамуымен//

жыныс бездерінің гипофункциясымен//

жыныс мүшелерінің ерте жетілуімен

***

Ерлерге және әйелдерге тән белгілердің бір адамда кездесетін дерті аталады://

евнухоидизм//

гипогонадизм//

гонада дисгенезиясы//

гермафродитизм//

дерттік феминизация

***

Науқас 42 жаста, сүт бездері обырына операция жасалғаннан кейін өте көп мөлшерде бұлшықет ішіне тестостерон-пропионат инъекциясы тағайындалды. Емделгеннен 2 аптада өткен соң науқаста даусының жуандауы, бетінде және денесінде шаштардың пайда болуы, бетінің ісінуі, жыныстық қозудың жоғарылауы, басының айналуы, жүрегінің айнуы байқалған. Осы әйелде дерттің қандай біртектес түрі дамыған?//

климакс//

вирилизация//

гинекомастия//

феминизация//

гипогонадизм

***

Жасөспірімнің семіруінің нәтижесінде жыныс бездерінің қызметі төмендеген, жыныстық жетілудің екіншілікті белгілері нашар дамыған, қаңқасының диспропорциялық белгілері байқалады, дауысы әйелдің дауысына ұқсас. Науқастағы жыныстық жетілу мен жыныстық қызметтің бұзылуының себебі қандай?//

Лейдиг жасушаларының гиперплазиясы//

гипоталамуста гонадолибериндердің артығымен жиналуы//

бүйрек үсті безіндегі андрогендердің гиперсекрециясы//

фолликула ынталандырушы гормонның тапшылығы//

аденогипофизде гонадотропиндердің тапшылығы

***

Лейдиг жасушаларынан дамитын ісіктер осының дамуына әкелуі мүмкін://

гипергонадизмге//

гипогонадизмге//

евнухоидизмге//

вирилизацияға//

гипоспадияға

***

Жаңа туған нәрестеде аталық безі тері астында, бұтаралықта орналасқан. Осы жыныстық жетілудің ақауы қалай аталады://

аталық безінің эктопиясы//

гипоспадия//

монорхизм//

полиорхизм//

крипторхизм

***

Бүйрек үсті безі қыртысының торлық аймағындағы ісіктер өндіреді://

кортизол және альдостерон//

андрогендер және эстрогендер//

адреналин және норадреналин//

окситоцин және вазопрессин//

соматотропин және лютропин

***

Науқас 27 жаста, ауыр жарақаттың салдарынан хирургиялық кастрация жасалынды, осының нәтижесінде аталық безінің екеуінде алып тастады. Объективті: терісі босаңсыған, бұлшық еті нашар дамыған, бұлшық еттік күші төмендеген. Бетінде, қолтық астында, денесінде шаштары жоқ, гинекомастия байқалады. Тері асты-майлы қабаты жақсы дамыған, бірақ таралуы біркелкі емес: майлардың жиналуы көбінесе іш аймағында, санында, сүт бездерінде байқалған. Науқастың қанында қандай гормондардың мөлшері анықталған және бұл гормондар қалай өзгерген?//

тестостеронның азаюы//

лютеиндеуші гормонның азаюы//

фолликуланы ынталандырушы гормонның азаюы//

эстрогендердің көбеюі//

андрогендердің көбеюі

***

Науқас, 30 жаста, бойы ұзын, дене бітімі ерлер тәрізді, біріншілікті және екіншілікті жыныстық белгілері жетілмеген, ақыл-есі кемтар. Кариотип 44А ХХХ, иегіндегі шырышты қабатындағы жасушалардан 2 Барр денешігі анықталды. Осы көрсетілген синдромда жыныстық жетілудің бұзылыстарының қандай белгілері анықталды?://

ерте менархе//

полименоррея//

алдамшы аменорея//

біріншілікті дерттік аменорея//

екіншілікті дерттік аменорея

***

Қыздарда біріншілікті гипогонадизм осы кезде байқалады://

Шерешевский-Тернер синдромы//

Иценко-Кушинг синдромы//

Кляйнфельтер синдромы//

Фанкони синдромы//

Даун синдромы

***

 

**

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.