Здавалка
Главная | Обратная связь

Патофизиология хронической почечной недостаточности (ХПН)

- прогрессирующее уменьшение функций почек

Причины:

Хронические заболевания почек:

гломерулонефриты, пиелонефриты, поликистоз почек, амилоидоз почек, мочекаменная болезнь, поражения почек сахарном диабете, при гипертонической болезни, атеросклерозе

ПАТОГЕНЕЗ:

прогрессирующая гибель нефронов и замещение их соединительной тканью (нефросклероз) ® прогрессирующее снижение функции канальцев и клубочков ® уменьшение мочеобразования ® уремия ® уремическая кома

Chronic renal failure
is progressive and irreversible deterioration of renal function due to slow destruction of renal parenchyma, eventually terminating in death when sufficient number of nephrons have been damaged.

The reasons: chronic diseases of kidneys and urinary tract: glomerulonephritis, pyelonephritises polycystic kidney disease, urolithiasis, hydronephrosis, diabetic nephropathy, damage of kidneys at essential hypertension, atherosclerosis

Pathogenesis

Progressive destruction of nephrons and their replacement by connective tissue (nephrosclerosis) progressing reduction of tubular and glomerular functions reduction of urine formation uremia uremic coma

БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ (БСЖ) САТЫЛАРЫ

Бүйрек қызметі бұзылуының дәрежесі бойынша:

Жасырын саты Қандағы қалдық азот қалыпты, шумақтық сүзілу деңгейі 50%-ға дейін төмендейді.  
Гиперазотемиялық саты Гиперазотемия, шумақтық сүзілу деңгейі 20% -ға дейін төмендейді.
Уремиялық саты   Уремия, жоғары дәрежелі гиперазотемия, шумақтарда несептің сүзілу деңгейі 10- 5% -ға дейін төмендейді.

Диурез бойынша:

Жасырын саты диурез қалыпты, Зимницкий сынауы қалыпты, жүктемелік сынауда (құрғақ тамақтанғанда) бүйректің қоюландыру қабілетінің төмендеуі байқалады.
Полиурия саты Гипостенурия, бүйрек түтікшелерінің қоюландыру қабілетінің әдеттегі жағдайдан төмендеуі.
Олигурия саты Уремия, изостенурия, диурез 500 мл- ден аз.

 

Уремия( грекше. uron –несеп, haima - қан) – зәрліқан.

Бүйрек қызметінің теңгерілмеген кезінде пайда болатын синдром.

Патогенезі:

1. Қалыпты жағдайда бүйрек арқылы несеппен шығарылтын, зат алмасу өнімдерімен организмнің аутоуыттануы:

- қалдық азоттың құрамбөлшектері - азоттық (аммиак, креатинин, несеп қышқылы, зәрнәсіл ж.б.) қалдықтармен

- аминқышқылдары метаболизмі (фенол, скатол, индол) ж.б. өнімдерімен

2. су-электролиттер алмасуының бұзылуы:

- гипоосмолялдық гипергидратация = сумен улану;

- гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокәлциемия, гипонатриемия, гиперфосфатемия, гиперсульфатемия;

3. метаболизмдік ацидоз (биокарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылуы, сутегі иондары шығарылуының төмендеуі);

4. гормондар, витаминдер (вит.Д) метаболизмінің бұзылуы,

5. эритропоэтиндер, простагландиндер, кининдер ж.б.түзілуінің бұзылуы,

Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі

I. нейропсихикалық әйгіленімдер:

шаршағыштық, бас ауыру, рефлекстердің тежелуі, дәм сезу мен естудің бұзылуы, діріл, ұйқысыздық, тұнжырау, мидың ісінуі, кома.

патогенезінде маңызды:

- уыттану;

- қышқылдық-сілтілік үйлесімдіктің бұзылуы;

- гипергидратация;

- электролиттер алмасуының бұзылуы;

- гипоксия.

II. Жүрек - қантамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары:

- Миокардтың дистрофиясы, жүрек ырғақсыздығы (электролиттер алмасуының бұзылуы, гипоксия, уыттану), перикардит (шырышты қабықтардан уытты өнімдердің бөлінуі),

III. Тыныс алу ағзалары қызметінің бұзылуы:

Өкпе ісінуі, пневмония, плеврит

IV. қан көрсеткіштерінің өзгерістері:

- анемия (эритропоэтин тапшылығы, эритроциттердің гемолизі)

- қан ұюының бұзылуы (қанағыштық синдром, ТШҚҰ-синдром)

V. АІЖ жолдары қызметінің бұзылуы:

жүректің айнуы, құсу, анорексия, гастроэнтероколит:

патогенезінде маңызы бар:

- Уыттану;

- Гипоксия;

- АІЖ шырышты қабықтары арқылы азот қалдықтарының бөлінуі.

VI. Терідегі өзгерістер:

қышу (азот өнімдерімен жүйке ұштарының тітіркенуі)

«уремиялық қырау» - тері бездері арқылы зәрнәсілдің, зәр қышқылы тұздарының бөлінуі.

гиперпигментация

VII. Сүйек –бұлшықет жүйесінің бұзылыстары:

Д витаминінің белсенді түрі түзілуінің бұзылуы ® гипокәлциемия ® салдарлық гиперпаратиреоз ® боркеміктену, кәлциноз (бүйректік мешел)

 

4. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық көрсетілімі

5. Әдебиеттер

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579

2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 428 - 432

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009 .-С.460-467

4. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 530-538

5. Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 181-192

Қосымша

6. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221

7. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 616 - 620

8. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки. М. –СПб: изд-во БИНОМ, 2002.- 206с

 

6. Бақылау сұрақтары

  1. БСЖ дамуының жиі себептері
  2. БСЖ - дағы полиурияның патогенезі
  3. БСЖ - дағы олигурияның патогенезі
  4. Уремия дегеніміз не?

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

№ 1 тақырып. «Несеп шығару жүйелерінің қабыну ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструкциялық уропатия. Несептік синдромның патогенезі».

Сабақтың мақсаты:

Несеп шығару жүйесі қабынулық ауруларының патогенезі, этиологиясы бойынша білімін қалыптастыру, студенттердің коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Несеп шығару жүйесі қабынулық ауруларының, несептік синдромның этиологиясы мен патогенезі, нефрон қызметі бұзылыстарының жалпы тетіктері бойынша білім қалыптастыру

· Сабақ тақырыбы бойынша пікірталас жүргізгенде студенттердің коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.

2. Шумақтарда несеп сүзілуінің төмендеуі және жоғарылауы, себептері, даму тетіктері, салдарлары.

3. Түтікшелік кері сіңірілудің бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.

4. Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (гипер-, гипо-, изостенурия), даму тетіктері.

5. Полиурия, олигурия және анурия, шығу тегі, даму тетіктері.

6. Несептің сапалық құрамының өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмі.

7. Бүйректің қабыну ауруларының, мысалға пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы.

8. Обструкциялық уропатияның патогенезі және этиологиясы.

Оқыту мен сабақ берудің әдісі:

Сабақ тақырыбы бойынша пікірталас, тестілеу.

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері уақыты
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату 5 мин
1-4 сұрақтар бойынша пікірсайыс. 45 мин
үзіліс 10 мин
7-8 сұрақтар бойынша пікірсайыс 30 мин
Тестілеу 10 мин
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау 10 мин

Глоссарий

Клиренс – уақыт бірлігінде қандай да бір заттан бүйректермен тазартылған рлазманың көлемі

C = (U/P) x V; С – клиренс; U - заттың несептегі мөлшері; P - заттың қан сары суындағы мөлшері; V –минуттық диурездің көлемі.

Дені сау адамда эндогенді креатинин клиренсі бойынша шумақтық сүзілу жылдамдығы 80 – 120 мл/мин құрайды.

Клиренс - объем плазмы, очищенный почками от какого-либо вещества в единицу времени

C = (U/P) x V; С – клиренс; U - концентрация тест-вещества в моче; P - концентрация тест-вещества в плазме крови; V – величина минутного диуреза

Скорость клубочковой фильтрации у здорового человека по клиренсу эндогенного креатинина составляет 80 – 120 мл/мин

Clearance – is the volume of plasma cleared from any substance per minute

C = (U/P) x V; С – clearance; U - concentration of the test - substance in urine

P - concentration of the test - substance in plasma of blood; V - minute diuresis

Тубулопатиялар – өзекшелер қызметінің бұзылыстары

Тубулопатии - нарушение функции канальцев

Tubulopathy - impairment of tubular functions –

де Тони – Дебре –Фанкони синдромы - бүйректің проксималды өзекшелері қызметі бұзылуынан глюкоза, фосфат, гидрокарбонаттардың кері сіңірілуі бұзылуымен сипатталатын тұқымқуатын тубулопатия.

Cиндром де Тони – Дебре –Фанкони-наследственная тубулопатия, обусловленная нарушением функции проксимальных канальцев почек, нарушена реабсорбция глюкозы, фосфатов, гидрокарбонатов.

Fancony’s syndrome - is inherited tubulopathy due to impaired function of proximal tubules, decreased reabcorbtion of glucose, amino acids, phosphates, hydrocarbonates

Тұқымқуатын фосфаттық бүйректік диабет – фосфаттың кері сіңірілуі бұзылуы ® фосфатурия және гипофосфатемия; кальциурия, рахит (гипофосфатемиялық вит.D төзімді) дамуымен сипатталатын тұқымқуатын тубулопатия.

Наследственный фосфатный почечный диабет – наследственная тубулопатия, при которой нарушена реабсорбция фосфатов® фосфатурия и гипофосфатемия; кальциурия, рахит (гипофосфатемический вит.D резистентный)

Inherited renal phosphate diabetes – is hereditary tubulopathy with reduced phosphate reabsorption ® phosphaturia, hypophosphatemia, calciuria, rachitis, osteomalacia (vitD resistant)

Полиурия – диурездің 2,0л-ден артық көбеюі.

Полиурия – увеличение диуреза более 2,0л

Polyuria - is increase in diuresis (more than 2 liters)

Олигурия – диурездің 500мл-ден кем болуы

Олигурия – снижение диуреза менее 500мл

Oliguria - is reduction of daily diuresis less than 500ml

Anuria - absence of urine formation and urination (diuresis is less than 50 ml)

Поллакиурия зәрді жиі шығару (қуық қабынуында, қуықасты безінің аденомасында)

Поллакиурия частое мочеиспускание (при циститах, аденоме предстательной железы)

Pollakiuria – is frequent urination (at cystitis, prostate adenoma)

Никтурия - түнге қарай зәр шығарудың артуы (бүйрек, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында)

Никтурия - увеличение выделения мочи в ночное время (при заболеваниях почек и сердечно-сосудистой системы)

Nocturia is predominant night diuresis (at renal diseases and heart failure)

Протеинурия – зәрде нәруыз болуы

Протеинурия – белок моче

Proteinuria – is protein in urine

Талғамды протеинурия – зәрде альбумин және трансферрин пайда болуы, шумақтық сүзгінің теріс заряды жоғалуы салдарынан дамиды.

Селективная протеинурия - в моче альбумины и трансферрин, развивается вследствие потери отрицательного заряда гломерулярного фильтра

Selective proteinuria - is observed at loss of a negative charge by glomerular filter. There are albumins and transferrin in the urine

Талғамсыз протеинурия шумақтық сүзгінің өткізгіштігі артуынан дамиды, зәрде альбумин және трансферрин болуымен қатар ірі дисперсті нәруыздар (IgG) пайда болады.

Неселективная протеинурия развивается вследствие увеличения проницаемости гломерулярного фильтра, в моче наряду с альбуминами и трансферином появляются крупнодисперсные белки (IgG)

Nonselective proteinuria is due to increased permeability of glomerular filter, there are albumins, transferrin and high molecular proteins (IgG) in urine

Гематурия – зәрде эритроциттердің пайда болуы

Гематурия – появление эритроцитов в моче

Hematuria - means erythrocytes in urine

Пиурия – зәрде лейкоциттердің көп мөлшерде (зәрде ірің), лейкоциттер саны көру аймағында 200-ден артық кездесуі

Пиурия – большое содержание лейкоцитов в моче (гной в моче), количество лейкоцитов более 200 в п/зр

Pyuria means pus in urine (number of leukocytes in urine more than 200under microscope)

Гипостенурия – зәрдің салыстырмалы тығыздығы төмендеуі (Зимницкийдің барлық сынауында 1010 –ден төмен)

Гипостенурия - понижение относительной плотности мочи (менее 1010 во всех порциях пробы Зимницкого)

Hyposthenuria is decreased specific gravity of urine less than 1.010 in all portions of Zimnitzky’s test

Гиперстенурия – зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғарылауы

Гиперстенурия - повышение относительной плотности мочи

Hypersthenuria is increased specific gravity of urine (is observed at diabetes mellitus)

Изостенурия - тәулік бойына зәрдің салыстырмалы тығыздығы өзгермеген, алғашқы зәрдің тығыздығының бірдей болуы (1010 –1012), бүйректің қоюландыру қабілетінің жоқтығын мәлімдейді.

Изостенурия - одинаковая в течение суток относительная плотность мочи, равная плотности первичной мочи (1010 –1012), свидетельствует об отсутствии концентрационной способности почек

Isosthenuria is constant specific gravity and equal the specific gravity of the primary urine (ultrafiltrate) – 1.010- 1.012. Isosthenuria reflects the failure of renal concentration ability.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 598-623

4. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 420-427 с.

5. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .

6. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538

7. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-

Қосымша:

1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

2. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.

 

Бақылау (сынамалық тапсырмалар)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған.

 

№ 2 тақырып. «Бүйрек дерттерінің жекелеген түрлеріне патофизиологиялық сипаттама (жедел және созылмалы гломерулонефриттер, нефроздық синдром). Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері».

Сабақ мақсаты:

Гломерулонефриттің патогенезі мен этиологиясы, БСЖ, нефроздық және нефриттік синдромның патогенезі бойынша білімін қалыптастырып, студенттердің коммуникациялық дағдысын жетілдіру.

Оқыту міндеттері:

· Гломерулонефриттің патогенезі мен этиологиясы, БСЖ, нефроздық және нефриттік синдромның патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

· Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талдағанда студенттердің коммуникациялық дағдысын жетілдіру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Нефроздық синдром, түсініктемесі, патогенезі

2. Жедел гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі

3. Гломерулонефритте қан зәрдегі өзгерістер. Гломерулонефритттің клиникалық көріністерінің (ісінулер, АҚ жоғарылауы, анемия ж.б.) патогенезі

4. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің даму себептері

5. БСЖ бүйрек қызметі бұзылу дәрежесі және диурез өзгерістері бойынша сатылары, патогенезі

6. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі

7. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері

Оқыту мен сабақ беру әдісі:

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға пікірталас, тестілеу

 

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері уақыты
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату 5 мин
1-3 сұрақтар бойынша пікірсайыс. 45 мин
үзіліс 10 мин
4-7 сұрақтар бойынша пікірсайыс 30 мин
Тестілеу 10 мин
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау 10 мин

Глоссарий

Гломерулонефриттер – Екі (қос) бүйректіңде шумақтарының қабынуымен дамитын бір топ аурулар.

Гломерулонефриты - группа заболеваний, характеризующихся развитием воспаления клубочков обеих почек

Glomerulonephritis – are the group of diseases in the heart of which are inflammatory processes in both kidneys

Антистрептолизин –ASO, анти-ДНК-аза, Антигиалуронидаз –жедел стрептококтік гломерулонефритте байқалатын антигенге қарсы антидене

Антистрептолизин–АSO, анти-ДНК-аза, антигиалуронидаз – антителапротивантигеновстрептококков,обнаруживаютсяприостромпостстрептококковомгломерулонефрите

AntistreptolysinASO,antiDNA-ase, antihyaluronidase– are antibodies against streptococci at acute poststreptococcal glomerulonephritis

Пиелонефрит – Бүйректің негізінен ми қабатында бүйректің интерстициялық тіндерінде, бүйректің тостағандары мен түбектерінде дамитын бейспецификалық жұқпалы үрдіс.

Пиелонефрит - неспецифическоеинфекционноевоспалениепочечнойлоханкиссистемойчашечекиинтерстициальнойтканипочки, преимущественновобластимозговогослоя

Pyelonephritis is a nonspecific infection inflammation affecting the tubules, interstitium, and renal pelvis and is one of the most common diseases of the kidney.

Нефроздық синдром –көптеген ісінулер, шырышты қуыстарда судың жиналуымен және көлемді протеинуриямен (тәулігіне 3 г жоғары), гипо- диспротеинемиялармен, гиперлипидемиялармен, гиперхолестеринемиялармен сипатталатын симптомдық кешен.

Нефротическийсиндром - симптомокомплекс, характеризующийсямассивнойпротеинурией (более 3 гвсутки), гипо-идиспротеинемией, гиперлипидемией, гиперхолестеринемией, распространеннымиотекамииводянкойсерозныхполостей

Nephrotic syndrome means complex of symptoms with massive proteinuria, hypoalbuminemia, with plasma albumin levels less than 3 g/dl. generalized edema, hyperlipidemia and lipiduria

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі(БСЖ) –бүйрек қызметінің үдемелі жеткіліксіздігі. Хроническая почечная недостаточность (ХПН) - прогрессирующее уменьшение функций почек

Chronic renal failure is progressive and irreversible deterioration of renal function due to slow destruction of renal parenchyma

Уремия – (грекше uron - несеп, зәр, haima– қан) – несеп қанды, бұл синдром бүйрек қызметінің декомпенсациялық кезеңінде дамиды.

Уремия (от греч. uron –моча, haima - кровь) – мочекровие, синдром, возникающий при декомпенсации функций почек

Uremia (uremic syndrome) (from Greek. Uron- urine, haima - blood) – urine in blood.End-stage kidney. Syndrome of decompensated renal failure

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579

8. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 598-623

10. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 420-427 с.

11. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .

12. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538

13. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-

Қосымша:

3. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

4. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.

 

Бақылау (сынамалық тапсырмалар)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған.

СОӨЖ (6 сағат)

Несептік-жыныстық жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау

Сабақтың мақсаты:

ü Бүйрек қызметтері бұзылыстарының клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

ü Бүйрек ауруларында зәр мен қан бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

ü Топппен жұмыс жасауда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

 

Жүргізу түрі:

Шағын топта жұмыс жасау: кес-стади, кестені толтыру

№ 1. тапсырма «Пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы». Кестені толтыру

Пиелонефриттің жиі себептері  
Жұқпалардың ену жолдары  
Жұқпалардың несеп арқылы ену жолдары  
Жұқпалардың гематогенді жол арқылы енуі  
Пиелонефрит туындауына бейімдейтін жайттар  
Патогенезі  
Қандағы өзгерістер  
Несептік синдром  

 

№ 2 Тапсырма Көрсетілген суреттті пайдалана отырып, обструктциялық уропатия дамуының мүмкін болатын нұсқаларын атаңыз.

 

    ?   ?     ?     ?
?     ?
?

 

 

№3. тапсырма Ситуациялық есептерді шешу.

№ 1 есеп.Тапсырмада берілгендерді медициналық терминдермен сипаттаңыз. Талданымдарға сүйене отырып бүйрек дертінің түрін қорытындылаңыз:

Диурез –тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

көру аймағында: еріген, сілтіленген эритроциттер

Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлер

АҚ – 175/95 мм. с.б.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптыда - 4,28 - 28,56 ммоль/л)

№ 2 есеп. Кан сарысуындағы креатинин 6,9 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), зәр – 520 мг/л (қалыпты 200-500 мг/л). Зимницкий сынауы:

Уақыт Зәр көлемі Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

1. Зимницкий сынауын бағалаңыз

2. Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Көрсетілген өзгерістер нені мәлімдейді?

№ 3 есеп. Науқас Н- ға 2 жыл бұрын «жедел диффузды гломерулонефрит» аңғарымы қойылды. Қазіргі уақытта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, айқын емес ісінулерге шағымданады.

Зәр талданымының қорытындысы:

Тығыздығы - 1008, нәруыз - 0,2%, көру аймағында аздаған эритроциттер, аз мөлшерде гиалинді цилиндрлер. Тәуліктік диурез – 3100 мл.

Қан талданымы:

Қалдық азот - 90 ммоль/л, жалпы нәруыз - 59 г/л (қалыптыда 65-85г/л), эндогенді креатининнің клиренсі – 40 мл/мин (90-170 мл/мин)

АҚ – 180/100 мм с.б.б.

1. Осы жағдайда полиурияның болуы 2 жыл бұрын қойылған «Жіті гломерулонефрит» аңғарымына қайшы келмей ме?

2. Қазіргі жағдайда полиурия мен гипостенурияның даму тетігі қандай?

3. Науқаста полиурияның дамуының маңызы қандай?

№ 4 есеп. К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған.

1. Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Бүйрек қызметі бұзылуының тетігі және себептері қандай? Ойлаған тұжырымыңызды дәлелдеңіз.

3. Науқаста болған өзгерістер мен симптомдардың әрқайсысының тетігі қандай? Гипергидратацияны не дамытты: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі ме, әлде/немесе организмде сұйықтардың бүйректен тыс жиналуы ма? Жауапты негіздеңіз.

 

№ 5 есеп. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентген суретінде көлемді остеопороз анықталды. Көріністе сүйектің деминерализациясы рахитті айқындайды. Науқасқа Д витаминін тағайындау жақсы нәтиже бермеді.

1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістердің даму тетігі қандай?

2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіріңіз.

№ 6 есеп. Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертен бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).

Зәрі - қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қант жоқ. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, кан сарысуындағы креатинин 14 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), диурез – 1000 мл

№ 7 есеп.К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, әлбуминдер 1,5 г%, глобулиндер 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия.

1. Науқастағы симптомдар патологияның қандай түрінің дамуына тән?

2. Майлар алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамуы мүмкін және олардың даму тетіктері қандай?

3. Гиперлипидемияның ұзаққа созылғанда мүмкін болатын салдарлары қандай?

4. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның белгілері бар ма?

№ 8 есеп. Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.

Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л.

1. Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?

2. Осы жағдайдың дамуының мүмкіндік себептері қандай?

3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдар дамуының, ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің шығу тегі қандай?

4. Науқаста болған бұзылыстардың өршуі қандай жағдайларға әкелуі мүмкін?

№ 4 тапсырма. «Балаларда бүйрек патологиясының ерекшелігі» кестені толтырыңыз.

 

Жаңа туылғандарда бүйрек қызметінің транзиторлы бұзылуы  
Зәрқышқылды инфаркт  
Физиологиялық гипостенурия  
Бүйрек патологиясының шығуы бойынша негізгі топтары  
Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктері.  

ӘДЕБИЕТТЕР сабақтан қараңыз

«НЕСЕП ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ» модулі бойынша аралық бақылау

Мақсаты:

Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс (өзін өзі жетілдіру құзыреті) тақырыптары және өтілген сабақтар бойынша студенттердің білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, ситуациялық есептер сараптауда коммуникациялық дағдыны бағалау

Студенттер білімін бақылау сұрақтары:

1. Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.

2. Бүйрек шумақтарының зақымдалу механизмінің негізі.

3. Шумақтық сүзілудің жоғарылауы және төмендеуі, себептері, даму механизмдері, салдарлары.

4. Өзекшелерден кері сорылуының бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.

5. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму механизмі.

6. Полиурия, олигурия және анурия, шығуы бойынша түрлері, даму механизмі.

7. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмдері.

8. Нефритикалық және нефротикалық синдромның этиологиясы және патогенезі (мысалы гломерулонефриттер, пиелонефриттер)

9. Несеп- тас ауруының этиологиясы және патогенезі.

10. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, дәрежесі, терапиялық ұстанымдар. БЖЖ –нің балаларда даму ерекшелігі

11. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, диурез өзгерістері бойынша бүйрек қызметінің бұзылуының сатылары бойынша дәрежелері. БСЖ-нің балаларда даму ерекшелігі.

12. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.

13. Перинатальды даму кезеңінде жыныс жүйелерінің даму бұзылыстары.

14. Әйел текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылыстары: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныс жетілуінің тежелуі, біріншілік және екіншілік гипогонадизм.

15. Ер текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылуы, мерзімінен бұрын жыныстық даму (біріншілік, екіншілік пубертат), жыныс дамуының тежелуі, гипогонадизм. Анорхизм, монорхизм, крипторхизм, салдарлары туралы түсінік.

16. Уролитиаз этиологиясы және патогенезі

17. Амилоидоз, анықтамасы, патогенезі.

 

1 – КЕЗЕҢ - ТЕСТІЛЕУ

СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

 


Бүйрек қызметінің бұзылысының этиологиясы мен патогенезі.Зәрлік синдромның патогенезі

1. Бүйрек қызметі бұзылуының постреналдық себебі болып табылады

A) қуық асты безінің аденомасы

B) жүйелік қанайналымының бұзылуы

C) жүйкелік-психикалық бұзылыстар

D) гиперпаратиреоз

E) алғашқы әлдостеронизм

2. Бүйрек қызметі бұзылуының реналдық себептері болып табылады

A) Таспен несепағардың бітелуі

B) гемолиздік стрептококк және аутоиммундық үрдістер

C) жүйелік қанайналымының бұзылуы

D) сілейме

E) гипертониялық ауру

3. Бүйрек қызметі бұзылуының пререналдық себептері болып табылады

A) Сілейме

B) Ауыр металл тұздары

C) гломерулонефрит

D) кадмиймен улану

E) үрпі түтігінің тарылуы

4. Шумақтық сүзілудің жоғарылауы дамиды

A) коллапста

B) жедел қансырауда

C) гиперволемияда

D) сусыздануда

E) несеп шығару жолдарының бітелуінде

5. Шумақтық сүзілудің бұзылуын сипаттайтын көрсеткіш:

A) лейкоцитурия

B) гиперазотемия

C) аминацидурия

D) цилиндрурия

E) глюкозурия

6. Бүйректік клиренсті тексеру үшін клиникада анықтайды

A) зәрнәсілді

B) креатининді

C) несеп қышқылын

D) кәлийді

E) фенол туындыларын

7. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты

A) шумақтарда дәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауына

B) шумақтың әкететін артериялары межеқуатының жоғарылауына

C) шумақтың әкелетін артериялары межеқуатының жоғарылауына

D) шумақтық сүзгі ауданының ұлғаюына

E) қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне

8. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты

А)қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне

В) гипергидратацияға

С) гиперволемияға

D) гипопротеинемияға

Е ) гиповолемияға

9. Бүйрек өзекшелері қызметінің бұзылуына тән

A) гемоглобинурия

B) несепте жұқарған эритроциттердің болуы

C) креатинин тазартылуының төмендеуі

D) изостенурия

E) гиперазотемия

10. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылуын дамытатыны : (4)

A) нефрон өзекшелерінің эпителий жасушаларының құрылымдық өзгерістері

B) заттардың кері сіңірілуіне қажетті ферменттер белсенділігінің тежелуі

C) нефрон шумағының тіректі мембранасының өзгерістері

D) кері сіңірілу үрдісінің гормондық реттелуінің бұзылысы

E) кері сіңірілуі үрдісінің қалжырауы

11. Тұқымқуатын бүйректік фосфаттық диабет қабаттасады (4)

A) гипофосфатемиямен

B) гиперфосфатуриямен

C) гиперкәлцийуриямен

D) сүйек тінінің деминерализациясымен

E) гипергликемиямен

12. Фанкони синдромына тән

A) глюкозурия, аминацидурия

B) гиперкалиемия

C) гипергликемия

D) дистальдық өзекшелік ацидоздың дамуы

E) гиперпротеинемия

13. Проксималды өзекшелік ацидоз дамуы мүмкін

A) аммониогенез күшейгенде

B) сутегі иондарының өзекшелік сөлденісінің төмендеуі

C) натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда

D) ацидогенездің күшеюінде

E) бикарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылысында

14. Дисталды өзекшелік ацидоз дамуы мүмкін

A) аммониогенез күшейгенде

B) сутегі иондарының өзекшелік шығуының төмендеуінде

C) натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда

D) ацидогенездің күшеюінде

E) бикарбонаттардың кері сіңірілуінің бұзылуында

15. Олигурияның патогенезі байланысты

A) шумақтарда сүзілу үрдістерінің жоғарылауына

B) өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне

C) бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына

D) бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің төмендеуіне

E) бүйректің бұра-қарсы ағатын тетігі жұмысының бұзылуына

16.Полиурияның патогенезі байланысты

A) шумақтарда сүзілу үрдістерінің төмендеуіне

B) өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне

C) бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына

D) бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің жоғарылауына

E) несеп шығаратын жолдарымен несеп ағуының қиындауына

18. Анурияны дамытуы мүмкін: (4)

A) диурезге қарсы гормонның тапшылығы

B) айқын ауыру сезімдік тітіркендіргіш

C) зәрағардың таспен бітелуі

D) зәрағардың бүгілуі немесе сырттан басылуы

E) систолалық артериялық қысымның 50 мм.с.б. төмен болуы

18. Талғамды протеинурияның патогенезінде маңыздысы

A) нефрон шумақтарының мембранасы өткізгіштігінің төмендегенде

B) алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылғанда

C) шумақтық сүзгінің базальді мембранасының теріс зарядының азаюы

D) проксимальды өзекшелердің эпителий жасушаларының деструктивті өзгерістері

Е) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің бұзылуында

19. Шумақтық протеинурияның патогенезінде маңыздысы

A) нефрон шумақтарының сүзгілік мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы

B) алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылуы

C) проксималды өзекшелердің эпителий жасушаларының құрылымдық өзгерістері

D) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің бұзылуы

Е) кері сіңірілу үрдістерінің қалжырауы

20. Айтарлықтай протеинуриядан дамиды

A) бөгелулік гиперазотемия

B) организмнің жұқпаларға төзімділігінің жоғарлауы

C) гипопротеинемия

D) ісінулер

E) организмнің сусыздануы

21. Бүйректік гематурия, салдарынан дамуы мүмкін

A) бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы

B) бүйрек өзекшелерінің дисталдық бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

C) бүйрек өзекшелерінің проксималды бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

D) бүйрек өзекшелерінде сөлденіс үрдістерінің бұзылуы

E) бүйректің қоюландыру қабілеттігінің бұзылуы

22. Несептің бүйректік дерттік бөлшектері болып табылады

A) жұқарған эритроциттер

B) тура емес билирубин

C) өзгермеген («жаңа») эритроцит

D) өт қышқылдары

E) уробилиноген

23. Изостенурия – бұл

A) несептің тығыздығы Зимницкий сынауының барлық үлесінде 1,010-1,012

B) несептің тәуліктік мөлшерінің жоғарылауы

C) несептің тығыздығы Зимницкий сынауының барлық үлесінде 1,020-1,025

D) несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы

E)несеп шығарудың тоқталуы (50 мл/тәулік - тен аз)

24. Нефроздық синдром сипатталады (3):

A) айқын гематуриямен

B) айқын протеинурия және цилиндруриямен

C) гиперлипидемиямен

D) жайылған ісінулермен

E) айқын лейкоцитуриямен

25. Алғашқы нефроздлық синдром дамиды (2):

A) липоидтық нефрозда

B) жүйелі қызыл жегіде

C) бүйрек амилоидозында

D) диабеттік нефропатияда

E) жүктілік нефропатиясында

26.Нефроздық синдромның патогенезіндегі жетіспейтін тізбекті көрсетіңіз

Сүзілу мембранасының өткізгіштігінің жоғарылауы →талғамсыз протеинурия → ?→ қанның сұйық бөлігінің тіндерге өтуі→ ісінулер

A) Қанның онкотикалық қысымының артуы

B) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

C) Қанның гидростатикалық қысымының жоғарылауы

D) Қанның осмостық қысымының жоғарылауы

E) Қан ағым жылдамдығының баяулауы

27. Нефроздық синдромның патогенезіндегі жетіспейтін тізбекті көрсетіңіз

Қанда натрий жоғарылауы→ДҚГ өндірілуінің жоғарылауы→айналымдағы қан көлемінің артуы→?→ісінулер

A) Қанның онкотикалық қысымының артуы

B) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

C) Қантамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы

D) Лимфаның ағып кетуінің қиындауы

E) Қан ағым жылдамдығының баяулауы

28. Нефроздық синдромның асқынуы болып табылады (3)

A) Тамырлардың тромбоэмболиясы

B) Екіншілік жұқпаның қосылуы

C) Ішкі ағзалардың кальцинозы

D) Инсулиннің бездік жеткіліксіздігі

E) Атеросклероз

29. Зәрдің жалпы анализін зерттей отырып, бүйректің қандай ауруы туралы ойлауға болады?

Нәруыз- 3%, лейкоциттік цилиндрлер –көру аймағында бірен-саран, эритроциттік -көру аймағында 5-6; өзгерген эритроциттер- – көру аймағында көп мөлшерде ; лейкоциттер - 8-10 көру аймағында, бүйректік эпителий- 5-6көру аймағында, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1,015

A) жіті гломерулонефрит

B) нефроздық синдром

C) пиелонефрит

D) цистит

E) уретрит

30. Гломерулонефрит сипатталады(3)

A) бір бүйректің шумағында қабыну дамуымен

B) екі бүйректің шумағында қабыну дамуымен

C) сүзгі мембрана шумағының иммундық тетікпен зақымдануымен

D) сүзгі мембрана шумағының гипоксиялық тетікпен зақымдануымен

E) аурудың қауырт, созылмалы, симптомсыз ағымымен

31. Қауырт гломерулонефриттің жиі себебі болып табылады

A) Стафилококк

B) Стрептококк

C) Парамиксовирус

D) кандида саңырауқұлақтары

E) Анаэробты флора

32. Пиелонефрит-бұл

A) Бүйректің әсіресе милық қабатының тостағаншаларының, интерстициялық тінінің арнайы емес жұқпалық ауруы

B) Нефрон шумақтарының иммундық қабынуы

C) Бүйректің әсіресе өзекшелік құралының жұқпалық-аллергиялық зақымдануымен сипатталатын ауру

D) Бүйрек ұлпасының нейродистрофиялық үрдіс

E) Айқын протеинуриямен сипатталатын симптомдық кешен

33. Бүйрек ауруларында артериялық қысымның жоғарылауының патогенезі байланысты (3)

A) ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің әсерленуіне

B) простагландиндер, брадикинин түзілуінің төмендеуіне

C) айналымдағы қан көлемінің артуына

D) қан плазмасында нәруыз мөлшерінің төмендеуіне

E) ОЖЖ-де ДКҚО түзілуіне

34. Бүйрек жеткіліксіздігіндегі ісінудің патогенездік жайттары (3)

A) Нейроэндокриндік

B) тамырлық

C) Онкотикалық

D) Гемодинамикалық

E) Тіндік

35. Көлемді гематурия (жуылған еттің түсіндей) тән:

A) қауырт диффуздық гломерулонефритке

B) созылмалы гломерулонефритке

C) Нефроздық синдромға

D) Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігіне

E) Липоидты нефрозға

36.Нефроздық синдроммен ауыратын балалардағы талғамды протеинурия, салдарынан дамыды

a) Шумақтардың тіректі мембранасының теріс зарялты жоғалтуының

b) Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының

c) Тіректік мембранада C3 әсерленуі, иммундық кешендердің шөгуінің

d) Мезангиум жасушаларының артық өсіп өнуінің

e) Бүйрек өзекшелерінің некрозының

37. Иммундық кешендермен зақымдану тән (4)

A) Тез үдемелі гломерулонефритке

B) Мембранасы өсіп өнетін гломерулонефритке

С) Мембраноздық гломерулонефритке

D) Гудпасчер синдромына

E) қауырт гломерулонефритке

38. 3 жасар балада фарингит ауруынан 10 күннен кейін жайылған ісінулер дамыды. Зерттеуханалық зерттеулер: айқын әлбуминурия, гипоәлбуминемия, гиперлипидемия. Науқаста болуы өте мүмкін:

A) аздаған өзгерісті нефропатия

B) мембраналық-өсіп-өнулік гломерулонефрит

C) мембраналық гломерулонефрит

D) тез үдемелі гломерулонефрит

Е) жедел стрептококтық гломерулонефрит

39. Бүйректік гипертензияның патогенезі байланысты

A) Дегидратациямен

B) Ренин сөлденісінің жоғарлауымен, простагландиндер сөлденісінің төмендеуімен

C) Ренин сөлденісінің төмендеуімен, простагландиндер сөлденісінің жоғарлауымен

D) ААФ белсенділігінің төмендеуімен

E) Ангиотензин II деңгейінің төмендеуімен

40. Ауқымды протеинурия (тәулігіне 40г көп) дамиды

A) пиелонефритте

B) жедел гломерулонефриттте

C) созылмалы гломерулонефритте

D) нефроздық синдромда

E) несеп-тас ауруында

41. Нефроздық синдромға тән (4)

A) айқын протеинурия

B) Гематурия

C) Гипертензия

D) Олигурия

E) «жуылған ет» түсті зәр

42. Балалардағы шумақ бүлінісінің жиі кездесетін түрі

А) аздаған өзгерісті нефропатия

В) мембраналық-өсіп - өнулік гломерулонефрит

С) мембраналық гломерулонефрит

D) бөліктік гломерулонефрит

Е ) созылмалы гломерулонефрит

43. Жедел стрептококтық гломерулонефрит кезіндегі протеинурия

A) Талғамсыз

B) талғамды

C) жүктемелік

D) әлбуминурияның басымдығымен

Е) Tamm-horsefall нәруызының басым жоғалту

44. Науқас М., 28 жаста, дене қызымының көтерілгенімен, ауыру сезімімен жиі дәретке отыратындығына, беліндегі ауыру сезіміне шағымданды. Зәрінде көптеген нейтрофилдер, лейкоциттік цилиндрлер. Бактериологиялық зерттеуде зәрінде 105 бактерия/мл-ден көп анықталды. Берілген дерттің мүмкіндік себебі болуы мүмкін:

A) Pseudomonas aeruginosa

B) Proteus vulgaris

C) Haemophilus influenza

D) Escherichia coli

E) Neisseria gonorrhoeae

45. Шумақтардың антиденелермен зақымдануының мысалы

A) аздаған өзгерісті нефропатия

B) мембраналық-өсіп-өнулік гломерулонефрит

C) мембраналық гломерулонефрит

D) Гудпасчер синдромы

Е) жіті гломерулонефрит

46. БЖЖ кезінде олигурияның патогенезіндегі маңыздысы (4)

A) бүйрекпен ренин өндірілуінің күшеюі

B) нефрон өзекшелерінің өткізгіштігінің бұзылуы

C) шумақтық сүзілудің жоғарылауы

D) бүйрек ұлпасының ісінуі

E) пәрменді сүзілулік қысымның азаюы

47. БЖЖ кезінде диурез бұзылуының сатылары

A) бастапқы, олиго-анурия, диурездің қалпына келуі, полиурия

B) бастапқы, полиурия, диурездің қалпына келуі , олиго-анурия

С) бастапқы, олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі

D) олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі

Е) бастапқы, үдемелі, ақтық

48. БЖЖ олигоануриялық сатысына тән

A) гиперазотемия, метаболизмдік ацидоз

B) гипокалиемия

С) сусыздану

D) гиповолемия

E) қанда қалдық азот деңгейінің төмендеу

49. БСЖ бірінші сатысында байқалады

A) олигоанурия

B) қанда креатинин мөлшерінің ұлғаюы

C) қанда зәрнәсіл мөлшерінің ұлғаюы

D) қанның қалдық азот деңгейінің жоғарылауы

E) шумақтық сүзілудің 50% ға төмендеуі

50.. БСЖ гиперазотемилық сатысында шумақтық сүзілу төмендеген

A) 10%-ға

B) 30% -ға

C) 40% -ға

D) 50% -ға

E) 80% -ға

51. БСЖ олигуриялық сатысында дамиды

A) полиурия

B) уремия

C) несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы

D) шумақтық сүзілудің жоғарылауы

E) өзекшелік кері сіңіріілудің жоғарылауы

52. Уремия кезіндегі анемияның патогенезінде маңыздысы (4)

A) организмнен азотты қалдықтардың шығарылуы мен сүзілудің бұзылуы

B) гипоосмолялдық гипергидратация

C) ацидоз дамуы

D) организмнің дегидратациясы

E) гормон, витаминдер метаболизмінің бұзылуы

53. Уремия кезіндегі сүйек жүйесі бұзылыстарының патогенезінде маңыздысы (4)

A) бүйректе Д витаминінің белсенді түрінің түзілуінің бұзылысы

B) гипокәлциемия

C) ішекте кәлций сіңірілуінің артуы

D) екіншілік гиперпаратиреоз

E) остеомаляция, кәлциноз

54. Уремия кезіндегі анемияның патогенезінде маңыздысы

A) эритропоэтин өндірілуінің төмендеуінің

B) эритропоэтин түзілуі жоғарылауының

C) спектрин түзілуінің тx





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.