Здавалка
Главная | Обратная связь

A. тербеліс амплитудасы



B. діріл беткейінің сипаты

Оқу жылының төртінші тоқсанына төрт жылдық мектептің бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ кестесі құрастырылды. Сабақ арасындағы үзілістер 5 минутты құрайды. Сыныпта 45 бала бар. Сабақ кестесі төменде көрсетілген:

Дүйсенбі Қазақ тілі, Математика Дене шынықтыру, Шет тілі Барлығы 33 балл Сейсенбі Математика, Еңбек, Еңбек Шет тілі, Қазақ тілі Барлығы 37 балл Сәрсенбі Жаратылыстану, Орыс тілі Математика, Шет тілі Барлығы 34 балл
Бейсенбі Математика, Тарих Қазақ тілі, Әдебиет Барлығы 43 балл Жұма Орыс тілі, Сурет Дене шынықтыру,Математика Барлығы 25 балл Сенбі Математика,Орыс тілі Музыка, Тарих Барлығы 27 балл

Сабақтың басталғанына үш апта өтер өтпестен оқушылардың ата-аналары балаларының тез шаршағыштығына, сабақ үлгерімдерінің нашарлауына шағым айтып мектеп директорына келді. Оқытушылар оқушылардың тәртібінің нашарлағанын айтты. Мектептің педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол үш оқытушыға айтылған жағдайды тексеруге, соның ішінде сабақ кестесінің оқушылардың жас ерекшелігін және жұмысқа қабылетілігінің күндізгі және апталық динамикасын есепке ала отырып құрылғандығын бағалауға тапсырма берді.

Тапсырма. 4А сынып үшін құрастырылған сабақ кестесін бағалаңыз? Жұмысқақабылеттілік кезеңдерін есепке ала отырып, сабақ кестесін оңтайлы жағдайға келтіру үшін Сіз өз түзетулеріңізді енгізе аласыз.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ кестесін бағалау үшін қандай әдіс қолданылады?

2. Күн тәртібі дегеніміз не?

Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.

Нұсқа/ Вариант № 8

} Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%

1. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалау үшін қолданылатын регрессия шкаласын құру үшін қандай мәліметтер қажет?

A. жасы, жынысы, басының аумағы, ұзындығы, дене салмағы

B. жасы, жынысы, кеуде клеткасының көлемі, тұратын жері

C. жасы, жынысы, ұлты, дене салмағы, кеуде клеткасының көлемі, тұратын аймағы

D. кеуде клеткасының көлемі, екінші жыныстық белгілері, жылдық бойының қоспасы

E. ұлты, жасы, жынысы, кеуде клеткасының аумағы, денсаулық тобы

2.280 балаға есептелген МДМ жобасына сараптау жүргізілді. Жер территориясы мен ішкі бөлмелерде оқшаулау принциптері сақталған. Оқшаулаудың қандай түрлері бар?

A. топтық және жеке

B. топтық және аудандық

C. жастық және жеке

D. жыныстық және топтық

E. бөлмелік және учаскелік

3. 12 жастағы ер баланың екінші жыныстық белгісі 14 жастағы баланың екінші жыныстық белгілеріне сай екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасы бойынша қандай қорытынды беруге болады?

A. биологиялық жасы паспорттық жасынан оза дамыған

B. биологиялық жасы паспорттық жасына сай

C. биологиялық жасы бір қалыпты дамуда

D. биологиялық паспорттық жасынан қалып қойған

E. биологиялық жасын анықтау мүмкіндігі жоқ

4. Өндірістік ортаның ауасынан алынған сынамаға зерттеу жүргізілді. Жұмыс бөлмесі ауасындағы кремнийдің қос тотығының мөлшері 70%- тен жоғары болғанда, тозаңның ШРЕК-і нешеге тең болады

A. 0,5 мг/куб м

B. 1,0 мг/куб м

C. 2,0 мг/куб м

D. 4,0 мг/куб м

E. 10,0 мг/куб м

5. № 1-ші мектептің бесінші сыныбында тарих сабағының ұйымдастырылу құрылымына гигиеналық бағалау жүргізілді. Сабақ қандай бөлімдерден тұрады?

A. экспериментальды және қорытынды бөлім

B. кіріспе бөлімі, негізгі, қорытынды

C. зертханалық және қорытынды

D. дайындық және теориялық

E. бастапқы негізгі және қосалқы бөлімдер

6. Қала орталығында 600 койкаға аурухана құрылысы жобаланған. Жобада бір ғимаратта емдеу, емдеу-диагностикалық бөлімшелер, хирургиялық және жалпы соматикалық бөлімшелері жоспарланғаны анықталды. Аурухана жобасы қандай құрылыс жүйесіне жатады?

A. орталықтандырылмаған

B. аралас

C. орталықтандырылған

D. блокты

E. арнайыландырылған

7. Қалалық санитарлық қызметтің ЕПМ бөліміне 780 койка санына есептелген аурухана жобасы сараптамға келіп түсті. Осы жобаның жағдайлық бөлімінде қандай мәлімет болады?

A. жоспарланған объектінің елді мекенде орналасқан басқа объектіге қатынасы

B. территория толығымен және жобаланған объектіге қатынасы

C. объектінің жер участогының формасы және мөлшері

D. жобаланған объектілердің элементтерімен өзара байланысы және жоспарлануы

E. объектінің сыртқы бейнесі (мекеменің)

8. Кезекті медициналық зерттеу кезінде жұмысшылар арасында есту шегінің көрсеткіші ауытқыған, яғни өндірісте ағзаға зиянды әсер ететін шу көзі бар екендігі анықталды. Есту шегі дегеніміз не?

A. есту органы қабылдай алатын барлық жиіліктегі дыбыстың мини малды интенсивтілігі

B. есту органы қабылдай алатын барлық жиіліктегі дыбыстың максималды интенсивтілігі

C. 1000 Гц жиілігінде қабылданатын дыбыстың максималды интенсивтілігі

D. есту органы қабылдай алатын дыбыстың минималды жиілігі

E. есту органы қабылдай алатын жиілігі мен күші белгілі бір шамадағы үндердің (тон) мезгіл-мезгіл қайталануы

9. Кезекті санитарлық зерттеу кезінде интернет кафенің жертөледе орналасқандағы анықталды. ЖК-мен жұмыс істейтін мекемеге қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптарға сай қандай тыйым салынады?

A. жұмыс орындарын жоғарғы қабаттарда орналастыру

B. жұмыс орындарын жертөлелерде орналастыру

C. аралық бөлмелердегі жұмыс орындарын жабдықтау

D. тұрғынжайларға жұмыс орындарын орналастыру

E. оқу орындарының мекемелеріне ЖК-ы орналастыру

10. Соматоскопиялық зерттеу кезінде баланың табан пішінін анықтау қажет болды. Сіз қандай әдісті қолданасыз?

A. рентгенография

B. бласстография

C. плантография

D. динамометрия

E. ультра дыбысты диагностика

 

} Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%

 

Қалалық санитарлық сараптау бөлмесіне бір қабаттан тұратын жұқпалы аурулар ауруханасының жобасы келіп түсті. Бір науқасқа арналған толық бокстың ауданы 12м2. Науқаста қабылдау бөлімінің жалпы науқастарды қабылдау-қарау бөлмесінде жүргізіледі. Өздерінің бокстарына науқастар жалпы коридор арқылы бағытталады екен. Науқастар толық жазылғаннан кейін санитарлық өткізгіш арқылы шығарылады. Медициналық қызметкерлер боксқа ас блогы бөлімі арқылы біріктірілген дәлізбен кіреді. Жобаның түсініктеме жазбасында ауруханадан шығарылған іркінді сулар қалалық канализациялық тазалу құрылымдарына жіберілетіндігі анықталды. Ауаның алмасу жиілігі сағатына 1-ге тең деп берілген. Берілген таза ауа үшін бактериологиялық тазалау құрылымдары қарастырылмаған. Жарық қуаты 10Вт құратын 2 люменисцентті шамдар арқылы жүзеге асырылады.

Тапсырма: берілген жобаны гигиеналық сараптаудан өткізіп, гигиеналық қорытынды беріңіз.

Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Палаталық секция дегеніміз не?

2. Аурухананы құрылыстау үшін жер таңдаудың гигиеналық принциптерін көрсетіңіз

 

 

Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.

 

 

Нұсқа/ Вариант № 9

1. 13 жасар баланың дене дамуын кешенді бағалау кезінде биологиялық жасының паспорттық жасына сәйкес емес екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасын қорытындылау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш қандай?

A. тұрақты тістерінің саны

B. екінші жыныстық белгілерінің жетілуі

C. бойының жылдық қоспасы

D. соңғы 3 жылда бойының 2 см өсуі

E. дене салмағының көбеюі

2. № 1-ші мектептің бесінші сыныбында тарих сабағының ұйымдастырылу құрылымына гигиеналық бағалау жүргізілді. Сабақ қандай бөлімдерден тұрады?

A. экспериментальды және қорытынды бөлім

B. кіріспе бөлімі, негізгі, қорытынды

3. 720 балаға есептелген мектептің жобасы санитарлық сараптама жүргізілген кезде анықталды:мектептің жер участкесін функционалдық аймақтау гигиеналық талаптардан ауытқыған. Қортынды «жоба жарамсыз». Қандай функционалдық аймақтар қарастырылуы қажет?

A. селетибті аймақ, демалу аймағы, жасыл желек аймағы

B. ұйымдастырылған аймақ, шаруашылық аймағы, жасыл желек аймағы

C. қалалық аймақ, өндірістік аймақ, пайдалы аймақ

D. оқу-тәжірибелік, спорттық демалу, шаруашылық, жасыл желек аймағы

E. пайдалы аймақ, қалалық аймақ, өндірістік аймақ, қажетсіз аймақ

4. Жабық түрде кен өндіретін карьерде жұмыс істейтін жұмысшылардың арасында кәсіптік сырқатқа ұшырығандар саны көбейіп кетті.Тозаңмен күрестің технологиялық сипаттағы қандай шараларды күшейту қажет?

A. тиімді желдетуді орнату

B. тозаң шығарушы құралды жабу ж/е жабын астынан ауаны сору

C. жұмыс бөлмелері ауасындағы аэрозолдердің шектеліп рұқсат етілген мөлшерінің шамасын регламентеу.

D. қалдықсыз өндірісті құру

E. өнеркәсіп өндірістерін, кен орындарын, шахталардың құрылысы мен жұмысының мазмұны бойынша санитарлық ережелер

5. Жалпы және жергілікті (локальды) дірілді бағалау үшін аспаптық өлшеу жүргізілді, нормадан ауытқу анықталды. Дірілдің зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған медициналық- профилактикалық шаралар кешені қандай?

A. еңбек процесін механизациялау

B. кезекті медициналық тексеріс

C. жеке қорғаныс құралдарын пайдалану

D. өндіріс бөлмелерін ұтымды жоспарлау

E. дистанциондық басқару

6.Қаланың шетінде кешенді аурухана құрылысын салу жоспарлануда. Эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау және емдік-сақтандыру шаралары үшін қолайлы жағдай құрылыстаудың қандай жүйесінде жүзеге асырылады?

A. орталықтандырылмаған

B. орталықтандырылған

C. аралас жүйесінде

D. блокты

E. әмбебап

7.Ауруханада ем алып жатқан науқастың екінші реттік инфекция түрін жұқтырғаны белгілі болды. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу бойынша ұйымдастырылатын эпидемияға қарсы шара қандай болады?

A. науқастар мен қызметкерлер арасында бактерия тасымалдаушыларды білу мен санациялау

B. емдеу-диагностикалық бөлімшеледі өзара ұтымды орналастыру

C. бөлменің бағытына байланысты желдету жүйесінің жұмысын жақсарту

D. физикалық, химиялық, биологиялық әдістерді пайдалану

E. қызметкерлерді жоспарлы түрде вакцинациялау

8. Ғылыми-зерттеу орталығында қоршаған ортадағы химиялық заттарды анықтау бойынша эксперимент жүргізілді. Қоршаған ортада химиялық агенттерді гигиеналық нормалаудың негізі болып не табылады?

A. ағзаға оның химиялық әсерін игеру

B. эксперимент бойынша ағзаға олардың биологиялық әсерін игеру

9.Ағаш өңдеу кабинетінде шудың деңгейін гигиеналық өлшеу уақытында SVAN (шумомер) құралы арқылы нормаланған жиілікте келесі көрсеткіштер анықталды: 80,82,92,96,96,92. Адамның есту анализаторлары қандай жиіліктегі шуға өте сезімтал болады?

A. 50 - 100 Гц

B. 20 мың - 30 мың Гц

C. 16 - 500 Гц

D. 10 мың - 20 мың Гц

E. 1000 - 4000 Гц

10. Ауруханаға түскен науқастар кешкілік қуырылған саңырауқұлақ жегендігін айтты. Терісінің беті бозданған, іш құрсағы қатты ауырсынады, анурия анықталды. Келесі күні оң жақ бүйірі қатты ауырып, терісінің беті сарғайды. Науқастар комаға түсіп, қиын жағдай туындады. Қандай тамақтану улану жағдайы орын алып отыр?

A. Микробсыз тамақтан улану, химиялық

B. Микробсыз тамақтан улану, шартты жарамды өнім

C. Микробсыз тамақтан улану, табиғатынан улы өнім

D. Микробты тамақтан улану, аралас

E. Этиологиясы белгісіз тамақтан улану

 

} Блок 2.

Бала бақшада түскі асқа баклажан икрасы (Краснодар аймағының колхоздық консерві зауыттарының бірінің өнеркәсіптік өндірісінің консервісі) берілді. 7 сағат өткен соң екі балада құсу, ішінің ауыруы, әлсіздік, жұтынудың қиындауы, қарашықтарының біркелкі емес кеңеюі байқалды. Кейіннен қабақтың түсуі, дауыстың қарлығуы, дауысының қырылдауы тәрізді симптомдар пайда болды. Дене температурасының қалыпты жағдайында тахикардия байқалды. Балалар невропатолог кеңесінен өтіп, «полиемиелиттің бульбарлы формасы» және «дифтериялық полиневрит» диагноздарымен неврологиялық бөлімшеге жатқызылды.

Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан екеуі де қайтыс болды. Осындай шағыммен 12-48 сағаттан кейін түскен тағы да бес бала үшін құрамында дәрігер-инфекционист, невропатолог және педиатр бар дәрігерлік комиссия құрылды. Комиссия «табиғаты микробты тағамнан улану» диагнозын қойды және түскі ас кезінде ауырған балалардың бәрі бір консервідегі баклажан икрасын жегенін анықтады. Емдеу шараларының нәтижесінде кейінгі 5 бала аман қалды.

Тапсырма:Анамнез және клиника мәліметтерін пайдалана отырып суреттелген тағамнан улану жағдайын талдаңыз. Диагнозды негіздеңіз, оны дәлелдеу үшін қандай қосымша лабораториялық зерттеу жүргізу қажет, ауырғандарға қандай жедел көмек көрсету керек екендігін көрсетіңіз, мұндай уланудың нақты алдын алу шараларын ұсыныңыз

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Тағамнан уланулар қалай жіктеледі және жіктелу принципі қандай жағдайға сүйенеді?

2. Этиологиясы анықталмаған тағамнан улануларға түсінік беріңіз.

 

Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.

Нұсқа/ Вариант № 10

} Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%

 

1. Жоспарлы кешенді медициналық тексеріс, балалардың биологиялық жасын анықтаумен қатар жүргізілді. 11 жастағы ер баланың дене дамуы бойынша өзінің құрбылыстарынан қалыс дамуы анықталды. Баланың дене даму дәрежесісінің анықтамасы қандай?

A. жақсы (қалыпты), үйлесімді

B. нашарлаған, дисгармониялық

C. нашар, дисгармониялық

D. жалпы тежелуі

E. дене дамуының оза жүруі

2. Бастауыш мектепте оқу жылының бірінші тоқсанына сабақ кестесі құрастырылды. Кестеде қосарландырылған сабақтар 5 рет кездеседі, динамикалық компоненттері бар сабақтар бірінші сабаққа қойылған. Құрастырылған сабақ кестесіне қандай баға бересіз?

A. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылған, оқу жүктемесі нормаға сай

B. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына қосарландырылған сабақтар жүргізуге болады

C. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар жүргізуге болады

D. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылмаған, оқу жүктемесі нормаға сай емес

E. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар тек қана бірінші сабақтарға жүргізілуі тиіс

3.Қала ортасында орналасқан МДБМ-ге гигиеналық зерттеу жүргізілді. Зерттеудің мақсаты МДБМ де топтық оқшаулау принципін бағалау. Топтық оқшаулау қалай жүргізіледі?

A. аймақта топтық алаңының және ғимаратта топ ұяшығының болуы

B. алаңға жеке шығу есігінің болуы

C. жеке дәмхананың болуы

D. жеке оңашалау болуы

E. жалпы дене шынықтыру аланның болуы

4. Қалыптау цехында үй салу комбинатының дірілүстелінің пультінде жалпы діріл деңгейінің нормаланған көрсеткіші 80, 82, 92, 96, 96, 92. Дірілдің негізгі физикалық көрсеткіші қандай?







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.