Здавалка
Главная | Обратная связь

Берілетін , таратылатын материал

- мультимедиялық форматтағы презентация;

- тақырып бойынша оқу әдебиеті.

Ауыз қуысындағы АИВ инфекциясының көрінісі

Қазіргі таңдағы АИВ инфекциясына байланысты туындаған эпидемиологиялық жағдай қоздырғыштың жұғу жолдарының уақыт өткен сайын өзгеріп, соның әсерінен АИВ-мен инфицирленген адамдардың саны артуымен түсіндіріледі. АИВ инфекециясы тек қана миллиондаған адамдардың сырқаттануы мен өліміне ғана акеліп қоймай,сонымен қатар ЖИТС экономикалық және саяси шығынға ұшыратып, қазіргі таңдағы маңызды медико-әлеуметтік мәселеге айналып отыр.

АИВ инфекциясына қарасты эпидемиологиялық жағдай нашақорлық пен вирусты гепатит эпидемиясының қатар жүруімен асқынады. АИВ инфекциясының қоздырғышының берілу факторы мен жолдарының ортақ болуы инфекцияны жұқтыру қаупі бар топтардағы инфекцияның таралуын жоғарлатады. 1996 жылдан бастап нашақорлық эпидемиясының жоғарылауына орай, АИВ инфекциясымен инфицирленген науқастар саны көбейе бастады. ҒЗИ зерттеуі бойынша медициналық көмекке жүгінетін есірткіге тәуелді адамдар мен нашақорлықпен ауыратын науқастар саны 1:7 тең. Нашақорлықпен зардап шегетіндер саны екі миллионнан астам. Қазіргі таңда АИВ инфекциясының таралуы нашақорлар мен парентеральды В, С гепатитімен ауыратын адамдардың ішінде көп тіркелген. Жоғарыда айтылған инфекциялармен ауыратын жастарда сыртқаттану көрсеткішін жоғарылатып қана қоймай, айқын көрініссіз өтіп көп жағдайда өлімге әкеледі. Осы себептерге байланысты АИВ инфекциясы демографиялық ақуалға айналып отыр. Инфекцияның эпидемиологиялық үрдісін жан-жақты зерттеудің нәтижесінді, осы аурумен күресудің негізгі бағыттары анықталды. Медициналық қызметкерлердің АИВ инфекциясымен кәсіби қатынасқа түсуіне байланысты, инфекцияны жұқтыру қаупі де жоғарылай түседі. Сондықтан инфицирленудің қауіп қатер факторына арнайы топтарды ғана емес, халыққа ауқымды түрде медициналық қызмет көрсететін дәрігер-стоматологтар, орта деңгейдегі медициналық персоналдар жатады. Сонымен инфицирленудің басты қауіп қатер факторын анықтау ЛПУ АИВ инфекциясының алдын алу шараларының кешенін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

 

Ауыз қуысындағы АИВ инфекциясының көріну ерекшеліктері

Ауыз қуысындағы белгілі бір патологияның көрінуі тек қана АИВ инфекциясының болуын ғана көрсетпейді; олар инфекцияның ерте клиникалық маркерлері, АИВ-ның ЖИТС өтуінің белгісі болуы мүмкін. Ауыз қуысындағы зақымданулар – АИВ инфекциясының ерте және маңызды индикаторы.

(Табл.1) Дәрігер стоматологтар және жалпы тәжірибедегі дәрігерлер АИВ мен байланысты стоматологиялық ауруларды танып, науқасқа тиісті ем жүргізіп және сәйкес дәрігерге жолдама беру қажет. Көп жағдайда аталған патологияның дифференциальды диагностикасы аурудың клиникалық ағымының клинакалық ағымының ерекшеліктерімен визуальды тексеру нәтижесінде жүргізіледі.Патологияның дамуы СД4 жасушаларының санының азаюымен және вирустық жүктеменің жоғарылауымен байланысты. Ауыз қуысындағы вич инфекциясының көрінісі АИВ инфекциясының белгісі болуы мүмкін,бірақ олар диагностикалық критерийге жатпайды. Инфицирленген науқастардың 30-80% ауыз қуысында инфекция көріністері болады.Ем жүргізілмеген АИВ инфекциясы оң науқастардағы ауыз қуысындағы көрінісі сырқаттың өршуінің белгісі болып табылады. АИВ инфекциясы бюар антиретровирусты препаратты қабылдайтын науқастардың ауыз қуысындағы көрінісі олардың қанындағы ЖИТС вирусының деңгейінің жоғарылауын көрсететінін ескеру қажет.

 

 


Ауыз қуысының шарышты қабатындағы патологиялық өзгерістерді стоматолог дәрігердің АИВ инфекциясының клиникалық симптомдарын ерте анықтауы осы аурудың нақтамасының уақытылы қойылуына септігін тигізеді.

АИВ инфекциясымен ауыратын науқастардың ауыз қуысының шырышты қабатындағы зақымданулардың дамуы екіншілік аурулармен-иммунотапшылық жағдайына тән оппортунистік инфекция және ісіктерге байланысты.

Осы зақымданулар 3 топқа бөлінеді:

1) АИВ инфекциясымен байланысты: кандидоз,ангулярлы хейлит, «шашты» лейкоплакия,Капоши саркомасы,АИВ-гингивит,АИВ периодонтит,Ходжкинді емес лимфомасы;

2) АИВ инфекциясымен сирек байланысты зақымданулар, (мысалы,атипиялық жаралар,сілекей безінің аурулары);

3) АИВ инфекциясымен байланысты болуы мүмкін зақымданулар; бактериалық инфекция (гингивиттен және генерализацияланған паротиттен басқа).

Шырышты қабықпен тері жабындыларының зақымдануы кандидоздың дамуымен байланысты.Қоздырғышы Candida туыстастығындағы ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар.Туыстастықта 80 түрінің 20 адамға патогенді, маңызды кандидоздарға С. albicans и С. Tropicalis жатады. Candida туыстастығындағы саңырауқұлақтар шырышты қабықты ғана емес,теріні және оның қосалқыларын (шаш,тырнақ) сонымен қатар ішкі мүшелерді зақымдайды.

Ауыз қуысында кездесетін кандидоздың үштік белгісіне ангулярлы хейлит, эритемеатозды кандидоз және псевдомембранозды кандидоз жатады.

Ангулярлы хейлит эритема немесе ауыз бұрыштарының ойылуы смякты көрініс береді. Ол эритематозды кандидоз бен псевдомембранозды кандидозды кандидозбен бірге немесе олардан бөлек пайда болуы мүмкін; ем жүргізілмесе ауру ұзаққа созылады.

 

 

Эритематозды кандидоз (жедел атрофиялық кандидоз) – сирек жағдайда АИВ–инфекциясының көрінісі. Ауру тілдің дорсальды бетіндегі немесе қатты және жұмсақ таңдайдағы қызыл, жалпақ анық көрінбейтін зақымдануына әкеледі. Зақымданулар айна тәрізді пішінге ие: ол тілде кездессе таңдайды тексеру керек.

 

Аталған ауру нақты белгілерге ие: тұзды немесе ащы тағамдарды және қышқыл сусындарды пайдаланғанда науқастар ауыздағы күйдіру сезіміне шағымданады. Клиникалық диагнозы зақымданудың сыртқы көрінісіне, науқастың ауру тарихына және оның вирусологиялық статусына қойылады. Саңырауқұлақ гифтары мен бластоспораларды анықтау үшін калий гидроксиді пайдаланылады.

Псевдомембранозды кандидоз ұрттың шырышты қабығында, тілде немесе басқа шырышты беткейлерде жұмсақ, ақ сүзбе тәрізді тоғалар пішінінде пайда болады. Бұл тоғалар шпательмен оңай алынады; көп жағдайда олар зақымданған беткейлерде қызыл немесе қанталаған дақтар қалдырады.

 

 

Ауру Candida albicans бактериясымен шақырылады,алайда бұл туыстастыққа жатпайтын бактериялардың да орын алатыны белгілі. Эритематозды кандидоз жағдайындағыдай зақымдалған аймақтың сыртқы көрінісіне байланысты қойылады. Кандидодың бұл түрі АИВ–инфекциясымен ауыратын науқастардың 83,3% кездеседі. Темекі шегетін адамдардағы лейкоплакияға ұқсас созылмалы гиперпластикалық кандидоз айтарлықтай сирек кездеседі; ұрттың шырышты қабатында, қатты және жұмсақ таңдайдың екі жағында да құрылымдар кездеседі.

Гистоплазмоз – қоздырғышы аспирациялық жолмен берілетін сапронозды терең жүйелік микоз. Histoplasma capsulatum туыстастығының екі фазалы диморфты саңырауқұлағымен шақырылады. Контагиозды емес; ашытқы тәрізді және мицилярлы нұсқалары кездеседі. Клиникалық ағымына қарай өкпенің біріншілік және екіншілік гистоплазмозын және эндемиялық аудандарда жиі дамитын диссеминирленген түрін ажыратады (науқастардың 5%). Диссеминирленген түрлерінде терінің, буынның, жұлынның, жүректің, бүйрек үсті безінің, ОЖЖ–ның зақымдалуы орын алады. 20-30% летальды жағдайға жетеді.

Гистоплазмоздың диссемирленген түрінде қызылиек, таңдай, жұтқыншақ жараланады, жараның беті төмпешік тәрізденеді, жиектерінде грануляция, инфильтрация өсіп шығады. Тері асты май шелінің жаралы түрде зақымдалуы мүмкін. Бактериялы инфекция әр түрлі қоздырғыштармен шақырылады.(фузоспирохета, стрепто- және стафилококтар). Бұл инфекциялардың көрінісі: гингивит, қызылиектің АИВ–некротикалық зақымдануында және таңдай, ұрттың шырышты қабығының зақымдануы, АИВ–созылмалы пародонтит. Клиникалық АИВ–гингивит (қызылиектің сызықты эритемасы) тіс шекарасымен көлденең бағытталатын эритематозды шексіз ені 1,0 мм жолақтар тәрізді көрінеді.

 

Қызылиектің бекінген бөлігінде қанағыштық байқалады. Бұл белгілер 3-4 аптада жоғалып, кейін рецидив беруі мүмкін. Қызылиек ашық қызыл, ісінген. Қызылиектің жиегі және тіс аралық қызылиек емізікшелері некроздалады, тіндермен әлсіз байланысқан сары–сұр қақпен қақталады. Көп жағдайда фронтальды тістердің аймағындағы шырышты қабық зақымдалады, алайда шайнау тістерінің аймағына жайылуы мүмкін. Ол сонымен қатар қызылиек емізікшелері аймағында петихия тәрізді тоғалар түрінде кездеседі. Науқастардың тең жартысында жаралы–некротикалық АИВ–гингивитінің өршуі – қызылиектің жұмсақ тіндерінің және сүйекті құрылымдарының жоғалуына, секвестрленуіне алып келеді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек кандиданың қызылиек астылық коллониялары және АИВ–пародонтальды ауруы, сызықты эритеманың байланысы барын дәлелдейді. Кейбір классификациялар сызықты эритеманы «қызылиектің саңырауқұлақты зақымдануына» жатқызады..

Некротикалық гингивит және пародонтит бір аурудың белгілерін көрсетуі мүмкін, бірақ олар біріншісі жұмсақ тіндерді, екіншісі қатты тіндерді зақымдануымен ерекшеленеді. Жаралы–некротикалық пародонтит ауыр иммунотапшылықтың белгісі. Сырқат қатты ауру сезімімен, тістердің түсуімен, қызылиек иқанағыштығымен, ауыз қуысындағы жағымсыз иіспен, қызылиек емізікшелерінің жаралануымен, сүйек және жұмсақ тіндердің жылдам бұзылуымен сипатталады. Науқастар ауру сезімін «жақтағы терең ауру сезімімен» байланыстырады.

 

АИВ инфекциясымен ауыратын науқастардың ауыз қуысының шырышты қабатын вирусты инфекциялар жиі зақымдайды.

Инфицирленген науқастардың ауыз қуысының шырышты қабатын вирусты инфекциялардың ішіндегі қарапайым герпес вирусы көпшілік жағдайда кездеседі.

Қарапайым герпес. Қарапайым герпес вирусы - ДНҚ-құрамды, (Herpes simplex) Herpesviridae туыстастығының өкілі. 8 антиген типті вирус анықталған; ең көп таралған түрі 1-ші. 2 тип вирусымен генитальды герпесті және жаңа туылған сәбирелдің генерализденген инфекциясын байланыстырады. Біріншілік инфекция клиникалық көрініссіз өтеді. Кейін жасырын кезеңі жүреді. Біріншілік және қарапайым рецидив беруші герпес түрін ажыратады. Қарапайым герпестің негізгі клиникалық белгілері: бір уақытта түссіз серозды, кейін лайланатын топталған ұсақ көпіршіктердің (везикула) теріде және шырышты қабықта бөртіп шығуы. Герпес вирусы жиі ерінде, ауыздың терісінің айналасында, мұрында, сирек- ұрт, қабақ, құлақ қалқанының терісінде кездеседі.

Біріншілік герпесті гингиво-стоматитжалпы және жергілікті көрініске ие. Әдетте балалар, жас өспірімдер немесе жасы 25 дейінгі ересек адамдар ауырады. Ауру қызбамен, жалпы әлсіздікпен өтеді. Аймақты лимфа түйіндерінің ауыруы және ісінуі байқалады. 1-2 күннен кейін қызылиекте, қатты таңдайда, ауыз қуысының шырышты қабығында, еріннің қызыл жиегінде әртүрлі зақымданулар пайда болады.

 

Зақымдану элементтері тез жарылып, дұрыс емес пішіндегі жаралар мен эрозияларға айналатын көпіршіктер түрінде болады. Олардың жазылу уақыты 1 күннен 2 аптаға дейін созылады.аурудың жалпы белгілері де жойылады.

АИВ инфекциясы кезінде ауыз қуысының шырышты қабығының, еріннің және жыныс мүшелерінің герпетикалық зақымдануы жиі әрі тұрақты рецидив береді. Орналасуына қарай бұл зақымданулар ұзақ сақталады, атипиялық және қатты ауыру сезімімен өтеді; олар тілде, жұмсақ таңдайда, ауыз қуысының түбінде, ерінде кездеседі.

 

АИВ инфекциясы кезіндегі герпетикалық жаралар көлемі үлкен, диаметрі 3 см дейін, ақшыл-сұр түсті қақпен қапталған, түбі қызыл түсті, жара жиегі дұрыс емес пішінді, жоғары қарай бағытталған кратер тәрізді пішінде болады. Кейбір жаралар көп пішінді эритемаға, жаралы некротикалық стоматитке немесе ауыз қуысының шырышты қабығы кандидозының ауыр түріне ұқсас келеді.

Ауыз қуысындағы қайталамалы герпес жарылған кезде бірігу қасиеті бар, көптеген ұсақ везикулалардың пайда болуымен басталады. Ауыз қуысы тіндерінің, қатты таңдайдың зақымдануы мамандарда қарапайым вирусты герпестің барына күдік тудыруы керек. Герпетикалық жаралар медициналық көмеуктің араласуынсыз жазылып кетеді. 2-4 күннен кейін көпіршіктер кеуіп, эпителизация үрдісі әсерінен борпылдақ қабықшалар түзіледі. Кейбір жағдайларда көпіршіктер көп камералы жалпақ көпіршікке бірігеді. Оларды ашу кезінде дұрыс емес пішіндегі эрозияларды көруге болады. Қайталамалы герпес кезінде бөртпелер бір жерде орналасады. Герпес бөртпелері қышу, шаншу, кейде ауру сезімімен өтеді. Уақыт өте келе қабықшалар ажырап, эрозиялар эпителизацияланады.

Белдемелі герпес. Бұл ДНҚ-құрамды (Varicella zoster virus - VZV) Herpesviridae тұқымдастығына жататын вируспен шақырылатын ауру.

 

 

Белдемелі герпестің негізгі клиникалық белгілері: жүйке жолдарының бойымен эритематозды негіздегі топталған көпіршіктер дененің бір жақ бетінде жедел бөртулермен көрініс береді.

Ауру кезіндегі продромальдыкөріністер: шаншу, қышу, жүйке жолдарының бойындағы невралгиялық аурулар. Үшкіл нервтің тармақталатын аймағындағы бөртпелердің ауру сезімі басым. Шаншу, гипералгезия, парестезия, дене температурасынң жоғарылауы (кей жағдайда 38 -39OС) мүмкін.

 

 

Терідегі бөртпелер ісінген эритемамен басталады. Кейін серозды немесе серозды геморрагиялық лайланғане құрамды көпіршіктер пайда болады.

Әдетте бірнеше топтағы көпіршіктер көрініс береді. Белдемелі герпес қабырға аралық жүйке талшықтарының жолдарында жиі орналасады. Белдемелі герпестің ауыр ағымы үшкіл нервтің бірінші тармағы аймағында дамиды. 5-7 күннен кейін эритематозды аймақ бозғылттанады, көпіршік эксудаты кеуіп қабыршақтанады. Қабыршақ астында ақырындап эпителизация жүреді. 2-3 аптадан кейін қабыршақтар түсіп, оның орнында қызарған дақтар қалады.

Белдемелі герпес барлық жаста кездеседі. Алайда10 жасқа дейінгі балаларда сирек кездеседі. Бұрын ауырған адамдар қайта ауырмайды.

АИВ- инфекциясы кезінде белдемелі герпестің көрінісі кез келген аймақта болуы мүмкін, сонымен қатар ауыз қуысының шырышты қабатында және бетте кездеседі. ЖИТС сатысында қарапайым және белдемелі герпес екіншілік пиогенді микрофлорамен қатар жүретін өте айқын бөртпелермен өтеді.

"Шашты " лейкоплакия (ауыз қуысының вирусты лейкоплакиясы, жалпақ кондилома, бүртікті лейкоплакия, шашты лейкоплакия) аурудың маркері болып табылады және АИВ- инфекциясымен ауыратын науқастардың 98% кездесді.

Тілдің эпителий жасушаларындағы Эпштейна – Барр вирусының жоғары репликациялануы нәтижесінде «шашты» лейкоплакия пайда болады..

 

 

"Шашты" лейкоплакия тілдің бір жақты немесе екі жақты ақ қатпар немесе шығыңқы тәрізді зақымданулармен сипатталады. Зақымданулар тілдің арқалығына, ұрттың шырышты қабығына, ауыз қуысының түбіне, таңдайға жайылуы мүмкін. Құрылымдағы қақтар алынбайды. Күшті антиретровирусты препараттардың пайда болуымен "шашты" лейкоплакиямен ауыратын науқастар саны азайды. Бұл сырқат айқын белгілерсіз өтеді және емді қажет етпейді, бірақ науқастарды тілдің жағымсыз көрінісі мазалайды. "Шашты" лейкоплакия иммунитет төмендеген кезде байқалады. Антиретровирусты терапиямен емделетін науқастарда «шашты» лейкоплакияның кездесуі емнің дұрыс емес екендігінің дәлелі.

«Шашты» лейкоплакияға тән ерекшелігіне пайда болған құрылымдар шырышты қабықпен тығыз біріккендігі және зақымданулар тегіс беткейден әжімделген беткейге дейін өзгеріп отырады.Шырышты қабықтағы бұл тығыз ақ аймақтар қарт адамдарда кездесетін классикалық лейкоплакиялық зақымданулармен салыстырылады.

Ауруды кездейсоқ анықтайды, оны қатерлі ісікпенжалпақи теміреткінің гиперкератозды түрімен, кандидозбен дифференциациялау керек.

Вирусты сүйел.Бұл ауру Papovaviridae Papillomavirus туыстастығына жататын ДНҚ-дан тұратын папилломавируспен шақырылып,АИВ мен инфицирленгендерді жарақаттайды.Папиллома вирустардың 50 шақты түрі белгілі,соның ішінде 6 және 11 түрлері жұтқыншақтың және жыныс мүшелерінің шырышты қабатында сүйелдің пайда болуын туғызады.

 

Адамның папиллома вирусымен шақырылатын, ауыз қуысындағы сүйелдердің пайда болу саны жаңа жоғары әсерлі антиретровирусты препараттардың көптеп шығуына байланысты анағұрлым жоғарылады.Автор жұмыс жасайтын ұйымдағы зерттеулер, папилломамен шақырылатын сүйелдердің көптеп пайда болуы 6 айдың ішінде қан плазмасындағы АИВ-РНҚ деңгейінің 10 есеге дейін (1-log10) төмендеуіне негізделеді.Сүйелдердің пайда болуы иммунитеттің қайта қалпына келіумен байланысты деуге толықтай айтуға болады. Сүйелдің беті түсті орамжапыраққа ұқсас, өткір қырлары бар, шығыңқы немесе жазық болуы мүмкін.

АИВ мен инфицирленгендерде жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінде таңдайда көптеген кондиломаларбайқалады.Бұл белгілер АИВ инфекциясының ЖИТС кезеңіне ауысуын білдіреді.

Сонымен қатар пайда болу себебі белгісіз афтозды жаралар кездеседі.Бұл зақымданулар айналасының қабынуымен және сары-сұр псевдомембраналы қабықпен қапталады.

 

Олар айтарлықтай ауру сезімімен қатар жүреді, әсіресе тұзды, ащы , қышқыл тағамдарды немесе сусындарды және қатты тағамдарды пайдаланғанда білінеді.Иммун тапшылығы бар науқастарда бұл зақымданулар 7-14 аптадан аса уақытқа созылады.

Нейропениялық жаралар – қатты ауру сезімімен жүреді,ауыз қуысының барлық тіндерінде кездесуі мүмкін; олардың пайда болуы гранулоциттердің саны 800/мл ден төмен болуымен байланысты.Бұл зақымданулар АИВ мен инфицирленген науқастарда көп кездеседі, бірақ бұл аурудың деңгейінің жоғарылауының себебі әлі белгісіз.

 

Жараның басқа түріне жатқызуға мүлдем болмайтын, этиологиясы белгісіз бұл өте ірі ерекше көрінетін және кенеттен ауыз қуысында пайда болатын жараларды көргенде дәрігер бірден осы ауруға назар аудару керек.

Капоши Саркомасыәлі күнге дейін ауыз қуысының қатерлі ауруы болып табылады,бірақ олардың таралуы жоғары әсерлі антиретровирусты дәрілердің пайда болуына байланысты күрт төмендеді.Капоши Саркомасы-АИВ мен инфицирленген науқастарда пайда болатын эндотелиальды жасушалардағы қатерлі жаңа түзіліс болып табылады.Капоши Саркомасының пайда болуына 8 типтің қарапайым герпесі және АИВ(KSHV) tat-протеині әсер етеді.

 

 

АИВ инфекциясымен байланыспаған Капоши Саркомасы әдетте егде жаста пайда болады.Ол дененің төменгі бөліктерінің дистальды бөлімдерінде симметриялы зақымданулар мен сипатталып,ары қарай терінің басқа бөліктеріне жайылады.

АИВ инфекциясында дамитын Капоши саркомасының ерекшелігіне науқастардың жастық кезімен аурудың өршіп дамуы жатады.АИВ инфекциясының бастапқы белгісі ретінде Капоши саркомасы науқастардың 30% кездеседі,оның 50-90% да ауыз қуысының зақымдануымен жүреді.Ол дақ,түйін түрінде және ісіну немесе жара түрінде кездесуі мүмкін, ал түсі қызылдан алқызыл түске дейін өзгеріп отырады; ерте кезеңінде зақымданулар симптомсыз, жазық және қызыл болады.Уақыт өте келе зақымданулар қараяды.Зақымданулар ауыз қуысының қалыпты қызметіне кедергі келтіреді.Соңғы диагнозды қою үшін науқастан биопси алынады.

В-жасушалы лимфома (Ходжкиндік емес лимфома) 1982 ж. сипатталады. Бұл АИВ мен инфицирленген науқастардағы таралуы жағынан 2 орындағы ісік болып табылады

(Капоши саркомасынан кейін).
Серологиялық сынамасы оң науқастарда қызыл иегіндегі ретромолярлы аймақтағы зақымдалмаған эпителийдің астындағы қызғылт тығыз эластикалық өсінділердің пайда болуымен байқалады.

Жоғары әсерлі антиретровирусты дәрілердің шығуына орай ауыз қуысындағы АИВ белгілерінің көрінуі айтарлықтай өзгерді.Кандидоз, Капоши саркомасы, «шашты» лейкоплакия және некроздалған жаралы пародонтиттің жиілігі анағұрлым төмендеді; сілекей бездері ауруларының, ауыз қуысындаңы сүйелдің пайда болуы және «сынғыш тістер синдромы» формасындағы тісжегінің жиілігі артты; ауыз қуысының жаралы зақымдануларының пайыздық көрсеткііші өзгеріссіз.АИВ мен инфицирленген науқастарда АРВ терапиясын жүргізген кезде дәрігер – стоматолог ксеростомияның пайда болу қаупі бар екенін есте сақтағаны жөн.Бұл арнайы топтағы науқастардың тістерінің бұзылуына алып келетін негізгі фактор болып табылады.

 

 

400 ден астам дәрілік препатраттар "құрғақ ауыз" симптомын шақырады.АИВ мен инфицирленген 30-40% жуық адамдар көптеген дәрілерді (мысалы, диданозин (didanosine) қабылдағаннан кейін немесе сілекей бездеріне CD8+ жасушаларының енуінен ксеростомияның ауыр формасымен ауырады.Сілекейдің сапасы мен санының өзгеруі және оның антибактериальды қасиеттерінің нашарлауы тісжегінің немесе пародонт ауруларының қарқынды дамуына алып келеді.

Қоздырғыштың көзін анықтау әр кезде мүмкін болмағандықтан және медицина қызметкерлерін АИВ-н және вирусты гепатиттен қорғау мақсатында келесі принципті қолданған жөн: барлық пациенттерді потенциальды инфицирленген деп қарау керек.

Сондықтан ортақ универсальды алдын алу шараларын міндетті түрде жүргізу керек,науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтарын потенциальды инфицирленген деп қарап,олармен жұмыс жасағанда тиісті қорғаныс шараларын жүргізу керек.Ол науқастарға «жоғары қауіп-қатер факторы» бар топқа жататын, яғни АИВ немесе вирусты гепатитке шалдыққандарды жатқызуға болады.

 

7.Әдебиеттер

Негізгі:

1.Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2010. – 544 с.

  1. ВИЧ инфекция и СПИД Под ред. Покровского Москва ГЭОТАР-МЕДИА, 2010
  2. ВИЧ-инфекция: Учебное пособие / Касымбекова С.Ж., Нугманова Ж.С., Кульшарова А.Д. – Алматы, 2014.
  3. Зазулевская Л.Я. Болезни слизистой оболочки полости рта – Алматы, 2010 – 297 с.

Қосымша:

  1. Заболевания слизистой оболочки полости рта и губ/ Под ред. Е.В.Боровского, А.Л. Машкиллейсона – М.: МЕДпресс, 2001. – 319 с.
  2. Клинические аспекты ВИЧ – инфекции. Джон Бартлетт, Джоэл Галлант. П.Фам- Москва 2012
  3. Либман.Г. ВИЧ-инфекция Пер с анг.Москва ГОЭТАР-МЕДИА 2012
  4. Лечение ВИЧ-инфекции Под ред. Кристиана Хоффмана, К. Рокштро Москва 2012
  5. Нугманова Ж.С., Мергембаева Х.С. Профилактика ВИЧ-инфекции в стоматологии - Алматы, 2010. - 264 с.
  6. Отчет ВОЗ по ВИЧ/СПИД, 2014
  7. Отчет ЮНЭЙДС, 2014
  8. Отчет РЦ СПИД РК, 2014
  9. Клинические протоколы по ВИЧ – инфекции для Европейского региона ВОЗ, 2011г.
  10. www.rulit.me/.../terapevticheskaya-stomatologiya-uchebnik-read-30141.. .
  11. www.e-stomatology.ru/pressa/literatura/zsobrt/zsoblrt.htm
  12. www.rmj.ru/articles_5731.htm
  13. www.studmedlib.ru/book/ISBN9785970411537.html
  14. www.webmedinfo.ru

8. Сынақ

Сұрақтар:

1 ) Ауыз қуысындағы АИВ инфекциясының пайда болу ерекшеліктері

2) АИВ инфекциясымен жиі байланысты ауыз қуысының шырышты қабатының зақымданулары:

3) АИВ инфекциясымен сирек байланысты ауыз қуысының шырышты қабатының зақымданулары:

4) АИВ инфекциясымен байланысты ауыз қуысының шырышты қабатының зақымданулары:

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.