Здавалка
Главная | Обратная связь

Номенклатурасы, стереоизомериясы. 1 страница



В130100 - «Жалпы медицина»

 

Кафедра: Химия

Курс: 1

Алматы, 2014 ж

Мазмұны

1. Силлабус . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    
2. Дәрістер кешені . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  
3. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    
4. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .      
5. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    
6. Студенттердің білімін бақылау-бағалау құралдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    
Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

СИЛЛАБУС

 

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»  
Кафедра –химия    
Курс – бірінші    
Дәрістер 5 сағат    
Тәжірибелік (семинар) сабақтар 25 сағат    
Оқытушының жетекшілік етуімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) 30 сағат    
Барлық аудиторлық 60 сағат    
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 30 сағат    
   
Бақылау түрі: емтихан    

 

 

Алматы, 2014 г.


Силлабус жұмыс бағдарламасына сәйкес, кафедра доценттері Е.В. Нечепуренко және А.А. Алмабековамен құрастырылған және химия кафедрасының мәжілісінде қарастырылған «__» ____________ 2014 ж., хаттама №___

 

Химия кафедрасының меңгерушісі, профессор __________________Н.У. Алиев

 

 


1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Жоғары оқу орнының аты -С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
Кафедра -химия
Пән атауы -химия, Him1111
Мамандығы - 5В130100 – «Жалпы медицина»
Оқу сағатының саны -90 (2 кредит)
Курс және оқу 1 семестрі -1 (І,II)

Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер

№ пп ТАӘ Қызметі Ғылыми дәрежесі
1. Алиев Н.У. каф. меңгерушісі, профессор х.ғ.д.
2. Алмабекова А.А. доцент х.ғ.к.
3. Есімжан А.Е. доцент х.ғ.к.
4. Карлова Э.К. доцент х.ғ.к.
5. Кусаинова Ж.Ж. доцент х.ғ.к.
6. Кусаинова А.К. доцент х.ғ.к.
7. Нечепуренко Е.В. доцент х.ғ.к.
8. Садыкова Г.С. аға оқытушы х.ғ.к.
9. Кагазбекова Г.А. оқытушы -

 

Байланыс туралы мәлімет:

Химия кафедрасының орналасқан мекен-жайы:

Алматы қ., Сейфуллин көшесі, INTRO №1 анатомия корпусы, №2 оқу корпусы, 3-ші этаж

Тел: 2926487 ішкі 7219

Пәннің саясаты:

1. Студенттер кестеге сәйкес дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ-ға қатысуы тиіс.

2. Сабақтарға ақ халатпен, кешікпей келуі керек. Сабақ үстінде байланыс телефонын өшіріп тастау керек.

3. Сабақтарды жібермеу керек. Белгілі бір себептермен (ауруға байланысты) сабақты жіберген жағдайда қажетті құжаттар деканатға тапсырылады. Жіберілген барлық сабақтарды міндетті түрде өтеу қажет.

4. Студенттер үнемі дәрістерге, практикалық сабақтарға, ОСӨЖ, СӨЖ-ға талаптарға сәйкес барлық тапсырмаларды орындап, дайындалуы керек.

5. Орындалған тапсырмалар бойынша есептер оқытушыға уақытында тапсырылуы қажет. Бекітілген уақытынан кейін тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды.

6. Емтиханға төмендегі студенттер жіберілмейді:

- аралық бақылау жұмысын тапсырмағандар;

- минималды өту балын жинамағандар;

- жіберілген сабақтарды өтемегендер.

 


1. БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Берілген бағдарлама медициналық оқу орнының «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Жоғары білімнің қазіргі жаңашыл шарттарына сәйкес шешуші міндеті болып іргелі оқыту табылады. Химия іргелі ғылым, сондай-ақ тірі ағзадағы процестерді тану және зерттеу құралы болып табылады. Сондықтан, медициналық мамандықтағы студенттер осы ғылымның негізгі идеялары, заңдары мен әдістерін жақсы игеруі қажет. Бағдарлама бойынша бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидты химия курсының аса маңызды тақырыптарының негізін қарастыру жоспарлануда.

«Химия» пәні биохимия, молекулярлы биология, физиология, фармокология, гигиенаның кейбір тарауларын меңгеруге теориялық базаны дайындайды және медицина-биологиялық, клиникалық пәндерді игергенде фундаментальды ғылымнан алынған ғылыми шешімді және зерттеудің жаңашыл әдістерін толық қамтуын қарастырады.

Жоғары медициналық білімді жетілдірудің маңызды міндеті болып пән аралық байланысты кеңейту және фундаментальды, медицина-биологиялық және клиникалық пәндердің интеграциясы болып табылады.

 

Пәннің мақсаты:

Студенттерде адам организмін зерттеуде біртұтас физика-химиялық, жаратылыс тану тұрғысынан шешім қабылдау, сондай-ақ ірі организмде жүретін маңызды биохимиялық процестер мен әр түрлі тепе-теңдіктердің химиялық және физика-химиялық аспектілерінің негізін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

· Тірі ағзада жүретін биохимиялық процестерді сипаттау үшін және ситуациялық есептерді шығара білу үшін физикалық және коллоидты химияның негізгі заңдылықтарын білуді үйрету;

· Ерітінділердің концентрациясының сандық сипаттамасын, сонымен қатар олардың коллигативтік қасиеттерін, қышқыл мен негіз ерітінділерінің қышқылдығы жайлы, буферлік ерітінділердің әсер ету механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;

· Табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен биополимерлердің құрылымының олардың химиялық қасиетіне әсері жайлы түсінік қалыптастыру;

· заттар, оның ішінде тірі организмдегі органикалық компоненттер мен дәрілік препараттардың химиялық құрамы, құрылысы, қасиеттері және биологиялық белсенділігі арасындағы өзара байланыс туралы түсінікті қалыптастыру;

· әдеби көзі мен мәліметтердің электронды базасымен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқытудың соңғы нәтижелері

Пәнді оқып білу барысында студент келесі құзыреттілектерді игеруі тиіс:

Білім

- Химиялық термодинамиканың теориялық қағидалары, биоэнергетиканың негізі ретінде термодинамиканың 1 және 2 бастамаларын;

- ерітінділердің құрамын анықтаудың негізгі әдістері;

- ерітінділердің коллигативті қасиеттері, олардың организмдегі атқаратын ролі;

- атомдар мен молекулардың құрылыс теориясын, комплексті қосылыстардың координациялық құрылыс теориясын, хелатотерапия туралы түсінік;

- биогенді элементтер химиясын;

- қышқылдық-негіздік тепе-теңдік мәнін және организмдегі буферлі жүйелердің функциясын;

- тотығу-тотықсыздану процестерінің теориясын;

- жоғары молекулалы қосылыстар және биополимерлердің табиғаты мен физика-химиялық қасиеттерін;

- органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатурасының ережесі;

- химиялық реакциялардың типтері мен механизмін;

- табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластарының электронды құрылысын,изомериясын;

- биохимиялық процестерде өзара өзгеріске ұшыраудың негізі ретінде органикалық қосылыстардың маңызды кластары мен функционалды топтарының түрлі айналулар жолдары;

- органикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің биологиялық белсенділікпен өзара байланысы;

- тіршілік ету процестерінде биологиялық реттегіштер мен биополимердің атқаратын ролі.

2. Тәжірибелік дағдылар:

- химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдана білу, химиялық ыдыс пен негізгі құралды пайдалану, медициналық практикада қажетті физика-химиялық өлшеу әдістерін қолдану;

- молярлы концентрация, моляльды концентрация, эквивалентті молярлы концентрацияны, еріген заттың мольдік үлесін және ерітінді титрін есептеу;

- химиялық реакцияларлдың жылу эффектілерін есептей білу;

- потенциометрлік рН өлшеуді жүргізе білу;

- биополимерлердің ісіну дәрежесін анықтау;

- криометрия әдісі бойынша төменгі молекулалы заттардың және ЖМЗ вискозиметриялық мәліметтер бойынша салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу;

- органикалық молекулалардың биологиялық функциясын олардың құрылысы мен реакциялық қабілетімен байланстыра білу;

- қанықпаған қосылыстар, аминқышқылдары, моносахаридтерды, молекулада пептидті байланыстың бар-жоқтығын, функциональды топтарды сандық анализдеу;

- органикалық химияның теориялық негіздерінің тұрғысынан қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында органикалық қосылыстардың химиялық өзгерісін болжай білу.

- берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу, ерітіндінің тығыздығын және рН анықтай білу;

- берілген рН белгілі буферлі ерітіндіні дайындай білу, буферлік сыйымдылықты анықтай білу; биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;

- органикалық қосылыстардың маңызды кластарының функционалды топтарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;

3. Коммуникативтік дағдылар

- жолдастарымен ортақ тіл табыса білу, конфликтілік жағдайларда жол таба білу;

- үлкен көлемдегі ақпараттарды меңгеріп, оның ішінен ең бастысын бөліп алу;

- әлеуметтік қарым-қатынас мәдениетіне дағдылану;

- алдына мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге барынша күш салу, ақпараттқа талдау жасай білу.

4. Құқықтық құзыреттілік

- қоршаған ортаны қорғай және техника қауіпсіздігі;

- химиялық заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды қолдану қауіпсіздігін түсіне қолдану, талдау жасау барысында қолданылып отырған химиялық қосылыстың қасиеттерін жете білу, беймәлім бір жағдай болған жағдайда шұғыл көмек жасау ережелерін білу.

5. Өзін-өзі жетілдіру

- келешекте тәжірибеде химиядан алған білімін сауатты түрде пайдалану білу ерекшелігін түсіну;

- анықтамалық және оқу әдебиеттерімен өздігінше жұмыс істей білу, оларды типтік есептерді шығаруда қолдана білу;

- эксперименттік жолмен алынған мәліметтерді медицинада қолданылу жолдарын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беру, талдау нәтижелері бойынша реферат жаза білу.

Пәннің пререквизиттері:химия, физика, математика, биология пәндерінің мектептік курсы.

Пәннің постреквизиттері:молекулярлы биология, биохимия, фармокология, физиология, гигиена.

 

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Термодинамика. Термохимия. Химиялық кинетика және катализ. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы. Буферлік жүйелер. Химиялық байланыстың табиғаты. Комплекстиі қосылыстар, биогенді элементтер. Тірі ағзадағы тотығу-тотықсыздану процестері. Беттік құбылыстар. Коллоидты жүйелер. Биополимер ерітінділері.

Көмірсутектер. Ароматты қосылыстар. Хюккел ережесі. Спирттер. Аминдер. Диазо- и азо қосылыстар. Альдегидтер мен кетондар. Карбон қышқылдары. Гетерофункционалды органикалық қосылыстар. Алифатты галоген орынбасушы қышқылдар. Гидроксиқышқылдар. Оксоқышқылдар. α-аминқышқылдары. Пептидтер. Белоктар. Көмірсулар. Гетероциклді қосылыстар. Алкалоидтар. Нуклеин қышқылдары. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. РНҚ и ДНҚ. Липидтер. Терпендер. Стероидтар.

ДӘРІСТЕРДІҢ, ОСӨЖ, СӨЖ және ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Апта №   Бөлім Тақырып Өткізілу түрі және ұзақтығы
Дәрістер Тәж. саб. ОСӨЖ СӨЖ
1-2 Тірі ағзада жүретін процестер– физикалық-химиялық интерпретация.      
3-4 Сулы ерітінділер. Тірі ағза сұйықтықтарындағы тепе-теңдік.      
5-6 Элементтер-органогендер. «Өмір металдары». Көміртек – органикалық қосылыстар негізі. Тірі және өлі табиғат арасындағы шекара қай жерде?      
11-12 Атомдардың өзара әсері және биологиялық маңызды молекулаларда олардың берілу тәсілдері. Органикалық реакциялар мен реагенттердің типтері      
14-16 Тіршілік процесіне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар      
1-2 Химиялық реакциялар термодинамикасы мен кинетикасының негіздері. Бейтараптау реакциясының түзілу жылуын тәжірибелік жолмен анықтау. Реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері      
1-2 Тірі жүйе термодинамикасының негіздері. Биохимиялық реакциялар кинетикасы. Химиялық және биохимиялық процестердің сандық сипаттамасы      
Ерітінділер: құрамын өрнектеу тәсілдері және коллигативтік қасиеттері. Концентрлі ерітіндіден сұйылтылған ерітінді дайындау      
Ерітінді құрамының және оның коллигативті қасиеттерінің сандық сипаттамалары. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Осмос, гемолиз, плазмолиз      
Атом құрылысы. Химиялық байланыстың табиғаты. Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық – биологиялық рөлі      
Протолиттік тепе-теңдік және процестер. Ерітінді рН-н колориметрлік әдіс арқылы тәжірибелік жолмен анықтау. Ерітінділердің буферлік сиымдылығын анықтау      
Күшті және әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінің рН-н есептеу. Ағзаның буферлік жүйелері: құрылымы, әсер ету механизмі. Ацидоз. Алколоз      
7-8 Беттік құбылыстар және дисперстік жүйелер. Мыс және темір иондарын хроматографиялық бөлу. Қағаз хроматографиясы әдісімен темір иондарын сапалы анықтау. Коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алу және олардың кейбір қасиеттерін зерттеу      
7-8 Жылжымалы және жылжымайтын бөлу беттері аралығындағы адсорбция. Коллоидты ерітінділерді алу тәсілдері, олардың қасиеттері және оларды тазарту әдістері. Мицелланың құрылысы. Диализ.      
Биогенді s-, p-, d- элементтер: олардың қосылыстарының медициналық- биологиялық маңызы      
Тотығу-тотықсыздану процестері. Асқазан сөлін потенциометрлік титрлеу      
1-9 Аралық бақылау №1      
12-13 Көмірсутек гомофункционалды туындыларының реакцияға қабілеттілігі. Спирттердің, фенолдардың, аминдердің, альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының сапалы реакциялары      
10-11 Органикалық қосылыстардың жіктелуі, изомериясы және номенклатурасы. Көмірсутектердің реакцияға қабілеттілігі      
Тіршілік процесіне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар      
Биополимер ерітінділерінің физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Ақуыздардың жалпы қасиеттері. Жоғары молекулалы заттардың ісіну процесін эксперименталды түрде анықтау. Пептидтер мен ақуыздарға сапалы реакциялар.      
α-аминқышқылдарының биологиялық маңызды қасиеттері. Пептидтер      
α-аминқышқылдары: жіктелуі, құрылысы, номенклатурасы.      
Моносахаридтер: құрылысы, стереоизомериясы, цикло-оксотаутомерия, химиялық қасиеттері, биологиялық рөлі. Фелинг, Троммер, Селиванов реакциялары. Крахмалға түсті реакция      
Олиго- және полисахаридтер. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер. Гомо- және гетерополисахаридтер: құрылысы, биологиялық рөлі      
Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар. Зәр қышқылы мен оның тұздарының ерігіштігін зерттеу. Алкалоидтарды тұндыру реакциялары      
Нуклеозидтер, нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы      
Сабындалатын липидтер. Стериндер, стеридтер, стероидтар және олардың туындылары. Майларға реакциялар. Қанықпаған жоғары май қышқылдарын ашу реакциялары      
  Аралық бақылау №2      
Барлығы

 

ПӘННІҢ ТАРАУЛАРЫ

№ пп Пәннің тараулары
Химиялық термодинамика
Химиялық кинетика және катализ
Ерітінділер туралы ілім
Буферлік ерітінділер
Химиялық байланыстың табиғаты. Комплексті қосылыстар
Биогенді элементтер
Беттік құбылыстардың физикалық-химиялық негізі
Дисперсті жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттері
Тотығу-тотықсыздану процестері
Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Номенклатура. Изомерия. Атомдардың өзара әсері және биологиялық маңызды молекулаларда олардың берілу тәсілдері. Органикалық реакциялардың типі мен механизмі бойынша жіктелуі
Көмірсутектердің реакцияға қабілеттілігі. Радикалды орын басу реакциялары. Электрофильді орынбасу және қосып алу реакциялары
Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртегі атомындағы нуклеофильді орынбасу реакциялары
Карбонильді қосылыстардың нуклеофильді реакциялардағы реакциялық қабілеттері
Тіршілік процесіне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар
Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер
Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер
Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар
Жоғары молекулалы қосылыстар

3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:

1. Студент СӨЖ тақырыптары бойынша конспект дайындайды.

2. СӨЖ тақырыптары бойынша студент оқытушының тапсырмаларын орындауы, оларды талаптарға сай көркемдеуі және көрсетілген мерзімде оқытушыға тапсыруы, сонымен қатар оқытушының сұрақтарына жауап беруге, ұқсас тапсырмаларды орындауы тиіс.

3. 4 тақырып бойынша студент оқытушының тапсырмасы бойынша талаптарға сай кроссворд құрастыруы керек.

 

4. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С. Химия. -А.: Білім, 1994.-223б.

2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.

3. Есімжан А. Жалпы химия практикумы. -А., 2004.-296б.

4. Құсаинова Ж.Ж. және т.б. Титриметриялық анализ. -А., 2001.-102б.

5. Әмірқожаева Д.Ә. Физикалық және коллоидтық химия. –А., 2006.-240б.

6. Құлдыбаев М.М., Ихсанов және т.б. Биогенді элементтер. -А., 1995.-112б.

7. Абдрахманова Р.М. и др. Бионеорганическая и биофизическая химия: Задачи и упражнения. -А., 1995.-120б.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.