Здавалка
Главная | Обратная связь

Номенклатурасы, стереоизомериясы. 11 страница



2) Тристеариннің гидролиз реакциясын жазыңыз: 1)сумен; 2)натрий гидроксидімен. Түзілген өнімді атаңыз.

3) Серин,коламин, холин арасындағы генетикалық байланыстың схемасын жазыңыз.

4) Стеарин және олеин қышқылдарының қалдықтарынан құралған, глицеро-3-фосфаттаң лейцитиннің (фосфатидилхолин) түзілу реакциясын жазыңыз.Молекуланың полярлы және полярсыз бөлігін белгілеңіз.

5) Стеарин және линолен қышқылдарының қалдықтарынан тұратын, кефалиннің (фосфатидилсерина) құрлысын жазыңыз.

6) Жоғары май қышқылдарымен холестеридтердің, эргостеридтердің түзілуін жазыңыз. Реакция механизмі.

7) Д3 витаминінің алынуының схема реакциясын жазыңыз.

8) Эргостериннің УК-сәуленің әсерінен жүретін реакция схемасын жазыңыз. Алынған витаминді атаңыз..

9) Глико- және таурохол қышқылдарының түзілу реакциясын жазыңыз. Олардың биологиялық ролі.

 

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар

 

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»  
Кафедра - химия  
   
Құрастырғандар:  
1 кредит (бейорганикалық химия) доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
   
   
   
2 кредит (органикалық химия) доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
  оқытушы Қағазбекова Г.А.
   
   
   
   
   

Алматы, 2014 ж

Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар) жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

 

Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1, «_____» _ 2014 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев

 

 

ОСӨЖ №1

 

ТАҚЫРЫП: Тірі жүйе термодинамикасының негіздері. Биохимиялық реакциялар кинетикасы. Химиялық және биохимиялық процестердің сандық сипаттамасы

МАҚСАТТАРЫ:

· Тірі ағзаны стационарлық термодинамикалық жүйе ретінде сипаттау

· термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарын химиялық процестерде қолдана білуге және тірі ағзада жүретін реакция ерекшеліктерін ескеруге үйрету;

· химиялық реакциялардың өздігінен жүру бағытын және жүйе параметрлері өзгеріске ұшырау кезінде химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжауға үйрету;

· химиялық термодинамиканың негізгі заңдылықтары мен түсініктерін тірі ағзаға қолдану және ферментативті реакциялар кинетикасының ерекшеліктері мен адаптивті қайта тұрғызу принципін көрнекілікті қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

· әр түрлі факторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгерісін есептей білу дағдыларын қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

· термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарының маңызын аша білуге үйрету;

· термодинамикалық заңдылықтарды биохимиялық процестерді түсіндіруде қолдана білуге, тірі ағзаны термодинамикалық жүйе ретінде сипаттай білуге үйрету;

· Гесс заңын, Вант-Гофф заңын (дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін анықтау әдісі), Ле Шателье принципін пайдалана отырып медициналық-биологиялық және фармацияда зерттеулер жүргізу әдістерімен таныстыру;

· Михаэлис-Ментен теңдеуін пайдаланып, ферментативті катализ ерекшеліктерін және реакциялардың ретін анықтауды көрнекілікті көрсету;

· әрекеттесуші заттар концентрациясы, жүйе қысымы және температураның өзгеруі барысында реакция жылдамдығынын өзгерісін есептей білу дағдыларына, химиялық тепе-теңдікті қарастыру үшін Ле-Шателье принципін қолдануды үйрету;

есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

 

ӨТКІЗУ ТҮРІ:

· қарастырылатын тақырыптың жекеленген сұрақтарын тереңдетіп оқу;

· ситуациялық есептер шығару

· жеке тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талдау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1) есептер (оқытушың таңдауы бойынша беріледі)

ü С6Н12О6(қ) + 6О2(г) → 6СО2(г) + 6Н2О(с) Стандартты жағдайда глюкозаның тотығу реациясының өздігінен жүретіндігін термодинамикалық есептеулердің көмегімен дәлелдеңіздер. Энтальпия мен энтропияның стандартты түзілу мәндері:

∆Н0f2О) = -285, 84 кДж/моль; ∆Н0f(СО2) = -393, 51 кДж/моль;

∆Н0f6Н12О6) = -1274, 45 кДж/моль; ∆S0f(CO2) = 213, 64 Дж/моль∙К;

∆S0f2О) = 69, 94 Дж/моль∙К; ∆S0f6Н12О6) = 212, 13 кДж/моль∙К; ∆S0f2) = 205, 03 Дж/моль∙К.

ü Адам ағзасында метоболизм нәтижесінде түзілетін глицерин ары қарай CO2(г) мен Н2О(г) айналады. , ∆G0түз(глицерин) = - 480 кДж/моль, ∆G0түз(CO2(г))= -394,4 кДж/моль, ∆G0түз2О(г))=-228,6 кДж/моль-ге тең деп алып, глицериннің тотығу реакциясының (∆G0реак ) өзгерісін есептеңіз.

Көміртек, сутек және этил спиртінің жану жылулары сәйкес - 393, 51; - 285, 84; - 1366, 90 кДж/моль-ге тең деп алып, этанолдың стандартты түзілу жылуын есептеңіз.

ü Тура реакцияның жылдамдығы 2СО + О2 = 2CO2 қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 4 есе арттырса?

.

ü Реакция 2NО + О2 = 2NO2 теңдеуі бойынша жүреді. Әрекеттесетін заттар концентрациясы (моль/л): С(NО) = 0,8; С(О2) = 0,6. Реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егер оттектің концентрациясын 0,9 моль/л, ал азот оксидінің концентрациясын 1,2 моль/л арттырса.

ü Температураны 40 градусқа арттырғанда, реакция жылдамдығы қаншалықты өзгереді, реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса?

ü 353 К температурада реакция 20 секундта бітеді. Температура 293 К дейінтөмендегенде реакция қанша уақытта аяқталады? Реакцияның температуралық коэффициенті 2,5-ке тең.

БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

1. Термодинамикалық жүйе: жіктелуі, күйі, параметрлері.

2. Термодинамиканың негізгі заңдылықтары: термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.

3. Термохимия – негізгі түсініктері мен заңдылықтары (Гесс заңы және Гесс заңынан шығатын салдарлар, Лавуазье-Лапласс заңы).

4. Тірі жүйе термодинамикасының ерекшеліктері. Термодинамикалық жүйенің стационарлы күйінің сипаттамасы. Энергетикалық қабысу принципі. Пригожин принципі.

5. Реакцияның молекулалығы және реті.

6. Реакцияның кинетикалық жіктелуі.

7. Ферментативтің катализ ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.

8. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта тұрғызу принципі.

Тесттер

1. «Дәнекерленген ампуладағы NaCl-нің 0,9%-дық ерітіндісі» - бұл жүйе болып табылады

1) гомогенді

2) гетерогенді

3) оқшауланған

4) жабық

5) ашық

2. Стандартты жағдайда жәй заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сііңірілетін жылу

1) жану энтальпиясы

2) бейтараптау энтальпиясы

3) стандартты түзілу жылуы

4) стандартты ыдырау жылуы

5) стандартты түзілу энтальпиясы

3. Стандартты жағдайларға сәйкес келетін параметрлердің мәндерін таңдаңыз:

1) температура t = 25oC

2) температура Т = 298 К

3) температура Т = 273 К

4) қысым р = 101,325 кПа

5) қысым р = 1,0 атм

4. Термодинамикалық процестің өздігінен жүруі мүмкін болмайтын жағдайды таңдаңыз:

1) DG > 0

2) DG < 0

3) DH > 0; DS < 0

4) DH = TDS

5) DH < 0; DS > 0

5. Стационарлық жағдайда термодинамикалық жүйеге тән тұжырымдама

1) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де алмаспайды

2) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де үздіксіз алмасады

3) термодинамикалық параметрлердің мәні жағынан тұрақты градиенттері (шамалары) болады

4) жүйе энтропиясы ең аз шамаға өзгереді DSi /Dz®0

5) жүйе энтропиясы үнемі артып отырады DSi /Dz > 0

6. aА + bB + cC = mM + nN реакциясындағы (m + n) көрсетеді

1) N заты бойынша реакцияның ретін

2) B заты бойынша реакцияның ретін

3) C заты бойынша реакцияның ретін

4) тура реакцияның жалпы ретін

5) кері реакцияның жалпы ретін

7. w = k кинетикалық теңдеуіне сәйкес келетін реакция реті

1) нөлінші

2) бірінші

3) екінші

4) үшінші

5) бөлшек

8. химиялық реакциясыдинамикалық тепе-теңдікте болады, егер

1) А заты 50% -ға В затына айналған болса

2) А заты 10% -ға В затына айналған болса

3) бірлік уақытта А затының айналу жылдамдығы В затының айналу жылдамдығына тең болса

4) В затының А затына айналу процесі басталған болса

5) А затының В затына айналуы аяқталған болса

9. N2(г) + O2(г) « 2NO(г) тура реакция берілген. Жүйе қысымын 5 есе арттырғанда тура реакция жылдамдығы

1) 5 есе артады

2) 5 есе кемиді

3) өзгермейді

4) 25 есе артады

5) 25 есе кемиді

10. Ферменттер

1) жоғары каталитикалық белсенділік көрсетеді

2) ерекшелігі жоқ

3) биохимиялық реакцияларға таңдамалы түрде әсер етеді

4) температураның үлкен аумағында белсенділік көрсетеді

5) рН-тың белгілі бір мәндерінде ғана белсенділік көрсетеді

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С. Химия. -А.: Білім, 1994.-223б.

2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.

3. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2009.- 42-47 б.

4. Есімжан А. Жалпы химия практикумы. -А., 2004.-296б.

5. Тест тапсырмаларын орындау (Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Құсаинова Ж.Ж., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия (бақылау тестері - Алматы: «Эверо», 2009.- 30-51 б.)

6. Әмірқожаева Д.Ә. Физикалық және коллоидтық химия. –А., 2006.-240б.

7. Абдрахманова Р.М. и др. Бионеорганическая и биофизическая химия: Задачи и упражнения. -А., 1995.-120б.

8. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. -М., 2001.-254б.

9. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. -М.: ВШ, 1989.-256б.

10. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. -М.: ВШ, 2003.-560б.

11. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. –СПб.: Химиздат, 2001. -152 бет.

Қосымша:

1. Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. –А.: Білім, 1996.-224б.

2. Аханбаев К. Жалпы және анорганикалық химия. А.: Санат, 1999.-123бт.

3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық химия практикумы. –А.: Мерсал, 2000.-160б.

4. Евстратова К.И. және т.б. Физическая и коллоидная химия. -М.: ВШ, 1990.-487б.

5. Глинка Н.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов / Под ред. А.И.Ермакова –М.: Интеграл-Пресс, 2006.-728б.

№2 ОСӨЖ

 

ТАҚЫРЫП: Ерітінді құрамының және оның коллигативті қасиеттерінің сандық сипаттамалары. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Осмос, гемолиз, плазмолиз

 

МАҚСАТТАРЫ:

· ерітінділердің коллигативті қасиеттері туралы түсінікті қалыптастыру;

· қанға изотонды болатын заттар ерітінділерінің концентрациясын есептеуді үйрету;

· изотонды және гипертонды ерітінділердің медицинада қолданылуын негіздеу;

· изотонды концентрацияны және осмостық қысымды есептеуге арналған есептерді шығару арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.

оқыту міндеттері:

· Рауль заңы және одан шығатын салдарлардың, Вант-Гофф заңының физикалық-химиялық мәнін аша білу;

· тірі жүйелердегі осмостың роліне (тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз, биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльдігі) қатысты мысалдарды келтіру арқылы көрнекілікті көрсету;

· медициналық практикада изотонды және гипертонды ерітінділерді қолдану туралы ақпарат беру;

· медициналық-биологиялық зерттеулерде еріген заттың молярлы массасын, диссоциациялану дәрежесі мен изотонды коэффициентін анықтау үшін криометрия, эбуллиометрия және осмометрия әдістерін пайдалану мүмкіндігін көрсете білу;

· есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

 

ОҚЫТУ әдістері:

Үйлескен түрде:

- семинар (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында оқу бағдарламасын топ бойынша талқылау);

- шағын топтарда жұмыс істеу;

- кейс-стади (ситуациялық есептерді шығару).

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР (оқытушының таңдауы бойынша)

ü Сілтімен күйіп қалған кезде терінің күйген жерін алдымен сумен жуады, сонан соң сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен бейтараптайды. Егер қышқылдың массалық үлесі 60%-ға тең болса, массасы 600г 1%-дық ерітінді дайындау үшін сірке эссенциясының қандай массасы қажет?

ü Аш адамның асқазан сөліндегі тұз қышқылының массалық үлесі орта есеппен 0,05%-ды құрайды. 0,5 л асқазан сөліндегі HCl зат мөлшерін есептеңіз. Асқазан сөлінің тығыздығы 1,005 г/мл.

ü Кальций хлориді медицина тәжірибесінде кеңінен қолданылады. 100 мл 3%-дық кальций хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристалдық CaCl2∙6H2O және су қажет? (ρ=1г/мл) Ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?

ü Жасушаны қоршап тұрған ортадағы натрий хлоридінің гемолиз басталғандағы концентрациясы эритроциттердің осмостық тұрақтылығының (резистенттілігінің) көрсеткіші болып табылады. Адамның эритроциттерінде гемолиз натрий хлоридінің 0,4%-дық ерітіндісінде басталады, ал NaCl-ң 0,34%-дық ерітіндісінде «осмостық сандырақ (шок)» болады. Ерітіндінің тығыздығы 1 г/мл деп есептеп, 37оС кезінде осы ерітінділердің осмостық қысымын есептеңіз.

ü Таза судың бетіндегі қаныққан бу қысымы 25оС-та 3,166 кПа-ны құрайды. Осы температурада 5%-дық карбамид (мочевина) CO(NH2)2 ерітіндісінің бетіндегі будың қаныққан қысымын табыңыз.

ü 20оС температурада, құрамында 6,33г қанды бояйтын заты - гематин бар 100 мл ерітіндінің осмостық қысымы 243,4 кПа құрайды. Гематиннің молярлық массасын анықтаңыз.

БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

  1. Сұйытылған ерітінділердің коллигативті қасиеттері.
  2. Раульдің бірінші заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар.
  3. Осмос. Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Тірі және өсімдік ағзаларында осмостың биологиялық ролі. Онкотикалық қысым.
  4. Электролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттерінің ерекшеліктері. Изотонды коэффициент.
  5. Изотонды ерітінді деген не? Қан плазмасына изотонды, медицинада қолданылатын ерітінділерге мысалдар келтіріңіз.
  6. Гипер- және гипотонды ерітінділер деген түсініктерге анықтама беріңіз. Медициналық практикада гипертонды ерітінділердің қолданылуы неге негізделген? Жасушаны гипо- және гипертонды ерітінділерге батырғанда қандай құбылыстар байқалады? Тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз деген түсініктерге анықтама беріңіз.
  7. Осмолярлық, осмоляльдік дегне түсініктерге анықтама беріңіз. Бұл шамалар қалай есептеледі?

Тесттер

1. Эквиваленттің молярлықконцентрациясы

1) формуласы бойынша анықталады

2) формуласы бойынша анықталады

 

3) формуласы бойынша анықталады

 

4) өлшем бірлігі - моль/л

5) өлшем бірлігі - моль/кг

2. Байланыстырғыш зат ретінде және іріңдеуге қарсы қолданылатын мырыш хлоридінің 5 грамын 100 грамм ерітіндіде еріткендегі мырыш хлоридінің молярлық және моляльдік концентрациясын анықтаңыздар. (ерітінді тығыздығы 1 г/мл)

1) С = 0,368 моль/л

2) С = 3,68∙10-4 моль/л

3) b = 3,87∙10-4 моль/кг

4) b = 0,387 моль/кг

5) b = 0,368 моль/кг

3. Тірі ағзада диффузия арқылы жүретін процестер

1) ағзадағы қорекьтік заттардың тасымалдануы

2) жүйке импульсінің жеткізілуі

3) биохимиялық реакциялардың жеделдетілуі және баяулатылуы

4) ағзаның ұлпалары мен мүшелеріне дәрілік заттарды жеткізу қызметі

5) метаболизм өнімдерінің тасымалдануы

4. Ерітіндінің коллигативті қасиеттері

1) еріткіш табиғатына тәуелді

2) еріген зат табиғатына тәуелді

3) температураға тәуелді

4) еріген зат бөлшектерінің санына тәуелді

5) еріген зат табиғатына тәуелсіз

5. Бейэлектролиттердің сулы ерітінділері

1) 100 0С-тан төмен температурада қайнайды

2) 100 0С-тан жоғары температурада қайнайды

3) 0 0С-тан төмен температурада қатады

4) 0 0С-тан жоғары температурада қатады

5) 100 0С-тақайнап, 0 0С-та қатады

6. Бір-біріне изотонды болатын ерітінділер

1) 0,1 моль/л Na2SO4

2) 0,1 моль/л NaCl

3) 0,1 моль/л К3РО4

4) 0,1 моль/л KCl

5) 0,1 моль/л глюкоза ерітіндісі

7. Қан плазмасына гипертонды ерітінділер

1) 10% NaCl

2) 0,9 % CaCl2

3) 0,1 % NaCl

4) 0,01 % NaCl

5) 0,9 % NaCl

8. Электролит ерітінділерінде

1) i >1

2) α > 1

3) i < 1

4) α ≤ 1

5) α = 0

9. Судың эбуллиоскопиялық константасы 0,520-ге тең. Калий хлоридінің 1 моляльдік ерітіндісі толық (100%) диссоциацияланды деп санағанда, оның қайнау температурасы тең болады

1) 100 0С

2) 99,48 0С

3) 100, 52 0С

4) 98,96 0С

5) 101,04 0С

10. Ішті жүргізетін препаратттардың (ащы тұз MgSO4∙7H2O және глаубер тұзы Na2SO4∙10H2O) әсерінен ағзада

1) осмос процесі жүреді

2) ішекте гипертондық орта пайда болады

3) ішекте гипотондық орта пайда болады

4) судың көп мөлшері жасушааралық кеңістіктен ішекке өтеді

5) су ішектен жасушашаралық кеңісмтікке қарай өтеді

 

Әдебиет:

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С. Химия.- Алматы, 1994.- 37-44 б.

2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.- М., 2001.-21-51 б.

3. Ленский А.С.Введение в бионеорганическую и биофизическую химию.- М.: ВШ, 1989.- 93-125 б.

4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы- Алматы: «Эверо», 2009.- 48-66 б.

5. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикумы- Алматы, 2001.- 16-50 б.

6. Рубина Х.М. и др. Практикум по физической и коллоидной химии.–М., 2001.–4-13 б.

Қосымша:

1. Ершов Ю.А. и др. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.- 42-80 б.

2. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. - СПб.: Химиздат, 2001.- 124-152 б.

3. Ленский А.С., Белавин И.Ю., Быликин С.Ю. Биофизическая и бионеорганическая химия: медициналық ЖОО-на арналған оқу құралы.- М.:ООО «медицинское информационное агентство», 2008.- 208-240 б.

4. Зеленин К.Н., Алексеев В.В. Химия.- С.-Пб.: ЭЛБИ-СПб, 2003.- 125-143 б.

5. Попков В.А., Пузаков С.А. Общая химия: құрал.- М.: ГЭОТАР-Медия, 2009.- 68-84, 120-121 б.

6. Евстратова К.И. және тағы басқалар. Физическая и коллоидная химия. – М.: ВШ, 1990. - 260-302 б.

7. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия: ЖОО-на арналған оқу құралы– Алматы.:Білім, 2001.

 

 

ОСӨЖ №3

 

ТАҚЫРЫП: Күшті және әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінің рН-н есептеу. Ағзаның буферлік жүйелері: құрылымы, әсер ету механизмі. Ацидоз. Алколоз

МАҚСАТТАРЫ:

· ағзадағы протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

· Ағзаның буферлік жүйелері және олардың қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұруда атқаратын рөлі жайлы түсініктер қалыптастыру;

· адам денсаулығының бір факторы ретінде - ағзадағы қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру механизмін қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.

оқыту міндеттері:

· қышқылдар, негіздер және буферлік ерітінділердің сутектік көрсеткішін рН-н есептеу білудің дағдыларын қалыптастыру;

· буферлік жүйелер және олардың жіктелуі туралы түсінікпен таныстыру және ағзадағы буферлік жүйелердің мысалында буферлік әсер ету механизмінің мәнін ашу;

· нормада және патология күйінде болатын адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН мәндерінің интервалдары туралы ақпарат беру;

· қышқылдық-негіздік гомеостаздың мәнін және оны ағзада бір деңгейде ұстап тұру механизмін түсіндіру, ацидоз мен алкалоз күйлерін адам ағзасындағы патологиялық ауытқулар ретінде сипаттау;

· есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

ОҚЫТУ әдістері:

- дискуссия (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау)

- есептер шығару;

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Есептер (оқытушының таңдауы бойынша)

ü Қышқыл концентрациясы 0,1 моль/л-ге тең ерітіндідегі глюкон қышқылының иондану дәрежесін (%) есептеңіз.

ü Аммиактың массалық үлесі 10%-ға тең ерітіндідегі аммиактың иондану (диссоциациялану) дәрежесін табыңыз. Ерітіндінің тығыздығы 0,96 г/мл.

ü рН 7,36-ға тең болғанда қан плазмасындағы фосфатты буферлік жүйенің бастапқы компоненттері қандай қатынаста болатынын анықтаңыз. Қан плазмасы үшін рК(Н2РО4-) = 6,80.

ü Норма күйінде асқазан сөлінің құрамында 0,07%-дан 0,15%-ға дейін хлорсутек қышқылы бар. Иондардың активтілік коэффициенті 1-ге тең деп ескеріп, асқазан сөлінің нормадағы өзгеру шектерінің рН мәнін есептеу керек.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.