Здавалка
Главная | Обратная связь

Номенклатурасы, стереоизомериясы. 14 страница



5. Крахмал. Құрамы, крахмалдың біріншілік құрылымы. Крахмалдың маңызы және қолданылуы.

6. Амилозаның құрлысы. Амилозаның кеңістіктік құрылымы. Амилозаның дисахаридтік фрагменті.

7. Амилопектиннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі.

8. Крахмалдың физико-химиялық қасиеттері. Крахмалды декстринденуі. Сапалық реакция.

9. Гликоген. Құрамы. Гликогеннің біріншілік құрлымы.

10. Гликогеннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі. Гликогеннің қасиеттері. Сапалық реакция.

11. Клетчатка (целлюлоза). Клетчатканың біріншілік құрылымы. Құрлысы. Целлюлозаның биозды фрагменті.

12. Қосалқы тіннің полисахаридтері. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гиалурон қышқылы ағзада қандай функцияны орындайды?

13. Хондроитин-4-сульфаты, хонроитин-6-сульфатының дисахарид фрагменттерінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Хондротинсульфаттардың биологиялық ролі.

14. Гепариннің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гепариннің маңызы.

 

Тесттер:

1. Моносахаридтерге жатады:

1) рибоза

2) сахароза

3) фруктоза

4) галактоза

5) крахмал

2. Дисахаридтерге жатады:

1) сахароза

2) целлобиоза

3) мальтоза

4) дезоксирибоза

5) амилоза

3. Мальтозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза және галактоза

2) глюкоза және манноза

3) галактоза және фруктоза

4) глюкозаның 2 молекуласы

5) глюкоза және фруктоза

4. Лактозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза және галактоза

2) глюкоза және манноза

3) глюкозаның 2 молекуласы

4) галактоза және фруктоза

5) глюкоза және фруктоза

5. Сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза, галактоза

2) глюкозаның 2 молекуласы

3) глюкоза және фруктоза

4) галактоза, манноза

5) глюкоза, манноза

6. Берілген қосылыстардың ішінен дисахаридті таңдаңыз:

1) целлобиоза

2) амилопектин

3) гликоген

4) амилоза

5) гиалурон қышқылы

7. D-глюкозаның әлсіз тотығуы нәтижесінде түзіледі:

1) глюкон қышқылы

2) глутар қышқылы

3) глюкурон қышқылы

4) глюкар қышқылы

5) гиалурон қышқылы

12. D-глюкозаның күшті тотығуы нәтижесінде түзіледі:

1) глюкар қышқылы

2) глюкон қышқылы

3) глюкурон қышқылы

4) гиалурон қышқылы

5) гликозид

9. Лактозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:

1) α-1,4-гликозидтік

2) β-1,4-гликозидтік

3) β-1,3-гликозидтік

4) α-1,6-гликозидтік

5) α-1,2-гликозидтік

10. Сахарозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:

1) α-1,4-гликозидтік

2) β-1,4-гликозидтік

3) β-1,3-гликозидтік

4) α-1,6-гликозидтік

5) α-1,2-гликозидтік

 

 

ОСӨЖ №9

 

ТАҚЫРЫП: Гемнің, нуклеозидтердің, нуклеотидтердің құрылысы. Нуклеин қышқылдарынын біріншілік құрылымы.

 

МАҚСАТЫ:

1. Нуклеозидтер, нуклеотидтер және олардың туындыларының әртүрлі өкілдері құрылыстарының ерекшелігі мен маңызы туралы білімді қалыптастыру.

2. ДНҚ мен РНҚ-ң ұйымдастыру құрылысыны туралы білімді қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Оқушының қабілеттілігі:

1) Оқытушының нұсқауымен, нуклеотидтер, нуклеозидтер құрылыстарының схемасын көрсету.

2) Гемнің құрылысын қарастыру

3) Тірі ағзадағы нуклеин қышқылының ролін түсіндіру.

ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:

- тақырыптың сұрақтарын оқу;

- типтік тапсырмаларды орындау;

- оқытушымен консультация;

- оқытушымен тапсырманың орындалуын талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1. Берілетін сұрақтарға жауап ретінде конспект дайындау.

2. Оқытушы берген, тапсырманы орындау.

ТАРАТЫЛАТЫН материал:

Тапсырма:

1. Дезоксицитидил қышқылы (дЦМФ) және гуанил қышқылының (ГМФ) түзілу реакцияларын жазыңыз.

2. Тимидин - 5’ – монофосфат (ТМФ), тимидин - 5’- дифосфат (ТДФ) тимидин - 5’-трифосфаттің (ТТФ) түзілу реакцияларын жазыңыз. Олардың маңызы.

3. Циклды УМФ-тың (уридин-3’, 5-циклофосфат) түзілу реакциясын жазыңыз.

4. Полинуклеотид тізбегінде мононуклеотидтер бірімен-бірі қалай байланысады. Аденозин-5-монофосфат (АМФ) пен цитидин - 5 - монофосфатты (ЦМФ) мысалға алып, олардың өзара байланысуын көрсетіңіз.

ОҚЫТУ әдістері:

Әдіс- үйлескен түрде:

3) үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, консультация өткізу).

4) Үй тапсырмасын шығару.

Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тақырып бойынша дәрістер, тесттік тапсырмалар, билеттер.

 

Сабақтың хронометражы

Мазмұны Әдістемелік қамтамасыз Уақыт, мин
1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі)    
2. Оқытушымен кеңесу Силлабус, Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқау    
3. Студенттің индивидуалды жұмысы Ситуациялық есептер (таратылатын материал)
Үзіліс 10 минут
4. Орындалған тапсырманың нәтижелерін оқытушымен бірге талдау  
5. Үй тапсырмасын тексеру (жаттығулар, ситуациялық есептер және тесттік тапсырмалар).Қиын тапсырмаларды талдау. Жаттығулар, Тесттік тапсырма      
6. Жазбаша сұрау. Тесттік тапсырма
7. Қортынды шығару  

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. Биоорганическая химия. - М., 2006. – С. 147-149, 179-181, 278-312, 420-444.
  2. Асанбаева Р.Д., Илиясова М.И. Теоретические основы строения и реакционной способности биологически важных органических соединений.- Алматы, 2003.– 90с.
  3. Р.Д., Асанбаева, Ш.Г. Салыкова Биоорганикалық химия практикумы. –Алматы, 2003.–С.35-39.
  4. Асанбаева Р.Д., Илиясова М.И., Салыкова Ш.Г. Методическое пособие по биоорганической химии для самостоятельной работы студентов 1 курса лечебного, педиатрического санитарно – гигиенического и стоматологического факультетов. - Алматы, 2003.– 50 с

Косымша:

1. Иванов В.Г. и др. Органическая химия, М., 2005.

2. Райлс А. и др. Основы органической химии, М.,1983.

3. Степаненко Б.Н. Курс органической химии, М., 1981.

4. Артеменко А.Н. Органическая химия. Теоретические основы, углубленный курс. М., 1997.

5. Шабаров Ю.Ф. Органическая химия: учебник для ВУЗов. М., 1996., т 1-2.

Сұрақтар:

1. Порфин, гем құрылыстары туралы түсінік

2. Нуклеозидтер. Нуклеин негізінің көміртек қалдығымен байланысының сипаттамасы. Нуклеозидтер гидролизі.

3. Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфаттың, -дифосфаттың, -трифосфаттың құрылысы. Номенклатурасы. Макроэргтік байланыс.Маңызы.

4. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы: қышқылдық, сілтілік гидролизі. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз.

5. Нуклеотидтердің циклді түрі. Циклды АМФ, ГМФ, маңызы.

6. Нуклеин қышқылдары. Құрылымының жалпы схемасы. Нуклеин қышқылдарының түрлері. Маңызы. Рибонуклеин (РНҚ) және дезоксирибонуклеин (ДНҚ) қышқылдары. Құрамының ерекшеліктері. Полинуклеотид тізбегіндегі қалдықтарының арасындағы байланыстың сипаты. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) бірінші реттік құрылысы туралы түсінік.

 

Тесттер:

1. Алкалоидтарға жатады:

1) кофеин

2) ксантин

3) хинолин

4) пиридин

5) никотин

2. Пиримидин туындылары:

1) пиррол

2) пиридин

3) тимин

4) пирролидин

5) цитозин

3. Пурин туындылары:

1) гуанин

2) ксантин

3) никотин

4) зәр қышқылы

5) тимин

4. Нуклеозид құрамына гуанин қандайтаутомер күйінде болады:

1) кетон

2) еноль

3) лактам

4) лактим

5) цикло

5. ГДФ-ты(гуанозин-5/дифосфат) фосфорлау кезінде қандай байланыс түзіледі?

1) ангидридтік

2) күрделі-эфирлік

3) амидтік

4) N-гликозидтік

5) O-гликозидтік

6. Кофермент HAD+туынды болып табылады:

1) пиперидиннің

2) пиридазиннің

3) никотинамидтің

4) адениннің

5) тимидиннің

7. Нуклеин қышқылының мономері болып табылады:

1) нуклеозидтер

2) нуклеотидтер

3) нуклеин негіздері

4) нуклеозидциклофосфаттар

5) нуклеозидполифосфаттар

8. РНҚ мономері болып табылады:

1) цитидинмонофосфат

2) урацил

3) аденозин

4) дезоксигуанозинмоно фосфор қышқылы

5) тимидинмонофосфат

9. Реакция өнімін көрсетіңіз: β-метилпиридин +[O] →

1) пиридин-2-карбон қышқылы

2) N-метилпиридин гидроксид

3) β-гидроксипиридин

4) никотин қышқылы

5) изоникотин қышқылы

10. ДНК мономері болып табылады :

1) уридин

2) цитидинмонофосфат (ЦМФ)

3) тимидинмонофосфат (ТМФ)

4) аденозин

5) дезоксиаденозин

 

 

ОСӨЖ №10

 

ТАҚЫРЫП: №2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

1. Органикалық химияның негізгі сұрақтары бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды бақылау.

2. Жана терминдерді еңгізу және студенттерді оқытушымен әнгімелесу арқылы коммуникативті дағдыларды дамытуын қалыптастыру

3. Аралық бақылауды ауызша және жазбаша өткізу кезінде өзін- өзі көрсете білуін қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Оқушының қабілеттілігі:

1) Органикалық химиядан теориялық материалдың меңгеруін тереңдете көрсету.

2) Органикалық қосылыстардың негізгі топтарына сапалы реакцияларды қолдана білу (гомо- және гетерофункционалды көмірсутектердің туындылары, амин қышқылдар, пептидтер, белоктарк).

3) Интернеттен ақпарат іздеу және кәсіби әдебиетті өз бетімен оқу.

ОҚЫТУ әдістері:

Әдіс- үйлескен түрде:

1) үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, жазбаша сұрау).

2) Үй тапсырмасын шығару.

Оқыту құралдары: билеттер және аралық бақылаудың тест тапсырмалары.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

Бақылау жұмысына дайындық.

ТАРАТЫЛАТЫН материал:

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1. Органикалық қосылыстардын құрылысы және реакциялық қабілеті

2. Көмір сутектердің радикалды және электрофильді реакциялары

3. Органикалық қосылыстардың тотығуы және тотықсыздануы.

4. Қаныққан көміртегі атомынын нуклеофильді орынбасуы.

5. Карбонильді қосылыстардын нуклеофильді реакциялары

6. Тіршілік процестеріне қатысатын гетерофункциональды қосылыстар

7.Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер. Химиялық қасиеттері.

8.Сабынданатын, сабынданбайтын липидтер.

9.Биологиялық маңызді гетероциклді қосылыстар. Нуклеозидтер, нуклеотидтер, нуклеин қышқылдары

10. Биополимерлер ертінділерінің ерекше физика-химиялық қасиеттері.

 

ОҚЫТУ ӘДІСІ МЕН ОҚЫТУ:

Жазбаша және ауызша сұрау.

 

әдебиеттер:

Негізгі

1. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. Биоорганическая химия. - М., 2006. – С. 245-542,

2. Асанбаева Р.Д., ИлиясоваМ.И.Теоретические основы строения и реакционной способности биологически важных органических соединений.- Алматы. 2003.– С. -128.

3. Асанбаева Р.Д., Салыкова Ш.Г. Практикум по биоорганической химии. - Алматы. 2003.–С. 47.

4. Асанбаева Р.Д., Илиясова М.И., Салыкова Ш.Г. Методическое пособие по биоорганической химии для самостоятельной работы студентов 1 курса лечебного, педиатрического санитарно – гигиенического и стоматологического факультетов. - Алматы. 2003.– 50 с.

Қосымша:

1. Иванов В.Г. и др. Органическая химия, М., 2005.

2. Райлс А. и др. Основы органической химии, М.,1983.

3. Степаненко Б.Н. Курс органической химии, М., 1981.

4. Артеменко А.Н. Органическая химия. Теоретические основы, углубленный курс. М., 1997.

5. Шабаров Ю.Ф. Органическая химия: учебник для ВУЗов. М., 1996., т 1-2.

 

Бақылау:

Бұл сабақта компетенцияны бағалау әдісі төмендегідей:

Компентенцияны бағалау «Білім»: аралық бақылаудың сұрақтарының жауаптары бойынша ауызша сұрау (оқытушымен әңгімелесу), жазбаша сұрау ( билеттер).

«Коммуникативті дағдылар» бағалау компетенциясы: үшін әнгімелесу кезінде студенттердін көзқарасын көрсету, сұрақтарды қоя білу және нақты жауап беру.

 

БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:

1) Органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатура, изомериясы. Атомдардың электр терістілігі. Индуктивті және мезомерлік электрондық эффектілер. Органикалық реакциялардың түрлері. Реагенттердің түрлері.

2) Қаныққан көмірсутектерге тән, радикальды орын басу реакциялары. Қанықпаған көмірсутектерге тән, элктрофильді орын басу реакциялары. Ароматты көмірсутектерге тән, электрофильді орын басу реакциялары.

3) Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың, аминдердің және қышқылдардың қышқылдық- негіздік қасиеттері. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Аминдердің алкилдеу, ацилдеу және дезаминдеу реакциялары. Альдегидтер мен кетондарға тән реакциялар (сумен, спиртпен, тиолмен). Альдольды қосып алу реакциясы. Органикалық және бейорганикалық қышқылдармен жәй эфирлердің, күрделі эфирлердің, амидтердің түзілуі. Дикарбон қышқылдарының қасиеттері: декарбоксилдеу реакциясы және циклды ангидрид түзу.

4) Аминоспирттер: этаноламин, холин, ацетилхолин. Дофамин, норадреналин, адреналин, олардың гормондар және нейромедиаторлар ретінде биологиялық маңызы. Гидрокси қышқылдары: гликол, сүт, алма, шарап және лимон қышқылдары. Альдегид – және кето- қышқылдары: глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздық сірке, α- кетоглутар қышқылы–маңызды метаболиттер. Ацетосірке қышқылының мысалымен кето-енольды таутомерия.

5) Бензол қатарының гетерофункциональды органикалық қосылыстары. Салицил қышқылы және оның туындылары. П-аминбензой қышқылы.

6) Тірі ағзаның биополимерлері. Адам ағзасындағы белоктың ролі. Белок молекуласының құрлысы. Шекті және шексіз ісіну. Ісіну дәрежесі. Биополимерлер ерітінділерінің тұрақтылығын бұзатын факторлар: денатурация, қоймалжыңдану, тиксотропия, тұзсыздану, коацервация. Қанның онкотикалық қысымы жіне оның биологиялық маңызы. Галлер теңдеуі. ЖМЗ ерітінділерінің тұтқырлығы. Штаудингер және Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі. Ақуыз – полиамфолиттер. Изоэлектрлік нүкте және оны анықтау әдістері. Электрофорез, ақуыздар мен пептидетрді бөлетін әдіс.

7) Ақуыздардың сапалы реакциялары: ксантопротеин, нингидрин, биурет. α- амин қышқылдарының жіктелуі. Амин қышқылдарының бифункциональды қосылыста ретіндегі химиялық қасиеттері. a- амин қышқылдарының ерекше реакциялары: биполяр ион түзуі; пептидтер түзуі. Пептидтердің қышқылдық және негіздік гидролизі. Глутатион трипептидінің түзілуі.

8) Көмірсулар, жіктелуі. Моносахаридтер, жіктелуі. Көмірсулардың стереоизомериясы. Энантиомерлер. Диастереомерлер. Эпимерлер. a-,b-аномерлер. Рацемат. Глюкоза, галактозала, манноза, фруктоза, рибоза, дезоксирибозаның циклооксотаутомериясы. Фишер формуласы. a- және b-аномерлер. Хеуорстың перспективті формулалары. Гликозидтік гидроксил.

9) a-және b-гликозидтердің түзілуі және қасиеттері. Моносахаридтердің тотығуы: он, ар, урон қышқылдары. Урон қышқылдарының декарбоксилденуі. Тотығу реакцияларына негізделген сапалық реакциялар: күміс айна (Толленс) және мыс гидроксидімен (II) (Троммер) және Фелинг реактивімен реакциялар. Моносахаридтердің тотықсыздануы: маннит, сорбит, дульцит, ксилит. Гидроксил тобы бойынша реакциялар: жәй және күрделі эфирлер, органикалық және минералды (Н24, Н3РО4) қышқылдармен. Аминоқанттар: глюкозамин, галактозамин. О- и N-ацил туындыларының түзілуі.

10) Дисахаридтер: тотықсыздандыратын (мальтоза, лактоза), тотықсыздандырмайтын дисахарид (сахароза) олардың құрлысы, қасиеттері, байланыс түрі.

11) Полисахаридтер. Гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер, өкілдері. Крахмал. Құрамы, крахмалдың біріншілік құрылымы. Амилозаның құрлысы. Гликоген. Құрамы. Қосалқы тіннің полисахаридтері. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасы. Хондроитин-4-сульфаты, хонроитин-6-сульфатының дисахарид фрагменттерінің түзілу схемасы. Гепариннің түзілу схемасы.

12) Гетероциктер. Жіктелуі. Пиррол, фуран, тиофен, имидидозол, пиридин, пиразол, пиримидин. Пирролдың, пиридиннің қышқылдық – негіздік, тотықсыздану, электрофильді орын басу раекциялары. Порфин, гем құрылыстары туралы түсінік

13) Пиримидиндік негіздер: урацил, тимин, цитозин. Лактим-лактам таутомериясы. Конденсирленген гетероциклдар: пурин. Пуриннің гидрокси туындылары: а) гипоксантин және ксантин, лактим-лактам таутомериясы; б) зәр қышқылы. Зәр қышқылының қышқылдық және орта тұздары. Пуриннің амин туындылары: аденин, гуанин. Лактим-лактам таутомериясы.

14) Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфаттың, -дифосфаттың, -трифосфаттың құрылысы. Макроэргтік байланыс. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы: қышқылдық, сілтілік гидролизі. Нуклеотидтердің циклді түрі. Циклды АМФ, ГМФ. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) бірінші реттік құрылысы туралы түсінік.

15) Алкалоидтар. Никотин. Кофеин. Никотин қышқылы және оның амиді (витамин В3) НАД+ және НАДФ коферменттерінің құрылымдық бірілігі. НАД+ - НАДН жүйесінің әсерінен және гидрид-ионының тасымалдануы туралы түсінік.

16) Липидтер жіктелуі. Табиғи липидтердің құрамына кіретін, негізгі жоғары май қышқылдары. Алмастырылмайтын жоғары май қышқылдарыт (АЖМҚ) – «F» тобының витаминдері.

17) Триацилглицирендер. Жай және аралас майлар. Қатты және сұйық майлар. Йодтық сан – майдың қанықпағандық мөлщері.

18) Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін аминспирттері және олардың арасындағы генетикалық байланыс. Фосфоглицеридтердің құрылысы. Фосфатид қышқылы. Фосфатидилсериндер, фосфатидилэтаноламиндер, фосфатидилхолиндер. Бұл қосылыстардың бифилдігі.

19) Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттері: гидролизі (сабындану), тотығуы, гидрирлеу, йодпен және броммен әрекетесу рекациялары.

20) Стериндер: холестерин, эргостерин. Жоғары май қышқылдарымен холестеридтердің, эргостеридтердің түзілуі. Д2 және Д3 витаминдерінің түзілуі.

21) Өт қышқылдары. Хол қышқылы. Дезоксихол қышқылы. Жұп өт қышқылдары: гликохол, таурохол қышқылдары.

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСтарЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»  
Кафедра - биохимия  
     
Құрастырғандар:  
1 кредит (бейорганикалық химия) доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
   
   
   
2 кредит (органикалық химия) доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
  оқытушы Қағазбекова Г.А.
   
   
   
   
   

 

Алматы, 2014 ж


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Биохимия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1, « »08 2014 ж.

 

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ С.М. Плешкова

 

СӨЖ, №1

Тақырыбы:Химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі

МАқсаттары:

· комплексті қосылыстардың құрылысы туралы түсінікті қалыптастыру;

· Вернер теориясы негізінде комплексті қосылыстың құрылысын сипаттай білуді үйрену;

· комплексті қосылыстардың медицинада қолданылуының негізін қалау;

· студенттерде адам ағзасындағы темірдің, кобальттың және т.б. комплексті қосылыстардың құрылысын қарастыру арқылы химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

· ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

оқыту міндеттері:

· Вернердің координациялық теориясын қолдана отырып, комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттай білу;

· ИЮПАК халықаралық номенклатура ережелері бойынша комплексті қосылыстардың атауын құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру;

· комплексті бөлшектердің біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру принциптеріне үйрету;

· тұрақсыздық константасының шамасын пайдалана отырып, комплексті бөлшектің тұрақтылығын сандық жағынан сипаттаудың әдістерімен таныстыру;

· медициналық практикада қолданылатын комплексті қосылыстармен (хелатотерапия) таныстыру және ауыр металдар иондарымен уланғанда комплекс түзілу реакцияларын пайдалану механизмін түсіндіру;

· санитарлық-гигиеналық практикада комплексонометриялық титрлеуді пайдалануға болатын мүмкіндігін көрсету (судың кермектілігін анықтау және басқалар);

· СӨЖ орындалу нәтижелерін қорғауын ұйымдастыру.

ОРЫНДАЛУ ФОРМАСЫ:

· оқу материалын өздігінен зерттеу;

· оқытушының нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химиялық байланыс типтері және оларды валенттік байланыстар әдісі тұрғысынан сипаттау. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты.

2. Химиялық байланыс құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.

3. Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.