Здавалка
Главная | Обратная связь

Номенклатурасы, стереоизомериясы. 16 страница



3) СН3-СН2-СН=СН-СН3

СН3

4) СН3-С-СН2-СН3

 

СН3

5) СН3-СН=СН-СН2-СН2-СН3

2. Қандай атау радикалдың құрылымдық формуласына сәйкес келмейді?

1) С6Н5- фенил

2) С6Н5-СН2- бензил

 

3) СН3-СН2-СН-СН2-СН2-СН3 үшіншілік гексил

4) СН2= СН- винил

5) СН3- метил

3. Қос заттың құрылымдық изомері:

1) пропанол и пропаналь

2) пропен и пропан

3) пропен и пропин

4) пропанол и метоксиэтан

5) пропан и 2-метилпропан

4. Қосылыс халықаралық номенклатура бойынша аталады:

1) 2,5-диметилгексан

2) 3-метил-5-этилпентан

3) 3,5-диметилгексан

4) диизобутилметан

5) 2,4-диметилгексан

5. Көмірсутек қалдығы CН2=СН- аталады:

1) бензил

2) фенил

3) аллил

4) винил

5) ацил

6. Көмірсутек қалдығы CН2=СН-СН2- аталады:

1) аллил

2) винил

3) фенил

4) пропил

5) изопропил

7. Фенол молекуласындағы көміртек атомының гибридтену түрін көрсетіңіз:

1) Sp

2) Sp2

3) Sp3

4) S2p

5) S3p

8. Қосылыс рационалды номенклатура бойынша аталады:

1) метилэтилбутилметан

2) этилизобутилметан

3) пропилизобутилметан

4) изопропилбутилметан

5) метилэтилпропилметан

1. Қосылыс халықаралық номенклатура бойынша аталады:

(СН3)2СН – СН(СН3) – СН2 – СН3

1) 2,3-диметилпентан

2) 2,2-диметилпентан

3) 2,2,3-триметилбутан

4) 2,3-диметилбутан

5) 3,3-диметилпентан

10. Қосылыс рационалды номенклатура бойынша аталады:

1) изопропилпентан

2) 3 – этилпентан

3) триэтилметан

4) метилэтилпропан

5) метилэтилпропилметан

11. Көміртегі атомының біреуі sp – гибрид жағдайында болатын, қосылыс:

1) бутан

2) метилацетилен

3) ацетальдегид

4) ацетон

5) пропилен

12. Этанол, пропанол, бутанол – бұл:

1) изомерлер

2) радикалдар

3) гомологтар

4) функционалды топтар

5) сипаттама тобы

13. ИЮПАК номенклатурасы бойынша коламин СН22 – СН2ОН аталады:

1) 2-амин этаналь

2) 2-амин этанол

3) 2-метилпропаналь

4) 2-амин пропаналь

5) 2-амин пропан қышқылы

14. ИЮПАК номенклатурасы бойынша акролеин СН2=СН–С= О аталады:

 

1) пропаналь Н

2) пропиналь

3) пропеналь

4) пропион альдегиді

5) пропанон

15. Қосылыстың классы анықталады:

1) күрделі эфир

2) қышқыл

3) кетон

4) альдегид

5) жәй эфир

16. Радикалды көрсетіңіз:

1) дивинил

2) нафталин

3) этан

4) бензил

5) фенол

17. Изомерлерді көрсетіңіз:

1) этан, этен, этин.

2) пропанол-1, бутанол-2.

3) метанол, этанол, пропанол.

4) хлор, бром, йод, фтор.

5) пропаналь, пропанон-2.

18. н-пентандағы біріншілік көміртек атомдарының саны:

1) 1

2) 2

3) 3

4) 4

5) 5

19. ИЮПАК номенклатурасы бойынша дивинил СН2 = СН – СН = СН2 аталады:

1) бутен-2

2) бутадиен-2,3

3) бутен-1

4) бутадиен-1,3

5) бутадиен-1,4

20. Халықаралық номенклатура бойынша аталады:

1) 5,5 - диметилгептин –3

2) 3,3 - диметилгептин– 4

3) 5,5 - диметилгептен– 3

4) 5-метил-5-этилгептин-3

5) 3,3 - диметилгексин– 4.

 

№4 СӨЖ

 

Тақырыбы: α- амин қышқылдары. Жіктелуі. Құрылысы,

номенклатурасы, стереоизомериясы.

 

Мақсаты:

1. α- амин қышқылдары туралы ақпаратты, олардың жіктелуін, құрылысын, номенклатурасын және стереоизомерлерін өздігінен іздеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Арнайы әдебиетпен жұмыс істеуге және ситуациялық есептер шығаруға, аналитикалық бейімділігін және дағдыларын қалыптастыру.

Оқу міндеттері:

1. Химиялық номенклатура ережесін пайдалана отырып, ақуыз құрамында болатын 20 α- амин қышқылдарының құрылысын өздігінен құрастыру.

2. Реакциялық орталық болуына байланысты молекулалық ерекшелігін анықтау: қышқылдығын, негіздігін, электрофилділігін, нуклеофилділігін.

3. α- амин қышқылдарын кеңістік құрылысын хиральдық орталық бойынша анықтау.

4. α- амин қышқылдарының реакциялық қабілетін гетерофункционалды қосылыстар ретінде өздігінен іздеп анықтау.

5. Студенттерді арнайы әдебиетті оқу және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тақырыпты келесі сұрақтар бойынша оқу:

а) α- амин қышқылдарының жәктелуі, құрылысы, номенклатурасы,

стереоизомериясы.

б) α- амин қышқылдарының гетерофункционалды қосылыстар ретіндегі химиялық қасиеттері.

2. Тақырып бойынша конспект жазу.

3. Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.

4. Тапсырмаларды орындау

20 α- амин қышқылдары үшін (оқытушының көрсетуімен).

а) α- амин қышқылдарының (формула) құрылысын, тривиалды атауларын,

жүйелі номенклатура бойынша атауларын, қысқаша атауларын,

стереоизомериясын жазу.

б) Химиялық реакция теңдеулерін жазу: 1)амин тобы бойынша, 2) карбоксил

тобы, 3) қосымша функционалды тобы бойынша (гидроксил, тиол); Алынған

қосылыстарға атау беру

 

Орындау формасы:

· Өздігінен іздеп материалды меңгеру, соңында оқытушаның берген тапсырмасын орындау;

· Берілген сұрақтарға жауап түрінде конспект жазу;

· Тақырып бойынша сөзжұмбақты құрастырып дайындау;

Орындау критерийлері:

Сөзжұмбақты құрастырып, жазуға қойылатын талаптар:

· Сөзжұмбақ мазмұны берілген тақырыптық негізгі сұрақтарына сәйкес болу керек;

· Сөзжұмбақ 50 сөзден кем болмау керек;

· Пайдаланған әдебиеттер 8-10 нан көп болмау керек;

· Сөзжұмбақ талаптарға сай, сауатты түрде орындалуға тиіс;

· Құрастырылған сөзжұмбақтағы сөздер көрсетілген әдебиеттердің сілтемесіне сай болуға тиіс;

· Библиографияны дұрыс дайындау.

 

Сөзжұмбақтың құрылысы:

· Титул параға;

· Сөзжұмбақта көлнеңінен нөмірленген сөздер келтірілген.

· Сөзжұмбақта нөмірленген сөздер тігінен келтірілген.

· Сөзжұмбақтағы сөздердің жауабын көлденеңінен және тігінен оқығанда табылу керек.

· Қолданылған әдебиеттер тізімі соңғы жылдардағы бүгігні заман талабына сай жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.

Өткізу мерзімі:12 апта

 

Бағалар критерийлері:

СӨЖ - ді орындауға алынатын максимальды балдық критерийлері:

· Кесте (график) бойынша СӨЖ-ді тапсыру

· Қойылған шарттарға сәйкес конспект жазып, оны қорғау

· Сөзжұмбақты құрастыру шарттарын орындау

· Жаттығуларды орындау

· Тест бақылауды орындау

· Орындаған СӨЖ – ді тақырыбы бойынша оқытушының сұрақтарына жауап беру

 

Бақылау:

Осы сабақтың компетенцияларын бағалау тәсілдері:

Өз бетімен ізденіп, жетілдіру компетенциясы бағаланады: ауызша сұрау кезінде берілген сұрақтарға жауап беру (тестлеу, билеттер арқылы бақылау), тапсырманы орындау, тақырып бойынша конспект жазу, сөзжұмбақты құрастыру арқылы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И., «Биорганическая химия», Москва, 2006 233-245; 314-369 беттер;

2.Р.Д.Асанбаева, М.И.Ильясова «Биологиялық маңызды органикалық қосылыстардың құрылысы мен реакциялық қабілеттілігінің теориялық негіздері», Алматы, 2003, 68-89 беттер;

3.Р.Д.Асанбаева, Ш.Г.Салыкова «Биоорганикалық химиядан практикум» Алматы, 2003ж, 33-34 беттер

4.Асанбаева Р.Д., Ильясова М.И., Салыкова Ш.Г., «Биоорганикалық химиядан емдеу, бала емдеу, санитария – гигиена, тіс емдеу факультеттерінің студенттерінің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік құрал», Алматы, 2003; 50 бет.

Қосымша:

1.Иваков В.Г. и др. Органическая химия., М., 2005

2.Райлс А и др. Основввы органической химии, М., 1983

3.Степаненкао Б.Н. Курс органической химии, М., 1987

4.Артименко А.Н. Органическая химия. Теоретические основы, углубленный курс., М., 1997

5.Шабаров Ю.Ф. Органическая химия; учебник для ВУЗ-ов М., 1996., 1-2 том

Бақылау:

Сұрақтар:

1. Радикалдардың химиялық табиғаты бойынша α- амин қышқылдарының жіктелуі;

2. α- амин қышқылдарының молекуласындағы жалпы карбоксил және амин тобының сандары бойынша жіктелуі;

3. Алмастырылатын және алмастырылмайтын α- амин қышқылдары (валин, лейцин, изолейцин, митеонин, треонин, фенилаланин, триптофан, лизин ).

4. Шартты түрде алмастырылатын амин қышқылдары (гистидин және аргинин).

5. α- амин қышқылдарының стереоизомериясы. D және L – қатарлар.

6. Белоктың құрамына кіретін негізгі 20 α- амин қышқылдары үшін көрсетіңіз: құрылысын (формула), тривиалды атауын, жүйелі номенклатура бойынша атауын, қысқартылған атауын (үш әріптен жазылған).

Мысалы: NH2-CH2COOH- глицин, амино этан қышқылы, Гли.

Алифатты α- амин қышқылдары:глицин, аланин, лейцин, изолейцин.

· ОН – тобы бар α- амин қышқылдары: серин, треонин;

· СООН – тобы бар α- амин қышқылдары: аспарагин қышқылы, глутамин қышқылы;

· NH2-СО тобы бар α- амин қышқылдары: аспарагин, глутамин. Алынуы.

· NH2-тобы барα- амин қышқылдары: лизин, аргинин, глутамин.

Құрамында күкірті бар α- амин қышқылдары: цистеин, цистин, метионин

Ароматтыα- амин қышқылдары: триптофан, гистидин, фенилаланин, тирозин,

пролин, гидроксипролин.

Гетероциклдыα- амин қышқылдары: триптофан, пролин, гидроксипролин, гистидин.

7.α- амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиеттері;

8.α- амин қышқылдарындағы карбоксил тобы бойынша жүретін реакциялары:1)тұздардың түзілуі, 2) амидтердің түзілуі, 3) күрделі эфирлердің түзілуі, 4) декарбоксилдену реакциясының нәтижесінде биогенді аминдер мен биорегулятордың түзілуі.

9.α- амин қышқылдарының амин тобы бойынша жүретін реакциялары: 1)тұздардың түзілуі, 2)N- ацил туындыларының түзілуі.

10.α- амин қышқылдарының қосымша функционалдық топтар (гидроксил, тиол) бойынша реакциялар.

11.Цистиннің жұмсақ тотығу реакциясы. Осы реакцияның биологиялық ролі.

 

Тесттер:

1.Қыздырғанда қандай қосылыстар дипептид түзеді?

1) CH3-CH(NH2)-COOH

2) CH3-CH2-CH2-NO2

3) OH-CH2-CH2-CONH2

4) OH-CH2-CH2-CH2-NO2

5) H2N-CH2-COOH

2.Дипептидте қанша пептидтік байланыс бар?

1) 1 2)2 3)3 4)4 5)5

3.α- амин қышқылымен қай қышқыл әрекеттесіп дипептид түзеді?

1) 3 – гидроксипропан қышқылы 4) пропан қышқылы

2) 4 – аминобутан қышқылы 5) гидроксиэтан қышқылы

3) 2 амино – 4 метилпентан қышқылы

4.Аспарагин қышқылының (аминобутанди қышқылы) декарбоксилденуі

нәтижесінде түзіледі:

1) 3 - аминобутан қышқылы

2) 2 – аминобутан қышқылы

3) 3 - аминопропан қышқылы

4) 2 – аминобутан қышқылы

5) 4 – аминобутан қышқылы

5. Қай α- амин қышқылдары фосфор қышқылымен әрекеттесіп күрделі эфир түзеді?

1)глицин 3)валин

2)серин 4)фенилаланин 5)аланин

6. Аланин қышқылы қандай реакцияларға қатысады?

1) декарбоксилдеу 3)дезаминдеу

2) пептид түзу 4) лактам түзу 5)жай эфир түзу

7.Бейтарап α- амин қышқылына жатады:

1)аспарагин қышқылы 2) глутамин қышқылы

3) аргинин 4) лизин 5)валин

8. Негіздік α- амин қышқылына жатады:

1) аспарагин қышқылы 2)аланин 3)изолейцин

4) лизин 5) валин

9. Глутамин (α – амин глутар) қышқылының алынуы:

1)HOOC-CH(NH2)-CH2-COOH 2)HOOC-CH(NH2)-CH2-CONH2

3)HOOC-CH(NH2)-CH2-CH2 -COOH 4)CH3-CH(NH2)-CONH2

5)HOOC-CH2-CH2-CONH2

10. Аспарагин ( α – аминоянтарь )қышқылының амиді

1)HOOC-CH(NH2)-CH2-COOH 2) HOOC-CH(NH2)-CH2-CONH2

3)HOOC-CH(NH2)-CH2-CH2-CONH2 4)CH3-CH(NH2)-CONH2

5)HOOC-CH2-CH2-CONH2

11. Цистеинннің (α – амино-β-тиопропан қышқылы) формуласына сәйкес келеді:

1) CH3-CH(NH2)-COOH 3)HS-CH2-CH(NH2)-COOH

2) NH2-CH2-CH2-OH 4)CH3-CH(OH)-CH2-NH2 5) NH2-CH2-COOH

12. Қосылысты ата: CH3-OH(CH3)-CH2-CH(NH2)-COOH

1) изолейцин ( α-амино- β-метил валериан қышқылы)

2) валин (α-аминоизовалериан қышқылы)

3)лейцин (α – аминокапрон қышқылы)

4)глицин (α – аминосірке қышқылы)

5)аланин (α-аминопропион қышқылы)

13. Сериннің (α-амино β-гидроксипропион қышқылы) формуласына сәйкем келеді:

1) OH2-CH-CH(NH2)-COOH 2) CH3-CH(OH)-CH(NH2)-COOH

3) HS-CH(NH2)-COOH 4) CH3-CH(OH)-OH2-NH2 5)NH2-CH2-COOH

14. Көрсетілген α- амин қышқылдарының қайсысы қышқылдық α- амин

қышқылдарына жатады:

1)триптофан 2)лизин 3)глутамин қышқылы 4)лейцин 5)глицин

15. Трипептидте неше пептидтік байланыс бар?

1) 1 2)2 3)3 4)4 5)5

16. Алмастырылмайтын α- амин қышқылдарына жатады:

1)серин 2)валин 3)цистеин 4)глутамин қышқылы 5)треонин

17. Төменгі қай тұжырым сериннің ( α-амино β-гидроксипропион қышқылы)

құрылымы мен қасиеттеріне сәйкес келеді?

1) декарбоксилдену нәтижесінде этаноламин түзіледі

2) күрделі эфир түзеді

3) гетероциклды α-амин тобына жатады

4) тотығу нәтижесінде 2-амино-3-оксопропан қышқылын түзеді

5) алмастырылмайтын α- амин қышқылдарына жатады

18. Пептидтер мен белоктардың құрамына кіреді:

1) α-амин қышқылдары 2) β - амин қышқылдары 3)γ - амин қышқылдары

4)δ - амин қышқылдары 5) ε - амин қышқылдары

19. Алмастырылмайтын α-амин қышқылдарына жатады

1) Аспарагин қышқылы 2)лейцин 3)фенилаланин

4)гидроксипролин 5)лизин

20. Төменгі қай тұжырым фенилаланиннің (α-амино- β-фенилпропион қышқылы)

құрылымы мен қасиеттеріне сәйкес келдеі?

1) декарбоксилдену нәтижесінде биогенді амин түзіледі

2) амфотерлік қасиет бар

3) гетероциклды α-амин қышқылдарына жатады

4) гидроксилдену нәтижесінде тирозин түзіледі

5) алмастырылмайтын α-амин қышқылдарына жатады

 

 

 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ-БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

(Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын

қорытынды бағалау үшін)

 

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»  
Кафедра - биохимия  
     
Құрастырғандар:  
1 кредит (бейорганикалық химия) доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
   
   
   
2 кредит (органикалық химия) доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
  оқытушы Қағазбекова Г.А.
   
   
   
   
   

 

Алматы, 2013 ж


Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылау-бағалау құралдары жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

 

Биохимия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1 «____»___________ 2013 ж.

 

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ К.О. Плешкова

 

 

тәжірибелік дағдыларын қабылдау үшiн сұрақтар

Бейорганикалық, физикалық, коллоиды химия

1. Жараларды, тыртықтарды және операция орындарын өңдеу үшін йодтың 5-10%-дық ерітіндісі пайдаланылады. 10 г кристаллдық йодтан йодтың 5%-дық спирттік ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады? Ерітіндінің тығыздығы 0,950 г/мл-ді құрайды. Массалық үлес, моляльдік концентрация: анықтама, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шамалардың өлшем бірліктері. 2. 500 г изотонды ерітіндіні дайындау үшін қажет болатын натрий хлоридінің және судың массасын есептеп табыңыз. Берілген ерітіндіде еріткіш пен еріген зат болып не табылады? Қан плазмасына гипо- және гипертонды болатын ерітінділерде натрий хлоридінің массалық үлесі қандай? Эритроцитті гипертонды ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? 3. Қан сарысуының қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын (моль/л) есептеп табыңыз, егер 10 мл қанға концентрациясы 0,8 моль/л, 2 мл тұз қышқылын қосқанда рН мәні 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгеретін болса. Протолиттік буферлік ерітінділердің ағзада атқаратын ролі қандай? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз.
4. Фармацевтикалық практикада колларгол препаратын қорғаныш коллоидтар қатысында алады. Ол лизальбин және протальбин қышқылдарының тұздарымен қорғалған күмістің коллоидты ерітіндісі ретінде қатысады. Стабилизатор ролін калий аргентаты AgOK атқаратын болса, күміс золінің мицелласының формуласын құрастырыңыз. Мицелланың құрылысын сипаттаңыз. Осы дәрілік препараттың тұрақтылығы қандай факторларға тәуелді? 5. Бүйректе аммиакты буферлік ерітінді функция атқарады. Оның құрамын көрсетіңіз және 3,6 мл 0,2н аммоний хлоридінің ерітіндісі және 2,3 мл 0,1н аммоний гидроксидінің ерітіндісі бар буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Kb=1,74∙10-5). Сілтінің аз мөлшерін қосқанда аммиакты буферлік ерітіндінің рН мәнінің өзгермейтінін қандай реакция дәлелдей алады? 6. Альбуминді бромкрезол жасылымен реакциясы бойынша анықтау кезінде ортаның қышқылдығын тудыру үшін ацетатты буферлік ерітіндіні қолданады. Күшті қышқылдың немесе күшті негіздің аз мөлшерін қосқанда ортаның рН-ң өзгермейтінін түсіндіріңіз (реакциялар теңдеуінің көмегімен). 50 мл 0,050н сірке қышқылының ерітіндісі мен 30 мл 0,1н натрий ацетатының ерітіндісін араластыру арқылы дайындалынған ацетатты буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Ka=1,74∙10-5). 7. Лиофобты коллоидты бөлшекке мысал болып табылатын сілекей мицелласының агрегатының ролін нашар еритін кальций фосфатының майда кристалдары атқарады. Стабилизатор ретінде натрий фосфаты деп ескеріп, мицелла құрылысын схема түрінде келтіріңіз. Коллоидты бөлшектің тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді? Коагуляция деген не? Бірдей концентрациядағы натрий хлориді және кальций хлориді ерітінділерінің аталған зольге коагуляциялаушы әсерін салыстырыңыз. 8. Массалық үлесі 0,01% ÷ 5% болатын калий перманганатының медицинада антисептикалық құрал ретінде қолданылады. 2,5 кг 5%-дық KMnO4 ерітіндісін дайындау үшін қажет болатын еріген заттың массасын және судың массасын анықтаңыз. Биогенді элементтер деген не? Макро- және микроэлементтер, «өмір металдары». Тірі ағзадағы комплексті қосылыстарда қандай биогенді элементтер комплекс түзуші болып табылады? 9. Ацидоз кезінде шұғыл көмек ретінде натрий гидрокарбонатының ерітіндісін тамырға енгізу арқылы пайдаланады. Асқынған жағдайда 8,4%-дық ерітіндісін 100 мл-ге дейін құяды (ρ=0,90 г/мл). 250 мл осындай ерітіндінің құрамында қанша натрий гидрокарбонаты мен су бар? Натрий гидрокарбонатының әсер ету механизмін көрсететін реакция теңдеуін жазыңыз. Ацидоз және алкалоз деген не? 10. Дәрілік препараттардың сақтау мерзімін «дәрілік форманың жеделдетілген қартаюы» әдісімен анықтау Вант-Гофф ережесіне негізделген. Препарат жоғары температурада қандай-да бір уақыт ішінде кинетикалық константаларға сынаудан өтеді. Пенициллиннің ыдырау реакциясының температуралық коэффициентін есептеңіз, егер 36оС және 41оС температурадағы пенициллиннің ыдырау реакциясының жылдамдық контанталары сәйкесінше 6∙10-6 с-1 және 1,2∙10-5 с-1тең болса. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар және қалайша әсер етеді? 11. Құрамында марганец (II) сульфаты бар препараттар, гемотоздың стимуляторы ретінде пайдаланылады, эритроциттердің дамуы мен қалыптасуына септігін тигізеді. Құрамында 1,51 г MnSO4 бар, эквивалентті молярлы концентрациясы 0,01 моль/л болатын ерітіндінің көлемін есептеңіз. Эквивалентті молярлы концентрация (анықтамасы, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шаманың өлшем бірліктері). 12. Динитрофенилгидразинді әдіспен трансферазаның активтілігін зерттеу кезінде фосфатты буфер қолданылады. Оны дайындау үшін концентрациясы 0,1 моль/л 840 мл натрий гидрофосфатының ерітіндісі мен осындай концентрациядағы 160 мл калий дигидрофосфатының ерітіндісін араластырады. Буферлік ерітіндінің рН-н табыңыз (Ka=6,16∙10-8). Протолиттік буферлік жүйе деген не? Осындай жүйелер адам ағзасында қандай роль атқарады? 13. Угар газы СО гемоглобинмен берік комплексті қосылыс түзеді де, тірі ағза үшін улылығының себебі болып табылады. Угар газымен уланудың алдын алу үшін, оны толығынан көмір қышқыл газына дейін тотығуын жүргізеді. 2СО(г) + О2(г) ↔ 2CO2(г) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер: а) угар газының концентрациясын 3 есе арттырса; б) жүйенің көлемін 5 есе азайтса? Кинетикалық қисық деген не? СО және СО2 үшін графикалық тәуелділікте кинетикалық қисықты бейнелеңіз. 14. Калий хлориді құсудан, іш өтуден, зәр айдайтын құралдарды ұзақ қолданудан пайда болатын гипокалиемия кезінде қолданылады. 0,4 л ерітінді құрамында 0,3 М калий хлоридінің массасын есептеңіз. Калий макроэлементтер қатарына жатады. Оның биологиялық ролін сипаттаңыз. Биогенді деп қандай элементтерді атайды? Басқа макроэлементтерге мысал келтіріңіздер. 15. Гидрокарбонатты буферлік жүйе қан плазмасының негізгі буферлік жүйесі болып табылады. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). 16. Лор-практикада ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығына жағу үшін қолданылатын Люголь ерітіндісінің құрамында: 17 мл су, 1 г йод пен 2 г калий иодиді бар. Люголь ерітіндісіндегі йод пен калий иодидінің массалық үлесін есептеңіз. Ерітінді, еріткіш, еріген зат деген не? Иодтың биологиялық ролін сипаттаңыз. 17. Осмостық баланстың бұзылуының алдын алу үшін тамыр ішіне инъекция ретінде тек қана изотонды ерітінділер қолданылады. 0,9%-дық натрий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз. Осы ерітінді қан плазмасына изотонды болады ма? 37оС температурада қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Осмостық қысым деген не? Медициналық практикада пайдаланылатын осмостық құбылыстарға мысал келтіріңіздер. 18. Қанның рН қалыпты 7,38 мәнінен бірліктің бірнеше жүздеген үлесіне ауытқуы жалпы селқостықтықты және әртүрлі физиологиялық процестердің өтуінде біраз ығысуын тудырады. Қанның рН-ң 0,2-0,3 бірлікке төмендеуі немесе артуы коматоз жағдайына әкеледі, ал 0,3-0,4 бірлікке ығысса өлімге әкеледі. Қан плазмасының рН-н есептеңіз, егер сутек иондарының концентрациясы 4,5·10-8 моль/л тең болса. Алынған мәнді қан плазмасы үшін физиологиялық норма шамасымен салыстырыңыз. Протолиттік гомеостаздың (норма, ацидоз, алкалоз) күйін сипаттаңыз. 19. Клиникалық биохимияда ақуыз анализін диагноз қою мақсатында электрофорездің көмегімен жүргізеді. Оны қандай әдістермен анықтайды? Ерітіндіде изоэлектрлік нүктелері 4,7 және 8,8 болатын екі ақуыз бар. рН=7,9 тең буферлік ерітіндідегі электрофорез кезінде осы ақуыздардың молекулалары қайсы электродқа қарай бағытталады? Осындай ортада, басқа тепе-теңдік шарттар сақталған жағдайда көрсетілген ақуыздардың қайсысы сәйкес электродқа жоғары жылдамдықпен ығысады және неліктен? ЖМҚ ерітіндісінің изоэлектрлік нүктесі деген не? Оны қандай әдістермен анықтайды? 20. 310 К температурада 0,01 М калий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз, егер изотондық коэффициенті 1,96 тең болса. Осы ерітінді қан плазмасына қандай (гипо-, гипер-, изотонды) болады ма? Қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Эритроциттерді осындай ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? Осмос, гемолиз, плазмолиз деген не? 21. Фосфатты буферлік жүйе жасуша ішіндегі қышқылдық-сілтілік балансты бір деңгейде ұстап тұруда маңызды роль атқарады, ондағы фосфаттардың мөлшері 50-70 ммоль/л. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). Қышқылдық буферлік ерітіндінің құрамына қандай компоненттер кіреді? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз. 22. Изоэлектрлік нүктелері 5 және 8 болатын А және Б екі ферментті электрофорез арқылы рН-ң қандай мәнінде бөлуге болады? Осы ферменттердің 4, 8 және 9 тең болатын рН мәндерінде бөлшектердің заряд таңбасы қандай болады? Изоэлектрлік нүктемен салыстырғанда қышқылдық және сілтілік ортада ақуыз молекулаларының қалай зарядталатынын түсіндіріңіз. Дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Медицинада және биологияда қолданылатын дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіздер. 23. Физиологиялық құралдардың осмостық қысымының тұрақтылығы (изоосмия) гомеостазға қойылатын фундаментальды физикалық-химиялық талаптарының біріне жатады. 17оС температурада құрамында 62 г гемоглобин 500 мл ерітіндінің осмостық қысымы тең болады:3,5 кПа. Гемоглобиннің молярлық массасын есептеңіз. Жартылай өткізгіш мембрана, диффузия, осмос, осмостық қысым деген түсініктерге анықтама беріңіз. 24. Медициналық практикада танып қалған адамның есін жиғызу үшін 10%-дық аммиак ерітіндісін (аммоний гидроксиді) қолданады. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі a=0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің иондану константасын Kb есептеңіз. аммоний гидроксиді қандай буферлік ерітіндінің құрамына кіреді? Оның құрамын келтіріңіз және адам ағзасының қандай жерінде кездесетінін көрсетіңіз. 25. АТФ және АДФ – көп мөлшерде энергияны бөле отырып, фосфатты топтардың бөлінуіне себепші болатын макроэргиялық қосылыстар. 37оС температурада АТФ гидролиз реакциясы үшін энтальпия және Гиббс энергиясының шамалары сәйкесінше ∆Н0р-ция = -20 кДж, ∆G0р-ция = -30,5 кДж. Берілген жағдайда энтропияның стандартты өзгерісін есептеңіз. Экзер- және эндергоникалық процестер. Энергетикалық қосарлану принципі. Изобаралық-изотермиялық потенциал биохимиялық реакциялардың өздігінен жүру критерийлері. Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.
26. Магний сульфатының ерітіндісі вазодилаттаушы құрал (қан тамырларын кеңейтетін) пайдаланылады. Құрамында 18 г тұзы бар 0,02 н магний сульфатының ерітіндісінің көлемін есептеңіз. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: макро- және микроэлементтер, органогендер. Олардың қайсысы макроэлементтер қатарына жатады? «Өмір металдарын» атап шығыңыз. Магний және кальцийдің биологиялық ролін сипаттаңыз. 27. Аммиак ағзада тағаммен бірге түскен немесе жасушада қор заттары ретінде кездесетін аминқышқылдар мен ақуыздардың метаболизмінің өнімдерінің бірі болып табылады. Концентрациясы 0,00025 моль/л және иондану дәрежесі a=0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің рН-н есептеңіз. Алынған мәнді несептің рН-ң 4,8 ÷ 7,5 аралығындағы қалыпты мәнімен салыстырыңыз. Аммиакты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз. 28. Лабораториялық практикада зерттеу мақсатында реакциялар адам ағзасымен салыстырғанда кең температуралық интервалдарда жүргізіледі. Биохимиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ = 2,8. Температураны 40 градусқа жоғарылатса реакцияның жылдамдығының қалай өзгеретінін есептеңіз, егер температуралық коэффициент 2,8-ге тең болса? Ферментативті реакция схемасы. Михаэлис-Ментен теңдеуі. Реакция жылдамдығының субстрат концентрацияна графикалық тәуелділігі. Субстраттың төменгі және жоғарғы концентрациядағы ферментативті реакцияның реті.
29. Химиотерапевтикалық ісік ауруына қарсы препарат ретінде платинаның комплексті қосылысы «Цисплатин» (диаминодихлороплатина (IV)) қолданылады. Комплексті қосылыстың формуласын жазыңыз, оны Вернер теориясының тұрғысынан сипаттаңыз. Комплексті бөлшек үшін тұрақсыздық және тұрақтылық константалар үшін өрнек теіңдеулерін жазыңыз. Донорлық-акцепторлық байланыс деген не? Мысалдармен түсіндіріңіз. 30. Физиологиялық норма температурасында салыстырмалы молекулярлы массасы 10 000 тең болатын ақуыздың осмостық қысымын есептеңіз, егер оның массалық концентрациясы 1,0 кг/м3 тең болса (молекулаларды изодиаметрлік деп ескере отырып, яғни К=1). Онкотикалық қысым деген не? Ақуыздың денатурациясы деген не? Ақуыздың денатурациясын тудыратын факторларды тізіп шығыңыз.  

Органикалық химия







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.