Здавалка
Главная | Обратная связь

Ерітінділер туралы ілім



1. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) бірге тең?

2. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) ½-ге тең?

3. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/3-ге тең?

4. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/6-ге тең?

5. Қандай концентрация моль/кг-мен өлшенеді?

6. Молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?

7. Эквивалентті молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?

8. Ерітіндінің массалық үлесі қандай формула бойынша есептелінеді?

9. 1 литр ерітіндіде 3,65 г хлорсутек бар. Осы ерітіндінің молярлы концентрациясы неге тең?

10. Хирургияда натрий хлоридінің 10%-дық ерітіндісімен сіңірілген гипертонды таңғыштар қолданылады. Осындай 500 г ерітінді дайындау үшін қанша грамм тұз және су қажет?

11. 95 г суда 5 г глюкоза ерітілген. Алынған ерітіндіде глюкозаның массалық үлесі (%) нешеге тең?

12. 500 г суда 5,85 г натрий хлориді ерітілген. Алынған ерітіндінің моляльді концентрациясы нешеге тең?

13. Стоматологияда антисептикалық құрал ретінде калий перманганатының ерітіндісін пайдаланады. 2 кг 0,1%-дық ерітінді дайындау үшін қанша грамм тұз алу қажет?

14. Кальций хлоридінің ерітіндісін антигистаминді құрал ретінде пайдаланады. Құрамында 11,1 г кальций хлориді бар 1000 мл ерітіндідінің эквивалентті молярлы концентрациясы неге тең?

15. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінді гипертонды болады?

16. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінді изотонды болады?

17. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінді гипотонды болады?

18. Жасушаның серпімділігі тіндердің иілгіштігін және органдардың белгілі бір пішінін сақтауын қамтамасыз етеді, ол осмос қысымымен байланысты. Осы құбылыс қалай аталады?

19. Эритроциттерді гипертонды ерітіндіге батырғанда, олардың ісінуі және қабықшалардың жарылуы жүреді. Осы құбылыс қалай аталады?

20. Жасушаларды гипотонды ерітіндіге батырғанда, олардың қысылуы, жиырылуы пайда болады. Осы құбылыс қалай аталады?

21. Вена (тамыр) ішіне инъекция жасау үшін қандай ерітіндіні пайдаланады?

22. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы максимальды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті

23. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы минимальды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті молярлы концентрациялары бірдей болған жағдайда?

24. Бірдей температурада, молярлы концентрациясы 0,1 моль/л болатын ерітінділер өзара изотонды. Осы шарт қандай ерітінділер жұбы үшін сақталады?

25. Жоғары молекулалы компоненттердің қатысуы себепті пайда болатын осмос қысымының бір бөлігі қалай аталады?

26. Заттардың қандай тобында эквиваленттік фактор мәндері бірдей болады?

27. Стандартпен салыстырғанда осмостық қысымы жоғары ерітінді қалай аталады?

28. Эритроциттерді 10%-дық натрий хлоридінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?

29. Эритроциттерді 0,1%-дық натрий хлоидінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?

30. Төменде келтірілген тұздардың молярлы концентрациясы бірдей: 0,01 моль/л-ге тең. Ерітінділердің қандай жұбы үшін 1 литр ерітіндісінде бөлшектер саны бірдей болады?

 

Буферлік ерітінді

1. Бір негізді күшті қышқыл ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады?

2. Бейтарап орта үшін қай тұжырым дұрыс болады?

3. Хлорсутек қышқылының аз мөлшерін қосқанда гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің қай компоненті әрекеттеседі?

4. Ацетатты буферлік ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады?

5. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?

6. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?

7. Аммиакатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?

8. [H+] < [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінді үшін сақталады?

9. [H+] > [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінді үшін сақталады?

10. 25°С температурада таза судағы сутек иондарының концентрациясы [H+] (моль/л) неге тең?

11. Сон- концентрациясы нешеге тең, егер Сн+ = 10-4?

12. Сулы ерітінділер үшін сутектік көрсеткішті рН қалай есептеуге болады?

13. Сұйытылған сулы ерітінділер үшін рН және рОН қосындысы нешеге тең?

14. Бейтарап сулы ерітінділердегі қандай шарт болады?

15. Ағзада реакция ортасының қышқылды ортаға қарай ығысуы не деп аталады?

16. Ағзада реакция ортасының сілтілік ортаға қарай ығысуы не деп аталады?

17. рОН =11 тең болатын сулы ерітіндіде сутек иондарының концентрациясы (моль/л) нешеге тең?

18. Қышқылдық буферлік ерітінді қандай компоненттерден тұрады?

19. Қандай заттардың ерітіндісі негізгі буферлік ерітіндінің қатарына жатады?

20. Ортаның реакциясы қандай болады, егер рОН = 13?

21. СNаОН= 0,001 моль/л болатын натрий гидроксиді ерітіндісінің рН-ы нешеге тең?

22. Концентрациясы 0,1 моль/л болатын HCl ерітіндісі үшін қандай қатынас дұрыс болады?

23. Қышқылды ерітінділер үшін сутектік көрсеткіш қандай мәнді қабылдайды?

24. [H+] > [OH-] шарты қандай зат ерітіндісінің сулы ерітіндісі үшін орындалады?

 

Комплексті қосылыстар

 

1. [Co(CN)4(H2O)2]- ионындағы комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?

2. [CrCl2CN(H2O)3] бөлшегіндегі комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?

3. Комплекс түзуші Со (III) болып табылатын комплексті бөлшектің [Co(NO2)3(NH3)2]x заряды нешеге тең?

4. Комплекс түзуші Pt (IV) болып табылатын комплексті бөлшектің [PtCl(OH)5]x заряды нешеге тең?

5. Комплексті қосылыс калийдің монобромопентанитроплатинатына (IV) қандай формула сәйкес келеді?

6. Комплексті қосылыс натрийдің пентацианомоноамминферратына (II) қандай формула сәйкес келеді?

7. Комплексті қосылыс пентаамминбромокобальт (III) сульфатына қандай формула сәйкес келеді?

8. [Au(CN)2Br2]- комплексті ионындағы алтынның тотығу дәрежесі нешеге тең?

9. Катионды комплекске сәйкес келетін қандай формула?

10. Анионды комплекске сәйкес келетін қандай формула?

11. Бейтарап комплекске сәйкес келетін қандай формула?

12. [Co(NH3)5Cl]Cl2 комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?

13. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында қай бөлшектер лигандалар болып табылады?

14. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?

 

Атом құрылысы. Биогенді элементтер

1. Ва2+ бөлшегінде қанша электрон бар, егер барийдің реттік нөмірі 56 тең болса?

2. I- бөлшегінде қанша электрон бар, егер иодтың реттік нөмірі 53 тең болса?

3. Fe3+бөлшегінде қанша электрон бар, егер темірдің реттік нөмірі 26 тең болса?

4. Қандай элемент адам ағзасына улы қосылыстар түзеді?

5. Қандай элемент сүйек тінінің негізі болып табылады?

6. Медицинада антисептикалық құрал ретінде қандай заттың ерітіндісі қолданылады?

7. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығын жоғарылату үшін қандай заттың ерітіндісі қолданылады?

8. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылап, қыжыл пайда болғанда қандай заттың ерітіндісі қолданылады?

9. Қандай ион жасуша ішілік негізгі ион болып табылады?

10. Қандай ион жасуша сыртындағы негізгі ион болып табылады?

11. Қандай элемент макроэлементтер қатарына жатады?

12. Қандай элемент органоген болып табылады?

13. Қандай элемент микроэлементтер қатарына жатады?

14. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен «эндемиялық зоб» ауруы пайда болады?

15. Гемоглобинде қандай ион комплекс түзуші болып табылады?

16. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен остеопороз ауруы дамиды?

Химиялық термодинамика

 

1. «Бітеу ампуладағы 0,9%-дық NaCl ерітіндісі» қандай термодинамикалық жүйеге жатады?

2. Қандай термодинамикалық жүйе гомогенді болып табылады?

3. Қандай термодинамикалық жүйе гетерогенді болып табылады?

4. Қандай термодинамикалық жүйе қоршаған ортамен массасы (заты) мен (веществом) энергиясымен алмасады?

5. Төменде келтірілген термодинамикалық жүйелердің қайсысы жабық болып табылады?

6. Қандай термодинамикалық жүйенің (заттардың бірдей мөлшері болған джағдайда) энтропия шамасының мәні минимальды болады?

7. Қандай термодинамикалық шама химиялық жүйенің реакциялық қабілетінің өлшемі болып табылады?

8. Эндотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?

9. Экзотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?

10. Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы өзгермейді?

11. Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы артады?

12. Адам қандай термодинамикалық жүйеге жатады?

13. Тірі ағза жасушасында қандай биохимиялық процестер жүреді?

14. Қандай заттың түзілу жылуы нөлге тең болады?

 

Химиялық реакциялар кинетикасы

1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не?

2. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 тура реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тәуелділігін сипаттайды?

3. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 кері реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тәуелділігін сипаттайды?

4. A + B + B ® AB2 тура реакциясы үшін қандай теңдеу әрекеттесуші массалар заңына сәйкес келеді?

5. Ферменттердің каталитикалық әсерінің ерекшелігіне не жатады?

6. Бірінші ретті реакция қандай теңдеумен өрнектеледі?

7. Тірі ағзадағы ферменттердің функциясы неде?

8.w = kC(O2) жылдамдық теңдеуінің өрнегі қандай реакция үшін жазылады?

9.Қандай ереже дәрілік препараттың жарамдылық мерзімін «жедел» анықтау әдісінің негізінде жатыр?

10. СаСО3(қ) = СаО(қ) + CO2(г) тура химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 5 есе арттырса?

11. Қандай реакция тримолекулярлы болып табылады?

12. 2NO(г) + Cl2(г) ® 2NOCl(г) реакциясының тепе-теңдік константасына қандай формула сәйкес келеді?

13. CaCO3(қ) ® CO2(г) + CaO(қ) тура реакциясы үшін әрекеттесуші массалар заңына қандай формула сәйкес келеді?

14. Реакцияның температуралық коэффициент γ=3. Химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер температураны 25оС –ден 55оС-ке дейін өзгертсе?

Тотығу-тотықсыздану процестері

 

1. Ерітінді-ерітінді фазаларының бөліну шекарасында потенциал секірмесі қалай аталады?

2. Қандай жүйеде тотықтырғыштық қасиеті жоғары болады

3. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін есептеуге болады?

4. Қандай электрод бірінші текті электрод қатарына жатады?

5. Қандай электрод екінші текті электрод қатарына жатады?

6. Төменде келтірілген электродтардың қайсысы тотығу-тотықсыздану электрод болып табылады?

7. ZnCl2 ерітіндісіндегі мырыштың электродты потенциалын есептеңіз, егер аZn2+ = 0,01 моль/л; .

8. AlCl3 ерітіндісіндегі алюминийдің электродты потенциалын есептеңіз, егер aAl3+ = 0,001 моль/л; .

9. рН=10 тең болғандағы сутекті электродтың потенциалы (В) нешеге тең?

10. Биологиялық сұйықтықтардың рН-н потенциометрлік анықтауда қандай электродтар пайдаланылады?

11. Асқазан сөлінің рН-н потенциометрлік анықтау кезінде анықтауыш электрод ретінде қандай электрод пайдаланылады?

12. (-) Fe / FeSО4 // CuSО4 / Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Fe / Fe2+ = - 0,44 В; φ0 Сu / Сu2+ = +0,34 В)?

13. (-) Zn/ZnS04 //CuS04 /Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0Cu/Cu2+ = +0,34 B)?

14. (-)Zn /ZnS04 // NiS04 /Ni (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0 Ni/Ni2+ = -0,25 B)?

Беттік құбылыстар

1. Беттік активтілік шамасын қандай формула бойынша есептелінеді?

2. Қозғалмалы фазалардың бөліну бетінде еріген заттың адсорбция шамасы қандай формула бойынша есептелінеді?

3. Адсорбциялық тепе-теңдік күйін қалай сипаттауға болады?

4. Адсорбция жылдамдығы десорбция жыдамдығына тең болатын жүйенің күйі қалай аталады?

5. Катиониттерді регенерациялау үшін қандай шара қолдануға болады?

6. Са2+ иондарын кетіру үшін консервілеу кезінде қанның ұюын тоқтату мақсатында қандай әдіс пайдалануы мүмкін?

7. Қандай заттың беттік активтілігі жоғары болады?

8.Қандай ионның адсорбциялануға қабілеті жоғары?

9. Белсендірілген көмір бетінде молекула түрінде қай зат адсорбцияланады?

10. Қатты-сұйықтық бөліну бетіндегі адсорбцияны сипаттайтын қандай теңдеу?

11. Дюкло-Траубе ережесіне сәйкес көмірсутекті тізбекті бір –СН2- тобына ұзартқан сайын бір гомологты қатардағы заттардың сулы ерітінділерінің беттік активтілігі қалай өзгереді?

12. Қайсы топтың гидрофильді қасиеттері болады?

13. Қайсы топтың гидрофобты қасиеттері болады?

14. Панет-Фаянс ережесіне сәйкес күміс бромидінің бетінде қандай ион адсорбцияланады?

15. Қандай зат беттік-активті зат қатарына жатады?

 

Дисперсті жүйелер

1. Грануланың изоэлектрлік күйін не сипаттайды?

2. Ауырлық күшінің әсерінен ірі агрегаттардың шөгу процесі қалай аталады?

3. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

4. Оң зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

5. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

6. Барий хлоридінің артық мөлшерінде алынған барий сульфатының золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

7. Күміс нитратының артық мөлшерінде алынған күміс хлоридінің золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

8. Жоғары жылдамдықпен коагуляциялайтын бөлшектер

9. Коллоидты ерітінділерді төмен молекулалы қоспалардан тазарту үшін қандай әдісті пайдаланады?

10. Жартылай өткізгіш мембрана мен ағынды еріткішті қолдануға негізделген коллоидты ерітінділерді тазарту әдісі қалай аталады?

11. Жартылай өткізгіш мембрананың екі жағындағы қысымның айырмашылығының есебінен жүзеге асатын коллоидты ерітінділерді тазарту әдісі қалай аталады?

12.Тиндаль конусы қандай дисперсті жүйеде байқалады?

13. К4[Fe(CN)6] артық мөлшерін FeCl3-ке қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?

14. FeCl3 артық мөлшерін К4[Fe(CN)6]-ға қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?

15. Коллоидты бөлшектердің ірі агрегаттарға бірігу процесі қалай аталады?

16. K2SO4 артық мөлшерімен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің мицелласына сәйкес келетін қандай формула?

17. Теріс зарядталған зольдің коагуляциясын қандай ион тез тудырады?

18.Темір сульфидінің золі үшін қандай иондар потенциал анықтаушы бола алады?

19. Күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің мицелласына сәйкес келетін қандай мицеллярлы формула?

Жоғары молекулалы қосылыстар

1. Жоғары молекулалы қосылыстардың шекті ісінуі кезінде не байқалады?

2. Физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгерісіне жалғасатыннативті ақуыздың ерекше құрылымының гидролиттік емес бұзылуы қалай аталады?

3. Жоғары молекулалы заттың төмен молекулалы еріткішті сіңіріп, массасы мен көлемі ұлғаятын, өздігінен жүретін процесс қалай аталады?

4. Полимердің ісіну дәрежесі қандай формула бойынша есептелінеді?

5. Ақуыз молекуласының қосынды заряды нөлге тең болатын pH мәні қалай аталады?

6. Полимердің шексіз ісіну кезінде қандай құбылыс байқалады?

6. Ісінудің сандық өлшеміне не жатады?

7. Ақуыздың ең аз ісінуі рН-ң қандай мәнінде байқалады?

8. Жоғары молекулалы қосылыстардың электролит ерітінділерінің әсерінен тұнбаға түсу процесі қалай аталады?

9. Жоғары молекулалы қосылыстардың бөлшектері бірікпей, тек гидратты қабаттарының бірігу процесі не деп аталады?

11. Альбумин ақуызының изоэлектрлік нүктесі тең болады: рН=4,8. рН-ң қандай мәнінде альбумин ақуызының молекулалары оң зарядталып, электрофорез кезінде катодқа қарай бағытталады?

12. Ерітіндіде ақуыздар қоспасы бар: қан γ-глобулині (pI=6,40); қан сарысуының альбумині (pI=4,64); цитохром С (pI=10,70). рН-ң қандай мәнінде осы ақуыздарды электрофорездік түрде бөлуге болады?

13. Көлемі 110 см3 болатын табиғи каучук үлгісі толуолға батырылды. 20оС температурада 48 сағат өткен соң, үлгінің көлемі 850 см3-ке жетті, осыдан кейін өзгерістер болған жоқ. Полимердің ісіну дәрежесі нешеге тең болады (%)?

14. Фармацияда дәрілік затты пролонгирлеу үшін, оның тұрақтылығын жоғарылату және жағымсыз дәмін жасыру мақсатында микрокапсулдау ұсынылады. Микрокапсулдеу процесінің негізінде қандай құбылыс жатыр?

 

Құқықтық компетенция бойынша тест тапсырмалары

 

1. Улы заттармен терең уланған жағдайда, улану дәрежесі мен зардап шеккендердің жағдайына тәуелсіз, алғашқы көмек берудің негізгі ережесіне не жатады?

2. Электр тоғымен адам зақымданғанда қандай шара жасауға тиым салынады?

3. Лабораторияда реактивтер мен химиялық заттары бар қандай сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат беріледі?

4. Органикалық табиғаты бар материалдың жанғыштығын төмендету үшін қосылатын зат немесе қоспа қалай аталады?

5. Химиялық күйік алғанда зақымдалған орынды кран астындағы ағынды сумен біраз уақыт бойы (15 минуттан кем емес) шаяды. Егер қышқылмен зақымдалған жағдайда, күйіктің орнын қандай заттың ерітіндісімен өңдеу қажет?

6. Аптасына 8 сағат бойы (демалыс күндерін ескермегенде) күн сайынғы жұмыс немесе ұзақтығы басқа (аптасына 41 сағаттан артық емес) бүкіл жұмыс стаж бойына қандай-да бір ауруларды немесе денсаулықтағы ақауды тудыра алмайтын, жұмыс істеу процесінде немесе қазіргі және келесі ұрпақтың болашағында жаңашыл зерттеу әдістерімен анықтайтын зиянды зат концентрациясы қалай аталады?

 

I тарау. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Номенклатурасы. Изомерия.

 

1. Халықаралық (орынбасушы ) номенклатура бойынша қосылыс қалай аталады?

2. Орынбасушы ИЮПАК номенклатурасы бойынша қосылыс қалай аталады?

3. Қосылыс (СН3)2СН – С(СН3)2 – СН2 – СН3 халықаралық (орынбасушы ) номенклатура бойынша қалай аталады?

4. Келесі қосылыстың халықаралық (орынбасушы ) номенклатура бойынша аталуы қандай?

5. Қосылыс рациональды номенклатура бойынша қалай аталады?

6. Келесі қосылыстың рациональды номенклатура бойынша аталуы қандай?

7. Көмірсутекті радикалға қандай атау сәйкес келеді?

 

8. Көмірсутекті радикалға қандай атау сәйкес келеді?

9. Көмірсутекті радикалға қандай атау сәйкес келеді?

10. Қосылыстағы екіншілік көміртек атомдар саны қанша?

11. 2,2-диметилбутан молекуласындағы біріншілік көміртек атомдар саны қанша?

12. Қосылыс органикалық заттардың қай класына жатады?

13. Қосылыс органикалық заттардың қай класына жатады?

14. Қосылыс органикалық заттардың қай класына жатады?

15. Қосылыс СН3–СН2–О–СН2–СН3 органикалық заттардың қай класына жатады?

16. Формулаға қандай атау сәйкес келеді?

17. Формулаға қандай атау сәйкес келеді?

18. Орынбасушы номенклатура бойынша туберкулезге қарсы дәрілік құрал ретінде қолданылатын п-аминосалицил қышқылына (ПАСҚ) қандай атау сәйкес келеді?

19. Келесі қосылыстар берілген: С7Н14, С8Н18, С2Н2, С6Н6, С10Н22. Қаныққан көмірсутектер қатарына жататын қосылыстардың саны қанша?

20. Көмірсутекті радикал берілген сн2 = сн – сн2 –. Қандай көмірсутекке сәйкес келеді?

21. Көмірсутекті радикал берілген С6Н5 –. Қандай көмірсутекке сәйкес келеді?

22. Аминқышқыл серин НО–СН2 –СН(NН2) –СООН ақуыздар құрамына кіреді. Серин молекуласындағы функциональды топтардың ИЮПАК орынбасушы номенклатура бойынша атау беруде префикс түрінде келтірілу реті:

23. Пропанол және метоксиэтан құрамы бірдей қосылыстар қатарына жатады. Осындай қосылыстар қалай аталады?

 

II тарау. Атомдардың өзара әсері және оның биолгиялық маңызды молекулаларда берілу тәсілдері. Органикалық қосылыстардың тип және механизм бойынша жіктелуі. Көмірсутектердің реакциялық қабілеттілігі. Радикалды орын басу реакциялары. Электрофильді орын басу және қосып алу реакциялары.

 

1. Хюккель ережесі бойынша ароматты қосылыстарда π –жүйесіндегі электрондар санын қандай формула бойынша есептеуге болады?

2. Толуолды тотықсыздандыру нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

3. CH3–СН2–СН3 + Br2 реакциясы берілген?

Бромдау реакциясының типі, механизмі және соңғы өнім қандай болады?

4. Бензой қышқылында карбоксил тбы қандай электрондық эффект көрсетеді?

5. СН2 = СН – NО2 молекуласында ниро-тобы қандай электрондық эффект көрсетеді?

6. Анилин молекуласындағы NН2- тобы бензол сақинасына электрондық эффекттінің қандай түрі және таңбасы әсер етеді?

7. СН2 = СН – NН2 молекуласында амин тобы электрондық эффекттінің қандай түрі және таңбасы әсер етеді?

8. Фенолдағы гидроксильді тобы электрондонорлық қасиеттер көрсетеді. Гидроксильді топ фенолда қандай электрондық эффектілер көрсетеді?

9. Бензальдегидте альдегид тобы электронакцепторлық қасиеттер көрсетеді. Бензальдегидте альдегид тобы қандай электрондық эффектілер көрсетеді?

10. УФ сәулесінің әсерінен бутанның хлормен өзара әрекеттесу реакциясы берілген. Реакцияның типі мен механизмі қандай?

11. СН2 = СН – СН3 + НCl → реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

12. Этиленнің хлорсутекпен өзара әрекеттесу реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

13. Изобутиленнің қышқылды ортада гидраттану реакциясы берілген? Реакция нәтижесінде қандай спирт түзіледі?

14. Анилинді нитрлеу реакциясы берілген. Реакция типі, механизмі және соңғы өнім қандай болады?

15. Акрил қышқылының молекуласында қай электрондық эффектілер дұрыс белгіленген?

16. Бензальдегид молекуласында қай электрондық эффектілер дұрыс белгіленген?

17.Төрт сынауықта алкен, алкан, диен, алкин бар. Үшеуінде берлген реактивпен жұмсақ тотығу реакциясы жүрді. Қос байланысты дәлелдеу үшін зерттелетін затқа қандай реактивті қосу қажет?

18. Зығыр майынан алынған «Линетол» дәрілік препаратында қанықпаған қышқылдар: олеин, линоль, линолен эфирлерінің қоспасы бар. Атеросклероздың алдын-алу және емдеу үшін, сырттай тері күйіктерінде және сәулелік шағылғанда қолданылады. «Линетол» препаратының құрамында қанықпаған қышқылдардың бар екенін қандай реакция арқылы дәлелдеуге болады?

19. Жалпы формуласы С8Н6 болатын көмірсутек бром суын түссіздендіреді, тотығу кезінде ароматты қышқыл түзеді. Берілген қосылыс қалай аталады?

20. Екі сынауықта зерттелінетін қосылыстар бар. Сынауықтың біреуіне [Ag(NH3)2]OH реактивін қосқанда күміс айна реакциясы жүрді. Осы реактив көмегімен қандай қосылыстар жұбын бір-бірінен айыруға болады?

III тарау. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофильді орын басу реакциялары.

 

1. Фенолдар қышқылдың қай типіне жатады?

2. Ацетилен қышқылдың қай типіне жатады?

3. Бренстед-Лоури теорииясы бойынша азот атомындағы электронды жұбының есебінен протонды қосып алатын қосылыстар қалай аталады?

4. Келтірілген формулалардың қайсысы метилизопропиламин атауына сәйкес келеді?

5. Келтірілген формулалардың қайсысы екіншілік пропил спирті атауына сәйкес келеді.

6. Этил спиртінің молекулааралық дегидратация реакциясының нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

7. Спирттің карбон қышқылымен әрекеттесу реакциясы қалай аталады?

8. Спирттің карбон қышқылымен өзара әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?

9. Келтірілген формулалардың қайсысы изопропил спиртінің тотығу өніміне сәйкес келеді?

10. Келтірілген формулалардың қайсысы этил спиртінің тотығу өніміне сәйкес келеді?

11. (СН3)2СНСН(ОН)СН3 тотығу кезінде қандай қосылыс түзіледі?

12. CH3CH2 COOH + CH3CH2OH реакциясы берілген. Реакцияның типі мен механизмі қандай?

13. Фенол және пропанол – 2 қосылыстарын ажырату үшін қандай реактивті пайдаланады?

14. СН3 – СН(ОН) – СН3 + НАД + → реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

15. СН3 – СН2 – СН2 – ОН + НАД+ → реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

16. Ксилит бес атомды спиртке жатады. Тәтті дәмі бар, суда жақсы ериді, қант диабеті кезінде қант орнына пайдаланады. Ксилитте диоль фрагментінің бар екенін дәлелдеу үшін келтірілген реактивтердің қайсысын қосу қажет?

 

IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.

 

1. Малон (пропанди) қышқылын қыздырғанда қандай қосылыс түзіледі?

2. Янтарь (бутанди) қышқылын қыздырғанда қандай қосылыс түзіледі?

3. Қымыздық қышқылының формуласы қандай?

4. Янтарь қышқылының формуласы қандай?

5. Қышқыл мен аммиак өзара әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?

6. Альдегидтер мен кетондардың құрамында қандай функциональды топ бар?

7. C4H9C(O)OC2H5 гидролиздену кезінде қандай қышқыл түзіледі?

8.Келтірілген қосылыстардың қайсысы натрий гидроксидінің сулы ерітіндісімен өзара әрекеттеседі:

1) С6Н5ОН, 2) С6Н5СН2ОН, 3) С2Н5SН, 4) С2Н5ОН, 5) С6Н5SH

9. Пропенальдың тотықсыздану өнімінің құрылысы қандай?

10. Қос зат: пропанон және пропанальды ажырату үшін қандай реактив пайдаланылады?

11. Пропен қышқылын гидробромдау реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

12. 2R–OH + R–CH=O реакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?

13. R–CH=O + R–CH=O реакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?

14. Альдольды қосып алу нәтижесінде СН3СН2СН(ОН)СН(СН3)СН = О құрылысындағы қосылыс түзілді. Бастапқы зат ретінде қандай альдегид алынған?

15. Этерификация реакциясын пайдалана отырып, бастапқы қандай қосылыстардан этилпропа­ноат алуға болады?

16. Қымыздық қышқылы НООС-СООН табиғи әлемде кеңінен таралған. Кейбір патологиялық ауытқуларда кальций оксалатының кристалдары адам зәрінде пайда болады. Қымыздық қышқылының бар екенін қандай реактивпен анықтауға болады?

17. Бутанол-1 – сивуш майының компоненті. Литий алюмогидридін пайдалана отырып, қандай карбонильді қосылыстан бутанол-1 алуға болады?

 

V тарау. Тіршілік процесіне қатысушы гетерофункциональды қосылыстар.

 

1. Гидроксиқышқылдардың құрамында қандай функциональды топтар бар?

2. Глициннің (аминосірке қышқылы) формуласы қандай?

3. Ацетосірке қышқылына қандай таутомерия тән болады?

4. Келтірілген формулалардың қайсысы глутамин қышқылының (2-аминопентанди) биполярлы ионының формасына келеді?

5 γ-амин қышқылдарын қыздырғанда қандай өнім түзіледі?

6. α- амин қышқылдарын қыздырғанда қандай өнім түзіледі?

7. Мүмкін болатын кеңістіктік изомерлердің санын қандай формула бойынша табады?

8. (СН3)2СН–СН(Br)–CН(Br)–СООН қосылысында асимметриялық көміртек атомдары қанша?

9. Аланиннің (α-аминопропион қышқылы) формуласы қандай?

10. Тетрапептидте қанша пептидті байланыс бар?

11. Амин қышқылының аталуы қандай?

12. Келесі амин қышқылына қандай атау сәйкес келеді?

13. Тотығу кезінде қандай a- амин қышқылы дисульфидтік байланыс түзеді?

14. Салицил қышқылы декарбоксилденгенде қандай өнім түзіледі?

15. Ацетилсалицил қышқылы гидролизденгенде қандай өнімдер түзіледі?

16.Салицил қышқылының сірке қышқылымен күрделі эфиріне қандай атау сәйкес келеді?

17.Глиоксал қышқылының О=СН-СООН күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен өзара әрекеттескенде қандай өнім түзіледі?

18. Аланиннің CH3 – CH(NH2) – COOH азотты қышқылмен өзара әрекеттесу өнімі қалай аталады?

19. Валиннің (α-аминоизовалериян қышқылы) азотты қышқылмен дезаминдеу реакциясының нәтижесінде түзілген өнімнің құрылысы қандай болады?

20. Аланиннің (α-аминопропион қышқылы) азотты қышқылмен дезаминдеу реакциясының нәтижесінде түзілген өнімнің құрылысы қандай болады?

21. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің қышқылдық гидролизі кезінде қандай аминқышқылдары түзіледі?

22. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің құрамына қандай аминқышқылдары кіреді?

23. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің құрамына қандай аминқышқылдары кіреді?

24. Трипептид формуласы берілген. Берілген пептидке қандай атау сәйкес келеді?

25. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің қышқылдық гидролизі кезінде қандай аминқышқылдары түзіледі?

26. Қандай α-аминқышқылының тотықпай жүретін дезаминдеуінің нәтижесінде бутенди қышқылы HOOC – CH = CH – COOH түзіледі?

27. Қандай α-аминқышқылының тотыға жүретін дезаминдеуінің нәтижесінде пирожүзім қышқылы (2-оксопропан қышқылы) түзіледі?

28.реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

29. Келесі реакция берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

30. рН=12 мәнінде аланиннің келтірілген формалардың қайсысы басым түседі?

31. рН=2 мәнінде валиннің келтірілген формалардың қайсысы басым түседі?

32. Изолейцин (2-амино-3-метилпентан қышқылы) ацилдеу реакциясына түседі. Осы реакцияны қандай реактивтің көмегімен жүзеге асыруға болады?

33. Тирозин (п-гидроксифенилаланин) дезаминдеу реакциясына түседі. Осы реакцияны қандай реактивтің көмегімен жүзеге асыруға болады?

34. Треонин (2-амино-3-гидроксибутан қышқылы) күрделі эфирдің түзілу реакциясына түседі. Осы реакцияны қандай реактивтің көмегімен жүзеге асыруға болады?

35. Парацетамолдың шынайылығын дәлелдейтін сынамалардың біреуіне сұйытылған күкірт қышқылымен қайнату жатады, осы кезде сірке қышқылының иісі сезіледі. Осы сынаманың негізінде жатқан реакция қалай аталады?

36.С9Н8О4 құрамындағы ароматты қосылыс медицинада ыстық басушы ретінде кеңінен қолданылады. NаНСО3 сулы ерітіндісімен әрекеттесіп, СО2 бөліп шығарады, ал гидролиз кезінде сірке қышқылы мен FeCl3 ерітіндісімен күлгін түс беретін, сондай-ақ, молекула ішінаралық сутектік байланыс түзуге қабілетті қосылыс түзеді. Берілген қосылыс қалай аталады?

37. Зерттелінетін сұйықтық қыздыру кезінде нингидринмен күлгін түс береді. Сынауықта қандай зат бар?

38. Бауыр ауруын алдын-алу және емдеу үшін метионин пероральды дәрілік форма түрінде пайдаланылады. Биологиялық сұйықтық – сілекейде еріген күйінде метиониннің (изоэлектрлік нүкте - 5,8) қандай формасы басым түседі?

39. γ-аминомай қышқылы ағзада нерв импульстарының ингибиторының ролін атқарады. Қандай α-аминқышқылынан декарбоксилдеу жолымен γ-аминомай қышқылы түзіледі?

 

VI тарау. Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер.

 

1. Глюкозада хиральды көміртек атомдарының саны қанша?

2. Кетогексозаның кеңістік изомерлерінің саны қанша?

3. Қандай стереоизомер α-глюкозаның аномері болып табылады?

4. Альдозаны гликар қышқылына айналдыратын қандай тотықтырғыш?

5. Глюкозаны бром суымен тотықтырғанда қандай өнім түзіледі?

6. Формулаға қандай атау сәйкес келеді?

7. Циклді жартылай ацетальдің құрылымы қандай моносахаридтің оксо- формасына сәйкес келеді?

8. Циклді жартылай ацетальдің құрылымы қандай моносахаридтің оксо- формасына сәйкес келеді?

9. Циклді жартылай ацетальдің құрылымы қандай моносахаридке сәйкес келеді?

10. Амилопектинмен салыстырғанда амилозадағы моносахаридті қалдықтар арасында қандай гликозидтік байланыс болмайды?

11. Сахароза қандай моносахаридтердің конденсациясы кезінде түзіледі?

12. Лактоза қандай моносахаридтердің конденсациясы кезінде түзіледі?

13. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

D-фруктофураноза + этанол

14. Сахарозаны мальтозадан қандай реактивтің көмегімен ажыратуға болады?

15. α-D-маннопиранозаға қатысты α-D-глюкопираноза қандай стереоизомер болып табылады?

16. Метил- α-D-глюкопиранозидтің қышқылды ортада гидролизденуі нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?

17 α-D-глюкопиранозаның екі қалдығынан тұратын және арасында (1→4)- гликозидті байланыс деген мәліметтер қандай дисахаридке сәйкес келеді?

18. Мальтоза гидролизденгенде қандай заттарға ыдырайды?

19. Лактоза гидролизденгенде қандай заттар түзіледі?

20. Сахароза гидролиз кезінде қандай моносахаридтерге ыдырайды?

21. Гиалурон қышқылының құрылымындағы дисахаридный фрагмент қандай компоненттерден тұрады?

22. Қышқылдық катализатор қатысында α-D-галактопиранозаға сусыз ортада этанолмен әсер еткенде қандай өнімдер түзіледі?

23. Заттар тобы берілген. Қандай топтың заттары оң «күміс айна» реакциясын береді?

1) сахароза, фруктоза, глюкоза

2) глицерин, глюкоза, сахароза

3) глюкоза, глицерин, этиленгиколь

4) глюкоза, сүт қышқылы, фруктоза

5) глюкоза, формальдегид, метан қышқылы

25. Заттар тобы берілген. Қандай топтың заттарыекі жақты функция көрсетеді?

1) глюкоза мен глицерин

2) фруктоза мен этил спирті

3) глюкоза мен сірке қышқылы

4) глюкоза мен стеарин қышқылы

5) құмырсқа қышқылы мен фруктоза

 

VII тарау. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.

 

1. Келесі қосылысқа қандай атау сәйкес келеді?

2. Келесі қосылысқа қандай атау сәйкес келеді?

3. Фосфатидилэтаноламиннің құрамында қандай аминоспирт бар?

4. Фосфатид қышқылы мен коламиннен түзілген күрделі сабындалатын липид қалай аталады?

5. Фосфатидилхолиннің құрамына кіретін аминоспирттің құрылысы қандай?

6. Фосфатидилсериннің құрамына кіретін аминоспирттің құрылысы қандай:

7. Хол қышқылы қандай қосылыспен өзара әрекеттесіп, гликохол қышқылын түзеді?

8. Хол қышқылы қандай қосылыспен өзара әрекеттесіп, таурохол қышқылын түзеді?

9. Трипальмитинді қандай реактивтің көмегімен триолеиннен ажыратуға болады?

10. Триацилглицериннің қышқылдық гидролиз нәтижесінде келтірілген қосылыстардың қайсысы түзіледі?

11. Триацилглицериннің сабындану реакциясының нәтижесінде келтірілген қосылыстардың қайсысы түзіледі?

12. Реакция берілген: L-фосфатид қышқылы + холин →?

Реакция өнімі қалай аталады?

13. Триацилглицериннің қышқылдық гидролиз нәтижесінде келтірілген қосылыстардың қайсысы түзіледі?

14. Хол қышқылының тауринмен өзара әрекеттесу реакциясының типі, механизмі және соңғы өнімі қандай?

15. Фосфатидилэтаноламиндегі қандай байланыс гидролизге ұшырайды?

16. Гликохол қышқылында қандай байланыс гидролизге ұшырайды?

VIII тарау. Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар.

 

1. Келесі құрылыстағы қосылыс қалай аталады?

2. Келесі қосылысқа қандай атау сәйкес келеді?

3. Аденин және гуанин қандай нуклеинді негіздің туындылары болып табылады?

4. Пурин қандай конденсирленген ядролардан түзілген?

5. Никотин қышқылының амиді қай дәруменге жатады?

6. Урацил және β-D-рибофуранозадан түзілген қосылыс қалай аталады?

7. ГДФ (гуанозин-5/-дифосфат) фосфорилденгенде қандай байланыс түзіледі?

8. Уридиннің фосфор қышқылымен өзара әрекеттесу нәтижесінде қандай байланыс түзіледі?

9. Урацилдің D – рибозамен өзара әрекеттесу нәтижесінде қандай байланыс түзіледі?

10.Пиридин гидрленгенде қандай өнім түзіледі?

11.Пиридиннің нитрлену реакциясының механизмі қандай?

12. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі: β-метилпиридин + [O] →

13. Қышқылдық ортада тимидил қышқылының толық гидролиздену кезінде қандай өнімдер түзіледі?

 

14. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі:

пиридин + күкірт қышқылы →?

15. Пиридиннің сульфирлеу реакциясы қандай механизммен жүреді және сульфо-тобы қай жағдайда реакцияға түседі ?

16. Келесі реакция бойынша қандай өнім түзіледі:

Уридин + Н+, НОН ?

17. Реакция бойынша қандай өнім түзіледі

Пиридин + НСl →?

18. Имидазол туындылар күйінде (витамин В12) жануарлар және өсімдік әлемінде кеңінен таралған. Неліктен күшті тотықтырғыштар (азот және хром қышқылдары, калий перманганатының сілтілік ерітіндісі) имидазол сақинасын қиын тотықтырады?

19. Подагра кезінде буындарда зәр қышқылының мононатрийлі тұзының жинақталуынан қабыну процестері пайда болады. Натрийлі тұздардың түзілу реакциясында зәр қышқылы қандай таутомерлік формада қатысады?

20.Қандай-да бір қосылысты минеральды қышқыл қатысында 1:1:1 қатынаста фосфор қышқылы, дезоксирибоза, гуанин алынды. Осы қосылыс қалай аталады?

 

Қауіпсіздік техникасы бойынша сұрақтар

1. Лабораторияда тілім-тілім кесілген натрийді қалай сақтайды?

2. Өнеркәсіптік санитарияда химиялық заттарды жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың шекті жіберілетін концентрация (ШЖК) мәндерімен сипатталады. ШЖК (формальдегид үшін) = 0,5 мг/м3, қауіптілік класы – 2 нені білдіреді.

3. Күшті қышқылдармен күйік алғанда алғашқы көмек көрсетудің қандай шаралары көрсетіледі?

4. Егер бірден қан тоқтамай жатырса, қан тоқтататын мақтаның бір уысын жапсырады. Оны лабораторяда қалай дайындайды?

5.Қандай қосылыстармен уланғанда антидоттар – меркаптоқосылыстар (унитиол, димеркаптоянтарь қышқылы және т.б) қолданылады?

 

 

АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ

1. Термодинамикалық жүйе. Қоршаған ортамен байланысуына қарай, фазалар саны бойынша термодинамикалық жүйелердің классификациясы. Негізгі түсініктері мен заңдары.

2. Термодинамикалық жүйенің күйі: тепе-теңдіктегі, стационарлы, ауыспалы.

3. Термодинамикалық жүйенің параметрлері: негізгі, күй функциялары, экстенсивті және интенсивті параметрлер.

4. Термодинамикалық жүйенің күй функциялары: ішкі энергия, энтальпия, энтропия, изобара-изотермиялық потенциал.

5. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изобаралық және изохоралық процестердің жылуы.

6. Термохимия. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық есептеулер.

7. Стандартты түзілу жылуы. Жану жылуы. Бейтараптану жылуы.

8. Лавуазье-Лаплас заңы.

9. Гесс заңы және одан шығатын салдарлары. Термохимиялық есептеулерді химиялық және биохимиялық процестердің энергетикалық шамалары үшін қолдану.Тағам өнімдерінің калориялығын санау принциптері.

10. Химиялық реакция жылдамдығы. Орташа және шынайы реакция

жылдамдықтары.

11. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар: әрекеттесуші заттар табиғаты, реагенттер концентрациясы (әсер етуші массалар заңы), температура (Вант-Гофф ережесі, Аррениус теңдеуі), катализатор қатысы.

12. Реакция реті. Нөлінші, бірінші, екінші және үшінші ретті реакциялардың кинетикалық теңдеулері.

13. Реакция молекулалығы.

14. Катализ. Каталитикалық процестердің негізгі заңдылықтары.

15. Ферментативті катализ. Ферментативті катализдің ерекшеліктері.

16. Михаэлис – Ментен теңдеуі көмегімен ферментативті реакция жылдамдығын сипаттаңыз.

17. Реакциялардың кинетикалық классификациясы. Реакциялар: қарапайым, күрделі, қайтымды, параллельді, кезектес, қосарланған, тізбекті.

18. Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдіктің әрекеттесуші заттар концентрациясы, реагенттер концентрациясы, температура, қысымның өзгерісі кезінде жылжуы.

19. Ерітінділер. Ерітінділердің классификациясы.

20. Газдардың сұйықтарда еруі. Генри, Дальтон және Сеченов заңдары.

21. Ерітінділердің құрамын өрнектеу тәсілдері.

22. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Рауль заңы және одан шығатын салдар.

23. Осмос. Вант- Гофф заңы. Осмостық және онкотикалық қысым.

24. Осмостың медицина мен биологиядағы ролі. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Гемолиз. Плазмолиз.

25. Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері.

26. Электролиттік диссоциациялану теориясы. Оствальдтің сұйылту заңы.

27. Күшті электролиттер теориясы.

28. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш рН.

29. Ағзадағы буферлік жүйелер. Буферлік әсер ету механизмі.

30. Буферлік ерітінділердің рН-ын есептеу. Гендерсон-Гассельбах теңдеуі.

31. Буферлік сыйымдылық.. Буферлік сыйымдылыққа әсер ететін факторлар.

32. Биогенді элементтердің жіктелуі.

33. Биогенді элементтер атомдары құрылысының ерекшеліктері.

34. Биогенді s-, p-, d- элементері, олардың қасиеттері, биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

35. Химиялық байланыс типтері және валеттілік байланыс әдісі тұрғысынан оларға сипаттама беру.

36. Вернердің координациялық теория тұрғысынан комплексті қосылыстардың құрылысы: комплекс түзуші, оның кординациялық саны, дентанттылығы, ішкі сфера және сыртқы сфера.

37. Комплексті қосылыстардың классификациясы. Комплексті косылыстардың изомериясы.

38. Комплексті қосылыстардың номенклатурасының негізгі принциптері.

39. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Біріншілік және екіншілік диссоциациялануы. Тұрақтылық және тұрақсыздық константалары.

40. Хелаттар. Хелаттардың медицинада қолданылуы.

41. Металлферменттер мен биокомплекстердің құрылысы. Олардың биологиялық ролі.

42. Комплексті қосылыстардың санитарлы-гигиеналық анализде қолданылуы.

43. Электрод. Электродтық потенциал. Электродтық потенциалдың түзілу механизмі. Нернст теңдеуі.

44. Электродтар классификациясы: І және ІІ текті электродтар, анықтаушы және салыстырушы электродтар. Хлоркүміс электроды – медициналық-биологиялық зерттеулердегі салыстырушы электрод.

45. Тотығу-тотықсыздану электродтық потенциалы. Редокс-электродтар.

46. Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электрқозғаушы күші.

47. Диффузиялық және мембрандық потенциалдардың пайда болу механизмі. Олардың биологиялық ролі.

48. Ион таңдамалы электрод. Биологиялық сұйықтықтарда иондар концентрация







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.