Здавалка
Главная | Обратная связь

Наукас 52 жаста ер кісі.

Наукас 34 жаста.

Жүрегінің жиі және шалыс соғуына, әлсіздікке, бас айналуына, ауа жетпеу сезіміне шағымданады.

Анамнезі:Осы жағдайының мазалағанына 10-12 сағат болған. Өздігінен 2 рет верапамил, 1 таблетка дигоксин, валерианка экстрактасын қабылдаған. Жағдайының нашарлауын жүйке-психикалық стресспен байланыстырады. Көп жылдан бері диффузды токсикалық зобпен ауырып, жүрек жиі соғу ұстамасы мен АҚ көтерілуі оқтын-оқтын мазалайды. Эндокринологта ем қабылдайды.

Объективті : Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі айқын. Белсенді қалыпта. Дене бітімі арық. Жүрек үндері қатты, ырғағы дұрыс емес, жүрек ұшында қысқа систолалық шу. АҚҚ 130/80 мм.сн.бғ. ЖСЖ минутына 108 рет,Пульс минутына 86 рет, ырғақсыз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 20 рет. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры мен көк бауыры ұлғаймаған.

Қалқанша шеміршегінің аймағында мойында деформация бар.

ЭКГ:Р тісшесі жоқ, ІІ, ІІІ, AVF,V1 де f толқындары анықталады,қарыншалардың жиырылу жиiлiгi минутына 80-108 рет.

Болжама диагнозды қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№6 ЕСЕП

Наукас 52 жаста ер кісі.

Шағымдары: әлсіздік, кеуде қуысындағы ыңғайсыздық сезімі, жүрегінің тоқтап қалу сезімі, бас айналу.

Анамнез:осы жағдай 2 күннен бері мазалайды. Корвалол, валидол, нитросорбит қабылдаған. Жағдайының нашарлауын ешнәрсемен байланыстырмайды. 2009 жылы атриовентрикулярлы блокадамен асқынған миокард инфарктін алған, Оқтын-оқтын брадикардия ұстамалары болған, кордафен қабылдап, атропин иньекциясын алғаннан соң басылатын. Күнделікті ем қабылдамайды.

Обьективті: жағдайы орташа ауырлыкта. Есі айкын, белсенді қалыпта. Өкпесінде: тынысы везикулярлы,сырылдар жок,ТЖ 18 рет мин. Жүрек үндері айқын, ырғақсыз, брадикардия 38 рет мин. АҚ 110/60 мм.сн.бғ. пульс 38 рет мин, толуы және кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған

ЭКГ: дұрыс емес синусты ырғақ, ЖЖЖ 38 рет мин, ЖЭО көлденең қалыпта. Q тісшесі V2 - V4 әкетпелерінде кеңейген, терең. ST сегменті изолинияда. P-Q интервалының біртіндеп ұзарып, QRS комплексі оқтын-оқтын түсіп қалады.

Болжама диагноз қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№7 ЕСЕП

Науқас 57 жаста. Шағымы: жүрек аймағындағы ұстама тәрізді ауру, кеуде артында шыдатпайтын, 40 минутқа дейін созылатын өте қатты күйдіріп ауру сезімі жауырын аралық аймаққа беріледі. Әлсіздік, суық тер, өлім қорқынышы.

Анамнезі: ауру сезімі 3 сағат бұрын физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Ауру пайда болған кезде қысқа уақытқа есін жоғалтқан. Кетонал, нитроглицерин қабылдаған әсері әлсіз. Оқтын-оқтын АҚ 170/100 мм.сн.бғ. дейін көтерілген, күнелікті ем қабылдамаған. Өз бетінше нифидипин, дибазол қабылдайды. Ұзақ жылдар бойы күніне 10 дана темекі шегеді. 2 ай бұрын ЭКГде өзгеріс болмаған.

Объективті: халі ауыр. Есі айқын, қозулы, аурудан өзіне орын таппайды. Тері жабындысы бозғылт цианозды реңді, суық тер. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Тыныс алу жиілигі 20/мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. АҚ 70/40 мм.сн.бғ. Пульсі минутына 86 рет, толуы мен кернеулілігі әлсіз. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаган.

ЭКГ: дұрыс синусты ырғақ. ЖЭО солға ығысқан. QRS Комплексі 0,14/секундқа ұзарған, ST сегменті барлық әкетпелерде изосызықтан 1-2 мм.ге төмендеген.

« Троп-Т» сынағы- оң.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№8 ЕСЕП

Науқас С., 40 жаста.

Шағымдары: қатты әлсіздік, бас айналу, қысқа уақытқа есінен тану, жүрек аймағындағы басып, сыздап ауру сезімі.

Анамнез: ұстама 1сағат бұрын басталған- әлсіздік,бас айналуы, құлап,есінен танған, қысқа уақытты тырысулар болып, еріксіз зәр шығарған. 1жыл шамасында миокардитпен ауырғаннан соң брадикардия ұстамасы 2-3 рет естен танумен болған. Предуктал,кордафен қабылдайды.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта.Есі айқын.Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 18рет. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ минутына 26 рет, АҚ 110/70 мм.сн.бғ., пульс минутына 26 рет, толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ,ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

ЭКГ: жүрекшенің жиырылу жиілігі минутына 80 рет, қарыншаның- 26рет. ЖЭО қалыпты. QRS 0.14сек.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№9 ЕСЕП

Науқас 67 жаста. Шагымдары: 1 сағатқа созылған ұстама тәрізді жүрек аймағында ауру сезіміне, кеуде артындағы өте күшті, шыдатпайтын күйдірген ауру сезімі жауырын ортасы аймағына беріледі. Әлсіздік, суық тер, өлімнен қорқу.

Анамнезінде: 3 сағат бұрын ауру сезімі физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Кетонал, нитроглицерин қабылдаған, әсері әлсіз. Оқтын-оқтын АҚ 160/100 мм.с.б. дейін көтеріліп тұрады. Физикалық жүктемеден кейін жүрек тұсында басып ауыратын сезім пайда болатын, жүктемені тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдағанда басылатын. Күнделікті ем қабылдамаған. АҚ төмендету ушін өз бетінше нифидипин, дибазол қабылдаған. Ұзақ жылдар бойы күніне 20 темекіге дейін шегеді. Объективті: жағдайы ауыр. Есі айқын, науқас қозулы, аурудан өзіне орын таппайды.Тері жабындылары суық, бозғылт, көкшіл түсті, тер басқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ ,ТЖ минутына 20рет. Жүрек үндері тұйыкталған, ырғақты, тахикардия. ЖСЖ минутына 100 рет. АҚ 90/50 мм.сн.бғ. Пульс минутына 100 рет толуы мен кернеулілігі әлсіз. Іші жұмсақ , ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. ЭКГ жазу үшін электрод қойғанда науқас есінен танып, қысқа мерзімді клоникалық тырысулар болды. ЭКГ: жүрекшелік және қарыншалық комплекстер анықталмайды, изолинияда толқын тәрізді тербелістер, амплитудасы 10 мм дейін.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№10 ЕСЕП

Науқас 52 жаста.

Шағымдары: ұзақтығы 10 минутқа созылатын көкiрек тұсының басып, қысып ауру сезiмi сол жак иыққа беріледi, қатты әлсiздiк, жүректің жиі соғуы.

Анамнез: Жалпы жағдайының нашарлағанына 12 сағат болған. Өзiнiң ауруын жүйке- психикалық стреспен байланыстърады. Нитроглицериннің күнделікті дозасын әсерсіз болғандықтан, 2 -3 таблетка қолдануға мәжбүр болған.

Терапевтте ЖИА тұрақты кернеулі стенокардия ФК ІІ диагнозымен есепте тұрады. Кардикет, кардиомагнил қабылдайды. Мектепте мұғалiм болып iстейдi.

Объективтi: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есi айқын. Терi жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 20 рет.мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, тахикардия. АҚ 130/80 мм.с.б. пульс минутына 120 рет ырғақты, толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Iшi жұмсақ, ауру сезiмсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

ЭКГ: Синусты тахикардия. 120 рет мин. ЖЭО қалыпты. Т тiсшесi І, аvl, V2-V4 әкетпелерінде терiс терең, SТ сегменті изосызықта.

« Троп-Т» сынағы- терiс.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

№11 ЕСЕП

Наукас 46 жаста. Шағымдары: Ұзактығы 15 минутқа созылатын кеуде артында басып, қысып ауру сезiмi сол жақ қолға берiледi, қатты әлсiздiк, тершеңдiк.

Анамнезі: Жағдайының нашарлағанына 8 -10 сағат болған. Ауру сезiмiн физикалық күштемеге және жүйке-психикалық стреспен байланыстырады. Кетонал, баралгин, валидол қабылдаған.

Осыған дейiн ауырмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Заводта инженер болып iстейдi. Зиянды әдеттерi жоқ.

Объективтi. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есi айқын. Терi жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпесiнде везикулярлы тыныс ,сырыл жоқ. ЖСЖ 100 рет.мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, тахикардия. АҚ 110/80 80 мм.сн.бғ. пульс 100 рет.мин. Iшi жұмсақ, ауру сезiмсiз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

ЭКГ: Синусты тахикардия 100 рет мин. ЖЭО қалыпты. ІІ,ІІІ, аvҒ әкетпелерінде SТ сегментi изосызыктан 1- 2 мм жоғары.

Троп сынағы -терiс.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№12 ЕСЕП

Науқас 68 жаста.Шағымы кеуде тұсында қысып, шаншып ауру сезімі, сол қолдың алақанына, жауырын аралығы аймағына берілетін сезім 10 минутқа созылады, әлсіздік, тершеңдік, жүректің шалыс соғуы тоқтап қалу сезімі.

Анамнезі.: Тәулік ішінде жағдайы нашарлағанын, ауа райының өзгеруімен байланыстырады. Верапамил, валидол, эналаприл қабылдаған. Ұзақ уақыт АҚ 190/100 мм.сб.сғ. дейін жоғарылайды, бірақ кінделікті ем қабылдамайды. АҚ көтерілген кезде ғана дәрілер қабылдайды. 3 жыл бойы ырғақ бұзылыстары (жүрекше жыбыры) бар.

Объективті:Жағдайы орташа ауырлықта. Есі айқын. Тері жабындысы қалыпты, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс , сырыл жоқ. ЖСЖ 100 минутына, ырғағы дұрыс емес. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес тахикардия. АҚ 140/90 мм.сб.сғ. Пульсі 100минутына, ырғағы дұрыс емес толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр және көк бауыр ұлғаймаған. ЭКГ:жүрекше жыбыры қарыншаның жиырылу минутына 76-108 рет.ЖЭО қалыпты.V3 – V5 әкетпелерінде ST сегменті 2-4 мм изосызықтан төмен.

« Троп – Т» сынағы- теріс.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№13 ЕСЕП

Науқас К., 45 жаста.

Шағымыбасының шүйде-желке аймағында басып, қысып ауру сезімі, жүрек тұсының шаншып ауруы, ашушаң, мазасыз ұйқы, тез шаршағыштық.

Анамнезі:6 жыл бойы ауырады. Оқтын-оқтын АҚ 190/110мм.сб.бғ. жоғарылайды. Жағдайының кейінгі нашарлауын психоэмоционалды күштемемен байланыстырады.АҚ 130/80 мм.сб.бғ өзін жақсы сезінеді.Эналаприл, нифекард қабылдайды. Мектепте мұғалім болып істейді.

Объективті:Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары қалыпты түстес, құрғақ. Беті ісінген. Екі қолдың саусақтары ісінген. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек үндері айқын, ырғақты. Жүрек шекарасы солға ортаңғы бұғана сызығына дейін кеңейген. Пульс минутына 90рет, қатты, жоғары. АҚ 180\100 мм.сб.бғ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы сирек, көлемі азайған.

ЭКГ: синусты дұрыс ырғақ минутына 90 рет. ЖЭО солға қарай ығысқан. R V6> R V5, RV4. Сол жақ кеуде әкетпелерінде R тісшесінің амплитудасы 20 мм.

 

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№14 ЕСЕП

Науқас А. 34 жаста.

Шағымы: Бастың самай бөлімінде тамыр соғуы сияқты ауру сезімі, бас айналуы, жүрек соғуына, денесінің тітіркенуі,әлсіздік.

Анамнезі: 3 жыл бойы АҚ көтеріледі, жағдайының нашарлауы 2-3 сағат ішінде. Психоэмоциональды стресспен байланыстырады. Адельфан қабылдаған.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа аурылықта. Науқас қозулы. Тері жабындылары гиперемияланған, құрғақ. Аяқ-қолдарында діріл. Көз ақ қабығының (склерасы) тамыры қызарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 20. Жүрек үндері айқын, қатаң, қолқада (аортада) ІІ үннің акценті. Ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 110 рет, пульсі кернеулі. АҚ 220/120 мм.сб.бғ. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы жиі, көп мөлшерде.

 

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№15 ЕСЕП

Науқас 58 жаста.

Шағымы: сол аяқ-қолының кенет әлсізденуі, бас ауруы, бас айналуы, басында шу, құсу, жүрек айну.

Анамнезі: жағдайының нашарлауы 1 апта бойы: бас ауруының күшеюі, сол аяқ -қолының әлсіздігінің үдеуі. Бүгін таңертең төсектен тұрып құлаған. АҚ көп жылдар бойы көтеріңкі. Күнделікті ем қабылдамайды. Капотен, тромбоасс, зәр айдағыш дәрілерді оқтын-оқтын қабылдаған.

Объективті:жағдайы ауыр. Есі айқын. Тері жабындылары қалыпты. Оң мұрын ерін үшбұрышы тегістелген, жоғарғы оң қабақ- птоз. Сол аяқ қол бұлшық еттерінің күші кенеттен төмендеген. Жүрек үндері айқын, қатты. АҚ 190/100 мм.сб.бғ. Өкпеде қатаң дыбыс, сырыл жоқ, ТЖ минутына 22рет. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімінсіз.

 

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№16 ЕСЕП

Науқас М. 42 жаста.

Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүректің қағуына, терінің қышуына шағымданады.

Анамнезінен: поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жарты сағат бұрын жоғарғы ернін ара шаққан.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бұлшық еттерінің айқын қимылын көреміз. Тері жамылғысы гиперемирленген, жабысқақ тер басқан. Қабағы мен еріндері ісінген. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. ТЖ 23 минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 136 минутына. АҚҚ 40/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№17 ЕСЕП

 

Науқас М. 44 жаста.

Шағымы басының ауруы, ауа жетпеу сезімі, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі және терінің қышуы.

Анамнезінен:ұзақ жылдан бері вазомоторлы ринитпен ауырады. Тималинді салған соң науқастың жалпы жағдайы күрт нашарлады.

Объективті: Жағдайы өте ауыр. Науқас қозған Тері жамылғысы ылғалды, бозғылт. Тынысы шулы. Өкпеде везикулярлы тыныс, өкпенің барлық аймағынан көптеген құрғақ ысқырық тәрізді сырылдар естіледі. Тыныс алуы минутына 34 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 60/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№18 ЕСЕП

Науқас 36 жаста.

Шағымы: төс тұсының ауру сезімі, бас айналу, әлсіздік, ентігу, барлық денесін бөртпе басқан.

Анамнезі: жоғарыдағы көрсетілген шағымдар пенициллинді екінші рет бұлшық етке салғаннан соң 10 минуттан соң пайда болды.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Тері жамылғысы ылғалды, бозғылт. Тынысы шулы. Өкпеде везикулярлы тыныс, өкпенің барлық аймағынан көптеген құрғақ ысқырық тәрізді сырылдар естіледі. Тыныс алуы минутына 34 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 60/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған.

 

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№19 ЕСЕП

Науқас Л., 17 жаста.

Шағымыентігу, тұншығу, құрғақ жөтел, айқын жалпы әлсіздік.

Анамнезі: Науқас терапевтте "НЦД гипертониялық түрі" диагнозымен бақылауда, 40мг обзидан препараты тағайындалды. Обзидан препаратынан соң науқаста ауа жетпеу сезімі, жөтел, айқын жалпы әлсіздік сезілді.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бетінде науқастың қатты қиналғаны байқалады. Тері жамылғысы ылғалды, бозғылт. Өкпеде везикулярлы тыныс, өкпеде құрғақ ысқырық тәрізді сырылдар естіледі, дем шығаруы ұзарған. Тыныс алуы минутына 25 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 52 минутына. АҚҚ 90/60 мм рт. ст.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

 

№20 ЕСЕП

Науқас Ж. 52 жаста.

Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүректің қағуына, терінің қышуына шағымданады.

Анамнезінен: поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жоғарыдағы шағымдар арықтатуға арналған қытайлық таблеткаларын ішкеннен соң пайда болды.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бұлшық еттерінің айқын қимылын көреміз. Тері жамылғысы гиперемирленген, жабысқақ тер басқан. Қабағы мен еріндері ісінген. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. ТЖ 25 минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 140 минутына. АҚҚ 40/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№21 ЕСЕП

Науқас М., 16 жаста.

Шағымыбетінде, мойнында, денесінде бөртпелер бар, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, тыныс алуының қиындауы.

Анамнезі: ауруы тез басталған, құлпынай жеуімен байланыстырады. Бірінші бетпен мойында сонан соң іші мен арқасында бөртпелер пайда болған. Беті қызарып, терісі қышынған, құрғақ жөтел пайда болып, тыныс алуы қиындаған.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінде, мойнында, денесінде везикулярлы бөртпелер бар, теріде тырнақ іздері бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, Тыныс алуы минутына 19 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 100 минутына. АҚҚ 100/70 мм рт. ст.

 

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№22 ЕСЕП

Науқас 47 жаста.

Шағымытерісінде бөртпелер бар, терінің қышуы, ауа жетпеу сезімі, тұншығу, құрғақ жөтел, әлсіздік.

Анамнезі: жоғарғы көрсетілген шағымдар аспирин қабылдағаннан соң пайда болған. 20 жылдан астам аллергиялық ринитпен ауырады.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінде, мойнында, денесінде везикулярлы бөртпелер бар, теріде тырнақ іздері бар. Өкпеде тыныс қатаң, құрғақ, ысқырық тәрізді сырылдар, тыныс шығару ұзарған. Тыныс алуы минутына 20 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 82 минутына. АҚҚ 110/70 мм рт. ст.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№23 ЕСЕП

Науқас А., 17 жаста.

Шағымытыныштықтағы ентігу, тұншығу, бетінде бөртпе, терінің қышынуы.

Анамнезінен: цитрусты жемістерді жегеннен соң, кенеттен бетінде ісіну болып, бөртпе пайда болды, даусы қарлығып, үрген тәрізді жөтел , тынысы тарылды.

Объективті: Жағдайы ауыр. Есі анық. Беті, қабағы, еріні, құлақ қалқаны, мойны ісінген, майда нүкте тәрізді, кей жерлерінде қосылған бөртпелер бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, Тыныс алуы минутына 19 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 100/60 мм рт. ст.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№24 ЕСЕП

Науқас С., 15 жаста.

Шағымы тыныс алуының бұзылуы, мойын және бетінің ісінуі, даусының қарлығуы.

Анамнезінен: Науқастың жағдайының нашарлауы тіс жұлдыру үшін лидокаин салғаннан соң болды.

Объективті: Жағдайы ауыр. Есі анық. Беті, қабағы, еріні, құлақ қалқаны, мойны ісінген, майда нүкте тәрізді, кей жерлерінде қосылған бөртпелер бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, Тыныс алуы минутына 21 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 100/60 мм рт. ст.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№25 ЕСЕП

Науқас А., 19 жаста.

Шағымы: теріде бөртпе және терінің қышынуы.

Анамнезі:биологиялық қоспаны қабылдағаннан соң, жоғарыдағы көрсетілген шағымдар мазалаған.

Объективті:Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінде, мойнында, денесінде везикулярлы бөртпелер бар, теріде тырнақ іздері бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс алуы минутына 19 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 80 минутына. АҚҚ 110/70 мм рт. ст.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№26 ЕСЕП

 

Науқас П., 23 жаста.

Шағымы: тыныштық жағдайында ентігу, беттің, қабақтың, құлақтың ісінуі, кеуде тұсының күйдіріп ауруы, ауа жетпеу және үрейлену сезімі, дене қызуының жоғарылауы.

Анамнезі: ;жоғарыда көрсетілген шағымдар балды жегеннен соң пайда болған. Науқастың жағдайы нашарлағаннан соң туыстары жедел жәрдем шақырған.

Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Беті, қабағы, еріні, құлақ қалқандары, мойнындары ісінген. Денесінде майда нүктелі бөртпелер бар, кей жерлерінде бөртпелер қосылған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс алуы минутына 26 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 100/60 мм с.б.

 

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№27 ЕСЕП

3 жастағы науқас бала З.

Бала бірден пайда болғанбасының ауруына, тыныс алуының қиындауына, дененің барлық бөлігінде терінің полиморфты бөртуіне және терінің қышуына шағымданады.

Анамнезі:жоғарыдағы көрсетілген шағымдар 20 минут бұрын пайда болған. Жедел жәрдем бригадасы келерден жарты сағат бұрын екі жақты майда ошақты пневмонияны емдеу үшін 0,5 ампициллиннің бірінші инъекциясы бұлшық етке салынған. Бір жыл бұрын оспен препаратына аллергиялық реакция - есекжем болған.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Денесінде аяқ қолдарында бозғылт теріде уртикарлы бөртпе пайда болған. Суық, жабысқақ тер басқан. Тыныс шығаруы қиындаған. Тынысы алуы минутына – 46 рет. Аускультацияда тынысы пуэрильді, екі жағында бірдей. Жүрек шекаралары ұлғаймаған, тондары тұйықталған. АҚҚ- 60/20 мм с.б., пульсі - 160 рет/минутына, жіп тәрізді. Іші ауру сезімсіз. Бауыры + 1 см қабырға доғасынан төмен түскен. Соңғы сағатта зәр шығару болған жоқ.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№28 ЕСЕП

Науқас Б. 29 жаста.

Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздік, бас айналу, жүректің қағуы, терінің қышуы.

Анамнезінен: Ұзақ жылдан бері аллергиялық ринитпен, аллергиялық дерматитпен ауырады. Жарты сағат бұрын оң жақ иығын ара шағып алды.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бұлшық еттерінің айқын қимылын көреміз. Тері жамылғысы гиперемирленген, жабысқақ тер басқан. Арашаққан жер қызарған және ісінген,ауру сезімді. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. ТЖ 23 минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 136 минутына. АҚҚ 40/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.

 

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№29 ЕСЕП

 

Науқас Д. 41 жаста.

Шағымыауа жетпеу сезімі, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі.

Анамнезі: жоғарғы көрсетілген шағымдар аскорбин қышқылының таблеткасын қабылдағаннан соң пайда болған. Ұзақ жылдар аллергиялық ринитпен ауырады.

Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Науқас қозған. Тері жабындысы бозғылт. Өкпеде тынысы везикулярлы, құрғақ, ысқырық тәрізді сырылдар естіледі. Тыныс алуы минутына 37 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 127 минутына. АҚҚ 110/70 мм рт. ст. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған.

 

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№30 ЕСЕП

 

Науқас С. 59 жаста.

Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүректің қағуына, терінің қышуына шағымданады.

Анамнезінен: Бронх демікпесімен ауырады. Созылмалы пиелонефрит бойынша амбулаторлы ем қабылдаған. Көк тамырға метронидазолды тамшылатып құйып жатқанда жоғарыдағы көрсетіліп жатқан белгілер пайда болды.

Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бұлшық еттерінің айқын қимылын көреміз. Тері жамылғысы гиперемирленген, жабысқақ тер басқан. Қабағы мен еріндері ісінген. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. ТЖ 25 минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 140 минутына. АҚҚ 40/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.

Алдын ала қойылған диагноз?

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№31 ЕСЕП

Ер адам 23 жаста.

Шағымы:жоқ, ес-түссіз.Туыстары науқасты өз бөлмесінен тапқан.

Анамнез: туыстарының айтуы бойынша науқаста себепсіз эйфория, агресивтілік, ашуланшақтықты байқаған.

Объективті: жағдайы ауыр, ес-түссіз. Тері жабындылары бозғылт, цианозды, құрғақ. Көз қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. білек аймағындағы көк тамырларда көптеген инъекция іздері бар. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТЖ 8 рет/мин. Жүрек үндері тұйықталған,ырғақты, ЖСЖ 98 рет/мин. АҚ 110/70 мм.с.б.. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасы бойымен, тығыздау. Беті симметриялы, корнеальды рефлекстері сақталған, сіңірлік рефлекстер төмендеген. Патологиялық рефлекстер жоқ. Менингеальды белгілер жоқ.

ЭКГ: синусты тахикардия 98 рет/мин, ЖЭО қалыпты. Барлық әкетпелерде ST сегменті изсоызықтан 2 мм төмен.

Глюкометрия: қандағы глюкоза мөлшері – 4,7 ммоль/л.

Пульсоксимертия– сатурация О2- 89%

Болжама диагнозды қойыңыз

Жедел көмекті тағайындаңыз және аурудың емдеу тактикасын анықтаңыз.

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№32 ЕСЕП

Бойжеткен 20 жаста

Анамнез. Туыстарының айтуы бойынша отырыстан көңілсіз оралған. Жуынатын бөлмені жауып алған. 10 мин соң асылған күйде тауып алған.

Объективті: жағдайы өте ауыр. Есі жоқ. Тері жабындылары және шырышты қабаттары цианозды, құрғақ, жылы. Беті ісінген. Оралған жіп ізі(странгулияциялық жылға)көмейден жоғары орналасқан төменнен жоғарыға және алдынан артқа қарай бағытталған. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Тынысы және жүрек соғуы жоқ. Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ.

Пульсоксимертия– сатурация О2- 78%

ЭКГ: жүрекшелік және қарыншалық комплекстер анықталмайды, изолинияда амплитудасы 10 мм дейін толқын тәрізді тербелістер .

 

 

Болжама диагнозды қойыңыз

Жедел көмекті тағайындаңыз және аурудың емдеу тактикасын анықтаңыз.

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№33 ЕСЕП

 

Ер адам 39 жаста

Анамнез:Өз өзіне қол жұмсау кезінде науқастың туыстары арқаннан шешіп, құтқарып қалған.

Объективті: Жағдай ауыр. Есі есеңгіреген. Тері жабындылары құрғақ, диффузды цианоз. Беті ісінген. Тынысы спонтанды. Өкпеде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет минутына. Жүрек үндері айқын, ырғақты, тахикардия. ЖСЖ 110 рет минутына. АҚ150/90 мм.с.б.. Оралған жіп ізі (странгулияциялық жылға)көмейден төмен, төменнен жоғарыға және солдан оңға бағытталған. Қолдарында клоникалық тырысулар.

Пульсоксимертия– сатурация О2- 89%

 

Болжама диагнозды қойыңыз

Жедел көмекті тағайындаңыз және аурудың емдеу тактикасын анықтаңыз.

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№34 ЕСЕП

Әйел, 35 жаста

Құтқарушылар науқасты судан алып шыққан. Олардың айтуы бойыншанауқас оқыс жағдай кезінде оқтын-оқтын біресе судың үстінде біресе су астына кетіп өмір үшін күрескен.

Объективті: Жағдайы өте ауыр. Есі жоқ. Тері жабындылары және шырышты қабаттары цианозды. Беті ісінген. АҚ анықталмайды. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Тынысы және жүрек соғысы жоқ. Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ.

Пульсоксимертия– сатурация О2- 78%

 

Болжама диагнозды қойыңыз

Жедел көмекті тағайындаңыз және аурудың емдеу тактикасын анықтаңыз.

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№35 ЕСЕП

Әйел 27 жаста

Шағымы: оң алақанының ауру сезімі, мазасыздық, жүрек соғуы, жүрек аймағындағы сыздап ауру сезімі.

Анамнез: Қуаты 220 W электр сымымен 20 мин бұрын жанасқан.

Объективті: жағдай ауыр. Есі сақталған, қозулы. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 22 рет мин. Жүрек үндері айқын, ырғақты. АҚ 150/90 мм.с.б Пульсі 108 рет мин. ырғақты, толуы мен кернеулілігі жақсы. Іші қалыпты түрде, жұмсақ, ауру сезімінсіз. Алақанында сызықты формадағы 6,0х0,5 см. жара. Жара шеттері бозғылт-сұр, түбі қара түсті.

ЭКГ: синусты тахикардия 110 рет мин. ЖЭО қалыпты.

 

Болжама диагнозды қойыңыз.

Жедел көмекті тағайындаңыз және аурудың емдеу тактикасын анықтаңыз.

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№36 ЕСЕП

Бала 5 жаста

Шағымдары: есі жоқ, тоникалық сипаттағы тырысулар.

Анамнез: Анасы баласын розетка жанынан ес түссіз күйде тауып алған, оң қолында шеге болған. Осыған дейін ауырмаған.

Объективті: жағдай ауыр, Есі -кома. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпеде тыныс қатаң, ТАЖ 30 рет мин. Жүрек үндері айқын, ырғақты, тахикардия. Пульс 130 рет мин. Оң алақанында сызықтық формадағы сұрғылт-ақ түсті жара бар. Оқтын-оқтын тоникалық тырысулар.

 

 

Болжама диагнозды қойыңыз

Жедел көмекті тағайындаңыз және аурудың емдеу тактикасын анықтаңыз.

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№37 ЕСЕП

 

Ер адам 26 жаста

Оқыс оқиға жағдайы: 20 минут бұрын кенеттен қуат 800 W электр тоғы бар жалаңаш сым науқастың басына тиген.

Объективті: жағдайы өте ауыр. Есі- кома. Тері жабындылары бозғылт, цианозды, құрғақ. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия, экстрасистолия. ЖСС 116 рет мин. АҚ 90/60 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 10 рет мин.Оқтын-оқтын тонико-клоникалық тырысулар. Шүйде аймағында дөңгелек пішінді қара түсті жара, жан-жағы бозғылт-ақ.

ЭКГ: синусты тахикардия 0,14 сек қарыншалық комплексі деформацияланған экстрасистолиямен үзіледі , QRS пенT тісшесі дискордантты. ЖСС 120 рет мин. ЖЭО қалыпты.

Глюкомертия: глюкоза 5,6 ммоль/л

 

Болжама диагнозды қойыңыз

Жедел көмекті тағайындаңыз және аурудың емдеу тактикасын анықтаңыз.

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№38 ЕСЕП

Әйел 23 жаста

Шағымы бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы.

Анамнез: ұзақ уақыт жабық желдетілмеген бөлмеде болған, басы айналып құлап, есін жоғалтқан.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Есі есеңгіреген. Тері жабындылары ашық қызыл, ұстағанда ыстық, ылғал. Дене температурасы 37,40. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет мин. Жүрек үндері айқын, ырu




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.