Здавалка
Главная | Обратная связь

Disorders of brain blood circulation

Нарушение мозгового кровообращения

Нарушения мозгового кровообращения могут быть острыми (преходящие нарушения, инсульты, острая гипертоническая энцефалопатия) и хроническими

Причинами нарушений мозгового кровообращения могут быть следующие заболевания:

Атеросклероз, эссенциальная гипертензия, васкулиты, пороки сердца, болезни крови и др.

Disorders of brain blood circulation

Disorders of brain blood circulation are divided into acute (strokes,) and chronic. Causes of such disorders are atherosclerosis, essential hypertension, vasculitis,valvular heart diseases, blood disorders

Мый қанайналымы бұзылысының патогенезі:

1. Жүйелі қанайналымының өзгерісі (артериялық гипер- және гипотензия)

  • Артериялық гипертензия → мый тамырларының гипертензиясы → мый тініне қан құйылу (тамыр қабырғаларының дерттік өзгерісі кезінде), мый ісінуі, мый артерияларының тарылуы
  • Артериялық гипотензия → мыйдың қанайналымының әлсіреуі, мый тіндерінің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі → мый құрылымының гипоксиялық зақымдануы

2. Мыйдың тамыр жүйесінің дерттік өзгерістері: мый тінінің ишемиясы, веналық гиперемиясы, артериялық гиперемиясы

· Мый ишемиясы ангиоспазммен, тромбозбен немесе эмболиямен, мый тамырларын тарылтатын атеросклерозымен, мый тамырларының қабыну ауруларымен (жүйелі қызыл жегі ж.б.), қанның реологиялық қасиетінің өзгерісімен байланысты болуы мүмкін.

Ангиоспазмның типтік орналасуы бар – мый негізі аймағында ірі артериялық бағаналарда майда артериялардың тарылуы сирек байқалады. Қанның реологиялық қасиетінің өзгеруі эритроциттердің тамырішілік агрегациясымен, олардың серпімділігінің бұзылуымен, гематокриттік көрсеткіштің жоғарылауымен және тамыр саңылауына эритроциттер қозғалысының бағытының өзгеруіне (тромбоцитоз, полицитемия, орақ тәрізді жасушалы анемия, ТШҚҰ-синдромы) негізделген.

· Мыйдың веналық гиперемиясы → бас ішілік қысымның жоғарылауы және мыйдың қысылуы→мыйдың қанмен қамтамасыз етілуінің және қызметінің бұзылысы. Мыйдың ірі артерияларының теңгерілуі ретінде тарылып, бұл кезде мыйға қан келуі шектеледі және веналық іркіліс дәрежесі төмендейді, бірақ бұл кезде мый гипоксиясы тереңдей түседі.

· Артериялық гиперемия зат алмасу қарқынды жоғарылағанда, тырысулық белсенділікте, жалпы артериялық қысымның кенеттен төмендеуінде, ишемиядан кейін пиальды артерия тарамдарының кенеттен кеңеюінен дамиды.

Артериялық гиперемия → бас ішілік қысымның жоғарылауы, МАТ-тың белсенділенуі, мый ісінуі.

Мый қанайналымының бұзылысы кезіндегі негізгі әйгіленімдер: қозғалыс бұзылыстары (шала салдану, салдану, экстрапирамидалық бұзылыстар, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылыстары, гиперкинездер), сезімталдықтың бұзылыстары (сезімталдықтың төмендеуі, кейде ауыру сезімдері), жоғарғы қыртысты қызметтердің ошақты бұзылыстары (афазия, аграфия, алексия), эпилептиморфты ұстамалар, интеллект, естің, эмоционалдық-еріктік сфераның өзгерістері, психопатологиялық симптоматика)

ИНСУЛЬТ

Инсульт – мый қан айналымының жіті бұзылысы, кенеттен пайда болған 24 сағат сақталатын жүйкелік бұзылыстармен сипатталатын, мый қанайналымының бұзылуымен қабаттасқан клиникалық синдром.

Қауіп – қатер жайттары: қантамырлық ауруларға тектік бейімділік, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, гипергликемия, гиподинамия, семіздік, шылым шегу, ішімдікке салыну.

Патогенезі бойынша ишемиялық және геморрагиялық инсультты ажыратады

Ишемиялық инсульт мый қантамырларының тромбозы немесе эмболиясының нәтижесі болып табылады. Жиі ішкі ұйқы артериясының, ортаңғы мый немесе негізгі артерияның тромбозы байқалады. Эмболдардың көзі болып жиі өзгерген жүрек қақпақшалары, аорта доғасы, ұйқы артериялары болып табылады. Кейде эмболдардың түзілуі үлкен қанайналым шеңберінің көктамырларымен байланысты. Эмболдар жиі ортаңғы мый артериясының бассейнінде, сирек омыртқа және негізгі артерияларда кездеседі.

Инфарктың көлемі жанама қанайналымының мүмкіндігіне байланысты.

Геморрагиялық инсульт қантамырлардың жарылуы, аневризманың жарылуы немесе вазомоторлы бұзылыстар нәтижесінде дамиды (қантамырлар дистониясы).

Инсульт кезіндегі неврологиялық әйгіленімдер зақымданған қантамырмен қамтамасызданатын тін бөлігінің зақымдануына байланысты. Геморрагиялық инсульт кезінде ошақты симптоматикаға мыйға қан құйылуының нәтижесіндегі әйгіленімдер қосылады - бас ішілік қысымның жоғарылауы, мыйдың ісінуі, мый тінінің қысылуы.

Мый қанайналымының бұзылуы кезіндегі клиникалық көріністер және зақымдану аймақтары

Зақымданған артерия Қанмен қамтамасыздану аймағы Зақымдану көріністері
Алдыңғы мый артериясы Мый қыртысының медиальды, фронтальды және париетальды аймағы, сүйелді дененің алдыңғы бөлігі Аяқ қолдардың шала салдануы немесе спастикалық салдану– қолдың проксимальды бөлігінің және аяқтың дистальды бөлігі, зақымданған жаққа қарама –қарсы жағында сезімталдықтың жоғалуы
Ортаңғы мый артериясы Мый қыртысының латеральды, фронтальды, париетальды, окципитальды және самай аймағы, құйрықты дене, ішкі капсула, скорлупа Гемиплегия, гемианестезия, афазия, анозогнозия (бар ақаулықтарды мойындамау), гемианопсия (көру аймағының бір жартысының түсіп қалуы), акалькулия (есептеудің бұзылуы), аграфия
Артқы мый артериясы Дистальды аймақ: мый қыртысының медиальды, окципитальды және самай аймағы, сүйелді дененің артқы бөлігі гемианопсия, дислексия (оқудың бұзылысы) аграфиясыз, елестер, есте сақтаудың бұзылуы, соқырлық
Проксимальды аймақ: ортаңғы мыйдың жоғарғы бөлігі, таламус Сезімталдықтың жоғалуы, атаксия, гемипарез, III жүйкенің салдануы, хореоатетоз, гемибаллизм (дененің бір жағының гиперкинезі), қолдың тоникалық орнығуы, естің бұзылуы, таламустық аурулар
Омыртқа артериясы (артқы төменгі мишық артериясы) Сопақша мый, мишықтың төменгі бөлігі Мишық атаксиясы, қазір болып жатқан уақиғаны жадында сақтай алмауы, нистагм, дизартрия, дисфагия, ықылық, бас айналу
Базилярлы артерия (алдыңғы төменгі және жоғарғы мишық артериясын қосқанда) Ортаңғы мыйдың төменгі бөлігі, көпір, мишықтың жоғарғы және төменгі бөлігі санасының комаға дейін бұзылуы, бас -мый жүйкелерінің зақымдануы (III – VII жұп), нистагм, бас айналу, диплопия, қитарлық, дизартрия, салданулар, мишық атаксиясы

 

Мый қанайналымының бұзылуы кезіндегі нейрондар зақымдануының патогенезі

Тін аймағының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы → нейрондардың гипоксиялық зақымдануы.

Нейрондардың қажымға мұқтаждығы – организмнің барлық жасушаларының ішінде ең жоғарғы дәрежеде, мый қыртысының нейрондары минутына 250-450 мкл О2 пайдаланады (гепатоцит – 60 мкл), мый қандағы барлық глюкозаның 20%-ға жуығын пайдаланады. Мыйда өзінің оттегілік қоры болмайды, мыйға оттегінің аз түсуі оның қызметінің жедел бұзылуымен, ал кейіннен нейрондардың өлімімен сипатталады. Психиканың бұзылуы артериялық қанда оттегінің күші 40-50 мм с.б.б. төмендегенде байқалады. рО2 до 30 мм. с.б.б. төмендегенде 20 сек. кейін есінен танады, ал тағы 20 сек кейін мыйдың қалыпты электрлік белсенділігі тоқтайды. Мый қызметінің толық қайта қалпына келуі, қанайналымының тоқтауы 5-6-минөттен аспағанда ғана мүмкін.

Жіті ишемияның бастапқы кезеңінде нейрондардың артық белсенділенуі дамиды. Бұл гипоксияға сезімтал тежелу тетіктерінің түсіп қалуы немесе әлсіреуінен және натрий мен кәлцийдің кіруінен нейрондардың тікелей деполяризациясынан, олардың тежелуден шығып кетуіне байланысты. Бұл иондардың түсуі кәлций - натрий өзекшелерінің ашылуымен, натрий– калий сорабының жеткіліксіздігімен, қоздыратын аминқышқылдарының –глутаматтың әсеріне байланысты. Глютаматтың жиналуы ишемия кезінде натрийдің жасуша ішілік мөлшерінің жоғарылауына негізделген, бұл кезде глютаматтың синапстық саңылаудан қамтылуы бұзылады. Қажым тапшылығынан глютаматтың метаболизмі бұзылады. Глютаматтың артықшылығы, нейронға кәлций мен натрийдің түсуін жоғарылататын, глютаматты қабылдағыштардың ынталануына әкеледі. Бұл иондардың кіруі нейрондарды деполяризациялап, кәлцийдің қосымша енуін ынталандырады. Нейрондардың кәлциймен зорығуы, олардың артық әсерленуіне және тежелуден шығып кетуіне ықпал етеді, соның ішінде протеаза, фосфолипаза және эндонуклеазалармен бірге кәлций тәуелді ферменттік жүйелердің белсенділенуі жасушаның өлуіне әкеледі. Жануарларға жасалған тәжірибеде глютамат қабылдағыштарының тежегішін қолдану, ишемиялық зақымдану аймағының азаюын көрсетті.

4. Көрсетілетін материал: дәрістердің мультимедиялық қойылымы

5.Әдебиеттер:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 581-660

3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-576.

5. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И., Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009. Т.1-С. 428-442; т.2.-С.-528-535

6. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 229-230, 235-238

Қосымша

7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-660, 200-206

9. А.С. Никифоров, Е.И. Гусев. Частная неврология.- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.32-69

6. Менгеруді бақылау

  1. Ишемиялық инсульттің себебі
  2. Геморрагиялық инсульттің себебі

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚУАЛАР

№ 1 тақырып. «Мый қанайналымы бұзылысының патофизиологиясы. Сезімталдықтың бұзылысы. Жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысы. Құрысулық синдром. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі. Менингиттің патогенезі. Жоғарғы жүйке әрекетінің патологиясы. Невроздар»(2 сағ).

Сабақтың мақсаты:

Жүйке жүйесі бойынша студенттердің білімін, тәжірибелік дағдысын, коммуникативті дағдыны, өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру.

Оқыту міндеттері :

Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

· Мый қанайналымы бұзылыстарының, жүйке жүйесінің қозғалыс және сезімталдықтың бұзылысының, құрысулық синдромның, невроздардың этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

· Коммуникативті дағдыны (өз ойын анық жеткізе білу, жолдастары мен оқытушының ойымен санасу, зейін беріп тыңдай білу) қалыптастыру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі

2. Мый қанайналымы бұзылысыныңэтиологиясы мен патогенезі (ишемиялық және геморрагиялық инсульт).

3. Сезімталдықтың бұзылысы, түрлері, даму тетіктері.

4. Ауырудың анықтамасы, түрлері, этиологиясы мен патогенезі.

5. Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдай. Шала салдану мен сал ауруы туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.

6. Гиперкинездік жағдай. Құрысулық жағдай туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.

7. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі

8. Нейрожұқпаның этиологиясы және патогенезі.

9. Менингиттер, менингеалдық синдромның патогенезі

10. Жоғарғы жүйке қызметініңбұзылысы, невроздар.

Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Ауызша сұрау, шағын топтармен жұмыс жасау, тестілеу

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері уақыты
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату 5 мин
1-6 сұрақтар бойынша пікірсайыс 45 мин
үзіліс 10 мин
7-10 сұрақтар бойынша пікірсайыс 30 мин
Тестілеу 10 мин
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау 10 мин

Глоссарий

ДКҚО – дерттік күшейген қозу ошағы – бақыланбайтын, қарқынды серпіндер өндіретін қатты әсерленген нейрондар топтары

ГПУВ – генератор патологически усиленного возбуждения – группа гиперактивных нейронов, продуцирующий интенсивный, неконтролируемый поток импульсов

Generator of pathologically amplified excitation - is a group of hyperactive neurons producing intensive, uncontrolled stream of impulses.

Салдану немесе плегия – еркін қозғалыстардың толық жойылуы

Паралич или плегия - полное отсутствие произвольных движений

Paralysis – is complete loss of movements

Шала салдану – еркін қозғалыстардың күші, жылдамдығы, тереңдігі төмендеуі

Парез - уменьшение амплитуды, скорости, силы произвольных движений

Paresis – is decreased amplitude, speed, strength of voluntary movements

Атаксия - қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылыстары

Атаксия - нарушение координации движений

Ataxia –is disturbances of movement coordination

Моноплегия – бір аяқ немесе қолдың шала салдануы немесе салдануы

Моноплегия - паралич или парез одной конечности (руки или ноги)

Monoplegia – is paralysis of one extremity (leg or hand)

Параплегия – екі қолдың немесе екі аяқтың салдануы немесе шала салдануы

Параплегия - паралич или парез обеих рук или обеих ног

Paraplegia – is paralysis of two hands or two legs

Гемиплегия - дененің сол немесе оң бөлігінің салдануы немесе шала салдануы

Гемиплегия - паралич или парез левой или правой половины тела

Hemiplegia – is paralysis of a half of the body (right or left)

Тетраплегия – қолдар мен аяқтардың салдануы немесе шала салдануы

Тетраплегия – паралич или парез рук и ног

Tetraplegia – is paralysis of two hands and two legs

Атетоз – қолдарда, әсіресе саусақтарда орныққан, «құрттәрізді», баяу, еріксіз қозғалыстар

Атетоз - непроизвольные, медленные, «червеобразные» движения, локализующиеся, главные образом, в верхних конечностях, особенно в пальцах

Athetosis - is slow, distal, writhing, involuntary movements with a propensity to affect the arms and hands.

Хорея – әртүрлі (аяқ-қолдар, бас және дене) бұлшықет топтарының тез, шатысқан, еріксіз жиырылуы

Хорея - беспорядочные, быстрые, непроизвольные сокращения различных групп мышц (конечностей, головы и туловища).

Chorea - is rapid, semipurposeful, graceful, dancelike, nonpatterned involuntary movements involving distal or proximal muscle groups

Тартылулар – бұлшықеттердің немесе бұлшықет топтарының күштенген қимылды дамытатын тез еріксіз жиырылулары

Тик - быстрые непроизвольные стереотипные сокращения мышцы или группы мышц, вызывающие насильственные движения

Tics – is brief, repeated, stereotyped muscle contractions that are often suppressible

Діріл – дененің немесе оның бөліктерінің еріксіз қалтырауы

Тремор - непроизвольное дрожание тела или его частей

Tremor - is rhythmic oscillation of a body part due to intermittent muscle contractions. (cerebellum and inferior olives have been implicated as possible sites of a "tremor pacemaker")

Анестезиясезімталдықтың толық жойылуы

Анестезия-полная утрата чувствительности

Anestesia – is loss of sensitivity

Гип(о)естезия - сезімталдықтың төмендеуі

Гип(о)естезия - понижение чувствительности

Hypoestesia – is decreased sensitivity

Гиперпатия - тітіркендіргіштің әсерінен айқын жағымсыз сезімнің пайда болуы

Гиперпатия - появление резкого неприятного чувства при нанесении раздражения

Hyperpathia, a broad term, encompasses all the phenomena described by hyperesthesia, allodynia, and hyperalgesia. With hyperpathia, the threshold for a sensory stimulus is increased and perception is delayed, but once felt, is unduly painful.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 581-660

3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457, 462-464, 465-470

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-578, 576 -585, 599-605.

5. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

6. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 229-247

7. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-678, 200-206, 688-704

Қосымша

8. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. –С.241-254.

9. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

10. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 324-326, 351-359

11. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.32-51

БАҚЫЛАУ (тест тапсырмаларын орындау)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 447-465 негізінде құрастырылған.

СОӨЖ (4 сағат)

Жүйке жүйесі патологиялары бойынша тәжірибелік дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау.

Сабақтың мақсаты:

ü Тәжірибені орындауда тәжірибелік дағдыны, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауды және құқықтық дағдыны қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

ü тәжірибелік дағдыны, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауды қалыптастыру

ü тышқандарда камфоралық эпилдепсияны тәжірибеде орындауда тәжірибелік дағдыны қалыптастыру

ü тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасауда ереже туралы білімін бекіту (ҚР ДСМ № 697 бұйрығы, 12.11.2009)

Жүргізу түрі

Шағын топтарда жұмыс жасау: тәжірибе орындау, «мылқау» кестені толтыру, кейс-стади.

 

Тәжірибелік жұмыс

1- тапсырма. Ақ тышқандарда «камфоралық қояншық ауруының» туындауына жүйке жүйесі қызметінің әсерін зерттеу.

Әдісі. Тәжірибе үшін үш ақ тышқан алынады. Олардың біреуінің бұлшық етіне 0,15 мл 5% кофеин ерітіндісін енгізеді. 10 минут өткеннен соң үш тышқанның бұлшық етіне 0,15 мл 20% камфордың майлы ертіндісін енгізеді. Кофеин енгізбеген бір тышқанға эфирлі наркоз беріледі. Жануарларда қимыл бұзылысы дамуын және оның әр тышқанда камфора енгізгеннен кейін туындау мерзімін, айқындалу дәрежесін белгілей отырып бақылау. Әртүрлі қимыл-қозғалыс бұзылыстары дамуының бірізділігіне мән беріңіз.

 

2 - тапсырма. Бақалардағы «камфоралық қояншық ауруының» көрінісіне жоғарғы және төмен температураның әсерін зерттеу.

Әдісі. Екі бақаның жұлын мый сұйығының лимфалық қапшығына 20% майлы камфораның ерітіндісі енгізіледі (20 г дене салмағына 0,1 мл). Бір бақа бөлме температурасындай суы бар ыдысқа, ал екіншісі 35°-37°С дейін қыздырылған суы бар ыдысқа салынады. Құрысу түріндегі қимыл-қозғалыс дамуының бұзылысы бақа денесінің температурасы жоғарылаған кезде ғана болатынына мән беріңіз.

Алынған мәліметтерді талдап, байқалған бұзылыстардың даму тетіктеріне қорытынды жасаңыз.

№ 3 тапсырма. Кестені толтырыңыз

Сезімталдық бұзылысының даму тетіктері

Тетіктері Патогенезі
Қабылдағыштық  
Өткізгіштік  
Орталықтық  

№ 4 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Сезімталдық бұзылысының түрлеріне атау беріңіз

Бұзылыс түрлері Түсініктің анықтамасы, патогенезі
Сезімталдықтың толық жойылуы. Серпіндердің қабылдағыштардан өткізгіштер арқылы мый қыртысы аймағына өтуде бөгеттердің болуымен байланысты.
Сезімталдықтың төмендеуі. Қозу табалдырығының жоғарылауы салдарынан дамиды.
Сезімталдықтың жоғарылауы. Қозу табалдырығының төмендеуі салдарынан дамиды.
Ауыруға сезімталдықтың шектен тыс жоғары болуы
Сипап сезу және терең сезімдердің сақталғанына қарамай, ауыру және температуралық сезімталдығы жойылған.
Тітіркендіргіштерді қабылдаудың бұрмалануы (жылу - суық тәрізді, сипау - ауыру тәрізді қабылданады).
Тітіркендіргішті дерттік қабылдау - ауыруды пайда болған жерінде емес дененің симметриялы қарсы бетінде сезіну.
Бір тітіркендіргіш бірнеше сияқты қабылдануы.

№ 5 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Ауыру түрлеріне сипаттама беріңіз

Ауыру ерекшеліктері Эпикриздік ауыру Протопатиялық ауыру
Қоздырғыш көзі    
Жасырын кезеңі    
Қоздырғышты жойғаннан кейінгі ұзақтығы    
Өткізетін талшықтың түрі    
Қабылдау табалдырығы    
Орналасуы    

 

№6 тапсырма. «Мый қабықшасының тітіркену синдромы патогенезінің» кестесін толтырыңыз
Әйгіленімдер Патогенезі
Бас ауыруы  
Құсу  
Терілік гиперестезия, дыбыстық және жарықтық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы  
«Жатқан ит» менингеалдық қалпы, (қолдары кеудеге жиналған, аяқтары іш аймағына тартылған, басы шалқайған, кеудесі шығыңқы, іші тартылған)  
Науқастың басын алға еңкейту барысында қатты ауыру сезімінің пайда болуы  
Керниг симптомы (тік бұрыш жасап бүгілген тізе және жамбас буындарын жаза алмауы)  
Брудзинскийдің жоғарғы симптомы (шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне жақындатуға талпынғанда, оған жауап ретінде тізе буыны еріксіз бүгіледі)  
       

№ 7 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару

 

№ 1 есеп

Мед.қызметкер Д., 59 жаста, ауруханаға түсердің алдында, таңертең төсектен тұрған кезде тепе-теңдігін ұстай алмай, үнемі солға қарай құлай беретіндігін байқаған. Оған төсекке жатуға көмектескеннен кейін ол басының қатты айналуы мен жүрек айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда, ол өзінде афония (а) дамығанына көңіл аударды. Бір сағат өткеннен соң ол денесінің оң жақ жартысында парестезия (б) (жалған сезім) дамығанын байқаған. Сұйық тамақ ішу барысында (жүрек айнуына байланысты қатты тағамды қабылдамаған) жиі регургитация (кері лықсу) (в) дамыған.

Неврологиялық зерттеу барысында: сол жақ жұмсақ таңдайдың парезі (шала салдану) (г); жанына қарағанда — көлденең нистагм (д), әсіресе сол жаққа қарағанда айқын байқалады; сол жақ беттің және дененің гемигипестезиясы (е); сол жақ аяқ-қолдың — бұлшықеттік гипотониясы (ж) мен гипорефлексиясы (з); саусақ-мұрындық және табан-тізелік, сол жақ аяқ-қолдың дірілі (и). АҚ 195/106 мм с.б.б., сол жақ жүрек шекараларының 1,5 см кеңеюі, пульсі 90 екендігі анықталды.

1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды?

2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма?

3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?

№ 2 есеп

Науқас А., 72 жаста, денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқас сол аяғымен және сол жақ қолымен қозғалта алмаған, сөйлеу қабілеті қиындаған. Анамнезінде науқастың артериялық гипертензиямен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарез, сол жағында Бабинский рефлексі оң. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.

1. Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдалуынан болуы мүмкін?

2. Науқаста пайда болған парездің түрін көрсетіңіз, оның сипаттамасын берініз.

3. Нейронның гипоксиялық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз.

4. Көрсетілген патологияны дамытқан қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады? Осы патологияның тағы да басқа қандай қуып- қатер ықпалдарын білесіз?

 

№ 3 есеп

Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.

1. Невроздың қандай түрі науқаста дамыған ?

2. Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі мен патогенезін түсіндіріңіз?

3. Тағыда басқа қандай невроздардың түрін білесіз, олардың сипаттамасын беріңіз.

4. Неврозды эксперимент жүзінде қалай үлгілейуге болады?

№ 4 есеп

Науқас С., 42 жаста, оқу оған қиындыққа түскенімен, ол өмірдің негізгі мақсаты жеке табыстарға жету, қоғамдағы өз орнын табу деп есептейтін жанұяда өскен. Институтты аяқтағаннан кейін ұйымдастыру қабілеті мен білімінің жеткіліксіздігіне қарамай, цех бастығы қызметіне қол жеткізді. Цех бастығы қызметін атқару барысында көптеген қиындықтарға тап болып, бұл өз кезегінде әкімшілік пен ұжым жағынан ескертпелер мен сөгістер алды. Дәл осы кезеңде бас ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ұйқысыздық, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: АҚ – 170/90 мм.с.б.б., пульсі - 90 рет мин, ошақты неврологиялық әйгіленімдер анықталмаған.

1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Көрсетілген аурудың этиологиясын түсіндіріңіз

3. Тырыспа ұстамалық синдромның патогенезін түсіндіріңіз

4. Тағыда қандай гипнркинездерді білесіз, олардың патогенезін түсіндірініз

№ 5 есеп

Орта жастағы ер адам жедел жәрдем ауруханасына ес-түссіз жеткізілді. Науқасты алып келген мейірбикенің айтуы бойынша, науқас бірден құлап, селкілдек-тырысқақ ұстамасы басталды. Зерттеулер барысында: науқастың санасы шатысқан, дене қызымы 38°С, АҚ 170/90 мм с.б.б., пульсі мин.105 рет, тыныс жиілігі мин. 18 рет, денесінің сол жағының қимыл - қозғалысы төмендеген, Бабинский рефлексі екі жақтан анықталды.

1. Науқаста мый қан айналымының қандай бұзылысы бар? Аңғарымды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

2. Науқастағы тырысулар мен дене қызуы көтерлуінің патогенезін түсіндіріңіз.

3. Бабинский рефлексінің пайда болуымен қозғалыстың шектелу патогенезін түсіндіріңіз

4. Аталған дертте АҚ көтерілуінің қандай маңызы бар

 

№ 6 есеп

Науқас И., 42 жаста, оң қолының үдемелі әлсіздігіне, ауыру сезімінсіз күйіктеріне және жарақатына, сәл сыдырылған терісінің ұзаққа созылған іріңді жараларына шағымданып жеткізілді. Бұндай өзгерістерді алғаш рет 5 жыл бұрын анықтаған. Соңғы жарты жыл ішінде қатты тағамдарды жұтуы қиындап, сонымен қатар дауыстың мұрындық тембрі пайда болғандығы анықталды. Невропатологтың зерттеуі барысында қабағының төмен түсуіне байланысты оң көз ойығының тарылғаны, беттің оң бөлігінің ауыру сезу қабілетінің төмендегені, жұмсақ таңдайдың салбырауы, жұту рефлексінің болмауы, оң жақтағы дауыс байламының шала салдануы, оң саусақтың сүйекаралық бұлшық еттерінің атрофиялық өзгерістері, оң қолында периостальдық рефлексінің болмауы, оң жақтық бөліктік-ажырау түрі бойынша ауырулық және жылу мен суық сезімінің жоғалуы, аяқтарында «тірі» шеміршектік рефлекстердің сақталуы анықталды.

1. Науқастағы медициналық терминдерге сәйкес әйгіленімдерді табыңыз.

2. Берілген бұзылыстар дамуының мүмкіндік тетіктері қандай?

3. Жүйке жүйесінің құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуының қай деңгейінде берілген науқаста дерттік үрдіс дамуы мүмкін: а) сезімталдықтың бұзылысы,б) қозғалыстың бұзылуы?

4. Жүйке жүйесінің қызметі бұзылысының сипатын және ауру ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, көрсетілген бұзылыстардың себептерін және мүмкін болатын дерттік үрдіс туралы ойыңызды құрастырыңыз

№ 7 есеп

16 жасар бозбалада ауруханаға түсерден 3 ай бұрын қолдың үдемелі дірілі және түрткі тәрізді қозғалысы пайда болды. Туысқандарының айтуынша, кезеңдермен күлкі ұстамасы және жұтынудың қиындауы байқалған. Неврологиялық зерттеуде бет еттерінің қимылдауы, дизартриялық сөйлеуі, дірілдеу, екі қолының қатып қалуы және тырысулық қозғалысы байқалады. Тесікті шамның жарығымен тексергенде көзінің қасаң қабығында Кайзер-Флейшер жүзігі анықталды. Қанда церулоплазминнің азаюы және бауырда мыстың көбеюі анықталды. Науқасқа гепатоцеребральды дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы) аңғарымы қойылды.

1. Аурудың патогенезі қандай?

2. Неврологиялық симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

№ 8 есеп

Науқас Б., 52 жаста, мый қанайналымының жіті бұзылысымен ауырған, оң жақтық гемиплегия анықталады. Оң қолы мен оң аяғы бұлшықеттерінің межеқуаты төмендеген. Жұлындық рефлекторлық серпілістері күшейген. Бұлшықеттердің атрофиясы байқалмайды. Зақымданған жағындағы табанын тітіркендіргенде аяқ саусақтарының бүгілуін тудырмайды

1. Науқаста қандай нейропатологиялық үрдіс дамыды?

2. Анықталған бұзылыстардың тетіктері қандай?

 

№ 9 есеп

Науқас С, 33 жаста, клиникаға «жедел жәрдем» машинасымен келіп түсті. Науқас аяқтарының белсенді қозғалысы шектелген. Бұлшықеттерінің межеқуаты жоғары. Тізе және ахилл сіңірі рефлекстері жоғары, табандары мен тізелері құрысқан. Бабинский дерттік рефлексі – оң (табанын тітіркендіргенде аяқтың І саусағының бүгілуі) және Россолимо (саусақтарының ұшын ұрғылағанда табанының барлық саусақтарының тез бүгілуі) екі жақта да оң. Шап қатпарларынан төмен қарай сезімталдықтың барлық түрі жойылған (өткізгіш жолы бойынша). Зәрі мен нәжісінің ұсталуы (болмауы) байқалады.

1. Науқаста жұлынның қай бөлігі бұзылған?

2. Науқаста жұлынның қандай өткізу жолдары бұзылған ?

3. Науқаста параличтің қандай түрі дамыған? Жауабыңызды негіздеңіз, Үлкен дәретімен зәрдің шығу тоқтағанының патогенезін түсіндіріңіз

4. Сезімталдық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз

 

 

«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  1. Студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс (өзін-өзі жетілдіру) жұмыстарының өткен тақырыптар бойынша білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау бойынша машықтық дағдысын, ситуациялық есептерді сараптауы бойынша коммуникативті дағдысын бағалау

Студенттер білімін бақылау сұрақтары:

1. Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі

2. Нейрожұқпа туралы түсінік. Менингиттің этиологиясы мен патогенезі.

3. Мый қабықтарының зақымдану синдромының патогенезі.

4. Ишемиялық инсульттың этиологиясы мен патогенезі.

5. Геморрагиялық инсульттың этиологиясы мен патогенез.

6. Инсульт кезінде нейрондардың зақымдалу патогенезі.

7. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылысы, невроздар.

8. Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдайлар. Шала салданулар және салданулар, түсінігі, этиологиясы мен патогенезі .

9. Гиперкинездік жағдайлар. Құрысулар, түсінігі.

10. Эпилепсияның этиологиясы мен патогенезі

11. Сезімталдықтың бұзылыстары, түрлері, даму тетіктері

12. Ауыру сезімі, анықтамасы, түрлері, ауыру сезімінің этиологиясы мен патогенезі .

 

Аралық бақылаудың 1-кезеңі - тестілеу

Тест тапсырмалары:


1. Жүйке жүйесінің бүлінісін туындататын сыртқы этиологиялық жайт

A) әлкогөлдік уыттану

B) нейрондардың бауырлық комада зақымдануы

C) мый ишемиясы

D) гипогликемия

E) уремия кезінде нейрондар зақымдануы

2. Жүйкелік өткізгіштермен жүйке жүйесіне түседі

A) стрептококктық экзотоксин

B) менингококк

C) пневмококк

D) ішек таяқшасы

E) құтыру вирусы

3. Нейрон ішілік қосындылар түзетін вирустар

A) цитомегаловирустар

B) энтеровирустар

C) құтыру вирустары

D) ұшық вирусы

E) полиомиелит вирусы

4. Жұлындық трансмиссивті энцефалопатия себебі

A) цитомегаловирустар

B) энтеровирустар

C) құтыру вирустары

D) ұшық вирусы

E) приондар

5. Жүйке жүйесінің төзімділігін қамтамасыз етеді

A) қарсы жүйелер

B) аэрогемдік тосқауыл

C) нейрондардың төмен дәрежедегі жасушаішілік регенерациясы

D) жайылмалы қозу

E) глиалдық жасушалардың төмен белсенділігі

6. Тежелудің тапшылығы – бұл:

A) трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі

B) нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы

C) ОЖЖ төменгі бөліктерінің ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы

D) постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдың төмендеуі

E) белсенділігі жоғары нейрондар тобы

7. Денервациялық синдром – бұл:

A) трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі

B) нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы

C) ОЖЖ төменгі бөліктерінің ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы

D) постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдардың төмендеуі

E) белсенділігі жоғары нейрондар тобы

8. Тежелудің алғашқы тапшылығы дамиды

A) жүйке жүйесі тым артық түрткіленгенде

B) тежегіш нейрондардың құрылымы мен қызметі бұзылғанда

C) қоздырғыш түйіспелердің құрылымы мен қызметі бұзылғанда

D) қоздырғыш дәнекерлер түзілуі артқанда

E) жүйке жүйесінің бөліктері зақымданғанда төмен бағытталған тежеуші ықпалдардың артықтығында

9. Тежелуден шығу синдромының салдарлары

A) нейрондар мен олар жүйкелендіретін құрылымдарда дистрофиялық өзгерістердің дамуы

B) ДКҚО-ның (дерттік күшейген қозу ошағының) түзілуі

C) денервациялық синдромның дамуы

D) ағза атрофиясының дамуы

E) деафферентациялық синдромның дамуы

10. Дерттік күшейген қозу ошағы (ДКҚО) – бұл

A) бақыланбайтын серпіндер легін өндіретін, белсенділігі жоғары өзара әрекеттесетін нейрондар шоғыры

B) мембраналық тізбекті және жасушаішілік үрдістердің жиынтығы

C) синапстық құрылымдағы өзгерістер кешені

D) жүйкелік ықпалдың болмауына немесе өзгеруіне байланысты нәрленістің бұзылуы

E) жүйкелік ықпалдардың түсіп қалуынан соң пайда болатын постсинапстық нейрондар,

ағзалар мен тіндердегі өзгерістер кешені

11. ДКҚО түзілуінің маңызы

A) жайылмалы тежелудің түзілуіне септеседі

B) дерттік жүйенің детерминанты болады және дерттік жүйе түзілуін қамтамасыз етеді

C) физиологиялық жүйенің түзілуіне септеседі

D) нейронның жүйкеленетін құрылымдарға нәрленістік ықпалын күшейтеді

E) нейродерттік үрдістердің дамуын тежейді

12. Шабан гиперкинездерге тән

А) діріл

B) атетоз

C) тиктер

D) хорея

E) тремор

13. Невроздар, дамуына әкелуі мүмкін

A) асқазанның ойық жара ауруы

B) менингит

C) диффуздық гломерулонефрит

D) вирустық гепатит

E) пневмония

14.Орталық салдануларға тән емесі

A) ерікті қозғалыстардың сақталуы

B) ерікті қозғалыстардың жоғалуы

C) тарамыстық рефлекстердің күшеюі

D) дерттік рефлекстердің пайда болуы

E) бұлшықет межеқуатының жоғарылауы

15. Шеткері салдануларға тән

A) жұлындық рефлекстердің күшеюі

B) дерттік рефлекстердің пайда болуы

C) бұлшықеттердің гипертрофиясы

D) бұлшықеттің гипотониясы
E) бұлшықеттер межеқуатының жоғарылауы

16. Паралич – салдану - бұл

A) ерікті қозғалыстардың толық болмауы

B) ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

C) негізінен қолда, әсіресе саусақтарда орналасқан еріксіз, баяу, «құрт тәрізді» қозғалыстар

D) қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

E) дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

17. Атаксия – бұл

A) ерікті қозғалыстардың толық болмауы

B) ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

C) негізінен қолда, әсіресе саусақтарда орналасқан еріксіз, баяу, «құрт тәрізді» қозғалыстар

D) қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

E) дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

18. Хорея - бұл

A) ерікті қозғалыстардың толық болмауы

B) ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

C) бұлшықеттердің әртүрлі топтарының (аяқ-қол, бас және дененің) ретсіз, жылдам, еріксіз жиырылулары

D) қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

E) дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

19. Тремор - бұл

A) ерікті қозғалыстардың толық болмауы

B) ерікті қозғалыстардың шегі, жылдамдығы, күші азаюы

C) бұлшықеттердің әртүрлі топтарының (аяқ-қол, бас және дененің) ретсіз, жылдам, еріксіз жиырылулары

D) қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

E) дене немесе оның бөліктерінің еріксіз дірілдеуі

20. Үлкен жарты шар зақымдану кезінде орталықтан кейінгі иірілім және жоғарғы төбе бөлігінің сезімталдығының жоғалуы тән

A) бұлшықет-буындық

B) түйісулік

C) ауырулық

D) қызымдық

E) сезімталдықтың барлық түрі

21. Айқын дене аймағында ауыру сезімі мен қызым сезімталдығының түсуімен қатар терең және түйісулік сезіталдықтың сақталуы аталады

A) гипестезия

B) гиперестезия

C) диссоциация

D) гиперпатия

E) дизестезия

22. Сезімталдықты жоғалту аталады

A) атаксия

B) алексия

C) атония

D) астения

E) анестезия

23. Ауыру сезімінің дәнекерлеріне жататыны

A) адреналиннің физиологиялық мөлшері

B) энкефалиндер

C) эндорфиндер

D) брадикинин

E) динорфин

24. Ауыру сезімі қалыптасады

A) ноцицепторларда

B) жүйкелік бағаналарда

C) жұлында

D) торлы құрылымда

E) таламус және үлкен жарты шарлар қыртысы нейрондарында

25.Ауыру сезіміне аса сезімтал

A) тері мен шырышты қабықтар

B) бауыр

C) мый

D) жұлын

E) миокард

26. Эпикритикалық ауыру сезімі дегеніміз

A) бүліндіргіш ықпалдың әсеріне жауап ретінде пайда болатын, айқын орныққан бастапқы ауыруды

B) айқын орнықпаған, жайылып тараған кейінгі ауыруды

C) ішкі ағзаларда пайда болатын ауыруды

D) оталған дене мүшелерінің ауыруын

E) ірі жүйке талшықтарының бүліністері кезіндегі ауыруды

27. Протопатиялық (баяу) ауыру сипатталады

A) орналасқан жері белгісіз (жайылған ауыру) және ұзақ жасырын кезеңмен

B) қабылдау шегінің төмендігімен

C) миелиндік жүйке талшықтары бойымен өткізіледі

D) тітіркендіргішті алып тастағаннан соң тез басылады

E) тері және шырышты қабықтарды тітіркендірген кезде пайда болады

28.Висцералдық ауыру сезімін дамытпайтыны

A) артериялық тамырлардың қатты жиырылуы

B) тегісет талшықтары қатты жиырылуы

C) қуыс ағзалардың керілуі

D) іргелік ішастардың қабынуы

E) ағза ұлпасының нәрленістік бұзылыстары

29. Құбыжық (фантомдық) ауыру – бұл

A) стенокардия ұстамасы кезінде сол қолда және сол жауырындағы ауыру

B) жіті гепатит кезінде бұғана үстінде немесе іргелік іш пердені тітіркендіргендегі ауыру

C) мый аурулары кезіндегі ауыру

D) дененің жоқ бөлігінде, жиі аяқ-қолды алып тастағаннан соңғы, ауыру сезімі

E) ұйқы безі қабынуындағы белді орайтын ауыру сезімі

30. Құбыжық (фантомдық) ауыру патогенезінде маңызы зор

A) ноцицепторлар сезімталдығы жоғарылауының

B) жүйке бағаналары өткізгіштігі жоғарылауының

C) мый қыртысы қозгыштығы жоғарылауының

D) алып тастаулық неврома түзілуі және жұлында дерттік күшейген қозу ошағы қалыптасуының

E) мый бағанасы қозғыштығы тежелуінің

31. Антиноцицепциялық жүйеге жатпайтыны

A) орталық сұр заттың, тігіс ядросының, торлы құрылымның энкефалинергиялық нейрондары

B) апыйындық қабылдағыштар

C) эндорфиндер және энкефалиндер

D) серотонин

E) Р заты

32. Теріні уқалау және ысқыма (массаж) кезінде ауыру сезімталдығының төмендеуі байланысты

A) ноцицепторлар сезімталдығы төмендеуіне

B) жүйкелік өткізгіштерді бөгеуге

C) торлы құрылым нейрондарының қозғыштығы төмендеуіне

D) таламус нейрондарының қозғыштығын тежеуге

E) жұлынның желатиналық затын белсенділеуге

33.Команың патогенезінде маңызы жоғы

A) гипоксия және мый нейрондарында қажым тапшылығы

B) уланулар

C) қышқылдық-сілтілік үйлесімнің бұзылуы

D) электролиттік гомеостаздың бұзылуы

E) гематоэнцефалдық тосқауыл тұтастығының сақталуы

34. Кома кезінде орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары дамуының бірізділігі

A) психикалық мазасыздық, сананың шатасуы, сопор, сананы терең жоғалту

B) сананы терең жоғалту , сопор, сананың шатасуы, психикалық мазасыздық

C) сананың шатасуы, сананы терең жоғалту, сопор, психикалық мазасыздық

D) психикалық мазасыздық, сопор, сананың шатасуы, сананы терең жоғалту

Е) сананы терең жоғалту, сананың шатасуы, сопор, психикалық мазасыздық

35. Гиперосмостық диабеттік команың патогенезінде маңызы жоғы

A) гипогликемия

B) кетоз

C) лактатацидемия

D) гипоксия

E) гиперазотемия

36. Уремиялық кома патогенезінде маңызы жоғы

A) уремиялық уытты заттардың жиналуы

B) гипоосмолялды гипергидратация

C) ацидоздың дамуы

D) гиперкалиемия, гипермагниемия, гиперсульфатемия, гиперфосфатемия

E) организмнің дегидратациясы

37. Ишемиялық инсульттің себебі болуы мүмкін

A) мый тамырларының тромбозы, эмболиясы

B) мый тамырлары аневризмасының жарылуы

C) мый тамырларының дистониясы

D) мыйдың артериялық гиперемиясы

E) мый тамырларының артериялық гипертензиясы

38. Геморрагиялық инсульттің себебі болуы мүмкін

A) артериалдық гипертензия

B) мый тамырларының атеросклерозы

C) мый тамырларының тромбоз, эмболиясы

D) мыйдың тамырларының ангиоспазмы

E) гематокриттің артуы

39. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісінде геморрагиялық инсультке қарағанда басым болады

A) мый ісінуі

B) ошақтық симптомдар

C) жұлын сұйықтығында қан болуы

D) мый тінінің жаншылуы

E) басішілік қысымның жоғарылауы

40. Мишықтық атаксия,ағымдағы жағдайларды тез ұмытуы,нистагм, дизартрия, жұтудың бұзылуы, ықылық ату, бас айналу тән

A) омыртқа артериясының (артқы төменгі мишық артериясы) зақымдануына

B) алдыңғы мый артериясының зақымдануына

C) ортаңғы мый артериясының зақымдануына

D) артқы мый артериясының зақымдануына

E) пиальды артериялардың зақымдануына

41. Аяқ – қолдардың (қолдардың проксималды және аяқтардың ұштарының) жартылай салдануы немесе спастикалық салдануы, зақымданғаннан қарсы жақта сезімталдықтың жойылуы тән

A) омыртқа артериясының (артқы төменгі мишық артериясы) зақымдануына

B) алдыңғы мый артериясының зақымдануына

C) ортаңғы мый артериясының зақымдануына





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.