Здавалка
Главная | Обратная связь

балалар физиологиясы мен патологиясы» блогі

Курс «Жалпы медицина» факультеті студенттеріне

«Бала аурулары» пәні бойынша

емтихан жүргізуге арналған

БАҒДАРЛАМА

 

Алматы 2010

 

Бағдарлама педиатрия Департаментінің кафедраларында талқыланды және бекітілді.

 

Бағдарлама С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия Департаментінің оқу бағдарламасы Комитетінің отырысында талқыланды және бекітілді

 

Хаттама № ____, «______» _________________________ 2010 ж.

 

Төрайымы,

м.ғ.д., профессор Сарсенбаева С.С.

 

Бағдарлама С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЦӘК отырысында талқыланды және бекітілді

 

Хаттама № ____, «______» _________________________ 2010 ж.

 

Төрайымы,

м.ғ.д, профессор Есенжанова Г.М.

4 курс жалпы медицина факультетінің студенттеріне өзбетінше дәрігерлік қызметпен айналысуы үшін балалар аурулары бойынша іргелі білім мен сау және ауру баланы зерттеуде практикалық дағдылар қажет.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты балалар жасындағы ең кең таралған ауруларды диагностикалау және емдеу сұрақтары бойынша дағдылар мен білімін меңгерген медицина бакалаврын дайындау болып табылады.

4 курс жалпы медицина факультеті студенттеріне арналған «Бала аурулары» пәні бойынша емтихан 2 сатыда жүргізіледі:

I саты – профильдік пәннің негізгі бөлімдері бойынша тестілеу (пульмонология, кардиология, гастроэнтерология, гематология, нефрология, неонатология, эндокринология, амбулаторлы-емханалық педиатрия, балалар жұқпалы аурулары);

II саты – Объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ), 4 қадамнан (станциядан) тұрады.

Емтиханға «Бала аурулары» пәні бойынша оқуды жақсы аяқтаған 4 курс студенттері жіберіледі.

 

 

I саты

Тестілеу

Профильдік пән бөлімдері бойынша тесттік тапсырма сұрақтарының тізімі.

«Жаңа туылған нәрестелер мен ерте жастағы балалар физиологиясы және патологиясы» бөлімі:

1. Педиатриялық көмекті ұйымдастыру

2. Жаңа туылған нәрестелер. Жетіліп және шала туылған нәрестелер. Нәресте біріншілік патронажы.

3. Жаңа туылған нәресте кезеңінің іріңді-септикалық аурулары

4. Фосфор-кальций алмасуының бұзылысымен жүретін аурулар

5. Созылмалы тамақтану бұзылыстары

6. Неонаталды сарғаюдың салыстарылмалы диагностика алгоритмі

7. Ерте жастағы балалардың психомоторлы дамуы

8. Жаңа туылған нәрестелер құрсақішілік инфекциялары

9. Фосфор-кальций алмасуының бұзылысымен жүретін аурулардың салыстырмалы диагностикасы

10. Балалардағы гипервитаминоздар

 

«Тыныс алу мүшелерінің аурулары» бөлімі

11. Бронхиттер, бронхиолиттер. Жедел пневмония. Әртүрлі қоздырғыштармен шақырылған пневмонияның ерекшеліктері

12. Созылмалы бронх-өкпелік аурулар

13. Жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық аурулары

14. Бронх демікпесі

15. Тыныс жетіспеушілігі синдромы

16. Балалардағы тұқымқуалайтын созылмалы аурулары. Муковисцидоз.

17. Балалардағы өкпенің диффузды аурулары. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит. Картагенер синдромы. Идиопатиялық гемосидероз. Гудпасчер синдромы. Альвеолярлы микролитиаз. Жанұялық өкпелік эмфизема

18. Балалардағы жөтелдің салыстымалы диагностикасы

19. Балалардағы пневмонияның өкпеден тыс асқынуының диагностикасы мен емі (біріншілік инфекциялық токсикоз, нейротоксикоз, кардиоваскулярлы синдром, Рея синдромы, Уотерхаус-Фридериксен синдромы).

20. Балалардағы пневмонияның өкпелік асқынуларының диагностикасы мен емі (плеврит, пневмоторакс, абсцесс)

«Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» бөлімі

21. Ревматикалық безгек

22. Туа біткен жүрек және қантамырларының ақаулары

23. Жүйелі қызыл жегі

24. Ювенильді ревматоидты артрит

25. Қанайналым жетіспеушілігі

26. Жүректің ревматикалық зақымдануымен жүретін жедел миокардиттер салыстырмалы диагностикасы

27. Балалардағы жүректің жүре пайда болған аурулары

28. Туа біткен кардиттер. Клиникасы. Диагностикасы.

29. Артериялық гипертензия және гипотензия

30. ЮРА кезіндегі және ревматикалық безгек кезіндегі артриттің ажыратушы белгілері

31. Қантамырлық жетіспеушілік. Естен тану. Коллапс. Шок.

«Асқорыту мүшелері аурулары» бөлімі

32. Асқорытудың функционалдық бұзылыстары

33. Созылмалы гастриттер, гастродуодениттер

34. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары

35. Балалардағы мальабсорбция синдромы

36. Билиарлы тракт дисфункциясы

37. Балалардағы тоқ ішек аурулары. Арнайы емес жаралы колит, Крон ауруы, іш қатулар, дисбактериоз. Этиологиясы, патогенезі, диагноз қою критерийлері. Жіктелуі. Диагностикасы. Емдеу принциптері.

38. Балалардағы ұйқы безінің аурулары. Панкреатит (жедел және созылмалы), ұйқы безінің кистофиброзы (муковисцидоз). Этиологиясы, патогенезі, диагноз қою критерийлері. Жіктелуі. Диагностикасы. Емдеу принциптері.

39. Балалардағы ішектік дисбактериоз. Этиологиясы, даму механизмдері. Диагностикалау және әртүрлі сатыларын емдеу принциптері.

40. Гастроэзофагалды рефлюксті ауру. Себептері. Даму механизмдері, диагноз қою критерийлері, асқынуларының алдын алу және емдеу әдістері.

 

«Зәршығару жүйесі мүшелерінің аурулары» бөлімі

41. Зәршығару жолдарының инфекциялары. Жедел пиелонефрит. Цистит.

42. Гломерулонефриттер. Нефритикалық, нефротикалық синдром, оқшауланған зәрлік синдром, тез өршитін нефрит. Жедел постинфекциялық ГН, болжамы.

43. Тұқымқуалайтын нефрит, диагностикасы, нефропротективті ем. Балалардағы туа біткен аурулар, түрлері.

44. Жедел бүйрек жетіспеушілігі, жіктелуі, соның ішінде RIFLE, себептері.

45. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. СБЖ туралы түсінік, жіктелуі.

46. Зәршығару жолдарының инфекциясы кезінде цистографияға көрсеткіш.

47. Гломерулонефрит кезіндегі ісіну мен артериялық гипертензияның патогенезі.

48. Қалыпты және патологиялық жағдайдағы гломерулярлы базальды мембрананың ультрақұрылымы мен генетикасы.

49. Бүйректің жедел зақымдануы кезіндегі RIFLE жіктелуі.

50. СБЖ өршуіндегі гиперфильтрация механизмінің рөлі.

«Қан жүйесі мен эндокринді жүйе аурулары» бөлімі

51. Геморрагиялық васкулит. Гемофилия.

52. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура.

53. Балалардағы гемобластоз. Лейкоз.

54. Балалардағы қант диабетінің этиопатогенезі, жіктелуі және диагностикасы. Қант диабетінің асқынуы, ерекшеліктері. Комалар.

55. Балалардағы қалқанша безі ауруларының жіктелуі. Диффузды токсикалық зоб этиопатогенезі, клиникасы және емі, балалар мен жасөспірімдердегі ерекшеліктері. Туа біткен гипотиреоз. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит. Йод жетіспеушілік жағдай, эндемиялық зоб.

56. Виллебранд ауруы

57. Қантамырішілік гемолиз

58. Минковский-Шоффар тұқымқуалайтын микросфероцитарлы гемолитикалық анемиясы

59. Балалардағы нейролейкоз диагностикасы

60. Инкретиндер рөлі, қант диабетін емдеудің жаңа әдістері. Инсулиндік насостар.

61. Аутоиммунды эндокринді офтальмопатия.

 

«Балалар жұқпалы аурулары» бөлімі

62. Балалар инфекциялық қызметімен жұмысты ұйымдастыру

63. Баспа синдромы. Паротитті инфекция.

64. Бөртпелер синдромы.

65. Тұмау. ЖРВИ. БЖНИЖ (ИВБДВ). Көкжөтел, паракоклюш.

66. Вирусты гепатиттер.

67. Секреторлы диареялар. Инвазивті диареялар. БЖНИЖ (ИВБДВ).

68. Нейроинфекция. Полиомиелит.

69. Энтеровирусты инфекция.

70. Зоонозды инфекция. ЖИТС (СПИД).

71. Балалардағы туляремия

72. Балалардағы оба

73. Балалардағы геморрагиялық қызбалар

74. Балалардағы бруцеллез

75. Паротитті инфекция

76. Балалардағы герпестік және цитомегаловирусты инфекция (ЦМВИ)

77. БЖНИЖ (ИВБДВ) оқыту жоспарын құрастыру (жөтел және тыныс алудың қиындауы)

78. БЖНИЖ (ИВБДВ) оқыту жоспарын құрастыру (диарея)

79. Балалардағы везмкулезді бөртпе синдромымен жүретін аурулар

80. Балалардағы дақты-папулезді синдроммен жүретін аурулар

81. Геморрагиялық қызбалар

82. Балалардағы безгек (малярия)

 

ІI саты

Объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ)

Емтихан біріздендірілген әдістеме бойынша жүргізіледі, ол студенттердің игерімі мен практикалық дағдыларын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақсаты.Біріздендірілген құрылымдық әдістеме бойынша практикалық дағдыларды меңгеру сапасы мен бала аурулары және емханалық педиатрия пәні бойынша білімін объективті бағалау.

Міндеттері:

- емтихан тапсырушының дағдылары мен клиникалық білімдерін объективті бағалау үшін шынайы клиникалық жағдайларды қамтамасыз ету;

- емтихан тапсырушы және емтихан қабылдаушы жұмыс істейтін емтихан сатыларын нақты орындау ережелерін жазсау;

- лабораториялық және диагностикалық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау және бағалау үшін шынайы жағдай жасау;

- баллдық жүйелер бойынша сатылық қадамдар күрделілігіне сәйкес объективті критерийлер бойынша ОҚКЕ нәтижелерін бағалау.

 

Емтиханға дайындалу кезінде студент білуі қажет:

-педиатриядағы этика және деонтология негіздерін;

- баланы қарау кезінде қолданылатын коммуникативті дағдыларды;

- балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін;

- балалар жасындағы аурулар семиотикасын;

- әртүрлі жастар кезеңінде анамнез жинау ережелерін;

- перкуссия, аускультация, пальпация ережелерін;

- педиатриядағы лабораториялық және аспаптық зерттеулердің негізгі әдістерін.

 

ОҚКЕ сатылары ретінің схемасы

 

 

                                               
 
Кіру
 
 
   
 
 
   
Емтихан комиссиясының төрағасы
 
   
   
 
 
 
1 станция Өкпе перкуссиясы  
 
4 станция Менингеалды симптомдар
 
 
   
     
 
 
   
3 станция Жаңа туылған нәрестелердегі шартсыз рефлекстерді тексеру  
   
2 станция Жүрек аускультациясы
     
 
 

 


Емтиханды жүргізу кезінде студент жасай білуі қажет:

- баламен және (немесе) оның ата-анасымен сөйлесу кезінде коммуникативті дағдыларын көрсете білуі;

- өкпе перкуссиясын айта отырып, дұрыс жүргізу

- жүрек аускультациясын айта отырып, дұрыс жүргізу

- жаңа туылған нәрестелердің шартсыз рефлекстерін наықтау және бағалау

- менингеалды симптомдарды анықтау және бағалау

 

Емтихан жүргізу ережелері:

- Ұйымдастыру сұрақтарын шешу (емтихан тапсырушыларының саны, емтихан қабылдаушыларының саны, сатылар саны, сатыдағы тапсырмаларды орындау үшін уақыт, науқастар саны немесе аудиторияға қажет еріктілер саны, құрал-жабдықтар, аспаптар, муляждар, көрнекі материалдары).

- Сатылардағы тапсырмаларды жасау (клиникалық және практикалық дағдыларды көрсету, лабораториялық зерттеулерді суреттеу және бағалау).

- Әрбір сатыны бағалау нұсқауымен емтихан қабылдаушыны қамтамасыз ету .

- Студентті әр сатыда қажет біліммен қамтамасыз ету.

- Әр сатыға бөлінген уақытты сақтау.

- Бағалау критерийлерін ұстану.

 

Емтихан нәтижелерін бағалау критерийлері:

Нмтихан нәтижелерінің бағасы студенттің «Балалар ауаулары» бойынша ОҚКЕ барлық сатыларында алған баллдарының қосындысынан шығарылады:

  1. Өкпе перкуссиясы;
  2. Жүрек аускультациясы;
  3. Жаңа туылған нәрестелер шартсыз рефлекстерін зерттеу;
  4. Менингеалды симптомдар;

Әр сатыға дайындық және жауап беру үшін бекітілген уақыт бөлінеді. Барлығы 4 станцияны айналып өту үшін - 40 минут.

 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың

дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстырылған баллдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдардың сандық эквиваленті %-дық құрамы ОҚКЕ баллы Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 90-86   Үздік
А- 3,67 90-94 85-81
В+ 3,33 85-89 80-77   Жақсы  
В 3,0 80-84 76-72
В- 2,67 75-79 71-68
С+ 2,33 70-74 67-63   Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 62-59
С- 1,67 60-64 58-54
D+ 1,33 55-59 53-50
D 1,0 50-54 49-45
F 0-49 <44 Қанағаттанарлықсыз

 

Практикалық сатыда бағаланады:

- Науқасты зерттеу дағдылары: өкпе перкуссиясы, жүрек аускультациясы, жаңа туылған нәрестелердің шартсыз рефлекстерін тексеру, менингеальды симптомдарды анықтау.

- Жазбаша жүргізілетін сатыларда: профилактикалық мақсатта егулерді жүргізу туралы клиникалық жағдайды талдау, жалпы зәр анализін талдау.

ОҚКЕ әр сатысы тұрады: студенттерге арналған тапсырмалардан, емтихан қабылдаушыға арналған ақпараттан, әр тапсырманы бағалау нұсқасынан.

ОҚКЕ жүргізу әдістемесі

Практикалық дағдыларды қабылдау 4 сатыда жүргізіледі. Бір аудитроияда бірнеше саты жүргізілуі мүмкін, бірақ олар емтихан тапсырушылар мен студенттер бір-біріне кедергі жасамайтындай болып орналастырылуы қажет. Студенттер шаршамауы үшін сатыдағы тапсырмалар реті сақталуы қажет (ауызша тапсырма және жазбаша).

Бірмезгілде 4 студент емтихан тапсырады. Әр сатыға 10 минутқа дейін уақыт бөлінеді. Бір студентке 40 минут. Сатыға біркелкі уақыттың берілуі олардың тапсырманы орындап үлгіру, үлгірмеуіне қарамастан студенттердің сатыларды қоңырау бойынша бір уақытта ауыстыруына мүмкіндік береді. Студент келесі емтихан тапсырушыға кедергі жасамай, сатыны босатуы үшін өте қажет. Студент барлық сатыларды өтіп болғаннан кейін емтихан аяқталады, топ біруақытта аудиториядан шығады.

Әр аудиторияда координатор немесе ұйымдастырушы болуы қажет. Ол ОҚКЕ концепциясын және емтихан жүргізу нрежелерін жақсы білуі қажет, сонымен қатар осы аудиторияда қандай құрал-жабдықтар мен аспаптар болуы қажет екендігін білуі керек. Координатор сатылардың дұрыс орналасу ережелерін бақылауы және қажет құрал-жабдықтарды білуі керек, студенттермен нұсқаулықтар жүргізеді. Ол студенттерге бөлінген тапсырманы орындауға кететін уақытты және бір сатыдан екінші сатыға ауысуын бақылап отырады. Координатор студенттерді тіркейді және емтихан тапсырушылардың жазба жүргізуін дұрыстығын бақылайды.

Емтихан қабылдаушылар берілген клиникалық дағдыны бағалау критерийлерін қатаң сақтануы қажет, ол емтихан қабылдаушыларының студентті бағалаудың нақты құрылымдылығы мен объективтіліктігін қамтамасыз етеді. Жауаптары әр сатыда максимальды бөлінген 100 балл бойынша бағаланады.

 

4 курс «жалпы медицина» факультеті студенттері үшін балалар аурулары бойынша емтихан аясында қарастырылатын ОҚКЕ клиникалық дағдылары ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Саты № Студенттерге арналған тапсырма Макс. балл Уақыт (мин.)
Өкпе перкуссиясын жүргізуге қатысты Сіздің практикалық дағдыларыңыз бен игерімдеріңізді көрсетіңіз. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жүргізіңіз. Патологиялық перкуторлы дыбыстардың пайда болу себептерін атаңыз. Нәтижелер бойынша балада болуы мүмкін патологияға қорытынды жасаңыз.
Жүрек аускультациясын жүргізіңіз. Науқаста алдыңғы кеуде қабырғасына қақпақшаларының проекция орнын және жүректі тыңдау орнын анықтаңыз. Ережелерге сәйкес науқаста жүрек аускультациясын жүргізіңіз. Аускультативті мәліметтер және олардың диагностикалық маңыздылығы бойынша қорытынды жасаңыз. Сіздің барлық әрекеттеріңізді түсіндіріңіз.
Жаңа туылған нәрестенің шартсыз рефлекстерін атаңыз және анықтаңыз. Олардың осы науқаста бар немесе жоқтығын, симметриялылығын, пайда болу және жоғалу уақытын, жауап күшін (гипорефлексия, гиперрефлексия), бала жасына сәйкес келуін бағалаңыз.
Менингеальды симптомдарды анықтаңыз. Менингеальды симптомдарды анықтау сатыларының реттілігін сақтай отырып. Патология бар болған жағдайда оны түсіндіріңіз. Менингеальды симптомдар мен олардың пайда болу себептерін атаңыз.
  Барлығы:

ОҚКЕ станцияларында студенттерге берілетін тапсырмалар

Станция

Өкпе перкуссиясын жасауда дағдыларыңызды көрсетіңіз. Өкпе салыстырмалы перкуссиясын жасау. Өз қимылдарыңызды, өтінемін, түсіндіріңізші.

Уақыт 10 минут.

Станция

Науқаста, өтінемін, кеуде алдыңғы қабырғасындағы жүрек қақпақшаларының проекциясын және жүрек үндерін тыңдау орнын анықтаңыз. Науқаста ережеге сәйкес жүрек аускультациясын жүргізіңіз. Аускультациялық мәліметтерге сүйене отырып қорытынды жасаңыз және олардың диагностикалық маңызын айтыңыз. Барлық қимылдарыңызды түсіндіріңіз.

Уақыт 10 минут.

Станция

Өтінемін, жаңа туылған нәрестелердегі шартсыз рефлекстерді анықтаңыз және атаңыз. Олардың болу болмауын, симметриялылығын, пайда болу уақыты мен жоғалу уақытын, жауап беру күшін (гипорефлексия, гиперрефлексия), бала жасына сәйкес келе ме бағалаңыз.

Уақыт 10 минут.

Станция

Өтінемін, менингеальды симптомдарды анықтау бірізділігін сақтай отырып менингеальды симптомтарды анықтаңыз. Патология бар жағдайда оларды түсіндіріңіз. Менингеальды симптомдар мен олардың туындау себептерін атаңыз.

Уақыт 10 минут.

ОҚКЕ бағалау критерийлері

«Тыныс алу мүшелерінің аурулары» блогі

«Өкпе перкуссиясы» дағдысы

Компетенция Бағалау критерийлері Балл бойынша бағасы*
I Білім Білімі бар: · балаларда өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасау көрсеткіштері туралы · балаларда салыстырмалы перкуссия техникасы туралы
Тұйық дыбыстың патологиялық жағдайда пайда болу себептерін дұрыс атады: · плевра қуысына сұйықтық жиналуы, өкпе тінінің тығыздануы (пневмония, ателектаз, ісік); · дыбыстың тұйықталуы немесе қысқаруын өкпе тінінде ауаланудың азаюымен байланыстырды (ошақты инфильтрация); · тұйықталған-тимпаникалық дыбыс, емтихан тапсырушының ойынша өкпе тінінің эластикалылығы мен ауалануының бір мезгілде төмендеуі жағдайында туындайды (майда ошақты инфильтрация, пневмонияның бастапқы сатысы, жекеленген өкпе ателектазы); · ауаланудың жоғарылауымен тимпаникалық дыбыстың қатаюы (каверна, абсцесс, бронхоэктаздар, пневмоторакс, өкпе эмфиземасы).
Дағды бойынша барлық max балы
II Практикалық дағды Перкуссияны өткізу үшін баланың қасында дұрыс қалыпты қабылдады. Студент барлық ережені сақтай отырып, ретімен өкпенің салыстырмалы перкуссиясын көрсетті: плессиметр–саусақ жауырын арасында тігінен қойылады, ал қалған жағдайларда - көлденең қойылады.
· алдыңғы жағынан өкпе ұшы, бұғана ортаңғы сызық бойынша оң және сол жағынан IV қабырғаға дейін дыбысты салыстырды
· қолтықасты сызықтары бойынша перкуссия қабырғааралықтарымен жүргізілді
· артынан перкуссия жауырын үстінде оң және сол жағынан, сосын жауырынаралықта жүргізілді
· оң жақта бауырдың болуына байланысты перкуторлық дыбыс қысқаруының физиологиялық ерекшеліктерін дұрыс көрсетті
Дағды бойынша барлық max балы
III Коммуникативті дағдылары Өзара сәлемдесіп, танысқаннан кейін науқастың оң жағына отырды
Науқаспен және оның ата-анасымен қатынас орнатты, олардан аты-жөнін, жасын, қайда оқитындығын (егер оқушы болса) сұрады
Науқас және оның ата-анасымен қарым-қатынас психологиялық сенімділік аясында өткізілді
Науқас және оның ата-анасымен тиімді қарым-қатынас үшін вербальды (сөзбен), сонымен қатар вербальды емес коммуникацияларды қолданды (мимика, ымдау, дауыс интонациясы)
Коммуникативті дағдыларды толық меңгерді
Дағды бойынша барлық max балы
IV Денсаулық адвокаты · Медициналық шараларды, операциялық оталарды жасауда ақпаратты келісімдері туралы түсінігі бар
· Берілген манипуляцияны орындау үшін науқастан немесе оның ата-анасынан келісім сұрады
· Науқасты немесе оның ата-анасын осы зерттеуді жүргізудің себептері туралы ақпараттандырды
· Науқас ыңғайлы қалыпты қабылдағандығын (жатыр ма немесе тұр ма) тексерді
· Науқас үшін максимальды ыңғайлы (психикалық және дене) атмосферада объективті қарауды өткізді
Дағды бойынша барлық max балы
V Өзбетінше даму · Обьективті қарауды түсіндіру кезінде студент кәсіби сөйлеуді меңгеретіндігін көрсетті
· Перкуссия сатыларының реттілігін көрсетті
· Клиникалық ойлау логикалылығын танытты
Дағды бойынша барлық max балы
    Барлығы балл

Емтихан қабылдаушыға ақпарат:өтінемін, студенттің өкпе перкуссиясын жүргізу дағдысын бағалаңыз.

«Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесі аурулары» блогі

«Жүрек аускультациясы» дағдысы

ОҚКЕ бағалау критерийлері

Компетенция Бағалау критерийлері Балл бойынша бағасы*
I Білім Білімі бар: · Балаларда жүрек аускультациясын жүргізу көрсеткіштері туралы · Балаларда жүрек аускультациясының техникасы туралы
Тыңдаған кезде дыбыстық сипаттарды дұрыс бағалады: · Екі жармалы қақпақша · Қолқа қақпақшасы · Өкпелік артерия қақпақшасы · Үшжармалы қақпақша
Дағды бойынша барлық max балы
II Практикалық дағды Бала жанында ауыскультация жасау үшін ыңғайлы қалыпты таңдады. Емтихан тапсырушы науқаста алдыңғы кеуде қабырғасында қақпақшалар проекциясы мен жүректі тыңдау орнын дұрыс анықтайды:
· Екіжармалы қақпақша орны төстен солға қарай III қабырға бекіген аймақ
· Үшжармалы қақпақша орнын төсте сол жақта ІІІ қабырға шеміршегінің оң жақта Ү қабырғаның бекіген орны арасында;
· Өкпелік баған қақпақшасы төстен солға қарай II қабырғааралығы;
· Қолқа қақпақшасы – төс ортасында III қабырға шеміршегінің деңгейінде
Дағды бойынша барлық max балы
III Коммуникативті дағды Өзара сәлемдесіп, танысып болғаннан кейін науқастың оң жағына отырды
Қатынас орантты, науқастан немесе ата анасынан аты жөнін, жасын, қайда оқитындығын (егер оқушы болса) сұрады
Науқаспен және оның ата анасымен қатынас сенімді психологиялық атмосферада жүргізілді
Науқас және оның ата анасымен тиімді қатынас үшін барлық вербальды (сөзбен), сонымен қатар вербальды емес коммуникация құралдары (мимикасы, дауыс интонациясы, қимылдары).
Коммуникативті дағдыларды толық көлемде меңгерген
Дағды бойынша барлық max балы
IV Денсаулық адвокаты · Медициналық шараларды, операциялық оталарды жасауда ақпаратты келісімдері туралы түсінігі бар
· Берілген манипуляцияны орындау үшін науқастан немесе оның ата-анасынан келісім сұрады
· Науқасты немесе оның ата-анасын осы зерттеуді жүргізудің себептері туралы ақпараттандырды
· Науқас ыңғайлы қалыпты қабылдағандығын (жатыр ма немесе тұр ма) тексерді
· Науқас үшін максимальды ыңғайлы (психикалық және дене) атмосферада объективті қарауды өткізді
Дағды бойынша барлық max балы
V Өзбетінше даму · Объективті қарауды түсіндіруде студент кәсіби сөйлей алатындығын көрсетті
· Жүрек аускультациясы сатыларының реттілігін көрсетті
· Клиникалық ойлау логикалылығын көрсетті
Дағды бойынша барлық max балы
    Барлық балл

Емтихан қабылдаушыға ақпарат:өтінемін, студенттің жүрек аускультациясын жүргізу дағдысын бағалаңыз.

«Жаңа туылған нәрестелер мен ерте жастағы

балалар физиологиясы мен патологиясы» блогі

Жаңа туылған нәрестелерде шартсыз рефлекстерін зерттеу дағдысы

ОҚКЕ бағалау критерийлері

Компетенция Бағалау критерийлері Балл бойынша бағасы*
I Білім Білімі бар: · жаңа туылған нәрестелер шартсыз рефлекстерін анықтау туралы · жаңа туылған нәрестелер шартсыз рефлекстерінің тобы туралы · жаңа туылған нәрестелер шартсыз рефлекстерінің маңызы туралы  
Шартсыз рефлекстерді зерттеуде бағалау критерийлерін дұрыс атады: · болуы немесе болмауы (тез өшеді, тұрақсыз, толық жоқ) · симметриялылық (симметриялы, асимметриялы) · пайда болу және жоғалу уақыты (ерте редукция, кеш редукция) · жауап күші (гипорефлексия, гиперрефлексия) · бала жасына сәйкес келеді (қалыпты, патологиялық)
Дағды бойынша барлық max балы
II Практикалық дағды · баланы құндақтау үстелін дезинфекциялық ерітіндімен өңдеді және құндақты төседі. Нәрестені құндақтау үстеліне салды және құндақтады
· Келесі негізгі рефлекстерді зерттеді: - іздеу рефлекстері –жаңа туылған нәресте ауыз бұрышын ерініне тимей саусақпен сипаған кезде нәресте басын тітіркендіргіш жаққа қарай бұрады және (немесе) аузын ашады
· Қармау рефлексі – жаңа туылған нәресте алақанына саусағын салады және алақанына жаймен басады, нәресте алақанына салынған саусақты ұстайды және қатты қысады
· Тірек рефлексі – жаңа туылған нәрестені қолтығынан алады, көтереді және ұстап тұрып қатты жерге қояды, сол кезе нәресте денесін және аяқтарын тіктейді
· Еңбектеу рефлексі (Бауэр) – жаңа туылған нәрестені ішіне жатқызады және оның табанына алақанын тосады, нәресте алақанды итерып, еңбектеу қимылдарын жасайды
Дағды бойынша барлық max балы
III Коммуникативті дағды Өзара сәлемдесіп, танысқаннан кейін науқастың оң жағына отырды
Науқаспен және оның ата-анасымен қатынас орнатты, олардан аты-жөнін, жасын, қайда оқитындығын (егер оқушы болса) сұрады
Науқас және оның ата-анасымен қарым-қатынас психологиялық сенімділік аясында өткізілді
Науқас және оның ата-анасымен тиімді қарым-қатынас үшін вербальды (сөзбен), сонымен қатар вербальды емес коммуникацияларды қолданды (мимика, ымдау, дауыс интонациясы)
Коммуникативті дағдыларды толық меңгерді
Дағды бойынша барлық max балы
IV Денсаулық адвокаты · Медициналық шараларды, операциялық оталарды жасауда ақпаратты келісімдері туралы түсінігі бар
· Берілген манипуляцияны орындау үшін науқастан немесе оның ата-анасынан келісім сұрады
· Науқасты немесе оның ата-анасын осы зерттеуді жүргізудің себептері туралы ақпараттандырды
· Науқас ыңғайлы қалыпты қабылдағандығын (жатыр ма немесе тұр ма) тексерді
· Науқас үшін максимальды ыңғайлы (психикалық және дене) атмосферада объективті қарауды өткізді
Дағды бойынша барлық max балы
V Өзбетінше даму · Объективті қарауды түсіндіруде студент кәсіби сөйлеуге ие екендігін көрсетті
· Шартсыз рефлекстерді тексеру реттілігін көрсетті
· Клиникалық ойлау логикалылығын көрсетті
Дағды бойынша барлық max балы
    Барлық балл

Емтихан қабылдаушыға ақпарат:өтінемін, студенттің жаңа туылған нәрестенің шартсыз рефлекстерін анықтау дағдысын бағалаңыз.

 

«Балалар жұқпалы аурулары» блогі

Балалардағы менингеальды симптомдар

ОҚКЕ бағалау критерийлері

Компетенция Бағалау критерийлері Балл бойынша бағасы*
I Білім Білімі бар: · балаларда менингеальды белгілерді анықтау көрсеткіштері туралы
· әр менингеальды белгі бойынша білімі бар
· өмірінің бірінші жылындағы балалардағы менингеальды белгілер дұрыс аталды
· менингеальды белгілердің пайда болу себептерін атады
Дағды бойынша барлық max балы
II Практикалық дағды Емтихан тапсырушы науқас қалпын бағалады. Патологиялық қалыптарды атады және дұрыс сипаттады
Бас ауруының болуына, оның орналасуын нақтылады, аурудың даму динамикасын, оның есту, жарықтық және тактильді тітіркендіргіштердің әсерінен күшеюіне назар аударды
Желке бұлшықеттерінің ригидтілігін және жоғарғы Брудзинский симптомын анықтады
Керниг симптомын, ортаңғы және төменгі Брудзинский симптомдарын анықтады
Өмірінің алғашқы бір жылындағы балаларда ілу симптомын (Лессаж) және үлкен еңбегінің ісінуін анықтады
Дағды бойынша барлық max балы
III Коммуникативті дағды Өзара амандасып. Танысқаннан кейін науқастың оң жағына отырды
Қатынас орнатты, науқастан және оның ата-анасынан оты-жөнін, жасын, қайда оқитындығын (егер оқушы болса) сұрады
Науқас және оның ата-анасымен тиімді қарым-қатынас үшін вербальды (сөзбен), сонымен қатар вербальды емес коммуникацияларды қолданды (мимика, ымдау, дауыс интонациясы)
       
       
Дағды бойынша барлық max балы
IV Денсаулық адвокаты · Медициналық шараларды, операциялық оталарды жасауда ақпаратты келісімдері туралы түсінігі бар
· Берілген манипуляцияны орындау үшін науқастан немесе оның ата-анасынан келісім сұрады
· Науқасты немесе оның ата-анасын осы зерттеуді жүргізудің себептері туралы ақпараттандырды
· Науқас ыңғайлы қалыпты қабылдағандығын (жатыр ма немесе тұр ма) тексерді
· Науқас үшін максимальды ыңғайлы (психикалық және дене) атмосферада объективті қарауды өткізді
Дағды бойынша барлық max балы
V Өзбетінше даму · Менингеальды симптомдарды талдауда кәсіби сөйлеуге ие екендігін көрсетті
· Менингеаль симптомдарды зерттеу сатыларының реттілігін көрсетті
· Менингеальды симптомдар пайда болу себептерін талдауда клиникалық ойлау логикалылығын танытты
Дағды бойынша барлық max балы
    Барлығы балл

Емтихан қабылдаушыға ақпарат:өтінемін, студенттің менингеальды симптомдарды анықтау дағдысын бағалаңыз.

 

*Ескерту:1 – студент дағдыны игермеген

2 – студент дағдыны толық игермеген

3 – студент дағдыны біледі, бірақ шамалы қателіктер жібереді

4 – студент дағдыны толық меңгерген

Қорытынды бағалау критерийі

 

% Балл саны Қорытынды баға
100-90 100-90 Үздік
89-80 89-80 Жақсы
79-70 79-70 Қанағаттанарлық
69 және одан төмен 69 және одан төмен Қанағаттанарлықсыз

 

 

 

ОҚКЕ аттестациялық парағы

Пән: «Бала аурулары»

 

Студент шифрі Топ

 

Аттестация сатылары Баллдары Емтихан қабылдаушы қолы Ескерту
       
       
       
       
         
  Баллдарының жалпы саны      
  Қорытынды баға      

 

 

Емтихан комиссиясының төрағасы

 

Емтихан комиссиясының мүшелері:

 

«Балалар аурулары» пәні бойынша ОҚКЕ хаттамасы

 

Топ №________ «_____»____________201 ж.

Шифры Студент аты-жөні № сатылар және баллдарының саны Орташа балл Бағасы
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   

 

Емтихан комиссиясының төрағасы: __________________________________________

 

Емтихан комиссиясының мүшелері: _______________________________________________

 

_______________________________________________________________________________

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.