Здавалка
Главная | Обратная связь

Репликация. Транскрипция 10 страница



 

Апоптоз

 

7.2.4. Кесте толтыру: «Апоптоз және некроздың морфологиялық ерекшеліктері»

 

Үдерістер Морфологиялық ерекшеліктері
Апоптоз  
Некроз  

 

7.3. Бақылау сұрақтары:

7.3.1. Не себепті апоптоз жасушаның физиологиялық өлімі деп аталады?

7.3.2. Жасуша апоптозының некроздан айырмашылығы неде?

7.3.3. «Ішілік апоптоз» және «бұйрықтық апоптоз» айырмашыдлықтары неде?

7.3.4. Қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін апоптоздың ролі қандай?

7.3.5. Апоптоздың бұзылуының медициналық зардаптары қандай?

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Апоптоз – жасушалардың бағдарланған, физиологиялық өлімі Апоптоз – программированная клеточная смерть, физиологическая гибель клеток Apoptosis – programed cellular death, physiological death of cells  

 

Құрастырушы: оқыт. Г.Т.Танеева

 

14-тәжірибелік сабақ

1. Тақырыбы: Геномика. Гендік инженерия

 

2. Мақсаты: Студенттерде гендік инженерия, геномика жетістіктіктері мен зерттеулердің қағидалары, заманауи медицинада олардың маңызы жайлы білімді қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- қазіргі кездегі гендік-инженериялық технологиялар, олардың медицинада және фармацияда қолданылуы туралы түсінікті қалыптастыру;

- Мак-Кьюссиктің (ОМIМ) тұқым қуалайтын аурулардың электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істеуді үйрету

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1.Адам геномының құрылысының құрылымы. «Адам геномы» бағдарламасы және оның маңызы.

4.2. Гендік-инженериялық технологиялар. Гендік инженерияның заманауи жетістіктері және болашағы.

4.3. Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері: полимеразалық тізбектік реакция, ДНҚ рестрикциясы, блот-гибридизация әдістері, ДНҚ клондау, секвенирлеу.

4.4. Қазіргі кездегі молекулалық-генетикалық әдістерді және олардың технологияларының медицинада қолданылуының негізгі бағыттары.

5. Оқыту әдістері:үйлесімді оқыту тәсілі(кесте толтыру, сызбаларды салу, адамның геномдық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу ). Интерактивті оқыту тәсілі- рөлдік ойын (сценариі 2-ші қосымшада).

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.1.Қуандықов Е.Ө.,Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2011. 446 б.

6.2. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ. Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері. Алматы, 2009. 216 б.

6.3. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е., Молекулалық биология негіздері. Алматы, 2008. 224 б.

6.4. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002, б. 82-85.

6.5. Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004, б. 155-181.

6.6. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М., 2004, с. 21-44.

6.7. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006, с. 327-370.

6.8. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., 2003, с. 142-162.

6.9. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша -қазақша сөздігі. Алматы, 2012, 112б.

Қосымша:

6.10. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А. М., 2004, с.11-32, 237-270.

6.11. Геномика – медицине. Под ред. Иванова В. И. М., 2006, с.349-376.

6.12. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005, с. 150-196, 351-379.

6.13. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, РодерикР, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010, с. 53-71

6.14. Интернет сайттары:

http ://www. genningen. com

http://www.genome.com/ua

http://www.biomedicine.ru/php


7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.

7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.1.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 2 нұска.

7.1.3. Кесте толтыру:

1) ПТР бір циклының сатыларын сипаттаңыз:

 

Саты атауы Температуралық режим Үрдісті сипаттау
     
     
     

 

2) ПТР негізгі компоненттерін сипаттаңыз:

Негізгі компоненттері Олардың қызметі
ДНҚ-матрица (қалып)  
Екі праймер  
Термостабильті ДНК-полимераза  
Дезоксинуклеозидтрифосфаттар (dATP, dGTP, dCTP, dTTP)  
Mg2+ и иондары  
Буферлік ертінді  

7.1.4. Әкелікті анықтауға арналған есеп шығару.

ПТР «саусақтардың генетикалық таңбаларын» салыстыруда қолданылады. Бұл үшін қылмыс болған жерден – қан, сілекей, спрема, шаштар және т.б. генетикалық материалдың үлгісі қажет. Оны қылмыскердің генетикалық материалымен салыстырады. ДНҚ-ның өте аз мөлшері- бір көшірмесі жеткілікті. ДНқын фрагменттерге бөледі, содан соң ПТР көмегімен амплификациялайды. Фрагменттерді ДНҚ электрофорез көмегімен бөледі. ДНҚ жолақтарының орналасуынан алынған көрініс«саусақтардың генетикалық таңбалар» (ағыл. genetic fingerprint) деп атайды.

1) 2)

ПТР арқылы амплификацияланған ДНҚ-фрагменттерінің электрофорез нәтижелері көрсетілген.(1) Әке. (2) Бала. (3) Шеше.

Әкелік туралы қортынды беріңіз және оның негізін түсіндіріңіз.

 

7.1.5. ДНҚ рестрикциясына есеп шығару.

Ұзындығы 5000 жұп нуклеотидтен (ж.н.) тұратын ДНҚ молекуласы жеке А рестриктазамен және В рестриктазамен өңделген.

 

А рестриктаза ДНҚ 4 фрагментке бөледі: мөлшерлері 2100, 1400, 1000 и 500 ж. н. В Ал В рестриктаза 3 фрагментке бөледі: 2500, 1300 және 1200 ж. н.

Осы ДНК бөлігін бір мезгнілде екі ферментпен де өңдегенде 6 фрагментке бөлінеді: 1900, 1000, 800, 600, 500, 200 ж. н.

ДНҚ фрагментінің рестрикциялық картасы берілген. Осы А және В ферменттерінің рестрикция мәліметтерін пайдалана отырып, ДНҚ фрагментінің рестрикциялық картасына сәйкестендіріп, рестрикциялық карталау жүргізіңіз.

 

7.1.6. Адамның геномдық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу: есептер шығару.

1. Адамада NF1 генінің мутациясы ауыр генетикалық ауру бірінші типті нейрофиброматозды (neurofibromatosis, type1) тудырады. NF1 гені адамның қандай хромосомасында орналасқан?

-Тапсырманы орындау үшін келесі мүмкіндіктерді пайдаланыңыз:

Тапсырманы орындау үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалаңыз

· Online Mendelian Inheritance in Man (OMIM)

8.

 

2. Гемофилия А – қан ұюының VIII факторының генінің мутациясынан дамитын жыныспен тіркесті ауру. F8С гені адамның ең ірі гендерінің бірі –26 экзондардан тұрады. АдамдаF8C гені қандай хромосомада орналасқан?

-

Тапсырманы келесі көмекпен орындаңыз:

· Online Mendelian Inheritance in Man (OMIM)

 

 

3. Муковисцидоз (ұйқы безінің кистозды фиброзы) – ақ нәсілдердің арасында ең көп таралған моногенді тұқым қуалайтын ауру. CFTR генінің ақуыздық өнімі – трансмембрандық реттеуші ақуыз, хлор иондарының белсенді тасмалдануы жүретін эпителиальды жасушалардың апикальды мембранасының каналы болып табылады. Әдебиеттік мәлімметтерге сәйкес МВ- мен ауыратын науқастарда кездесетін ең мажорлық (диагностикалық маңызды) мутациялар келесілер: delF508, CFTRdel21kb, 2143delT, 3737delA, 2184insA, 394delTT, W1282X, G542X, N1303K .

- Адам хромосомасындағы CFTR генінің және келесі мутациялардың: delF508, CFTRdel21kb, 2143delT, 3737delA, 2184insA, 394delTT, W1282X, G542X, N1303K орнын анықтаңыз.

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Тапсырманы келесі көмекпен орындаңыз:

· Online Mendelian Inheritance in Man (OMIM)

· Human Gene Mutation Database (HGMD)

 

 

4. Фенилкетонурия (ФКУ) – бауырдың фенилаланингидроксилаза ферментінің синтезін бақылайтын PAH генінің тұқым қуалайтын дефектімен байланысты ең жиі кездесетін аутосомды-рецессивті аурулардың бірі. Қазақстандағы ФКУ-ның орташа жиілігі 6000-10000 нәрестеге 1-ден келеді. Ең жиі кездесетін мутациялар типі – бірнуклеотидті алмасулар (миссенс, нонсенс және сплайсинг сайттарындағы мутациялар). ФКУ –дағы мажорлық мутация R408W болып табылады.

- Адам хромосомасындағы PAH геннің және R408W мутациясының орнын анықтаңыз.

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Тапсырманы келесі көмекпен орындаңыз:

· Online Mendelian Inheritance in Man (OMIM)

· Human Gene Mutation Database (HGMD)

 

 

5. Сүт безінің және аналық бездердің жанұялық рагы (СБР) Европа әйелдерінің әрбір 10 –ында анықталады. СБР 5-10 % шамасы тұқым қуалайды. Мутацияға ұшырауы СБР және аналық бездердің рагының себебі болып табылатын онкосупрессор – екі ген–BRCA –1 және BRCA – 2 анықталған және хромосоадағы орны анықталған.АдамдаBRCA –1 және BRCA – 2 гендері қандай хромосомада орналасқан?

- Тапсырманы келесі жолмен орындаңыз:

· Online Mendelian Inheritance in Man (OMIM)

 

7.2. Тәжирбиелік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.2.1. Гендік инженерия технологиясының кезеңдерінің сызбасын сызу және түсіндіру.

 

7.3. Өзін өзі жетілдіру дағдысын бағалау:

«Гендік инженерия негіздері», «Геномика, протеомика және метаболономика» және «Жасушалар мен ағзаларды клондау» тақырыптары бойынша СӨЖ-ді қорғау.

 

7.4. Бақылау сұрақтары:

7.4.1. Геном дегеніміз не?

7.4.2. «Адам геномы» бағдарламасының медициналық маңызы

7.4.3. ДНҚ талдау әдісінің кезеңдері

Түсініктеме сөздер:

 

Қазақ тілінде Орыс тіліне Ағылшын тілінде
Гендік инженерия – белгілібір генді бір ағзадан басқа ағзаға енгізу арқылы генді белсендіріп, оның өнімін (ақуыз) пайдалану мақсатында рекомбинантты (гибридті) ДНҚ молекуласын алу әдісі Генная инженерия– метод создания рекомбинантных (гибридных) молекул ДНК путем переноса определенного гена из одного организма в другой с последующей экспрессией и использованием его продукта (белка) Gene engineering – method of creating of recombinant (hybrid) molecule of DNA by transition gene from one organism to another and subsequent expression of gene and using his product (protein)
ДНҚ клондау – қажет ДНҚбөлігін бөліп алып, олардың көптеген көшірмелерін алу үдерісі Клонирование ДНК –процесс выделения заданной последовательности ДНК и получения многих ее копий DNA cloning -process of copying and obtaining numerous copies of analysing fragments of DNA

 

Құрастырушы: Қашағанова Ж.А.

 

15-тәжірибелік сабақ

 

1. Тақырыбы: «Молекулалық биология негіздері» тарауы бойынша аралық бақылау

2. Мақсаты: студенттердің дәріс материалдары мен практикалық сабақтарда алған түсініктері мен білім деңгейлерін жасушаның гентикалық материалының құрылысы мен қызметі, мутацияның пайда болу себептері мен механизмдері, ДНҚ зақымдану репарациясының молекулалық механизмдері, замануи онкологиядағы генетиканың рөлі.

3. Оқыту міндеттері: студенттерді ауызша сұрау, типтік есептер шығарту арқылы студенттердің осы тараудан алған білім деңгейлері мен түсініктерін анықтау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Молекулалық биология пәні және міндеттері.

2. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ, құрылысы және қызметтері.

3. Ген, молекулалық-биологиялық анықтамасы. Мутон, рекон, цистрон.

4. Прокариот және эукариоттар генінің молекулалық-генетикалық құрылысы.

5. Гендердің жіктелуі.

6. Молекулалық биологияның орталық догмасы (Криктің негізгі постулаты).

7. Тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының берілу бағыттары мен типтері: жалпы, арнайы, тыйым салынған.

8. Ауруларға диагноз қоюда, емдеу мен алдын-алудағы ДНҚ талдаудың маңызы мен рөлі.

9. ДНҚ репликацияның ұстанымдары.

10. ДНҚ репликациясының бастаушы және ілесуші тізбектерінің ерекшеліктері.

11. Репликацияға қатысатын негізгі ферменттердің қызметтері.

12. Репликация қателіктерінің пайда болу механизмдері, ұстанымдары және түзетілуі.

13. Теломерлік ДНҚ-ның репликациялану ерекшелігі.

14. Теломераза, оның құрылысы және қызметі.

15. Сызықты ДНҚ молекуласының ұштарының ұзаруының альтернативті механизмдері.

16. Репликация қателіктерінің және сызықты ДНҚ молекуласының теломерлік бөліктерінің репликацияланбауының медициналық маңызы.

17. Транскрипция, анықтамасы, кезеңдері.

18. а-РНҚ синтезделуіндегі матрицалық принцип, репликациядан транскрипцияның айырмашылығы.

19. Транскрипция үдерісіне қатысатын ферменттер.

20. Прокариот және эукариотгендеріндегі транскрипцияның механизмі: инициация, элонгация, терминация.

21.Трансляцияның биологиялық және генетикалық маңызы неде?

22. Про- және эукариоттар трансляциясының ерекшеліктері.

23. Трансляция процесінде рибосоманың, т-РНҚ-ның рөлі қандай?

24. Трансляция қателерінің пайда болу механизмдерінің себебі неде және олардың медицинада

маңызы қандай?

25. Генетикалық код, анықтамасы.

26. Генетикалық кодтың қасиеттері.

27. Генетикалық кодтың медициналық маңызы.

28. Гендер белсенділігінің реттелуі, анықтамасы, маңызы, тірі ағзалардың (жасуша) тіршілігіндегі мәні.

29. Прокариот гендер белсенділігінің реттелуінің оперондық моделі.

30. Гендер белсенділігінің реттелуінің типтері (негативті және позитивті, репрессибелді).

31. Гендер белсенділігінің реттелуінің деңгейлері, сипаттамалары: геномдық деңгейде, транскрипциялық деңгейде, посттранскрипциялық деңгейде, трансляциялық деңгейде, посттрансляциялық деңгейде

32. Эукариоттар гендерінің белсенділігінің реттелуінің ерекшеліктері.

33. Гендер белсенділігінің реттелуінің бұзылуы және оның патологиялық процестермен байланысы.

34. Генетикалық материалдың жасушадағы орны (ядролық, цитоплазмалық).

35. Жасуша ядросындағы генетикалық материалдың құрылымдық-функциональдық

ұйымдасу деңгейлері және оның қалыптасу механизмдері.

36. Эукариоттардың генетикалық материалының нуклеогистондық ұйымдасуы.

37. Хроматин, эу- және гетерохроматин, сипаттамасы.

38. Хромосома типтері. Хромосомалардың Денверлік және Париждік номенклатурасы.

39. Кариотип, анықтамасы, медициналық-генетикалық маңызы.

40. Медицинадағы жасуша құрылымның өзгеруінің маңызы.

Митоздық цикл, анықтамасы, кезеңдері.Сипаттамасы.

41. Митоздың негізгі реттеушілері (циклиндер, киназалар).

42. G1, S, G2 кезеңдеріндегі кешендердің әсері.

43. MPF және APC кешендерінің әсері.

44. Жасушаның митоздық циклды өтуінің бақылануы (тексеру нүктелері).

45. Митоздық циклдың бұзылу механизмдері және себептері.

46. Митоздық циклдың бұзылуының медициналық зардаптары.

47. Гаметогенез, сипаттмамасы.

48. Оогенез, сперматогенез.

49. Мейоз – ағзаның жынысты көбеюі мен комбинативті өзгергіштігінің негізі.

50. Мейоз кезіндегі хромосомалардың құрылысының динамикасы және қызметі.

51. Мейоздың жалпы биологиялық, генетикалық және медициналық маңызы.

52. Тұқым қуалайтын өзгергіштік.

53. Рекомбинативті өзгергіштік.

54. Рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизмдері

55. Мутагенез, мутагендік факторлар.

56. Мутациялық өзгергіштік, жіктелуі

57. Геномдық және хромосомалық мутациялар себептері, пайда болу механизмдері

58. Геномдық және хромосомалық тутациялардың жіктелуі

59. Геномдық және хромосомалық мутациялардың хромосомалық аурулардың дамуындағы ролі.

60. Гендік мутациялар, олардың себептері, жіктелуі.

61. Репликация қателіктерінен болатын мутациялардың типтері, даму механизмдері.

62. Оқылу рамкасының өзгеруі типту мутациялар, даму механизмі.

63. Гендік мутациялардан дамитын тұқым қуалайтын аурулар.

64. Репарация, себептері, типтері.

65. Репарациялардың пайда болу механизмдері.

66. Апоптоз, анықтамасы.

67. Апоптоздың себептері.

68. Апоптоздың даму сатылары.

69. Апоптоз үдерісінің генетикалық бақылануы.

70. Апоптоздың медициналық маңызы.

71. Канцерогенез. Канцерогендік факторлар, жіктелуі, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

72. Протонкогендер және онкогендер жайлы түсінік, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

73. Антионкогендер, олардың ісікке қарсы қорғаныш механизмдері.

74. Онковирустар, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

75. Қатерлі ісіктер, даму сатылары, қасиеттері.

76. Генетиканың заманауи онкологиядағы маңызы.

77.Адам геномының құрылысының құрылымы. «Адам геномы» бағдарламасы және оның маңызы.

78. Гендік-инженериялық технологиялар. Гендік инженерияның заманауи жетістіктері және болашағы.

79. Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері: полимеразалық тізбектік реакция, ДНҚ рестрикциясы, блот-гибридизация әдістері, ДНҚ клондау, секвенирлеу.

80. Қазіргі кездегі молекулалық-генетикалық әдістерді және олардың технологияларының медицинада қолданылуының негізгі бағыттары.

5. Оқыту әдістері: ауызша / жазбаша сұрау, тестілеу.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

6.5. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М.: Гэотар-Мед, 2004.

6.6. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А.. М., 2004.

6.7. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.

6.8. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007.

6.5. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы, 2009.

6.6. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006.

6.7. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002.

6.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006.

6.9. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.

6.10. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша- қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012 б.

6.11. Фаллер Д.М., Деннис Шилдс. Молекулярная биология клетки. М., 2006.

 

Қосымша:

6.12. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. В 2-х томах. М.: Высшая школа, 2001. Т.1.

6.13.Дориан Дж. Притчард, Брюс Р. Корф. Наглядная медицинская генетика. Перевод с английского под редакцией акад. РАМН Н.П.Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009.

6.14. Заяц Р.Г., Бутвиловский В.Э. и др. Общая и медицинская генетика. Ростов-на- Дону. 2002.

6.15. Вопросы и задачи по общей биологии и общей и медицинской генетике (с пояснениями). Под ред. проф. Иткеса А.В. М., 2004.

6.19. Мутовин Г.Р. Основы клинической генетики. М., 2001.

6.20. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

6.21. Роберт Л.Н., Родерик Р., Мак-Иннес., Хантингтон Ф. Виллард. Медицинская генетика. Под ред. акад. РАМН Бочкова Н.П. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

7. Бақылау

7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

7.1.1. Тарау сұрақтары бойынша ауызша/жазбаша сұрау.

7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 12 нұска.

7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

1. Нуклеотидтің құрылысының сызбасын сызу және түсіндіру.

2. Геннің құрылысының сызбасын сызу және геннің барлық суббірліктерінің функциональдық маңызын түсіндіру.

3. ДНҚ репликациясының ұстанымдарының сызбасын сызу және түсіндіру.

4. ДНҚ–ның бастаушы және ілесуші тізбектерінің репликациясының сызбасын сызу және түсіндіру.

5. ДНҚ репликациясына қатысатын, негізгі ферменттерді атау және репликация үдерісіндегі олардың маңызын түсіндіру.

6. Сызықты ДНҚ молекуласы ұштарының толық репликацияланбау себебін, ұзару механизмінің сызбасын сызу және түсіндіру.

7. Транскрипция үдерісіне анықтама беру және сызбасын сызу, транскрипция үдерісіне қатысатын ферменттердің құрылысы және қызметін, транскрипция сатыларын сипаттау.

8. а-РНҚ пісіп жетілу үдерісінің сызбасын сызу және түсіндіру.

9. РНҚ, типтері, құрылысы, қызметі.

10. Геннің трансляция үдерісінің сызбасын сызу және түсіндіру, трансляция үдерісіне қатысатын ферменттерді,сатыларын, олардың рөлін сипаттау.

11. Генетикалық код, анықтамасы, қасиеттері, геннің трансляция үдерісініндегі олардың рөлі.

12. Гендер белсенділігінің реттелуінің оперондық моделінің сызбасын сызу және түсіндіру.

13. Хроматин, анықтамасы, құрылысы, типтері, функциональдық маңызы.

14. Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.