Здавалка
Главная | Обратная связь

Психоседативтік нейролептиктер – адреноблокаторлар.



1. Аминалкилді радикалды фенотиазин туындылары.

Аминазин күшті левомепромазин – психоседативті әсер етеді және орташа

антипсихотикалық эффектісі бар. Маниакалді қозуды (левопромазин ұйқы шақырады) немесе галлюцинаторлық – сандырақты басады. Аминазин мен левомепромазинмен емдегенде алғашқы күндері моторлы тежеулілік «бастағы мисыздық» сезімі, толық немқұрайлылықты сезіну, ұйқышылдық, әлсіздік пайда болады. Бұл нейролептикалық синдромның көрінісі субъективті ауыр өтеді. Бұдан бөлек, аминазин депрессияға әкеледі. Психоседативтік нейролептиктер көрсетілген топтағы анальгетиктердің, этил спиртін, ұйқышақыратын, наркоздық заттардың әсерін потенциалайды (күшейтеді).

Антипсихотикалық нейролептиктер – дофамин блокаторлары.

Антипсихотикалық нейролептиктер психикалық ауруларда (егер де тежелу көріністерімен олар бірге жүрсе) ұзақ → ес үшін қолданылады.

Пиперазиндік радикалді фенотиазин туындылары

Трифтазин.

Фторфеназин.

Этаперазин.

Бұл топтағы нейролептиктер күшті антипсихотикалық әсер етеді және

Нейролептикалық синдром шақырмайды. Мұндай әсер етуді ипцизивті «кесетін» деп атайды. Аз дозада курспен нейролептиктерді қолданғанда науқастардың активтілігі жоғарылайды. Мотивацияны қайта қалпына келтіреді, өзіне және қоршаған ортаға, туыстарына деген қызығушылық артады, моторлы активность жақсарады, ал негативті синдромдар (аутизм, сөйлеу кедейшілігі) босаңсиды. Типотермиялық эффектісі нашар, құсуға қарсы әсері едәуір (трифтазин 18-20 рет, этаперазин 5-10рет аминазиннен күштірек құсуды басады). Антипсихотикалық нейролептиктер α – адреноблокаторларына жұмсақ әсер етуінен артериальді гипотензия болмайды; М- холинорецепторларды, гистамин рецепторларын блоктайды. Пролактиннің секрециясын едәуір көтереді. Психоседативті нейролептиктерді қолдануға қарағанда паркинсонизм және басқа да қозғалыс сферасындағы бұзылыстар ауыр түрде өтеді.

Бутирофенон туындылары.

Галоперидол.

Активті инцизивті компоненті бар антипсихотикалық әсер етеді, психомоторлы

қозуды басады, аминазинге қарағанда 50 рет күштірек құсықты басады, пролактин секрециясын стимулдайды, ұзақ қолданғанда қозғалыс сферасында ауыр бұзылыстарды шақырады.

Ауыстырмалы бензамид туындылары.

Сульпирид.

Лимбикалық жүйеде Д2 және Д3- дофамин рецепторларын талдап блоктайды,

ала дененің Д2 –рецепторларына әсер етпейді. Антипсихотикалық әсері орташа үрейге қарсы, психостимулдау және антидепрессивтік эффектілермен (тимонейролептик) бірге жүреді және реттеу эффектісімен айқындалады.

Дофаминнің Д3 – рецепторларының антогонисті ретінде шизофренияның негативті симптомдарын жеңілдетеді. Шизофрессиямен ауыратын науқастарда 400-1000 mg/тәу дозада аутизмді, ашушаңдықты, апситацияны төмендетеді, ал 1000-1600mg/тәу гальюцинация мен сандыақтауды жояды. Аминазинге қарағанда 140 рет күштірек құсуды басады, асқорыту трактісінің қозғалу функциясының, сілекей асқазанның қабаттарының регенерациясын, қанайналымын жақсартады. Сульпирид шизофренияда ғана емес, жара ауруын емдеуге, ішектің тітіркену синдромында, бронхиалды астмасында, ауырсынук синдромында, импотенцияда, героин мен алькоголь абстинентті синдромында, депрессия мен астенияда қолданады. Сульпиридтің емдік эффектісі алекситимин редукциясымен қатысты болуы мүмкін. Бұл эмоция түрлерін бағалай алмау, түсінбеу; Алекситимия хабарламаның мүйізгекті дене арқылы оң жақтағы жартышардан сол жаққа берілуінің бұзылысынан пайда болады.

Тиапирид.

Дофаминнің сенсибилизирленген Д2 – рецепторларын талдап блоктайды. Аз дозада ОНЖН стимулдайды, ал үлкен дозада орташа антипсихотикалық, үрейге қарсы және анальгетиктік әсер етеді. Д2 – рецепторларының гиперфункциясынан болған қозғалыс бұзылыстарын азайтады. Ұзақ басқа нейролептиктерді қабылдап жатқан науқастарға дискинезияны коррекциялауға қолданады; Тентигтон хоресиясында, агрессияда, психомоторлы тұрақсыздықта, созылмалы ауырсыну синдромында, созылмалы алкоголизмде, гериатрия практикасында вегетативті бұзылыстарда қолданылады.

Атипиялық нейролептиктер.

Атипиялық нейролептиктер бутифербн мен фенотиазин туындыларына қарағанда гипоталамус пен нигростриарлық жүйе де дофаминнің Д2 – рецепторларын аз дәрежеде блоктайды; бөгеуі ұзақ емес, 5 – НТ2 серотонин рецепторларының антогонисті болып келеді. Олар психопродуктивті симптоматиканы, коморбидтік аффективтік бұзылыстарды (депрессия, дисфония) эффективті басады, 1-6 айдан соң, жәй коммуникативті қабілетті, абстракті ойлауды, есте ұстауды, шизофрениядағы сөз бермеуді жақсартады, сирек пролактин секрециясын жоғарылатады, экстрапирамидтік бұзылыстарды шақырады. Басқа традициалық препараттарға, науқастарда емге резистенттік пайда болғанда тағайындалады және рецидивке қарсы ем үшін қолданады. Атипиялық нейролептиктерге бензодиазепин туындысы клозапин, жатады.

Клозапин.Гипоталамус пен ала денеде дофамин Д2- рецепторларына төмен аффинитетік әсер етеді, үлкен жарты шар ми қыртысының префронталді облысында және лимбикалық жүйеде Д4- рецепторларын, l - адренорецепторларын, М – холинорецепторларын, гистамин Н1 – рецепторларын, 5 – НТ серотонин рецепторларын блоктайды. Антипсикотикалық, психоседативтік әсері бар. Апатияға тежеу, әлсіздікке әкелмейді, экстрапирамидтік бұзылыстар сирек кездеседі, ал пралактиннің секрециясына әсер етпейді. 1% науқастарда клозапин ауыр агранулоцитоз шақырады, 7% - ортостатикалық гипотензия, сирек токсико-аллергиялық миокардит пайда болу қаупі бар.

Атипиялық нейролептиктер психотроптық әсері мен жанама эффектісіне байланысты өзара бір-бірімен бөлектенеді. Клозапин мен оланзапиннің антипсихотикалық әсері зор, ал рисперидон мен амисульприд – антигаллюцинарлық және сандырақтауға қарсы талдап әсер етеді.Клозапин, оланзапин, кветиапиннің седативтік әсері үлкен дәрежеде айқын, ал амисульприд пен рисперидонда – активтік эффектісі. Атипиялық нейролептиктерді ұзақ мол қабылдағанда II – типті қант диабетінің пайда болу қаупі бар. Басында пациенттерде гиперинсулинемия пайда болады, сонан соң инсулин мен гипергликемияға резистенттік пайда болады. Қант диабетінің пайда болуы салмақ қосумен, Н1 – гистамин рецепторларын, 5-НТ2 с серотонин рецепторларын блоктаумен, қанда лептин көлемін көтеру (адипоциттермен шығарылады, линидтердің синтезін тежейді, катоболизмін стимулдайды). Нейролептиктерді доғару қант диабетінің дамуын тоқтатады. Нейролептиктердің қарсы көрсеткіші: Паркинсон ауруы, дәрілік паркинсонизм, ауыр депрессия, эпилепсия, айқын церебралді склероз, глаукома, гиперпролактинемия, порфприя, агронулоцитоз, аритмия, артериалды гипотензия, қант диабеті, жүктілік, простата аденомасы. Бензамид туындыларын феохромоцитомадге тағайындау қауіпті. Нейролептиктермен емдегенде емізуді доғару керек.

Транквилизаторлар. (Анксиолитиктер)

Транквилизаторлар – дәрілік заттардың кең тараған түрі. Дамыған елдерде 90% - адамдар транквилизаторларды эпизодпен қабылдайды, 20% ем үшін ұдайы қабылдайды. Олардың қолданылуы жылдан жылға өсуде, өйткені олардың терапевтикалық эффектісі жоғары және орташа қауіпсіз. Үрейді эмоционалды реакцияның жиі кездесетін түрі деп бағалайды. Үрей психоздың (шизофрения, аффективті бұзылыс, деперсоналді), өзіндік бұзылыс симптомдарының , соматикалық патологияның, стресстің эмоционалді компоненті болуы мүмкін. Белгісіз, қауіпті жағдайларда, қиын жағдайларда үрей ағзаның осы жағдайларға деген жауабы, үйренісу реакциясы болуы мүмкін. Егер қиын жағдайға пайда болған үрей өте айқын шамадан тыс болса патологиялық үрей диагнозы қойылады, үрейлі адамдарда және үрейлі бұзылыстарда префронталді ми қыртысында ГАМК – ергиялық тежеу жүйесінің активтілігі азаяды, тығыздығы төмендейді және бензодиазепиндік рецепторлардың генетикалықдетерминирленген модификациясы бақыланады. Үрейде еске (санаға) келетін хабарламаның фильтрециясы өзгереді, - потенциалді қауіпті хабарламаға көңіл бөлінеді, ал басқа барлық түйсіктер, хабарламалар перифериялық санаға шеттетіледі, шеттетілген хабарлардың дефициті үрейді коррекциялауды қиындатады. Үрейдің күшеюі баланстағы хабардың келуін одан әрі бұзады. Соңында аффективті толыққан идеялар коррекцияға көнбейді. Невротикалық жағдайлар ағзада адаптогендік реакциялардың төмендеуінен туындайды. Олардың себебі ішкі және жеке тұлғаның саяси әлеуметтік, экономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздардың өсуі, материалды жағдайдың төмендеуі, экологиялық катастрофалар, қоғамдағы криминалдар, халықтың кедейленуі. Клиникалық көріністері бойынша неврастениялық, депрессивті, обсессивтіфобиялық, истериялық, ипохондриялық невротикалық жағдайлардың түрлерін бөледі. Америкалық психиатр Бенджамин Раш 1810 жылы ағаштан жасалған бағындыру креслосын, транквилизатор деп атады. 150 жыл өткен соң бұл терминді жаңа психотропты заттар класын атауға қолданды. 1-ші транквилизатор – хлордиазепоксид (хлозепид) 1950 жылдары Z. Sternbach – тың басқаруымен Roche laboratories фирмасы шығарған. Аз дозада хлордиазепоксид агрессивті жануарларды бағындырады және миорелакцияны шақырады. Қазіргі кезде медициналық практикада 100- ден астам транквилизаторлар қолданылады. Транквилизаторлар психотропты және нейровегетотропты әсер етеді. Оларды седативті және күндіздік (активтейтін) заттар деп бөледі.

Психотропты әсері.

Үрейге қарсы (анксиометикалық) әсері. Транквилизаторлар психикалық адаптацияның бұзылған механизмдерін қалпына келтіруге әрекет етеді, мазасыздықты, қайғыруды, қорқынышты, үрейді, агрессияны, уайымды азайтады. Стреске тұрақтылықты көтереді, конфликті және экстремалді жағдайлардағы адаптацияны жақсартады. Неврозы бар науқастарға өзін-өзі ұстауына, іс- әрекетінің туралануына көмек береді. Транквилизаторлар неврологиялық жағдайларда психопродуктивті симптоматиканы басады:

обсессияны\ лат. obsession – блокада, бөгет) – еріксіз жеке тұлғаларда нашар ойлардың, қорқыныш, сезіктену, елестету, еске түсіру, оларға критикалық көзқарасы сақталады.

Фобия (грек. рhobos – қорқыныш, қорқу) – мезі қылатын қорқыныш, әртүрлі заттардан, қозғалыстан, іс-әрекеттен, жағдайлардан қорқу.

Ипохондрия (hypochondria, грек – hypochondrion – қабырға асты; ежелде бұл аурулық бұзылыстарды қабырға асты бұзылыстармен байланыстырған) – аурулық күмәншілдік аурудың мезі қылатын идеясымен және жағымсыз сезінулер дененің әртүрлі облысында өзінің денсаулығына деген үрейлі сақтану, өзін-өзі бақылау. Транквилизаторлардың эффективтілігі жақсы байқалады, егер аталған жағдайлар анық болып вегетативті бұзылыстармен бірге жүретін болса.

Экстериментте транквилизаторлар конфликті жағдайларда атжалманның іс-қимылын қалыпқа келтіреді. Атжалмандарды металдық су алатын тежегішті басуарқылы су алуды үйретеді. Ары қарай тежегішке электр желісін жүргізеді. Электртоктік тітіркендіруді дыбыспен немесе жарықпен сигнал қойылады. Жануарлар шартты сигналды көргенде су ішуді тоқтатады. Бұдан жануарларда биоритмдердің бұзылысы, қорқыныш, агрессия пайда болады, ал оларға транквилизаторлар енгізгеннен соң шартты сигналдарға тітіркенуге қарамай су ішеді.

Транквилизаторлар атжалмандарда неофобияны (жаңадан қорқу) жояды. Транквилизаторлар бензодиазепиндік рецепторлардың агонистері болып келеді. Гликопротеиндік мультирецепторлық комплекс ГАМКА 14 суббірлік пантамерден тұрады, олар 4 отбасылыққа жатады (6-l, 3 – P, 3 – γ, 2 – в). ОНЖ әртүрлі облыстарында рецепторлар әртүрлі композициядағы суббірліктерден (λ1 β1 γ2 λ1 β2 γ2 т.б.) тұрады. ГАМК – тың λ мен β – суббірлік рецепторларына әсер етуінен нейрон мембранасында хлор каналдарының ашылуы өседі. Хлор иондарының кіруінің жоғарылауынан мембранада гиперполиеризация туындайды, бұл қоздырғыш нейромедиаторлардың шығуын төмендетеді.

Транквилизаторлардың үрейге қарсы әсері гипоталамустың, лимбикалық жүйенің, ми қыртысының префронтальді облысының бензодиазепиндік рецепторларына әсер етуімен байланысты. Препараттар доминантты теріс эмоцияның пайда болуын доғарады. Транквилизаторлармен қатар бензодиазепин рецепторларының агонисті – инверстік (қайтарымды) агонистер β – карболиндер белгілі. Бұл серотонин метоболизмінің өнімі үрей мен тырыспаны шақырады.

Психоседативті әсері.

Седативті транквилизаторлар қозғалыс және психикалық реакцияларды, назар аударуды төмендетеді, ұйқышылдық пен әлсіздік шақырады, нейролептиктердің, анальгетиктердің, этил спиртінің , тырыспаға қарсы, ұйқы шақыратын, наркоздық заттардың эффектісін патенциалайды (күшейтеді). Седативтік эффектісі ретикулярлы формация мен таламустың ГАМК – синапстарының қатысуымен пайда болады.

Активтеу әсері.

Күндізгі транквилизаторлармен емдеуде неврозбен ауыратын науқастардың көңіл – күйі, есте ұстауы, назары, жағдайларға критикалық баға беруі жақсарады, сергектік, оянуы, инициативасын күшейеді, психастеникалық бұзылыстар жойылады. Науқастардың шешім қабылдауы жеңілдейді, үрейі азаяды.

Нейровегетотропты әсері.

Седативті транквилизаторлардың вегетативті сфераға және нейрофизиологиялық процесстерге әсер етуі көбірек.

Бұл топтың препараттары:

ұйықтауды жеңілдетеді, ұйқыны ұзартып, түнгі ұйқы бұзылысын төмендетеді.

активтеуі қозғалыстың көлемін, скелет еттерінің күшін, тонусын азайтады, өйткені жұлын миында ГАМК – тік тежеуді потенциялайды және жұлын – миына ретикулярлы формацияның активті әсерін алып тастайды.

жұлын- миында, мишықта, гиппокампта тежеу процесстерін күшейтеді, тырыспа ұстамаларын басады. Әсер ету ерекшеліктері, қолданылуы.

Фармакокинетикасы және жанама эффектілері.

Транквилизаторлардың сипаттамасы 48 таблицада берілген.

Седгативті транквилизаторлар (хлозепид, сибазон, алпразолам, феназпам) тез, үмітті эффектпен ауыр невротикалық жағдайларда адам жанына комфорт әкеледі, бірақ қозғалыс координациясын, ми мен жұмыс істеу қабілетін психикалық реакциялардың дәлдігі мен жылдамдығын төмендетеді. Седативті транквилизаторлардың амнестикалық әсері вазопрессиннің , окситоцин мен АКТГ – ның босатылуын төмендетуімен байланысты, үреймен депрессияны басуға бағытталған. Күндізгі, немесе анксиоселективті транквилизаторлар, стресс протекторлар (мезапам, тофизопам, мебикар) активті компонентпен үрейге қарсы әсер етеді. Әлсіз седативті, тырыспаға қарсы және миорелаксациялау әсері бар. Олар психикалық және мимен жұмыс істеу қабілетін есте ұстау, назарды, психомоторлы реакцияларды бұзбайды. Анксиоселективті транквилизаторлар қорқыныш, үрей синдромдарына таңдап (селективті) әсер етеді. Транквилизаторлар жаңа типтегі, азопирон туындысы Буспирон – 5НТ серотонин рецепторларының агонисті, ГАМК – бензодиазепиндік комплекспен әсерлеспейді. Буспироннің үрейге қарсы эффектісі оның серотонин рецепторларына әсер етуімен байланысты. Седативтік әсері жоқ, дәрілік үйреншілікті шақырмайды. Обсессивті – компульсивтік бұзылыстарда таңдау препараты болып табылады. Транквилизаторлар ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі. Энтерогепатикалық циркуляцияға қатысады Қан ақуыздарымен байланысты 70-90%, емшек сүтіне, плацентаға өтуі жақсы. Бензодиазепиндік транквилизаторлардың биотрансформациясынан активті метаболиттер өндіріледі және олардың жартылай элиминациялануы ұзақ болады.

Хлозепид, сибазон және клоразепат (пролекарство) N – деметилденеді. Олардың жалпы метаболиті нордазепам, содан соң нордазепам жәй 40-50 сағатта охсазепамға тотығады (ұйқы шақыруға қолданады). Эстазолам 3-гидрокси туындыларына тотығады. Алпразолам гидроксилді триазол кольцосындағы метил тобына қосады. Соңғы этапта оксазепам, 3-гидроксиэстазолам, l-гидроокситуындылары, тағы да темазепам және лоразепам глюкуронирлеу реакциясында инактивацияланады.(схемаға қара)

Қолдану көрсеткіштері:

үрейлі жағдайлар (қорқынышты медициналық, стоматологиялық процедуралар, жанұядағы ауру немесе трагедия).

шекаралық жағдай (невроз, истерия, обсессия, фобия, гипохондрия, гиперестезия анестезия).

психопатологиялық бұзылыстар (паникалық атыс, агорафобия, травмадан кейінгі стресс).

Шизофрениядағы қатты үрей ұстамаларында, деперсонализацияға, үрейлі – депрессивті синдромда; жоғарғы дозада антидепрессанттарды тағайындағанда.

терапевтикалық аурулар психоэмоционалдық бұзылыстармен (стенокардия, инфаркт миокарда, артериалды гипертензия, жара ауруында, бронхиалдық астма, климакс синдромы).

Седативті транквилизаторлар ұйқысыздықта, скелет еттерінің спазмында, эпилепсия статусын басуға және басқа да тырыспаларда, абстинетті синдромда, премедикацияда, атаралгезияда патенцирленген наркозда қолданылады.

Күндізгі транквилизаторлар үреймен, анатия, активтіліктің төмендеуімен жүретін неврозды және дені сау адамдарға стрессте қолданылады. Бұл топтың препараттары үй дәрі қорабында тұратын зат емес және тек қана қатаң көрсеткіш бойынша дәрігер тағайындауымен босатылады.

Транквилизаторларды, әсіресеседативті топты ұзақ қолданғанда жанама эффектілері пайда болады. Шаршаулық, ұйқышылдық, бас айналу, бас ауруы, қозғалыс координациясы, назар аудару концентрациясы бұзылады, еттің босаңсуы, антероградты амнезия, аккомодоция бұзылысы, көзішілік қысымның көтерілуі түс көрудегі обструктивті апноэ, аппетиттің төмендеуі, жүрек айну, диарея, сарғаю, жыныс дисфункция пайда болады.

Транквилизаторларға парадоксалды реакциялар пайда болады. Оларға агрессия, галлюцинация, ұйқысыздық, тремор, амнезия, қозудың күшеюі жатады. Олар егде адамдарда және алкоголизммен ауыратын науқастарда жиі кездеседі.

Көптеген транквилизаторлардың тератогенді эффектісі бар. Оларға жырық таңдай, қоянжырық, демалудың қиындауы, іштегі нәрестедегі артериалды гипотензия жатады.

Транквилизаторлар кең терапевтикалық әсермен айқындалады және бензодиазепин тобындағы ұйқы шақыратын заттарға ұқсап жеделулануға, өлімге әкелуі мүмкін.

Бензодиазепин туындыларынан болған жедел уланудың көрінісі мен терапиясы 22 лекцияда жазылған. Транквилизаторларды 6-айдан қабылдағанда қауіпті үйреншілік, физикалық психикалық тәуелділік пайда болады. Тәуелділіктің жеңіл симптомдарына – үрей, ашушаңдық, психомоторлы қозу, ұйқышылдық, үрейлі түс көру, бас айналу, аппетиттің төмендеуі жатады, ал ауыр жағдай ларда, транквилизаторды беруді доғарғанда, жарық пен дыбысқа сезімталдықтың күшеюі, галлюцинация, уайым, тремор, тырыспалар болады. Транквилизаторларды қысқа курспен 7-10 күнге тағайындайды.

Қарсы көрсекіштері: миастения, глаукома, дем жетіспеушілігі, түс көрудегі дем алудың нашарлауы, жүктілік, балаларда, емізулі кезеңдер. Тофизонамды ашушаңдықта, агрессияда және психомоторлы қозуда қолданбайды.

Антидепрессанттар.

Антидепрессанттар патологиялық бұзылған көңіл – күйді жақсартады, өмірге деген қызығушылықты арттырады, депрессиядағы науқастарды оптимизмге әкеледі. Депрессиямен 4-5% халық арасында кездеседі, ал өмірде ауыру қаупі 15-20%. 20% - депрессиядағы науқастар медициналық көмек алады, ал 2% - ауруханаға жатады. Депрессияның соматизирленген және бетперделенген түрлері кең тараған, олар көбінесе вегетативті және соматикалық симптомдармен көрінеді. Депрессивті симптоматика маниакалді деппрессивті психозда, шизофренияда, нейроинфекцияларда, инволюциалық бұзылыстарда, ауыр психикалық травмада, жанұядағы және қызметтегі сәтсіздіктер, өмірдегі сәтсіздіктер (фрустрация), жене алмайтын қиындықтарда кездеседі.

Антидепрессанттар синапстық жүйкелік жіберуді (нейропередачо) күшейтеді. Олар моноаминдер санын көбейтеді және олардың пресинаптикалық ұштарында нейроналді ұстауды бұзады немесе МАО-ның әсерімен инактивациялайды. Атипиялық антидепрессанттар рецепторларға тікелей әсер етеді. Көңіл-күйдің жақсаруын серотониннің потенцирленген эффектісімен байланыстырады және екінші кезекте норадреналинмен байланыстырады.

Серотонинді “жақсы көңіл-күйдің” нейромедиаторы деп атайды, өйткені ол импульсивті құштарлықты, жыныстық жүріс-тұрысты, ұйқы циклының ауысуын реттейді, агрессивтікті, ауыруды сезінуді төмендетеді, фобия мен обсессияны жеңілдетеді. Норадреналин когнитивті адаптациялық реакциялардың құрылуына және жақсы сезінуді ұстап тұруға қатысады.

Моноаминдерді нейроналді ұстаудың ингибиторлары

Моноаминдерді нейроналді ұстаудың ингибиторлары серотонин және норадреналиннің пресинапстық мембранадан өтуін, транспортын блоктайды.

Нейроналді ұстаудың талдаусыз блокаторлары

Бұл топтың антидепрессанттары үш циклдік немесе тетрациклдік құрылымнан тұрады. Моноаминдерді нейроналді ұстау блокаторлары тимоанапептикалық әсер етеді (грек – thymos - жан, көңіл-күй, ana - жоғарғы қозғалысты көрсететін қосылған, lepticos - қабылдау қабілеті). Депрессиядағы науқастардың көңіл-күйі жақсарып, оптимизм, өмірлік мақсат құрады, супцидальді ойлар кетеді. Тимоаналептикалық әсері 10-15 күн емнен кейін басталады. Тимоаналептикалық эффект серотонин мен норадреналиннің пресинапстық ұштарға келуінің нашарлауымен байланысты.

Антидепрессанттардың қосымша эффектілері- психостимулдық,седативтік. Психостимулдық әсері психомоториканы жақсартуға, инициативаны қалпына келтіруге, физикалық және мимен жұмыс істеу қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл емдеудің 5-7 күнінен басталады. Психостимуляция норадреналинді нейроналды ұстаудың блокадасымен шақырылады. Үрейге қарсы және седативті әсері М- холинорецепторларды, Н1-гистамин рецепторларын, пресинапстық a2- адренорецепторлардың ретикулярлы формацияда, блокадалаумен байланысты. Антидепрессанттар анальгетикалық және құсыңқыға қарсы әсер етеді. Амитриптилин және басқа антидепрессанттар депрессиямен жүретін созылмалы ауырсыну синдромдарында 6 ай көлемінде қолданылады. (бас сақинасы, кардиология, арқа ауырсынуы, қатерлі ісік).

Имипралин- тимолептикалық және эффектілерді реттеу әсері бар. Астено- депрессивті синдромға- психостимулятор ретінде, ал үрейлі-депрессивті синдромда седативті, үрейге қарсы әсері көп. Имипралин астено- депрессивтісиндромда үлкен эффективтілік көрсетеді, ұйқысыздық қаупінен оны күннің 1-ші жартысында тағайындайды.

Амитриптилин- седативті қасиеті бар тимоаналептик. Үрейлі- депрессивті синдромда қолданылады. Түнгі ояну санын азайтып, баяу ұйқының ІV-фазасын перифериялық холинергиялық синапстарда және ОНЖ-де М- холинорецепторларды блоктайды. Амитриптилинді ұйықтардың алдында тағайындайды.

Азафен- психотропты активтілігі жөнінен амитриптилинге жақын, бірақ перифериялық М- холинорецепторларды блоктамайды (бөгемейді). Ілеспелі жүретін астения мен үрейлі синдромдардан тәуелсіз депрессиямен ауыратын науқастарға ем үшін қолданылады. Тетрациклдік антидепрессант Мапротилин психоседативті, үрейге қарсы, психоаналептикалық әсер етеді, Н1 гистамин рецепторларын, α-адренорецепторларын және М- холинорецепторларды әлсіз блоктайды. Үрейлі депрессивті жағдайда қолданылады. Антидепрессанттарды ішке қабылдағанда сіңуі жақсы. Биотиімділігі имипралиннің 22-77%, амитриптилиннің 30-60%, максимальды концентрациясы қанда 2-8 сағаттан соң болады. Ішек перистальтикасының баяулануы мен асқазан эвакуациясының бұзылуынан М-холиноблокаторлық қасиеті бар препараттардың қанға түсуі баяу болады.Анорексиямен ауыратын депрессиядағы науқастарға антидепрессанттарды бұлшық етке енгізеді. Антидепрессанттар N-демителденіп, ары қарай тотығады және глюкурондалады. Антидепрессанттардың жартылай элиминациясы 7-10 күн. Биотрансформациясы мен экскрециясы 60 жастан асқан егде адамдарда баяу, ал балаларды ұстаудың талдаусыз блокаторларының жанама эффектілері:

· ОНЖ бұзылыстары- бас ауруы, мазасыздану, үрей, естің шатасуы, дезориентация, сандырақ, галлюцинация,атаксия, тремор, парестезия,түнгі қорқыныштар.

· Кардиотокскалық- жүрек жиырылуының жанама әсері, әлсізденуі, тахикардия, аритмия (антидепрессанттар Пуркунье талшықтарына, натрийдің иондарының кіруін блоктайды, жүректің иондарының кіруін блоктайды, жүректің биоэнергетикасын бұзады, норадреналиннің β-адренорецепторларына әсерін потенциялайды (күшейтеді).

· Ортостатикалық гипотензия (антидепрессанттар перифериялық α1 -адренорецепторларды блоктайды.

· Перифериялық М-холиноблоктау әсері- ауыздың құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, көз қысымының көтерілуі, аккомадация параличі, ішек перистальтикасының нашарлауы, қуықтың босаңсуы. (пародоксалды тершеңдік жоғарылйды).

Антидепрессанттарды үлкен дозада, ұзақ тағайындағанда агранулоцитоз, тромбоцитопения, холестатикалық сарғаю, салмақтың көбеюінің пайда болуы мүмкін. Соңғы эффект гипоталамустағы Н1-гистамин рецепторларын блоктаумен байланысты(аппетиттің көтерілуіне әкеледі). Ер адамдарда элкуляция мен эрекцияның бұзылыстары, гинекомастия, галактерия, ісіктер пайда болуы мүмкін. Доксепин мен мапротилин клоникалық- тоникалық тырыспалар мен паркинсонизмді шақырады. Жанама әсерлері 5% жас науқастарда, 30% егделерде кездеседі. Егде адамдар депрессиямен жиі ауырады. Маникальды депрессивті психозбен ауыратын науқастарға қарағанда, соматикалық патологиямен ауыратын науқастардың антидепрессанттарды қабылдауы нашар болып келеді. Ересектерде ауыр интоксикацияны шақыратын имипрамин дозасы 1000 mg-нан жоғары, ал леталды дозасы 2000 mg-ға жақын, балаларда-250 mg. Аминодепрессанттардан улану 2 сатыда жүреді. Клоникалық тоникалық тырыспамен, дистониямен,миоклонусымен жүретін қысқа мерзімде делирни комаға өтеді. Тыныс алу, рефлектер нашарлайды, гипоксия, гипотермия, АҚ төмендейді, М-холинорецепторларының блокада эффектілері (көз қарашығының кеңеюі, тахикардия, аритмия, зәрдің шықпауы, ішек перистальтикасының тежелуі) байқалады. Кома 1-3 күндей созылады, сонан соң қайтадан делирия басталады. Жедел терапия үшін гемосорбция, активирленген көмірмен асқазан жуу қолданылады.Көк тамырға натрий гидрокарбонаты құйылады. Холинорецепторлардың блокадасын физостигминнің блокадасын физостигминнің көмегімен шеттеді. Аритмияда β-блокаторлармен дифенин тағайындалынады. Тырыспаны, миоклонус пен дистонияны сибазон мен натрий оксибутиратын басады. Қарсы көрсеткіштері-эпилепсия, аритмия, жүрек блокадасы, миокардит, жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы, артериалды гипотензия, айқын атеросклероз, тиреотоксикоз, декомпенсирленген қант диабеті, бауыр, бүйрек аурулары, жүктілік, емізу.Азофен мен миансерлинин басқа топ препараттарын глаукомада, ауыр іш қатуда,ішек тұйықтығында, простата аденомасында қолданбайды.

Сератониннің нейрональды ұстауының таңдауын блокаторлары

Соңғы жылдары норадреналин мен дофаминнің транспортіне әсер етпей-ақ, серотокинді қайталап ұстауды таңдап басатын антидепрессанттар шығарылды. Оларға сертралин, циталопрам т.б.жатады. Олар 6-12 апталық емнен кейін тимоаналептикалық әсерін көрсетеді. Соматикалық үрейде, депрессияда, обсессивті –канпульсивті бұзылыстарда, фобияда, агрессияда,импульсивті іс-әрекетте жоғары терапевтикалық эффект береді.

Флувоксамин және парокситин үрейлі-фобиялық бұзылыстарда, үрейлі депрессияда, ұйқысыздықта, үрейді төмендетеді.

Флуоксетин-5-НТ2 серотонин рецепторының агонисті, психостимуляторлық қасиеті бар. Жүйкелік булимияда және ұйқышылдықпен тежелумен жүретін депрессияда қолданылады.

Сертрамин және циталопрам таңдамалы тимоаналептикалық әсер етеді. Бұл топтың антидепрессанттары Ν-деметилденген активті метаболиттер шығарады. Флувоксаминнің жартылай шығарылуы 48-72 сағат, флуоксетин-50 сағат, сертралин-22-36 сағат. Биотрансформация өнімдерінің шығарылуы баяу болады. Егде жаста фармакокинетикасы өзгермейді. Серотонинді ұстау ингибиторлары жүрек қан- тамыр жүйесінің қызметін бұзбайды, М-холинорецепторларды блоктамайды (пароксетиннен басқасы). Флубоксамин ұйқышылдық, анорексияны, іш қатуды шақырады. Флуоксигеннің жанма әсерлері- бас айналу, ұйқының бұзылуы, акатизия, аппетиттің төмендеуі. Сертралиннің жанама эффектісі- бас айналу, ұйқысыздық, диспепсия.Флуоксетин және пароксетин цитохром Р450 2Д6 және 3А4 ферменттерін ингибирлейді.

МАО ингибиторлары.

2 МАО изоферменті белгілі А- типі-сератонин, адреналин мен норадреналинді дезаминирлеп тотықтырады.

В- типі- фенилэтиламинді және кейбір басқа биогенді аминдерді инактивациялайды. 2 изоферменттің субстраты- дофамин, тирамин және триптамин. МОА-А бауырда, ішек- кілегей қабатында, нейрондарда қызмет етеді. Ас қорыту трактісінің изоферменті, фениаланин, тирозин және тағам тирамнін тотықтырады. МАО-В-нің активтілігі астроциттерде анықталады. Антидепрессанттар-МАО ингибиторлары норадреналин мен серотонин инактивациясын төмендетіп, бұл нейромедиаторлардың жиналуына әкеледі және олардың ретулярлы фармациядағы, гипоталамустағы, лимбикалық жүйедегі рецепторларына қозу әсерін күшейтеді (потенциялайды). МАО- ингибиторларын қайтарымды және қайтарымсыз әсерлі деп бөледі.

МАО қайтарымсыз әсерлі

Қазіргі кезде бұл топтан гидразин туындылары- ниаламид қолданылады. Ол флавиндік простетиктік тобы МАО тип А,В- қайтарымсыз тотықтырады. Ниаламид пессимистікті, супцидалды ойларды, қозуды, уайымды төмендетеді. Антидепрессивтік эффектісі курстық емнен 7-10 күннен өткен соң басталады. Депрессияның манияға өтуі мүмкін. Ол депрессияның астеникалық синдромында ем үшін қолданылады.

Жанама әсерлері- «ірімшік кризі» (тираминдік синдром)- артериалды гипертензия, тахикардия, аритмия, миокард инфаркті, гипертермия, тырыспа, көз қысымыеның көтерілуі тирамин өнімдерін тамаққа көп қолданғанда (банандар, инжир, йогурт, кофе, кептірілген сельд, шоколад т.б). Қалыпта, тамақпен келген және ішек микрофлорасынан пайда болған тирамин бауыр, ішек МАО- сымен инактивацияланады; МАО ингибирленгенде, тирамин жүйелі қапқа түсіп, адреномиметик сияқты әсер етеді.

«Ірімшік кризісін» Емдеу гипотензивтік дәрілермен –фентоламин, тропафен, пенталамин, нифедипинмен жүргізіледі. Құрамында тирамині бар өнімдерді қолданбағанда ниаламид ортостатикалық гипотензияны шақырады. Ниаламидтен жедел улануда- делирия, рефлекстердің күшеюі, тырыспалар, гипертермия, артериалды гипертензия немесе гипотензия пайда болады. Ниаламид гидразин тобынан болған соң витамин В6- ның коферменттік түрге- пиридоксальфосфатқа айналуын бұзады. Бұл токсикалық гепатит және перифериялық нейропатияның дамуымен қауіпті.

Қарсы көрсеткіштері.

Жүрек, бауыр, бүйрек жетіспеушілігі, ми қан айналымының нашарлауы жүктілік, емізу кезінде.

МАО қайтымды әсерлі.

Қазіргі кездегі антидепрессанттар бас миындағы А типтегі МАО-ны қайтарымды ингибирлейді, перифериялық ұлпа ферменттеріне және МАО-ның В типіне әсер етпейді. Препараттарды доғарғанда МАО-ның активтілігі 24 сағаттан соң қалпына келеді.

Пиразидол және инказан тетрациклдік құрылымды, моклобемид- морфолин туындысы.

Пиразидол- 2-3 аптадан кейін тимоаналептикалық әсер етеді. Апатиялық, анергиялық депрессияда 75-125 тд дозада психостимулдық, ал апситирленген жағдайларда-200 мд дооада седативті эффект көрсетеді. Нооторпты және антиоксидантты әсері бар. М- холинорецепторларды блоктамайды, депрессияның жеңіл және орташа дәрежесінде, обсессивті- фобиялық, паликалық симптоматикада, Альцгеймер ауруында комплексті терапияда, психиканың инволюциялық бұзылыстарда қолданылады.

Инказин және моклобемид- тимоаналептикалық және психостимулдау әсері бар. Гипо және анергиялық бұзылыстарда, депрессияда қолданылады. Қайтарымды МАОИ- науқастармен жақсы қабылданады, сирек жағдайда ғана пиразидол бас айналуды, тремор, тахикардияны, жүрек айну, тершеңдік шақырады, инказан-АҚ өзгеруі, брадикардияны;моклобемид М-холинорецепторларын әлсіз блоктайды.

Қарсы көрсеткіштері.

· Бауырдың, бүйректің жедел қабынуы, эпилепсия, жүктілік, емізу, 12 жасқа дейінгі балалар, қан өндірілетін жүйе аурулары;

Инказан мен моклобемидті депрессияның қозу көрінісімен болған жағдайында да

қолданады.

Сератонинді ұстау блокаторлары мен МАО ингибиторларын бірге тағайындау «Серотониндік кризге» диспепсиялық бұзылыстарға, делирияға, гипертермияға, артериалды гипертензия,бұлшық ет ригидтігіне, миокломуска, скелет еттерінің таралуына әкеледі. Бұл асқынулар леталды жағдайға соқтырады. Нейрональды ұстау блокаторларымен емдеуден МАОИ-ын қабылдауға өткенде 3-7 күн үзіліс жасалуы керек, ал қарсы бағытта ауысқанда 2 апта интервалды керек етеді, МАОИ-рын және нейроналды ұстау блокаторларын қосарланып қолдануға болмайды, өйткені Р450 бауыр цитохром активтілігін төмендетіп, препараттардың биотрансформациясы баяу жүреді.

Атипиялық антидепрессанттар- серотонин және норадреналиннің нейрональды ұстамауын әлсіз блоктайды және МАО-ның активтілігін төмендетпейді. Тимоаналептикалық әсері рецепторларды тікелей активтеумен байланысты.

Тразодон және оның метаболиті хлорфенилпиперазин 5-НТ, серотонин рецепторларына агонистік қасиетн көрсетеді. Тразодонға тимоаналептикалық, үрейге қарсы, седативтік эффектілер тән. Ол үрейдің психикалық (аффективті шаршау, ашушаңдық, қорқыныш,ұйқысыздық) және үрейдің соматикалық (тахикардия, бас және еттің ауыруы, тершеңдік, жиі зәр шығару) көрініс басады. Депрессияда ұйқыны қалыпқа келтіреді. Алкоголге деген қызығушылықты төмендетеді, бензодиазепиндік транквилизаторларды доғарғанда абстинетті синдромның ағымын жұмсартады. Тразадон ішекте жақсы сіңеді, жартылай элиминациясы 10-12 сағат. Үрейлі-депрессивті синдромда, созылмалы алкоголизмде, бензодиазепиндерге тәуелділікте қолданылады. Жанама әсерлері- бас айналу, ұйқышылдық, ортостатикалық гипотензия, диспепсия,лейкопения.

Тианептин- үрейге қарсы және тимоаналептикалық әсер етеді. Тианептин қозу симптомынсыз энергия береді, жақсы сезінуді арттырып, өмірлік тонусты көтереді, оқу,есте сақтау қабілеттерін арттырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді. Депрессияның соматикалық симптомдарын әлсіздейді- бас айналу, жүректің жиі соғуы, ыстықтың, еттің ауырсынуы- стрессте АКТГ және гидрокортизонның бөлінуін азайтады.

Тианептин 94%- ақуыздармен байланысады, бауырда β-тотығады және N-демителденеді. Жартылай элиминациясы- 2,5-3,5 сағат. Үрейлі депрессияда, созылмалы алкоголизмде қолданылады. Жанама әсерлері сирек кездеседі. Оларға бас айналу, бас ауруы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, тремор, анорекция, ауыздың кебуі, іш қатуы, тахикардия, экстрасистолия, миртазапин. Мультирецепторлы әсер ету механизмі бар. Бұл тетрациклдік антидепрессант, пресинаптикалық α2- адренорецепторларды блоктайды, норадреналин мен серотониннің босатылуын көтереді. Серотониннің әсері 5-НТ1 рецепторлары бойынша жүргізіледі, өйткені миртазапин екінші және үшінші типтің рецепторларына антогонист болып келеді. 5-НТ1 серотонин рецепторларын стимулдау арқылы тимоаналептикалық, үрейге қарсы, ұйқы шақыратын эффект береді. Бұл препараттардың токсикалық әсерінің төмен болуы 5-НТ2 және 5 НТ3 рецепторларын әсер етпеуімен байланысты. Н1- гистамин рецепторларын блоктайды.

Миртазапиннің биотиімділігі- 50%, плазма белоктарымен байланысы 85%. Бауырда 2Д6 және 1А2 Р450 цитохром изоэнзимдерінің әсерімен гидроксилденеді, Р450 .3А4 цитохромның қатысуымен деметилденген және N-тотыққан метаболитке айналады. Деметилмиртазапин миртазапинге қарағанда 10 есе әлсіз антидепрессивті әсер етеді. Метаболиттері глюкурон қышқылымен конъюгирленеді. 85% бүйрекпен элиминацияланады, 15%- ішек арқылы шығарылады. Жартылай элиминациясы –20-40 сағат. Бауыр және бүйрек ауруларында ол 40%-ға ұзарады. Миртазапин емнің 1-ші аптасында-ақ көңіл-күйді жақсартады, психомоторлы активтілікті, ойлауды, аппетитті, ұйқыны, ауыр меланхоликалық депрессиядағы науқастардың циркадтық биоритмдерді қалыпқа келтіреді. Жанама эффектілері- салмақтың көбеюі, аппетиттің көтерілуі, ұйқышылдық, әлсіздік, аллергиялық реакциялар. Сирек кездесетін жанама әсерлері тремор, миоклонус, ортостатикалық гипотензия, ісіну, қан өнімдері бұзылады.

Нормотимиялық дәрілер (литий тұздары)

1949 жылдан бастап литий тұздарын маниоколды күйлерді емдеу үшін қолдана бастады. 1970 жылы литий тұздарының көптеген кері әсерлерінің алдын-алу шаралары ұйымдастырылды. Маниаколды – депрессиялық психозда литий тұздарының орнына эпилепсияға қарсы дәрілер карбомазепин, клоназепам, вальпроаты, памотриджин, топирамат, габапентин, вигабатрин, атипті нейролептиктер оланзопин, кветиапин, рисперидон, арипипразол, кальций каналдарының блокаторлары верапамил, нифидипин, дилтиазем қолданылады.

Сау адамдарда литий иондары терапевтік мөлшерлерінде психотропты әсер көрсетпейді. (тыныштандыратын әсер, депрессияны немесе эйфорияны болдырмайды. Маклаколды – депрессиялық психозбен ауыратын науқастар да литий антиманиаколды және нормотимиялық әсерлер береді (мания және депрессияда көңіл – күйді қалпына келтіреді). Литий иондары тез натрий каналдарымен нейрондарға еніп бірдей потенциалдық әсер көрсетуі мүмкін. Бірақ литий жасушалардан Nа+, К+ АТФ – азаның көмегімен шығарылмайды. Литийдің жасушаларда ұзақ сақталуы натрий және калий иондарының тромемембралды тасымалдануын өзгертеді. Бұл мембранадағы электрлік процесстерді бұзады. Орталық нерв жүйесінде литий кальций иондары және депомеризациямен жүретін дофаминнің және норадреналиннің бөлінуін тежейді, бұл нейромедиаторлардың пресинапстық қорлануын және нейронды ұстануын жоғарылатады, дофамин рецепторлы және адренорецепторларға әсерін тигізбейді: гипокампта серотонинның бөлінуін жоғарылатады: ацетилхолинның түзілуін стимулдайды. Литий инозитолмонофосфатазаның каталитикалық белсенділігін тежейді. Бұл фосфолипаза С сияқты фосфатидилинозитолдифосфаттың түзілуін төмендетеді. Литий аденилатциклаза және гуанилатуиклазаның белсенділігін төмендетеді. Ферменттердің блокадалары екіншілік мессенджерлердің – диацилглицерол, инозитолтрифосфат, УАМФ және ЦГМФ-тің өнімін бұзады. Литий тұздарын тағайындауға көрсетпелер - өткір монияны басуда және маниаколды – депрессивті психоздың рецидивінің алдын-алу болып табылады. Литиймен емдеу тек қана натрий иондарының жеткілікті болғанымен жүрек қантамыр жүйесі мен бүйректің қалыпты қызметінде жүргізіледі. Манияның өткір ұстамасында литий тұздары экспонсивті – эйфориялық көңіл-күйді және аса қозғыштықты төмендетеді. Литий тұздарының емдік әсерлері ақырын 8-10 күннен соң болады. Аурудың алдын - алу шаралары маниаколды – депрессиялық психоздың кезеңдері арасындағы ара-қашықтықты созу, маниаколды және депрессия кезеңдерін тежеу. Литий тұздарымен емдеуге тек қана 60-80% науқастар ғана сезімтал. Литийдің терапевтік әсерінің кеңдігі аз, сондықтан литийдің қандағы мөлшеріне бақылау жасау қажет (литийді соңғы рет қабылдағаннан соң 8-10 сағаттан кейін анализ жүргізеді). Өткір манияның қауіпсіз және тиімді терапиясы үшін литийдің мөлшері 0,9-1,1 мэкв\л болуы тиіс, маниаколды – депрессиялық психоздың алдын-алу үшін литийдің концентрациясы 0,6-1 мэкв\л болуы тиіс. Литиймен улану терапевтік мөлшерді 2-3 есе көбейткенде болуы мүмкін. Алғашқы рет литийдің мөлшерін емді бастағаннан кейінгі 5-ші күні анықтайды, себебі бұл кезеңде оның мөлшері тұрақты болады. Литийдің дозасын жоғарылатқанда оның мөлшерін тағы 5 күн өткеннен соң қайталап анықтайды. Литийдің оптималды терапевтік дозасын анықтағаннан соң омолиздерді сирек жүргізеді. Литиймен емдеуді тоқтату манияның қайталамасы мен суицидтті істерге алып келуі мүмкін. Литий тұздары депрессияның қайталама өршулері мен шизоаффективті бұзылыстарда, созылмалы алкоголизмде қолданылады. Литий препараттарын таблетка және капсула түрлерінде қабылдайды. Литий карбонаты бұл қазіргі таңдағы белгілі препараттардың бірі. Бұл тұз төмен дымқыл тартқыштығы және ішекке беретін әлсіз тітіркендіргіш әсерімен ерекшеленеді. Литий оксибутираты бұлшық етке енгізіледі. ГОМК анионы препаратқа агрессияға қарсы, ноотропты және гипооксияға қарсы әсер береді. Литийдің жанама әсерлері жүрек айну, құсу, диарея, ұйқышылдық, шеттік ісіктер, безеу тәрізді бөртпелер, аллергиялық реакциялар (дермотит, васкулит). Сирек жағдайларда қалқанша безінің қатерсіз диффузды гиперплазиясы дамиды, мұнда гормондық функция бұзылмайды. Тиреотропты гормонның бөлінуі, қалқанша безінің Z131 жұтуы жоғарылайды, йод байланыстырушы ақуыз бен тироксинның қандағы құрамы азаяды. Литийдің тирозинның йодталуын бұзу мүмкіндігі бар. Литий қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясына және нефрогенді қантты емес диабетке алып келеді (бүйректің аденилатциклазасының вазопрессиннің әсеріне деген сезімталдылығы төмендейді, сусау , полиурия пайда болады.

Литиймен ұзақ уақыт емдеу созылмалы интерстициолды нефриттің дамуына (бүйрек жетімсіздігі дамымайды) инсулин тәрізді әсері, ЭКГ – де Т тісшесінің жойылуына, лейкоцитозға, ерлерде жыныс дисфункциясына алып келеді. Литиймен жеңіл дәрежеде улану тыныштандыру әсерімен, тремормен, жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, диареямен білінеді. Ауыр дәрежеде улануға ақыл-естің бұзылуы, гиперрефлексия, дизартрия, атаксия, құрысу, ошақты неврологиялық белгілер, аритмия, артериалды гипотензия, альбуминурия, діріл, тоқталмайтын құсу, прфузди диарея тән. Ауыр дәрежедегі улануда өлімге алып келетін кома дамиды. Литиймен уланудың терапиясының тиімді тәсілі – гемодиолиз. Литий тұзын жүктілік кезінде қабылдау ана мен іштегі нәресте үшін қауіпті, әсіресе зәр айдаушы дәрілер мен тұзсыз диета терапиясында. Жаңа туылған нәрестелерде қайтымды бұзылыстар – орталық нерв жүйесін тежелуі, бұлшық ет гипотониясы жүректе шулар анықталады. Жүкті әйелдердің жүктіліктің ерте кезеңінде литиймен емделуі нәрестелерде кордиоваскулярлы Эбштейн аномолиясының (үш нормалы қақпақтың деформациясы) дамуына алып келеді. Бұл аномолияның жиілігі – 20 000 нәрестелерде 1 жағдай, ол литий тұздарымен емдегенде 5000 нәрестелерге -1 рет жиілікте кездеседі. Бұл Эбштейн аномолиясын хирургиялық жолмен емдейді. Литий тұздарына қарағанда карбамазепин және вальпроаттардың фетотоксикалық әсерлері көп болады. Литий тұздарын жүрек-қантамыр жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан-ішектің жара ауруларында, қалқанша безінің функциясы бұзылғанда, катарактада, препаратқа жоғары сезімталдықта, жүктілікте беруге болмайды. Емдеу кезеңінде нәрестелерді емшек сүтімен емізуді тоқтатады.

Психостимуляторлар

Психостимуляторлар дене және ой жұмыстарына қабілеттілікті жоғарылатады, шаршағанда апатияда, психоматорлық тежелуде, ипохондрияда жұмысқа деген белсенділікті қалпына келтіреді. Психомоторлы стимуляторлар және психостимуляторлар – адаптогендер деп 2-ге бөлінеді.

Психомоторлы стимуляторлар:дене және ой жұмыстарына қабілеттілікті жоғарылатады. Адамға сергектік өзінің күшіне деген сенімділік, сыртқы ортаға қызығушылық береді, 10-12 сағатқа ұйқыға деген қажеттілікті ары қарай ысырады.

Субьективті бағалау бойынша ойлау қабылеті жылдамдайды, ассоциациялар оңай пайда болады, ой операцияларын орындау жеңілдейді. Жануарларға психостимуляторларды енгізгенде оларда белсенділік жоғарылап, шартты рефлекстердің өңделуі жылдамдайды. Шаршау кезінде қызметтің жақсаруы түрінде анық және сенімді нәтижелер алынды. Дәрінің психостимулдаушы әсері ұйқышылдық кезінде, еңбекке қабілеттілік төмендегенде, орталық нерв жүйесіне тежеуші әсер беретін заттарды қолданғанда анық байқалады.

Нейрофизиологиялық процесстерге әсер ету.

Мидың сергітуді жоғарылату.

Психостимуляторлар шаршау мен ұйқышылдықты азайтады, көру, есту, сезінуді жақсартады. Психостимуляторлардың әсерімен ми қыртысының нейрондары импульстарды қолайлы жиілікте қайтадан құрады, бұл эфферентті сигналдардың сезінуін қамтамассыз етеді. Психостимуляторларды енгізгеннен соң ЭЭГ – де десинхронизация (қозу, кернеу) тіркеледі. Бұл әсерлер орта мидың ретикулярлы формациясының және таламустың бейспецефикалық ядроларының белсенділігіне негізделген, бұл ми қыртысының қозуының күшеюімен жүреді. Психостимуляторлар тез ұйқыны тежейді, бұл кезде компенсация сергек кезеңде галлюциноциялар түрінде болады.

Эмоция – Мотивациялық әсердің жоғарылауы.

Психостимуляторларды қабылдағаннан соң жеңілдік сезімі, және еңбектенудің тиімділігі, жұмыс істеуге деген құлшыныс, көңіл – күйдің көтерілуі байқалады. Бірақ қорқыныштың, тұрпайылықтың, эйфория, өзіне шамадан тыс сенімділіктің, ішкі қорқыныштың пайда болуы мүмкін.

Эмоция – Мотивациялық сезінудің жақсарудың негізінде психостимуляторлардың лимб жүйесін және гипоталамусты белсендіруші әсері жатыр.

Қимылды жандандыру.

Психостимуляторлар ретикулярлы формацияға қоздырушы әсерді күшейтеді және нигростриарлы жүйеге және жұлынға тежеуші әсерді төмендетеді. Психостимуляторлар қозғалыс белсенділігін жоғарылатады, кейде сіңірлі гиперрефлексия, экстрапирамидалы бұлшықет сіреспесіне алып келуі мүмкін. Кинестезияны (грек тілінен аударғанда kineo – қозғалу, aesthesis – сезім) бұзады адам шаршауды сезінбей күші қалмағанша жұмыс істеуді жалғастыра береді.

Психофизиологиялық процесстерге әсер ету.

Психостимуляторлар қысқа уақыттың жадты жоғарылатады, ұзақ уақыттың жадқа аз әсерін тигізеді. Шығармашылық жұмыстарда, яғни логикалық анализды және күрделі есептерді шешетін жұмыстарда қателіктер саны көбейеді, назар аудару жағы шашыраңқы болады, шыдамдылық азаяды. Сонымен азырақ шаршау нәтижесінде психостимуляторлар қалған функционалды және энергетикалық қорларды жұмылдырады, бұл қысқа уақытта жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Ауыр дәрежеде шаршағанда психостимуляторлар ағзаны тоздырады.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.