Здавалка
Главная | Обратная связь

Есептулер. Формулалар.



Билет

1.1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар, және ақпараттық процесстері туралы ұғым.Жалпы түрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген əлемнің, заттың бейнесі болып саналады.

Ақпарат –табиғатта, қоғамда жəне адамзаттың өзі құрған жүйелерде айналып жүретін мəліметтер жиыны. Сондықтан информацияны жинайды, сақтайды, бір-біріне береді, өңдейді жəне пайдаланады. Бұл мақсат үшін ақпараттық технологиялар пайдалынады.

Ақпараттық технологиялардегеніміз информацияларды жинау, жинақтау,сақтау, іздеу, өңдеу жəне беру тəсілдері мен əдістерінің жүйесі.

Ақпараттық технологиялар - қолданылу диапазоны ауқымды кешенді ғылыми пəн.

Оның приоритетті бағыттары:

- Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;

- ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты үрдістерді оқытады;

- математикалық моделдеу, есептеу жəне қолданбалы математиканың əдістері жəне олардың білімнің əртүрлі облыстарындағы фундаментальды жəне қолданбалы зерттеулерде қолданылулары;

Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.
Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.
Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.
Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.
Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.

 

1.2 Ақпаратты түрлері мен формалары

Ақпаратты əртүрлі əдістермен жіктеуге болады. Сондықтан əрбір ғылымда ақпаратты өзінше жіктейді.

Информатикада ақпаратты көрсетудің екі формасы бар:

• Аналогтық (үздіксіз)- дененің температурасы, домбырадан шығатын үн, əрине ойнау тоқтатылмаған кезде, автомобиьдің қозғалысы;

• Дискретті (үзік-үзік) – жыл мезгілдері,Морзе азбукасындағы нүкте жəне тире.

Пайда болу саласы” нышаны бойынша:

• Элементарлы – жансыз табиғаттың процесстері мен құбылыстарын қамтып көрсетеді;

• Биологиялық –жан-жануар мен өсімдік өмірінің процестерін қамтып көрсетеді;

• Əлеуметтік – адамзат қоғамының процестерін қамтып көрсетеді.

Қабылдап алу мен беру тəсілдеріне байланысты:

• Көзбен шолу – символдар жəне көрінетін бейне арқылы беріледі;

• Есту (аудиальды) - дыбыс арқылы беріледі;

• Тактильді – сезім арқылы беріледі;

• Органды- иісі мен дəмі арқылы беріледі;

• Машиналы –есептеу машинасының көмегімен қабылданып беріледі.

1.3 Ақпараттық қор немесе ресурсдеп арнайы ЭЕМ-ларында өңделген жəне ұйымдастырылған, қоғамды басқаруда, техникада жəне өндірісте пайдалынатын мəліметтерди айтады. Ақ-әртүрлі объектіерден, процестерден шығатын мәліметтер жиыны (ақ-қ ресурстар). Ал ақ-қ ресурстар д(з басқару функцияларынын іске асырып нысан жөнінде ақ-ды алуды, беруді ж(е өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Яғни адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер ж(е ең бірінші кезекте, компьютер – ақ-тарды өңдеуге арналған әмбебабты қасиеті бар жүйе болып табылады. Ақ-тық ресурстар ақ-тық технологиялармен тығыз байланысты болады. Қазіргі кезде ақпараттық технология термині ақ-ты өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданады. Ақ-тық рес-тар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, білім беруде, денсаулық сақтауда, мед-на мен ғылымда көлікпен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, яғни ақ-тық рес-дың негізгі мақсаты – адам еңбегінің өнімділігін арттырумен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту б(т. Сонымен қатар ақ-қ рес-тардың тағы бірегей қасиеті бар – ол қарқынды пайдаланғаннан кемімейді. Осыған қоса, пайдалану процесінде олар қателерінен құтылып өз параметрлерін анықтай отырып ұдайы дамытылады ж(е жетілдіріледі.

 

1.4 Қоғамды ақпараттандыру– ең анық информацияны дер кезінде жəне толық пайдалануымен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жаппай енгізу. ҚА жаңа инф-лық технологиялардың дамуы мен оны игеру дəрежесіне байланысты.

Ақпараттандыру дегеніміз– қоғамда, танымда, əрбір салада информатика жетістіктерін қолдану процесі.

Ақпараттандырудың материалдық негізі– информация ала алатын информациялық, компьютерлік, бейне- аудио коммуникациялық құралдар.

Ақпараттандырудың саналық негізі– ғылыми, әсіресе математикалық, формалдық, информациялық әдістер мен моделдер, білім базалары,т.б.

Ақпараттандырудың технологиялық негізі- жаңа АТ және интерфейс ұйымдастыру әдістері, информацияларды маңыздылау және т.б.

 

1.5 Ақпарат және оның өлшемі

Қандай-да бір шарттарда информацияның сапалы артықшылықтарын елемей, оны сандар арқылы білдіруге болады, сонымен қатар мəліметтердің əртүрлі топтардағы информацияларының мөлшерін салыстыруға болады.

Информация мөлшерін есептеу үшін “логарифм” жəне “ықтималдылық” математикалық ұғымдары пайдаланылады.

1928 жылы Американ инженері Р.Хартли таңдап алынған хабарлар ішіндегі инормациялар мөлшерін екілік логарифм арқылы есептеуді ұсынды.

Хартли формуласы: I = log2N

мұндағы І –информация мөлшері, N- ықтималдылығы бірдей хабарлар саны.

Информацияның өлшем бірліктері

Информацияның жалпы теориясының қағидаларына сүйенсек, информацияны өлшеу үшін қажетті өлшем эталоны ретінде қандай-да бір абстракты объект таңдап алынады. Ол объект мүмкін екі жағдайдың, мысалы, “иə” жəне “жоқ”, “ашық” жəне “жабық”, “қосылған”жəне “қосылмаған”, бірінде болуы керек.Бұл жағдайлардың біріншісі 1 жағдайы, ал екіншісі 0 жағдайы деп қарастырылады.

0 мен 1 сандарының ұзын комбинациялары арқылы кез-келген санды, мəтінді жəне басқа да информацияларды көрсетуге болады.

Сандарды, информацияларды 0 мен 1-дің комбинациясы арқылы көрсетуді екілік көрсету деп атайды. 0 жəне 1 цифрлары бұл жағдайда екілік цифрлар немесе екілік разрядтар болып есептелінеді. Сандарды екілік цифрлармен көрсету жүйесін екілік есептеу жүйесі деп атайды.

Клод Шеннон информация бірлігі ретінде 1 битті (ағылшынша bit – binary digit екілік цифр) қабылдауды ұсынды.

Информация теориясында бит дегеніміз ықтималдылығы екі хабарды бірдей (“иə” –“жоқ”, “тақ” – “жұп” жəне т.с.с.) ажырата білу үшін қажетті информация мөлшері.

Есептеу техникасында бит деп мәліметтер мен командаларды машина ішінде көрсету үшін пайдаланылатын «0»және «1»белгілерінің бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз «порциясын» айтады.

Биттер тізбегі компьютер жадында əртүрлі сандарды, символдар мен кез-келген басқа информацияларды көрсетеді. Битөте кішкентай өлшем бірлігі болғандықтан, іс жүзінде көбінесе одан үлкен бірлік - байтқолданылады. Байт 8 биттен тұрады.Компьютер пернетақтасының алфавитіндегі 256 символдың кез-келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).

Информация өлшем бірлігінің ірі туындылары:

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

1.6 Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.

Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.

Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады.

Санау жүйесi төртке бөлiнедi:

1. ондық санау жүйесi;

2. екiлiк санау жүйесi;

3. сегiздiк санау жүйесi

4. оналтылық санау жүйесi.

 

Сандарды бiр санау жүйесiнен басқа санау жүйесiне ауыстыру

Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру

Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:

129:2=64 (1) 12910=100000012

64:2=32 (0)

32:2=16 (0)

16:2=8 (0)

8:2=4 (0)

4:2=2 (0)

2:2=1 (0)

1:2=0 (1)

 

Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бөледi.

Ондық санау жүйесiндегi санды оналтылық санау жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек.

Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау жүйесiне ауыстыру

Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:

100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910

Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:

2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910

Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:

8116=8*161+1*160=128+1=12910

 

 

Билет

2.1. ЭЕМ-де сандық жəне символдық ақпаратты кескіндеу.

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR(ағылшынның CHARACTER-символ деген сөзінен қысқартылып алынған)түйінді сөзі арқылы жүзеге асырылады.CHAR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланылатын кез келген жеке символ болып,ол мәлімет өрнектеудің кодтық кестенің белгілі бір мәніне сәйкес келуі тиіс.Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді,оның негізі болып ASCIIкодтары саналады.Оның 0-127кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалар болып табылады,оларға латын әріптері,тыныс белгілері,цифрлар,арифметикалық операция таңбалары және басқару символдары кіреді.Ал 128-255 кодтарына сәйкес символдар арнайы символдар мен ұлттық алфавит әріптері осы соңғы топта орналасқан. .Символдық және сандық мәндерді енгізгенде,көбінесе EOLN(end of line-жол соңы)стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады.Бұл функция мәні «жолдың соңы болды»немесе «мәндер беріліп болды»дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ақиқат (True)болады.Бұл функция көбінесе циклдік опреторларда пайдаланылады

2.3 Санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды қолдану

Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар

Қосу.Екілік жүйеде сандарды қосу екілік жүйедегі сандарды қосу кестесіне негізделген.Екілік жүйеде қосу кестесі өте қарапайым.Тек 1+1 қосу амалын орындағанда ғана жоғары разрядқа көшіру орындалады. 0+0=0 0+1=1 1+0=1 1+1=10

Екілік жүйедегі сандарды қосуға бірнеше мысардар қарастырайық;

 

1001 1101 11111 1010011,111

1010 1011 1 11001,110

10011 11000 100000 1101101,

Азайту.Екілік жүйеде азайту амалын орындау екілік жүйедегі сандарды азайту кестесіне негізделген.Азайту амалын орындау барысында әрдайым абсалют шамасы бойынша үлкенінен кішісі алынып,үлкен санның таңбасы қойылады 0-0=0 0-1=1 1-0=1

Екілік сандарды азайтудың бірнешеи мысалдарын қарастырайық;

10111001,1 110101101

- -

10001101,1 101011111

00101100,0 001001110

Екілік сандарды көбейткенде мыналар есте сақтау керек: 0*0=0; 1*0=0; 0*1=0; 1*1=1. 101*110=11110. Түсіндіру: 101*110/ 000+101+101=11110. Тексеру: 101(2)=1*2 + 0*2 + 1*2 =5; 110(2)=1*2 + 1*2 + 0*2 =6. 5*6=30. 11110(2)=1*2 +1*2 +1*2 +1*2 + 0*2 =30(10)

Екілік жүйеде бөлу – ондық ж-дегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік ж-де бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нол мен бір ғана. Мысал: 30 санына 5 санына бөлейік. Ол үшін 30 (10) санын екілік 11110(2)-ге ауыстырамыз. 5(10) = 101(2) сатылап бөлуді орындайық. 11110/101=11. 110(2) =6(10)

 

2.4. Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғысы.

2.Монитор– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

3.Перне тақтасы – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

4.Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы.

Жүйелік блок.

Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

• процессор

• жедел жад (RAM)

• тұрақты есте сақтау жады (ROM)

• қоректендіру блогы

• енгізу-шығару порттары

• ақпарат тасушылар

Дисплей- компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.Пернетақта- компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын .

Тышқан – графикалық басқару құрылғысы, қажетті объектілерді таңдауға мүмкідік береді. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

• Шығару құрылғысы

• Мəліметтерді алмасу құрылғысы

• Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары.Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар.

Енгізу құрылғылары.Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Мəліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында.

Стимер –тізбекті қатынас құру құрылғысы, қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

 

2.5. Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру.

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

1)шығарылытын есепті,орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып,соның нәтижесін алатын адам;

2)аппараттық жасақтама(Hardware);

3)мәліметтер файлы;

4)компьютерді программалық жасақтамасы(Software).

Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны-машиналарды,мәліметтерді,программаларды және адамды-біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

2.6. Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары.

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың жəне программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері. Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), жəне (Sоftwаге) программалық жабдықтар.

Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.

Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады.

Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді.

Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық жəне логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді.

Жады- деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру.

Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мəліметтерді кэш –жадтан алу əрекеті процессордың мəліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жəрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған.

Жүйелік шина. Процессор мен жадта ақпараттық кеңарна н\е ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы 8, 16 н\е32 сымнан тұратын жинақ б\т.

Барлық блоктар, оның ішінде енгізу-шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей н\е адаптерлер арқылы қосылады. Адаптер - əр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы.

Таймер– кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралды схема. Қызметі – монитор эқранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын бөлу.

ДК–ның шеткері құрылғылары көмекші операторларды орындауға арналған Олар:

·Мәліметтерді енгізу құрылғысы: Сканер, пернетақта, графикалық планшеттер, манипулятор, сенсорлық экран

·М–ді шығару құрылғысы:принтер, плоттер, колонка

·м–ді алмастыру құрылғысы: Желілік адаптер, Модемдер .

 

3 сұрақ

3.1.Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау жəне өңдеу

құралы.

 

Компьютер- бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге жəне сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды

Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.
Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.
Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.
Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.

 

3.2.Ақпараттарды көрсету жəне енгізу/шығару құрылғылары.

Дисплей- компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.Пернетақта- компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын

Тышқан – графикалық басқару құрылғысы, қажетті объектілерді таңдауға мүмкідік береді

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).

Шығару құрылғылары.Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар.

Енгізу құрылғылары.Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Мəліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мəліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында.

Енгізу құрылғылары

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

 

3.3.Пернелік жəне пернелік емес енгізу жабдықтары.

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға <Enter>(енгізу пернесі), <Delete>(жою пернесі), <Backspace>(артқа қарай өшіру), <Caps lock>(үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар..

3.4. Ақпараттарды сақтау құрылғысы.

Жады- деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру. Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді жəне бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы.

Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғыж\ежедел жадтайтын құрылғы

Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады ж\е қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Атап айтқанда, сыртқы жадта компьтердің барлық программалық жасалуы сақталады.С ж-тың түрлері көп, негізінде кез келген комп-же болатын түрлері – қатқыл ж\ее иілгіш магниттік дискілерде,магниттік таспаларда, оптикалық дискілерде ж\е магниттік дискілердегі жинақтауыштар б\т

3.5. Ақпараттық технологиялардың математикалық негізі.

Есептеуіш машиналарда сандармен орындалатын математикалық амалдар, электр токтарының немесе кернеулердің әр түрлі түрленуімен алмастырылады. Жай электр тогының көмегімен қосу, азайту және т.б. математикалық амалдарды орындауға болады. Есептеуіш машиналар қарапайым амалдарды орындайтын бөлек элементтерден құралады. Элемент – ол әдетте электрондық схема. Есептеуіш машиналардың барлық элементтерін атқаратын қызметтеріне байланысты топтарға бөлуге болады: логикалық, есте сақтаушы, күшейтетін және арнайы элементтер. «Логикалық элемент» деп аталуының себебі, жеке дара элементтің анықталған байланысты жүзеге асыруға мүмкіншілік беруінде немесе жеке логикалық функцияны орындауында.

Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады.

Буль алгебрасы.

Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу жəне сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді.

Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді жəне қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.

Компьютердің логикалық элементі – элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.

Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын айтамыз.

4 сұрақ

4.1. Жасанды интеллект жүйесі.

Жи-бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын,ЭВМ көмегімен семантикаға(мағына проблемсына ) жүгіну талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы емес шағармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми –зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.Жи саласында жұмыстың басталуын ЭВМ -нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы(имитациялауы) тиіс болды. СЖ сарапшылар тобының белгілі бір пәндік саладағы шеңберде білімін пайдаланады. Сарапшы ретінде нақты мамандар тартылады, олар ЭВМ мен соншалықты таныс болмауы да мүмкін. Қазіргі кезде ЖИ үлесі 90% құрайды.

4.2. Жад құрылымы жəне программалық жабдықтау.

Жады- деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Ол бірнеше түрге бөлінеді жəне бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы.Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғыж\ежедел жадтайтын құрылғы

Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады ж\е қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.

Программалық жабдықтар - ақпараттық технологиялардың елеулі бір бөлігі, олар сервистік программалардан, жүйелік программалар (операциялық жүйе, драйверлер, утилиттер т.б.) мен қолданбалы программалар пакетінен (MS Word, MS Excel, MS Access, Corel Draw, AutoCAD т.б.) тұрады. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді (2-сурет), олар:1) жүйелік программалық жабдықтар;

2) қолданбалы программалар пакеті.

4.3. Программалық жабдықтау жəне оның деңгейі.

.Көптеген мəселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін программалық жабдықтардың көмегімен шешіледі. Программалық жабдықтар - ақпараттық технологиялардың елеулі бір бөлігі, олар сервистік программалардан, жүйелік программалар (операциялық жүйе, драйверлер, утилиттер т.б.) мен қолданбалы программалар пакетінен (MS Word, MS Excel, MS Access, Corel Draw, AutoCAD т.б.) тұрады. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді (2-сурет), олар:1) жүйелік программалық жабдықтар;2) қолданбалы программалар пакеті.

Жүйелік программалар - ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады.

Жүйелік программалық жабдықтар

Жүйелік программалық жабдықтарды бірнеше топқа жіктеуге болады:

1) операциялық жүйелер, ОЖ-нің қоршаулары;

2) драйверлер, утилиттер, антивирустық программалар;

3) сервистік программалар;

4) диагностика жəне бақылау программалары;

5) Жүйелік программистердің аспаптық жабдықтары.

4.4. Жад жəне оның түрлері.

. Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі Ол бірнеше түрге бөлінеді жəне бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы.

Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ж\е жедел жадтайтын құрылғы

Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады ж\е қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Атап айтқанда, сыртқы жадта компьтердің барлық программалық жасалуы сақталады.С ж-тың түрлері көп, негізінде кез келген комп-же болатын түрлері – қатқыл ж\ее иілгіш магниттік дискілерде,магниттік таспаларда, оптикалық дискілерде ж\е магниттік дискілердегі жинақтауыштар б\т

4.5.Жадтың өлшем бірлігі.

Жедел жады(ОЗУ) (RAM), процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жад. Дербес компьютердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 8 Мбайтқа жетеді.Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информкөлемін өлшеуде сегіз биттен (1 мен 0 тізбегі)тұратын байтбірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем б арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болжазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) = 1024 байт, 1Мб (1 мегабайт) = 1024кб, ал винчестер деп аталыжүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) жəне одан да көлемді информация жазылып сақталады

Ал сыртқы жад құрылысы мүлдем басқа. Мұнда сақталатын ақпарат көлемі үлкен болғандықтан, байттық әдіс қолайсыз.

Қатты дискідегі мəлімет жинақтауыштар: 80286 процессорлы ІBM PC-де қатты дискінің мəлімет сыйымдылығы 20 - 40Мб, 80386SX (SX - бір процессорлы) жəне 80486 DX ( DX- екі процессорлы) - 300Мб-ға шейін, 80486 DX – (500 – 600)Мб, Pentіum - 6Гб-қа шейінгі деңгейде болады

Иілгіш магниттік дискіде магниттік қабат иілгіш негізінде жасалынады. Өлшемдеріне қарай иілгіш магниттік дискілер (дискеттер) 3,5 жəне 5,25-ге бөлінген. Қазіргі жағдайда тек 3,5 дюймдік дискілер қолданылады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650–700 Мб, яғни оған 650-700 миллион символ сияды. Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады.

4.6. Жедел жад (ЖЖ), Кэш-жады, тұрақты жад (ТЖ), BIOS модулі.

Жедел жад -ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады.

Тұрақты жады (ROM - (ПЗУ)) – энергияға тəуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мəліметтердісақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Саsh) деп атайды. КЭШ-жад - жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дəнекер жад ретінде пайдаланылады.

BIOS– Енгізу - шығарудың базалық жүйесі. MS DOS операциялық жүйесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модульдердің бірі, тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа, ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жадының жəне басқа құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.

5 сұрақ

5.1. Операциялық жүйе – программалық жабдықтаудың негізгі базалық бөлімі.

Операциялық жүйе (ОЖ) –компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. ОЖ қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен басқару жұмыстарын,орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайдыОЖ – ның 2 негізгі қызметін атап айту керек.

Олар:

1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бірі-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып,қамтамасыз ету;

2. Әрбір адамға ЭЕМ-ны жалпы басқару мүмкіндігін беру.

5.2.Операциялық жүйелердің классификациясы.

Әрбір компьютерлік бағдарлама ОЖ-нің қызметтерін пайдаланады,сондықтан өзі үшін осы қызметтеді қамтамасыз ете алатын О ОЖ-нің Ж-нің басқаруымен ғана жұмыс істейді. Осылайша, ОЖ-ні таңдаудың маңызы өте зор, өйткені Сіздің өз компьютеріңізді қандай бағдарламалармен жұмыс істей алатыныңызды тек сол ғана анықтайды. ОЖ-ні таңдауға сіздің жұмысыңыздың өнімділігі,мәліметтеріңіздің қорғалу деңгейі, қажетті аппараттық жабдықтар да ОЖ-ні таңдауға тәуелді.Пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде қолданылатын IBM PC типті компьютерлерде бертінге дейін MS DOS операциялық жүйесі орнатылған. Қазір де көбінесе Windows 98,Windows NI,Windows 2000 және Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істейміз.Windows 98 операциялық жүйесі IBM PC платформалы компьютерлердің графикалық ОЖ болып табылады.

5.3. Операциялық жүйелердің дамуы.

ОЖ – ның дамуының тарихы үлкен уақыт периодын алып жатыр. ОЖ – нің пайда болуы мен дамуы компьютерді конструкциялау процесімен тарихы тығыз байланысты. Сондықтан, ОЖ –ді көз алдымызға қандай болғанын елестету үшін компьютерлер кезеңдерін кезекпен қарастырайық. Есептеуіш техниканың негізін қалаушы, экономикалық машинаны құраушы ағылшын математигі Ч.Бэббидж (1792-1871). Бұл таза механикалық машина болды. Жоғары дәлдікті механизмдерді және көп детальды шығару техналогиясы ол кезде жеткіліксіз түрде дамығандықтан, әрине ол аналитикалық машинаның операциялық жүйесі болмады.

Бірінші кезең (1945-55). Электронды лампалар және коммутациялық панельдер.. Бұл кезде ОЖ әлі де болған жоқ.

Екінші кезең (1955-65). Транзисторлар мен пакеттік өңдеу жүйесі

Үшінші кезең (1965-80). Интегралды схемалар мен көпесептегіш. Үшінші кезең ОЖ бос жады бөлігіне дискіден жаңа тапсырманы енгізіп – шығару қабілетіне ие.

Төртінші кезең (1980жылдан бері).дербес компьютерлер ОЖ –лер эволюциясының келесі периоды Үлкен Интегралды Схемалардың пайда болуымен байланысты. 1974 жылы Intel компаниясы бірінші универсалды 8разрядты орталық процессор шығарды. Бұл алғашқы жаңалықты таныту,сынату үшін CPIMдеп аталатын дискілік ОЖ жасалды. Содан соң ОЖ қызметі өзгертілді. Қолданушының рафикалық интерфейсі ойлап табылды.Microsoft корпорациясы Macintosh компаниясының жетістіктрінің әсерінен MS ­DOS қабылдағышын шығарды,Windows жүйесі өңделді. Windows жүйесінің тұжырымы бойынша - Windows 98, Windows NT,Windows ME ОЖ –рі шығарылды.

 

5.4 Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу. 2.4. Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғысы.

2.Монитор– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

3.Перне тақтасы – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

4.Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы.

Жүйелік блок.

Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

• процессор

• жедел жад (RAM)

• тұрақты есте сақтау жады (ROM)

• қоректендіру блогы

• енгізу-шығару порттары

• ақпарат тасушылар

Дисплей- компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.Пернетақта- компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын .

Тышқан – графикалық басқару құрылғысы, қажетті объектілерді таңдауға мүмкідік береді. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

• Шығару құрылғысы

• Мəліметтерді алмасу құрылғысы

• Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары.Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар.

Енгізу құрылғылары.Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Мəліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында.

Стимер –тізбекті қатынас құру құрылғысы, қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

 

5.5. Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру.

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

1)шығарылытын есепті,орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып,соның нәтижесін алатын адам;

2)аппараттық жасақтама(Hardware);

3)мәліметтер файлы;

4)компьютерді программалық жасақтамасы(Software).

Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны-машиналарды,мәліметтерді,программаларды және адамды-біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

 

5.6. Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары.

. Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары.

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың жəне программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері. Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), жəне (Sоftwаге) программалық жабдықтар.

Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.

Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады.

Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді.

Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық жəне логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді.

Жады- деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру.

Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мəліметтерді кэш –жадтан алу əрекеті процессордың мəліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жəрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған.

Жүйелік шина. Процессор мен жадта ақпараттық кеңарна н\е ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы 8, 16 н\е32 сымнан тұратын жинақ б\т.

Барлық блоктар, оның ішінде енгізу-шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей н\е адаптерлер арқылы қосылады. Адаптер - əр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы.

Таймер– кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралды схема. Қызметі – монитор эқранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын бөлу.

ДК–ның шеткері құрылғылары көмекші операторларды орындауға арналған Олар:

·Мәліметтерді енгізу құрылғысы: Сканер, пернетақта, графикалық планшеттер, манипулятор, сенсорлық экран

·М–ді шығару құрылғысы:принтер, плоттер, колонка

·м–ді алмастыру құрылғысы: Желілік адаптер, Модемдер .

 

 

6 сұрақ

6.1.Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды жəне дискларды басқару амалдары.

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі файлдармен жұмыс істейді. Windows жүйесі әрбір адамды дискідегі файлдарды пайдалану кезінде оларды үнемі қадағалау қажеттігінен босатты. Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған мәліметтер жиыны файл деп аталады да дискіде сақталады. Файл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны.

Қатты дискіге ақпараттар өте күрделі жолмен сақталады, бірақ оларды оқу өте жеңіл іске асады. Файлдардың сақталған орны жөніндегі ақпарат «Файлдардың орналасу кестесі» (ҒАТ) деп аталатын дискінің арнайы аумағында жинақталған. Жұмыс үстелінде жаңа бума құру үшін жұмыс үстелінің кез- келген бос жеріне тышқан көрсеткішін апарып, оның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Егер басқа буманың ішінде бума құру қажет болса, онда ең алдымен жаңа буманы құратын буманы ашып, оның ішіне өз бумаңызда құру үшін, терезенің жұмыс аумағының бос жеріне апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басасыз. Пайда болған динамикалық менюден Создать командасын таңдайсыз.

6.2. Программалық қабықша.

Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттер бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады:

- жүйелік;

- қолданбалық

Жүйелік жабдықтама деп өзіне:

- операциялық жүйелерді ;

- желілік программалық жабдықтаманы;

- сервистік программаларды;

- программаларды жасау құралдарын (транслятор, байланыс редакторлары, жөндеуіштер және басқалары) қосатын программалық жабдықтама түсініледі .

Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді , сканерлерді , жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.

Желіл







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.