Здавалка
Главная | Обратная связь

Автопішін. Есеп шебері.



Есеп шебері.Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында жалпы мен күрделі есептер сияқты түрлі есептерді жасай аласыз. Ең алдымен, есебіңіздің жазба көзі туралы ойлауыңыз қажет. Есебіңіздің құрамында жазбалардың жалпы тізімі не аймақ бойынша топтастырылған сатулар нәтижелері бар болса, ең біріншіден, өрістердің қайсысында есебіңізде көргіңіз келетін деректердің бар болатындығын және кестелер не сұраулардың қайсысында бұл деректердің сақталатындығын анықтауыңыз қажет.Жазба көзі таңдалғаннан кейін, Есеп шеберін пайдалану арқылы есебіңізді жасау оңайға түседі. Есеп шебері - бірқатар сұрақтар жиынынан өтуіңізге көмектесетін және жауаптарыңызға негізделген есепті жасайтын Access мүмкіндігі. Яғни Есепті Автоматтандыруды құрудың құралы Есептер шебері болып табылады. Ол Мәліметтер базасы терезесінде шебердің көмегімен Есеп құру таңбашасында екі рет қатарынан шертумен іске қосылады, Есептер шебері алты кезеңмен жұмыс істейді. Оның жұмысында есепте көрсетілетін өрістерді таңдау, топтастыру өрістерін таңңау, макет пен безендіру стилін таңдау негізделетін базалық кестелер немесе сұраныстарды тандау атқарылады.

Автоформалар.Көрсетілген деректерді өрістері немесе жолдары сияқты деректерге арналған басқару элементінің рұқсатына байланысты пішіндерді пайдалануға болады. Мысалы, кейбір пайдаланушыларға өрістері көп кестеден бірнеше жолды ғана көру керек болуы мүмкін. Сол пайдаланушыларды сондай өрістерді ғана қамтитын пішінмен қамтамасыз ету олардың дерекқорды пайдалануын жеңілдетеді. Сондай-ақ, жиі орындалатын әрекеттерді автоматтандыру үшін пішінге басқару түймешіктерін және басқа да мүмкіндіктерді қосуға болады. Байланысты пішіндерді адамдарды дерекқорды көріп, қол жеткізетін терезе деп ойлаңыз. Тиімді пішін дерекқордың пайдаланылуын жылдамдатады, себебі адамдарға керегін іздеудің қажеті болмайды

 

15.3.Ауқымды есептеу желісі.

Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді тікелей қосу үшін арнайы аппараттық та, арнайы программалық қамтыма да талап етілмейді. Бұл жағдайда енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе паралелльді) аппараттық құралдар болып табылады, ал программалық қамтыма ретінде операциялық жүйе: Жергілікті және ауқымды желілер.Қолданатын протоколдарына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN-local Area Network) және ауқымды (WAN- wide Area Network) деп бөлу қабылданған.Ауқымды желінің географиялық мөлшері үллен болады. Олар жеке компьютерлерді , сияқты әр түрлі протоколдармен жұмыс істейтін бірнеше жергілікті желілерді өзара байланыстыру үшін шлюздар деп аталатын арнайы құралдар болады . Шлюздар аппараттық та, программалық та бола алады. Бір немесе бірнеше желілерді бір бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады.

15.4. Интернет-технологияның элементтері.

Интернет барлық жүйелері хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін ауқымды компьютерлік желі. Интернеттің дамуы мен таралуы уш бағытта жүргізіледі; технилалық немесе аппараттық компонент; программалық компонент; ақпараттық компонент. Ақпараттық компонент компьютерлердің түрлі модельдерімен жүйелерінен, физикалық негізі әр түрлі болып келетін байланыс арналарынан, компьютерлермен байланыс арнары арасындағы мехникалық, әрі электрлік үйлесімділікті қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады. Программмалық компонент интернеттегі түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал оның негізгі атқаратын қызметі төмендегідей: ақпаратты сақтау, іздеу, жинақтау, қарау н/е тыңдау; желідегі ақпарат қауіпсіздігін сақтау; аппаратураныөң функциональдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету. Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді: сервер- программалар, клиент программалар. Сервер- программалар тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабында орналасады; клиент- программалар- тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

 

15.5.Компьютерлік желілерді программалық жабдықтау.

Компьютер желіге желілік тақша, модем, жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет(ISDN) торабы арқылы қосылады.Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес, модем қажет.Басқа мекемелерден мәлімет алу(бер у) жиі кездесетн болса, онда модем алып,компьютерлер жалпы желілерінің біріне қосылу қажет.Модемдер ішкі және сыртқы түрлерге бөлінеді.Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді компьютер қорабы ішінде орналасады.Сыртқы модемдер қоректену блогы бар шағын корпусқа орналасып,асинхронды тізбекті адаптер портына кабель арқылы қосылады.Клмпьютерді ,жұмыс станциясын, серверді желіге қосу арнаулы желі адаптер арқылы орындалады.Желі адаптері бөлек сатылады,бірақ кейде компьютер құрамында да болуы мүмкін.Көптеген фирмалар шығаратын арнайы программалық қамтыма да талап етілмейді. Бұл жағдайда енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті нжелі адаптерлерінің көптеген түрлері бар. Кең таралған адаптерлерге Ethernet Token ring Arcnett типтері жатады.Адаптердің әр типі деректерді тарату және желімен қатынасудың нақты бір технологиясына сәйкес келеді.

15.6.WWW баптауы жəне электрондық поштаның негізгі жұмысы.

Интернеттегі электрондық пошта. Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі электрондық пошта болып табылады . Егер Интернет басқа желілердің ақпараттық ресурстарымен байланыста екенін ескерсек, онда оны пайдаланып әр түрлі халықаралық компьютерлік желілерге хабар жіберіп және қабылдауға болады. Интернеттегі электрондық поштаның мүмкіндіктерін пайдалану үшін ,WWW – қосылған компьютерге поштаны беретін машинаға қатынас құру мүмкіндігі болуы керек .Мұны (e-mail ) электрондық пошта жүйесі арқылы , мысалы, Lotus cc: Mail немесе Microsoft Mail , пошталық BBC арқылы немесе Интернет қызметтерінен қамтамасыздандырушыға қосылған компьютер арқылы (оларды Интернет провайдерлері деп атайды ) жасауға болады. Электрондық поштаның ұйымдастыру принциптері көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсайды. Машиналарында пошталық жәшіктер бар және пошталық серверлермен коммутацияланған телефон желілері арқылы жұмыс істейтін пайдаланушыларға қосымша әрекеттер қажет болуы мүмкін. Мысалы Relkom пошталық қызметін пайдаланушылар поштаны пошталық серверге жеткізетін uupc программасын іске қосулары керек , ал пошталық хабарды хабарлардың сақталуын да қамтамасыз ететін bml программасының көмегімен дайындауға болады. Кез келген пошталық байланыстың негізгі адрестер жүйесі болып табылады. Нақты адресі болмаса, адресатқа поштаны жеткізу мүмкін емес.

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.