Здавалка
Главная | Обратная связь

Академия кітапханасы

ІІ БЛОК – ПРАКТИКА

Емтихан билеттері

Билет №1

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №1 «Кездесу» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Әлия кешкі асты достарымен ішті.    
Бүгін күн жексенбі.    
Құрбылар жазғы кафеде отырды.    
Кафеде ыстық тамаққа тапсырыс берді.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

Ең жақын досыңызды туған күнімен құттықтаңыз.

 

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Жоғары оқу орнын қалай таңдағаныз, оқуға түскеніңіз туралы әңгімелеңіз.

 

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Өзім туралы

Менің атым – Әділ. Жасым он жетіде. Ұлтым – қазақ. Биыл осы қаладағы елу бесінші мектепті үздік бітіріп, Қазақстандық экономика және құқық институтының құқықтану факультетіне оқуға түстім. Болашақта заңгер, қорғаушы болғым келеді.

Біздің бірінші курста жақсы жігіттер мен әдемі қыздар бар екен. Мен олармен танысып, кейбіреулерімен достасып та үлгердім. Біз сабақтан кейін бірге тамақтанып, оқу залына бірге барамыз. Қиын тапсырмаларды бірлесе отырып орындаймыз. Маған институт ұжымы да, достарым да ұнайды.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Адам өмірінде көліктің маңызы зор.

Билет №2

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №2 «Айнұр және оның отбасы» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Айнұр институтта сурет үйірмесіне барды.    
Ағасы инженер болып жұмыс істейді    
Сіңлісі де студент.    
Анасы – дәрігер.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Ағаңыз мектеп бітірді, құттықтап тілек айтыңыз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Менің бос уақытым.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

 

Өткен сенбіде Әлішер мені театрға шақырды. Біз Мұқтар Әуезов атындағы қазақ драма театрының алдында сағат алтыда кездестік. Сол күні М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклі жүріп жатыр екен. Спектакльдің режиссері – Әзербайжан Мәмбетов, басты рөлдерде ойнайтындар – елімізге еңбегі сіңген кино және театр майталмандары Асанәлі Әшімов пен Зәмзәгүл Шәріпова.

Біз орындарымызға жайғасқан соң, шымылдық ашылды да, спектакль басталды. Сахнаның безендірілуі, әртістердің ойыны, костюмдері де керемет болды. Бірінші актіден кейін үзіліске шықтық. Үзіліс кезінде театр ішін аралап, қойылым көріністерінен суреттерді қарап шықтық.

Спектакль сағат кешкі тоғызда аяқталды.Спектакльден үлкен әсер алдық. Келер жолы енді басқа театрларға да барматын болып шештік.

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

 

Достықты қалай түсінесіз? Ең жақын досыңыз кім?

Билет №3

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №3 «Қазақ тілі сабағында» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

    дұрыс бұрыс
Терезені ашайық, кабинет өте ыстық. Оқытушы    
Денис тақтаға шықсын. Оқытушы    
Сөздердің аудармасын да жазайық па? Студенттер    
Мына тапсырманы ауызша орындайық. Володя    

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Көмекші есімдерді пайдалана отырып, үйіңіздің айналысында не орналасқанын айтыңыз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

ҚазБСҚА кітапханасы.

 

 

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Алматыға саяхат

Серік демалысқа шықты. Ол бір аптаға Алматыға жолға шықты. Серік Алматыда бес күн болып қыдырады. Ол Алматыға келісімен жоспар құрды. Ең бірінші Республика алаңына барады, Даңқ монументін көреді. Сосын М.Әуезов атындағы театрға барады. Театрдың жанындағы “Қиял әлемі” саябағында демалады. Медеу мұз айдынына барады. Ең бастысы – оптикаға барып, өзіне көзілдірік алу.

Бірінші күні ол Республика алаңына барды, сосын Елбасының резиденциясын тамашалады. Резиденцияның қасында мұражай бар екен. Оған да кіріп көрді.

Келесі күні оптикаға барды. Ол қонақ үйінің жанында екен. Өзіне көзілдірікке тапсырыс жасады. Көзілдірігін келесі күні алатын болды. Содан кейін Серік қаланы аралады. Алматы көп өзгеріпті. Орталықта әдемі ғимараттар көбейген. Серік көп қабатты жаңа үлгідегі сауда орталықтарында да болды.

Кешке мейрамхананың жанында досымен кездесті. Досы Серікті өзінің саяжайына шақырды. Сәрсенбі күні Серік саяжайға кетті. Саяжайдан келесі күні келді. Сол күні кешке Абай атындағы опера және балет театрына барды. Соның алдында суретке түсті.

Сенбіде Серік үйіне қайтты. Бірақ үйіне келген соң, ең басты жұмысын ұмытып кеткенін білді.

Серік нені ұмытып кетіпті?

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

 

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда.

Билет №4

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №4 «Күн тәртібім» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

дұрыс бұрыс
Мен күнделікті сағат тура 7-де тұрып, 15 минуттай беті қолымды жуамын    
Сағат 8.30 бен 18.00 аралығында академияда сабақта боламын.    
Көбінесе кітапханада отырамын, кейде үйге келіп сабаққа дайындаламын.    
Бос уақытым мүлдем жоқ.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Өзіңізге ұнайтын сабағыңыздың өту барысын әңгімелеңіз..

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Сағат түрлері.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Қонақжайлылық

 

Мен Астана қаласында тұрамын. Астана жыл өткен сайын көркейіп, дамып келеді. Біздің компанияға Лондон қаласынан бірнеше әріптестеріміз келді. Күн сайын гүлденіп, көркейіп келе жатқан қаламыздың көрікті жерлерімен таныстырып, кешкісін шетелдік әріптестерімді қазақтың ұлттық тағамдарымен таңғалдырғым келді. Оларды Есілдің сол жағалауындағы «Жерұйық» мейрамханасына апардым.

Жерұйық Астанадағы ең ірі мейрамханалардың бірі. Мейрамхана алдында жаңа саябақ бар. Саябақтың ауасы кең, әрі таза. Орындықтары да өте әдемі. Онда түрлі ағаштар мен сан алуан гүлдері өсіп тұр.Мейрамхананың іші ұлттық нақышта безендірілген. Төбесінде шаңырақ, қабырғасы уықтармен қоршалған.

Мен әріптестерімен қазақтың салты бойынша ең алдымен шай дастарқаны жасалатынын, оның басты асы бауырсақ екенін айттым. Қазақтың ұлттық тағамы – сыйлы қонақтарға берілетін қазақша ет туралы әңгімелеп бердім. Дастарқан басында шетелдік әріптестерім қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы көп сұрады. «Жерұйық» мейрамханасында әзірленген халқымыздың ұлттық тағамдары, біздің елдің жылы ілтипаты, орындалып жатқан әсем әндері әріптестеріме қатты ұнады. Олар қазақ халқының қонақжайлылығына ерекше баға берді.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

 

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Абай

Билет №5

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №5 «Талғаттың түске дейінгі күн тәртібі» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Талғат таңертең тұрып жаттығу жасайды.    
Ол сабаққа үнемі кешігіп қалады.    
Талғат академияға жақын тұрады.    
Талғат автобуста музыка тыңдағанды ұнатады.    

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Өздік жұмыстарын қалай орындап, тапсырасыз?

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Менің демалыс күндерім.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

- Сізге қандай кітап керек?

- Мен Абайдың өлеңдер жинағын алуүшін келіп едім.

- Тапсырыс беріңіз.

- 1 сағат бұрын бергенмін.

- Қазір қарайын. Бар екен. Қазақшасын алып оқымайсыз ба?

- Қазақша әлі оқи алмаймын.

- Күн сайын дайындалып, жақсы оқысаңыз, үйренесіз.

***

- Сізге не керек?

- Мен қарындасыма сегізінші наурыз мерекесіне арнап сыйлық алғым келеді.

- Онда мына А.П.Чеховтың әңгімелер жинағын алыңыз.

- Жоқ, маған қазақша кітаптар керек еді.

- Абайдың өлеңдер жинағы, Ғ.Мүсіреповтың таңдамалы шығармалары, қазақ ертегілерінен Алдар көсе туралы бар.

- Маған Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида»деген шығармасын беріңізші.

- Жақсы. Ақшасын төлеу үшін кассаға барыңыз.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Менің академиям

Билет №6

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №6 «Қазақ тілі сабағы» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Қазір ағылшын тілі сабағы жүріп жатыр.    
Сабақтың тақырыбы «Менің арманым».    
Олар сабақты ойын түрінде өткізіп жатыр.    
Ойынның шарты бойынша: дұрыс жауаптың саны аз болған топ жеңімпаз атанады.    

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

Кітапханаға жазылу ретін айтып беріңіз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

Асханада.

 

 

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

 

- Сәлем, Наташа! Қалың қалай?

- Әсет, сәлем! Жақсы. Өзің ше?

- Жақсы, қайда бара жатырсың?

- Мен асханаға бара жатырмын. Достарым қазір асханада кезекте тұр. Сен кітап әкеле жатырсың ба?

- Жоқ, әкеле жатқан жоқпын, керісінше, кітаптарды кітапханаға апара жатырмын.

- Түстен кейін ағылшын сабағынан өздік жұмыс тапсырасың ба?

- Иә, соған дайындалып жатырмын. Қазір оқу залына бара жатырмын. Аз уақыт дайындаламын.

- Жарайды, уақытыңда алмайын. Қолың бос болса, түстен кейін кездесеміз.

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

 

Уақыт алтыннан қымбат.

Билет №7

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №7 «Академия кітапханасы» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Біздің академия кітапханасының тарихы биылдан басталады.    
Кітапхана сәулет және құрылыс саласы бойынша ақпаратқа бай емес.    
Өте сирек басылымдар да бар.    
Оқырмандар 30 компьютер арқылы интернетке тегін қосыла алады.    

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

Күн тәртібін жоспарлап көрдіңіз бе? Пайдасы қаншалықты бар?

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Алматының ауа райы.

 

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Адам тәулігіне қанша сағат ұйықтау керек?

Ересек адамдарға тәулігіне 6-8 сағат ұйқы қажет. Көбісіне үш 8 туралы ереже белгілі: 8 сағат — жұмыс үшін, 8 — демалыс, 8 — ұйқы үшін. Шынымен, көпшілік адамдар 8 сағаттық ұйқыға әдеттенген.

Бірақ ерекшеліктер де болады. Сонымен, Наполеон — 5 сағаттық ұйқыны жөн санаған. Ал Эйнштейн болса 12 сағат ұйықтайтын. Леонардо да Винчи әр 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған екен, тәулігіне 1,5 сағат қана!!!

Көптеген зерттеушілер өз ағзаңыздың ыңғайланғанды жөн санайды. Егер сіз өзіңізді 5 сағат ұйқтағанда сергек сезінсеңіз, онда бес сағат қана ұйықтасаңыз болады, яғни сіздің ағзаңыз осындай ұзақтылықты талап етеді деген сөз.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Ештен кеш жақсы.

Билет №8

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №8 «Уақыт алтыннан да қымбат» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Бос уақытты тиімді пайдалану керек те емес.    
Бос уақытта көп ұйықтауды жақсы көремін.    
Бос уақытымда дүкендерден әртүрлі кітаптарды қараймын, ұнағанын сатып аламын.    
Қолым бос кезде киім дүкендеріне барамын.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

Жазда шетелге демалуға жиналдыңыз делік, өзіңізбен қандай заттар алар едіңіз?

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Маған ұнайтын сауда орталығы.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Бос уақытта кім не істейді?

Әлия, Сабина, Самат, Айдос барлығы бір топта оқиды. Олар жақын дос. Университетте бірге жүреді. Сабақта бірге отырады, бірге дайындалады. Ал бос уақыттарын қалай өткізеді?

Сабина: Оның ата-анасы жұмыста, балабақшаға баратын інісі бар. Үйдің шаруасының барлығын өзі істейді. Музыка тыңдағанды жақсы көреді және бимен айналысады. Киноға барғанды ұнатады.

Әлия: Бір үйдің жалғыз қызы. Бірақ, көпшіл, ұйымшыл. Әртүрлі кештер, отырыстар ұйымдастырғанды жақсы көреді. Өзі сәнді киінеді. Сән журналдарын оқиды әрі жинайды. Актерлер туралы көп біледі.

Самат: Ол үйдің ең үлкені. Өзінен кейін екі інісі бар. Олар мектепте оқиды. Анасына үй шаруасына, інілерінің сабағына көмектеседі. Бассейнге барады. Жаңа фильмдерді жібермей көреді.

Айдос: Академияның жатақханасында тұрады. Ата-анасы алыста. Сабағын жақсы оқиды. Көркем әдеби кітаптар оқығанды, фильм қарағанды жақсы көреді.

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

 

Кітап – білім бұлағы.

Билет №9

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №9 «Жазғы демалыс» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Ауылда ата-әжем, басқа да көптеген туысқандарым тұрады.    
Сырдарияны және түйелерді бірнеше рет көруім.    
Келесі жазғы демалысымды да ауылда өткіземін.    
Кешкісін түйелер мен сиырлар өрістен қайтады.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Досыңыздың үйіне қонаққа бардыңыз, осы туралы ата-анаңызға баяндаңыз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Мерзімді басылымдар

 

 

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Ұялы телефонның зияны мен пайдасы

Ұялы телефонның зияны неде? Үлкен адамдар телефонды тек керегінде ғана қолданады. Ал, кішкене балалар шамадан тыс уақыт пайдаланады. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл баланың көп уақытын зая кетіреді. Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы – ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті, оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады.

АҚШ ғалымдары тынымсыз зерттеудің арқасында олар ұялы телефонмен сөйлесетін адамдардың миының жұмысы жақсаратынын анықтады. (ғаламтор мәліметі)

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

 

Армансыз адам болмайды.

Билет №10

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №10 «Шарын шатқалына сапарым» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Қысқы демалыста үй-ішімізбен Шарын шатқалына туристік фирма арқылы бардық.    
Шарын шатқалына автобуспен бардық.    
Өзен жағасында дастарқан жайдық, тамақ іштік, демалдық.    
Бұл жердің табиғаты соншалықты әдемі екен.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Жаңа жылды достарызбен қарсы алдыңыз, жаңа жылға тілек айтыңыз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Менің арманым

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

 

Бүгін Қытайдан әкемнің туыстары келеді. Отбасымыз дайындалып жатыр. Біздің отбасымызда қонақ қабылдау, қонақ күту – үлкен қуаныш.

Қонақ күтуде біздің отбасымыздың белгілі бір «ережелері» бар. Қонақтан бұрын үй ішін жинаймыз. Содан кейін ас әзірлейміз, дастархан жаямыз.

Қонақтар да келді. Үйге кіріп жатыр. Әкемнің қуанышында шек жоқ.. Отбасымыздың мүшелері түгел кіреберісте қонақтарды қарсы алып жатырмыз.

- Сәлеметсіздер ме?

- Сәлеметсіздер ме? Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!

Қонақтар қонақ бөлмеде. Әкем қонақтармен әңгімелесіп отыр. Анам ас бөлмеде. Біз анаммен бірге ас әзірлеп жатырмыз. Алдымен қонақтарға қазақша етпен салаттар қоямыз. Содан кейін тәтті тағамдармен шай беріледі. Қонақтармен жақын танысып жатырмыз. Олар атамыздың інісінің балалары екен.

Олар өз тұрмыстары туралы әңгімеледі. Біз қызыға тыңдадық. Шайдан кейін анам қонақтарға үйімізді көрсетті. Туыстарымыз тұрмысымызға риза болды.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

«Шақырған жерден қалма, Шақырмаған жерге барма»

Билет №11

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №11 «Бекзаттың армандары» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

  дұрыс бұрыс
1. Бекзат тас қалаушы болуды армандады.    
2. Ол кішкентай кезінен әнді жақсы айтатын.    
3. Бекзаттың бойында ешқандай өнері жоқ.    
4. Жоғары сыныпта әнші болуды армандады.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Қолыңнан не келеді? Не істей аласыз?

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Сізге ұнайтын жыл мезгілі

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Шаш шеберінің еңбек жолы

Шаш шеберінің еңбек жолы қалай басталады? Екі жолы бар. Біріншісі – 9-шы сынып бітірген соң кәсіби колледжге бару. Екіншісі – жеке курстарға бару. Колледждерде орта білім алу мен қатар үш жыл ішінде 18 жасында кәсіпті меңгереді. Жеке курстарда мектеп бітірген соң 6-10 ай ішінде 18 жасында куәлік алады.

Содан кейін жұмысқа кіріседі. Ең қиыны бірінші жыл. Бұл кезде көбі шыдамай тастап кетеді. Бастапқы екі жылына қайтсе де төзу керек. Содан соң жеңіл болады. 3-4 жылда шеберлік дәрежеге көтерілуге болады. Бұл оның 21-22 жасы. Келесі 3-4 жылда оның тұрақты клиенттік базасы қалыптасады. Одан кейін шаш шебері басты табысын үйде таба алады. Клиенттері алдын ала жазылып үйіне келетін болады. Бұл кезде жақсы шаш шебері күніне ең кемінде 10 мың теңге табады. Бұл оның 25-26 жасында. Сол үшін шеберлікке жету қажет.

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Байланыс түрлері

Билет №12

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №12 «Менің туған күнім» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Ата-анаммен кеңесіп, достарымды үйге шақыратын болдым.    
Нағашы әпкем мейрамханада бас аспаз болып жұмыс істегендіктен, тамақтарды дәмді дайындай алады.    
Мен әртүрлі ойындар ойластырып жүрмін.    
Менің достарым тосынсый жасайын деп жатыр.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

«Мега» ойын-сауық орталығына жаңа жылдың алдында бардыңыз делік, сауда орталығының мейрамға дайындығын әңгімелеп беріңіз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Ұялы телефонның зияны.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

– Сәлеметсіз бе?

– Сәлеметсің бе?

– Марияны телефонға шақырасыз ба?

– Сіз кім боласыз? Ол ұялы телефонмен сөйлесіп жатыр, күте тұрыңыз.

– Мен Қанат боламын. Біз бір топта оқимыз. Жақсы, күтемін.

– Сәлем, Қанат. Қалың қалай?

– Жақсы. Маша, жұма күні мен сабақта болмадым. Үйге берілген тапсырмаларды сұрайын деп едім.

– Қай сабақтардан, айта бер.

– Қазақ тілінен және математикадан.

– Қазақ тілінен «Өз күн тәртібің» туралы мәтін дайындау, математикадан келесі сабақта бақылау жұмысы болады, өткен тақырыптарды қайталау керек.

– Рахмет. Агент арқылы білейін деп едім, ешкім интернетте отырған жоқ.

– Қанат, сен естімедің бе? Кешке топтағы балалар жиналып «Мегаға» барайық деп жатырмыз. Қолың бос болса, бізге қосыл.

– Сабақтарға дайындалғаннан кейін боспын. Мен де барамын.

– Кездескенше. Тағы да хабарласармыз.

– Сау бол.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Досыма хат.

Билет №13

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №13 «Сөйлесу қатынас құралдары» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Күн сайын біз адамдармен әр түрлі жолмен байланыс жасаймыз.    
Интернеттің көмегімен машина үй сатып алуға, қонақ үйден күні бұрын орын алуға, кино көруге, тіпті басқа елдегі таныстарыңызбен еркін сөйлесуге де болады.    
Бұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернетті өте сирек пайдаланамыз.    
Электронды пошта арқылы кез келген елдермен байланыса аласыз.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

Сіз кешкісін ыстығыңыз көтеріліп ауырып қалдыңыз делік. Ары қарай іс-әрекетіңіз туралы әңгімелеңіз.

 

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Сүйікті ісім.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Сауықтыру лагері

Жазғы демалысты әбден күттім. Жазғы демалысымды қалай өткізетінімді жоспарлай бастадым. Жазғы демалыста бір жарым айдай жұмыс істедім, кейбір уақыттарда қыдырдым, қонақтарға бардым. Содан кейін мен сауықтыру лагеріне жинала бастадым, анам жиналуыма көмектесті. «Достық» сауықтыру лагерінде 11 күндей болдым. Көп адамдармен таныстым. Бірнеше күннен кейін мен үйге кеткім келді. Басында әзер шыдап жүрдім. Бірақ, шапшаң үйреніп кеттім. Әр күн сайын бізде әртүрлі сайыстар, футбол, пейнербол жарыстары болды. Уақыт өте келе біз достарымызбен айрылысқымыз келмеді, бірақ қайтатын уақыт келді. 21тамызда үйге келдім. Содан кейін мен оқуға дайындала бастадым.

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Спорттың пайдасы

Билет №14

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №14 «Кездесуге келісу» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Ерлан мен Айжан телефон арқылы сөйлеседі.    
«Мега» ойын-сауық орталығында кездеседі.    
Назар 63-ші автобуспен келетін болды.    
Олар сағат жетілерде кездеседі.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Анаңыз досыңыз туралы сұрады делік, айтып беріңіз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Менің сүйікті тағамдарым.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

 

Қыркүйек. Айдын жексенбі күні қалаға қыдыруға шықты. Орталық саябаққа келді. Айдын саябақ ішіндегі орындықтардың біріне отырып, ұялы телефонынан музыка тыңдады, өзімен ала келген кітабын оқыды. Айдынның қасына бір бейтаныс жігіт пен қыз жақындады. Айдын орнынан тұра беріп еді:

Жанар: Айдын?! Сен Айдынсың ғой, – деген таныс дауыстан кідірді.

Айдын: Иә, мен Айдынмын.

Мұрат: Сен расымен бізді танымай қалдың ба?

Айдын: Жоқ, бірден танымай қалдым.

Мұрат: Жанар, біздің бірінші көріп қалғанымыз жақсы болыпты. Ол бізді танымай қалды.

Жанар: Иә, мен ғой бірінші сені байқап қалдым.

Айдын: Жанар, Мұрат, сендерсіңдер ғой!?

Жанар: Мұратқа мынау Айдын емес пе, деп айтып қалдым да, ойланып қалдым.

Мұрат: Қалың қалай? Көріспегелі қанша жыл болды.

Жанар: Қалай өзгеріп кеткенсің? Лондоннан қашан келдің? Оқуың қалай?

Айдын: Туған жерімді сағынып қалдым, қалада әлі біраз уақыт боламын.

Мұрат: Біз сені қонақ қылайық, жүр дәмханаға барайық.

Достар дәмханада біраз әңгімелесті. Айдын Лондон туралы көп әңгімелесе, Жанар мен Мұрат қаладағы сыныптастары және оқу орны туралы айтты. Кездесуден кейін Айдын үйіне кеш қайтты.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Менің сүйікті актерім.

Билет №15

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №15 «Қаламен таныстыру» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Біз қазір Достық даңғылымен келе жатырмыз.    
Сол жақта М.Әуезов атындағы қазақ драма театры.    
Неке сарайы туралы мүлдем айтылмады.    
«Қазақстан» қонақүйінің қасында алтын адам ескерткіші бар    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Биылғы қысқы демалысыңыз ұнамады делік, келесі қысқы демалысыңызды қалай өткізгіңіз келеді?

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Спортпен шұғылданудың пайдасы.

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

Талғаттың түстен кейінгі күн тәртібі

 

Сабақтан соң кітапханаға барады, ертеңгі сабақтарға дайындалады, өздік жұмыстарын орындайды. Талғат үздік оқиды әрі белсенді студент. Академияда көптеген іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға қатысады. Дөңгелек үстел, конференция, пікірталастарға да белсенді қатысады.

Талғат үйге кешкі 5-6-ларда келеді. Тамағын ішкен соң, футбол ойнауға барады. Ол бала күнінен футбол ойнағанды жақсы көреді. Қолы боста газет-журнал, әдеби шығармалар оқиды, теледидардан жаңалықтар тыңдайды. Талғат сөзжұмбақ шешкенді ұнатады. Компьютерге отырып, ғаламтор арқылы сабағына қатысты материалдар, ақпараттар іздейді, достарымен әлеуметтік желілер арқылы хабарласады. Ұйықтар алдында кітап оқиды, сондықтан кешірек ұйықтайды.

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

 

 

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Менің туған жерім.

Билет №16

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №16 «Мекенжай» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Нұржанның мекенжайы: Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 49-үй, 117-пәтер.    
Біз екі топта оқимыз.    
Нұржанның үйіне бару үшін 11-ші троллейбусқа немесе 49-шы автобусқа мінуім керек.    
«Шұғыла кинотеатры» аялдамасынан түсемін.    

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

 

 

СӨЙЛЕСІМ (10 минут).

1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға – 2 минут, жауап беруге – 2 минут).

Анаңызды Аналар күнімен құттықтаңыз.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз. (дайындалуға – 5 минут, жауап беруге – 1 минут).

Мен жиі баратын сауда орталығы.

 

 

ОҚЫЛЫМ (9 минут).

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға – 1 минут, дауыстап оқуға – 2 минут).

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырды Халықаралық отбасы күні деп бекітті. 1994 жылдан бастап осы күн атап өтілетін болды. Дүниежүзілік қауымдастық отбасы мәселесіне алаңдаушылық білдіреді. Өйткені, адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі – мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі.Ол сол мемлекеттің, халық әл-ауқатының көрсеткіші.

Қазақстанда 3,5 млн. Астам отбасы бар, олардың ішінде 5 және одан көп адамнан тұратын отбасылар бар. Жыл сайын 135-140 мың неке қиылады.

Осы іс-шараның негізгі мақсаты – жастар мен жас отбасылардың отбасын құруды жоспарлау және жас сәбилерді бағу мәселелері туралы ақпарат деңгейін арттыру, жас отбасы проблемаларына жұртшылық назарын аудару.

 

1-тапсырма. Мәтіннің басты тірек сөздерін табыңыз (дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға – 3 мин., жауап беруге– 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут).

 

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға – 13 минут, тексеруге – 1 минут).

Өз үйім – өлең төсегім.

 

Билет №17

ТЫҢДАЛЫМ (7 минут).

Мәтінді тыңдаңыз. №17 «Кім қайда барғысы келеді?» (тыңдауға – 2 минут)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (толтыруға – 1 минут, жауап беруге – 1 минут).

 

  дұрыс бұрыс
Марина Ләззатқа театрға б




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.