Здавалка
Главная | Обратная связь

Назарбаев университеті



ІІ БЛОК - ПРАКТИКА

Емтихан билеттері

БИЛЕТ №1

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №1 «Ұшқыш»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Ол Оксфорд авиация академиясын бітірмеген    
Ұшқыш күн сайын екі мәрте тексеруден өтуі керек.    
Қазақстанда шетелде оқыған, шетелдік лицензиясы бар ұшқыштар санаулы.    
Жақсы ұшқыштарды шетелге жұмысқа шақырмайды    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

 

Досыңыз шаңырақ құрды. Тілек, бата айтыңыз.

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин).

Қазақстандағы білім беру жүйесі.

 

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

 

Ғарышкерлер жерге қонды

Астана уақытымен таңғы 6 сағат 51 минутта Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтықта осыдан 10 күн бұрын ғарышқа аттанған халықаралық экспедиция мүшелері Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсан (Дания) және Айдын Айымбетов (Қазақстан) Жерге қонды.

Ғарышкерлерді əуежайдан күтіп алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау лебізін жеткізді.

- Біз ғарышкерлердің сапардан аман-есен оралуын ел болып тіледік. Бұл біз үшін үлкен тарихи оқиға. Қазақ жері 60 жылдардан бастап ғарышқа жол тартатын мекенге айналды. Сапардың сəтті өткеніне қуаныштымыз, - деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің барлығының ғарышкерлерін ұшыруға мүмкіндігі жоқ екендігін атап өтті.

«Осындай мүмкіндікке ие елдердің қатарында біз бармыз. Бала кезден біз аспанға қараймыз, түнде жұлдыздарды санаймыз. Адам баласы ылғи ғарышқа ұмтылады, бірақ бәрі ұша бермейді. Ғылыми жағынан да, техниканың өркендеуі жағынан да ғарышпен шұғылданған өте дұрыс. Ресей Федерациясымен осы жұмысты жалғастыра беретін боламыз. Бұған жұмсалған шығын мен ғылыми-зерттеулер өз-өзін ақтайды деп санаймын», - деді Президент.

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз. (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

 

Менің саяхатым

БИЛЕТ №2

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №2 «Шарм Эль Шейх курорты»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Шарм Эль Шейх курорты туристерді тыныш жағажайлық демалыстарымен қызықтырмайды.    
Бұл курорт жыл бойы туристерге қызмет көрсетеді.    
Шарм Эль Шейхты су астында жүзуді ұнататындар жоғары бағалайды.    
Оның атауы араб тілінен аударғанда «патша шығыны» дегенді білдіреді.    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге- 2 мин.).

Шымбұлақтағы жексенбілік демалыс.

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

Қазақстанның халықаралық байланысы

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Су астындағы қонақүйлер

Адамдар алыс, жақын шетелдерге саяхатқа шығады. Оларды ең алдымен қонақүй мәселесі толғандырады. Саяхатшылар қонақүйдің сәулетті, әрі қолайлы болуын қалайды. Қазіргі таңда таңғажайып қонақүйлерді тұрғызу сәнге айналып келеді. Сәулетшілер қонақүйдің жаңа, таныс емес жобасын жасауда. Олар қонақтарға жайлы бөлме ұсынғысы және сапалы қызмет көрсеткісі келеді. Туристерді таң қалдырғысы келеді. Германия астанасы Берлинде бөлмелері бір-біріне ұқсамайтын «Қалалық пропеллерлі үй-арал» қонақүйі бар. Ол ел арасында «Таңғажайып қонақүй» деген атқа ие болған. Себебі, бұл қонақүйлер су астында орналасқан.

Флорида, Америка Құрама Штаттарында адам таң қалатын қонақүйлер бар. Су астындағы алғашқы қонақүйлер Флоридада пайда болды. Океанология саласының мамандары су астына қонақүй салып, оны танымал жазушы Жюль Вернның құрметіне атады. Қонақүй бөлмелері кондиционер, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, теледидар т.б. тұрмыстық техникалық бұйымдармен жабдықталған. Әр бөлмеде ванна, душ, дәретхана бар.

Мұндай қонақүй тұрғыны болу үшін әуелі дайвинг курсынан өту керек. Себебі, қонақүйге аквалангпен алты метр тереңдікке түсу керек. Қонақүй бөлмесінің бір тәулік бағасы кісі басына 500 АҚШ долларын құрайды. Бұл қонақүйге қалтасы қалыңдар барады. Осы қонақүйде болу кез келген адамның арманы десе болады.

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.)

 

Менің сүйікті қалам

БИЛЕТ №3

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №3 «Қазақстан туризмі»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Қазіргі заманғы туризм өндірісі дамып келе жатыр.    
Көбінесе туристік кәсіпорындар Таразда орналасқан.    
Еліміздің туристік аймақтары – Алматы, Көкшетау, Қапшағай, Маңғыстау өңірлері.    
Туризм адамдарды әрбір мемлекеттің табиғат көркімен, ереше сұлу жерлерімен таныстырмайды.    

 

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

 

Отбасындағы бала тәрбиесі

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Алматы әуежайы

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Астанаға сапар

Адамдар басқа қалаларға, елдерге ұшақ немесе пойыз арқылы қатынайды. Ұшақпен кез келген жерге тез жетуге болады. Пойыз ұшаққа қарағанда қауіпсіз. Ұшақ билеті қымбат. Пойыз билеті арзандау болады.

Кейбіреулер Астанаға қыдырып барса, кейбір адамдар жұмыс бабымен барады. Дәурен жазғы демалысын Астанада өткізбекші болды. Ол жолға жиналды. Досына хабарласып күтіп алуын өтінді. Астанаға жүрдек пойызбен жетті. Оны вокзалдан досы күтіп алды. Екеуі досының үйіне келді. Біраз тынығып алғаннан кейін, олар Астананы аралауға шықпақшы. Мұхитбаққа барып балықтарды тамашалады. Ертесіне Ханшатырға барып, суға түсті жақсылап демалды. Дәурен бір апта бойы Астана қаласын армансыз аралады.

Байкен Астанаға іссапармен бармақшы. Астанаға тез жету үшін ұшаққа билет алмақшы. Ол бару және қайту билеттеріне алдын-ала тапсырыс беріп қойған. Ұшаққа отырып Астанаға жетті. Әуежайдан таксиге отырып қонақүйге келді. Қонақүйге орналасып, жұмыс орнына барды. Уақыты өте тығыз. Жұмыс өте көп. Іссапар мерзімі екі күн. Жұмыстарын бүгін бітіріп, ертең Алматыға қайтпақшы. Әріптестерімен кездесіп жиналыс өткізді. Жұмысы ұзаққа созылып, шаһарды аралауға уақыты жетпеді. Бірақ жұмысының біткеніне қуанып қалды. Тез жиналып, Алматыға қайту үшін әуежайға қарай бет алды.

 

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.)

Табиғатты аялайық!

БИЛЕТ №4

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №4 «Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмасы бар.    
Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер емес.    
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады    
Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты құрту деген сөз    

 

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

 

Үйлену тойына дайындық

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Сүйікті ісім

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Қазақстан табиғаты

Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Көлдің суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнық болғандықтан түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, бір-біріне жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлі бар. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған.

Шарын ұлттық табиғи саябағы – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік саябақ. Саябақ 1964 жылдан бері республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші ретінде қорғалып келді. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорода штатында ғана кездеседі.

Әнші құм – Талдықорған жерінде Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан деп аталатын таулардың етегіне орналасқан құмды төбе. Мұнда Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отырады. Жел тұрған кезде сырнайдың үніне ұқсас таза, әдемі әуен естіледі. Осындай ғажап әнді есту үшін адамдар әдейі ат басын бұратын болған. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Табиғаттың мұндай ғажайып әншісі Қазақстаннан басқа ешбір елде жоқ.

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

Менің мамандығым

 

БИЛЕТ №5

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №5 «Экологиялық мәдениет» (тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
«Экология» термині грек тілінен «үй туралы» (қоршаған табиғи орта) ілім деп аударылады да, ол табиғатты қорғаумен байланыстырылады    
Ұзақ ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз табиғат құшағында көшіп қонып жүріп, табиғаттың сырын жан-жақты білуге дағдыланған    
Ғылыми әдебиеттерде оған «табиғаттың тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқыпты пайдалану» деген анықтама берілмейді.    
Найзағайдың жарқылы, күн күркіреуі, құйын секілді табиғат құбылыстарына қазақтар ерекше мән беріп, қасиетті санамаған.    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

Сізге Астанаға жедел бару керек. Әркетіңіз.

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Әлемдегі ең бай адам

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Адам мен табиғат

Адам мен табиғат егіз. Табиғаттың адамға берері мол. Тек соны түсіне білуің керек. Өзге адамдардан жақсы қасиеттерді үйренгенің сияқты, табиғаттан да үйренуге болады.

Топырақтан үлгі ал. Неге десең, ол өте кішіпейіл және ол – бүкіл тіршілік атаулының қайнар бұлағы. Құлпырған гүл де, жайқалған орман да топырақтан өсіп шығады. Бірақ мынаны ұмытпа: топыраққа не ексең, сол шығады. Қалай баптасаң, солай өседі. Ең бірінші таудан сабырлықты үйрен. Тау орнынан тапжылмай тұрғанмен, оның іші қазынаға толы. Бүкіл байлық содан табылады. Жердің тепе-теңдігін сақтап тұрған да таулар. Сен де адамзаттың тыныштығын сақта. Басында мәңгілік қар жататын таулар, бір жақтан өмірден көргені мен түйгені мол, шашына ақ түскен кемеңгер қарияларға ұқсайды. Әлемдегі ауаны тазартатын да таулар. Сен де адамзатты жаман қасиеттерден тазарт. Оларға ақ жүрегіңді, мөлдір махаббатыңды сыйла.

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

Менің Отаным - Қазақстан

БИЛЕТ №6

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №6 «Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Байланысудың ең тиімді құралдарының бірі – телефон.    
Жердің қай түкпірінде отырсаңыз да, қалаған адамыңызға қоңырау шалып, хабарласа алмайсыз.    
Қазақстандық физик Александр Грэхем Белл телефонды 1976 жылы Алматыда ойлап тапты.    
Сөйлесуден бөлек, ұялы телефондар бізге хабарлама мен суреттерді жіберуге мүмкіндік береді.    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

 

Мамандық таңдау – жауапты іс. Келісесіз бе?

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Ұлттық құндылықтар

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Адам және табиғат

Ата-бабаларымыз аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын аңғарып, құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата ұрпақтың пайымдауы бойынша мысалы, шағалалар көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ балықтар су бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады.

Ашық күнде қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірткелер шырылын тоқтатып, жым-жылас болып айналада тыныштық орнаса, онда жеделғабыл жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа жосылып кете бастаса немесе сексеуіл тоғайы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде көп ұзамай боран соғады, көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады, күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса жел тұрады.

«Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деп олардың орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа райы туралы болжау; үркерге қарап уақыт белгілеп, күзетшілердің кезегін ауыстыру; темірқазыққа қарап жолаушының түнгі бағытын айқындауы; желмаясын жел­діртіп халқына Жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыздың әр өңірдің қадір-қасиетін қапысыз айтқан: «Алты күнге ат семіртіп мінетін жер екен», «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған» деген сөздері – табиғат пен адамның тіл табысуының ең бір үлкен айғағы, қалыптасқан экологиялық мәдениеттің қағидалары.

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

Ғаламтор

БИЛЕТ №7

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №7 «Ғаламтордың шығу тарихы»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
ARPANet желісі орталықтандырылмаған болатын    
80 жылдардың басында ірі-ірі корпорациялар ғаламтордың көмегімен электронды пошта арқылы ақпаратты тарату мүмкіндігін пайдала бастайды.    
Ұлттық ғылым фондының қаулысымен ғаламтор желісін коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салды.    
1993жылы қаулы өз күшін жойып, ғаламтор желісі жеке тұлғаларға, мекемелер мен өндіріс көздеріне қолжетімді болды    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Адамның қазіргі жағдайдағы ең басты мәселесі – ақша. Келісесіз бе?

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Өнер тарландары

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Әлемдегі ең бай спортшылар

Күні кеше әйгілі «Forbes» журналы өткен жылы ең көп пайда тапқан спортшы­лардың тізімін жария етті.

1. Бай-қуаттылардың тізімін Тайгер Вудс бастап тұр. АҚШ-тың 35 жастағы атақты гольф шебері — бүгінгі таңдағы әлемдегі ең бай спортшы. Оның байлығы жүздеген миллион АҚШ долларын құ­райды. Бұл азаматтың есімі спорт­шылар арасынан шыққан алғашқы мил­лиардер ретінде Гиннестер кітабына тіркеледі. 2. Америкалық баскетболшы Коби Брайант 2010 жылы 54 миллион доллар­ды әмиянына салды. Ол 1996 жылы 18 жасында «Лос-Анджелес Лейкерстің» жейдесін киді. Содан бергі 15 жыл бойы тапжылмай сол команданың сапында ойнауда.

3. Былтырғы маусым тағы бір атақты баскетболшы Леброн Джеймс үшін де табысты болды. 1984 жылы АҚШ-тың Огайо штатында дүниеген келген ойын­шы жастайынан білікті бапкерлердің назарына ілікті. Әуелде ол жеті жыл бойы «Кливленд Кавальерстің» намысын қор­ғаса, былтырғы маусымнан бері «Майами Хиттің» сапында өнер көрсетуде. Бойы 203 сантиметр, салмағы 114 келі тартатын Джеймс екі рет Олимпиада ойындарына қатысты. Афиныда қола медальді мойны­на ілсе, Бейжіңде бас жүлдені олжалады. Екі рет Ұлттық баскетбол лигасының жеңімпазы атанды. Бірнеше рет лиганың шартты құрамасына енді.

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

Достық

БИЛЕТ №8

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №8 «Денсаулық – зор байлық»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы емес    
Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды.    
“Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” деп айтпаған халқымыз    
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн    

 

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

 

Тауға саяхат жасау

 

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин).

Туған жер

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Телефонның шығу тарихы

1875 жылы Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді.

Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Қазір әлемде ұялы телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады: Жай ұялы телефон, Смартфон, Ұялы, бейнетелефон. Жай ұялы телефонда қонырау шалу - қабылдау, СМС, соңғы кездерді фото - бейнекамера, интернет, ММС, Блютуз деген сияқты функциялары бар. Уақыт өткен сайын функциялары да көбейіп барады.

Смартфон құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялары бағдарлама ретінде жасалынған.. Сол себебті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылығы.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады. Пішініне қарай ұялы телефондар моноблокты, жайылмалы, сырмалы сенсорлық телефон болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта ұялы телефон балада да, жасөспірімде де, үлкендер мен қарттарда да бар. Себебі ол - қазіргі заман талабы. («Өнертапқыштар энциклопедиясы»)

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз. (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

 

Ана махаббаты

БИЛЕТ №9

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №9 мәтін «Сән және стиль түрлері»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Сәнді арнайы көркемдеуші адамды «сәнгер» деп атаймыз.    
«Сән» (мода) – латын сөзі, «өлшем», «әдіс», «іс-әрекет» деген ұғымды білдіреді.    
Классикалық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.    
Фольклорлық стиль (этникалық) – спорттық сипаттағы киімдер.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Қазақ ғарышкерлері

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Қазақстан Республикасының Туы

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Скайп

Скайп- ғаламтор арқылы мәтіндік, дыбыстық және көріністік байланыстарды қамтамасыз ететін бағдарлама. Скайп байланысын компьютерлер арасында құруға болады. Сондай-ақ мобильдік және стационарлық телефондармен де скайп арқылы қоңырау шалып, байланыс жасау мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда әлемде 600миллионнан астам адам скайп байланысы қызметін пайдаланады.

Скайп сонымен қатар мәтіндік хабарламаларды, файлдарды жеткізе алады. Монитор экранындағы көріністерді де веб-камерадағы көріністер сияқты жолдауға болады. Бағдарламаларды тұтынушылар үшін видеохабарлар жіберу мүмкіндігі де бар. Skype бағдарламасы компьютерлерге арналған.Солай болса да кейбір LG, Panasonic, Samsung т.б. теледидарлар үшін де скайп бағдарламасынқабылдай алатын құрылғылар жасалған.

Мәтінді жіберу кезінде желі үзіліп қалған жағдайда автоматты түрде бағдарлама тоқтайды, желі қайта жұмыс істейтін болса, бағдарлама да автоматты түрде қайта қосылады. Мұнда файл көлемі шектеусіз жіберіле береді.

Бағдарлама скайп арқылы берілетін дыбыстық, видео, мәтіндік мәліметтерді қорғау қарастырылған. Алайда алаяқтар тарапынан мәліметтерді ұрлау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан көптеген елдерде скайп арқылы мәліметтерді ұрлауға тыйым салынатын заңдар қабылданған.

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз(жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

 

Менің академиям

БИЛЕТ №10

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №10 «Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  бұрыс дұрыс
Қазақстанның өркендеуі – білім-ғылым саласына тікелей байланысты.    
Қазақстан минерал қоры бойынша әлемде соңғы орында.    
Қазақстан болашағының дамуына мұнай, газ кешенінің ешқандай қатысы жоқ.    
Табиғи газдың қоры бойынша әлемде алғашқы ондықта тұр.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Қазақстан халықтарының татулығы. Бірлік, ынтымақ туралы мақал-мәтелдер.

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Ұлттық киімдер

Қазақ халқының ұлттық киімдері үш түрге бөлінеді. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімі.

Бір киер киім жиындарға, той-думанға барғанда киетін сәнді киімдерді атаған. Олардың түстері ашық, киімдері көрнекті болады. Олар – көйлек, қамзол, шапан, аң терісінен тігілген ішіктер, тақия, сәукеле, бөрік т.б.

Сәукеле – қызды ұзатқанда, киетін бас киім. Оны ақ киізден жасайды. Шеті құндыз, кәмшат терісімен айналдыра тігіледі. Сәукеле алтын жібек жіппен зерленеді. Сәукеленің төбесіне үкі қадалады, сыртына жаулық жабады.

Қысқы киім – тон, ішік. Тон әрі жылы, әрі ыңғайлы. Оны қатты аязда, боранда киеді.

Ішік–қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің, қоянның терісінен тігілетін жылы киім. Сыртын матамен тыстайды.

Шапан - қазақ жерінде шапандар әр түрлі болған: мерекелік шапандар, күнделікті шапандар, қыз-келіншектерге арналған шапандар. Мерекелік шапандар әдемі матадан тігіледі. Олар асыл тастармен әшекейленген.

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

 

Менің сүйікті спортшым

БИЛЕТ №11

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №11 «Мемлекеттік рәміздер тарихынан»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Мемлекеттік Елтаңба мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға салынбайды.    
Мемлекеттік әнұранды салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде орындайды.    
1996 жылы 4 маусымда ресми рәміздеріміз туралы заң қабылданды.    
Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер: Ж.М.Мәлібеков, Ш.Ы.Уәлихан.    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Ақшасы көп адам – сыйлы адам. Келісесіз бе?

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Қазақстан спортшылары

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Құтты болсын!

Дүниеге сәби келсе, келін түсіп жатса той-думандатып атап өтетін салт бұрыннан қалыптасқан. Көрші қолаңғ ағайын-туыс, жора-жолдас қуанышымен бөлісетін жылы лебіздерін білдіретін кез осы. Арнайы үлкен қуанышпен бөліскен ағайынына қонақтары тек бұл сөзді айтып қана қоймай, жақсы тілектерін білдіріп, бай,азыларын берген. Шамаларына қарай сыйлықтарын береді. Той-думандарға келген қонақ үйге кәре бере «Құтты болсын!» сөзін айта кіреді. Қуанышқа ие болып жатқандаға әрбір жақындарының осындай жылы лебіз білдірулері міндеттей болып кеткен, әрі ағайын-туыстың арасындағы сыйластықтың куәсі. Бұл сөзді жаңа үйлі-жайлы болып, жаңа затты болып жатқанда, келін түсіргенде айтады.

Қазақ әрбір сәтті күнге, қуанышқа, мәжіліске, тойға келгенде «құтты болсын» деп игі сөзді қосып айтады. Жаңа қоныстанып жатқандарға «қоныс құтты болсын» деп жөн сұрасады. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын!», «төрт түлік ақты болсын» деуді ұмытпаған жөн.

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

Ғарышкер

БИЛЕТ №12

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №12 «Ұлттық валюта – теңге»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Ерте замандарда теңгелерді Ақтау қаласында басып шығарған.    
Ұлттық валютамыз 2000 жылдан бастап енгізілді.    
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.    
Қазақ теңгесі Англияда басылды.    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

 

Қысқы Азияда ойындары

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Танымал тұлғалар

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Қазақстан Республикасының рәміздері

Мемлекеттік елтаңбамыздың авторлары – Ж.Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңбамыздың негізі – шаңырақ. Ол – елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – күн шеңбері. Шаңырақтың айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз оның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі – Мемлекеттік Ту. Оның авторы – суретші Ш. Ниязбеков. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түсті таңдауы – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындықтың белгісі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын білдіреді. Және қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етіп тұрғандай. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек – алтын түсті.

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз(жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

Менің сүйікті ісім

БИЛЕТ №13

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №13 «Қазақ ғарышкерлері»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

  дұрыс бұрыс
Талғат Мұсабаев Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, авиация институтын бітірген.    
Тоқтар Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.    
Айдын Айымбетов ғарышта оншақты ғылыми эксперимент жүргізді.    
Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкер.    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Қазақстанның туристік орындары

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Білім, оқу туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңыз

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Ақша

Адамның қазіргі жағдайдағы ең басты мәселесі – ақша. Ақша барлық жерде, барлық жағдайда қажет. Ақшаң болмаса, ешкіммен араласа алмайсың. Ешқайда бара алмайсың. Тіпті қатты қарның ашқанда тамақ та сатып ала алмайсың. Ақшаң болмаса, өмір де сүре алмайсың. Ақшаға барлық нәрсені сатып алуға болады. Бірақ ақша оңай келмейді. Оны маңдай термен, жұмыспен ғана табасың. Яғни, адал еңбекпен. Ақшаны үнемдеп әр нәрсеге жаратпай, тек маңызды керек деген затқа жарату керек.

Ақша мәселесі – өте қиын нәрсе. Ақша адамды семіртеді, аздырады, тоздырады. Көп ақшасы барлар мақтаншақ болады. Ақшаны орынды жұмсай алмайтын адамдар көп ұшырайды. Денсаулық болмаса, көп ақшаның ешқандай пайдасы болмайды. Ақша табылады, ал денсаулық табылмайды. Қанша бай болып, ақшаң көп болса да денсаулықты сатып ала алмайсың. Тапқан ақшаны орынды жұмсау керек. Адамның жаны мен денсаулығы ешқандай ақшаға сатылмайды.

Ақшаға үнемділік керек емес. Бар болса, оңды-солды шашу керек. Ақша жұмсау үшін көп ақылдың керегі жоқ. Барғың келген жерге бар. Сатып алғың келген нәрсені сатып ал. Қалтаңда ақша көп болса, досың да көп болады. Ақшаң жоқ болса, ешкім саған қарамайды. Керек болса, тартып ал.

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

Жасыл ел

БИЛЕТ №14

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №14 «Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды» (тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
«Жыл студенті» атағы тек Қазақстандық студенттерге беріледі.    
Ол Бейжің мемлекеттік мұнай университетінде білім алып жатыр.    
Асланның ғылыми жетекшісі Хан Гуоцин оның болашағынан зор үміт күтеді.    
Қазақстандық студент Аслан Жанұзақов «Жыл студенті» атағына ие болды.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма.Берілген жағдаятта/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

 

Туристік сапар

 

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз(дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Театр

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

 

Кәсіпкерлік

Елімізде шағын кәсіпкерлікті дамыту қолға алынды. Бизнесті дамыту жолдары жан-жақты қарастырылуда. Ол үшін нақты шаралар жасалып жатыр. Әрбір азаматтың бизнеспен айналысуына мүмкіндік бар. Бизнесті ашу үшін банктер төмен деңгейде несие береді. Бизнес заңына сәйкес жұмыс жасау керек. Бизнесті бастамас бұрын адамның өзінде сенім болу керек. Ең алдымен адамға батылдық қажет. Бизнесті басқару оңай емес. Бәсекелестікте адамдар шығынға ұшырап зиян шегіп жатады. Серіктес ретінде де бірлесіп жұмыс жасауға болады. Бастысы іске нақтылық қажет. Бастаған істі тастамау керек. Алдағы жоспарың дұрыс болса, жұмысың да нәтижелі болады. Әрбір адамда іске икемділік пен қабілет болу керек.

Қазіргі замнның іскер адамы үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай білген адамның ісі де өнеді, табысы да көбейеді. Бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. Өз кәсібін шын сүйетін адам уақытты ұтымды пайдалауға тырысады. Мәселен, шетелдерде бизнеспен айналыса бастаған кәсіпкер ертеңгі күннің жоспарын бір күн бұрын жоспарлайды екен. Жоспар қағазға түсіріледі. Олардың ішінде ең маңыздысы, екінші кезекте орындалатындары белгіленеді. Іскер адам үшін ең маңыздысы – табысты молайтудың көзін іздеу, іскер әріптестер табу.

 

 

1-тапсырма. Мәтін бойыншажоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

2-тапсырма.Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.).

 

Үлгілі отбасы

БИЛЕТ №15

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

 

Мәтінді тыңдаңыз. №15 «Әлемдегі ең таңдаулы мамандық»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
Қазіргі таңда экономикалық мамандықтар қажет емес.    
Адам екі нәрсені таңдауда жаңы­лыспауы керек.    






©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.