Здавалка
Главная | Обратная связь

Структурная схема модели Солоу 3 страница



9. ОКбасылады;

10.Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

3-жаттығу.Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.


  1. Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3деп өзгертіңіз;
  2. А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;
  3. В2 ұяшыққа келесі,

=Если(А2<=0; (1+2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функциикөмегімен жазыңыз;

  1. Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;
  2. Функция графигін тұрғызыңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

9-кестедан алынады)

 

  1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/.
  2. Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/.

9-кесте

№ вар х жатқан аралық 1 -тапсырма 2 - тапсырма
ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантын D= b2-4ac … тауып және ЕСЛИ функциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (Егер D>0, екі түбір бар)  
Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады. Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз.  
Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады. Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИфункциясын қолданыңыз.  
Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде логикалық функцияларды қолданыңыз
Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса - 10 %, 2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады. Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды қолданып есептеңіз.  
         

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?
  2. Еслифункциясы қалай жазылады және орындалады?
  3. И функциясы қалай жазылады және орындалады?
  4. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?
  5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?

 

 


СЕМИНАРЛЫҚ ЖҰМЫС №10

Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін бет тұрғызуда және теңдеу шешуде пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.

Сондай-ақ, Excel программасында Сервис->Подбор параметра командасын пайдаланып теңдеулерді жуықтап шешу мүмкіндігі де қарастырылған. Жоғары математика курсынан белгілі теңдеудің түбірін жуықтап шешу әдісін қолданғанда әуелі түбір жатқан аралық анықталады. Мұндай аралықтар үшін олардың шеткі нүктелеріндегі функция мәндерінің таңбалары әртүрлі болуы шарт. Аралық анықталғаннан кейін сол аралықтағы түбірдің мәнін , Сервис->Подбор параметра командасын қолдана отырып белгілі бір дәлдікке дейін жуықтап табуға болады.

1- жаттығу.Бет ( поверхность) тұрғызу. Беттің формуласы:


1. Өз бумаңызда Лаб_Ex_10деп аталатын жұмыс кітабын құрыңыз.

2. х-тің мәндерін 0,2 қадаммен А2 ұяшықтан бастап баған түрінде енгізіңіз;

3. у-тің мәндерін 0,2 қадаммен В1 ұяшықтан бастап жол түрінде енгізіңіз;

4. В2 ұяшыққа формула: =3*А2^2 – 2* SIN(B1)^2*B1^2 жазыңыз;

Формуланы жазып болғаннан кейін оны қалған ұяшықтарға көшіру кезінде адрестердің дұрыс өзгеруін бақылап көріңіз, қорытынды жасаңыз: х-тің мәндері барлық уақытта А бағанында болуы керек, сондықтан баған өзгеріп кетпес үшін оның алдына абсолют адрестің белгісі қойылады, яғни $А болады, ал у-тің мәндеріне сәйкес бірінші жолдың адресі $1 болып өзгереді.

5. Ендеше осыған сәйкес В2 ұяшықтағы формуланы: =3*$А2^2 – 2* SIN(B$1)^2*B$1^2 түрге келтіреміз /9-сурет/;

6. z –тің қалған мәндерін толтыру маркерін пайдалана отырып, шығарыңыз;

7. Ол үшінВ2:В12 диапазонды белгілеп алып толтыру маркерін сәйкес тіктөртбұрышты обылыс толғанға дейін созасыз;.

 

9-сурет

8. Кестені х, у, z. мәндерімен қоса белгілеп алыңыз;

9. Диаграмма шеберін ( Мастер диаграмм) шақырыңыз, диаграмма типінен Поверхность (1-ші түрін ) таңдаңыз;

10. Диаграмманың параметрлерін өзгертіңіз;

11. Диаграмманы сол бетке орналастырыңыз, атын Поверхность деп өзгертіңіз.

2- жаттығу.“Подбор параметра” командасын пайдаланып х3-0,01х2-0,7044х+0,139104=0 теңдеуді шешіңіз.

 

Теңдеуді шешу үшін түбір жатқан аралықты анықтау керек, сондықтан у(х)= х3-0,01х2-0,7044х+0,139104 функциясыының мәндері табылады, қажет болса графигі де салынады.

1. А2:А12 диапазонға [-1;1] аралығын 0,2 қадаммен жазамыз /10-сурет/;

2. В2 ұяшыққа =А2^3-0.01*A2^2-0.7044*A2+0.139104 формуласы жазылады;

3. Функцияның қалған мәндерін толтыру маркерін пайдаланып шығарыңыз;

4. Функция таңбасы өзгеретін аралықтарды анықтаңыз: [-1;-0.8], [0.2;0.4], [0.6;0.8], бастапқы жуықтаулар ретінде бұл аралықтардың ортасы алынады;

5. Бастапқы жуықтаулардың мәндері сәйкесінше С2; С3; С4 ұяшықтарға жазылады;

6. D2 ұяшыққа =С2^3-0.01*С2^2-0.7044*С2+0.139104 формуласы жазылады да ол D3, D4 ұяшықтарына да көшіріледі;

7. D2 ұяшығы белгіленеді; .

8. Сервис->Подборпараметракомандасын орындаңыз;

9. Пайда болғанПодбор параметра терезесіндегі Установить в ячейке тұсында D2 тұрады;.

10. Осы терезедегі Значения тұсына 0 жазыңыз. Бұл теңдеудің оң жағын білдіреді ;

11.
Изменяя значение ячейки тұсына С2 жазасыз. Бұл бірінші аралықтағы түбірдің жуық мәні шығатын ұяшық /10-сурет/.

10-сурет

12. ОК басылады;

13. Дәл осылай қалған екі түбірдің мәндері С3 және С4 ұяшықтарда шығарылады;

14. Теңдеудің түбірлерін графиктік әдіспен табуды өзіңіз орындаңыз.

 

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

10-кестедан алынады)

 

1. х, у Î[-1;1] деп алып, Z= … бетті тұрғызыңыз /10-кесте, 1-тапсырма/.

2. ... теңдеуініңбарлық түбірлерін табыңыз /10-кесте, 2-тапсырма /.

10-кесте

Нұсқа № 1- тапсырма 2-тапсырма
Z=5x2cos2(y) –2y2ey x3-2.56x2-1.3251x+4.395006=0
Z=2x2cos2(x) –2y2 x3+2.84x2-5.6064x-14.766336=0
Z=2e0.2xx2 –2y4 x3+0.85x2-0.4317x+0.043911=0
Z=x2 –2e0.2yy2 x3-0.12x2-1.4775x+0.191906=0
Z=3x2sin2(x) –5e2yy x3+0.77x2-0.2513x+0.016995=0

Бақылау сұрақтары:

  1. Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?
  2. Теңдеу шешуде қолданылатын Excel программасының командасы қалай аталады?
  3. Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?
  4. Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?
  5. Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?

СЕМИНАРЛЫҚ ЖҰМЫС №11

 

Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»

Мақсаты: MS Excel кестесін мәліметтер қоры ретінде пайдалану әдістерін үйрету.

Негізгі түсініктер:

Excel программасындағы электрондық кестелерді кейбір жағдайларда қарапайым мәліметтер қоры ретінде де қолдануға болады, бұл жағдайларда электрондық кестенің жолы ішінара мәліметтер қорындағы жазба (запись) қызметін, ал бағандары мәліметтер қорындағы өрістің (поле) қызметін атқарады.

Электрондық кестеде жазылған мәліметтерді сұрыптау бағандар бойынша (өрістер ), Данные->Сортировка командасы немесе саймандар панеліндегі батырмасы арқылы жүргізіледі. Сұрыптаудың реті, шарттары және т.б. параметрлері Сортировка командасы орындалғанда пайда болатын Сортировка диапазона диалогтық терезесінде беріледі. Мәліметтерді сұрыптаудағы негізгі мақсат- бұл кесте жолдарындағы мәліметтерді (жазбаларды) белгілі бір ретпен орналастыру болып табылады.

Электрондық кестедегімәліметтерді фильтрациялау- бұл сол кестеден, берілген шарттарды қанағаттандыратын жолдарды, немесе жазбаларды тауып алу . Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялағаннан кейін кестеде тек шартты қанағаттандыратын жолдар көрініп тұрады, ал қалған жолдар көрінбей тұрады. Электрондық кестедегімәліметтерді фильтрациялау үшінДанные->Фильтр командасы қолданылады.

Автофильтрация

Excel программасында кестенің бағанын немесе бірнеше бағандарын белгілеп алып программа терезесінің жоғарғы мәзірінен Данные->Фильтр->Автофильтр командасын орындағанда әрбір бағанда кішкентай үшбұрыш түріндегі ( ) белгі шығады, бұл белгіге шерткенде пайда болатын тізімді фильтрациялау шарттары ретінде қолданады.

Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).

Данные->Фильтр->Расширенныйфильтр командасы кестедегі мәліметтердің арасынан бірнеше шарттарды қанағаттандыра алатындай мәліметтерді анықтап бере алады. Кеңейтілген фильтрді қолданғанда шарттардың немесе фильтрациялау критерийлерінің екі түрі қарастырылған:

1) Салыстыру критерийлері (Критерий сравнения);

2) Есептелетін критерий (Вычисляемый критерий).

Кеңейтілген фильтрді қолдану екі кезеңді қамтиды:

1-Кезең – фильтрациялау критерийлерін құру;

2-Кезең –кесте жолдарын немесе жазбаларды фильтрациялау.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу.Мәліметтерді сұрыптау.

1. Өз бумаңызда Лаб_11_Ex жұмыс кітабын құрыңыз;

Жұмыс кітабының бірінші бетін (Лист1) Списокдеп өзгертіңіз, 11.1- кестедегі мәліметтерді енгізіңіз: Бағандардың атын өзгертіңіз, жолдардағы мәліметтерді енгізуде Данные ->Формакомандасын пайдаланыңыз.

11.1- кесте

 

Топтың номері Сын. кітап. номері Пәннің коды Оқытуш. Таб. № Сабақ түрі Күні Баға
П1 А1 Л. 12.12.04
П2 А2 Пр. 25.12.04
П1 А3 Л. 12.12.04
П2 А1 Пр. 20.12.04
П1 А2 Л. 12.12.04
П2 А1 Л. 25.12.04
П1 А2 Пр. 12.12.04
П1 А3 Пр. 25.12.04
П1 А3 Л. 7.12.04
П2 А1 Пр. 25.12.04
П1 А3 Л. 7.12.04
П2 А2 Пр. 25.12.04
П1 А2 Л. 12.12.04
П1 А1 Л. 25.12.04
П2 А3 Л. 7.12.04
             

 

2. Кестедегі мәліметтерді Пәннің кодыбағаны бойынша өсу ретімен сұрыптаңыз, ол үшін :

§ Курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировкакомандасы орындалады;

§ Пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі тізімдерден Пәннің кодыбағаны көрсетіліп, по возрастаниюкатегориясы таңдалынады.

3. Өсу реті бойынша сұрыптауды, кестенің үш бағаны бойынша жасаңыз: Топтың номері, Пәннің коды, Оқытуш. Таб. № , ол үшін курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировкакомандасы орындалады, пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі:

§ Сортировать по бөлімінде – Топтың номері бағаны, по возрастанию категориясы;

§ Затем по бөлімінде – – Пәннің коды бағаны, по возрастанию категориясы;

§ Последнюю очередьбөлімінде – Оқытуш.Таб.№ бағаны, по возрастанию категориясы таңдалынады да, орындауға жіберіледі.

2-жаттығу. Мәліметтерді фильтрациялау.

1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Автофильтрдеп өзгертіңіз. Списокдеп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Автофильтрбетіне көшіріңіз.

2. Осы берілген кестеден: “А1” оқытушыға, “Л” түрдегі сабақты “4”, “5” бағаларының біріне тапсырғандар жөнінде мәлімет алу керек, ол үшін:

§ Автофильтрацияқолданылады, курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып, Данные->Фильтр->Автофильтркомандасы орындалады.

§ Оқытуш.Таб.№ бағанындағы белгісіне шертіледі, пайда болған тізімнен А1таңдалынады;

§ Сабақ түрі бағанындағы тізімнен Л.таңдалынады да,соңынанБаға бағанындағы тізімнен Условиетаңдалынып, шыққан терезеде, келесі шарт: >3жазылады, яғни Большетаңдалынады, сол жағына3жазылады.

§ Нәтижені қараңыз.

3. Кестедегі мәліметтерді бастапқы қалпына келтіру үшін автофильтрацияны алып тастаңыз, ол үшін әрбір бағандағы фильтрация белгісіне шертіп,пайда болған тізімнен Всетаңдалынады.

4. Кестеден : “ 133” топтағы “ П1” пәнінен емтиханды “3”, “4” тапсырғандар туралы мәліметтер алыңыз.

5. Автофильтрацияны алып тастаңыз.

3-жаттығу. Кеңейтілген фильтр.

1. Жұмыс кітабының үшінші бетін (Лист3) Расшир_фильтр деп өзгертіңіз. Списокдеп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Расшир_фильтр бетіне көшіріңіз.

 

1-Кезең . Фильтрациялау шарттары диапазонын Критерий сравнения типі бойынша құру.

2. Расширенный фильтркомандасын қолданбас бұрын алдыменкритерийлер интервалы - фильтрациялау критерийлері берілетін обылыс көрсетіледі, ол үшін :

§ Бағандардың атын басқа орынға (мысалы, А18 ұяшықтан бастап қойыңыз);

3. Жаңа орында, яғни фильтрациялау шарттары диапазонында Критерий сравнения – 134 топ студенттерінің П2 пәнінен «2» немесе «5» алуы көрсетілген обылыс-кесте құрыңыз, ол үшін :

§ Бұл шарттаркритерийлер интервалына/11.2 –кесте/ жазылады.

11.2-кесте

Топтың номері Сын. кітап. номері Пәннің коды Оқытуш. Таб. № Сабақ түрі Күні Баға
  П2      
  П2      

2-кезең.Кестені фильтрациялау.

4. Кестені фильтрациялау үшін:

§ курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып ,

§ Данные→Фильтр→ Расширенный фильтр командасы орындалады;

§ Расширенный фильтр диалогтық терезесінің параметрлерін төменде көрсетілгендей түрге өзгертіңіз:

- скопировать результат в другое место белгіленеді (Установить флажок);

- Исходный диапазон тұсына кестенің: А1:G16диапазонын көрсетіңіз;

- Диапазон условии тұсына шарттар диапазонын (немесе критерийлер

интервалын): А18:G20жазыңыз;

- Поместить результат в диапазон тұсына А21ұяшығын жазыңыз.

§ ОК батырмасына шертіңіз.

§

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

11-кестеден алынады)

 

1. Өз құжатыңыздағыСписок бетін, Список1 деп аталатын жаңа бетке көшіріңіз және ... бағаны бойынша , өсу ретімен сұрыптаңыз /1-тапсырма/ .

2. Кестеден ... шартқа сәйкес келетін мәліметтерді автофильтрация арқылы анықтаңыз /2- тапсырма/.

3. Кестеден ... шартқа сәйкес келетін мәліметтерді кеңейтілген фильтр арқылы анықтаңыз /3- тапсырма/.

11-кесте

1- тапсырма 2- тапсырма 3- тапсырма
Топтың номері және Оқытуш. Таб. № 7.12.04 мен 12.12.04 аралығындағы күндерге Тобы 133, бағасы 4 немесе 5, пәні П1
Сын. кітап. номері және Сабақ түрі П1 пәннен , 4 деген баға алғанға Тобы 134, бағасы 2 және 4
Пәннің коды және Топтың номері Сынақ кітапшасының номері 15 пен 20 аралығына А2, бағасы 4 және 5, сабақ түрі -Пр.
Сабақ түрі және Күні Оқытуш. Таб. № А1 және А2 болатындарға Тобы 133, А1 және А2, сабақ түрі -Л.
Күні және Баға 2 және 3 деген бағаларға Тобы 134, Сын.№>21 , сабақ түрі -Л.

Бақылау сұрақтары:

1. Мәліметтер қоры деген не?

2. Мәліметтерді сұрыптау не үшін қажет?

3. Фильтрацияның қандай түрлері бар?

4. Сұрыптау мен фильтрациялаудың айрмашылығы неде?

5. Кеңейтілген фильтр қалай орындалады?

 

 


СЕМИНАРЛЫҚ ЖҰМЫС №12

Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »

Мақсаты: MS Excel кестелерінде матрицалармен жұмыс жасай білу тәсілдерімен және соған арналған функциялармен таныстыру.

Негізгі түсініктер:

Массив – бұл бір типке жататын мәліметтермен жасалатын операцияларды жеңілдету мақсатында, оларды бір кестеге біріктіріп бір шама сияқты пайдалану мүмкін болу үшін енгізілген мәліметтің арнайы ұйымдастырылған бір түрі. Массивтің элементтері номерленеді, егер массив бір ғана жолдан немесе бағаннан тұрса оны сызықтық массив деп атайды да, ал массив бірнеше жолдар мен бағандардың жиынтығынан тұрса оны матрица түрінде қарастырады. Excel программасында кестеге енгізілген мәліметтің массив екенін программаға хабарлау үшін, формулалар жолында массивтің формуласы жазылады (= белгісінен басталғандықтан ) соңында міндетті түрде CTRL+SHIFT+ENTER пернелері қатар басылады, мұның нәтижесінде массивтің формуласы фигуралық жақшаға { } алынады (мысалы, {=A1:C1} немесе { =A1:C4}). Массив формуласына кіріп тұрған ұяшықтар диапазонын массив диапазоны, ал ұяшықтың мәндерін массив аргументтері деп атау келісілген. Массивтермен жасалатын операциялар ұяшықтармен жасалатын операциялардан өзгешелеу болады, сондықтан Excel программасында массивтермен жұмыс жасауға арналған арнаулы функциялар қарастырылған олардың негізгілері :







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.