Здавалка
Главная | Обратная связь

Структурная схема модели Солоу 7 страница



3. Кестедегі әр өрістің енін деректердің ұзындығына сәйкес өзгерту.

4. Ол үшін:

§ «Код» өрісіндегі кез келген жолды шертіңіз;

§ Формат– Ширина столбцакомандасын орындаңыз;

§ Пайда болған терезеде <По ширине данных> батырмасын шертіңіз, сонда өріс ені өзгереді.

§ Осы әрекеттерді қалған өрістерге де орындап, ендерін өзгертіңіз.

5. Кестеде іздеу жасау.

Мысалы, Оқытушы Омаровқа іздеужасау үшін:

§ «Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз;

§ Правка –Найтикомандасын орындаңыз;

§ Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп теріңіз;

§ <Найти> батырмасын шертіңіз. Омаров сөзі белгіленіп, курсор сол сөз орналасқан 3- жолға ауысады;

§ <Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға ауысып, келесі Омаровты айрықшалайды;

§ <3акрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.

6. Деректерді алмастыру.Ассистент Сергееваның жалақысын 18900 -дан 20000-ға алмастыру керек . Ол үшін:

§ «Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз;

§ Правка– Заменить командасын орындаңыз;

§ Пайда болған терезенің Образец жолында18900 санын теріңіз;

§ Заменить на жолына20000 санын теріңіз. Басқа опцияларға көңіл аударыңыз—сізге осы өрістің барлық жазбалары бойынша іздеу жасауға тура келеді.

§ <3аменить все> батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер алмастырылады;

7. Деректерді сұрыптау.«Жалақы» өрісінің деректерінің өсу реті бойынша кесте деректерін сұрыптау (сорттау) керек. Ол үшін:

§ «Жалақы» өрісінің кез келген жазбасын (жолын) шертіңіз;

§ Басқару панеліндегі батырмасын шертіп немесе Записи –
Сортировка– Сортировка по возрастанию
командаларын орындаңыз.

8. Фильтр қолдану.

а) «Қызметі» және «Пән» өрістері бойынша деректерді іріктеу (фильтрация) қажет. Ол үшін:

§ «Қызметі» өрісіндегі Доцент жазбасын шертіңіз;

§ Саймандар панеліндегі батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенному командаларын орындаңыз. Нәтижесінде кестеде тек доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.

§ щелкните по записи Информатика поля «Пән» өрісінде Информатика жазбасын белгілеңіз;

§ Саймандар панеліндегі батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенномукомандаларын орындаңыз. Нәтижесінде кестеде тек информатика пәнін оқытатын доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.

§ Фильтрацияны алып тастау үшін батырмасын немесе Записи– Удалить фильтр командаларын орындаңыз. Кестедегі деректер қайтадан бастапқы толық қалпына келеді.

б)«О» әрпіненаттары басталатын оқытушылар туралы жазбаларды алу керек. Ол үшін:

§ Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойыңыз.

§ Записи– Фильтр– Изменить фильтр командаларын орындаңыз.

§ Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойып, Like «О*» сұратуын жазып, Записи– Применить фильтр командаларын орындаңыз.

§ Егер сұратуды Not «О*» деп жазсаңыз, онда «О» әрпінен басталмайтын барлық жазбаларды теріп береді.

8. Кестені сақтаңыз.

3 – жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер

1.Студенттеркестесін жасау үшінтөменде берілген 3-кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттеркестесінің құрылымын Конструктор арқылы жасаңыз

3- кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Студенттің коды Мәтіндік Бүтін
Фамилия Мәтіндік
Аты Мәтіндік
Әкесінің аты Мәтіндік
Топ номері Мәтіндік
Телефон Мәтіндік  
Стипендия Логикалық Иә/Жоқ

Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын» беріңіз. Ол үшін Для этого щелкните по полю «Студенттің кодын» өрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі батырмасын шертіңіз немесе Правка– Ключевое поле командаларын орындаңыз.КестеніСтуденттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

2.Пәндеркестесін төмендегі 4-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

4- кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Пән коды Сандық Бүтін
Пән аты Мәтіндік

Кілттік өріс ретінде «Пән кодын» беріңіз. Кестелер кейін форма режимінде толтырылады. КестеніПәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

 

3.Бағаларкестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

5- кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Студент коды Сандық Бүтін
Пән коды Сандық Бүтін
Бағалар Сандық Байт

Ескерту: Бұл кестеде кілттік қрісті жаудың керегі жоқ, өйткені деректер қайталануы мүмкін. КестеніБағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін форма режимінде толтырылады.

4. Деректер схемасын құру,яғни кестелер арасындағы байланыстарды орнату. Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін өзара байланыстыру керек. Ол үшін:

§ Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Сервис– Схема данных командаларын орындаңыз, сонда экранда «Схема данных» терезі шығады;

§ Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Свя­зи– Добавить таблицукомандаларын орындаңыз;

§ Пайда болған терезеде тек бір кестенің аты ғана тұрады. Щелкните по кнопке <Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын белгілеп, қайтадан <Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.

§ <3акрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз;

§ Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату керек.Ол үшін курсорды Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі Бағалар кестесінің Пән коды өрісінің атына апарыңыз, тышқан батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

§ Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп жалауша (Ö) орнатыңыз. Егер екі өрістің типтері бірдей болмаса, бұл жалаушаны орната алмайсыз. Сондықтан олардың типтері бірдей болуы керек.

§ Каскадное обновление связанных полей және Каскад­ное удаление связанных записей қасиеттеріне де жалауша орнатыңыз;

Ескерту. Байланыстырылғанөрістерді каскадты жаңарту мен Байланыстырылғанөрістерді каскадты жою тек Пәндер кестесінде ғана жазбаларды редакторлеуге мүмкіндік береді. Ал Бағалар кестесінде бұл әрекеттер автоматты түрде орындалады Мысалы: егер Пәндер кестесінен бір пәнді жойсақ, онда Бағалар кестесіндегі жойылған пәнмен байланысты барлық жазбалар да жойылады.

§ <Создать> батырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.

§ Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және Оқытушылар кестесіндегі «Пәндер коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

§ Студенттер кестесімен Бағалар кестесіндегі «Студент коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

Нәтижесі мына суреттегідей болады:

 

Макетті сақтап терезені жабыңыз. Өрістер арасындағы 1:1, 1:N және N:M байланыстарына көңіл аударыңыз

Өздік жұмыс тапсырмалары:

1. Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық альбом»деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

2. Үш кестеден «Дәрігер», «Пациент», «Участки» тұратын «Емхана» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздеріңіз өрістерді анықтап, кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.Деректер базасы, ДББЖ деген не?

2.Microsoft Access ДББЖ қандай объектілердден тұрады?

3.Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?

4.Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері бар?

5.Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?


зертханалық жұмыс №18

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»

Мақсаты:Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді –пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).

Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.

 

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:
1) Конструктор -пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді. 2) Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады. 3) Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды. 4) Диаграмма - диаграммасы бар пішінді жасайды жасайды. 5) Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар форманы жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Кестеге деректерді енгізу.

1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

а) Пәндер пішінін жасау үшін:

§ Деректер қоры терезесінде Формы бөлімін таңдап, Создать батырмасын басыңыз.

§ Ашылған Новая форма аттысұхбат (диалогтық) терезесінде Мастер формпунктінтаңдаңыз.

§ Терезенің төменгі жағындағы тізімдегі тілше батырмасын басып пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасынбасыңыз.

§ Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан
алдымен , одан соң Далее батырмаларын басыңыз.

§ Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз. Далее батырмасын басыңыз.

§ Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын басыңыз.

§ Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз.

b)Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді жабыңыз.

Кесте.

 

Пән коды Пән аты
Информатика
Математика
Физика
Экономика

2. Кесте режиміндеОқытушылар кестесін толтыру керек.Ол үшін:

§ Деректер базасының терезесінде Таблицы бөліміндегі өздеріңіз алдыңғы зертханалық жұмыста құрылымын жасаған Оқытушылар кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп (немесе кестенің атын белгілеп,Enter пернесін басып) ашыңыз.

§ Пән коды өрісін 8- кестедегідей етіп толтырыңыз. Кестені сақтап, жабыңыз.

3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.

a)Для создания формы Студенттер пішінін жасау үшін:

§ Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

§ Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін таңдаңыз.

§ Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық (ленточная) түрін белгілеп, <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін жасалынды.

b)Студенттер кестесін2- кестеге сәйкес пішін көмегімен толтырыңыз. 2- кесте.

Студент коды Фамилиясы Аты Әкесінің аты Топ Телефон Сти-пендия
Арбузов Николай Николаевич Ф-15 260-15-63 Иә
Киршин Петр Валерьевич Ф-15 110-67-82 Иә
Кривинский Сергей Николаевич Ф-17 172-97-21 Жоқ
Крылова Елена Петровна Ф-18 130-31-87 Иә
Кульчий Григорий Викторович Мн-12 269-53-75 Иә
Патрикеев Олег Борисович Ф-17 234-11-63 Жоқ

c)Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.

3. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілменБағалар пішінін жасап үйренейік.Ол үшін:

§ Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

§ Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалынады.

§ Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады. Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып отырып барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол жағын басқан күйі деректер облысына (область данных) жылжытып алып барыңыз.

§ өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің алаңына қалаңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

§ Студент кодыөрісіндегі текстің өлшемін18 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат – размер - по размеру данных командасын орындаңыз. Пішіндіе Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

a)Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан курсорын апарып екі рет шертіңіз. Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес толтырыңыз.

Кесте.

Студент коды Пән коды Бағалар

5. Конструктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка түріндегі пішіндіөз бетіңізбен жасап көріңіз.Бұл пішінде өздеріңіз жасаған бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

1. Үш кестеден: «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын алдыңғы зертхана жұмысында өзіңіз жасаған «Музыкалық альбом» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

2. Үш кестеден: «Дәрігер», «Пациент», «Бөлімшелер» тұратын «Емхана» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.Пішін (форма) дегеніміз не?

2.Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?

3.Автоформа дегеніміз не?

4.Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?

5.Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?


зертханалық жұмыс №19

Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»

Мақсаты:Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесінің объектілерінің бірі сұратумен,оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Сұратулар.Сұрату – бұл деректерді талдау,таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

- Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.

- Қарапайым сұратуСұрату шебері (Мастер запросов) белгілі біркестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді

- Айқастырылған сұрату(Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұратустатистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.

- Қайталанатын жазбаларқарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:
Таңдама (Выборка) Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.
Жаңарту (Обновление) Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.
Қосу (Добавление) Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.
Жою (Удаление) Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.
Айқастырылған (Перекрестный) Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.
Кесте жасау (Создание таблицы) Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.

Сұратулардағы есептеулер







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.