Здавалка
Главная | Обратная связь

Структурная схема модели Солоу 8 страница



Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:

Нәтиже : [Гол] / [Ойын]

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Сұратуларды жасау және қолдану»

1.Оқытушылар кестесінің негізіндеФамилия, Аты, Әкесінің аты және Қызметі өрістері көрсетілетін таңдамаға қарапайым сұрату жасау.

а) қарапайым сұрату жасау үшін:

§ Деректер базасының терезесінде Запросы бөліміне өтіңіз;

§ Ашылған терезеде <Создать>батырмасын басыңыз;

§ Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запроспунктін белгілеп <ОК> басыңыз;

§ Пайда болған терезедегіТаблицы/запросыжолынан Оқытушылар кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса, ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);

§ в окне «Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп, . батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі«Выбранные поля» терезесіне тауысады;

§ осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты», «Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті (порядок) маңызды, соған сәйкес деректер көрсетіледі);

§ <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар қызметі деп ат беріңіз;

§ <Готово> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұрату нәтижелерінің кестесі шығады.

б) Сұратуды сақтаңыз. Ол үшін саймандар панеліндегі -Сохранить батырмасын шертіп немесе Файл – Сохранить командасын орындаңыз. Енді сұрату терезесін жабыңыз.

2. Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.

Оқытушылардың фамилиясы, аты, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін көрсететін параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек. Пара­метр ретінде оқытушының фамилиясын беріңіз және осы сұратуды Гришиндеген оқытушыға орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұрату жасау үшін:

§ Жоғарыдағы 1-ші пункте жасағаныңыздай Оқытушылар кестесінің мына өрістеріне таңдамаға сұрату жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің аты», «Оқитын пәндер».

§ Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басыңыз.

§ <На экране> батырмасын басыңыз. Сонда экранға сұрату нәтижелері бар кесте шығады.

§ Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына батырманы басып немесе Вид– Конструктор ко­мандасын орындаңыз;

§ Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына тіркесті енгізіңіз (жақшаларды да жазу керек):
[оқытушы фамилиясын енгіз];

§ Сұратуды орындаңыз: саймандар панеліндегі мына батырманы басып немесе Запрос– Запуск командасын орындау арқылы;

Ескерту.Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату конструктор режимінде бір рет қана орындалады.

Жасалынған сұратуды басқа режимде орындату үшін:

  • Запросы бөлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын басыңыз.
  • Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.
  • Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.

3. Конструктор көмегімен сұрату жасау.Фамилиясы, аты, әкесінің аты, топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:

§ Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.

§ Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп, Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.

§ Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.

§ Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін. таңдаңыз. Ол үшінөрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барасыз.

§ Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын басыңыз.

· Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.

4.Өз беттеріңізбен есептелетін өрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап көріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

5.«Жалақы» (Зарплата) өрісін на 20 %. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша» (Надбавка) есептелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.

6.Өз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:

1. «Музыкалық альбом» деректер қорына типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.

2. «Емхана» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

3. «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

4. Задайте к базе данных «Компьютерлік салон» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

5. «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

Бақылау жұмыстары:

1.Сұрату деген не?

2. Сұрату жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Сұратудың қандай типтері бар?

4. Есептелетін өріс (вычисляемые поля) қалай жасалады?

5.Шарты бар сұратуды жасағанда қандай операциялар қолданылады?


зертханалық жұмыс №20

Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»

Мақсаты:Microsoft Access деректер базасының объектілерінің бірі есеп берумен, оның қолданылу аясы және жасалу тәсілдерімен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Есеп беру –бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай- да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауың бойынша Конструкторкөмегімен жасауға, көркемдеудің дайын нұсқаларын қолдануға (автоотчеты)немесеШебер (Мастер)көмегімен жасауға болады.

Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

1) Конструкторөз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді, алайда бұл тәжірибелі қолданушыңа да оңай емес.

2) Есеп беру шебері (Мастер отчетов)кестеден немесе сұратудан өзіңіз таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берулердің макетін жасауға мұмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.

3) Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер(Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный)есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі атқарады.

4) Диаграмма шебері(Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.

5) Пошталық жапсырмалар(Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаңыз.Есеп беруді жасау үшін:

§ Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;

§ Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;

§ Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.

§ <ОК> батырмасын басыңыз;

§ Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз. Бқл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын басыңыз;

§ <Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;

§ «Қызметі» деген өрісті белгілеп, батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

§ Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.

§ <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады. Көріп алған соң, оны жабыңыз. .

2. Өз беттеріңмен Конструкторрежимінің элементтер панелін қолдана отырып Студенттеркестесінің негізінде студенттің экономикалық факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка)түрінде есеп беру жасаңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.

Нұсқа № Тапсырма
«Музыкалық альбом»
«Емхана»
«Сабақ кестесі»
«Компьютерлік салон»
«Конференцияға қатысушылар»

Бақылау сұрақтары:

1. Есеп беру дегеніміз не?

2. Какими способами создаются отчеты?

3. Автоесепберу (автоотчет) деген не?

4. Элементтер панелі не үшін қолданылады?

5. Автоесепберудің Есеп беру шеберінен (Мастер отчетов) айырмашылығы неде?


зертханалық жұмыс №21

Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»

Мақсаты: Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML-ді қолданып, Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерінқолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

§ Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;

§ Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?

HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.

HTML-тегтер

Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.

Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан , құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:

<TITLE> Құжат тақырыбы </TITLE>

Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( /) болуында. Бұл мысалда <TITLE> тегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал </TITLE> тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.

Кейбір тегтер, мысалы, <P> (абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.

Кестелерді жасау

Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:

§ TABLE тегтері – бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.

§ Міндетті емес элемент CAPTION – кестенің тақырыбын (атын) спецификациялайды.

§ TR тегтері – кесте жолдарын спецификациялайды.

§ TH тегтері – жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.

§ TD тегтері– кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.

Негізгі кестелік құрылымдар

Қарапайым мысалды: тақырыбы жоқ, 2 жол 2 бағаннан тұратын сандар кестесін (бірлік матрица) қарастырайық. Оның HTML коды мынандай болады:

<TABLE>

<TR> <TD> 1 </TD> <TD> 0 </TD> </TR>

<TR> <TD> 0 </TD> <TD> 1 </TD> </TR>

</TABLE>

және көбінесе броузерлер арқылы былайша көрсетіледі.

Кестенің қосымша қасиеттері. Мәтіндік ұяшықтары бар типтік кесте.

Жоғарыда көрсетілген кесте үлгісіне қосуға болатын бірнеше элементтер бар:

§ Кестенің тақырыбы (caption ) – кестенің өзімен байланысқан (кесте туралы құжаттағы жолдар тексіне толықтауыш);

§ Тақырыпша (headers) (түсіндірме) – кесте жолдары мен бағаларына арналған;

§ Жақтау (рамка, borders) – кесте мен әр кесте ұяшығының айналасына арналған.

Сонымен қатар ALIGN мен VALIGN атрибуттары кестенің бейнелену сапасына әсер етеді. Олар құжаттың өрістеріне қатысты кестенің орналасуын айқындайды.

Мүмкін болатын мәндері: ALIGN=LEFT (сол жақпен туралау), ALIGN=CENTER (ортаға туралау), ALIGN=RIGHT (оң жаққа туралау).

WIDTH– Кестенің ені, пиксель арқылы WIDTH=400) немесе беттің енінің проценті түрінде (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып 1-суреттегідей HTML –құжат жасау.

1. Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Задание1.html деген атпен сақтаңыз.

2. Құжаттағы алғашқы тег <HTML> тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына <HTML>деп теріңіз.

1-сурет. HTML құжат үлгісі

3.Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:

<HEAD>

<TITLE> Пример работы







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.