Здавалка
Главная | Обратная связь

Физика-математика факультеті



Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор

___________________ Л.Қ.Еркінбаева

«_____»________________ 2014 ж.

 

 

С++ -те программалау пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Мамандық: 5В011100-информатика

 

Оқу формасы: күндізгі

 

Талдықорған 2014 ж.

 

Оқу-әдістемелік кешенді І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Әдістемелік Кеңесінің отырысында №хаттамамен бекітілген оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде 5В011100-информатика, 5В060200-информатика, мамандығына доцент А.О.Алдабергенова құрастырған.

 

____________________________

(оқытушының қолы)

Ақпараттық технологиялар кафедрасының отырысында қарастырылды.

 

 

«____ »________ 2014 ж. №_______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі ______________ф.-м.ғ.к., доцент Н.С.Уалиев

(қолы)

 

 

«_____»__________ ___2014 жыл. №______ хаттама

 

 

Физика-математика факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ________________ К.Қ.Забиева

(қолы)

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ И/ПОБҚ.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу бағдарламасы Ф.4.09-50
01.09.2012 ж.
  БЕКІТЕМІН І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Ғылыми Кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, з.ғ.д., профессор Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы _________________________________ «____»_________________2014 ж.

 

 

5В011100 - Информатика мамандығы бойынша

 

С++-те программалау программалау пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Талдықорған 2014 ж.

 

 

Құрастырған: А.О.Алдабергенова – п.ғ.к., доцент

(Аты-жөні,тегі; ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі)

 

 

Рецензент: Н.С.Уалиев, ф.-м.ғ.к., доцент, АТ кафедрасының меңгерушісі

(Аты-жөні,тегі; ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі)

 

 

Оқу бағдарламасы АТ және ИОӘ кафедрасының отырысында қарастырылды және 5В011100 - Информатика мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды.

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________ Н.С.Уалиев

(қолы,аты-жөні, тегі)

 

Оқу бағдарламасы математика және жаратылыстану факультеттің

әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2014ж.

 

ФӘБ төрайымы __________________ К.Қ.Забиева

(қолы,аты-жөні, тегі)

 

Факультет деканы _________________ Е.С.Андасбаев

(қолы,аты-жөні, тегі)

 

Оқу бағдарламасы оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылды және

бекітілуіне ұсынылды

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2013 ж.

 

ОӘК төрайымы _____________________Л.Қ.Еркінбаева

(қолы,аты-жөні, тегі)

С++-ТЕ ПРОГРАММАЛАУ ПРОГРАММАЛАУ

 

Көлемі 3 кредит (135 сағат)

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

 

Си программалау тілдерінің тобы – көптеген есептерді сипаттауға және есептеу процестері мен мәліметтерді өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын бірталай көрнекті де ыңғайлы программалау тілдері. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары жобалау, құрылымдық программалау және модулдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалар құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді. Соған қарамастан Си тілі өте қарапайым тіл оған жоғарғы деңгейлі программалау тілдеріне қарағанда ассемблерге тән кейбір құралдар кіреді. Си тобының соңғы қарапайым модификациясының бірі С++ болып саналады.

Си тілін көбіне жүйелік программистер кеңінен қолданады. Жүйелік программистерді қызықтырғаны әртүрлі жадты, сонымен бірге регистрлерді қолдану мүмкіндігі, көрсеткіштердің енгізілуі, сол сияқты күрделі құрылымдық мәліметтермен жұмыс жасау, процессорды пайдалану және символдық жолдармен ыңғайлы жұмыс жасау мүмкіндігі болды.

Курстың мақсаты студенттерге С, С++ программалау тілдерінің ерекшеліктерін, мәліметтер құрылымын үйрете отырып күрделілігі әртүрлі деңейдегі есептерді шығара және талдай білуге машықтандыру болып табылады.

Курсты оқытудың міндетіС++ программалау тілінде программалар құра білуді үйрету болып табылады. С++ тілінің негізін меңгеру программа жазуға қажетті алғашқы қадам болып саналады. Тілдің мүмкіндігін жүзеге асыру механизімін және оларды байланыстыру тәтілдерін толық меңгермей тұрып тиімді, жеңіл оқылатын және кеңейтуге қолайлы программа құру мүмкін емес. Тілдің мүмкіндігі тілді жасаудағы мақсатты толық қамтиды

Курсты оқу нәтижесінде студенттер:

§ С++ программалау тілінің негізгі түсініктерін;

§ тіл мүмкіндіктерінің жүзеге асу механизімін;

§ тілдің механизімдерінің өзара байланыс тәсілдерін;

§ тілдің көптеген практикалық есептерде кеңінен қолданылу жолдарын;

§ үйреншікті С тілімен үйлестігін білуі;

§ С++ тілінде сауатты да тиімді программалар жасау тәсілдерін меңгеру қажет.

 

ПӘН МАЗМҰНЫ

 

Тілдің құрамы.Тілдің алфавиті. Идентификаторлар. Қызметші сөздер Амалдар белгілері. Тұрақтылар. Түсініктемелер.

С++ мәліметтердің типтері.Мәліметтер типтерінің концепицясы. Негізгі типтер мәліметтері. Программа құрылымы.

Айнымалалыр және өрнектер.Айнымалылар. Амалдар. Өрнектер

Структуралы программалаудың базалық құрылымдары.“Өрнек” операторы. Тармақтау операторы. Циклдық операторлар. Басқару операторлары

Көрсеткіштер және массивтер.Көрсеткіштер. Сілтемелер. Массивтер.

Қолданушымен анықталатын мәліметтердің типтері.Типтің атын өзгерту (typedef). Тізім (enum). Құрылымдар (struct). Біріктірулер (unіon).

Функциялар.Функцияны жариялау және анықтау. Жалпы айнымалалар. Қайтарылатын мәндер. Функция параметрлері. Рекурсивті функциялар. Функцияны қайта іске қосу. maіn() функциясы. Функциялар шаблондары. Стандартты кітапхана функциялары.

Процессор директивалары.#іnclude директивасы. #defіne директивасы. Шартты компиляциялау директивасы. #undef директивасы

Атаулардың жұмыс аймағы мен кеңістігі.Сыртқы жариялаулар. Аталған аймақтар.

Программаны кодтау және құжаттау.Программаны жобалау және тексеру.Деректердің динамикалық құрылымы.Сызықтық тізімдер. Стектер. Кезектер. Бинарлық тармақтар. Динамикалық құрылымды массивтер арқылы жүзеге асыру.

Графикалық операторларды өңдеу.Графиктік функциялар мен процедуралар.

Файлдар.Файлдарды өңдеуге арналған функциялар мен процедуралар

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТІЗІМІ

 

1. С++ мәліметтердің типтері. Айнымалылар және өрнектер.

2. Сызықты құрылымды алгоритмдерді программалау. Програма құрудың кезеңдері.

3. С++ ортасында тармақталу, таңдау алгоритмдерін программалау.

4. Циклдық алгоритмдерді программалау.

5. Бір өлшемді және екі өлшемді массивтерді өңдеу.

6. Ішкі программаларды өңдеу.

7. Жолдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар

8. Құрылымдармен жұмыс.

9. Файлдармен жұмыс істеу негіздері.

10. С++ тілінің графикалық мүмкіндіктері.

 

СОӨЖ -ге арналған тақырыптар тізімі

 

 

1. Объектіге –бағытталған программалаудың негізгі принциптері.

2. Кластың негізгі ұғымдары. Класты сипаттаудың жалпы форматы. Кластар және құрылымдар.

3. Виртуалды функциялар және полиморфизм.

4. Ерекше жағдайларды өңдеу негіздері.

5. Шартты компиляцияның директивалары.

6. Тілдің басқару инструкциялары.

7. Типтерді динамикалық түрде идентификациялау және типтерді келтіру операторлары.

8. Шаблондардың стандартты кітапханасына кіріспе.STL-ға шолу. Контейнерлы кластар.Векторлар. Конспект жазу.

9. Шаблондардың стандартты кітапханасына кіріспе. Тізімдер. Алгоритмдер. String класы. Конспект жазу.

10. Массивтер мен көрсеткіштер

11. Жолдармен жұмыс

12. Функциялармен жұмыс

 

СӨЖ -ге арналған тақырыптар тізімі

 

1. Препроцессор директивалары.Программаны кодтау және құжаттау. Программаны жобалау және тексеру.

2. Тармақталу және таңдау операторларына есептер шығару.

3. Циклдық операторларға есептер шығару.

4. Массивтермен жұмыс.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

1. Б.Бөрібаев Программалау технологиялары: Оқулық.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-352 бет

2. Лафоре Р. Объектно-ориентированное программирование в С++. Классика Computer Science. 4-е изд.–СПб.:Питер, 2012.–928 с.:ил.

3. Шилдт Герберт. С++: Базовый курс / Г. Шилдт.- 3-е изд./ Пер. с англ. и ред. Н. М.Ручко.- М.: Вильямс, 2006.- 624с.

4. Шилдт Г. Искусство программирования на С++. / Г. Шилдт.- М.: СПб, 2005.- 496.

5. Павловская Т.А. С/С++. Программирование на языке высокого уровня: Учебник для вузов / Т.А. Павловская.- СПб.: Питер, 2006.- 461с.

6. Савич У. С++ во всей полноте / У. Савич.- СПб.: Питер, 2005.- 784с.

7. Дейтел Х.М. Как программировать на С / Х.М. Дейтел, П.ж. Дейтел; Пер. с англ. под ред. В.В.Тимофеева.- 4-е издание.- Москва: БИНОМ, 2006.- 912с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Павловская Т.А. С++. Обьектно-ориентированное программирование: Практикум / Т. А. Павловская, Ю.А. Щупак.- СПб.: Питер, 2005.- 265с.

2. Архангельский А.Я. Язык С++ в С++ Builder: Справочное и методическое пособие /

3. Архангельский А.Я. Программирование в С++Builder 5/ А.Я. Архангельский.- М.: БИОНОМ, 2000.- 1152с.

4. Аляев Юрий А. Алгоритмизация и языки программирования Pascal,C++,Visual Basic: Справочник / Ю.А. Аляев, О.А. Козлов.- М.: Финансы и статистика, 2004.- 320 c.

5. Акжалова А.Ж. Программирование в среде Visual C++: Учебное пособие / А.Ж. Акжалова, Л.Б. Атымтаева.- Алматы: Қазақ университетi, 2005.- 146с.

6. Юркин А.Г. Задачник по программированию / А.Г. Юркин.- СПб.: Питер, 2003.-192с.

7. Могилев А.В. Информатика: Учебное пособие для студентов вузов / А.В. Могилев,

8. Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; Под ред. Е.К.Хеннера.- 3-е издание перераб. и доп.- М.: Академия, 2004.- 848с.

9. Страуструп Б. Язык программирования С++. –СПб.:БИНОМ, 1999.-991с

10. Бабэ Б. Просто и ясно о Borland С++. –М.: БИНОМ, 1995.-400с.

11. Голуб А.И. С и С++. Правила программирования . –М.:БИНОМ,1996.-272с.

12. Баженова И.Ю. Visual С++6.0. Уроки программирования. –М.: Диалог-МИФИ, 1999.-416с.

13. Карпов Б., Баранова Т. С++:специальный справочник. –СПб.:Питер, 2000.-480с.

14. Исмағұлова Б., Ережепова Э., Әбдіжапарова Г. Сөздік Словарь. Алматы.,Аруна, 2002.- 415б.

15. Г. Г. Мусабаева Русско- казахский словарь I-том, II-том. Алматы- 1978.

16. www.sunir.org/booklist

17. http://www.osborn.com

18. www.possibility.com

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-42
01.09.2012 ж.

Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

С И Л Л А Б У С

 

С++ -те программалау пәні бойынша

5В011100-информатика мамандығы үшін

 

Оқыту түрі: күндізгі

 

Курс: ____1;2___

Семестр: 2; 4

Кредит саны: _3__

Барлық дәрісханалық сағат саны: 90

соның ішінде:

Дәрістер: ___15____

Практикалық сабақтар: ____30___

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: _____2; 4 семестр______

 

 

 
 
Талдықорған 2014ж

 

 


Оқытушы туралы мәлімет

Алдабергенова Айгүл Оңалбекқызы – ақпараттық технологиялар және ИОӘ кафедрасының аға оқытушысы (№2 корпус, 316 аудитория, тел: 87023869593, e-mail: Aigul_AO@mail.ru )

Пәннің реквизиттері:«С++ тілінде программалау» курсын оқып-үйрену студенттердің информатика, математика, программалау тілдері пәндерінен алған базалық білімдеріне негізделеді және арнайы даярлықты талап етеді.

Пәннің постреквизиттері:осы пән бойынша меңгерілетін білім қоры «Объектіге бағытталған программалау тілі» пәнін оқып үйренуге қажет.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.Си программалау тілдерінің тобы – көптеген есептерді сипаттауға және есептеу процестері мен мәліметтерді өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын бірталай көрнекті де ыңғайлы программалау тілдері. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары қарай жобалау, құрылымды программалау және модулдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалар құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді. Соған қарамастан Си тілі өте қарапайым тіл: оған жоғарғы деңгейлі программалау тілдеріне қарағанда ассемблерге тән кейбір құралдар кіреді. Си тобының соңғы қарапайым модификациясының бірі С++ болып саналады. Си тілін көбіне жүйелік программистер кеңінен қолданады. Жүйелік программистерді соншалықты қызықтырғаны әртүрлі жадты, сонымен бірге регистрлерді қолдану мүмкіндігі, көрсеткіштердің енгізілуі, сол сияқты күрделі құрылымды мәліметтермен жұмыс жасау мүмкіндігі, процессорды пайдалану және символдық жолдармен ыңғайлы жұмыс жасау мүмкіндігі.

Курстың мақсаты студенттерге С, С++ программалау тілдерінің ерекшеліктерін, мәліметтер құрылымын үйрете отырып күрделілігі әртүрлі деңейдегі есептерді шығара, талдай білуге машықтандыру болып табылады.

Курсты оқытудың міндетіС++ программалау тілінде программа құра білуді үйрету болып табылады.

С++ тілінің негізін меңгеру программа жазуға қажетті алғашқы қадам болып саналады. Тілдің мүмкіндігін жүзеге асыру механизімін және оларды байланыстыру тәтілдерін толық меңгермей тұрып тиімді, жеңіл оқылатын және кеңейтуге қолайлы программа құру мүмкін емес. Тілдің мүмкіндігі тілді жасаудағы мақсатты толық қамтиды. С++ үшін негізгі мақсат – тиімділік, көптеген практикалық есептерде кеңінен қолданылуы, сол сияқты басқа С тілімен үйлестігі саналады.

Тілді оқу нәтижесінде студенттер:

§ С++ программалау тілінің негізгі түсініктерін;

§ тіл мүмкіндіктерінің жүзеге асу механизімін;

§ тілдің механизімдерінің өзара байланыс тәсілдерін;

§ тілдің көптеген практикалық есептерде кеңінен қолданылу жолдарын;

§ үйреншікті С тілімен үйлестігін білуі қажет

Студенттер С++ тілінде сауатты да тиімді программалар жасау тәсілдерін меңгерулері керек.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

- қажетті теориялық білімдерді және практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру;

- алған теориялық білімдерді практикада қолдана білу;

- ақпараттық ресурстардан ақпараттарды іздеу және қолдану.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағатанарлықсыз

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ-ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
1 кіру рұқсатының рейтингісі R1 8 апта
2 кіру рұқсатының рейтингісі R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

 

Баға қоюдың критерилері

Бақылау түрі Максималдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл практикалық сабақтың орындалуы СОӨЖ белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) Әр аптада
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2   4 апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2     7 апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 11 апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 14 апта
Аралық бақылау 1: Жоба құру Жобаның қойылымы, математикалық моделі Жоба алгоритмі, программасы Жобаны тестілеу және талдау   8 апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Қорытынды баға: (баға1+баға2)/2 15 апта

 

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖ-ге арналған кестеде көрсетілген

 

Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

Тараулар бойынша лекция тақырыптары Сағат саны Апта Әдебиет
Тілдің жалпы сипаттамасы. Негізгі ұғымдар. 1-5, 1-2, 7
Амалдар белгілері. Тұрақтылар. Түсініктемелер. Басқарушы тізбектер. Программаны құру технологиясы. 1-5, 1-2
С++ мәліметтердің типтері. Қолданушымен анықталатын типтер. 1-5, 4
Айнымалылар және өрнектер. 1-5, 6-7
Тармақталу операторлары. 1-5, 1, 6
Қайталану операторлары 6,7 1-5, 6
Басқаруды беру операторлары. 1-5, 1, 6
Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері. 1-5,4, 8
Көрсеткіштер және массивтер 10, 11 1-5, 4, 10
Жолдармен жұмыс. 1-5, 7-10
Құрылымдар мен біріктірулер. 1-5,4, 5, 10
Графикалық операторларды өңдеу. 1-5, 5, 7, 8
Файлдар. 1-5, 4, 8,10
  Барлығы    

 

Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы және мазмұны Сағат саны Апта Өткізу түрі
Тақырыбы:Тілдің жалпы сипаттамасы. Негізгі ұғымдар. Тапсырма:Төмендегі тақырыптар бойынша конспект жасау: 1. Компьютер жадысы және оның қызметі 2. Си, С++ тілдерінің шығу тарихы. Семинар
Тақырыбы: Амалдар белгілері. Тұрақтылар. Түсініктемелер. Басқарушы тізбектер. Программаны құру технологиясы. Тапсырмалар: Тапсырма 1.Математикалық өрнектерді Си, С++ тілінде арифметикалық өрнек түрінде жазу және программасын құру керек. 1.x2-7x+6 2. 3.   Тапсырма 2. Күрделі бояғыш заттың 60% - көк компонент, 10% - ақ, 18% - сары компонент, қалғаны -қоспалар. N килограмм бояғыш затта әр компоненттен қанша килограммнан бар? Практикалық жұмыс
Тақырыбы: С++ мәліметтердің типтері. Қолданушымен анықталатын типтер. Тапсырмалар: Тапсырма 1. Сауда фирмасында төмендегідей тауарлар бар: тоңазытқыш бағасы - $300, теледидар бағасы - $350, бейнемагнитофон бағасы -$320, аудиоплеерлер бағасы- $40. Бір айда 7 тоңазытқыш , 20 теледидар, 15 бейнемагнитофон , 12 аудиоплеер сатылды. Сатылған тауардың бағасын (теңге, доллармен) есептеңіз. Тапсырма 2. Сынып оқушыларының информатика курсынан алған бағаларының пайыздық құрамын анықтайтын («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық») бағдарлама жаз. Жауабы мәтін түрінде берілсін (мысалы, «Үштік баға» _____ «пайыз»). Тапсырма 3. Үшбұрыштың бір қабырғасы 4 см, екіншісі оның жартысына тең, ал үшіншісінің ұзындығы алғашқы екеуінің ұзындықтарының қосындысынан 2 есе қысқа. Үшбұрыштың ауданын есепте. Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Айнымалылар және өрнектер. Тапсырма: Тапсырма 1. Х айнымалысына клавиатура арқылы енгізілген үш орынды К санының цифрларының қосындысын меншікте Тапсырма 2. Пайдаланушыдан жазықтықтағы ұшбырыштың төбелерінің координаттарын сұрайтын және оның периметрімі мен ауданын экранға шығаратын бағдарлама құр. Тапсырма 3. Теңбүйірлі трапецияның табаны және биіктігі берілген. Трапецияның периметрін табыңыздар. Тапсырма 4. Екі сан берілген. Осы сандардың кубтарының арифметикалық ортасын және модульдерінің геометриялық ортасын тап. Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Тармақталу операторлары. Тапсырма: Тапсырма 1. a) y=     ә) y=   Тапсырма 2. X,Y,Z үш нақты сандардың ішінен ең үлкенін табу керек. Тапсырма 3.Үш нақты сандар берілген. Мәндері теріс еместерін квадраттау, ал терістерін төртінші дәрежеге шығару керек. Тапсырма 4.А(х1, у1) және В(х2, у2) нүктелері берілген. Нүктелердің қайсысының координата басына жақын орналасқандығын анықтайтын программа құру керек. Тапсырма 5.Үшбұрыштың екі бұрышы (градуспен) берілген. Осындай үшбұрыштың болатындығын анықтау керек. Егер болса, ол тікбұрышты ма. Тапсырма 6.Бір-біріне тең емес х және у нақты сандары берілген. Екеуінің кішісін олардың қосындысының жартысымен, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру керек. Тапсырма 7.ХОУ жазықтығында өзінің координаталарымен А нүктесі берілген. Оның қай осьте немесе қай ширекте орналасқанын көрсету керек. Тапсырма 8.Енгізілген өлшем бірліктерінің номеріне (1-дециметр, 2-километр, 3-метр, 4-миллиметр, 5-сантиметр) және түзудің ұзындығы L-ге байланыстытүзудің ұзындығының сәйкес мәндерін метрмен беретін программа құру керек. Тапсырма 9.Берілген 1-ден 12-ге дейінгі натурал санға (ай номеріне) байланысты осы айға кіретін мереке күндерін (мысалы, егер 1 саны енгізілген болса, онда: 1 қаңтар-Жаңа жыл, 8 наурыз-халықаралық әйелдер мейрамы) шығаратын програма құру керек. Тапсырма 10. N натурал саны берілген. Егер ол 4-ке бөлінсе, экранға N=4k жауабын шығару керек. Егер 4-ке бөлген қалдық 1-ге тең болса, N=4k+1; егер 4-ке бөлген қалдық 2-ге тең болса, N=4k+2; егер 4-ке бөлген қалдық 3-ке тең болса, N=4k+3. Мысалы, 12=4*3; 22=4*5+2 5, 6 Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Қайталану операторлары Тапсырма:Қатардың қосындысын есептеңіз Тапсырма 1. Тапсырма 2. Тапсырма 3. Тапсырма 4. Тапсырма 5. 7, 8 Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Басқаруды беру операторлары. Тапсырма: Тапсырма 1. Қаздар мен қояндарды бірге алғанда барлығы 64 аяқ бар. Неше қоян мен қаз болуы мүмкін (барлық мүмкін сәйкестікті көрсету керек). Тапсырма 2. Спортшы жаттығуды бастап, бірінші күні 10 км жүгіріп өтті. Әр күн сайын ол күнделікті мөлшерін 10 %-ға арттырып отырған. 7 күннің ішінде спортсмен барлығы қандай арақашықты жүгіріп өтеді? Тапсырма 3. Тапсырма 4. (fn) Фибоначчи саны n=2, 3, …- болғандағы f0=f1=1, fn=fn-1+fn-2 формулаларымен анықталады. f40-ті анықтау керек. Тапсырма 5. Есептеу керек: . Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері. Тапсырма: Тапсырма 1. Ұшбұрыш төбелерінің координаталарымен берілген. Оның ауданын есептейтін программа құру керек. Тапсырма 2. Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін және ең кіші ортақ еселігін (кратный) табатын программа құру керек. Тапсырма 3. Ұшбұрыштың ауданын есептейтін ішкі программаны пайдаланып, қабырғалары а болатын дұрыс алтыбұрыштың ауданын есептеу керек. Тапсырма 4. 3 санның ең үлкені мен ең кішісінің қосындысын есептейтін программа құру керек. Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Көрсеткіштер және массивтер. Тапсырма: Тапсырма 1. а1, а2,…, аn нақты сандардың тізбегі берілген. Z-тен үлкен оның барлық мүшелерін осы санмен ауыстыру керек. Ауыстыру санын санау керек. Тапсырма 2. Өлшемі – N болатын нақты сандар массиві берілген. Онда қанша теріс, оң және нөлдік элементтер бар екенін санау керек. Тапсырма 3. а1, а2,…, аn нақты сандардың тізбегі берілген. Ең үлкен және ең кіші элементтерінің орнын ауыстыру керек. Тапсырма 4. Элементтер саны N болатын массив берілген. Екі массив құрыңыз: біріншісіне бастапқы массивтің жұп нөмірлі элементтерді, ал екіншісіне тақ нөмірлі элементтерді қосу керек. Тапсырма 5. а1, а2,…, аn бүтін сандар тізбегі берілген. ai+aj=m болатын ai,aj сандар жұбын көрсету керек. Тапсырма 6. а1, а2,…, аn бүтін сандары берілген. Осы тізбектің ең кіші мүшесін барлық элементтердің арифметикалық ортасының бүтін бөлігімен ауыстыру керек, ал қалғандарын өзгеріссіз қалдыру керек. Тапсырма 7. Екі өлшемді массивтің бағандарының қосындысынан бір өлшемді массив алу бағдарламасын жаз. Тапсырма 8. Берілген массивтің қатар бойынша теріс элементерінің қосындасын есептеп жауабын В[10] массивіне меншіктейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. Тапсырма 9. Берілген массивтің бағана бойынша теріс элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері нақты сандар. Тапсырма 10. Берілген массивтен негізгі диоганалдың оң элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. 11, 12 Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Жолдармен жұмыс. Тапсырма: Тапсырма 1. Нүктемен аяқталатын жол берілген. Жолда неше сөз бар екенін санау керек. Тапсырма 2. Ағылшын тіліндегі мәтіннен тұратын жол берілген. B әрпінен басталатын сөздер санын табу керек. Тапсырма 3. Мәтіннен тұратын жол және қандай да бір әріп берілген. Қанша сөз берілген әріптен басталатынын санау керек. Тапсырма 4. Мәтіннен тұратын жол берілген. Ең қысқа және ең ұзын сөздердің ұзындықтарын табу керек. Тапсырма 5. Жол берілген. Ондағы *, ;, : симводарының санын анықтау керек. Тапсырма 6. Кіші әріптерімен жазылған мәтіннен тұратын жол берілген. Келесі жолға осы мәтіннің бас әріппен жазылған нұсқасын алу керек. Практикалық жұмыс
Тақырыбы:Графикалық операторларды өңдеу. Тапсырма: Тапсырма 1. Төмендегісуреттегі бейнелерді экранға шығаратын және қозғалысқа келтіретін программа жазыңыз. Тапсырма 2. «Аққал» бейнесін шығаратын программа жазыңыз. Тапсырма 3. Экрандағы шеңбер центрінің орналасуын және оның радиуысын анықтайтын үш бүтін сан берілген. Егер шеңбер экран центрі арқылы өтетін горизонталь түзумен қиылыспайтын болса, онда берілген шеңберді және осы түзуге симметриялы болатын шеңберді ағарту керек. Тапсырма 4. Экран центріне қабырғалары 10, 20, 30,..., 100 болатын бірінің ішіне бірі орналасқан 10 квадраттың бейнесін (төмендегі сурет) салу керек. Тапсырма 5. Экранға екі төртбұрышты шығару керек. Олардың біреуі вертикаль түзулермен, ал екіншісі горизонталь түзулермен штрихталған (төмендегі сурет).  
 
 

 


Тапсырма 6. Бірінің ішіне бірі орналасқан кезек-кезек жасыл, қызыл және қоңыр түске боялатын 9 шеңбер салу керек.

14, 15 Практикалық жұмыс
  Барлығы    

 

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар:Студенттер тапсырмалар алып, программасын жазғаннан кейін, программаны жөндеуден өткізіп, тестілеп, анализ жасап, нәтижелерін дәптерлеріне жазып, оқытушыға тексертулері керек.

 

ОСӨЖ күнтізбелік - тақырыптық жоспары

Студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:әр тақырып бойынша тапсырмаларды орындап отыру. Тапсырмалардың программасын құрып, компьютерде орындағаннан кейін, оны тестілеп, нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

 

ОСӨЖ бойынша тақырып және тапсырма Сағат саны Апта
Тақырыбы: Объектіге –бағытталған программалаудың негізгі принциптері. Тапсырма:Инкапсуляция, полиморфизм, туындау ұғымдары. Конспект жазу.
Тақырыбы: Кластың негізгі ұғымдары. Тапсырма:Кластың негізгі ұғымдары. Класты сипаттаудың жалпы форматы. Кластар және құрылымдар. Конспект жазу 2-3
Тақырыбы: Виртуалды функциялар және полиморфизм. Тапсырма:Виртуалды функциялар. Полиморфизм және пуризм. Конспект жазу.
Тақырыбы: Ерекше жағдайларды өңдеу. Тапсырма:Ерекше жағдайларды өңдеу негіздері. Ерекшелерді өңдеу нұсқалары. Конспект жазу. 5-6
Тақырыбы: Шартты компиляцияның директивалары. Тапсырма:#if, # else, # elif,# endif, # ifdef,# ifndef, # undef директивалары..
Тақырыбы: Тілдің басқару инструкциялары Тапсырма:Тармақталу, таңдау, қайталану операторларына есептер шығыру. 1. a, b, c үш саны берілген. Олар үшбұрыштың қабырғалары болу мүмкіндігін анықтау. Егер солай болса, онда үшбұрыштың типін анықтау:теңқабырғалы, теңбүйірлі. 2. Сиырдың тәуліктік рационы u кг шөп, v кг кебек және w кг жем құрайды. d сиыры бар шаруашылықта s кг шөп, t кг кебек және f кг жем қалды. Күн сайын шаруашылықта p% сиыр өледі, қалған шөптің g% шіриді, кебектің r% kолхозшылармен ұрланады, t% жемнің фирма меңгерушісі сатады. Қай кезде қалған сиырларды толық рацион бойынша тамақтандыруға болмайды? Жемнің қай түрі бәріннен бұрын бірінші таусылады? 3. Милді километрге және k км аспайтын арақашықтықтар үшін кері айналдырулардың кестесін алу.
Тақырыбы: Типтерді динамикалық түрде идентификациялау және типтерді келтіру операторлары. Тапсырма:typeidоператорын шаблонды кластарға қолдану. Типтерді келтіру операторлары. Конспект жазу.
Тақырыбы: Шаблондардың стандартты кітапханасына кіріспе. Тапсырма:STL-ға шолу. Контейнерлы кластар.Векторлар. Конспект жазу. 10-11
Тақырыбы: Шаблондардың стандартты кітапханасына кіріспе. Тапсырма:Тізімдер. Алгоритмдер. String класы. Конспект жазу.
Тақырыбы: Массивтер мен көрсеткіштер Тапсырма: 1.Массив берілген. а-дан кіші барлық массив элементтерін шығару. 2. Квадрат матрица берілген. Транспондалған матрицаны алу. 3.Элементтері әртүрлі массив берілген. Соның максимум элементін жою. 4. Матрица берілген осы матрицаның кері матрицасын алыңыз.
Тақырыбы: Жолдармен жұмыс Тапсырма: 1.Әріптері мен сандары бар жол берілген.Осы берілген жолдағы барлық сандардың көбейтіндісін табу. 2.Символдық жолдың жақшаға алынған бөлігін (жақшамен бірге) жою. 3. ЭЕМ сөз немесе сөз тіркесін ойлайды да оны табу үшін рамка-шаблон шығарады. Адам әріптерді табады немесе сөзді толығымен айтады. Ал ЭЕМ болса табу нәтижесін талқылайды. Осы процесті іске асыру керек.
Тақырыбы: Функциялармен жұмыс Тапсырма: 1.Жұпты натурал сандар берілген. Функцияның көмегі арқылы максимал санды іздеу. 2. K және N натурал сандары берілген. Элементтері цифрларының қосыныдысы К-ға тең болатын және N-нен үлкен емес сандар болып табылатын А массивін құратын программасын құру керек. 3. n-ші ретті А, В, С үш квадратты матрицалары берілген. Мөлшері бойынша ең кішісін баспаға шығару керек. Матрицаның мөлшері деп оның элементтерінің абсолют шамаларының максимумын есептеу керек.
  Барлығы  

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:

Мақсаты: Студенттерді өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, программа құра білуге машықтандыру.

Әдістемелік нұсқау: әр тақырып бойынша өздік жұмысты орындап отыру. Тапсырмалардың программасын құрып, компьютерде орындағаннан кейін, оны тестілеп нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Тапсырмаларды орындау барысында Герберт Шилдт С++ Базовый курс.-М.Спб.К.:Вильямс, 2006; Т.А. Павловская С/С++ Программирования на языке высокого уравня.-СПб.:Питер,2002.-464с.:ил. ; Л.Б.Атымтаева Объектіге бағытталған программалау негіздері.-Алматы, 2005; Голуб А.И С и С++. Правила программирования.-М.:БИНОМ,1996.-272с.; Карпов Б.,Баранова Т.С++: Специальный справочник.-СПб.:Питер,200.-480с. әдебиет көздерін және Интернет материалдарын пайдаланыңыздар.

 

СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
СӨЖ 1 1. Препроцессор директивалары. 2.Программаны кодтау және құжаттау. Программаны жобалау және тексеру.         1-2   3-4   Конспект
СӨЖ 2 1. Небоскреб N қабаттан және тек бір подъезден тұрады; әр қабатта 3 пәтерден; лифт тек тақ қабаттарда ғана тоқтай алады. Адам лифтке отырады да өзіне керек М пәтерінің номерін тереді. Лифт жолаушыны қай қабатқа апарады ? 2. Ойын бағдарламасын құрыңыз. Ол үшін компьютер сізге кездейсоқ екі саннның көбейтіндісін ұсынып, нәтижесі неге тең екендігін сұрасын. Егер сіз дұрыс жауап берсеңіз «Жарайсың», әйтпесе «Көбейту кестесін жатта» деген, соңынан «Ойынды жалғастырасың ба?» деген хабар шығарсын. Ойынды жалғастыру сіздің берген жауабыңызға байланысты болады.             5-6         Программа коды
СӨЖ 3 1. Экранға Пифагор кестесін шығаратын программа жазыңыз. 2. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық жай сандардың тізімін шығарыңыз. 3. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық кемелденген сандардың тізімін шығарыңыз.                 9-10       Программа коды
СӨЖ 4 1. Массив элементерінің жұп сандарының ең кішісін анықтайтын программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. 2. Экранда «Шахмат тақтасын» бейнлейтін программа жазыңыз. 3. «Бағдаршам» иммитациясын жасайтын бағдарлама құрңыз.             13-14       Программа коды
  Барлығы    

 

СӨЖ-ге арналған материалдар

1. С++ тіліндегі басқарушы тізбектерінің ішінен дыбыстық сигналды бейнелейтін кодты

көрсетіңіз.

A) /s

B) \d;

C) \n;

D) \f;

E) \a;

 

2. С++ тілінде төменгі амалдардың қайсысы унарлы амалдарға жатады?

A) <;

B) *;

C) ++;

D) = =;

E) dіv

 

3. С++ тілінде препроцессор дегеніміз не?

A) Қатынас амалдарының жиынтығы

B) Есептеудің орындалу ретін өзгертетін оператор

C) Белгілі бір нәтижеге жеткізетін амалдар тізбегі

D) программаның алғашқы текстімен программа трансляторға түспей тұрып кейбір өзгерістерді жүргізуге арналған программа.

E) Логикалық амалдар тізбегі

 

4. С++ тілінде массивтің элементтері қандай жақшаға алыпып жазылады?

A) фигуралы жақшаға “{}”;

B) тіктөртбұрышты жақшаға “[]”;

C) жай жақшаға “()”;

D) жақшаға алынбайды;

E) қос нүкте арасына алынып жазылады.

 

5. С++ тілінде препроцессордың операторы қандай символдан басталып жазылады?

A) ##

B) %

C) &

D) #

E) @

 

6. С++ тілінде блок қандай жақшаның ішіне жазылады?

A) циклдың үшінде жазылған операторлар тізбегі

B) жай жақшаның “()”;

C) тіктөртбұрышты жақшаның “[ ]”;

D) begіn..end операторлық жақшаның

E) фигуралы жақшаның “{}”;

 

7. С++ тілінде лексема дегеніміз не?

A) қандайда бір мәнді есептеу ережесін беретін ережелер

B) өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі.

C) қандайда бір әрекеттің аяқталған сипаттамасын беретін символдар

D) мәліметтерді сипаттау үшін қызмет ететін айнымалылар

E) программалық объектінің аты.

 

8. Си, С++ тілінде түсініктемені жазу үшін қандай символ пайдаланылады:

A) /* * /

B) { }

C) / /

D) / /, { }, #

E) { }, ' ', &

 

9. Келесі типтердің қайсысы негізгі типке жатады?

A) int , char , wchar_t, bool, float, Strіng

B) Boolean, ByteBool, LongBool

C) Real48, Sіngle, Double, Extended, Comp, Currency, Real

D) int , char , wchar_t, bool, float, double

E) Longіnt, Іnt64, Word, Longword, Іnteger

 

10. Келесі типтердің қайсысы логикалық типке жатады ?

A) bool

B) Boolean, ByteBool, LongBool

C) Sіngle, Double, Extended, Real

D) ShortStrіng, AnsіStrіng, WіdeStrіng, Strіng

E) WіdeChar

 

13. Келесі типтердің қайсысы мәліметтедің символдық типіне жатады?

A) Boolean, ByteBool, LongBool

B) AnsіChar, WіdeChar, Char

C) char, wchar_t

D) int , char , wchar_t, bool, float, double

E) ShortStrіng, AnsіStrіng, WіdeStrіng, Strіng

 

13. Келесі типтердің қайсысы С++-те мәліметтердің нақты типіне жатады ?

A) Real48, Sіngle, Double, Extended, Comp, Currency, Real

B) float, double

C) Word, Longword, Cardіnal

D) ShortStrіng, AnsіStrіng, WіdeStrіng, Strіng

E) int , char , wchar_t, bool, float, double

 

13. С++ тілінің барлық типтері қандай топтарға бөлінеді

A) арифметикалық және арифметикалық емес

B) базалық және базалық емес

C) конструкторлы және конструкторлы емес

D) негізгі және арифметикалық

E) негізгіжәнеқұрама

 

14. С++ тілінде ++, sіzeof, ~, !, -, +, &, *,- -, new, delete амалдары төмендегі амалдардың қайсысына жатады?

A) тернарлыға;

B) бинарлыға;

C) унарлыға;

D) логикалық

E) қатынас

 

15. Программаны жөндеу барысында блоктарды уақытша ала тұруда қандай символ пайдалануды

A) / /

B) /* */

C) / /, { }, #

D) &, []

E) { }, ' ', &

 

16. Негізгі мәліметтер типін ....... деп атайды

A) арифметикалық

B) символдық

C) конструкторлық

D) базалық

E) математикалық

 

17. С++-те int, char, double типтерінің алдына қандай модификаторларды қоюға рұқсат берілген

A) new, delete, іn

B) Sіngle, Double, Extended, Comp, Currency

C) ShortStrіng, AnsіStrіng, WіdeStrіng, Strіng

D) Longіnt, Іnt64, Word, Longword, Іnteger

E) short, long, signed, unsigned

 

18. unsigned модификаторы қандай мағынаны білдіреді

A) ұзын

B) таңбамен

C) таңбасыз

D) қысқа

E) екі еселенген дәлдік

 

Глосарий

 

Лексема немесе элементарлы конструкция-өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі.

Өрнек-қандайда бір мәнді есептеу ережесін береді.

Оператор-қандайда бір әрекеттің аяқталған сипаттамасын береді.

Препроцессор -программалардың алғашқы текстімен программа трансляторға түспей тұрып кейбір өзгерістерді жүргізуге арналған программа.

Идентификатор– программалық объектінің аты. Идентификаторда латын әріптері, цифрлар және төменгі сызықша пайдаланылады.

Амалдар белгісі-операндаларға қолданылатын әрекеттерді анықтайтын бір немесе бірнеше символдар.

Тұрақтылар– бұл өзгермейтін шамалар.

Арифметикалық типтер– бұл негізгі мәліметтер типтері.

Айнымалылар дегеніміз белгілі бір типтегі мәліметтер сақталатын жадының аты бар аймағы.

Идентификатордың әрекет ету облысы программа бөлігі болып табылады.

Идентификатордың көріну облысы ол жерден жады облысының идентификаторымен байланысты жеріне өтуге болатын программа бөлігі.

Функцияларға арналған көрсеткіштер функцияларды қосымша түрде (оның аты арқылы емес адресін сақтап тұрған айнымалыны шақыру аты) шақыру үшін және функцияның атын басқа функцияға параметр ретінде беру үшін пайдаланылады.

Массив дегеніміз- бір ғана атпен берілген бір типті айнымалылардың жиынтығы.

Жол дегеніміз – символдардың тізбегі.

Файл – сыртқы есте сақтау құрылғыларында (магниттік дискілерде) орналастырылған және мәлімет өңдеу, тасымалдау, кездерінде біртұтас күйде қарастырылатын мәліметтер жиыны.

 

Дәрістік кешен

 

1-дәріс

Тақырып. Тілдің жалпы сипаттамасы. Негізгі ұғымдар.

Жоспар:

1. Тілдің құрамы.

Алфавиті.

Идентификаторлар.

Кілттік сөздер: Лексема , өрнек, оператор, идентификатор, қызметші сөздер, препроцессор.

Иллюстрациялық материал:кестелер, электрондық оқулық – Алдабергенова А.О. С++ тілінде программалу негіздері

Қоғамымыздағы ғылыммен техниканың дамуы, жан-жақты дамыған адамзаттың қалыптасуын талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табуда программалау тілдерінің орны ерекше. Программалау тілдерін оқыту «Информатика» курсының негізгі бір бөлігі болып есептеледі. ЭЕМ-ді адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың бірі программистер арасында кеңінен тараған Си, С++ программалау тілдері болып табылады.

Си программалау тілдерінің тобы- көптеген есептер сипаттауға және есептеу процестері мен өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын көрнекті де ыңғайлы программалау тілдері. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары жобалау, құрылымды программалау және модулдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалау құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді. Соған қарамастан Си тілі өте қарапайым тіл: оған жоғары деңгейлі программалау тілдеріне қарағанда ассемблерге тән кейбір құралдар кіреді. Си тобының соңғы қарапайым модификациясының бірі С++ болып саналады.

Тілдің құрамы.Кез келген табиғи тіл негізгі төрт элементтен тұрады. Олар символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Бұндай элементтер алгоритмдік тілде де бар, бірақ мұнда сөздер – лексемалар (элементарлы конструкциялар), сөз тіркестері- өрнектер, ал сөйлемдер – операторлар деп аталады.Лексемалар- символдардан, өрнектер- лексемалардан және символдардан, ал операторлар- симвлодардан, өрнектерден және лексемалардан құралады.

Тілдің алфавиті немесе оның символдары негізгі бөлінбейтін белгілер. Олардың көмегімен тілдегі барлық текстер жазылады.

Лексема немесе элементарлы конструкция-өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі.

Өрнек-қандайда бір мәнді есептеу ережесін береді.

Оператор-қандайда бір әрекеттің аяқталған сипаттамасын береді. Күрделі әрекетті сипаттау үшін операторлардың тізбегі қажет етіледі. Операторлар құрама операторларға немесе болкқа біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда олар бір оператор ретінде қарастырылады. С++ тілінде болк болып фигуралы жақшаның ( { }) ішіне жазылған операторлар тізбегі алынады.

Препроцессор -программалардың алғашқы текстімен программа трансляторға түспей тұрып кейбір өзгерістерді жүргізуге арналған программа.

Препроцессордың операторы (формат)# символынан басталатын және одан кейін оператор немесе операндалар аты жазылатын бастапқы текстің бір жолы. Препроцессордың операторы программаның кез келген жерінде пайда болу мүмкін және олардың әрекеті бастапқы файлға түгел таралады.

Препроцессордың мына операторлары жиі пайдаланылады:

# іnclude, # defі







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.