Здавалка
Главная | Обратная связь

Кесте бойынша жасалады



СИЛЛАБУСЫ

Оқу түрі: күндізгі

Курс – 1

Семестр – 1

Кредит – 2

Дәріс – 15

Практикалық сабақтар – 15

ОСӨЖ – 30

СӨЖ – 30

 

Барлығы: 90 сағат

 

Астана – 2010

 

 

МАЗМҰНЫ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ( SYLLABUS  
1.1 Оқытушы жайлы ақпарат  
1.2 . Пән жайлы ақпарат  
1.3 Пән пререквизиттері  
1.4 Курстың қысқаша сипаттамасы, мәні мен мақсаты  
1.5 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі  
1.6 Әдебиеттер тізімі  
1.7 Бағалау жайлы ақпарат  
1.8 Курс саясаты (әкімшілік талаптар)……….  
ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР  
2.1 Курстың тақырыптық жоспары  
2.2 Дәріс тезистері және семинар сабақтар жоспары  
2.3 Өзіндік жұмыс жоспары  
2.4 2.5 Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс жоспары  
2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары  
2.7 Курс бойынша жаттықтыруға арналған бақылау материалдары  
2.8    

 

 

 

 

«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша оқу бағдарламасы (sillabus)

1.Оқытушы туралы мәлімет: Бекенова Гүлнар Шияпқызы, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, Қоқышева Назерке Мағазқызы, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті

Кеңес беру уақыты:

Офис мекенжайы: М.Жұмабаев көшесі, 3 үй тел. 562112

 

2.Пән туралы мәлімет.

Атауы: «Тіл біліміне кіріспе».

Курс нөмірі: 1,2

Кредит саны: 2

Курс Семестр Кредит Дәріс Семинар СРСП СРС Барлығы Бақылау түрі
1,2 1,2 Емтихан

3.Курстың пререквизиттері:

- мектеп курсы бойынша алған тіл туралы білімдері, қазақ және орыс тілі бойынша терминологиялық аппарат.

 

4.Курстың постреквизиттері:

Бұл курс жоғары оқу орнының лингвистикалық пәндер циклының негізі мен кіріспесі болып табылады. Қазіргі қазақ тілі (барлық салалары), Оқитын тіл негіздері, Қазақ және шет тілдерінің салғастырмалы типологиясы, Аударма теориясына кіріспе мен аударма теориясы.

 

Курсқа қысқаша сипаттама беру.

Курстың құрылымы.

 

«Тіл біліміне кіріспе» курсы келесі негізгі тараулардан тұрады: 1) Тіл-ғылым. 2) Тілдің мәні; 3) Фонетика және фонология; 4) Лексикология.; 5) Грамматика; 6) Тілдің шығу және даму тарихы; 7) Жазу; 8) Тілдердің жіктелуі.

 

«Тіл біліміне кіріспе» курсы үш блоктан тұрады:

· I блокқа келесі тараулар кіреді:

1) Тіл-ғылым. 2) Тілдің мәні;

· II блокқа келесі тараулар кіреді:

3) Фонетика және фонология; 4) Лексикология.; 5) Грамматика;

· III блокқа келесі тараулар кіреді:

7) Жазу; 8) Тілдердің жіктелуі.

 

Курстың мәні мен мақсаты :

- тілді зерттеу объектісі ретінде тану және тіл білімін ғылым ретінде қарастыру;

- тіл білімінің базалық ұғымы мен анықтамаларын игерту;

- лингвистика терминдерінің қатынасын, бөліну қағидалары мен жіктелуін игеру;

- кез-келген тіл пәндері пайдаланатын ұғымдар мен терминдер жүйесімен танысу;

- тіл теориясының негізгі проблемаларын, лигвистика ғылымдарының тарихын білу.

 

 

1. 6.. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

 

Жұмыс түрі Тапсырманың мақсаты мен мәні Ұсынылған әдебиеттер Орындау мерзімі Балдар Бақылау түрі Тапсыру мерзімі
Ағымдағы сабаққа дайындық Семинар сабақтар мен өзіндік тапсрымаларыд орындау. Мақсаты: ұғымдық аппарат білімін құрастыру және оны қолдана білу дағдысын қалыптастыру Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану Курстың тақырыптық жоспарына сай Min-10 Max-20 Ауызша сұрау, ӨЖ тексеру Күнтізбелік жоспарға сай
Үй тапсырмасын орындау Оқулық, дәріс семинар сабақтар және СӨЖ.ОСӨЖ материалдарын игеру Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану Курстың тақырыптық жоспарына сай Min-5 Max-10 СӨЖ.ОСӨЖ материалдарын және конспектілерді тексеру Оқу кестесіне сай
1 аралық бақылауды тапсыруға дайындық 1,2 тараулар материалын игеру Мақсаты: теориялық материалды бекіту және студенттің өзіндік ойлау қабілетін тексеру Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану Оқу семестрінің 7 аптасында Min-15 Max-35 Коллоквиум; тестілеу. Сұрақ-жауап, бақылау жұмысы Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану
2 аралық бақылауды тапсыруға дайындық   3,4 тараулар материалын игеру Мақсаты: теориялық материалды бекіту және студенттің өзіндік ойлау қабілетін тексеру Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану Оқу семестрінің 15 аптасында Min-15 Max-35 Коллоквиум; тестілеу; Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану
Қорытынды бақылауды тапсыруға дайындық Оқулық, дәріс семинар сабақтар және СӨЖ.ОСӨЖ материалдарын игеру деңгейін бақылау   Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану Оқу семестрінің 7 аптасында Min-20 Max-35 Тестілеу Семинар сабақтарда ұсынылған әдебиеттерді қолдану

 

Әдебиеттер:

1. К.Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.

2. Ә. Хасенов Тіл білімі. А., 2004.

3. Ғ.Қалиев . Тіл білімі терминдерінің түсіндірие сөздігіі. Алматы, 2005

4. Варпахович Л.В. Лингвистика в таблицах и схемах. – М., 2003

5. Введение в языковедение. Хрестоматия. / Сост.: А.В. Блинов, И.И. Богатырева, В.П. Мурат, Г.И. Рапова – М., 2000.

6. Головин В.И. Введение в языкознание. - М., 1973

7. Драчук В. Дорогами тысяелетий. – М., 1977

8. Кодухов В.И. Введение в языкознание. – М., 1987

9. Перетрухин В.Н. Введение в языкознание:Курс лекций. – Воронеж, 1972

10. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М., 2003

11. Языкознание. БЭС. – М., 2000

 

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

Курс бойынша сіздің қол жеткізген жетістіктеріңіз қорытынды бағалар жүйесі негізінде бағаланады.

Қағидалары:

- әділдік;

- айқындық,

- икемділік;

- жоғары деңгейдегі дифференцация;

Мұның ішінде:

- барлық жұмыс түрлерін бағалау ережелері (жоғары балл, айып, марапаттау балдары);

- қорытынды бағаны қою критерилері;

- қорытынды баға үшін дауласу ережесі.

 

Жалпыға ортақ бағалау жүйесі

Әріптік жүйемен бағалау Балдар Пайыз мазмұны Дәстүрлі әдіспен бағалау
А 4,0 өте жақсы
А- 3,67 90-94 өте жақсы
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84 жақсы
В- 2,67 75-79 жақсы
С 2,33 70-74 қанағатанарлық
С- 2,0 65-69 қанағатанарлық
D 1,67 60-64 қанағатанарлық
  D- 1,33 50-59 қанағатанарлық
  F 1,32 қанағатанарлықсыз

 

Бағалау белгілері

 

Белгілері Пайыз мазмұны Балдар
1. Қорытынды емтихан
2. Аралық бақылау
3.Презентациялар (хабарлама, баяндама, мәнжазба)
4. Сабаққа қатысуы
5. Сабақтағы белсенділігі
6. Қосымша және рейтингті көтеретін тапсырмалар

 

Кезең бойынша қорытынды баға мына

кесте бойынша жасалады

 

Белгілері Мазмұны Балдар  
1-блок      
Сабаққа қатысуы  
Сабақтағы белсенділігі  
Презентациялар (хабарлама, баяндама, мәнжазба)  
Аралық бақылау  
Барлығы блок бойынша  
2-блок      
Сабаққа қатысуы  
Сабақтағы белсенділігі  
Презентациялар (хабарлама, баяндама, мәнжазба)  
Аралық бақылау  
Барлығы блок бойынша  
3-блок      
Сабаққа қатысуы  
Сабақтағы белсенділігі  
Презентациялар (хабарлама, баяндама, мәнжазба)  
Аралық бақылау  
Барлығы блок бойынша  
Рейтинг көтеретін қосымша тапсырмалар
Қорытынды емтихан
Кезең бойынша барлығы
           

 

Академиялық әдеп нормалары мен саясаты

I

1. Сабаққа кешікпеу.

2. Сабаққа белсенді қатысу.

3. Себепсіз жағдайлармен сабақ босатпау.

4. Сабаққа күнделікті дайындалу.

5. Себепті жағдайлармен босатқан сабақтарын өтеу.

6. Күнде кітапханада, үйде өзіндік жұмыс жасау.

 

II

1. Тәртіп сақтау.

2. Тәрбиелілік.

3. Мейірімділік.

4. Адалдық.

5. Жауаптылық.

 

Сабақтарды өткізу кестесі

ДӘРІСТЕР

Апта Сабақ түрі Дәріс тақырыптары Сағат саны Әдебиеттер
  Дәріс Тіл білімі –ғылым саласы    
  СОЖЖ Жалпы және жеке тіл білімі Синхронды және диахронды тіл білімі   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ «Тіл туралы ғылым» тақырыбы бойынша семинар сабағына дайындық. Мәнжазбалар жазу (таңдауы бойынша)   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  Дәріс Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні    
  СОЖЖ Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және сөйлеу. Тіл және ойлау.   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ «Тіл маңыздылығы» тақырыбы бойынша семинар сабағына дайындық. Мәнжазбалар жазу   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  Дәріс Фонетика және фонология.    
  СОЖЖ Фонетика. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық жіктелуі. Сөйлеу ағымындағы үйлесімділік өзгерістер. Фонема ұғымы.   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ Фонетика. Фонология. Тақырыбы бойынша семинар сабағына дайындық. Мәнжазбалар жазу (таңдауы бойынша)   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  Дәріс Лексикология және лексикография.    
  СОЖЖ Сөз туралы ұғым. Сөз лексикология мәні. Сөздің заттық мәні. Лексикаға деген жүйелік қарым-қатынас. Лексикография. Сөздікпен жұмыс.   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ «Лексикология» тақырыбы бойынша семинар сабағына дайындық. Мәнжазбалар жазу   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  Дәріс Грамматика.    
  СОЖЖ Грамматиканың мәні мен мақсаты. Грамматикалық форма мен грамматикалық категория. Синтаксис.   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ «Грамматика.» тақырыбы бойынша семинар сабағына дайындық.   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  Дәріс Тілдің пайда болуы. Даму тарихы.    
  СОЖЖ Тілдер мен диалектілердің әртүрлі тарихи кезеңдерде дамуы. Тілдің сөздік қорындағы, грамматикалық құрылымы мен дыбыстық жағындағы тарихи өзгерістер.   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ «Тілдердің тарихи шығу тегі» тақырыбына семинар сабағына дайындық. Мәнжазбалар жазу.   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  Дәріс Жазу.    
  СОЖЖ Жазудың тарихи дамуындағы негізгі кезеңдері. Алфавит, графика және орфография. Транскрипция мен транслитерация.   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ «Жазу» тақырыбы бойынша семинар сабағына дайындық. Мәнжазбалар жазу   1,2,3,4,5,6,7,8,9,
  Дәріс Тілдердің жіктелуі    
  СОЖЖ Тілдердің генеалогиялық жіктелуі. Тілдердің типологиялық жіктелуі.   1.СОЖЖ арналған әдістемлік нұсқау 2.К. Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.
  СӨЖ «Тілдердің топтасу» тақырыбы бойынша семинар сабағына дайындық. Мәнжазба жазу.   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Семинарлар

  Апта Сабақ түрі Сағат саны Әдебиеттер
1. Семинар Тіл туралы ғылым   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тіл туралы ғылым    
2. Семинар Тілдің мәні   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тілдің мәні    
3. Семинар Фонетика және фонология   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Фонетика және фонология    
4. Семинар Лексикология   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Лексикология    
5. Семинар Грамматика   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Грамматика    
6. Семинар Тілдің шығу тегі. Даму тарихы.   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тілдің шығу тегі. Даму тарихы.    
7. Семинар Жазу   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Жазу    
8. Семинар Тілдердің топтасуы   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тілдердің топтасуы    

«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша терминдерге түсініктеме (ГЛОССАРИИ)

(студенттер үшін)

1. Агглютинация(латын тілінен –жабыстыру, қабысу)- жалғаудың бір түрі; түбірге немесе негізгі сөзге бір мәнді жұрнақтардың жалғануы арқылы сөз және форма тудырудың түрі

2. Аккомодация (латын – бейімделу) – көршілес дауыстының әсерінен дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгерістер.

3. Акустика (есту) – физика тарауы, дыбыс туралы ілім. 2) дыбыстық акустика – жалпы акустика тарауы, дыбыстық сигнал құрылымын, дыбыстық пайда болуы мен қабылдануын қарастырылуы.

4. Акцент (латын – «екпін») – 1) екпін; 2) дыбысталудың бір ерекшелігі; 3) жеке алып ерекшелеу; 4) шетел тілдерінен енген дыбыстарды туған тіл нормаларына сай дыбыстау.

5. Алфавит –(грек алфавитінің алғашқы екі әрпі атауынан туған alpha u beta) тарихи тәртіппен орналасқан фонографиялық жазу әріптерінің жиынтығы.

6. Антонимия –(гректің anti - қарсы және onima - атау) қарама-қарсы мағыналы лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық қатынас түрі.

7. Тілдерді ареалды жіктеу – аумақтық қарым-қатынасқа түсу негізінде, әлем тілдерін зерттеу және оларды ұқсастығына қарай жіктеу.

8. Артикуляция (латын «мүшеге бөліп айту») – дыбыстарды айту кезінде сөйлеу мүшелерінің жұмысы.

9. Ассимиляция (латын –ұқсасу) – сөйлеу кезінде бір типтес дыбыстардың артикуляциялық ұқсасуы. (мысалы, қатаң, ұяң ұқсастығы).

10. Әріп – жазудың фонографиялық белгісі.

11. Әдеби тіл– жалпыға ортақ белгіленген нормасы мен қоғамда жоғары статусқа ие және тарихи қалыптасқан жалпыхалықтық тілдің түрі .

12. Белгі – ақиқат шындықтың кез келген құбылысын көрсетуге және ақпаратты жеткізуге арналған материалдық-идеалдық құрылым.

13. Белгілеу(тілдерді) Кодификация- тілдік норма мен қалыптардың грамматикада, сөздіктер мен анықтамаларда бекітіп жүйеленуі.

14. Валенттілік (латын –«күш») – сөздің басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түсу қабілеттілігі.

15. Вариант (латын «өзгермелі») – тілдік бірліктің әртүрлілігі, білдірудің бір тәсілі, нақты сөйлеу бірліктерінің іске асу түрлері.

16. Генеалогия(гректің «шежіре») – тұлғалар мен құбылыстардың шығу тегі мен туыстық байланыстарын зерттейтін пән.

17. Гиперо-гипонимикалық топтар – сөздердің семантикалық өрістегі ұқсастығы мен иерархиялық байланыстылығы. Гипероним – басқа сөздердің мағынасын өзіне бағындыратын бірлік.

18. Гипоним – сематикасы жағынан басқа сөзге тәуелді сөз.

19. Грамматика (грек «әріп, жазба») 1) грамматикалық құрылым, ереже жүйесі мен тіл бірліктерінің үйлесімді құрамы. 2) грамматикалық құрылым жайлы ілім.

20.Грамматикалық форма – лексика тұрғысынан өзгермей, тек грамматикалық мағынасы өзгеретін лексема нұсқасы.

21. Грамматикалық класс(сөздің)- ортақ грамматикалық мағынасы және морфологиялық, синтаксистік белгілері бар лексемалар жиынтығы

22. Грамматикалық мағына – тілдік бірліктер арасындағы байланысты көрсететін жалпылама мағына.

23. Графика – алфавит әріптері мен диакритикалық таңбалардың дыбыстық тіл құрамына қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы.

24. Денотат- сөзбен берілген зат немесе шындық құбылысы.

25. Диакритикалық белгілер - әріп оқылуындағы өзгерістер мен нақтылауларды көрсететін жазу жолы үсті, асты немесе ішіндегі таңбалар.

26. Диалект – белгілі бір аймақ шеңберінде қолданылатын тіл ерекшеліктері.

27. Диахрония– бір уақыт шеңберінде тілдің тарихи дамуы және даму үрдісінде тілді зерттеу.

28. Дивергенция – екі немесе одан да көп тілдік құбылстардың немесе тілдердің тарихи даму барысында бір-бірінен алшақтауы.

29. Диссимиляция- біркелкі немесе ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі.

30. Диэреза – сөз ішінде белгілі бір дыбыстың немесе буынның түсіріліп айтылуы.

31. Дыбыс – акустикалық тұрғыдан –сөйлеу мүшелерінің қатысы арқылы пайда болған ауадағы діріл, вибрация; артикуляцияда – сөйлеу мүшелер жұмысының өнімі; функционалды тұрғыдан – мағына ажырату және құрылымдық қызмет атқаратын фонема варианты.

32. Жазу – уақыт пен қашықтыққа тәуелсіз, сөйлеудің графикалық тіркеу түрі.

33. Жаргон –белгі бір әлеуметтік топта қолданылатын жалпыхалықтық тілдің түрі.

34. Жаргонизм – жаргонға тән ерекше сөздер тобы.

35. Жалпыхалықтық тіл – тілдің қызмет ететін бар топтарының(әдеби тіл, диалект, жаргон т.б.) жиынтығы

36. Жүйе - өзара байланысты бірліктер жиынтығы.

37. Идеограмма – идеографиялық жазу таңбалары (цифрлар, химиялық, математикалық белгілер, иероглифтер)

38. Идеография –шартты белгілермен сәйкес келетін адам санасындағы ұғымдарды

39. Иерархиалық қарым-қатынастар – тілдік бірліктер арасындағы өзара тәуелді пен бағынышты қарым-қатынас түрі.

40. Иероглиф -

41. Инкорпорация – лексикалық мағынасы жағынан тәуелсіз екі немесе одан да көп негіздердің тұтас синтаксистік-морфологиялық бірлікке айналатын синтаксистік байланыс түрі.

42. Калькалау – басқа тілден сөзбе-сөз аудару түрі.

43. Комбинаторлық өзгерістер – қатар орналасқан дыбыстардың өзара әсерінен болған артикуляциялық өзгерістер.

44. Кірме – тілдің сөздік құрамына басқа тілдерден енген сөздер.

45. Конвергенция – тарихи даму барысында екі немесе одан да көп тілдер мен тілдік құбылыстардың сәйкес келуі немесе жақындасуы.

46. Коннотация – эмоционалдық, бағалауыштық немесе стилдік бояуы бар сөздің қосымша мағынасы.

47. Құрылым – жүйе бірліктерінің арасындағы байланыс жиынтығы.

48. Лексема – тілдің сөздік құрамындағы бірлік, сөз.

49. Лексика – тілдегі сөздер жиынтығы немесе сөздік қор.

50. Лексикографиягректің(lexikon) сөздік және (graph)жазу мағыналы термин. Тіл білімінің сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі саласы.

51. Лексикология-тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ілім.

52. Лексикалық мағына –нақты бір тілде сөйлеуші санасында қалыптасқан белгілі бір ұғым немесе объект жайлы ақпарат беретін сөз мазмұны.

53. Метатеза – сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың немесе буындардың орын алмастыруы.

54. Метафора– белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстардың бір атаумен аталуы.

55. Метонимия - белгілі бір зат немесе құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реальды байланыстылығына қарай алмастыру амалы.

56. Морф – ең кіші мағыналы тілдік бірлік.

57. Морфология – сөз құрылымын, өзгеру тәсілдері мен заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы; белгілі бір тілдегі сөздер құрылымы менөзгеру тәсілдерін, олардың ережелерін зерттейтін жүйе.

58. Неологизм – жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

59. Номинация – атау, ат беру.

60. Омонимия - әртүрлі тілдік бірліктердің сәйкес келуі.

61. Орфография – сөздер мен олардың құрамын дұрыс жазу ережелер жиынтығы.

62. Парадигмалық қарым-қатынастар – бір тілдік деңгейдегі бірліктердің өзара шартты, қарама-қайшы және байланысты қатынаста болуы.

63. Пиктограмма – пиктографиялық жазу таңбалары.

64. Пиктография – нақты ақпарат сурет не суреттер жиынтығы арқылы берілетін жазу түрі.

65. Полисемия – көпмағыналық, шындық өмірдегі әр түрлі құбылыстыбір сөзбен атау.

66. Праязык – туыстас тілдердің шыққан ең алғашқы түп-төркіні.

67. Прокликтика- өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айтылу құбылысы.

68. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, өзіне тән құрылысы бар тілдің ең кіші коммуникативті бірлігі.

69. Сөйлеу актісі – белгілі бір тілде сөйлеу және оны қабылдау үдерісін қамтитынжеке іс-әрекет түрі.

70. Сөйлеу – тілдің код(таңба, белгі) қызметінің материалдық түріндегі іске асуы.

71. Сема- - ең кіші мағына.

72. Семантика – тілдік бірліктер арқылы берілетін ақпарат, мазмұн; мағына мен мазмұнды зерттейтін тіл білімі саласы; таңбалық жүйені мағына беру тәсілі деп қарастыратын семиотика саласы.

73. Семантикалық өріс – бір заттық – ұғымдық топқа қатысты лексемалар жиынтығы.

74. Семиотика – таңба мен таңбалар жүйесі жайлы ілім.

75. Синекдоха –Бүтіннің орнына бөлшекті,жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы.

76. Синонимия – мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер.

77. Синтагмалық қарым-қатынастар – (гректің «біріккен, қатар құрылған» сөзінен) бір тілдік деңгейде қатар орналасқан бірліктер арасындағы сәйкестік қатынас.

78. Синтаксис – белгілі бір тілдегі сөз тіркесі мен сөйлем құрылысының тәсілі мен ережелер жүйесі; белгілі бір тілдегі сөз тіркесі мен сөйлем құрылысының тәсілі мен ережелер жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.

79. Синхрония – тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалыпы.

80. Сингармонизм–сөз ішіндегі дауыстылардың үндесуі.

81. Сөздік мақала - бір немесе бірнеше өзара байланысқан тілдік бірліктер жайлы ақпарат беретін тәуелсіз мәтін үзіндісі.

82. Сөздік – ақпараттық мақаласы алфавиттік тәртіппен орналасқан анықтама.

83. Сөз – қарым-қатынас жасауда қолданылатын тілдің ең негізгі единицасы.

84. Сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөзден тұрып және өзара мағыналық, грамматикалық тұрғыдан байланысқа түскен сөздер жиынтығы.

85. Субстрат – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері.

86. Суперсубстрат

87. Супплетивизм әр түрлі түбірлерден жасалып, формалары әркелкі болып келгенімен, лексикалық мағыналары бір-бірімен жақын сөздер

88. Табу – сөзге тыйым салу.

89. Тақырыптық қатар – парадигмалық байланысқа түскен және бір семантикалық өрісте қолданылатын сөздер жиынтығы ( мысалы, раушан, роза, түймедақ, бәйшешек, қызғалдақ)

90. Тілдердің типологиялық жіктелуі – тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын, олардың туыстығына байланыссыз зерттейді.

91. Транскрипция- сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл жеке таңбалар арқылы көрсету.

92. Транслитерация – жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке аударып жазу.

93. Тіл деңгейі – бір тектес тілдк бірліктер жүйесі.

94. Тіл біліміндегі функция – тілдің адам қоғамындағы атқаратын қызметі.

95. Фон – тілдегі фонеманың жарияланым түрі.

96. Фонетика– тіл дыбыстарын, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін лингвистиканың саласы.

97. Фонологияфонеманың қоғамдық, яғни әлеуметтік қызметі туралы ілім

98. Фразеологизм –дайын күйінде қолданылатын тұрақты идиомалық тіркес.

99. Ұғым – зат пен құбылыстың басты белгілерінің ойда қорытылып, жалпыланған бейнесі.

100. Түбір - сөздердің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және лексикалық мағынаны білдіретін түпкі бөлшек.

101. Энликтика – дербес екпін жоқ, тек өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айтылуы.

102. Эпинтеза-белгілі бір дыбыстың сөз құрамына кірігуі.

103. Этимология –сөздердің пайда болу және даму жолын зерттейтінтіл білімі саласы.

104. Эвфемизм– бір затты немесе құбылысты сыпайылап жеткізу құралы.

 

Семинар сабақтардың жоспары

1-тақырып.

Тіл білімі – ғылым

 

Мақсаты. Тіл білімі – ғылым ретінде қалыптасуы. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен міндеттерін білу. Тілтанымдық пәндер жүйесі ақпарат тану.

Жоспар

1.Тіл білімінің пайда болуы және дамуы

а) көне дәуір;

ә)салыстырмалы-тарихи тіл білімінің қалыптасуы;

б)19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басындағы тіл білімінің дамуы;

в)қазіргі тіл білімі.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.