Здавалка
Главная | Обратная связь

Шегендеу тізбектері 4 страница



– бұрғылаудың жоғары рейстік жылдамдығын;

– көтеріп-түсіру операциясы санының азаюын;

– қаражатты үнемдеуді;

– тік ұңғы бұрғылау кезінде қисаю шамасының төмендеуін.

Алмаз қашау, қалақшалы қашау сияқты, өздігінен қозғалатын бөлшектері жоқ, алмаз түйіршіктері орналасатын қатты материалдан жасалған матрицадан және болат тұрқыдан тұрады.

Алмаз қашаулар диаметрі 91,4...391,3мм аралығында екі модификацияда дайындалады:

– бір қабатты, алмаз түйіршіктері матрица бетінде белгілі бір сұлбамен орналастырылады; түрлері – радиалды ДР, сатылы ДТ және шар тәрізді шығыңқы бүйірі бар сатылы ДК.

– импрегнирленген, матрица материалы көлеміне ұсақ алмаз түйіршіктері біркелкі орналастырылған түрі – шар тәрізді ДИ.

Ротормен салыстырғанда түптік қозғалтқышпен бұрғылау қашаудың бірдей өтімділігінде алмаз қашаулардың механикалық жылдамдығы жоғары болады. Алмаз қашаумен бұрғылау 200...250сағат үзіліссіз жүруі мүмкін. Алмаз қашаумен жарықшақты, кавернді, қаттылығы әртүрлі жыныстарды бұрғылауға болмайды. Ұңғыны алмаз қашаумен бұрғылар алдында, ұңғы оқпаны калибрленеді және түбі металл бөлшектерден тазартылады.

Алмаз қашаумен бұрғылау жұмыстарында қашаудың диаметрі ұңғы оқпаны диаметрінен кіші болған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Қашау алмаздың 40%-ынан айырылғанда, алмаз қашау тозған болып саналады.

Алмаз қашаулардың сәтті қолданылуы қатты қорытпалы қашаулардың конструкциясын ойлап шығаруға мүмкіндік берді. Осылайша ИСМ типті аса қатты материал славутичтен қашау жасалынды. Бұндай қашаулар 1967ж. бастап қолданылды.

1977ж. бастап мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау барысында шет елде стратапакс қашаулары кең қолданысқа ие болды. Стратапакс – синтетикалық поликристалды алмазбен апталған қашау. Бұндай қашаулар жұмсақ және қаттылығы орташа тау жыныстарын бұрғылауға арналған. Бұл жағдайда механикалық бұрғылау жылдамдығы артады, энергетикалық шығыны алмазды немесе үш шарошкалы қашаумен салыстырғанда төмен болады.

Алмаз қашаудың негізгі ерекшелігі –онда әр түрлі өлшемдегі алмаз кесуші элементтің болуы. Әдетте бұрғылау қашауларында ең төмен бағалы әралуан карбонадо деп аталатын (абразивті техникалық алмаз) табиғи алмаз, немесе қаттылығы төмен саналатын бірақ, бұрғылау шартында маңызды, үлкен тұтқырлығы бар қара алмаздар қолданылады.

Көбінесе алмаз қашаулардың техникалық көрсеткіштері алмаз өлшемі мен сапасына байланысты болады. Сапасы тобымен категориясына байланысты, ал өлшемі 1 карат (0,2г) тастар санымен анықтайды. Алмаз қашаудың жұмысқабілеттілігі көп деңгейде, түп, оқпан тазалығына және жуу сапасына байланысты болады. Алмаздардың қызып және жарылып кетуі бұрғылау ерiтiндiсінiң кемшiлiгi кезінде байқалады. Бұл алмаз қашаумен бұрғылауды айтарлықтай қиындатады. Алмаз қашаудың тағы да аса маңызды арнайы ерекшелігі – алмаздың жетіспеуінен олардың жоғары техникалық құрылымға ие (беріктігімен, тұтқырлығымен, жеткілікті қаттылығымен, соққыға қарсыласуымен және т.б), қымбатшылығында және таптырмайтындығында.

Табиғи және синтетикалық алмаздарды арнайы матрицада (әдетте қатты балқытылған жез) орналастырады.

Барлық жұмыстық бөліктердің және жұмыс мүшелерінің, өрімдердің, паздардың бағыты және пішіні бойынша алмаз қашауларды үш түрге бөледі: радиалды (2.12, а-сурет), сатылы (2.12, б-сурет) және спираль (2.12, в-сурет).

Матрицада алмаздардың орналасуы бойынша қашауды екі түрге бөледі: бір қабатты (2.12, а, в-сурет) және көпқабатты (2.12, г-сурет), яғни алмазды импрегнирленген.

2.12-сурет. Алмаз қашаудың түрлері:

а – МЗ11 бірқабатты радиалды биконикалық қашау; б – сатылы; в –ТВ573 спираль; г –ТВ54 импрегнирленген

 

Алмаз қашау өлшемдері ИСМ қашаулары сияқты номиналь диаметрі бойынша бірнеше кішірейтілген (әдетте 2 мм-ге).

Ресейде алмаз қашаудың төрт түрін шығарады: бірқабатты, сатылы және радиалды, импрегнирленген радиалды және сатылы. Барлық түрдегі қашауды екі сыныпта, яғни табиғи және синтетикалық алмаздармен дайындайды.

Бірінші сыныптағы қашау, табиғи алмазбен жабдықтылған, үш типте (М, С, СТ) шығарылады.

М типті қашауларды бес өлшемде және бес түрде шығарады: ДК188М6, ДК212Ш, ДК241М6, ДК267М6 және ДК292М6. Литер Д белгіленген түрдің шифрындағы қашауды білдіреді (алмаз), К – қашау түрінің бейнеленуі (сатылы профильмен), 188 –қашаудың мм-дегі номиналь диаметрі, М –қашау түрі, 6 –модификацияның реттік нөмірі.

Алмаз қашауларды маркировкалау кезінде шифр алдына дайындаушы-өндірістің шартты индексін белгілейді.

С типті қашауды (орташа жынысты бұрғылау үшін) бірқабатты немесе импрегнирленген етіп те дайындайды. С типті бірқабатты сатылы қашауды үш өлшемде ДК138С6, ДК149С6, ДК188С6 шифрларымен шығарады, яғни 138, 149 және 188мм диаметрде. Олар екінші сыныптағы ХV6 топтағы техникалық алмаздармен жабдықталады.

СТ типті қашаулары орташа қатты жыныстарды бұрғылау үшін тағайындалған. Олар тек бірқабатты жұмыс мүшелерімен жуу паздарының радиалды орналасуымен орындалады. Бұл қашауларды төрт диаметрде дайындайды – 140, 159, 188 және 212 мм-де. Қашауларды 140 мм (ДР140СТ1) диаметрде екі түрде шығарады.

Бірқабатты радиалды (қалақшалы) қашауларды тік қалақшалы жұмысшы мүшелерімен дайындайды және жұмысшы басының сатылы пішінімен орындайды. Олар бес өлшемдік модельдермен шығарылады. ДКС138С, ДКС188С6, ДКС212С6, ДК267С6. Шифр ортасындағы С литері қашаудағы алмаздың синтетикалық екенін куәландырады.

Импрегнирленген сатылы қашаулар конструкциясы бойынша ДКтүріндегі бірқабатты қашауға ұқсас. Бұл қашауларды үш өлшемде және үш модельде шығарады: ДКСИ188С6, ДКСИ212С6 және ДКСИ267С6.

Синтетикалық алмазбен импрегнирленген қалақшалы қашаулар бір өлшемде (ДЛСМ212С3 моделі) шығарылады.

2.2. Арнайы қашаулар.

Кеңейткіштер ұңғы оқпанының диаметрін кеңейту үшін және бұрғылау үрдісінде бұрғылау аспабын центрлеу үшін қолданылады.

Кеңейткіштер жұмысшы мүшелерінің түріне (шарошкалы, қалақшалы), олардың бекітілуіне (қатты бекітілген, қозғалатын және жинақталатын), санына қарай сыныпталады (2.13-сурет).

Қазіргі таңда шарошкалы және қалақшалы кеңейткіштер қолданылады. Ең көп қолданылатыны – үш шарошкалы кеңейткіш. Шарошкалар бір-бірімен 1200 бұрыш жасап, тұрыққа орналасқан. Үш шарошкалы кеңейткіштер диаметрі 243, 269, 295, 346, 394 және 445мм болып шығарылады.

Бұдан басқа төрт, алты қалақшалы, бір шарошкалы қанатты, қашау үстінде орналасатын тісті кеңейткіштер бар.

 

2.13-сурет РГ-3 жұмысшы элементі қанат болып керілетін кеңейткіш

1 – аударма; 2 – поршень; 3 – итергіш; 4 – серіппе; 5 – кеңейткіш тұрқы; 6 – сақина; 7 – саусақ; 8 – шарошка орнатылған сап; 9 – бағыттаушы құбыр; 10 – сақина.

Фрезалы қашаулар абразивтілігі төмен жыныстарды, цемент көпірлерін және ұңғыдағы металдарды бұрғылау үшін қолданылады. Қатты қорытпадан жасалған бұрандалы фрезерлі қашаулар ДФТС түрінде шығарылады. Бұндай конструкциялы қашаулардың ерекшелігі – қатты қорытпалы пластинкалардың бұранда түрінде орналасуы.

Ұңғы түбі бүйірлік және орталық каналдар арқылы жуылады.

Фрезерлі қашаулар қалақшалыға қарағанда аса қарапайым конструкциясымен ерекшеленеді.

Бұл қашау – тұрқымен толық бір жұмыс мүшесін және қарапайым жуу қондырғысын құрайтын, ұзартылған монолитті тұрқыдын тұрады. Қазіргі көптеген конструкцияларда жұмыстық мүшелер болмайды және талқандаушы элемент рөлін жұмыстық мүшелерінің кесетін жиегі орындайды, ал қатты балқытылған бекітпелі саусақтар фрезерлі қашаудың шетіне престелген. Қашау тұрқысында жуу қондырғысы болып бір немесе бірнеше арналар қызмет етеді.

Бұл қашаулар металды және қатты қорытпа қалдықтары болмаған кезде ұңғыны бұрғылау үшін ғана қолдану емес, сонымен қатар түптегі шарошка, басқа металл нәрселер, бетон және сол сияқты заттардың қалдықтары болған кездерде бұрғылауға арналған. Фрезерлі қашаудың бұл функциясы фрезерлердің әртүрлі жетілдірілуін талап етеді.

ИСМ қашауларының фрезерлі, қалақты және алмаз қашаулардан басты айырмашылығы, олардың талқандаушы (жұмысшы) элементтері өте қатты славутич материалмен жабдықталуы. Жұмысшы элементтері өзінің отырғызылатын бөлігіне пісірілу әдісімен қашаудың болат тұрқысына бекітіледі. Аспапта славутич қондырма жұмыстық беттерінің формасын, оның құрамын, қондырма санын қашау типіне байланысты таңдайды, яғни бұрғылау жыныстарының физика-механикалық құрамына сәйкес.

ИСМ қашауларының өлшемдеріне және конструкцияларына байланысты қалақтардың жүзі фрезерленген тұтас соғылған немесе пісірілген кескіштермен орындалған.

ИСМ қашаулары фрезерлі және қалақшалыларға қарағанда тозуға қарсы аса жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, ал табиғи алмаздармен жабдықталған қашауларға қарағанда арзан бағасымен және поршеньделуімен ерекшеленеді.

ИСМ қашауларын үш түрде шығарады: кесуші әрекетпен (кесетін), бүйіржақты фрезалау және қажап бұзу әрекетімен. Біріншісі – қалақтыға, екіншісі – фрезерліге, ал үшіншісі – алмазға ұқсайды.

ИСМ кесуші қашаулары жұмсақ және орташа қаттылықтағы тау жыныстарында терең ұңғыларды бұрғылау үшін тағайындалған. ИСМ қашауы (2.14-сурет) ішкі көрінісімен және конструкциясымен 3ИР қашауына (2.10-сурет) ұқсайды, бірақ одан қалақшалардың жұмысшы бөліктерінің пішінімен, қашау тұрқысына бекітілу әдісімен және қосымша қалақшалардың орналасуымен ерекшеленеді. ИСМ қашауларында (бірінші модификация) негізгі қалақтары 1, 2 және 3 (2.14, б-сурет) қашаудың жалпы осі бойынша бірге байланысады және арнайы паздардағы құралған корпусқа 4 пісіріледі. Қосымша қалақшалар 5 сонымен қатар пісірер алдында арнайы паздарға кіргізіледі.

Косымша қалақшалар қысқа етіп орындалады, трапеция тәрізді профильмен және қатты балқытылған қадаумен 6 бүйіржақ жұмысшы беттерге қармалып бекітіледі. Сондықтан қосымша қалақшалар ұңғы оқпанында теңгерілімді және бірқалыптылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге диаметрі бойынша қашаудың жалпы мөлшерлейтін беттерін кеңейтеді.

2.14-сурет. Бірінші модификациялы кесуші ИСМ қашауы:

а – шүмексіз; б – шүмектерімен;

Славутичпен жабдықталған қондырмалар 8 цилиндрлі бүйір беттерімен және жарты сфералық және жазық жұмысшы бастарымен орындалады. Жуу тесігін 7 қатты балқымадан дайындайды. Жуушы түйіні толығымен бұрғылау ерітіндісінің 90-120м/с жылдамдықпен ағуына есептелген.

Екінші модификациядағы қашаудың жуушы қондырғысының орындалуы 2.15, б-суретте көрсетілген. Ол қалақшалармен үш секторға бөлінген бір ұзын орталық жуушы тесігімен ерекшеленеді.

Жуылуы бойынша бірінші және екінші модификациялы қашауларды турбиналық бұрғылау кезінде негізгі күйде қолданады, ал үшіншісін –бұрғылаудың роторлық әдісі кезінде қолданады.

Әдеттегіше жуылатын қашаулар 188-392 мм диаметрлер бойынша тоғыз өлшемде шығарылады, ал үшінші модификациядағы қашауларды – 212 және 267 мм диаметрлері бойынша екі өлшемде шығарады. Соңғы кезде бірінші модификациядағы қашаулардың шығарылымдары шектелді.

2.15-сурет. Екінші модиикациядағы тар (а) және кең (б) жуушы бөлігі бар кесуші ИСМ қашауы

Кесуші қашаудың мысалы: ИСМ 188-РГ-10, мұнда ИСМ –қашау түрі, 188 - мм-мен калибрлеуші бөлік бойынша номиналь диаметр, Р –қашау түрі, Г –модификациясы, 10 –конструкцияның реттік нөмірі.

Тік қойылған ИСМ қашаулары (2.16-сурет) жаңа оқпанды бұрғылау үшін тағайындалған, ішкі жағынан фрезерлі қашауға ұқсас. Тік қойылған ИСМ қашауларын толық цилиндрлік корпусымен 2 дайындайды, оның жоғарғы бөлігі муфталы жалғаушы бұранда түрінде орындалады, ал төменгісі –сыртына кеңейтілген және конустық ішкі ойығы және бүйір бетінің біраз бөлігі славутичпен 1 жабдықталған.

Қашаудың орталық бөлігінде жуу арналары 5 бұрғылап тесілген, олар бүйіржақ бетін секторларға бөлетін паздарымен 3 жалғанады. Мұндай тазалау жүйесі қашаудың жұмысшы бетін жақсы салқындатуды және оның астынан шламды аластауды қамтамасыз етеді.

Әртүрлі мақсаттарға қолданылатын қашау тұрқысын басқа ИСМ қашауларының тұрқысы сияқты материалдардан дайындайды. Пішіні және кескіш тістерді 1 бекіту технологиясы жоғарыда көрсетіліп кеткен қашаулардан ерекше емес.

ИСМ үгітуші қашаулары ұңғы түбінде ұсақ темір бөлшектерді кесетін әрекетте қолданылады. Олар шөгінді аз абразивті жыныстарда терең мұнай, газ ұңғыларын бұрғылау және барлау үшін тағайындалған.

ИСМ типті майдалаушы қашаулардың бүйір беттерін құрсаулау үшін жұмыстық беті домалақтанып орындалған славутичті қолданады. Бұл қондырмада славутич қабатының қалыңдығы 7-8 мм-ге дейін жетеді.

Үгітуші қашауда қалақшалар санын әрбір жеке қашауда оның диаметріне, тағайындалуына және бұрғылау шартына қатысты анықтайды.

 

2.16-сурет. Түптік кескіш элементімен ИСМ қашауы

Әртүрлі мақсаттарда қолданылатын қашауларды үш түрде шығарады: М (жұмсақ жыныстарды бұрғылау үшін), МС (жұмсақтан жоғары жыныстарды бұрғылау үшін) және С (орташа жыныстарды бұрғылау үшін). Әртүрлі типтегі қашаулар көбінесе славутич құрамымен, қондырма пішінімен және өлшемімен, жұмысшы мүшелерінің орындалу пішіні және мөлшерімен айрықшаланады.

ИСМ қашауларының жұмысшы мүшелері орындалу пішіні бойынша екі модификацияның біреуімен орындалуы мүмкін: радиалды (2.17,а-сурет) немесе секторлы (2.17,б-сурет).

Бірінші модификациядағы қашауды 3000 м және одан да көп тереңдіктегі ұңғыларды турбиналық бұрғылау үшін қолданады.

 

2.17-сурет. Егеп кескіш қашаулар

 

Екінші модификациядағы (секторлық) қашауды турбиналық бұрғылауда қалай қолданса, роторлы бұрғылау әдісінде де солай қолданылады. Олар жұмыстық бөлігінің қысқартылған пішінімен, гидромониторлы қондырма болуымен және сектор түріндегі жұмыстық мүшесінде жіңішке жуушы паздармен (2.17, б-сурет) кесуші беттің бөлінуімен сипатталады. Әрбір жұмысшы мүшесінің бүйіржақ бетінде кең ойық 4 қарастырылған.

Секторлық қашаулар аралас орындалған кескіш жабдықтарға ие. Олардың сыртқы сатылы конусы сынатүрдегі жұмысшы басты ендірмемен 2 жабдықталған, ал іші тегіс конус және домалақтанған аралық телім –домалақ жұмысшы бастық ендірмелермен 1 жабдықталған. Мұндай жабдықтамаларды кезектесетін қаттылықтағы жыныстарды бұрғылау үшін тағайындалған қашауларда қолданады.

Секторлы қашаудың бүйір беті бұрғыланатын жыныстардың беріктік дәрежесіне байланысты жабдықталады немесе қатты қорытпа штырлармен 3, немесе славутич орнатылып және де сол славутич құрамында неғұрлым көп болса, соғұрлым абразивті тау жыныстық дәрежесі жоғары қабаттарда қолданылады.

 

2.3. Колонкалық бұрғылауға арналған бұрғы құрылымы және бастары

Барлық колонкалық бұрғылауға арналған құрылымдар келесідей негізгі бөлшектерден тұрады:

– алынатын кернді сыртынан бұрғылауға арналған бұрғы басы;

– құрылымның сыртқы тұрқы;

– кернді сақтауға және жоғарыға алып шығуға арналған ішкі колонкалық құбыр;

– керн ұстағыш.

Колонкалы бұрғылауға арналған құрылымдар (керн қабылдағыштар) қолданылу принципіне қарай алынбайтын (тұрақты) және алынатын колонкалық құбырмен жасақталуы мүмкін.

Шарошкалы бұрғылау бастары.Бұрғылау бастары ұңғы түбін бұрғылап және оның қабырғаларын калибрлеуден басқа ұңғы оқпаны центрінде тау жынысының тұтас бағанасын (керн) түзуі керек. Керн бұрғыланатын тау жынысы құрылымының ақпарат көзі болып қызмет ететін болғандықтан, бұрғылау кезінде керннің бұзылуын болдырмау керек.

Бұрғылау бастары барлық шарошкалы аспаптар сияқты қаттылықта, абразивтілікте және бұрғылауда кең диапазондағы тау жыныстарын нәтижелі талқандайды; қалақшалы қашауларға қарғанда, ұңғы диаметрінің азаюын болдыруы мүмкін және алмаз бен ИСМ аспаптарына қарағанда бағасы төмен болады.

2.18, а-суретте шарошкалы бұрғылау бастарының негізгі элементтері көрсетілген. Ол шарошкалардан 1, табандардан 2, бұрғылау тізбегімен жалғанатын бұрандалы бастан 3, жуу арнасынан 4 және 5-7 мойынтіректері орнатылатын, тірек түйінінен тұрады.

Бұрғылау басында шарошкалар бір, екі немесе үшконустық (2.18, а, б-сурет), қиылыстырылған конус түрінде (2.18, а-сурет), цилиндрлік (2.18, б-сурет), сфералық (2.18, в-сурет), және чечевица тәрізді (2.18, г-сурет) болуы мүмкін.

2.18-сурет. Шарошкалы бұрғылау бастары:

а – 1ВК295СТ; б –ДВК; в – 2ВК214/6ОСТ; г – 2ВК214/6ОТКЗ

 

Бұрғылау басы бір жұмысшы мүшесімен орындалған болуы мүмкін – бір шарошкамен (2.19, а-сурет), үш шарошкамен (2.19,б –сурет), төрт шарошкамен (2.19, в-сурет), алты шарошкамен (2.20, г-сурет) және оданда көп шарошкалы болады. Әрбір шарошка тірегіндегі мойынтірек саны, конструкциясы, бұрғылау басына және шарошканың өлшеміне, пішініне байланысты әртүрлі болады.

2.19-сурет. Алтышарошкалы бұрғылау бастары:

а – румыниялық; б – 21ВК190/80СТ; в – 10НК190/80СТЗ; г – 20НК190/80К;

1 – тістері; 2 –шарошкалар

 

2.20-сурет. 17НК187,3/80С3 бұрғылау бастары

Әдетте конустық шарошкаларды екі-үш тербелу мойынтіректерінде монтаждайды. Кейде шарошка тірегінде бір-екі мойынтірек фрикционды болады. Шарошкалар осьтегідей, табанның айналатын жерінде қондырылған болуы мүмкін (21, а, б-сурет).

2.21 –сурет. Бұрғылау бастары:

а – 6ВК190/80С3 біршарошкалы; б – үш шарошкалы

Қашау тау жыныстарын талқандаушы бұрғы ұшынан және керн қабылдағыштан тұрады. Керн қабылдаушы алынып-салынбалы колонкалық қашауларда бұрғылау тізбегін көтермей-ақ керн қабылдауышты шығарып алуға болады. Ол үшін бұрғылау тізбегінің іші арқылы арқанмен ұстаушы түсіріп, керн қабылдауышты көтеріп шығарады. Керннен босатылған керн қабылдауыш осы ұстауыш көмегімен түсіріліп, керн қабылдауыш тұрқына орнатылып, бұрғылау жалғастырылады.

2.22-суретте роторлық бұрғылауға арналған керн қабылдаушы, алынбайтын шарошкалы бұрғы ұшы қолданылатын «Недра» керн қабылдауыш аспабы көрсетілген. Керн қабылдауыш аспап бір-бірімен арнайы бұранда арқылы жалғанатын екі қабырғалы құбырдан дайындалған тұрқыдан (7) тұрады. Тұрқының жоғарғы бөлігі бұрғылау тізбегімен жалғастыратын аудармадан (1), ал төменгі бөлігі бұрғы ұшымен (17) жалғайтын аудармадан тұрады. Тұрқы ішіне муфталар (9 және 5) арқылы қосылған керн қабылдауыш секциясы орналастырылған. Керн қабылдағыштың төменгі бөлігіне арнайы аударма (14) жалғанып, оған тұрқы ішіне орналастырылған башмак (16) ұстатылады. Осы аударма (14) ішіне керн жұлғыш (13) және керн ұстағыш (15) орналастырылған. Сонымен қатар керн қабылдауыш секцияларын жалғастырушы муфта (5) ішінде рычагты керн ұстағыш орналастырылған.

 

 

2.22-сурет. «Недра» керн қабылдауыш аспабы

 

Керн жұлғыш пен керн ұстағыш кернге қатысты қозғалмайтындай етіліп орналастырылған. Керн қабылдауыштың жоғарғы бөлігіне муфта (9) арқылы бұранда (4) жалғанған. Осы бұранда арқылы гайка башмак (16) бұрғы ұшына тығыз ұстасқанға дейін бұралады. Осы орында керн қабылдауыш штыры (18), гайка (3) және бұранда (4) ойықтарына кіріп, бұранданың гайкаға қатысты қозғалуына кедергі жасаушы фиксатор-сақинамен бекітіледі. Муфтада (9) екі жақты ұя (10) және шар тәрізді етіліп дайындалған кері клапан бар.

Керн қабылдауыш аспапты ұңғы ішінде тіктеп ұстау үшін төменгі аударма (12) орнына тіктеуіш-калибратор, ал жоғарғы аударма (1) орнына тіктеуіш қоюға болады.

Екі секциялы керн қабылдау аспабының ұзындығы 16м, ал керн қабылдауыш ұзындығы 14,5 м. «Недра» жасақтарымен қатар диаметрі 212,7мм, терең ұңғылардан керн алуда «Силур», «Кембрий» сияқты керн қабылдауыш аспаптары да қолданылады.

 

Калибраторлар

Калибратор ұңғы оқпанын белгілі қашау диаметріне тең өлшемге дейін өңдеу және радиалды соғу күштерін жою үшін қолданылады. Калибратор қашаудан жоғары орналастырылады. Калибраторлар қалақты және шарошкалы етіліп дайындалады. Қалақтар саны бойынша үш, төрт, алты қалақты болып келеді. Жасақтары қатты қорытпа, алмас, ИСМ түрлеріне бөлінеді. Жасақтары қатты қорытпа үш қалақты калибратор конструкциясы 2.23-суретте көрсетілген.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.