Шегендеу тізбектері 9 страница
Жылжымалы бөлігі тәл блогынан 3 тұрады, оған екі штроптағы 2 арнаулы ілмектің көмегімен күштік жетектің өзі ілінген. ЖКЖ тұрқына фланецте электрқозғалтқыш 5 бекітілген. Ұршық-редуктордың 1, электрқозғалтқышы 5 білігінің бір ұшы эластик муфтаның көмегімен редуктордың тезжүргіш білігімен жалғанып, екінші ұшына дискалы колодкалы тежегіш 4 орнатылған. Редуктордың тұрқы блок-роликтерге орнатылған, бағыттаушылар 8 бойымен мұнарада тік бағытта жылжитын арбаға 6 бекітілген. Тұрқыда арнаулы нығарлап отырғызылған төлке көмегімен құбырлық манипулятор 9 ілінген. Ұршық-редуктор (4.6-сурет) екісатылы біршапшаңдықты тік өстес орналасқан біліктері бар цилиндрлік редуктор. Бірінші сатысы қисықтісті, екіншісі де қисықтісті. Тістегершік 18 және дөңгелек 17 жоғары легирленген болаттан дайындалған, цементтелген және термоөңдеу жасалып тістерінің қаттылығы HRC³57…64 жеткізіліп шлифовка жасалған. Тезжүргіш білік 16 екі қатарлы роликті мойынтіректерде 12 орнатылған, оның шығып тұрған ұшына шлицаларға эластик муфта 13 орналастырылған. Тезжүргіш біліктің жетек ұшы севаниттік тығыздағыштары бар сальникті түйінмен нығыздалған. Аралық білік 11 екі қатарлы конустық мойынтіректерде орнатылған. Редуктордың жәйжүрісті білігі 3 екі ұшы радиалды сфералық екіқатарлы мойынтіректерге 2, 5 отырғызылған ұршықтың оқпаны болып келеді. Оқпандағы бұрғылау тізбегі салмағынан болатын өстік жүктемені, редуктор тұрқына нығыздап отырғызылған, төлкеге орнатылған роликті конустық тірек мойынтірегі 4 қабылдайды. Қақпақтың жонылған жеріне орнатылған жоғарғы тіректік шарикты мойынтірек жоғарғы жетек массасы және ұңғы түбінен жоғары бағытталған соққылық жүктемені қабылдайды.
4.5-сурет. СВП500 4.6-сурет. Ұршық-редуктор
Ұршық-редуктордың оқпаны жоғарғы ұшы ұршық қақпағын бекітуге арналған метрлік бұрандамен аяқталады. Оқпанның төменгі ұшына шеттік немесе манжетті түрде болатын нығыздау түйіні 1 орнатылған. Төменгі мойынтіректердің және екінші сатының тісті берілісінің майлануы картерлік, жоғарғы мойынтіректердің және бірінші сатының тісті берілісінің майлануы бөлгіш коллектор арқылы электросорап көмегімен еріксіз айдау арқылы жүргізіледі. Сораптық агрегат редуктор тұрқы бүйіріне орналасқандықтан әрқашан құйылуға дайын. Ескірген май төгу жүйесінен түтіктерге орнатылған кранды ашу арқылы төгіледі. Редуктор ыдысына құйылатын майдың көлемі 250 литр, әмбебап трансмиссиялық ТСзп-8 майы, ТУ38.1011280-89 сәйкес болады. Май редуктор қақпағындағы май көлемін көрсетуге арналған тесік 15 арқылы құйылады. Құбырлық манипулятор. Құбырлық манипулятор (4.7-сурет) ұршықтық бастан, құбыр қыспағынан, элеватор штроптарын жылжытқыш жүйеден, бандаждан, қолмен қосылатын шарикті краннан, бекіткіш құрылымнан және ашық тісті берілісті гидромотордан тұрады.
4.7-сурет. Құбырлық манипулятор Ұршықтық бас ұршық-редуктор тұрқыда нығыздап бекітілген қозғалмайтын төлкеге 6 орнатылған және екі жартылай төлкеге 1 орнатылған траверсадан 4, төлкеден 5, шарикті тіректік мойынтіректен 3, тіректен 2 тұрады. Төлке 5, тірек және тірек мойынтірегі сақинасы бұралудан шпонкалы жартылай қамыттармен ұсталынған. Ұршықтық баста орындаушы механизмдерге сұйық берілетін өткізгіш канал 10 орналасқан. Екі канал штропты жылжытқыш жүйеге, екі канал құбыр қысқышқа, және алты канал гидравликалық элеваторға арналған. Каналдармен байланыс фланецтегі төлкені 5 бұрғылап тесу, одан соң өс бойымен қолданылатын каналдар биіктігіне дейін тесіліп жеткізіліп және радиалды бағытта сыртқы жағынан бұрғыланып тесіліп, осы төлкенің сақиналы ойығына шығарылады. Каналдар бір-бірімен тығыздағыштар арқылы бөлінген. Каналдың тұтынушыға жетуі траверсадағы радиалды ойық арқылы жүзеге асады. Гидромотор 8 айналған кезде құбыр манипуляторы айналысқа түседі өйткені олар тісті беріліс арқылы байланысқан. Штроптарды жылжыту жүйесі былай жұмыс жасайды, гидроцилиндрге май айдаған кезде қысымның артуына байланысты поршень штропты 15 қажетті қалыпқа жылжытады. Штроптарды жылжытатын жүйе элеваторды 1200мм алға, жоғарғы жұмысшы бағытына, бұрғылау аяқталарда 1500мм артқа жылжытуға немесе осы көрсетілген шамалар аумағында алға немесе артқа жылжытуға мүмкіншілігі бар. Жылжыту мөлшері басқару басқышын қосу арқылы көзбен реттеледі. Бұрғылау үрдісін аяқтар шақта штроп пен элеваторды центратор воронкасы 13 ротор столына тақалуы тиіс шектік аралыққа жылжытады, ол үшін штроптар элеватордың төменгі беті центратор воронкасынан жоғары болатындай етіп артқа жылжытылады. Ол үшін жартылай қамыттардың реттегіштерін қолданып, жартықамыттарды босаңсытып, керекті межеге дейін түсіріп одан соң қайта бекіту керек. Осымен орай штроптардың алға жылжу бұрыштары азайып, артқа үлкейеді. Құбырлық қысқышбұрғылау құбырлары тізбегінің муфталарынан ұстап оларды бұрап ашып-жабу кезінде айналып кетуден сақтайды. Құлыптық бұранданы ашып жауып бұрау кезінде муфта мен ниппель шеттерінің аралығы 50мм мөлшерінде өзгереді. Осыған байланысты оқпанда ұршық оқпанына қатысты гидроцилиндр блогын аталған мөлшерге жылжытатын теңестіргіш құрылым орнатылған. Бандажбұрғылау тізбегінің муфтасы; аралық аударма - шарлы кран; шарлы кран - ұршық-редуктордың оқпаны бұрандалы байланыстарынқосалқы жеткілікті моментпен тартып бұрауға арналған. Механикаландырылған және қолмен қосылатын шарлы кранішкі өту қуысы бар превенторлық ысырманың шарлы түрі болып саналады. Крандардың екі түрі де 70 МПа қысымға шақталған. Механикаландырылған шарлы кран фланецті жалғама арқылы иінді құбырға жалғанған ЖКЖ бөлшектенбейтін бөлігі болып саналады. Кранның жұмысын басқару үшін бұрғышы басқару орнында екіпозициялық («Открыто» және «Закрыто») ысырма жапқыш орнатылған. Қолмен басқарылатын кран (4.8-сурет) екі ершігі 3 және 4 бар бір шардан 1 тұрады.
4.8-сурет
Шардың бұрылуы муфта 2 ойығына сұғылған кілттің көмегімен қолдай жүргізіледі. Кран тұрқыда ойылып жазылған әріптер «О» және «З» «Открыто» және «Закрыто» қалыптарына сәйкес келеді. Қолмен басқарылатын шарлы кран аралық аударманың алдында орналастырылады және керекті жағдайда ұршық оқпанын бұрғылау тізбегінен ажыратқанда бұрғылау тізбегімен бірге қалуы мүмкін. 5 БҰРҒЫЛАУ РОТОРЛАРЫ
Бұрғылау роторлары келесі операцияларды орындауға арналған: – роторлық бұрғылауда ұңғыны қазу кезінде бұрғылау тізбегін айналдыруға; – түптік қозғалтқыштарды қолдану кезінде бұрғылау тізбегінің ротор тесігі арқылы төмен берілісін болдыруға және реактивті айналу моментін қабылдауға; – КТО кезінде бұрғылау және шегендеу тізбегін ұстап тұруға; – ұңғыны бұрғылау және шегендеу жұмыстарында кездесетін авариялық жағдайларда қосалқы аспапты айналдыруға. Роторлар бұрғылау қондырғысының негізгі механизмдерінің қатарына жатады және өту тесігінің диаметрі, қуаты және рұқсат етілген статикалық жүктеме бойынша ерекшеленеді. Конструкциялық орындалуы бойынша роторлар жылжымайтын және ұңғы сағасына қатысты тік бағытта ілгері-кейінді қозғалатын деп бөлінеді. Ротор жетегі бұрғылау шығырынан беріліс қорабы арқылы шынжырлы, карданды және тісті берілістермен қозғалыс алады немесе жеке қозғалтқышпен іске қосылады. Жетектеріне байланысты роторлар айналу моменттерінің және жылдамдықтардың сатылы, үзіліссіз-сатылы, үзіліссіз өзгеруілеріне ие. Реактивті айналу моментін қабылдау үшін олар ротор столында немесе тезжүргіштік білікте орналасқан тоқтатқыш құрылғылармен жабдықталады. Жылжымалы бөлшектер күшпен бүрку арқылы майланады. Роторлар екі орындалуда болуы мүмкін – құбырларды ұстауға арналған пневматикалық сыналы ұстағышпен ПКР және онсыз. Ротор конструкциясы жоғары өнімді еңбекке қажетті қолайлылықты қамтамасыз етуі және қызмет етудің қауіпсіздік және сенімділік талаптарына сай болуы керек. Ротор өлшемдері бұрғылау алаңында орнатуға берілген кеңістікпен шектелуі тиіс. Бұрғылау қондырғыларының әртүрлі тобында және модификациясында қолданылатын роторлар техникалық параметрлері мен құрылымы бойынша мейілінше бірыңғай келеді. 5.1 Бұрғылау роторлары құрылымы. Қолданбалы және терең барлама бұрғылауда қолданылатын бұрғылау қондырғыларында ұңғы сағасының үстіне қозғалмайтын етіп орнатылатын роторлар қолданылады. Құрылымдық сызбасы бойынша олар конустық редукторға ұқсас, оның жетектегі білігі тік ортасы қуыс цилиндр түрінде жасалған. Ротордың типтік конструкциясы (5.1-сурет) тұғырдан (станина) 9 және столдан 2 тұрады, ол конустық тістегершік 10 және дөңгелек 6 көмегімен тезжүргіш біліктен айналым алады. Берілістің өсаралық бұрышы 900-ты құрайды. Ротор тұғыры (станина) көп жағдайда конструкциялық легирленбеген болаттардан құйылып жасалады. Оның геометриялық өлшемдері мен пішіні құрылымдық, пайдаланушылық, технологиялық, эстетикалық талаптармен анықталады. Тұғырда тезжүргіш білікті және ротор столын орналастыруға арналған көлденең және тік кеулейжонылған орынтақтар (расточки) бар. Оның қабырғаларының қалыңдығы 15-30 мм. Қабырға қалыңдығын арттыру металл микроструктурасының біртекті емес болуына әкеледі, сондықтан сапалы құйманы алу үшін ротор тұғыры қабырғаларының қалыңдығы құйма өндірісінің технологиясы талаптарына сәйкес таңдалады. Қажетті беріктік пен қатаңдықты тұғырдың ішкі қабырғасындағы қырлар қамтамасыз етеді. Оның негізінде роторды ілінген күйінде орын ауыстыруда қолданылатын строптарға арналған тесіктер бар.
5.1-сурет. УР-500 бұрғылау роторы Стол 2 сыртында дискасы бар ортасы қуыс болат құйма түрінде болады және ол тұғырдың тік жонбасын жауып тұрады. Оның жоғарғы жағында ажырама ішпекке (вкладыш) 4 арналған квадратты тесігі (углубление) болады. Өз кезегінде ішпектерге бас жағы квадрат, ары қарай конус түрінде болып келетін, қыспаққа (зажим) арналған орын бар. Бұрғылау кезінде ішпекке жетек құбырдың квадратты немесе роликті қыспақтары, ал КТО кезінде - құбырлар тізбегін ротордың үстінде ұстап тұратын сыналар салынады. Ішпек пен қыспақтардың ажырағыш конструкциялары оларды роторға оның тесігінде құбыр тұрғанда орнатуды қамтамасыз етеді. Ішпек пен қыспақтар роторда бұралатын бекіткіштер арқылы ұсталынып тұрады. Қыспақ пен жетек құбырының арасында олардың жанасатын беттерінің тозуын тудыратын сырғанау үйкелісі пайда болады. Роликті қыспақтарды қолданған кезде жетек құбыр тербелу мойынтіректерінде орнатылған роликтерден сырғанайды, соның арқасында оның тозуы біршама азаяды. Ротор столы нығыздалған конустық дөңгелекпен бірге тұғырдың тік жонбасында негізгі 3 және көмекші 12 тіректерде орнатылады. Тіректер ретінде радиалды-тіректік шарикті мойынтіректер қолданылады, олар бір-біріне қатысты айнадағы көшірмесіндей және өстік нығыздықтың нәтижесінде екіжақтық өстік жүктемелерді қабылдауға қабілетті болып орналасады. Негізгі тірекке КТО кезінде ротормен ұсталынып тұратын құбырлар тізбегінің және ротор столының өзінің салмағы әсер етеді. Ұңғыны бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегі ұршыққа ілінеді және негізгі тірекке столдың өзінің салмағы және жетек құбырдың ротор қыспақтары 5 арқылы сырғанауы нәтижесінде пайда болатын үйкеліс күштері әсер етеді. Ротор столы және мойынтіректер роторлық бұрғылауда айналады, КТО кезінде және түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде қозғалмайды. Көмекші тіректік мойынтіректерге алғашқы өстік тартудан пайда болған күш және құбырды, қашауды және басқа аспаптарды көтеру кезінде олардың теңселуінен және ротор столының өсіне қатысты ығысуының нәтижесінде пайда болатын соққылары мен үйкелістерінен болған жүктемелер әсер етеді. Ротордың қалыпты жұмыс істеуі үшін көмекші мойынтіректердің алғашқы өстік тартылуы маңызды болады. Дұрыс таңдалған тарту шариктердің жүгіру жолында нық орнығуын қамтамасыз етеді, тербеліс беттерінің тозуын азайтады, мойнтіректердің ұзақмерзімділігін және жүктелуін арттырады, шариктердің моменттер әсерінен айналуын болдырмайды және соның арқасында үйкеліс коэффициентін төмендетеді. Артық тарту да кем тарту сияқты қауіпті, себебі шариктердің қысылуын, тербеліс беттерінің артық жүктелуін және жоғары жылу бөлгіштікті тудырады. Негізгі тіректердің мойынтіректерін тарту ротор столының өзінің салмағымен жүзеге асырылады. Ал оның өстік орналасуы негізгі тіректің төменгі сақинасының астында орнатылған болат төсемемен 13 реттеледі. Көмекші мойынтіректердің өстік тартылуы болттармен жалғанған ротор столының төменгі табаны және фланец 11 арасында орналасатын төсемелермен реттеледі. Ротор тұғыры мен столдың орталықтандыратын беттерінің өстес болмауының салдарынан шариктердің жүгіру жолдары симметрия өсінен ығысуы мүмкін, осының нәтижесінде мойынтіректердің дұрыс жұмысы бұзылады. Өстес еместікті жою үшін мойынтіректердің бір сақинасы орталықтандырылады, ал екіншісі радиус бойынша еркін қозғалады. Жүктеменің әсерінен бос дөңгелек шариктерге қатысты өздігінен орталықтанады және осының арқасында мойынтіректердің ұзақмерзімділігін арттыратын шариктердің біркелкі жүктелуі қамтамасыз етіледі. Әдетте мойынтіректің бос дөңгелегі ротор тұғырына орнатылады. Радиалды-тіректік шарикті мойынтіректер ротор столының өту тесігі диаметрі бойынша таңдалады. Берілген диаметрдегі мойынтіректердің жүктелу қабілеті олардың сериясына байланысты. Ротор столының негізгі тірегінде диаметрі 63,5-101,6 мм шариктері бар мойынтіректер, ал көмекші тіректе - диаметрі 38,1-47,6 мм шариктері бар жеңіл сериялы мойынтіректер қолданылады. Шариктілермен салыстырғанда жүктелу қабілеті жоғары конустық роликті мойынтіректер ротор столы тіректерінде сирек қолданылады. Бұл олардың жұмыс істеу уақытының қысқалығына, ауытқуға деген жоғары сезімталдығына және салыстырмалы жоғары бағасына байланысты. Негізгі және көмекші тіректердің орналасу реті басқа ротор маркаларында салыстырмалы түрде басқаша болуы мүмкін. Мысалға УР-760 маркалы роторда көмекші тірек негізгі тіректен жоғары орналасқан. Кілтекпен бекітілген конустық тістегершігі бар тезжүргіш білік стақанда 8 монтаждалады және жиналған күйінде тұғырдың көлденең тесіліп жонылған жерінде орнатылады. Стақан мойынтіректерді орнату және жүктемемен бұрау кезінде тұғырды соққылардан бұзылудан қорғайды. Тістегершіктің тезжүргіш білікте консолді орналасуы сәйкесінше роторды жинақтау және құрастыруда қолайлы. Бірақ осының нәтижесінде біліктің беріктігіне деген талаптар артады, себебі оның деформациясы нәтижесінде тістегершік пен дөңгелектің ілінісінде түйісулік қысымның біркелкі таралуы бұзылады, бұл оның ұзақ тұрақтылығының төмендеуіне әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда тістегершікті екі тірек арасына орналастыру дұрысырақ болады. Бірақ монтаждау және жөндеудің ыңғайлылығын ескеріп барлық роторлардың құрылымдары тезжүргіш біліктерінде тістегершіктер консолді орналасып дайындалады. Бұл жағдайда тістегершіктің білік тірегіне өте жақын орналасуынан ию моменті азаяды. Тезжүргіш біліктің сыртқы шетінде шынжыр жұлдызшасы 15 немесе карданды муфта орнатылған. Қызмет етудің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі үшін ротор қақпақпен 1 жабылады. Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде ротор столы тежеліп тоқтатылады және бұрғылау тізбегі арқылы берілетін реактивті айналу моментінің әсерінен ротор столының кері айналуы болмайды. Тоқтату тісті мұрындық арқылы іске асырылады, ол ротор столы дискісінің радиалды паздарына 14 кіреді. 5.2-суретте көрсетілген роторда тезжүргіш білікте тұғырдың бағыттаушы төлкелерінде тұтқа 11 арқылы қозғалатын тоқтатқыш мұрындықпен 13 ілінісуге арналған паздары бар дөңгелек 14 орнатылған. Тұтқа мұрындыққа тістерімен ілінісетін тістегершігі бар білікшемен жалғанады. Тістегершік мұрындықты айналып кетуден сақтайды, ал тұтқа 11 оны шеткі қалыпта орнықтырады.
5.2-сурет. УР-760 бұрғылау роторы
Қуаты аз роторларда үйкелісетін бөлшектер бүрку арқылы майланады. Қуаты жоғары қарқынды жылубөлгіштікті тудыратын, сонымен қатар бүрку арқылы майлауды қиындататын роторлардың құрылымдық жинақталуына сәйкес мойынтіректері және тістік берілістері майлаудың циркуляциялық жүйесі арқылы майланады. Тезжүргіш біліктің мойынтіректерін стақанға құю тесіктері арқылы толтырылатын сұйық маймен майлайды. Толтыру және пайдалану кезінде май деңгейі майкөрсеткіш 7 көмегімен бақыланады. Майдың ағып кетуін болдырмау үшін стақанның сыртқы шеттік қақпағы тілімделген шытырман тығыздауышпен жабдықталған. Стақанның ішкі шетінде майды жуу сұйығымен, ротор столы мойынтіректерін және конустық берілісті майлауда қолданылатын, жапсарлас майлы ваннаға түсетін тозу өнімдерімен ластанудан қорғайтын, кері шағылыстырғыш дискілі қақпағы бар. Конустық мойынтіректерде роликтер ортадан тепкіш сораптардың қалақтары сияқты мойынтірек пен қақпақ арасындағы кеңістікке май айдайды, ол біліктің тығыздағышы арасынан қосымша май ағуына әкеледі. Бұл роликтер тығыздағыштарға үлкен диаметрлі жағымен орналасқанда және олардың тербелу өстері қиылысқанда (Х-типті сұлба) ерекше байқалады. Сондықтан мойынтіректерді 5.2-суретте көрсетілген сұлба бойынша орналастыру тиімдірек, мұнда роликтер тығыздағыштарға кіші диаметрлі жағымен орналасқан және олардың тербелу өстері мойынтіректерден (О-типті сұлба) тыс қиылысады. Мойынтіректерді қақпақтардың тығыздағыштары мен мойынтіректерден пайда болған қалталарда орналасқан май айналысының қиындау салдарынан болған қатты қызып кетуден сақтау үшін стақанның төменгі бөлігінде майдың май ваннасына өтуін қамтамасыз етуге арналған арналар бар. Ротор столы мен тұғырының арасында пайда болған орталық май ваннасы май деңгейін көрсететін көрсеткіші бар тығынмен жабылып, толтыру тесігі арқылы сұйық маймен толтырылады. Орталық май ваннасын КТО кезінде ағатын жуу сұйығының құйылуынан сақтау үшін ротор столы мен тұғырының арасына сақиналық шытырман тығыздағыштар орналасқан. Столдың мойынтіректері конустық тісті жұп тістегершіктердің айналуы кезінде қарпып алынатын майдың бүркілуі арқылы майланады. Осыған сәйкес орталық ваннадағы май деңгейі тістегеріштің төменгі контурынан жоғары болуы тиіс. Майды ауыстыру әр ұңғыны бұрғылағаннан кейін және әрбір 2-3 ай аралығында жүргізіледі. Пайдаланылған майды төгу үшін тұрқының негізінде төгу тығындары бар. Жаңа майды құю алдында ваннаны керосинмен жуу қажет. Көмекші мойынтірек тісті дөңгелектің үстінде орналасқан жағдайда оны бүрку арқылы майлау қиын болады. Мұндай құрылымды роторларда көмекші мойынтіректі майлау үшін қою май қолданады. 5.2-суретте көрсетілген роторда мойынтіректер мен тісті жұпты плунжерлі сорап 16 көмегімен майлаудың циркуляциялық жүйесі қолданылады. Сорап ротор тұғырындағы майсақтағыштан А майды алады және оны кран 17 арқылы түтіктер 5 бойымен жоғарғы мойынтірекке 4 жібереді. Майдың бір бөлігі тісті тәжге ағады және тісті жұпты майлайды, ал екінші бөлігі арналар бойымен жүріп, төменгі мойынтірекке 10 барады, одан май ваннасына ағады. УР-760 роторы жинақтық құрылымды жабдық болып саналады, ол дискімен 3 жасырын басы бар бұрандалар 2 көмегімен қосылатын қуыс төлкеден 1 тұрады. Бұл сұлбада стақан орнына әрекеттік аралық гильзалар 6, 8 қолданылады. Тезжүргіш білік 6 (5.3-сурет) стақанда 7 тістегершік 1 жағында орналасқан қосарланған радиалды-тіректік конустық мойынтіректерде 5 және біліктің қарама-қарсы шетінде орнатылған радиалды роликті мойынтіректе 9 монтаждалады. Конустық мойынтіректердің бір-біріне қарсы теңдесіп орналасуы біліктің екіжақтық дәл орнығуын, берілістің сенімді және шусыз жұмысын қамтамасыз етеді. Орнықтырғыш тіректе мойынтіректердің ішкі сақиналары біліктің иықшасы мен тістегершіктің шет жағына тірелетін майшашыратқыш сақиналар 4 арасына бекітілген. Мойынтіректердің 5, 9 сыртқы сақиналары стақанның ішкі 3 және сыртқы 11 фланецтері арасында металл төсемелер және аралық төлке 8 көмегімен бекітілген. Роликті мойынтіректің ішкі сақинасы біліктің иықшасы мен сақина 10, аралық бөлшектер 13, 14, 15, дистанциялық сақина 17 арқылы шеттік фланецпен 16 тартылып бекітіледі.
©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|