Здавалка
Главная | Обратная связь

Автомбиль трансмиссиясы



Астана 2007 ж

 

С. Сейфуллин атындағы БЕКІТЕМІН

Қазақ агротехникалық Әдістеме кеңесінің төрағасы университетінің әдістемелік __________ А.М. Әбдіров

кеңесінде қаралып, мақұлданды «____» ______2007ж.

Хаттама № 2007ж.

 

 

Қ а з а қ т і л і

Техникалық факультетінің мамандықтарына арналған

 

Құрастырған: Ж.М. Төлеужанова

 

Пікір жазғандар:

 

 

«Қазақ тілі» оқу құралы қазақ тілі кафедрасының отырысында хаттама №_____ «_________» 2008 жылы қаралып, мақұлданды.

Кафедра меңгерушісі _____________ С.К. Кенжемұратова

қолы

 

 

«Қазақ тілі» оқу құралы гуманитарлық кафедралар бөлімі әдістемелік комиссиясы отырысында хаттама №___ «_________» 2008 жылы қаралып, ұсынылды.

 

Әдістемелік комиссияның төрайымы _________________________

қолы, аты-жөні

 

 

Алғы сөз

 

 

Бұл оқу - әдістемелік кешен техникалық факультетінің мамандықтарының бастауыш және жалғастырушы топтарына арналып, студенттердің кәсіби лексикасын тереңдетуді, мамандықтарына байланысты терминдерді меңгертуді көздейді.

Аталмыш оқу-әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты - студенттердің өз бетімен тіл байлығын тереңдетуіне, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік беру.

Қазақ тілі заңдылықтарын естеріне түсіру мақсатында берілген жаттығулар мен тапсырмалардың, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің танымдық маңызы зор. Сонымен қатар студенттердің ойлау қабілетін арттыру үшін сүрақтар да берілген. Студенттердің білім деңгейін ескере отырып тапсырмалар жоғары және орташа деңгейлерге сай орналастырылған.

Оқу-әдістемелік кешеннің ерекшілігі - техникалық факультетінің мамандықтарына арналған мәтіндермен жұмыс істеу.

 

 

 

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті

Қазақ тілі кафедрасы

Бекітемін

Техникалық факультеттің деканы

..............................................

(аты­ -жөні ­ )

….. …………… 2007 ж

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

( СИЛЛАБУС)

ҚАЗАҚ ТІЛІ пәні бойынша

Бакалавриат бағытына арналған

Инженерлік мамандықтарына арналған

Астана - 2007 жыл

 

 

Студенттер үшін пән бағдарламасы ( Силлабус) Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің оқу ісі жөніндегі проекторы А.М.Абдыров

( пәннің типтік бағдарламасының атауы, қашан және қайда бекіткен)

уақытша типтік бағдарлама

негізінде және …………………………………………….

….. ……………. 2007 жылы №…… Хаттамасында бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сәйкес Қаз МАТУ жоғары оқу орнының …… …………………………… мамандығы коды, атауы үшін (бағыты) құрастырылған

 

 

Бағдарлама қазақ тілі кафедрасының отырысында хаттама № ….. ……………. 2007 жылы қаралып, мақұлданды.

 

Кафедра меңгерушісі ……………………………………

(қолы, аты - жөні)

 

Бағдарлама гуманитарлық кафедралар бөлімінің әдістемелік комиссиясында хаттама № ….. ……………. 2007 жылы қаралып, ұсынылды

 

Әдістемелік комиссияның төрағасы ……………

( қолы, аты - жөні )

 

 

1.Оқытушы жайлы мәлімет: қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Төлеужанова

С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті

тел : 38 -4 -4 , К 7, дәрісхана 713, 79.

Қабылдау сағаттары: кафедрадағы кеңес беру кестесі бойынша

 

2. Пән туралы мәліметтер:

Қазақ тілі

1 курс

кредит саны - 3

практикалық сабақтар - 45

семестр 2

оқытылатын орны - қазақ тілі кафедрасының дәрісханалары

Оқу уақытын бөлу

Семестр

Семестр аптасы Барлы- ғы
Практи- калық сабақ               Аралық   Бақылау                   А р а л ы қ   б а қ ы л а у  
  СОӨЖ                                        
барлығы    

3. Пререквизиттер - бұл пән Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, педагогика т.б пәндерді, мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсын игеруде септігін тигізетін қажетті пәндердің бірі болып табылады.

4. Постреквизиттер-бұл курстан алған білім негіздері қазақ

тілін жеткілікті дәрежеде меңгеруге;

- мамандыққа қатысты термин сөздермен кеңінен танысуға;

- ресми іс қағаздары үлгілерін мемлекеттік тілде еш қиындықсыз толтыра білуге;

- мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдарды, әдеби шығармаларды,

заң, үкім, қаулыларды оқып, түсіне алуға мүмкіндік береді.

 

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Қазақ тілі пәнінің мақсаты:

1. Қатысымдық мақсаты:Үйренуші қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде

емін - еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет - дағдыларын қалыптас -

тыруы тиіс.

2. Танымдық мақсаты: Мамандыққа сай білімді игеріп, дүниетанымдық ой - өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс.

3. Тәрбиелік мақсаты: Тіл үйренушінің жалпы тұлғалық әдеби, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беріп, құрметтеуге бағытталуы тиіс.

 

Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және істей - білуі қажет:

- қазаќ тілінде ойын жеткізе білуі керек;

- қазақ тілінің грамматикалық және фонетикалық жүйелерінің ерекшеліктерін білуі қажет;

- елтану материалдарымен, қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен таныс

болуы керек;

- мамандығы бойынша терминологияны игеруі қажет

 

 

6. Пәннің мазмұны

 

6. Сабақтың мазмұны Сағат саны
Лексикалық тақырып:Автомобиль. Тілдік материал:Сөйлем. Жай сөйлем. Сұраулы сөйлем. Хабарлы сөйлем Өздік жұмыс: Автомобиль.    
Лексикалық тақырып:Автомобильдің түрлері Тілдік материал:Бұйрықты сөйлемЛепті сөйлем. Өздік жұмыс: Автомобильдің түрлері  
Лексикалық тақырып:Автомобиль жолы Тілдік материал:Атаулы сөйлем. Жақты, жақсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер Өздік жұмыс: Автомобиль жолы    
Лексикалық тақырып: Автомобиль өнеркәсібі Тілдік материал:Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш Өздік жұмыс: Автомобиль өнеркәсібі  
² Лексикалық тақырып Автомобильдердің жалпы құрылысы Тілдік материал:Баяндауыш. Өздік жұмыс: Тракторлардың жалпы құрылысы  
Лексикалық тақырып: Автомобильдердің трансмиссиясы. Тілдік материал: Анықтауыш Өздік жұмыс:Мотоблоктар  
Лексикалық тақырып:Тракторлардың түрлері. Тілдік материал:Пысықтауыш Өздік жұмыс:Шағын тракторлар  
Лексикалық тақырып:Тракторлардың модификациясы Тілдік материал:Толықтауыш. Өздік жұмыс:Тракторлар мен автомобильдердің қозғалтқыштарының үлгілеріне қарай жіктелуі  
Лексикалық тақырып:Тырмалар. Тілдік материал:Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемдер. Қарсылықты, , ыңғайлас салалас сөйлемдер. Өздік жұмыс:Трактордың негізгі бөліктері    
Лексикалық тақырып: Картоп отырғызатын машиналар Тілдік материал:. Себеп- салдар, түсіндірмелі салалас сөйлемдер. Өздік жұмыс:Шатундар    
Лексикалық тақырып:Көшет отырғызатын машиналар Тілдік материал:Кезектес, талғаулы салалас сөйлемдер Өздік жұмыс:Беріліс қорабы  
Лексикалық тақырып: Сүрлем дайындайтын машиналар Тілдік материал:Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Шартты, мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер Өздік жұмыс:Дизельдің жанармай беру жүйесі    
Лексикалық тақырып:Картоп жинау әдістері Тілдік материал:Қарсылықты, қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер Өздік жұмыс:Картоп жинау әдістері    
Лексикалық тақырып:Қызылша жинау әдістері. Тілдік материал:Мезгіл, себеп бағыныңқылы сабақтас сөӨздік жұмыс: Қызылша жинау әдістері  
  Лексикалық тақырып:Генератор. Тілдік материал:Аралас құрмалас сөйлемдер Өздік жұмыс:Ілінісу муфтасы  
  Практикалық сабақтар
  Студенттердің өздік жұмыстары

 


ІІ семестр

7. Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

  Сабақтың тақырыбы СӨЖ тапсырма лары   Тапсырманың мақсаты мен мазмұны Ұсынылатын әдебиеттер   Бақылау түрі   Тап- сыру мерзімі Баға- лау ұпайы
 
Автомобиль. Сөйлем. Жай сөйлем. Сұраулы сөйлем. Хабарлы сөйлем   1- 5 тапсырма ларды орындау   Термин сөздермен жұмыс істеуге үйрену. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерді ажырата білу. Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Тапсырма ларды орындау.   1-апта      
Автомобиль дің түрлері Бұйрықты сөйлемЛепті сөйлем 1 - 4 тапсырма ларды орындау Мәтін бойынша жоспар құра білуге үйрену. Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз сөйлемдерді ажырата білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Мәтінді оқып, ауызша талдау.     2- апта  
Автомобиль жолы Атаулы сөйлем. Жақты, жақсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер   1 - 4 тапсырма ларды орындау   Мәтін бойынша жоспар құра білуге үйрену. Бастауыштың, баяндауыш тың жасалу жолдарын білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Тапсырма ларды жазбаша орындау.   . 3 - апта  
4. Автомобиль өнеркәсібі Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш 1- 5тапсырма ларды орындау Кәсіби терминдермен, сөздікпен жұмыс істей білуге үйрену. Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Мәтіннен кейінгі тапсырма ларды жазбаша орындау.     4-апта      
Тракторлар дың жалпы құрылысы. Баяндауыш.   1- 5 тапсырма ларды орындау   Мәтінді аудару Анықтауыш тың жасалу жолдарын білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Сұрақ-жауап. Топпен жұмыс.       5-апта    
Мотоблоктар. Анықтауыш   1- 5 тапсырма ларды орындау 2.1,2 тапсырма ларды орындау Термин сөздердің мағынасын түсіну, қазақша ойын дұрыс жеткізуге үйрену. Жанама толықтауыштарды ажырата білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Мәтіннің мазмұнын айту     6 - апта  
Шағын тракторлар Пысықтауыш   1- 5 тапсырма ларды орындау   Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтуға үйрену. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырата білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен .– Астана, 2007 ж.   Мәтіннің мазмұнын айту. Топпен жұмыс.       7 - апта.      
  Аралық бақылау Аударма жасау Сөздік қорды молайту мақсатында үнжария беттерінен мамандыққа байланысты мәтіндерді аудару Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Сөздік жаттау 8- апта  
8. Тракторлар мен автомобиль дердің қозғалтқыш тарының үлгілеріне қарай жіктелуі Толықтауыш.   1 -5 тапсырма ларды орындау   Мәтіннің мазмұнын айтуға үйрену. Құрмалас сөйлемдерді ажырата білу. Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Мәтіннің мазмұнын айту       9 - апта    
9. Тракторлардың негізгі бөліктері Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемдер.   1- 5 тапсырма ларды орындау   Берілген мәтін бойынша жоспар құра білуге үйрену. Қарсылықты, себеп- салдар салаластың жасалу жолдарын білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен .– Астана, 2007 ж.   Мәтінді мәнерлеп оқу. Сұрақ - жауап     10 - апта    
Шатундар Себеп- салдар, түсіндірмелі салалас сөйлемдер.   1 - 5 тапсырма ларды орындау   Мәтінді оқып, түсінгенін айта білу. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді таба білу. Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Мәтіннің мазмұнын айту Топпен жұмыс.     11- апта  
Беріліс қорабы Кезектес, талғаулы салалас сөйлемдер   1 - 5 тапсырма ларды орындау Кәсіби терминдермен, сөздікпен жұмыс істей бәілуге үйрену Салалас сөйлемдерді ажырата білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен – Астана, 2007 ж.   Сұхбат құрастыру. Тапсырма ларды орындау 12- апта  
Дизельдің жанармай беру жүйесі Сабақтас құрмалас сөйлемдер.   1 - 4 тапсырма ларды орындау Термин сөздердің мағынасын түсіну, қазақша ойын дұрыс жеткізуге үйрену. Сабақтас сөйлемдерді ажырата білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Мәтіннің мазмұнын айту Топпен жұмыс. .   13 - апта  
Картоп жинау әдістері Қарсылықты, қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер   1 - 4 тапсырма ларды орындау Мәтінді, оқып тусінгенін айта білу. Қарсылықты, қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді ажырата білу   Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен .– Астана, 2007 ж.   Сөздік жаттау 14- апта  
Қызылша жинау әдістері. Мезгіл, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер 1 - 3 тапсырма ларды орындау   Кәсіби терминдермен, сөздікпен жұмыс істей білуге үйрену. Мезгіл, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді ажырата білу Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Мәтіннің мазмұнын айту. Тапсырма ларды орындау   15- апта  
Ілінісу муфтасы. Аралас құрмалас сөйлемдер   1 - 5 тапсырма ларды орындау   Кәсіби терминдермен, сөздікпен жұмыс істей білуге үйрену. Аралас құрмалас сөйлемдерді ажырата білу   Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі. Оқу әдістемелік кешен. – Астана, 2007 ж.   Реферат жазу.   16 - апта  
  Аралық бақылау Аударма жасау Сөздік қорды молайту мақсатында үнжария беттерінен мамандыққа байланысты мәтіндерді аудару   Сөздік жаттау   17- апта  

9. Негізгі әдебиеттер:

1.Төлеужанова Ж.М. Қазақ тілі.Техникалық факультеттің студенттеріне арналған оқу- әдістемелік кешен. - Астана, 2008ж.

2. Оралбаева Н., Т. Әбдіғалиева Т., Б. Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993ж.

3. Бектұров Ш, Бектұров Н . Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде оқыту).- Алматы, 1998ж

4. Қожахметова А. Қазақ тілі практикалық курс.- Ақмола , 1995ж.

5. Алшынбаев М., Әлиев Б. Ауыл шаруашылығы машиналары. – Алматы: Қайнар., 1979

6. Жолдасбеков Ө., Ахметов А. Машина жасау терминдерінің орысша - қазақша сөздігі. – Алматы: Өнер., 1997

7. Тілемісов Х., Рамазанов Е. Ауыл шаруашылығы сөздігі. – Алматы: Қайнар., 1997

8. Мұртазин Б. Жол шаруашылығы терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ана тілі., 1992

9. Сапаров С. Машина пайдалануды техникалық қамтамасыз ету. – Астана, 2003

10. Төлеужанова Ж.М., Нәсиева Н.Қ., Ахметова А.А. Қазақ тілінен мәтіндер мен жаттығулар.- Астана, 2005

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Қожахметова А . Тіл ұстарту жаттығулары.- Астана, 2002ж

2. Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет - ғұрыптары.- Алматы, Ана тілі, 1994ж

3. Рустемова С. Баспасөз материалдарымен жұмыс. -Астана, 2002ж

4. Бектаев Н. Қазақша - орысша, орысша- қазақша сөздігі.- Алматы, 1999ж

5. Айтбаев О. Терминдер және олардың аудармалары.- Алматы, 1990ж

6. Қазақ мақал – мәтелдері. – Алматы: Қазақстан., 1990

7. Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан., 2001, 1 - ші том

8. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік. Механика және машинатану. – Алматы: Рауан., 2000

 

10. Курстың саясаты

· Сабаққа кешікпей келу, кешіккен жағдайда сабаққа жіберілмейді

· Сабақ үстінде сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою

· Сабаққа сай киіну

· Сабақ босатқан жағдайда анықтама қағазын әкелу

· Оқу үрдісіне белсене қатысу

· Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым – қатынаста болу

· Берілген тапсырмаларды уақытында орындау

· Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау

10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау

- бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу;

- ситуативті сұхбаттар құрастыру;

- таңдаған тақырып бойынша әңгіме құрастыра білу;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- рольдік ойындарға қатысу.

Аралық бақылау

- ауызша сұхбат;

- лексика-грамматикалық тестер;

Қорытынды бақылау

- емтихан.

Ағымдық бақылау Аралық бақылау Емтихан барлығы
Практика- лық сабақ С.Ө.Ж 1 - модуль 2 - модуль    
             

11 Баға қою саясаты

Пән бойынша білім бағалау кестесі

 

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері Ұпай саны Min/ max
  1. Ағымдық бақылау: - практикалық сабақтар - өздік жұмыс - 2000 белгі 150/450 6 х45= 270 7 х15=120 5х2=10    
  2. Аралық бақылау: Семестрде 2 рет аралық бақылау болады     Ескерту: Университетте қабылданған бағалаудың рейтінгілік жүйесін ескере отырып, студенттердің қортынды рейтінгісі (ұпайы) 0.1 коэффициентіне көбейтілген ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен алынған балдардың қосындысынан анықталады. Қ.Б = (Ағ.б + Ар.б) х 0.1; Қ.Б =(400+200) х 0.1= 60   10/20 100х2= 200
  Жиынтығы: 30/60 ¥пай
3. Қорытынды бақылау Емтихан   20/40
  Барлығы: 50/100 ұпай

 

  Емтихандағы баға Бағаның ұпай пайызы (%)
3 (қанағаттанарлық) 20/26
4(жақсы) 27/34
5(өте жақсы)

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйемен бағалау Ұпайдың цифрлық баламасы Ұпайдың проценттік мазмұны Дәстүрлі жүйемен бағалау
       
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
Ғ 0-49 қанағаттанарлықсыз

 

 

 

Практикалық сабақтар

1-сабақ.

Автомобиль.

Сөйлем. Жай сөйлем. Сұраулы сөйлем. Хабарлы сөйлем.

Автомобиль.

Автомобиль (грек.autos - өзі және лат.mobilis – қозғалмалы,қозғалатын ) - өз қозғалтқышы арқылы қозғалып, жүк және жолаушылар тасуға арналған машина. Орта ғасырларда жел күшімен немесе адамның бұлшық еті күшімен қозғалатын арба жасалды. 1752 жылы орыс механигі Л.Шамшуренков екі адамның күшімен қозғалатын "жүгірме арба" жасады. 1769 – 1770 жылы француз өнертапқышы Ж.Кюнью, ал одан бірнеше жылдан кейін Англияда У. Мердок және Р. Тревитик бу автомобильдерін құрастырды. 1784 – 1791 жылдары орыс өнертапқышы И.П. Кулибин жасаған педальды арбаларда осы күнгі автомобильдерге тән механизмдердің (беріліс қорабы, маховик, механикалық тежеуіш, роликті подшипник,т.б) біразы қолданылды. 19 -ғасырда Англияда Г. Герн мен У. Ханкоктың, Францияда А.Болленің, А. де Дионның және Л.Серполленің бу автомобильдері тарала бастады. 19-ғасырдың 30 жылдарында жолаушылар таситын бу автомобильдері жолға шықты. Аталған ғасырдың аяғында аккумулятор батареяларынан қуат алатын автомобильдер құрастырылды. 1879 ж. орыстың өнертапқышы О.С.Костович бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқыш жасады. Жеңіл де, ыңғайлы, жүрісі шапшаң және үнемді жанатын қозғалтқыштың шығуымен автомобиль жасау ісі тез дами бастады. 1885 – 1887 ж.неміс өнертапқыштары К.Бенц пен Г.Даймлер бірінші болып іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдер жасады. 1890 жылдары Францияда "Панар-Левассор" және "Де Дион - Бутон" автомобильдері пайда болды. 1892 ж. АҚШ- та Генри Форд өзінің алғашқы автомобилін құрастырды, ал 1903 жылдан ол өндірісте шығарыла бастады. 1932 жылдан Кеңес Одағында ГАЗ автомобильдерін көптеп шығару қолға алынды. М.Р.Бриллинг пен Е.О.Чудаков құрған автомобиль мектебі автомобиль жасауды жетілдіруде, оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуда маңызды рөл атқарды.

 

Жаңа сөздер:

Өнертапқыш – изобретатель

Жолаушылар тасымалы – перевозка пассажиров

Қозғалтқыш – двигатель

Өндіріс – производство

Жақсарту – улучшение

Құрастыру – сооружить

Шығарыла бастады –начал выпускаться

Бу автомобильдері – паровые автомобили

Жетілдіру – совершенствовать

Көрсеткіш – показатель

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Жүгірме арба қай жылы жасалды ?

б) Бу автомобильдері қай жылы құрастырылды ?

в) Бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқышты кім жасады ?

г) Автомобиль жасауды жетілдіруде қандай мектеп маңызды роль атқарды?

 

2. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыздар.

3. Мәтіннің мазмұнын айтыңыздар.

4. Мәтіндегі сандарды сөзбен жазыңыздар.

5. Мына сөздермен , сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар

 

Автомобиль, механик, жолаушылар тасу, жүк тасу, бу автомобилі, аккумулятор батареялары, қозғалтқыш, өндіріс, пайдалану, даму, құрастыру.

 

6. «Автомобиль» деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.

7. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Жел күші, беріліс қорабы, механикалық тежеуіш, ғасырдың аяғы, орыстың өнертапқышы, карбюраторлы қозғалтқыш, дами бастады

Қозғалу, жасау, құрастыру, қолдану, шығару, алу, жетілдіру.

 

9. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

"Автомобильный транспорт Казахстана" – республика автомобиль көлігі министрілігінің және салалық кәсіподақ комитетінің журналы. Көлемі – 32 бет, қалыбы – А4. Журнал 1958 ж. қаңтар айынан шыға бастаған. Алғашқы редакторы – И.Г. Гаврилов. Негізгі тақырыбы – автомобиль көлігі қызметкерлерінің әулеметтік – тұрмыстық ахуалын жақсарту,кәсіби біліктері мен еңбек өнімділіктерін арттыру, тағы басқа мәселелер Қазақстан энциклопедиясы. 1 – ші том. Ғ. Молд. ).

 

10. Мына етістіктерді бұйрық райда жіктеңіздер.

Пайдалану, бастау, даму, алу.

 

 

11. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

 

Жасау , қолдану , тез , күш

 

 

№1 СӨЖ тапсырмалары:

1.Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2.Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

3. «Автомобиль» мәтіні бойынша өз сұрақтарыңызды жазыңыздар

4.Мына етістіктерді пайдаланып, хабарлы ,сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар

Жасау, пайдалану, алу, құрастыру, көру, білу, бастау

 

5. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 

1. күшімен, ғасырларда, жел, арба, орта, бұлшық, немесе, адамның, еті, күшімен, қозғалатын, жасалды.

2. екі, жылы, орыс, механигі, адамның, 1752, жасады, күшімен, "жүгірме арба" , Л.Шамшуренков, қозғалатын

3. шығару, автомобильдерін, алынды, жылдан, көптеп, Кеңес, Одағында 1932, ГАЗ , қолға

4. көрсеткіштерін, М.Р.Бриллинг, маңызды, оның, Е.О.Чудаков, құрған, жақсартуда, мектебі, автомобиль, жасауды , жетілдіруде, пайдалану, пен, рөл атқарды, автомобиль

 

2 –сабақ.

Автомобильдердің түрлері.

Бұйрықты, лепті сөйлем.

 

Автомобильдердің түрлері.

Автомобильдер пайдалану қызметіне қарай көлік, арнаулы және жарыс автомобильдері болып бөлінеді. Соның ішіндегі негізгісі - көлік автомобильдері. Олар адам және жүк тасуға арналған. Арнаулы автомобильдер тиісті жабдықтармен жабдықталып көше сыпыру , өрт сөндіру, жүк тиеу, жүк түсіру сияқты кейбір өндірістік жұмыстарды атқаруға пайдалынады (автокран, автокомпрессор, өрт сөндіру машинасы , көшпелі жөндеу шеберханасы, тағы басқа ). Жарыс автомобильдері спорттық жарыстарға қатыстырылады. Көлік автомобильдерінің бір түрі – жолаушылар автомобильдері. Оның жеңіл автомобиль, автобус сияқты түрлері бар. Көлік автомобильдеріне автопойыз құрамына кіретін арнаулы буксирлер де жатады. Жеңіл автомобиль екіден сегізге дейін жолаушылар (жүргізушінің өзін қосқанда) тасуға арналған. Қозғалтқышының литражы (қозғалтқыштың барлық цилиндрлерінің жұмыс көлемі) мен салмағына қарай: айрықша кіші (1,2 л және 850 кг), кіші (1,2 және 1,8 л және 850 – 1150 кг), орташа (1,8 – 3,5 л және 1150 – 1500 кг) литражы мен массасы шектелмейтін жоғары сапалы болып 5 класқа бөлінеді. Жеңіл автомобиль қорабының типіне қарай лимузин (қорабы жабық), кабриолет (қорабы жоғарғы жағынан матамен жабылған), фаэтон (қорабы ашық) болып ажыратылады . Автобус кісі отыратын орындығының санына қарай аз (25 орынға дейін), орташа (26 – 35 орын), көп (36 – 45 орын) және өте көп (45 орыннан жоғары) орынды болып келеді. Қорабының, орындығының түріне, жабдықталуына, жүріс жылдамдығына және атқаратын қызметіне байланысты қалалық, арнаулы, қалааралық автобустар болады. Жүк автомобильдерінің өте жеңіл жүк көтеретін (0,75 – 2,5 т-ға дейін), жеңіл (0,75 – 2,5 т), орташа (2,5 – 5т), ауыр (5 – 10т) және өте ауыр (10 т-дан жоғары) түрлері бар. Жүк автомобильдері қорабының түріне қарай әмбебап және арнаулы болып бөлінеді. Әмбебап автомобильдердің борты ашпалы-жаппалы ашық платформалы болып келеді. Арнаулы жүк автомобильдеріне аударылмалы ашық платформасы бар аударғыштар, қорабы жабық фургондар, сұйық және сусымалы заттар тасуға арналған автоцистерналар, цемент тасығыштар, т.б. жатады. Жол жағдайына қарай кездескен кедергілерден кідірмей өте алатын, су өтпейтін қорабы, ескек винті, т.б. суда жүзуге қажетті қондырғылары бар амфибиялар да автомобильдерге жатады. Бүгінгі күнгі кейбір жүк таситын автомобильдің көлемдері мейлінше үлкен. БелАЗ-дардың кабинасына арнайы сатымен шығуға тура келеді. Кейбіреулерінің қорабына 100т жүк кетеді.

 

 

Жаңа сөздер:

Көлік - транспорт

Арнаулы – специальный

Жарыс – соревнование

Жеңіл автомобильдер – легковые автомобили

Айрықша – особенный

Жабдықтау- оборудовать, снабжать

Сусымалы заттар – сыпучие вещи

Кедергі – преграда, препятствие

Ескек винт – гребной винт

Қондырғы – установка

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Автомобильдер пайдалану қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

б) Арнаулы автомобильдер қандай жұмыс атқарады?

в) Көлік автомобильдерінің қандай түрлерін білесіз?

г) Жеңіл автомобильдердің қандай түрлерін білесіз?

д) Сізге жеңіл автомобильдердің қай түрі ұнайды?

 

2. Мәтінге жоспар құрыңыз.

3. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

4. Мына сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіз.

Адам тасу, жүк тасу, көше сыпыру, өрт сөндіру, жүк тиеу, жүк түсіру, көшпелі жөндеу шеберханасы, жоғары сапалы, жүк автомобильдері, әмбебап автомобильдер.

 

5. Мына сөз тіркестерін, сөздерді пайдаланып хабарлы сөйлемдер құрастырыңыз.

Көлік автомобильдері, автобус, жеңіл өндірістік жұмыстар, жүріс жылдамдығына қарай, жүк автомобильдері.

 

 

6. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Әскери әуе күштерінде бензин тасығыш, автоцистерна, автостартер, қар күрегіш, автокран, сыпырғыш машина, прожекторлы және өрт сөндіру машиналары, компрессорлы машиналар және т. б. автомобильдер пайдаланылады. Әскери автомобильдердің бұлардан басқа штабтық санитарлық, авторефрижаторлар, экскаваторлар, орқазғыш сияқты 200-ден аса түрі бар. Қазіргі автомобильдерге орнатылатын қозғалтқыштардың негізгі түрі - іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш. Электр автомобильдері аккумулятор батареясымен жұмыс істейтін қозғалтқышпен жабдықталады. Мұндай автомобильдер қалада жеңіл және шағын көлемде жүк тасуға қолданылады. Жағатын жанармайының түріне қарай автомобильдер карбюраторлы, газ балонды, газ генераторлы және дизельді болып бөлінеді.

 

7. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

 

Жеңіл, ірі, жоғары, ашық, үлкен.

 

8. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

Жарыс, кісі, тұрмыс.

 

9. «Жұмыс» деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазып, сөйлем құраңыз.

 

10. Диаграмманы толтырыңыз.

 

 
 

 

 


№ 2 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. «Автомобильдің түрлері » тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.

4. Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

1. арнаулы, пайдалану, жарыс, қызметіне, автомобильдер, қарай, көлік, және, болып, бөлінеді, автомобильдері.

2. негізгісі, соның, көлік, ішіндегі ,- автомобильдері.

3 адам,олар ,және ,арналған, жүк, тасуға

4. мейлінше, күнгі ,бүгінгі ,жүк ,көлемдері ,таситын, кейбір, автомобильдің, үлкен.

 

3 - сабақ

Автомобиль жолы.

Атаулы, жақты, жақсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер

Автомобиль жолы

Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты болатын техникалық топтастыруға сәйкес автомобиль жолдары 5 категорияға бөлінеді. 1 категориялы автомобиль жолдарында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, 5 категориялы автомобиль жолдарында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолдары бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары болады. Біздің елімізде автомобиль жолдарының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыстық, жергілікті шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірімен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93% - ына асфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57% - ына асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90% - темір – құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақылы мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының жол қоры 5296439 мың теңге (1998). Қазақстанның басты даңғыл жолдары: Алматы – Астана – Қостанай, Алматы – Петропавл, Алматы – Талдықорған, Алматы – Шымкент, Қызылорда – Ақтөбе – Орал автомобиль жолдары. Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы Иранның, Түркияның, Пәкстанның теңіз порттарына шығатын халықаралық бағыттардағы автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары қабылданған.

 

Жаңа сөздер:

Қозғалыс – движение

Жиілік – частота

Топтастыру – классификация

Қызмет көрсету – сфера обслуживания

Табиғи ресурстар – природные ресурсы

Кешен – комплекс

Көпірлер – мосты

Алым – сбор

Халықаралық бағыттар – международные маршруты

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Автомобиль жолдары неше категорияға бөлінеді?

б) Елімізде автомобиль жолдарынның ұзындығын білесіз бе?

в) Қазақстанның басты даңғыл жолдарын атаңыз.

г) Көліктің қай түрін ұнатасыз?

д) Қазақстанның автомобиль жолдары туралы өзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

ж ) Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолымен жүріп көрдіңіз бе?

 

2. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін

жазыңыздар

3. Мәтінді әңгімелеңіз.

4. Сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Автомобиль жолы , автомобиль қозғалысы, қызмет көрсету ғимараттары, жол белгілері, экономикалық орталықтар, жол қоры, шаруашылық түрлері.

 

5. Сәйкестікті табыңыздар.

 

дороги автомобильные жоғары жылдамдықты

промышленные автомобиль жолдары

дороги автомобильные өнеркәсіптік автомобиль жолдары

кольцевые

дороги автомобильные айналмалы автомобиль жолары

 

для скоростного движения

дороги платные қара жолдар

дороги грунтные ақылы жолдар

 

 

6. Мына сөздерді,сөз тіркестерін пайдаланып, лепті сөйлемдер құрастырыңыз.

Жол, сапар, келу, қызмет көрсету,белгі.

 

7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстанға алғашқы автомобильдер 1910 жылы келді. 1921 жылдан бастап автомобиль тасымалы халық шаруашылығында маңызға ие бола бастады. 1926 жылы автомобильдер саны 129-ға жетті. 1930 жылдардың бас кезінде Қазақ өлкелік тұтыну одағы мен астық дайындау мекемелері жүйесінде автомобиль шаруашылығы құрылды. Бұдан кейінгі жылдары жылжымалы құрамның өнімділігін арттыруды, тасымалдың өзіндік құнын кемітуді, көлік шығындарын азайтуды қамтамасыз еткен көлік жүйесін ұйымдастырудың озат нышандарын игеру ісі қолға алынды.

 

8. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Көп, тәуелді, ұзын, ақылы

 

9. «Ел», «басты» сөздердің синонимдерін табыңыз.

10. «Жол» сөзімен бірнеше сөз тіркесін, сөйлемдер жазыңыз.

11. Диаграмманы толтырыңыз.

 

№ 3 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Темір жол көлігі

Қазақстандағы алғашқы темір жол Покровская Слабода – Орал арсында 1893 жылы салынған тар табанды жол еді. 1913 жылы жалпы темір жолдың ұзындығы 2018 шақырым болды. Орта Азия және Сібір арасындағы қатынастарды жақсарту үшін Түркістан – Сібір темір жолы салынды. Түркісіб арқылы алғашқы пойыздар 1931 жылы жүре бастады.

Түркісіб темір жолы Қазақстан экономикасының дамуына зор әсер етті.

Орта Азиядан жеміс, ет, мақта Сібірге, Сібірден көмір, астық Орта Азияға тасымалданды. Әсіресе кенді Алтайдың, Жоңғар Алатауының түсті металлургиясының дамуына көп пайдасын тигізді.Түркісіб бойындағы Шымкент, Жамбыл, Алматы, Семей қалалары үлкейіп өнеркәсіптері жедел дамыды. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін қосатын трансреспубликалық магистраль Петропавл- Астана- Қарағанды- Мойынты- Шу- Алматы орталық Қазақстан арқылы өтеді. Көптеген пайдалы қазба кен орындарын игеру үшін темір жол тармақтары салынды.

 

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

1. Қазақстанда алғашқы темір жол қашан салынды?

2. Орынбор- Ташкент темір жолы қай жылы салынды?

3. Түркісіб арқылы алғашқы пойыздар қашан жүре бастады?

4. Түркісіб темір жолы Қазақстан экономикасының дамуына әсер етті ме?

 

4 – сабақ

Автомобиль өнеркәсібі

Бастауыш

Автомобиль өнеркәсібі

Автомобиль өнеркәсібі - өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы. 1892 ж. Генри Форд (АҚШ) өзі жүретін автомобиль жасап шығарғаннан кейін көліктің осы түрін өнеркәсіптік тәсілмен шығару Еуропа елдерінде тез дамыды. Франция, Англия, Швеция, Италия, Германия, Ресейде автомобиль жасайтын арнаулы ірі кәсіпорындар көбейді. Автомобиль өнеркәсібін өркендетуде өндірістің желілік әдісін кеңінен қолдаған АҚШ алға шықты. 1900 ж. мұнда 4192 автомобиль жасалды. Францияда 1895 ж. құрылған «Рено», 1896 ж. құрылған «Пежо автомобиль» монополиялары аз уақыттың ішінде жылына екі мың автомобиль шығара алатын дәрежеге жетті. Автомобиль зауыттарында жүк және жолаушылар таситын автомобильдер, сұйық заттар (бензин, май, су, сүт т.б.) тасуға арналған автоцистерналар, автокүймелер (автофургондар), сусымалы және жабысқақ жүктерді таситын автоқотарғыштар, тіркемелер, жартылай тіркемелі сүйреткіштер, цемент, мал, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, тез бұзылатын жүктерді таситын рефрижераторлар, т.б. шығаратын болды. Автомобиль өндірісі бензин, керосин, металл, бояуларды көп талап еткендіктен мұнай, химия, металлургия өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты. 20 ғ-дың 30-жылдары бүкіл дүние жүзінде қаулай өркендеген автомобиль өнеркәсібі дүниежүзілік соғыстар тұсында қуатты әскери қару екенін танытты. Осыған орай ракета қондырғылары, радио, радиолакация станциялары, әскери жабдықтар орнатылған машиналар, ауыр ракеталарды, артиллерия жүйелерін, мина атқыштарды, ұшақтарды, арнайы тіркемелерді алып жүретін автомобильдер көптеп шығарылды. Автомобиль өнеркәсібін жасаған жанар - жағармай мен оттегін құятын арнаулы жабдықталған машиналар, жүк көтергіштер, штаб автобустары, жөндеу шеберханалары, химия әскерлерінің, инженерлердің, санитарлардың, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары әскери бөлімшелердің майданда маневр жасауына, жауынгерлік тапсырмаларды жедел орындауына қыруар көмек көрсетті. Автомобиль зауыттары шығарған ұшақтардың энергетика, гидравлика, пневматика және басқа да жүйелерін тексеретін, ұшақтарды жетекке алатын, ұшу - қону алаңын тазартатын арнаулы машиналар әскери авиацияның қуатты қарқынмен өркендеуіне жол ашты.

2-дүние жүзілік соғыстан кейін автомобиль өнеркәсібі зор қарқынмен дамып, өнеркәсіптің арнайы мамандырылған тиімді салаларының біріне айналды. Автомобиль өндірісімен түбегейлі айналысатын ғылыми -зерттеу және жобалау институттары технологиялық процестерді үздіксіз жетілдіру, энергетикалық және отын ресурстарын, шикізат пен материалдарды, енбек шығындарын үнемдеу арқылы халық шаруашылығының талаптарына сай жаңа тұрпатты автомобильдер шығаруды қолға алды. Өнімді жұмыс істейтін жабдықтар мен жетілдірілген өндіріс технологиясын қолданған автомобиль өнеркәсібі жанармайды үнемдейтін шағын литражды жеңіл автомобильдермен қатар жайлы автобустар өндірісін игерді. Қозғалтқыштың қуатын арттырып, отын шығынын кемітетін, жол талғамайтын, жүкті көп көтеретін автомобиль кәсіпорындары көбейді.

 

 

Жаңа сөздер:

өркендету – развивать, поднимать

дәреже - уровень

жабысқақ - липкий

қотару – перекачка, переливание

сүйреткіш - буксир

жаңа тұрпат – новая форма

шағын - малый

құрал - инструмент

 

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Автомобиль өнеркәсібі қай елдерде жақсы дамыған?

б) Автомобиль өнеркәсібі қандай өнеркәсіптердің өркендеуіне жол ашты?

в) Қазақстан автомобиль құралдарын қай елден алады?

 

2. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

3. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіздер

 

4. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Мамандандырылған сала, тез дамыды, кәсіпорындар көбейді, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, ауыр ракеталар, жөндеу шеберханалары, жүк көтергіштер, көмек көрсету, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары, соңғы кезеңде, зор қарқынмен, еңбек шығындарын үнемдеу, өндірістік технология, автомобиль құралдары.

5. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Алғашқы автомобиль жарысы 1894 жылы Парижде өтті. 1904 жылы құрылған халықаралық автомобиль федерациясына 97 ел мүше болды (1992ж.). Автомобиль спорты бойынша 1925 жылдан бері әлем біріншілігі, 1935 жылдан бастап Еуропа біріншілігі өткізіліп келеді. Қазақстанда автомобиль спорты 1970 жылдан қалыптаса бастады. Елімізде алғашқы чемпионат 1978 жылы өткізілді. Құрама команданың алғашқы жаттықтырушысы Ю. Милащенко болды. Қазақстан спортшылары дүниежүзілік жарыстарға 1989 жылдан бастап қатынасты. 1992 жылы Қазақстан республикасының автомотоспорт федерациясы құрылып, Халықаралық автомобиль федерациясына мүше болып енді.

 

 

6. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

Автомобиль өнеркәсібін өркендетуге әсіресе, АҚШ , Англия, Германия, Франция, Италия, Жапония автомобиль монополиялары зор үлес қосты. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында ғана 3 Американ, 7 Батыс Еуропалық автомобиль монополиясына дүниежүзілік автомобиль өндірісінің 80% үлесі келді. Осы тұсқа «Дженерал Моторс» (General Motors), «Форд Мотор» (Ford Moto) және «Крайслер» (Chrysler) компаниялары дүние жүзінде шығарылатын бүкіл автомобильдердің 90%-нан астамын қолдарына алды.

 

7. Қуатты, тапсырма, дәреже сөздерінің синонимдерін табыңыз.

8. Ұшу, сұйық, жеңіл сөздерінің антонимдерін табыңыз.

9. «Өнеркәсіп» сөзімен тіркескен бірнеше сөз тіркестерін жазыңыз.

10. Мына сөздердегі сәйкестікті табыңыз .

автомобиль моечный- автотіркегіш

автомобиль-снегочиститель – қар тазартқыш көлік

автогрузчик – жуғыш автомобиль

автомобиль специализированный – автомобиль өнеркәсібі

автомобильная промышленность – арнаулы автомобиль

автосцепка – автотүсіргіш

автосамосвал – автотиеуіш

 

№ 4 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Доңғалықты машина, шынжыр табанды машина, ауыл шаруашылығ







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.