Здавалка
Главная | Обратная связь

Тракторлар модификациясы



Класы 6 кН тракторлрының негізгі базалық базалық маркасының бәрі Т- 25 А Владимировск трактор заводыннан 1973 жылдан бері шығарылады. Бұл универсалды- қатараралық трактор және жеміс өсіруге, шөп жинауға , мал фермалары мен транспорт жұмыстарын атқаруға арналған (двигателі ауамен салқындатылады). Металдан жасалған кабинамен гидрофикацияланған тірегіш ілгекпен, дифференнциалды біріктіретін механизммен жабдықталған. Осыған қосымша реверсті (жылдамдық бағытын өзгерткіш) механизм қойылған. Жұмыс түріне қарай трактордың екі доңғалағы арасындағы ара қашықтығын, жолдық саңылауын жәнне базасын өзгертетін қондырғы бар.

Осы кластағы трактордың мынадай модификациялары шығарылады. Маркасы Т- 16 М өздігінен жүретін шассилі Т- 16 ММЧ шай плантациясы жұмыстарына арналған. Т- 25 МГ – тауда жүретін шассилі.

Класы 3 кН тракторларының негізгі базалық моделі Т- 40 М, Липецк трактор заводынан 1973 эжылдан бері шығарылып келеді. Қатар аралығы өңделетін өсімдіктерді өсіру мен жинау жұмыстарына, мал фермаларында және транспортта пайдалануға арналған трактор. Двигателі ауамен салқындатылады және көптеген бөлшектері Т- 25 А тракторының двгатетеліндей.Трактордың руліне гидраликалық күшейткіш қойылған және гидрфикацияланған тіркеу ілгегімен жабдықталған. Бульдозермен, шұңқыр қазғышпен және әр түрлі тиегіштермен жұмыс істей алады.

14 кН кластыы тракторлардың екі түрлі базалық моделі бар. Біріншісі- МТЗ- 80, 1974 жылдан бері Минск трактор заводынан шшығады. Бұл трактор бұрын шығарылған МТЗ – 50 тракторының өте жақсартылған моделі. Көптеген эксплутациялық көрсеткіштері жөнінен МТЗ – 80 тракторы шетелдердің ең таңдаулы тракторларымен сәйкес келеді. Оның бір өзі 20 түрлі машинамен жұмыс істей алатындығының өзі- ақ трактордың артықшылығын дәлелдейді.

 

 

Жаңа сөздер:

Ілгек – петля, зацепка

Шұнқыр – яма

Тиегіш машина - загрузочная, погрузочная машина

Үйкеліс – трение

Күріш өсіру – выращивать рис

Салқындату- охлождать

Өтімділік – ликвидность, окупаемость

Өтімді – влиятельный, ходовой

Жеміс өсіру - выращивать фрукты

 

1.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар

2. Мәтінге 5 сұрақ қойыңыздар.

3. Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар

Негізгі базалық маркасы, шөп жинауға арналған, жеміс өсіруге, транспорт жұмыстарын атқаруға арналған, металдан жасалған, жұмыс түріне қарай, төмендегідей айырмашылық, көрсетілген өзгеріс, мақта өсіру жұмыстары,трактор зауыты, әртүрлі тиегіштер

 

4. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Бәрі, қондырғы, айырмашылық, өте берік, өсімдіктерді өсіру. жоғары, төмен, өзгеріс, пайдалану, жабдықталу, бұрын, барлық, ең таңдаулы, артықшылығын дәлелдеу

 

5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Механикалық беріліс қораптары осындай беріліс сандарын екі түрлі өзгерту мүмкін. Біріншісі — сатылы мәнге, ал екіншісі беріліс санының кез-келген мәніне өзгерте алады. Сондықтанда автомобильдің трансмиссиясы сатылы немесе сатысыз болып екі түрге бөлінеді. Эксплуатациялық тиімділігі жағынан сатысыз трансмиссия өте тиімді, бірақ ол үшін қол-данылатын әртүрлі механикалық берілістердің қүры-лыстары мен жүмыстары әлі жеткіліксіз дәрежеде болғандықтан, бүгінгі таңда автомобильдердің беріліс қорабы тек сатылы етіліп жасалады. Ол үшін көбінесе тісті берілістерді қолданады

 

6. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар

Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Автомобильдің аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға айналдырады да, сол химиялық энергияны жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі.

Әрбір аккумулятор бөлек ыдысқа жасалады. Ыдыстың ішіне күкірт қышқылының ерітіндісі құйылады. Ерітіндіге оң және сол зарядты пластиналарды бір пакетке жинайды да, олардың аралықтарын ажыратып тұратын сеператорлар қойылады.

 

№ 8 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар

2. Сөздіктегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Жылу двигательдері, электр энергиясы, арнайы барабан, иілгіш кабель, ток көзі, ток қабылдағыш, аккумулятор батареяларының қуаты, жанармайдың химиялық энергиясы, механикалық қуат

 

4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Тракторлар мен автомобильдердің қозғалтқыштарының үлгілеріне қарай жіктелуі

Қозғалтқыштарының үлгілеріне қарай тракторлар мен автомобильдер екі топқа: электродвигательді тракторлар мен автомбильдерге және жылу қозғалқыштары бар тракторлар мен автомобильдерге жіктеледі.

Электр қозғалқыштары бар тракторлар мен автомобильдер .

Электр энергиясы трактордың қозғалтқышына тракторға орнатылған арнайы барабанға оратылған иілгіш кабельдің көмегі арқылы ток көзімен беріледі.

Ал автомобильдердің электр қозғалтқышы токты ток қабылдағыштардың( тролейбустарда) көмегі арқылы аспалы жүйеден немесе экипаждағы аккумулятор батареяларының қуатынан ала алады.

Жылу қозғалтқыштары бар тракторлар мен автомобильдер. Жылу қозғалтқыштарында жанармайдың химиялық энергиясы алдымен жылу, бұдан кейін механикалық қуатқа айналдырылады.

 

5. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

 

9- сабақ

Тырмалар

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 

Тырмалар

Тырмалар жыртылған жердегі кесек шымдарды ұсақтауға және жер бетін қопсытуға арналады. Сол сияқты тырмалармен айдалған жердің бетін қопсытып, ондағы ылғалды сақтайды. Жаңа өніп келе жатқан арамшөптерді құртады, егістікті қураған өсімдік қалдықтарынан тазартады.

Тырмаланған жер мынадай талаптарға сай болуы тиіс: а) топырақ ұсақ түйіршіктеніп , 3-4 см тереңдікке дейін қопсытылады ; б) кесек топырақтар 3 см шамасынан аспайтындай дәрежеде ұсақталады; в) топырақ бетіндегі қабыршықтар мен арам шөптер жойылады; г) жырту кезінде пайда болған жалдар тегістеледі; д) күздік дақылдар мен көп жылдық шөптерді тырмалаған кезде мәдени өсімдіктердің зақымдануы 5 пайыздан аспайды;

Тырмалар тісті, серіппелі және дискалы болып , ал салмағына байланысты жеңіл, орташа және ауыр тырмалар болып бөлінеді . Егер бір тіске түсетін салмақ 1 кгк дейін болса, жеңіл, 1-2 кгк болса – орташа , 1-2 кгк шамасынан көп болса – ауыр тырмаларға жатады.

Тісті тырмалардағы әр тіс өзінше із қалдырады және әрбір іздің ара қашықтығы бірдей болады: тістер құрылысы жағынан үш түрлі болады: көлденең қимасы дөңгелек, төрт қырлы және сопайтылған. Дөңгелек тістер топыраққа дөңес жанымен жанасады да оларды мыжып, кесектерді бір бірімен үйкелеп араластырады. Сондықтан мұндай тісті тырмаларды бұрыннан пайдаланып жүрген жерлерді өңдеуге және тыңайтқышпен топырақты араластыру үшін қолданады. Төрт қырлы тістер жүріс бағытына бір қырмен бағытталғанда ғана тиімді болады. Олардың ұшы көлбеу кесілген де бір шеті өткірленген. Егер өткір ұшты қыры алға қараса, өңдеу тереңдігі артады, артқа қараса азаяды. Сопақ тістер пышақ қызметін атқарады және олар шымды топырақтарды тілгілеп ұсатады. Серіппелі тістер торлы тырмаларда қолданылады. Олармен күздік егісті, көпжылдық шөптерді тырмалайды. Тістердің құрылыстары да тырма түрлеріне қарай әртүрлі болады.

 

 

Жаңа сөздер:

тырма - плуг

ылғал – влажность

арамшөп –сорняки

құрылысы - структура

өңдеу - обработка

өткір – острый, резкий

серпілмелі - упругий, пружинистый

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Тырмалар не үшін қажет?

б) Тырмаланған жер қандай талаптарға сай болуы тиіс?

в) Тырмалардың қандай түрлерін білесіз?

д) Тісті тырмалар қандай қызмет атқарады?

 

2. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар

3. Мәтіннен пысықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

 

4. Мына сөздердің , сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Тиімді, сопақ тістер, өңдеу тереңдігі, төрт қырлы, серіппелі тістер, тырма түрлері, дөңгелек тістер, торлы тырмалар, жер бетін тегістеу, топыпақтарды қопсыту, үлкен кедергі.

 

5. Мына сөздермен , сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Жер беті, өсімдік, арамшөп, топырақ, орташа тырма, тыңайтқыш, қүздік егіс, көпжылдық шөптер, тістердің құрылысы, тиімді болу, жерді өңдеу

 

6. Мына сөздердің антонимдерін жазыңыздар

Жаңа, ұсақ, жеңіл, жақын

 

 

7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Серіппелі тырма БП-12 топырақты 6-8 см тереңдікте қопсытуға, арамшөптерді жоюға және себер алдында топырақты өңдеуге арналған. Бұл тырманың тісті тырмалардан айырмашылығы тістері иілген серіппе тәрізді етіп жасалған. Ондай тістер топыраққа жақсы кіреді. Үлкен кедергі кездескенде тіс иіледі, сынбай өтіп кетеді

 

8. Сөйлемдерді көшіріп жазып, пысықтауыштарды түрлеріне қарай ажыратыңыз.

1. Тырма салмағын көбейту үшін арнаулы ыдысқа жүк толтырады. 2. Торлы тырмаларды қант қызылшасы мен жүгерінің қатар аралығын сирету үшін де қолданады . 3. Қыртысты өңдеулер тұқым себу алдында немесе тұқым себілгеннен кейін өсімдік қатар аралығын баптау үшін қолданылады. 4. Мұндай шаң-тозаңдар желдің әсерімен ұшып немесе сумен шайылып ағып кетеді.

 

 

9. Мақал-мәтелдерден пысықтауыштарды табыңыз, мәнін түсіндіріңіз.

 

1. Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес. 2. Еңбек етсең - емерсің, ерінбесең – жеңерсің. 3. Еңбек қылмай ер оңбас, бірлік қылмай ел оңбас. 4. Жылай – жылай арық қазсаң, күле – күле су ішерсің.

 

10. Мына сөздерді, сөз тіркестерін қаақ тіліне аударыңыз.

Колесо направляющее, силосопогрузчик, силосоркезка, техника безопасности, шлейф борона, шнек, шланг, вал ведомый, вал отбора мощности, давление гусениц, давление колеса машин, культиватор навесной, культиватор прицепной, ось.

 

№ 9 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құраңыздар.

3. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер

Төрт бөлікке бөлу, бірқатар механизмдер, жанармайдың химиялық энергиясы, кривошипті- шатунды механизмнің күші, механикалық энергияға ұшырау, қондырғылар тобы, сигнализация беретін жүйелер

 

4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар

Тракторлардың негізгі бөліктері

 

Трактордың поршеньді іштен жану қозғалтқышы, негізінен төрт бөлікке бөлуге болатын бірқатар механизмдерден: двигательден, күш беретін механизмдерден, жүріс бөліктерінен және жұмысшы жабдықтарынан тұрады.

Қозғалтқыш жанармайдың химиялық энергиясын цилиндрде тұтандырып алдымен оны жылу энергиясына, бұдан кейін кривошипті- шатунды механизмнің күшімен қозғалтқыштың білігі арқылы күш беретін механикалық энергияға айналдырады.

Трактордың күш берілісі қозғалтқыштың білігінен жетекші доңғалаққа немесе шынжыр табандардың жетекші қырықаяқтарына( жұлдызшы ларына) айналыс қозғалысын беретін механизмдер тобынан тұрады.

Трактордың жүріс бөлігі – бұл жетекші және бағыттаушы доңғалақтың

немесе шыжыр табанның(оларды басқаратын барлық механизмдерді қоса алғандағы) механизмдері мен қондырғыларының тобы.

 

5. Мәтінге сұрақ қойыңыздар

 

 

10-сабақ

Құрмалас сөйлемдер. Салалас құрмалас сөйлемдер. Қарсылықты, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер

Картоп отырғызатын машиналар.

 

Картоп отырғызатын машиналар

Картопты екі түрлі әдіспен: шаршы –ұялап және бір - бірлеп отырғызады. Ол екі әдіске байланысты отырғызғыштардың да жұмыс технологиясы әртүрлі болады. Қазіргі өндірістен шығатын картоп отырғызғыштар картоптың қатар аралығын 60,70 және 90 см етіп отырғызады

Машинаның негізгі жұмысшы мүшесі – отырғызғыш аппарат. Ол шынжырлы беріліс арқылы қозғалысты трактордың қуат бөлігінен алады. Әр қатарда бір-бір отырғызғыш аппарат орналасады. Ол білікке қозғалмайтын етіп орналасқан дискіден тұрады. Сол дискінің бетіне қысқыштары бар шөміштер бекітілген. Қысқыштардың бір ұшы шөміштегі тесікке кіріп тұрады, ал екінші ұшы иілген.Серіппе қысқышты шөмішке қарай үнемі итеріп тұрады. Дискінің төменгі жағында лекало бар. Ол қозғалмайтын етіп рамаға бекітілген. Дискі айналып, төменгі қалыпқа келгенде, қысқыштың иілген басы осы лекалоға тіреледі де серіппені қысып, қысқышты шөміштен алыстатады. Сол шөміш пен қысқыш ашылған қалпында қоректендіргіштегі картопқа келеді. Шөміш картопты аралап өткендіктен оған картоп түйнегі ілінеді. Шөміш картоп арасынан шығар кезде қысқыш лекалодан шығады да серіпенің күшімен ілінген картоп түйнегін шөмішке қарай қысып ұстап тұрады. Диск әрі қарай айналып төменгі қалпына келгенде, яғни сошник үстіне кергенде, қысқыш лекаломен кездеседі де картопты босатып жібереді. Ол картоп сошникке түседі. Қысқыш сол ашылған күйінде қоректендіргіштегі картопқа қайтып келеді де жоғарыда баяндалған процесс осылайша қайталана береді.

 

Жаңа сөздер:

шанақ – бункер

қозғалту - двигать, передвигать

сіліккіш машина – вытряхивающая машина

қоректендіргіш - питательный

шөміш – ковш

қысқыш – щипцы

түп көмуші қопсытқыш – культиватор - окучник

беріліс механизмдері – передаточный механизм

шынжырлы беріліс – цепная передача

картоп отырғызғыш – картофелесажалка

Шатун – шатун, әздек (техн.)

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Картопты қалай отырғызады?

б) Картоп отығызғыш қандай бөліктерден тұрады?

в) Отырғызғыш аппараттың қызметі туралы айтып беріңіз

 

2. Мәтінге жоспар құрыңыз

3. Мәтіннен анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз

 

4. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Картоп отырғызатын машиналар, трактордың қуат білігі, серіппе, төменгі, қазіргі өндіріс, тыңайтқыш себетін аппарат, қоректендіргіш, шөміштер бекітілген,

 

5. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Отырғызылған картопты көмудің екі түрі бар. Ылғалды аудандарда оны жал етіп, ал құрғақ аудандарда тегіс етіп көмеді. Соған байланысты көмгіш мүшелер де өзгереді. Жал етіп жасырған кезде тек дискіні ғана тіркейді, ал тегістеп көмген кезде дискі артына ұзын тіс тырма тіркеледі. Барлық қозғалатын бөліктер қолдан жеңіл қозғалуы тиіс (М. А).

 

 

6. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

 

Әдіс, әртүрлі, қозғалу, қысқыш, картопты аралау, картоп отырғызу, қоректендіргіш, негізгі бөлік, трактор, әр қатар, шығу, босатып жіберу, жұмыс сапасы, жұмыс кезі.

 

7.«Жұмыс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз

8. Көп нүктенің орнына қажетті анықтауштарды қойыңыз.

 

Егер жеке түйнек салмағы 70 грамынан ….. болса, оларды ортасынан бөліп жарады. …..дискінің бетіне қысқыштары бар шөміштер бекітілген. ….. машина сатып алынды. Картоптың … түрлерін таңдау керек

 

Қажетті сөздер: картоп отырғызатын, жақсы, сол, ауыр.

 

 

9. Мақал-мәтелдерден анықтауыштарды тауып, мәнін түсіндіріңіз.

1. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ. 2. Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады. 3. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер. 4. Ақ көп болса, ақ нан көп. 5. Ердің атын еңбек шығарар.

 

10. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

 

Машина дождевальная, машина кормораздаточная, машина лесопосадочная, машина хлопкоуборочная, техническое диагностирование, техническое обслуживание, дизельное топливо, жидкое топливо, мазутное топливо, трактор гусеничный, трактор колесный, механизация сельского хозяйства, корчевальная машина.

 

№ 10 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Мына сөздерді , сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Қызмет, газ қысымы, жоғарғы басы, май жіберетін ойықтар, иінді білік, газ қысымының күші

 

4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

 

Шатундар

 

Шатун поршень мен иінді білікті жалғастыру қызметін атқарады. Шатун кривошипті- шатунда пайда болған поршеньнен туындайтын газ қысымының күшін қабылдайды. Шатун әдетте болаттан құйылады.

Шатунды жоғарғы басына, стерженіне және төменгі басына қарап ажыратады: Егер шатунның саусағы қалқымалы үлгіде немесе поршень бобышкасына бекітілген болса, онда шатунның жоғарғы басына саусақтың үстін майлауға арналған ойығы бар бронзалы втулка кигізіледі. Шатун стерженінің денесінде көптеген детальдардың жоғарғы басына май жіберетін ойықтар бар.

Иінді біліктің мойнағымен жалғастырылатын төменгі басы алмалы- салмалы етіп жасалады. Төменгі басына шатун подшипнигінің сынасы (вкладыш) орналастырылады. Төменгі басының қақпағы шатунға екі шатундық болттың (әр жағынан бір – бірден) көмегімен бекітіледі.

 

5. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

 

 

11- сабақ

Себеп, түсіндірмелі салалас сөйлемдер.

Көшет отырғызатын машиналар.

 

Көшет отырғызатын машиналар

Көшет отырғызатын машиналар ыдыста және ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті қатарлап немесе шаршы – ұялап отырғызуға болады.

Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі – трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі – трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер .

Отырғызатын бөлікке рама, отырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады.

 

Сөздік

арықша – канава

қосымша бөліктер – дополнительные части

жүгері – кукуруза

тірек дөңгелектері– опорные круги

текше – куб

 

 

1. Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз.

2. Мәтіннен толықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

3. Мәтіннің мамұнын айтыңыз.

 

4. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Ыдыста өсірілген, ыдыссыз өсірілген, қатарлап отырғызу, шаршы-ұялап отырғыу, өлшегіш сым, сұйық тыңайтқыш, көшеттің айналасы, осы жұмыс, қондырғыдан тұрады, көшет салынған жәшік,дайындық жұмыстары.

 

5. Мына сөздермен ,сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз .

Бөлік, әдіс, көшет, көшет сабағы, басқарушы, дайындық жұмысы, орындық, соңғы, тәуелді.

 

6. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Агрегат қозғалған кезде отырғызғыш дискілер айнала бастайды. Оған айналыс екі түрлі әдіспен беріледі. Егер көшетті қатарлап отырғызатын болса, онда айналысты тірек дөңгелектерінен алады, ал шаршы – ұялап отырғызатын жағдайда, отырғызғыш дискіні өлшегіш сым қозғалысқа келтіреді.

 

 

7. Сөйлемдерден толықтауышты тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

 

Картопты отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады. Жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы шарт.

Минералдық тыңайтқыштар өндірісте шығарылады. Олар майда ұн түрінде немесе түйіршіктер түрінде дайындалады. Минералдық тыңайтқыштың жергілікті жерде дайындалатын түрі де болады (М.А.)

 

8. Көп нүктенің орнына тиісті толықтауыштарды қойыңыз.

Топырақты өңдеу алдында … жер бетіне біркелкі етіп шашады. Зиянкестер …. алуан түрлі ауруларға шалдықтырып, олардың түсімін төмендетеді. … себер алдында химиялық өңдеуден өткізеді. Бұл машиналар тұқымды құрғақтай немесе еріген улы зат ….. айналады.

Қажеті сөздер: тұқымды, заттармен, буға, өсімдікті, тыңайтқышты .

 

9. «Тыңайтқыш» сөзімен тіркесетін сөздерді жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз

10. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Машина для внесения удобрений, машина для вязки соломы, машина для копки свеклы, машина для лесокультурных работ, машина для междурядной обработки, машина для очистки зерна, машина для прореживания всходов, машина для сортировки.

 

№ 11 СӨЖ тапсырмалары:

1.Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Мына сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламаларын беріңіздер.

 

Ауыр шойын, маховик тағандары, иінді білікті, жанармай, белгілі бір жағдайлар, орналастыру, от алдырғыш, қызмет ету, белгі соғу, ілініс муфтасы

 

4. Мәтінді оқып, мазмұныын айтыңыздар.

Беріліс корабы

Автомобильдердің беріліс қорабы қозғалтқыштардың айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп беруге арналған. Оның үстіне, автомобильдің жүріс жағдайына байланысты сол моменттін әртүрлі мән-дерге өзгерту кажет болады. Автомобильдің жүруіне кедергі көбейген кезде, жүріс жыддамдығын азайтып, соның есесінен тарту күшін арттырады, ал керісінше болғанда жүріс жылдамдығын арттырады. Осыған қосымша, автомобиль артқа жүруі үшін, жетекші дөңгелектің айналу бағытын да осы беріліс қорабы іске асырады.

Осындай жүмыстарды іске асыру үшін, беріліс қорабының жүмыс принципі әртүрлі болуы мүмкін. Солардың ішіндегі автомобильдерде көп қолданылатын түрі — ол механикалық беріліс қорабы. Ондай механикалық беріліс қорабы механикалық тораптардан құралады. Сондай тораптар беріліс санын өзгерту арқылы айналдыру моментін өзгертеді. Беріліс саны дегеніміз жетектелуші бөлшектердің айналыс жиілігінің жетектелуші біліктің айналыс жиілігіне қатынасы болады. Яғни беріліс корабынын беріліс саны оның жетекші (бірінші) білігінің жетектелуші (екінші) білігінін айналыс жиіліктерінің қатынасы болады.

Механикалық беріліс қораптары осындай беріліс сандарын екі түрлі өзгертуі мүмкін. Біріншісі — сатылы мәнге, ал екіншісі беріліс санының кез-келген мәніне өзгерте алады. Сондықтанда автомобильдің трансмиссиясы сатылы немесе сатысыз болып екі түрге бөлінеді. Эксплуатациялық тиімділігі жағынан сатысыз трансмиссия өте тиімді, бірақ ол үшін қолданылатын әртүрлі механикалық берілістердің қүры-лыстары мен жүмыстары әлі жеткіліксіз дәрежеде болғандықтан, бүгінгі таңда автомобильдер беріліс қорабы тек сатылы етіліп жасалады. Ол үшін көбінесе тісті берілістерді қолданады.

 

 

5. Мәтінге сұрақ қойыңыздар

 

12- сабақ.

Кезектес, талғаулы салалас сөйлемдер

Сүрлем дайындайтын комбайндар.

Сүрлем дайындайтын машиналар

Жүгері жинауды бірнеше технологиялық әдіспен жүргізеді. Ол әдіс жүгерінің немене үшін пайдаланатындығына байланысты. Егер жүгері мал азығы үшін жиналатын болса, онда көк кезінде сүрлем комбайнмен орылып, сабағы мен собығын тұтас ұсақтап турайды да сүрлемге салады.

Жүгеріні дән үшін жинаған кезде толық піскеннен кейін жүгері комбайнымен жинайды. Комбайн жүгері сабақтарын сүрлемге турап, собықтарын бөліп алады да сыртындағы орамдарынан тазартады. Тазаланған собықтарды арнаулы молотилкаларда бастырып дән алады. Жүгеріні дән үшін жинаған кезде астық комбайндарын да қолдануға болады. Ол үшін комбайнға арнаулы жүгері жинайтын қондырғы орнатылады. Ондай қондырғымен жабдықталған комбайндар собықты бөліп, дәнге бастырып бірден тазалап шығарады.

Сүрлем дайындауға байланысты технологиялық жұмыстарды сүрлем комбайндары атқарады. Олар жиналатын дақылдың сабақтарын орады, турайды және ұсақталған массаны көлікке тиейді. Осы сүрлем комбайндарының КС-2,6; КСГ-3,2; КС-1,8 сияқты маркалары және арнаулы жүгері жинайтын қондырғымен жабдықталған астық комбайндары қолданылады.

КС-2,6 әртүрлі әдіспен себілген жүгеріні, күнбағарды және басқа сүрлемдік дақылдарды жинауға арналған. Бұл комбайнмен биіктігі 4 м және диаметрі 40 мм сабақтары бар дақылдар сүрлемге туралады. Комбайнның алым кеңдігі 2,6 м «Беларусь» және ДТ-75 тракторлармен агрегатталады.

Комбайн жаткадан, қалбағайдан, турағыш аппараттан, сүрлем тасығыш пен тиегіш транспортерден құралған. Комбайнның қалбағайдан басқа жұмысшы мүшелері трактордың қуат білігінен қозғалысқа келтіріледі, ал қалбағай қозғалысты жүріс дөңгелегінен алады. Жұмысшы мүшелері жүріс бөлігі бар рамаға бекітіледі. Жатка мен қалбағай рамаға топсалы орнатылғандықтан жұмыс кезінде жер бедеріне икемделіп жүреді. Ол үшін жатка сырғымамен және теңестірілгіш механизммен жабдықталған.

 

Жаңа сөздер:

Дестелегіш - жатка

Сүрлем - силос

Қалбағай - мотовило

Топса – петля, шарнир

Сырғу – скольжение, скользить

Теңестіру – равнять, выравниваться

 

 

1.Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2. Мәтінге жоспар құрыңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

4. Сөздікті пайдаланып мына сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Силосная культура, силосные и сенажные хранилища, силосопогрузчик, силосорезка, силосотрамбовщик, силосоуборочный комбайн, скребновый транспортер, стогометатель, уборка однофазная, уборка раздельная.

 

5. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

 

Тыңайтқыш дайындайтын машиналармен әртүрлі тынайтқыштарды қосып араластыруға, бірігіп қатып қалған тыңайтқыштарды ұсақтауға және жергілікті жерде дайындалған тыңайтқыштарды ұсақтап, електеп өткізуге болады.

Өсімдікті қоректендіру үшін тыңайтқышты қолданудың үш түрлі тәсілі бар: негізгі қоректендіру, дер кезінде және кейіннен қоректендіру. Негізгі қоректендіру үшін тыңайтқыштар топырақ өндеу алдында жер бетіне біркелкі шашылады, бұдан кейін топырақ өңделеді. Дер кезінде қоректендіру үшін тыңайтқыштар тұқыммен бірге шашылады. Ал кейбір өсімдіктер өзінің өсуі кезінде әр түрлі элементтерді өте қажет етеді. Егіске сол элементтері бар тыңайтқыштар шашылады. Мұны кейіннен қоректендіру деп атайды.

 

 

6. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Жүгері, жұмысшы, тазалау, әдіс, мал азығы, технологиялық жұмыстар, ұсақтау, жер бедері, жүгері жинау, жиналыс.

 

7. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табыңыз.

Олар жиналған дақылдардың сабақтарын орайды, турайды және ұсақтайды. Пішенді ұсақтап турайды, кептіреді. Шөп жинау технологиясының кемшіліктері де, жетістіктері де бар.

 

8. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

 

Желдеткіш, шынжыр, дән, көлік, ұсақтағыш аппарат, құбыр арқылы, астық комбайндары, тазалағыш аппарат, жеңіл заттар, сұйық заттар, ауа ағыны.

 

9. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Бастау, биік, төменгі, алды, ілгері, үлкен, азайту.

 

10. «Әдіс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.

№ 12 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктіге сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

 

Жанармай беру жүйесі, сұйық отын, жану камерасы, жанармай қоспалары, жекелеген приборлар, тұндырма сүзгі арқылы, айдағыш помпы, жанармай насосы, қажетті мөлшер

 

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Дизельдің жанармай беру жүйесі

Дизельдің жанармай беру жүйесі сұйық отынды және ауаны двигатель цилиндрлерінің жану камерасына беруге онда жанармай қоспаларын дайындауға қызмет ететін жекелеген приборлар мен қондырғалардан тұрады. Жанармай бактан тұндырма сүзгі арқылы айдағыш помпыға беріледі. Ол жанармайды күрделі тазартудан өткізетін сүзгілерге өткізеді. Сүзгілерден жанармай жанармай насосына беріледі де қысымы жоғары жанармай түтікшелері арқылы жанармайды цилиндрлердің жану камерасына бүркетінфорсункаларға айдайды.

Айдағыш помпы жанармайды жанармай насосына қажетті мөлшерде беріп тұрады. Ал келіп түсетін ауаны шаң- тозаңдардан ауа тазартқыш тазартады.

 

 

13 - сабақ

Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Шартты, мақсат, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалс сөйлемдер

Картоп жинау әдістері.

Картоп жинау әдістері

Картоп жинау технологиясы негізінен мынадай болады: картоп сабақтарын үзу, картоп түйнектерін қазып алу, оларды қоспалардан тазартып, көлікке тиеу және түйнек шамасы бойынша сорттау. Осы жұмыстарды машиналар жеке-жеке немесе бірнешеуін бірден атқаруы мүмкін. Сол машиналарды қолдануға байланысты картоп жинау технологиясы да өзгереді.

Картопты бір фазды немесе екі фазды әдіспен жинайды. Бір фазды әдісте картопты сабағымен бірге қазып алады, содан кейін түйнектерді топырақтан және сабақтардан тазартады. Бұл әдіс бойынша сабағы онша дамымаған картопты жинайды. Ал сабағы ірі картопты жинау үшін екі фазды әдіс қолданылады. Бұл кезде түйнекті қазып алу алдында арнаулы сабақ жинайтын машинамен сабақты жинап алады. Бұдан кейін ғана картоп түйнектерін қазып алып, оны басқа қоспалардан тазартады. Бұл жұмысты картоп қазатын машиналармен немесе картоп жинайтын комбайндармен атқарады.

Картоп түйнектерінің өзін жинаудың бірнеше тәсілдері бар. Олар: ағынды әдіс, бөліктеп жинау әдісі және құрамалы әдістер. Ағынды әдіспен жинау картоп комбайндарымен жүргізіледі. Комбайн картоп жинау технолгиясына қатысты жұмыстардың бәрін (сорттау жұмыстарынан басқасын) бір өзі атқарады. Ал сорттау жұмыстары арнайы пункттерде жүргізіледі. Бөлектеп жинау әдісі кезінде жұмыс картоп қазғыш немесе картоп қазып дестеге салғыш машиналармен жүргізіледі. Дестеге салынған картоп түйнектері 3 - 4 сағат жатып дегдігеннен кейін жинап алынады. Картоп қазғыштармен қазылған картоптарды комбайндармен жинайды. Оны картоп жинаудың құрамалы әдісі деп атайды

 

 

Жаңа сөздер:

Ағынды – быстротечный, проточный

Құрама – сборный

Қоспа –примесь, смесь, сплав

Картоп қазғыш – картофелекопатель

Қолдану – применять

Сабақ – ботва, стебель

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

а) Картоп жинаудың қандай технологиясын білесіз?

б) Картоп жинайтын машиналардың қандай түрін білесіз ?

в) Қазақстанда картоп қай облыстарда өсіріледі?

 

2. Мәтіннің мазмұнын айту үшін жоспар құрыңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

4. Мына сөздер мен сөз тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Арнаулы, картоп түйнектерін қазып алу, картоп жинау технологиясы, қолмен жинау, сабақ жинайтын машиналар, көлікке тиеу, қоспалардан тазарту.

 

5. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Картоп жинайтын машиналарды негізінен мынадай түрлерге бөледі: сабақ жинағыш машиналар, картоп қазғыш машиналар, картоп қазып дестеге салғыш машиналар, картоп жинайтын комбайндар және картоп сорттағыш машиналар.

Картоп қазғыш машиналарды жұмыс технологиясына қарай екі түрге бөледі. Олардың біріншісі картопты қазып жер бетіне шашып тастайды, соңынан оны қолмен жинайды. Машинаның екінші түрі картопты қазып, 4-6 қатарын дестелеп бір жерге үйеді, соңынан ол дестелерді картоп комбайндарымен жиыстырады. Картоп қазғыш машиналар көлемі шағын ғана картоп егісін жинауға арналған.

 

6. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Арқылы, түр, топырақ, жұмыс кезі, жер беті, картоп түйнектері, картоп егу.

 

 

7. Мына сөздерден сәйкестікті табыңыз.

Картофелеводство – картоп жинаушы комбайн

Картофелекопатель – картоп өсіру

Картофелепогрузчик – картоп жинаушы

Картофелеподборщик – картоп тиеуіш

Картофелесажалка – картоп сорттаушы

Картофелесортировка – картоп отырғызғыш

Картофелеуборочный комбайн – картоп қазғыш

 

8. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Картофелеуборочная машина, картофелехранилище, картофельная совка, растение однолетнее, растение озимое, растение травянистое, растение яровое.

 

9. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Қысқа, жеңіл, кейін, азайту, ылғалды.

 

10. Құрмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Фитофтороз – картоп ауруы. Ауру белгілері алғаш жапырақ ұштарында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кеселдің дамуына жағдай қолайлы болса, картоп жапырақтары тез қурап кетеді. Фитофтороз картоптың түйнектерін де залалдайды. Онда ішке қарай тереңдей беретін қоңырқай дақтар пайда болады да, түйнектер сақтау кезінде толығымен немесе жартылай шіриді. Ауру қатты шарпыған жағдайда өсімдікте фотосинтез процесінің екпінділігі төмендейді, осының салдарынан картоптың түсімділігі кемиді. (Г.К.)

 

 

№ 13 СӨЖ тапсырмалары:

1.Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құраңыздар.

3. Құрмалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.

 

Көп балалы үйдің шаң- щұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ. Абай кейінірек білді, Салтанаттың бұл үшін еткен еңбегі көп екен (М.Әуезов). 3. Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді( Ғ. Мүсірепов).4. Кісі отырарлық жері бар деймісің, басқа үйлердің біріне барайықшы( М. Әуезов). 5. Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді(Ғ. Мұстафин). 6. Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. (Ғ. Мұстафин). Мұның айтарын өзі біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ. Мүсірепов

 

4. Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

 

1. жұмыстарды, мүмкін, осы, жеке-жеке, машиналар, бірден, немесе, бірнешеуін, атқаруы

2. машиналарды, қолдануға, картоп, жинау, байланысты, сол, өзгереді технологиясы, да.

3. фазды, картопты, бір,фазды, жинайды, немесе, екі ,әдіспен

4. түйнектерінің, картоп, өзін ,тәсілдері, жинаудың ,бар, бірнеше

 

 

14 - сабақ

Қимыл- сын, мезгіл, себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Қызылша жинау әдістері.

Қызылша жинау әдістері.

Қызылша жинау технологиясына бірінен кейін бірі кезекпен атқарылатын бірнеше жұмыс кіреді. Олардың негізгісі – қызылша тамыр жемістерін қазып алу және сабақтарынан, жабысқан топырақтардан тазарту. Осы жұмыстардың орындалуы агротехникалық талаптарға сай болуы тиіс.

Қызылша жинайтын машиналар тамыр жемістердің кем дегенде 98% шамасын қазып жинауы, ал оларды кесіп тазарту кезіндегі қант шығыны 3-5 % шамасынан аспауы тиіс. Сол сияқты тамыр жемістердегі топырақ қоспасы 10% шамасынан аспауы, өсімдік сабақтарының араласуы 0,5% шамасынан артық болмауы керек. Сабақтар кесілген жазықтығы қант «жинақталған» аймақтан төмен және тамыр жемісте қалған сабақтың ұзындығы 2 см шамасынан артық болмауы тиіс.

Қант қызылшасы негізгі екі түрлі технологиялық тәсілмен жиналады. Олар: бір фаздық және екі фаздық тәсілдер. Бір фаздық технологиялық әдісте қызылшаның тамыр жемісін сабақтарымен қоса қазып алады, одан кейін сабақтарын кесіп, топырақтан тазартады. Ал екі фаздық технологияда қант қызылшасының тамыр түйнектерін қазбай тұрып, сабақтарын қырқып, шауып алады, осыдан кейін топырақтан қазып, тазартады. Осы технологияға сәйкес комбайндар да екі түрлі етіп шығарылады.

Бір фазды технологиямен жұмыс істейтін комбайндарды жұлатын комбайндар деп атайды. Ол комбайндармен қызылшаны сабақтарынан тарта жұлып, қазып алады. Сондықтан жұлатын комбайндарды сабағы күшті дамыған және қурап кетпеген қызылшаларды жинау үшін қолданады. Екі фазды технологиямен жұмыс атқаратын машиналарды алдын ала сабақтарын кесетін комбайндар деп атайды. Жинау кезінде сабақтары қурап кететін қызылшаларды жинағанда сабағын алдын ала кесетін комбайндарды қолданады.

 

Жаңа сөздер:

Тамыр – корень

Тазарту – чистить

Қазу- копать

Қант қызылшасы - сахарная свекла

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Қызылшаны қандай тәсілдермен жинайды?

б) Қызылша жинау технологиясына қандай жұмыстар кіреді?

в) Қызылша жинайтын қандай комбайндарды білесіз?

 

2. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздерді, сөз тіркестерін жазыңыз .

3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

4. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Тамыр, қант, топырақ, жеміс, гүлдеу, қызылша егісі, қант қызылшасы, қызылша жинау

 

5. Мына сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Свекловодство, свеклокопатель, свекломойка, свеклоочиститель, свеклогрузчик, свеклорезка, свеклоуборочный комбайн.

 

6. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Өнім, мал азықтық қызылша, өзіндік құн, өсіру, жапырақ, жақсы сақталады, мерзімінен бұрын гүлдейді, көпжылдық шөптер, ылғал сүйгіш дақыл.

 

7. Құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыз, сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

1. Солтүстік Қазақстан жағдайында шілде-тамыз айларында қызылша өнімі жиналады, көптеген аудандарда жоғары және тұрақты өнім суармалы жағдайларда ғана алынады. 2. Өсіп - даму кезеңінде өсімдіктер де 50-70 тіпті 90- 100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25-тен 70 күнге дейін созылады. 3. Тұқымы 4-5° жылылықта өсе бастайды, алайда қаулап көктеуі +20° температурада болады.

 

8. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша өсіріледі.2. Қызылша – екі жылдық шөптесін өсімдік. 3. Қызылша- тұзға төзімді өсімдіктердің бірі. 3. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен кейін 7-10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8-10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі.

 

9. «Тәсіл» сөзімен тіркескен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.

 

10. Сөз тіркестеріндегі сәйкестіктікті табыңыз.

Свеклорезка Қызылшашы, қызылша өсіруші

Свеклопогрузчик қызылша турауыш

Свеклочиститель Қызылша қазғыш

Свекломойка Қызылша тиегіш

Свеклокопатель Қызылша жуғыш

Свекловодство Қызылша тазалауыш

Свекловод Асхана қызылшасы

Свекла кормовая Мал азықтық қызылша

Свекла столовая Қызылша кескіш

 

 

№ 14 СӨЖ тапсырмалары:

 

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

1. кезекпен,жұмыс, жинау, технологиясына, кейін, бірі, бірінен, атқарылатын, бірнеше, қызылша, кіреді.

2. тазарту,жемістерін, негізгісі – қызылша,олардың, тамыр, қазып алу, сабақтарынан, және, жабысқан, топырақтардан

3. сай, орындалуы, осы, агротехникалық, жұмыстардың, болуы, талаптарға, тиіс.

4. жиналады, негізгі, қант қызылшасы, екі, технологиялық, түрлі тәсілмен

5. фаздық, олар: екі,фаздық ,бір , және, тәсілдер.

 

 

15 – сабақ

Аралас құрмалас сөйлемдер

Генератор

Генератор

 

Автомобильдің қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезеде оның электрлік жабдықтарын қажетті қуатпен қамтамасыз ететін - генератор. Ол негізгі двигательдерден алынатын механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина. Ол үшін генератордың іске қосатын шкиві двигательдің иінді білігіне белдікті берілісі арқылы жалғасады.

Автомобильдердің электр жүйесінде екі түрлі генератор қолданылуы мүмкін: тұрақты ток және айнымалы ток тудыратын генераторлар. Тұрақты ток тудыратын генераторлардың тозатын бөлшектері көп болады. Себебі, ондағы пайда болған токты сақиналы коллектормен жанасып тұратын шеткалар қозғалмайды. Сөйтіп, олар үйкеліс әсерінен тез тозады. Оның үстіне оларды үнемі тазалап отыру қажет. Осындай кемшіліктерінің әсерінен кейінгі кездерде айнымалы ток генераторлары қолданылады. Мұндай генераторлардан алынған айнымалы ток арнулы түзеткіштің күшімен тұрақты тоққа айналдырылып, электр жүйесіне тарайды.

Айнымалы ток генераторы екі түрлі болады: контактілі және контаксіз. Олай бөлінуінің себебі, олардың қоздыру орамына токты қалай жеткізілетіндігіне байланысты.

Айнымалы ток генераторы негізгі екі бөліктен тұрады: айнымалы қозғалысқа келетін ротор және қозғалмайтын статор. Статорда магниттілігі күшті темірден жасалған бөліктерге өткізгіш сым оралған және олар өзара үш топқа біріктірілген. Роторда да магнитті өзекше сым оралып, олар да өзара біріктірілген. Осы ротордағы сым орамдары “қоздыру” орамдары деп аталады. Оларға сырттан ток келтіріледі де, оның айналасында магнит күші пайда болады. Осындай генераторды контактілі генератор деп атайды, өйткені сол ротордағы қоздыру орамына шетка мен айналатын сақина арқылы ток беріледі.

 

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздер:

Белдік – вал, полоса,

Беріліс - передача

Әсері – влияние, эфект

Тозу – изнашиваться

Тұрақты - постоянный –

Айнымалы ток генераторы – генератор переменного тока

Магнит күші – магнитная сила

Өткізгіш – проводник, провод

Түзету – коррекция, поправка

Электр жүйесі – электрическая система

Элетр жабдықтары – электрические оборудования

Муфта – муфта, жалғастырушы

 

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

 

1. Генератор қызметі неге негізделген?

2. Автомобильдердің электр жүйесінде неше генератор қолданылуы мүмкін?

3. Тұрақты ток тудыратын генератордың қызметі туралы айтыңыздар.

4. Айнымалы ток генераторының қызметі жайлы айтыңыздар.

 

2. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Қажетті, қолданылу, тұрақты, айнымалы, үнемі, арнаулы, бөлу, қозғалыс, күшті, тарайды, пайда болу, іске қосу

 

3. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

 

Қажетті қуат, қамтамасыз ету, тозатын бөлшектер, жұмыс кезі,тазалап отыру қажет, айнымалы ток генераторы қолданылады, негізгі екі бөлік, магнит күші пайда болады,ток беріледі, сыртттан ток келтіріледі

 

4. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздерді, сөз тіркестерін жазыңыз.

 

5. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

6. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

 

Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын бақылайтын қызмет атқарады.

Электр жабдықтары өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясының көздері де екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар.

Электр энергиясын тудыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдің барлық электрлік жүйесі тұрақты токпен жұмыс істейді.

 

7. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

 

Жұмыс кезінде қозғалтқыштың айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады.

Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр қозғалтқыштарды, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр қозғалтқышы. Бұл электр қозғалтқышын стартер деп атайды. Стартерлер кейбір қозғалтқыштарға негізгі қзғалтқышты, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш қозғалтқышты от алдыру үшін қолданады.

 

№ 15 СӨЖ тапсырмалары:

1. Мәтіннің сөздігін жаттаңыздар.

2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

3. Сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

 

1. кездеседі, алуан, қызметтеріне, конструктивті, өлшемдеріне және материалдарына қарай, пішіндеріне , түрлері, біліктердің

2. жасаудың ,өте,машина, салалары, мол.

3. саладағы, ерекшеліктері ,әр, өзіндік ,болады, технологияның

4. өлшемдеріне, серпімді, байланысты, оның, біліктің, қатаңдылығы, геометриялық

 

4. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

 

Ілінісу муфтасы

 

Ілінісу муфтасының негізгі қызметі трансмиссияны двигательден аз уақытқа ажыратып, қайтадан







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.