Максимальды балл – 100.Стр 1 из 3Следующая ⇒
СИЛЛАБУСЫ Оқу сағаттарының көлемі –270 сағат. Дәрістер – 18 сағат Тәжірибелік сабақтар– 182 сағат. Интерннің өзіндік жұмысы(ИӨЖ) – 88 сағат.
Семестр:11, 12 Бақылау түрі: тестілеу, практикалық дағдыларды бағалау.
Алматы 2015
Құрастырушы м.ғ.н., профессор Р.С. Ибрагимова Мемлекеттік тілге аударған м.ғ.к., доцент Ж.Ж.Айтбаев Силлабус типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған ( 2012)
Силлабус стоматология бойынша интернатура кафедрасының мәжілісінде талқыланған №_____хаттама «_____»_________________2015 ж.,
Кафедраның меңгерушісі м.ғ.д., профессор__________________Жартыбаев Р.Н.
1. Жалпы мәлімет: 1.1 ЖОО-ның аты: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 1.2 Кафедра- стоматология бойынша интернатура кафедрасы 1.4 Мамандық - Жалпы-тәжірибелік стоматолог- дәрігер 1.3 Пән – хирургиялық стоматология 1.5 Оқыту сағатының ұзақтығы – 270 сағат.
1.6 Мұғалімдер жайлы мәлімет:
1.7 Байланысу мәліметтері: Модульдің мекен жайы: Алматы қ., Сейфулин д-лы 543, 101- бөлме. Телефон: 338-70-90. ішкі.7326 Модулдін электрондық поштасы:kazbrit_gng_s@mail.ru
Интернатурада хирургиялық стоматологияны оқыту мақсаты. Мақсаты:компетентті, білімді, хирургиялық стоматологиядан тәжірибесі мол және қолынан іс келетін, өз бетінше хирургиялық стоматология ауруларына мамандандырылған көмек көрсете алатын, сонымен қатар дәлелдеу медицинаның қағидаларын білетін, заманауи емдік диагностикалық технологияларды қолдана алатын, әрдайым өз мамандығын жетілдіріп отыратын дәрігерді дайындау. Тапсырмалар: - ЖБА негізгі хирургиялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын тереңдетіп білу; - хирургиялық ауруларды дифференциалды диагностикалау және диагностикалау дағдыларын жетілдіру; - заманауи лабораториялық және инструменталды зерттеу әдістерін таңдау дағдыларын тереңдету және интерпретациялау; - хирургиялық стоматологиялық ауруларға дәлелдеу медицина мен ем-диагностикалық технологияларға сүйене отырып, жедел көмек көрсету және кешенді ем жүргізу; -топта жұмысты істеу дағдыларын, диагностика және ем үрдістерін басқару дағдыларын жетілдіру; - жеке-дара нақты науқасты емдеуге интеграциялық білім және игеру дағдыларын жетілдіру; - дәлелдеу медицина қағидаларын қолдана отырып профессиональдық шешім қабылдауды үйрену; - профессиональдық қызмет кезінде келесі қағидаларды ұстануды қалыптастыру: альтруизм, жаныашу, жауапкершілік, адалдық және т.б.; - адамдар мен отбасылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістерін және қағидаларын біліп, жетілдіру; - профессиональды қызмет кезінде өзінің кәсіби білімін үздіксіз жалғастырып отыру; - медициналық есеп-қисап құжаттарын жүргізу дағдыларын жетілдіру. Сабақ жүргізу методологиясы: Жанаспалы сағаттар– тестілеу, блиц сұрау, кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық және клиникалық талдау. ОИӨЖ- хирургиялық кабинетте науқастарды амбулаторлы қабылдау, стационарда науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, қабылдау бөлімінде, жара таңу кабинетінде жұмыс жасау, ауыр науқастардың консилиуміне, консультацияларға қатысу, амбулаторлы медициналық карталарды толтыру, ауру тарихын жазу, клиникалық жағдайларды талдау, конспектілеу, презентациялау, ИӨЖ, және т.б. Ақырғы нәтиже; Дәрігер интерн міндетті білу: · Жалпы тәжірибелі стоматологтың жұмысын ұйымдастыру; · Стоматологиядағы менджмент және маркетинг сұрақтары; · Стоматологиядағы заңды құқығы, этикалық және құқықтық қалыптар; · Жақ-бет аймағының топографиялық анатомиясы, тістердің, жақсүйектерінің, жұмсақ тіндерінің, лимфа түйіндерінің, сілекей бездерінің және самай-төменгі жақсүйегі буынының морфо-функциональді және анатомиялық ерекшелігі; · Жақ-бет хирургиясындағы жалпы және жергілікті жансыздандыру ерекшеліктері; · Стоматологиялық сырқаттардың, соның ішінде, жақ-бет аймағының жарақаттарын және зақымдануларының клиникалық симптомы, нақтамалау қағидалары, салыстырмалы нақтамасы, емі; · Стотматологиялық сырқаттары кезіндегі, дәрігерлік-еңбек сараптамасы сұрақтары; · Стоматологиялық тәжірибедегі дәлелді медицина; · Жедел жағдай кезінде, нақтамалау және жедел көмек көрсету негізігі; · Хирургиялық стоматологиялық сырқаттарының алдын алу әдістері; · Халыққа амбулаторлы стоматологиялық көмектің барлық түрлерінің көлемі, соның ішінде, ауруханаға дейінгі кезеңде, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. · Стоматалогиялық аурулардың амбулаторлы және ауруханалық реабилитация қағидалары; · Заманауи жағдайда стоматологигялық науқастарды диспансеризациялауды ұйымдастыру және жүргізу; · Жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары. Істей алу: · Стоматологиялық бөлменің, бөлімшесінің, клиниканың жұмысын ұйымдастыру; · Есеп-тірекеу құжаттарын жүргізу; · Дәлелді медицина негізінде хаттамаларды қолдану; · Жақ-бет аймағының хирургиялық ақауы бар науқастарға зерттеулер жүргізу; · Зертханалық, функциональді, көмекші, визуальді және басқа да зерттеу әдістерін дұрыс тағайындау және оларды адекватты талдау; · Жақ-бет аймағында жергілікті жансыздандырудың барлық түрлерін жүргізу; · Жақ-бет аймағының зақымданулары мен сырқаттары кезінде, тәжірибелі және арнайы стоматологиялық көмек көрсету; · Анафилактикалық шок, коллапс, тыныс жолдарының жедел бұзылуы кезінде (асфиксия), гипертониялық криз, қан кету кезінде жедел көмек көрсету; · Жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары. · денсаулық сақтау заңнамасына сай, медициналық құжаттарды толтыру; · стоматологиялық патологиясы бар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша экспертиза жүргізу, медико-әлеуметтік экспертизаға, еңбекке жарамдылық көрсеткіштерін анықтау, еңбек шарттарын жеңілдету, санаторлы-курортқа бағыттау; машықтарын жетілдіру: · жақ бет аймағындағы жергілікті жансыздандырудың барлығын жүргізуді; · тістерді типтік және атипиялық әдістермен жұлу; · периостотомия; · тіс түбір ұшын кесу, гемисекция, тіс түбірін кесу, реплантация, цистоэтомия, цистотомия операцияларын жүргізу · жоғарғы жақсүйегі қойнауының перфоррациясы кезінде, ұяшығы кесу; · жақ-бет аймағының және мойынының шиқандарын, іріңді лимфаденитін және аденофлегмонасын тіліп ашу; · жақ-бет аймағының жарақаттарына тігіс салу; · жақ-бет аймағының операциялық жарақаттарынан тігісті алу; · жақ-бет аймағының жарақаттарын таңу; · сілекей бездерінің өзектерін жуу, сілекей безінің өзектерінен тастарды алу; · самай-төменгі жақсүйегі буынының және бет нервісінің сырқаттары бар науқастарды қарап тексеру; · ісікті үрдіске қауіп қатер кезінде биопсия үшін материал алу; · ауыз қуысынан және беттің жұмсақ тіндерінен қатерсіз жаңа түзілістерді алу; · пародонт сырқаттарын хирургиялық емдеу әдістерін орындау; · ауыз қуыс кіреберісінің, тіл үзеңгісінің және еріннің пластикасы; коммуникативті машықтарын меңгеру: · ем қорытындысы нәтижелі болуы үшін, науқаспен/туыстарымен алғашқы байланысты және кейінгі қарым қатынасты қалыптастыру; · науқасты нақтамалау және емдеу үрдісіне қатыстыру, науқастың компетенциясын құру; · қарап тексеру және емдеу шараларымен байланысты, науқастардың көзқарасы, науқастың агрессиялық көңіл күйін бақылау, конфликтті жағдайды басқару; · жоспарланған зерттеулер немесе хирургиялық араласулардың сипатын, көлемін, науқасқа сенімді, байыппен түсінікті ақпараттандыру; · қызметтестерімен және медициналық қызметкерлермен, кәсіби қарым қатынастар; · қызметтестерімен, оң моральді-психологиялық қарым қатынасын қалыптастыру; · кәсіби тәртібі – сенімділік, жауапкершілік, өз-өзін бағалау, пікірлерге адекватты жауап беру; · стресттік жағдайларда, кәсіби тәртібі құқықтық компетенциясы: Арнайы машықтарын қалыптастыру: · хирургиялық стоматологиялық бөлменің, бөлімшенің, ұйымның және жұмыс кестесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар; · аппараттармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі және ержелері; · хирургиялық стоматологиялық бөлімшедегі, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерін, олардың құқықтарын, міндеттерін ҚР заңдарына, нормалық құқықтық және реттеуші құжаттарына сай жүргізу; · хирургиялық стоматологиялық және жақ бет хирургиясы іс әрекетін қалыптастырудың құқықтық негіздерін тәжірибеде қолдану; · тәжірибеде медико-экономикалық хаттамаларын қолдану; · медициналық есептік тіркеу құжаттарын толтыру; · науқастың құқығын қорғау; · кәсіби этканың қағидалары мен қалыптарын, дәрігерлік этика мен деонтологиясы; өз бетінше білім алу, өз-өзін жетілдіру: төмендегі машықтарын жетілдіру; · өз бетінше кәсіби әдебиет көзімен, электронды ақпарат көзімен жұмыс; · ЖОО оқуы кезінде алынған, негізгі және кәсіби білімін, қолдана отырып, алынған ақпараттарды сараптау; · Дәлелді медицина көзқарасынан, ақпаратты талдау; · хирургиялық стоматология аймағында, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу · творчестволық презентацияларды дайындау, семинарларда, конференцияларда сөйлеу, аудиториямен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру; · креативті ойлау қабілетін қалыптастыру; · жалпы интеллектуальді деңгейін, кәсіби сөйлесу, этикалық қалыптар мәдениетін жетілдіру Дәрістердің тақырыптық жоспары (5 сағат )
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары( 174 сағат)
ИӨЖ тақырыптық жоспары
ОҚУ БАРЫСЫНДА ИНТЕРНДЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Пәннің политикасы оқу барысын мақсатты және ізділікті жүргізу. Мұғалімдердің интерндерге қойылатын талаптары медициналық ЖОО-ның оқыту жалпы қағидаларына негізделгенТәжірибелік сабақтарға үнемі және міндетті қатысу. 1) Сабаққа кестеге сәйкес кешігусіз келу. 2) Оқу барысына белсенді қатысу (теориялық материалдарды дайындау, ситуациялық есептерді және тест сұрақтарын шешу, мультимедиялық форматта презентация дайындау, клиникалық жұмысты орындау, емханалық карталарды толтыру, медициналық есеп-қисап құжаттарды толтыру, профессор және доценттердің кеңестеріне қатысу), ҚазҰМУ-де бекітілген барлық компетендияларды қалыптастыру. 3) Таза, үтіктелген хирургиялық киімі, ақ халаты, бас киімі, алмастыратын аяқ-киімі, маскасы, қолғабы болуы қажет. 4) ПМҰ-на, көмекші персоналға, науқастарға және студенттерге силастық көзқараста болу қажет. 5) Шатақты жағдайларды мұғалімнің, завучпен және модуль меңгерушісімен топтарда ашық талдау.
Теориялық білімдерін бағалау, сонымен қатар тақырыпқа сәйкес науқастарды тәжірибелік сабақта талқылау(тақырып бойынша клиникалық жағдайларға презентация жасап талқылау, сырқатнамаға пікір беру). Медициналық қужаттарды толтыру сапасын бағалау – аптасына 1 рет. Комуникативтік дағдылауды бағалау -циклде 1 рет өткізіледі. Құқықтық компетенцияны бағалау -циклде 1 рет өткізіледі. Санитарлық-ағарту жұмысын бағалау - циклде 1 рет өткізіледі. Санитарлық-ағарту жұмысына 1-2 дәріс және әңгімелесу, информациялық парақ, санбюллетень шығару жатады.
Жұмыстар орындалмаған жағдайдағы өтеу шаралары 1. Себепсіз сабақты жібергені үшін 0 бал. Интерннің әр бір кешіккені үшін, сабақтың теориялық бөлімінің бағасынан сәйкесінше балл алынады. 2. Тапсырманы орындамауы (мысалы, конференцияға жоспарланған баяндамасын, семинарда талдау үшін сұрақтарын дайындамады) 0 балл. 3. Жоғарыда аталған, кафедра саясатының қағидаларын ұстанбағаны үшін, айыптық балл енгізіледі. Негізгі және қосымша әдебиеттер: Негізгі: 1. Безруков В.М. Руководство по хирургической стоматологии и челюстно-лицевой хирургии в 2-х тт. М:2000 (776с., 488с) 2. Робустова Т.Г. с соавт. Хирургическая стоматология. - М., Медицина, 2001-666 с. Қосымша: 1. Безруков.В.М. Амбулаторная хирургическая стоматология. М: 2002-75 с. 2. Безруков в.М., семкин В.А., Григорьянс Л.А., Рабухина Н.А. Заболевания височно-нижнечелюстного сустава. Учебное пособие.-Москва: Издательский дом «ГЭОТАР-МЕД», 2002. – 48 с.3. Бернадский Ю.И. Основы челюстно-лицевой хирургии и хирургической стоматологии. М.: 2003-416с. 4. Бернадский Ю.И. Травматология и восстановительная хирургия челюстно-лицевой области. - Москва, 1999 г. 5. Ибрагимова Р.С. Синдром болевой дисфункции височно-нижнечелюстного сустава (патогенез, клиника, диагностика, лечение). Учебно-методическое пособие. – Алматы, изд-во «Эффект»,170 с. 6.Кенбаев В.О. Травматология челюстно-лицевой области.- Шымкент, 2006г. 7. Кенбаев В.О., Дюсупов К.Б. Жақ-бет аймағындағы жұмсақ тіндердің қабынулары.Учебное пособие, 2010 г. 8. Кенбаев В.О. Сборник ситуационных задач по челюстно-лицевой области.Учебное пособие, 2007 г. 10. Мирзакулова У.Р. Воспалительные и дистрофические заболевания слюнных желез. Алматы, 2002.-112 с. 11. Оразалин Ж. Б., Төлеуов К.Т. Хирургиялық стоматология. – Алматы, «Білім», 1998-368 бет 12. Оразалин Ж. Б., Төлеуов К.Т., Нұрғожаева Б.Н. Хирургиялық стоматология. (Оқу қөралы), I-II бөлімі – Алматы, 1996 г. 13. Привес М.Г. и др. Анатомия человека.- М., Медицина, Спб. Гиппократ, 2000. -704 с. 14. Русанов В.П. Хирургические методы лечения заболеваний пародонта. Алматы, 1994. 15. Сагындықов Х. Л., Ревюк И. С., Айтбаев Ж.Ж. Стоматологиялық тәжірибедегі қауіпті жағдайлар мен бет-жақ аймағының жедел қабыну аурулары және жарақаттары кезінде көрсетілетін жедел көмектер: Оқу әдістемелік нұсқау. – Астана: ҒТАО, 2006.-118 бет. 16. Талимов К.К., Атабаев С.А. – Пародонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері. – Оқу әдістемелік нұсқау. Алматы 2002 ж. 17. Трегубова Т.В. Местное обезболивание в амбулаторной хирургической стоматологии. Учебное пособие. - Алматы., 2007, 144 с.. 18. Уразалин Ж.Б., Ибрагимова Р.С., Нуркеева С.С., Мирзакулова У.Р., Талимов К.К. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). Алматы, 1999. 19. Хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия. Национальное руководство под.ред.А.А.Кулаков, Т.Г.Робустовой, А.И.Неробеева. – М.: ГЭТАР-Медиа, 2010-928 с. –(серия «Национальные руководства») 20. Шаргородский А.Г. Воспалительные заболевания тканей челюстно-лицевой области и шеи. ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. -271 с. Білімді бағалау Қорытынды бақылау:Тестілеу, блиц сұрақ, ауру тарихын экспертті бағалау (амбулаторлы картаны), кіші топтарда жұмысты бағалау, іс ойындарын бағалау, науқастарды клиникалық талдау, өзіндік жұмыстардың нәтижелерін бағалау, науқасты курациялау, медициналық құжаттарды толтыру, клиникалық және мануальды дағдыларды, коммуникативті, құқықтық дағдаларды бағалау. Критерийлері чек-парақтарда көрсетілген. Рубежді бақылау:мини-клиникалық экзамен жәнетесттік тапсырмаларды шешу(ситуациялық есептер), клиникалық жағдайды қорғау. Қорытынды бақылау: тестілеу, клиникалық емтихан және тәжірибелік дағдыларды бағалауды қосатын емтихан. Қорытынды бақылау 3 кезеңде жүргізіледі: 1) Клиникалық емтихан 2) Қорытынды тестілеу 3) ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау. Есепті қорғау (портфолио - презентациялар, рефераттар, клиникалық талдаулар, клиникалық жағдайлар, орындалған дағдылар мен манипуляциялар тізімі, оқылған әдебиеттің тізімі) – қорытынды аттестацияға жіберу.
Дағдыларды, білімді бағалау үшін бақылау-өлшеу құралдары: әр деңгейдегі білімді бағалау критерийлері мен бағамы: ИНТЕРНДЕРДІҢ КОМПЕТЕНЦИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
ЧЕК-ПАРАҚ
Ауызша сұрау бағалау критерийлері Максимальды балл – 100. Оқытушы қолы ________________ ЧЕК-ПАРАҚ
Ауызша сұрау бағалау критерийлері ©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|