Здавалка
Главная | Обратная связь

Стандартты функциялар.



Стандартты функциялар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Паскаль тіліндегі кестеде бірқатар стандартты функциялар төмендегі 1.1-кестеде келтірілген.

 

1.1-кесте.

Стандартты функциялардың жазылуы

 

Паскальдағы жазылуы Математикалық жазылуы Аргументтің типі Функцияның типі
abs(x) sqr(x) sіn(x) cos(x) exp(x) ln(x) sqrt(x) arctan(x) frac(x) іnt(x) pі |x| sіnx cosx lnx arctgx санның бөлшегі cанның бүтіні 3,14159 real не іnteger real не іnteger real не іnteger real real real real real real real real   real не іnteger real не іnteger real не іnteger real real real real real real real real
trunc(x) round(x) cанның бүтіні санды дөңгелектеу real real   іnteger іnteger  
pred(x)   succ(x) алдыңғы элементтің мәнін табу келесі элементтің мәнін табу real не іnteger   real не іnteger  
ord(x) саналатын тип мәнінің реттік нөмірін анықтау саналатын тип Іnteger
chr(x) реттік нөмірі арқылы символды анықтау іnteger ( 0 .. 255) Сhar
odd(x) санның тақ екенін анықтау Іnteger Boolean

 

8. Нақты сандар, стандарт процедуралары және функциялары, қолданылатын амалдар. Форматтау.

. Форматтау – нәтижелерді қолданышуға ыңғайлы түрде шығару.

Паскальдың стандартында нақты типтің бір ғана түрі Real анықталса, Turbo Pascal-да нақты типтің 5 түрі қолданылады: Real, Single, Double, Extended, Comp Мұндағы Single, Double, Extended, Comp типтерін компьютердің жетілген, соңғы түрлерінде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Себебі бұл нақты типтің түрлерін пайдаланғанда компьютердің қосымша процессоры болғаны жөн. Нақты типтегі сандарды жазудың екі тәсілі бар: әдеттегідей және экспоненциал. Өте үлкен және өте кіші нақты сандарды жазуда 10 санының дәрежесін қолданған ыңғайлы (12*10-16, 3*108). Осындай сандарды экспоненциал түрге келтіру үшін 10-ның орнына Е символы және дәреже көрсеткіші жазылады. 12*10-16 12Е-16 3*108 3Е+8 Кез-келген нақты типтегі сан компьютер жадысында экспоненциал түрде сақталынады. Программа нәтижесі нақты сан болса, бұл сан экранға экспоненциал түрде шығады.

Алынған ресурс: http://www.izden.kz/referattar/informatika/21 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz

9. Логикалық түр. Амалдар, жай және құрама шарттар.

 

Паскальда стандартты логикалық тип –boolean (көлемі 1 байт). Логикалық типтің бұл атауы, атақты математик Джордж Буль есіміне байланысты Boolean деп аталады. Логикалық типтегі элемент тек екі мәнді қабыладай алады: true(ақиқат), false (жалған). Логикалық типтің мәні true болғанда 1 санына, false болғанда 0 санына тең болады. Логикалық типтегі берілгендер программада шартты тексеруде қолданылады. Логикалық шарт мына қатынас таңбалары: >, =, , = арқылы жазылады. Мысалы, 12 Логикалық типтегі берілгендерге логикалық амалдар қолданамыз. Логикалық амалдар арқылы логикалық өрнектер ұйымдастыруға болады. Логикалық өрнектің нәтижесі әрқашанда екі мәннің true, false біріне тең болады.

 

10. Символдық түр. ASCII кестесі. Ішкі код.

 

Символдық (литерлік) тип Char ASCII (American Standart Code for Information Interchange) кодының барлық түріне сәйкес келетін символдарды анықтайды. Char типтегі көрсеткіштердің кодын ORD функциясымен алуға болады. Осы кодтары арқылы символдық типтегі көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыруға болады. Белгілі бір іс-әрекетті атқаратын, басқарушы символдарға 0-ден 31-ге дейінгі код тағайындалған. Символдық тип айнымалылар мәні ‘(дәйекше) таңбасына алынады. Мысалы: ‘A’, ‘$’, ‘2’, т.с.с. Символдық типтің кеңейтілген түсінігі жолдық тип String болып табылады

 

11. Өрнектер. Жазу үлгілері. Меншіктеу операторы.

 

Өрнек – берілгендермен әрекет жүргізіліп, мән өндірілетін тұжырымды жазу. Паскальда өрнек меншіктеу операторы арқылы жазылады:

< айнымалы > := < өрнек >;

мұнда < айнымалы > - идентификатор;

:= - меншіктеу операторы;

< өрнек > - мәні есептелетін арифметикалық өрнек.

Алдымен <өрнек> есептеледі, сосын онын мәні <айнымалыға> меншіктеледі. Өрнек формуланы жазуға және олар арқылы есептеуге арналған, амалдармен біріктірілген сандардан; тұрақтылардан, функциялардан құрастырылған. Меншіктеу опе.раторы орындалу үшін айнымалынын және арифметикалық өрнектін түрлері бірдей болуы тиіс. Өрнектерде амалдар келесі приоритет арқылы қолданылады:

1. ( , ) – алдымен жақшанын арасындағы жазылған өрнек;

2. not, @;

3. *, /, div, mod, and, shl, shr;

4. +, -, or, xor;

5. =, <>, <=, >=, <, >, in.

Паскальда барлық өрнектер жол ретінде жазылады. Өрнекте ашылатын және жабылатын жақшалардың саны тең болу керек және көбейту амалы «*» таңбасы арқылы жазылады.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.