Здавалка
Главная | Обратная связь

Меншіктеу операторы



Айнымалы аты:= өрнек

Меншіктеу белгісі “:=”мұны теңдік белгісімен “=” шатастыруға болмайды.

Меншіктеу операторының жазылу түрі төмендегідей:

W: = E;

Бұл оператор екі міндет атќарады:

Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша Е- арифметикалыќ өрнегінің мәнін есептейді;

Есептелген мән W атауына меншіктеледі, яғни мән W- ге сәйкес жады ұяшығына орналасады.

 

 

12. Енгізу, шығару операторы.

 

Writeln (өрнек) – шығару операторы

Z:=1: Writeln (1+z);

Writeln (z<=1)

Экранда мына символдар пайда болады.

2

Меншіктеу операторының ішіне бірнеше өрнек жазуға да болады.

Writeln мен write операторының айырмашылығы Writeln операторы орындалғанда соңғы константалалдан кейін, курсор экранның келесі жолына жылжымайды.

Енгізу операторы

Readln - фғылшын тілінен ќысќартылып алынған Read line – жолды оќу деген магынаны енгізеді. Берілген ьәндерді айнымалыға жазу үшін меншіктеу операторын пайдалануға болады.

Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады. Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ ( READ - ағылшынша оқy ) операторының жалпы турі (пішімі) төмендегідей:
READ(а1,а2...ап);
READLN(а1,а2,...,ап);
READLN;
Мұндағы а1, а2, ..., аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read lіnе - «қатарды оқу» деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады. Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, reаl, char немесе stгіпg (сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардын мәндері өз типтеріне сәйкес Паскаль тілінің ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол шарт бұзылса (мысалы, а1 типі integer болса, ал енгізгенде сhаг типтес мән терілсе), онда экранға енгізу-шығару қатесі шығады, оның пішімі мынадай болып келеді: І/О error ХХ, мұндағы ХХ - бүтін сан түріндегі қaтенің сипатына сәйкес коды. READ операторы орындалtанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндері қабылдайды, бұл міндет INPUT енгізу файлы арқылы жүзеге асырылады. Параметрлер жаңа мән қабылдағанда, оларда бұрын орналасқан (жазылған) ескі мән өшіріліп, орнына жаңа мәндер жазылып отырылады да, прогрaмма параметрдің жаңа мәні бойынша жұмыс атқарады.

 

13. Форматпен және форматсыз шығару.

14. Шарт операторы.

 

Шартты операторлар.Тармаќталуы бар процестерді ұйымдастыру ұшін шартты операторлар ќолданылады. Тармаќталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді басќарылады. Бұл алгаритмдік тілдегі тармаќталу командасына сәйкес келеді.

Егер Шарт IF шарт THEN 1- серия

Онда 1- серия ELSE 2- серия

Әйтпесе 2- серия (оќылуы – иф, зен, элс) бітті.

Жалпы түрде бұл оператордың форматы:

IF шарт (логикалыќ өрнек) THEN 1—оператор ELSE 2- оператор

Мұндағы 1 және 2 операторларының өзі ќарапайым немесе ќұрама операторлары болуы мүмкін.

Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт саќталса / аќиќат болса / Онда THEN сөзінен кейінгі жазылған оператор сериясы орындалады, ал 2 серия операторы орындалмайды. Егер шарт саќталмаса, онда ELSE сөзінен кейін 2 серия командалары орындалады Жалпы түрде шартты

L1 * L2 түрінде ќарауға болады. Бір мезгілде бір емес бірнеше шартты яғни ќұрама шартты жазу үшін логикалыќ амалдарды пайдалануға болады. Кей жағдайларда шартты операторларды басќаша былай да жазуға да болады:

IF логикалыќ өрнек

THEN 1- оператор

ELSE 2- оператор

Егер жазылу операторы бір жолға сыймай ќалған жағдайда пайдаланылады.

15. Құрама оператор.

 

BEGIN

оператор

оператор

.....................

n -1- оператор

n – оператор

ЕND

Бұл жағдайда BEGIN /басы /, ЕND /соңы/ ќызмет сөздері операторлыќ жаќша деп аталады. Ќұрама оператор бүтін тип оператор ќызметін атќарады, сондыќтан оны программаның кез келген бөлігінле ќолдануға болады. Ќұрама оператордың ќұрамында өзінің ќұрама оператрлары да болуы мүмкін

BEGIN – ң соңына, ЕND – ң алдындағы операторға нүктелі үтір қойылмайды.

 

16. Таңдау операторы.

 

.Берілген өрнектің мәніне тәуелді бір немесе бірнеше оператор орындалатын жағдайда таңдау операторы пайдаланылады. Таңдау операторы алгоритмдік тілдегі таңдау командасына ұќсағаны мен бір өзгешелігі бар. Алгоритмдік тілде таңдау шарт бойынша орындалса, паскаль тілінде тұраќтылар бойынша іске асырылады.

Таңдау операторы былай орындалады:өрнектің мәні берілген тұраќтының ќайсысына тең болса, оның сәйкес операторын орындайды да, басќару таңдау операторының соңындағы операторға беріледі. Егер өрнектің мәні тұраќтылардың еш ќайсысына тең болмаса да басќару таңдау операторынан соңғы операторға беріледі. ¤рнектің мәні және тұраќтылары әрќашан да бүтін сан болуы керек. Тұраќты типпен өрнек типі бірдей болуы керек.

Паскальда таңдау операторы CASE m OF операторы арқылы беріледі, END- тен соң үтір нүкте қойылмайды. Мұндағы, CASE (жағдай) – қызметші сөз; m REAL түрінен басқа кез келген скалярлық түрде берілген айнымалы (не өрнек). Оны сұрыптаушы деп атайды OF - бойынша. Программанын орындалуы кезінде алдымен m айнымалысының мәні жадыға өндіріліп, ол осы тұрақтылармен салыстырлады. Егер мән олардың бірімен тең болып шықса, оңда осы тұрақтыға сәйкес оператор орындалады да, CASE оператордын орындауы аяқталады. Егер m –нін мәні сұрыптаушы тұрақтылардың ешқайсысымен тең болып шықпаса, ELSE бөлімі қарастырлады, ал бұл бөлім программада келтірілмесе, онда CASE операторы орындалмай тастап кетіледі.

 

17. Қайталау операторы: әзірше, дейін, параметрмен, шексіз.

 

WHILE P DO S;

Мұнда, WHILE (әзірше), DO (орындау) соңынан үтір нүкте қойылмайды.

Р – шарт (логикалық өрнек);

S – цикл денесі.

WHILE циклінде бірінші рет P-нің мәні тексеріледі да, егер мән TRUE болса S орындалып, басқару қайтадан Р шартына беріледі. Егер Р мәні FALSE болса, S орындалмай, басқару WHILE циклінен соң кездесетін бірінші операторға өтеді. Қадамы INC(I,n) n-ге өсіп немесе DEC(I,n) n-ге кеміп отырады.

REPEAT S UNTIL NOT P;

REPEAT (қайталау), UNTIL (дейін) операторлық жақшалар ретінде қолданылады. UNTIL-дің алдындағы оператордан соң үтір нүкте қойылмайды, S - цикл денесі, NOT P – Р шартына кері шарт. NOT P мәні TRUE болған кезде циклді орындау аяқталады. Қадамы INC(I,n) n-ге өсіп немесе DEC(I,n) n-ге кеміп отырады.

FOR <цикл параметрі> := <бастапқы мәні> TO <соңғы мәні> DO S;

немесе

FOR <цикл параметрі> := <бастапқы мәні> DOWNTO <соңғы мәні> DO S;

Мұнда, S – цикл денесі, FOR (үшін), TO (дейін), DOWNTO (төменге дейін); <цикл параметрі> - REAL түрінен басқа кез келген скалярлық типті айнымалы; <бастапқы мән> , <соңғы мән> - параметр қабылдайтын мәндерінін шектері. FOR циклінде параметрдің қадамы 1-ге немесе

Цикл операторлары белгілі бір операторлардың қайталанып орындалуын қамтамасыз етеді. Циклдық оператор:

FOR параметр = бастапқы мән TO соңғы мән DO

Егер қайталаудың саны белгілі болса, онда FOR, TO, DO (DOWNTO) операторлары қолданады. FOR циклдық операторы оператордың белгілі бір рет қайталанып орындалуын қамтамасыз етеді.

FOR операторы орындала бастаған кезде бастапқы және соңғы мәндерін бір рет анықтап алады және бұл мәндер FOR операторының орындалу барысында сақталады. Айнымалының типі реттік болуы керек. Бастапқы және соңғы мәндердің типі осы реттік типпен меншіктеу бойынша сәйкес болуы керек.

FOR операторында тұрған оператор бастапқы және соңғы мәндер диапазонындағы әр мән үшін бір рет орындалады.

1. while… do… циклдық операторы

Жалпы түрде жазылуы:

While шарт do

Begin

Цикл денесі

End.

Мұнда шарт орнына логикалық өрнек тұруы мүмкін. Бұл оператор былай орындалады: алдымен шарт тексеріледі, егер шарт ақиқат болса, онда цикл денесі орындалады, одан соң тағы шарт тексеріледі, т.с.с. Бұл процесс қашан шарт орындалудан қалғанша қайталанады. Яғни логикалық өрнектің мәні қашан жалған болғанша, қайталаудың денесі қайталап орындала береді.

Repeat – қайтала, Until – соған дейін дегенді білдіреді. Бұл операторда да қашан логикалық өрнектің мәні ақиқат болғанша цикл денесі қайталана береді. Яғни, бұл қайталауда алдымен цикл денесі орындалады да, одан соң шарт тексеріледі. Бұл цикл операторының While…do циклдық операторынан айырмашылығы цикл денесә ең болмағанда бір рет міндетті түрде орындалады.

 

18. Сызықтық тізбек. Енгізу, шығару, сипаттау.

 

Амалдардың бірінен кейін бірі орындалуын сызықтық алгоритм деп атайды.

Мысалы: Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын табу. Үшбұрыштың 3 қабырғасы белгілі (3 қабырғаны есепті шешуші пернетақтадан енгізу қажет). Ауданын табу үшін бірінші үшбұрыштың мына формула бойынша периметрін табамыз: . Периметрін тапқаннан кейін, ауданын есептейміз. Ол төмендегідей формуламен жүреді: . Осы есепті табиғи тілде және блок схема түрінде сызу қажет.

Сызықтық алгоритмді бағдарламалау.

Сызықтық бағдарлама деп реті бойынша белгілі бір тәртіппен орындалатын бағдарламаны айтады. Сызықтық бағдарламаны құру үшін мынадай операторлар қолданылады:

Read, Write, меншіктеу операторы - :=.

Read(ағылшынның “оқу” деген сөзінен алынған) бағдарламаға айнымалылардың мәнін енгізу үшін қолданылады (енгізу операторы). Айнымалы мәндерін енгізу Enter пернесі арқылы жүреді.

Write– бағдарлама нәтижесіндегі айнымалылардың мәнін баспаға шығару үшін қолданылады (шығару операторы).

Айнымалыға мәндерді және амалдарды меншіктеу үшін меншіктеу операторы :=қолданылады. Меншіктеу операторы сол жақтағы айнымалы оң жақтағы мәнді өзіне меншіктейді.

Бағдарлама ішінде қосымша ескертулерді, түсініктемелерді орналастыруға болады. Ол үшін апостроф (‘ ‘) қолданылады. Апострофқа жазылған мәтіндер бағдарламаның орындалуына ешқандай әсер етпейді.

19. Символдардан құрылған тізбек. Енгізу, шығару, сипаттау.

 

Символдардан құрылған тізбектін элементтерінін мәндерін клавиатурадан бос орын қалдырмай енгіземіз (пробел көрінбейтін символ деп саналады). Символдық тізбектің элементтерінің реті нөлдең бастап саналады. Символдардан құрылған тізбек келесі операторлармен енгіземіз және шығарамыз:

Const n=10;

Var s:array[0..n] of char;

i:byte;

Begin

Write(‘текст:’);

For i:=0 to n do read(s[i]);

For i:=0 to n do write(s[i]);

End.

Тұрақты тізбектерді келесі түрде сипаттаймыз:

Const n=10;

s:array[0..n div 2] of char =’информ’;

Жолдар ТР string сөзімен белгілінеді және мәтіндерді өндеуге қолданылады. Ол бір өлшемді символдық ARRAY[0..N] OF CHAR тізбекке ұқсас, бірақ жолда символдардың саны 0..n өзгереді, n – жолдағы символдардың санын. N мәні string түрі сипатталғанда анықталады STRING[N], бірақ 255 аспау керек. N мәнін анықтамасада болады, онда паскаль оны автомат ретінде 255 есептейді. ТР жолдар симводардан .құрылған тізім деп есептеледі. Жолдың символына тізбектің символы сияқты индекс арқылы қарастыруға болады.

 

20. Матрицалар. Енгізу, шығару, сипаттау.

 

Паскальда n жолдан m бағаннан тұратын екі өлшемді a тізбегі матрица деп аталады.

Екі өлшемді массивтің бір өлшемді массивтен айырмашылығы айнымалылар қатар және бағана бойынша орналасады. Екі өлшемді массивтерде жол мен бағананың қиылысуында орналасқан әрбір элементтің орны сол жол мен бағана нөмірімен анықталады. Сондықтан екі өлшемді массивті сипаттау үшін екі индекс қолданылады. Екі индекстің арасы үтір арқылы бөлініп жазылады.

Екі өлшемді массивті сипаттаудың жалпы жазылу түрі:

Массивтің аты: аrray[1..n,1..m] of массив элементтерінің типі; Мұндағы, n - массивтің қатар саны, m - массивтің бағана саны. Екi өлшемдi массивтi VARбөлiмiнде сипаттаудың жалпы түрi:

VAR массив атауы : ARRAY [а1..аn,b1..bn] OF элемент типі;

Екi өлшемдi массивтi TYPE бөлiмiнде сипаттаудың жалпы түрi:

TYPE массив типінің атауы = ARRAY [а1..аn, b1..bn] OF элемент типі;

Массивтің айнымалылар бөлімінде сипатталуын келесі түрде жазылады:

VAR массив атауы : массив типінің атауы;

мұндағы, а1..аn, b1..bn – екi өлшемдi массивтiн көлемi, а1 және аn – массив қатарының алғашқы және соңғы мәнi, b1 және bn – массив бағанының алғашқы және соңғы мәнi. Екі өлшемді массивтерді енгізу және шығару төмендегідей орындалады. A[N,N] массивін енгізу, мұнда N- тұрақты деп қарастырайық.

for i:=1 to n do

for j:=1 to n do

read (a[i,j]);

{ a[n,n] массивін шығару }

for i:=1 to n do

Begin

for j:=1 to n do

write (a[i,j]:4);

writeln;

end.

 

21. Жолдар. Стандартты процедуралар және функциялар

 

s:array[0..n div 2] of char =’информ’;

Жолдар ТР string сөзімен белгілінеді және мәтіндерді өндеуге қолданылады. Ол бір өлшемді символдық ARRAY[0..N] OF CHAR тізбекке ұқсас, бірақ жолда символдардың саны 0..n өзгереді, n – жолдағы символдардың санын. N мәні string түрі сипатталғанда анықталады STRING[N], бірақ 255 аспау керек. N мәнін анықтамасада болады, онда паскаль оны автомат ретінде 255 есептейді. ТР жолдар симводардан .құрылған тізім деп есептеледі. Жолдың символына тізбектің символы сияқты индекс арқылы қарастыруға болады

Жолдарға келесі стандарт функциялар және процедуралар қолданылад

1. LENGTH(S); - жолдың нақты ұзындығы (пробел көрінбейтің символ деп саналады).

2. CONCAT (S1,S2,…,Sn); S1,S2,…,Sn жолдарды біріктіру;

3. COPY (S,Index, Count); - S жолда Index элементінен бастап Count символды ойып алу. Мысалы, S1:=COPY(s,1,4); ® S1:=’круг’;

4. DELETE (S,Index, Count); - S жолда Index элементінен бастап Count символды жою. Мысалы, DELETE(S,1,5); ® ‘ворот’;

5. INSERT(ST,S,Index); - S жолда Index элементінін алдынан ST жолды енгіземіз. Мысалы, ST:=’круго’; S:=INSERT(ST,S,1); ® S:=’круговорот’;

6. POS(ST,S); - S жолында ST үзінді қай орыннан бастап кездеседі. Мысалы,

7. ST:=’во’; n:=POS(ST,S); ®n=6;

8. ST:=’Во’; k:=POS(ST,S); ®k=0;

Салыстыру амалдары: =, <>,>,<,>=,<= екі жолдың символдарың салыстырады

22. Параметр-мән, параметр-айнымалы.

 

Параметрлар екіге бөлнеді: параматр-мән және параметр-айнымалы. Параметр-мәннің мәні белгілі, ал параметр-айнымалынын мәнін параметр-мән арқылы есептейміз. Оларды айруы үшін параметр-айнымалынын алдына var сөзі жазылады. Процедуранын жалпы сипаттау жазуын қарасақ <жалпы айнымалылар тізімі>; - параметр-мән, ал <нәтиже> - параметр-айнымалы.

Параметрлер жалпы және нақты түрде кездеседі. Ішкі программаны сипаттағанды біз жалпы параметрді колданамыз, ал басты програм-мада, жағдайға байланысты, олардын орнына нақты мәндерін қойып шақырамыз. Нақты параметрдін саны және түрлері жалпы параметрдін санына және түріне тиісті болу керек.

23. Ішкі программа процедура.

 

Процедура деп белгілі бір идендификатормен аталып, сол атпен программаның кез-келген жерінен шақырып, белгілі бір есептеулерді орындауға болатын программаның тәуелсіз бөлігін айтады. Процедураның құрылымы программа құрылымына ұқсас келеді.

Процедураның құрылымы: (тақырыбы:)
PROCEDURE аты (формальды параметрлер типтері);
Сипаттамалар бөлімдері; (бұл бөлімдер болмауы да мүмкін)
BEGIN Операторлар; (процедура денесі)
END;

Программада процедураны пайдалану үшін процедураның атын нақты параметрлермен бірге жазып шақырады, ол жерді процедураны шақыру нүктесі деп атайды. Прграмма процедураның шақыруын оқыған заматта процедураның орындалуы басталады.

Процедураның функциядан басты айырмашылығы, процедура бірнеше параметрлерге тәуелді болып қана қоймай, оның нәтижелік мәні де бірнешеу болуы мүмкін. Сондықтан да параметрлер тізімі шартты түрде мән-параметрлер және айнымалы-параметрлер деген екі типке бөлінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмасы мынада, мән-параметрлер мәліметтерді «оған»(процедураға) жеткізуге қызмет етсе, ал айнымалы-параметрлер мәліметтерді «оған» да және «кері» де жеткізуге қызмет жасайды. Сонымен мән-параметрлер берілген мәліметтерді процедураға жеткізуге, ал айнымалы-параметрлер процедура жұмысының нәтижесін негізгі программаға жеткізуге арналған.

 

24. Ішкі программа функция.

 

Функция – басқа мәліметтер алу үшін анықталған мәліметтерге қолданылатынкомпьютердің іс-әрекеті. Функцияның ерекшелігі – оның орындалуы барысында бір ғана нәтиже шығады, ал кіру параметрлері бірнешеу болуы мүмкін. Нәтиже функция атауымен белгіленіп, негізгі бағдарламаға беріледі.

Функцияның сипатталуының тақырыбы FUNCTION қызметші сөзінен басталады. Одан кейін идентификатор түрінде алынған функция аты жазылады. Функция атынан кейін дөңгелек жақша ішінде функция аргументтері яғни формальді параметрлер тізімі орналасады. Бұл тізім ішінде параметр мәндер, параметр айнымалылар процедурадағыдай ене береді. Дербес жағдайларда параметрсіз функцияларда қолданыла алады. Функция тақырыбының соңында сипатталып отырған функцияның типі жазылады. Turbo Pascal бағдарламалау тiлiнде функцияның жалпы құрылымы төмендегідей:

FUNCTION FUNC_NAME(A1,A2,…: TYPE_1): TYPE_2;

{Процедурада қолданылатын айнымалыларды сипаттау бөлiмi}

BEGIN

процедураның негiзгi бөлiгi

END;

мұндағы FUNC_NAMEфункция атауы. Функция атауында бос орын белгiсi қолданылмай символдар тiзбегiнен құралады. Функция атауы әрiптен басталуы тиiс (мысалы: sum, pr1, user2); a1,a2– қосалқы бағдарламада қолданылатын айнымалылар тiзбегi. Төменде негiзгi бағдарламамен байланыс ретiнде қолданылатын айнымалылар сипатталады;

type_1 – айнымалылар типi (мысалы: х:integer; y:real және т.б.);

type_2 – функцияның типi;

begin – функцияның басы;

end - функцияның соңы.

 

25. Жалпы, нақты айнымалылар. Параметр-тізбек

 

26. Файлдардың анықтамасы, іске қосу және түрлері.

 

Файлдегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).

Файылдардымен жұмыс жасау үшін оларды ашу функциясы арқылы орындалады.

Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді:

  • мәтіндік файл;
  • типтік файл;
  • типтік емес файл.

Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз.

Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:

  • Тікелей қатынау файлдары
  • Кезекпен қатынау файлдары
  • Типті файл – барлық элементтері бір типті мәліметтер болып келетін файл түрі. Типті файл элементтері файлдық типетен басқа кез-келген тип бола алады.
  • Әр элементті файлға жазу үшін, мәліметтердің типіне байланысты, міндетті белгіленген мөлшерде орын бөледі. Типті файлдарды смпаттау бөлімінде ашу үшін, мәтіндік файлды смпаттағандай, файл мәліметтерді смпаттайтын тип жазылады.

Көбінесе файлдар текстік және екілік болып бөлінеді. Бұлай бөлу адамдың ойлау психологиясына байланысты: баспа символдары бар берілгендер текстік деп есептеліп, қалғангдары екілік деп есептеледі.

Файлдармен жұмыс істеу схемасы барлық программалау тілінде бір:

1. Алдымен файл ашылады. Бұл деген, программа бұл файлды тапты және одан берілгендерді оқуға, оған берілгендерді жазуға немесе бір уақытта берілгендерді оқу -жазуға дайындады. Жұмыс істеу режимдерін бұлай бөлудің ыңғайлығы мынада: оқу режимінде файл мазмұнын өзгерту мүмкін емес. Ал жазу режимінде файлдан берілгендерді оқу мүмкін емес.

Файл ашылған оған басқа программалар арқылы қатынас жасауға болмайды. Бұл ақпараттарға енудің бөлінуі деп атайды.
2. Файлдарға берілгендерді өңдеу жүреді: олар өзгертіледі не жойылады не қосылады.
3. Файл жабылады

 

 

27. Түрсіз, типті және сөздік файлдар. Сипаттау, іске қосу.

Мәтіндік файл (текстовый файл; text file) — құрамында құрылымдалмаған түрдегі ақпарат мәтіні бар файл; әріптерден, цифрлардан және тыныс белгілері мен арнайы символдардан құрастырылған қарапайым мәтіндік файл; онда каретканы қайтару мен келесі жолға ауысудан өзге басқару (пішімдеу) таңбалары болмайды

Типті файл – барлық элементтері бір типті мәліметтер болып келетін файл түрі. Типті файл элементтері файлдық типетен басқа кез-келген тип бола алады.

Типсіз файл. Бұл файлдар акпаратты көп өлшемде оқу жазу кажет болғанда колданылады

.

28. Модуль. Стандарт модульдер.

29. Модульдің құрамы.

30. Объектілер. Сипаттау. Қолдану әдістері.

 

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.