Здавалка
Главная | Обратная связь

сынып. Биология. 28.01.



Cабақтытың тақырыбы:Қазақ халкының экологиялық қағидалары

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақ халкының экологиялық қағидалары

мен таныстыру.

2.Оқушылардың экология ғылымын өмірмен байланыстыра отырып,білім деңгейін тереңдету қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : Семинар

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих.

Сабақтың көрнекілігі: сызба,сурет.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау эврикалық сұбхат

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу

ІІ.Жер шарындағы барлық халыктардын табиғат ресурстарын пайдалану ж/е корғау туралы өзіндік ой-пікірлері мен қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Үндістандыктар сиырды пір тұтып қадірлейді. Ал кейбір халықтар аққу, дегелектерді қастерлейді. Жалпы, түркі халыктары, соның ішінде қазақ халқы тұз тағыларын "қасиетті", "киелі" деп санал, ұрпақтарын оларды қорғай білуге тәрбиелеген.

Қазақ халкынын бар өмір салты табиғатпен тағдырлас болған. Табиғат аясы — оның тіршілік ететін мекені

Халық өзін табиғаттың туындысы деп ұғынып, оның байлығын көзінің қарашығындай сақтаған. Осындай салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен беріліп, асыл-мұра ретінде жеткізіліп отырды.

Біздің ата-бабаларымыз — Майқы би, Бөйдібек би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би табиғатты, туған жерді корғауға үндесе, жыраулар табиғатты аялап жырына қосқан. Одан бері — Абай, Мүхтар, Шөкәрім жане кейінгі жазушы-ағартушылар М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, I. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллиндердің көптеген тамаша туындылары табиғаттын әсемдігі ж\е оны қорғау туралы болды.

Ұлттык санамыздын ерекше қасиеттерінің бірі — табиғатқа деген зор сүйіспеншілік. Ертеректе казақ даласында болған саяхатшы жат жұрттык ғалымдар өз еңбектерінде казақ халқының табиғат сырың құпиясын бақылай білу кабілетін, оған деген қамкорлығын ерекше атап өткен. Мысалы, белгілі орыс ғалымы А.Н. Формозов өз еңбегінде: "Қазактардың байқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылай отырып, табиғат туралы қызықты деректер мен тұжырым-дарды жинақтаған", — деп аса жоғары бағалаған.

Кезінде казақ даласын жаяу аралап, оның байлығын әлемге паш еткен геологиялық зерттеулердің атасы академик К. Сәтбаев: "Туған табиғат аясы — адамның мекені

жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес", — деген еді. Ш. Уәлиханов: "Табиғат, адам — олардан күпия не бар?" — деп толғанады.

Табиғаттың ерекше бір әсем жерлеріндегі көріністерін, мөлдір бұлақты, кейбір жануарлар мен кұстарды, әсіресе тұз тағыларын киелі деп қастерлейді. Аң мен құсты бейберекет ауламай, үркітпей қорғап отырған. Халык өздері қастерлеген жерлерді "Әулие бұлақ", "Әулие ағаш", т.б. деп атап келген. Ал қарлығаш, аққу, ұлар, дегелек, т.б. кұстарды жақсылыктың жаршысы, адамдарға бақыт әкеледі деп ұясын бұзуға, оларды өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген.

Казақ халқы туған өлкесінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттейбілген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат апаттарын алдын ала болжап отырған.

Басқа ұлттар сияқты қазактар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатка деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. "Жер — ана, ел — бала",Жері байдың — елі бай", "Күте білсең — жер жомарт", — деп жерді Анаға теңеп көркөйтсе, ал "Тозған жерде тоқшылық болмайды", — деп жерді қорғауға шақырады. Осындай аталы сөздері мен ешбір елге ұқсамастай салт-дөстүрі бар қазақ жерінің табиғи сипаты неге өзгерді деген сұрак туады. Әрине, біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шұрайлы. Дегенмен Арал, Балқаш, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездегі бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған, аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жок емес. Ертеде ит-тұмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендері бойында көп болтан. Ал таулы жерлердегі калың ормандар қең алкапты алып жатқаны туралы деректер көп. Халкымыздың салт-дәстүрлері арқылы берілген экологиялык білім мен тәрбиені қайта түлету бүгінтг аға буынның міндеті болмақ

ІІІ. Табиғат туралы макал-мәтелдер мен накыл сөздер пікірсайысың өткізіндер.

 

ІV. § 36.

V. .1. Ғылыми конференциялар кай жылдары ж/е кандай қалаларда өтті?

2. Экологиялык білім мея тәрбие берудін қажеттілігі неде?

3.Экология және табиғат қорғау курстары не үшін оқытылды?

2. Эколог мамандары не үшін қажет болды?

4. Қазақстанда қандай экологиялык заңдар қабылданған?

5. Экологиялык білім мен тәрбие беру қажет пе?

6..Экологиялык білім туралы ұғымдар мен түсініктердін мөнін ашып, өмірден мысалдар келтіріңдер

 

1. Қазақ халқының табиғатты қорғаудағы салт-дәстүрлері несімен ерекшеленеді?

2. Ата-бабаларымыздан тәрбиелік мәні бар қандай накыл сөздер қалған?

3. Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

4 Қазактар туралы шетелдік саяхатшылардың, табиғат зерттеуші ғалымдардың пікірі қандай?

5.Жеріміздің тамылжыған табиғатының бұзылу себептері неде?

6.Қазақ халкының табиғат корғаудағы экологиялык білімі мен тәрбиесі неге тежелді?

7.Қ. Сәтбаев сөзінің бүгінгі маңызы неде?

8. Қазак халқы кандай андар мен құстарды "киелі" деп санаған? Оның торбиелік мәні неде?

9. Абай Кұнанбаевты "Эколог" деп айтуға бола ма, егер болса дәлелдеңдер.

 

§ 37. Экологиялық зерттеулер

Экология ғылымьшың далалық, зертханальщ және әксперименттік-тәжірибелік, т.б. зерттеу өдістері бар. Далалык зерттеу әдісі — далальщ жағдайда жүргізіледі. Зерттеу нысандары — дара, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т.б. болуы мүмкін. Кез келген популядиялар тобына экологиялык сипаттама беру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география гылымда-рының зерттеу әдістері колданылады. Сондьщтан эколог жаратылыс-

тану ғылымдарының ғылыми-теорияльщ негіздерін, зерттеу әдістерін толык меңгерген білікті маман болуы тиіс.

Далалык зерттеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожуйе, өзен-көлдер, т.б. нысандардьщ жайы, сандык катынасы немесе саласын аныктайды. Абиотикалық, биотикальщ, антропогендік факторлардың организмдерге тигізетін өсерін, олардың жойылып кетуі туралы зерттеулер жүргізеді. Материалдарды жинақтауда жылдың барлык мезгілдері, географияльщ табиғат белдемдері камтылады, сонымен катар үзак мерзімді зерттеулер де жүргізіледі.

Далалык материалдар зертханалық жағдайда өңделеді. Дүние-жүзілік стандарткд сай зертханалар казіргі заманғы к лима-камера лар, видеоаппаратуралар, оптикалык күралдар, аналитикалык таразылар, топографиялык күралдар, термостаттар, хромотография, электронды машиналар, микроскоптар, компьютерлер, т.б. керекті күралдармен жабдыкталуы тиіс.

Далалык жағдайдағы зерттеулер ғылыми жүмыстың мазмүнын толық аша алмайды. Әсіресе организмдердін көбеюге кабілеттілігі, жыныстық, жастық ерекшеліктері тәжірибе негізінде аныкталады. Сол сиякты организмдердің мінез-күлыктарын зерттеу ауа, су, топы-рактың ластану дәрежесіне, т.б. эксперименттік талдау жасауды қажет етеді. Сондыктан зерттеу нысандары зертханалык жағдайда тәжірибелер аркылы бакылауға алынады. Төжірибе нәтижелері — далалык зерттеу жүмыстарымен салыстырыла отырып, оның ғылыми-теориялык және практикалык маңызы қорытындыланады. Әрине зерттеу нысанының сипатына қарай далалык, зертханалык және төжірибелік зерттеулердің бағыттары мен оның зерттеу әдістері езгеріп отырады.

Өсімдіктер экологиясын зерттеудің езіндік ерекшелігі бар. Орыс ғалымы, геоботаник В.Н. Сукачевтың үсынысы бойынпіа өсімдіктерді зерттеуде, оньщ негізіне күрылымы алынады. Ассоциация — белгілі бір жердің климаты, топырағы, жануарлар дүниесі, биоәнімділігі мен көптүрлілігі ондағы бірлестіктердің арасындағы кдрым-қатынастарды толык сипаттай алады. Ассоциация биоценоздағы басым екі өсімдіктің атымен аталады. Мысалы, жусанды-изенді дала, жусанды-теріскенді дала, қарағайлы-кдйынды орман, т.б. Бірегей ассоциациялар іріленіп формацияны, формация топтарын, осімдіктердің бірегей типтерін күрайды (63-сурет).

Ассоциацияға экологиялык сипаттама беру үшін кесімді және өлшемді, есепке алынатын алаңдар белгіленеді. Олардың аумағы өсімдіктер тобы үшін 1, 10, 100 м2, ормандар үшін 100—5000 м2 ара-лығында алынады. Өлшейтін күрал үшбүрышты немесе шаршы түрінде болуы тиіс. Ал биомассаны есепке алу 0,25 — 1 ма аралығында ^Үргізіледі. Одан әрі өсімдіктердің сандық жөне сапалык күрамы, көптүрлілігі, тығыздығы, биоонімділігі, фенологиясы, реттелуі, т.б. Касиеттері аныкталады.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.