Здавалка
Главная | Обратная связь

Шарм Эль Шейх курорты



Әлемнің әр түкпірінде демалыс орындары, курорттар көп. Соның бірі – Каир қаласынан 120 км қашықтықта, Синай түбегінің оңтүстігінде орналасқан Шарм Эль Шейх курорты. Оның атауы араб тілінен аударғанда «патша шығанағы» дегенді білдіреді. Шарм Эль Шейх курорты туристерді тыныш жағажайлық демалыстарымен тартады. Ол жерде Қызыл теңіздің ғажайып су асты дүниесімен танысасыз. Бұл курорт жыл бойы туристерге қызмет көрсетеді. Туристерге ең бастысы жоғары қызмет көрсететін қонақүй болуы керек. Шарм Эль Шейх курортының қонақүйлері жанға жайлы, бағасы да жақсы. Наама Бей бухтасының жағалауында туристерге арналған бірінші кластық қонақүйлер мен туристік кешендер салынған. Ол жерде демалу және спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Шарм Эль Шейхты су астында жүзуді ұнататындар жоғары бағалайды. Жиырмаға жуық дайвинг орталықтары су астында жүзушілерге барлық қызмет түрлерін ұсынады. Туристердің көбісі джип-сафариді ұнатады. Ол жерде барлық қауіпсіздік шаралары жасалған. Туристер Синай түбегіндегі Әулие Екатерина монастырына экскурсияға шығады. Монастырь Синай тауының етегінде орналасқан. Қазіргі таңда Шарм Эль Шейх Египеттің ең көрікті курорттарының бірі болып саналады.

№3 мәтін

Қазақстан туризмі

Туризм адамдарды әрбір мемлекеттің табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлерімен таныстырады. Қазіргі заманғы туризм өндірісі дамып келе жатыр. Қазақстанның туристік ұйымдары отандық туризмді насихаттау үшін болашағы бар 75 жоба жасады. Олар: іскерлік, тарихи-мәдени, сауықтыру, ғылыми, әуесқой-спорттық, балық аулау, тау туризмі т.б. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанында «Лицензиялау туралы» заңы аясында елімізде 638 ұйымға туристік қызметпен айналысу құқығы берілген. Лицензия берілген туристік компаниялар елімізге туристер тартумен емес, сыртқы туристік сапарлар ұйымдастырумен айналысуда.

Еліміздің туристік аймақтары – Алматы, Көкшетау, Қапшағай, Маңғыстау өңірлері. Олар туризмнің нағыз орталықтары. Көбінесе туристік кәсіпорындар Алматыда орналасқан. Шетелдік туристердің басым бөлігі Алматы қаласына келеді. Бұл - туризм бизнесінің Қазақстан бойынша дамуына жол ашпақ. Әлемдік маңызы бар «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» демалыс орны, «Алатау» туристік базалары әсем табиғат аясында тұрып, сұлулығымен көз тартады.

Алматы – елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. Басты қала құндылықтарының бірі – Көктөбе. Көктөбеге қанатты жолмен көтеріледі. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады.

 

 

№4 мәтін

 

Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық саябағы. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар.

Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған. Марқакөл көлін 4 түрлі балық мекендейді. Сібір майқаны (ускуч)- Марқакөл тарихының бүкіл бір дәуірінің символы және қорықтың эмблемасы болып саналады.

Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В.Бартольд "Жер жанаты – Жетісу» деген еңбегінде жазған.

Ал Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар.

Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз.

 

№5 мәтін

Экологиялық мәдениет

«Экология» термині грек тілінен «қоршаған табиғи орта туралы» ілім деп аударылады. Оның анықтамасы: табиғаттың тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқыпты пайдалану.

Адам мен табиғаттың арасындағы еркін қатынастардан туындайтын мәдениет – экологиялық мәдениет деп аталады.

Ұзақ ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз табиғат құшағында көшіп жүріп, оның сырын жан-жақты білуге дағдыланған. Осының арқасында халқымыз табиғатпен біртұтас болып кеткен. Қанға сіңген табиғатты сүю қасиеті халқымызды өлкенің нағыз аялаушы қожасы ретінде сақтап келеді.

Ата-бабаларымыздың табиғатпен үндескен қағида-тұжырымдарын табиғатты өмірлік қажетімізге пайдалануда міндетті түрде орындау – біздің баянды өмір сүруіміздің негізгі болмақ. Біздің мақсатымыз да осы ата-бабаның асыл қасиетінің ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне көмектесу. Туған жердің табиғи болмысын танып-түсіну, қоршаған ортамен тіл табысу, сол ортамен үндес өмір салтын қалыптастыру халқымыздың ғибрат тұтар экологиялық мәдениетін дамытып қалыптастырды.

Найзағайдың жарқылы, күн күркіреуі, құйын секілді табиғат құбылыстарына қазақтар ерекше мән беріп, қасиетті санаған. Егер ұзақ мезгіл күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жаумаса, қазақтар тасаттық жасап, мал сойып, тәңірге құлшылық еткен. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат - ең қастерлі ұғым.

 

№6 мәтін

Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу

Байланысудың ең тиімді құралдарының бірі – телефон. Телефон – қажетті ақпаратты электр сигналы арқылы тасымалдайтын, жеткізетін құрылғы. Осы сигналдар толқындар мен оптикалық шоғырсымдар арқылы әлемді шарлайды. Олар ауада Жер серігінің көмегі арқылы да саяхат жасай алады. Жердің қай түкпірінде отырсаңыз да, қалаған адамыңызға қоңырау шалып, хабарласа аласыз. Телефондар көліктерде, ұшақтарда, кемелер мен механикалық машиналарда да қолданылады. 1876 жылы Бостонда американдық физик Александр Грэхем Белл телефонды ойлап тапты. Қазіргі кезде телефондар түрлі қызметке ие. Мысалы, бір телефонға келіп түскен қоңырауды екіншісіне жіберуге немесе бір сәтте бірнеше қоңырауды қабылдауға болады. Шоғырсымға жалғанбайтын сымсыз телефондар да кеңінен дамыды. Шын мәнінде «сымсыз телефон» деп ұялы телефонды айтуға болады. Ең соңғы үлгідегі мобильді телефондар ұялы желіге жалғанған. Сөйлесуден бөлек, ұялы телефондар бізге хабарлама мен суреттерді жіберуге мүмкіндік береді. Факс машиналары телефон желісі арқылы бетті сканерлеп, қажетті нөмірге жеткізеді.

Ұялы телефонды әр адам кез келген уақытта пайдалана алады. Сондай-ақ, ол өте кішкентай болғандықтан, күнделікті өмірде өзіңізбен бірге алып жүре аласыз.

№7 мәтін

Ғаламтордың шығу тарихы

Ғаламтордың пайда болуына XX ғ. 60-жылдардың аяғында жарық көрген ARPANet есептеу желісі үлкен септігін тигізген. Бұл желіні әдваансс риисөөрч проожэкт эйдженсей Advanced Resaerch Project Agency деп аталатын АҚШ-тың үкіметтік ұйымы құрастырған болатын. ARPANet желісі орталықтандырылмаған болатын. Бірақ ақпараттық дестелер өздерінің белгіленген жерлерін тауып, қабылдаушының рұқсатымен есептеуіш құрылғысына енетін.

1989 жылы ARPANet жобасы тәмамдалады. 90-жылдардың басында дүниежүзіндегі ірі-ірі корпорациялар ғаламтордың көмегімен электронды пошта арқылы ақпаратты тарату мүмкіндігін көптеп пайдалана бастайды. Бірақ, Ұлттық ғылым фондының қаулысымен ғаламтор желісін коммерциялық мақсатпен қолдануға тыйым салды. Оның толыққанды дамуын тежеді. 1991 жылы жоғарыда айтылған қаулы өз күшін жойып, ғаламтор желісі жеке тұлғаларға, мекемелер мен өндіріс көздеріне қолжетімді болды. Ғаламтордың дамуы жаңа деңгейге шықты.

1993 жылы Mosaic атты алғашқы графикалық браузер жарық көрді. Осы тарихи оқиға ғаламтордың дамуына түрткі болған. 1993 жылы Netscape дербес компьютерлеріне арнайы жазылған браузердің коммерциялық нұсқасынан кейін өмірге Netscape Commerce Server келген. Бұл серверлік бағдарламаның көмегімен түрлі мекемелер веб-сайттарды жариялау мүмкіндіктерін алды. 90-жылдары ғаламтор технологиялар қарқынды дамып, нәтижесінде «желілер желісі» ақпарат тарату мен коммерциялық әрекеттерді жүзеге асыру механизміне айналды.

№8 мәтін

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Дене жаттығулары организмді алдын-ала сақтандырып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады. Дененің әртүрлі мүшелерінің қызметін дұрыс атқаруы, тамақ қорыту, қан айналу, жүректің соғысы, ми мен өкпе-бауырдың саулығы өз қолыңызда. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”, «Ас ішуге құнығу – айуандық, асқа құлықсыздық – есерлік» деген халқымыз.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасында азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн: дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлықтың көп таралуы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай әдістемелерді ұсынды. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды. Бұл әдістеме арқылы ағзаның кез келген бөлігіндегі кеселді емдеуге болады.

№9 мәтін

Сән және стиль түрлері

Сән – қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс. «Сән» (мода) – латын сөзі, «өлшем», «әдіс», «іс-әрекет» деген ұғымды білдіреді. Қазіргі таңда әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бар.

Сәнді арнайы көркемдеуші адамды «сәнгер» деп атаймыз. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талғамына сай келетіндей етіп орындайды. Оларды «стилистер» деп атаймыз.

Стиль – грек сөзі, өнерде авторлық туындының мәнерін, мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін білдіреді. Киімде бірнеше стиль қалыптасқан. Олар: классикалық, фольклорлық, романтикалық, спорттық және т.б.

Классикалық стильге салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм, шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет-костюм, ағылшын пальтосы, ал әйелдердің классикалық киіміне жеңді көйлек, жеңді көйлек жакетімен, белдемше кіреді.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Спорттық киімдер ассортименттері – күртеше, жейде, әртүрлі ұзындықтағы түрліше әрленген белдемшелер, комбинезондар, джинсы киімдер.

Романтикалық стильде әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктік әдеттегіден тыс көрінеді.

Фольклорлық стиль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.

№10 мәтін

Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері

Қазақстан - көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – оңтүстіктің байлығы.

Қазақстанның өркендеуі – экономика саласына тікелей байланысты. Қазақстанның басты стратегиясы – ашық экономика және еркін сауда саясатын ұстану.

Қазақстанның жер байлығы оның экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Қазақстан минерал қоры бойынша әлемде алдыңғы орында. Елде 35-ке жуық химия және мұнай өндірісінің кәсіпорындары жұмыс істейді. Түрлі-түсті металлургияда 30-ға жуық кәсіпорын металл қорытып, шикізат өңдейді. Лондонның түрлі-түсті металл биржасында Қазақстанда жасалған өнім бірнеше рет эталлон ретінде бағаланды. Қазақстанда темір және тас көмір қорын игерумен 24 кәсіпорын шұғылданады.

Әлемдегі уран қорының төрттен бірі Қазақстанда. Уран бейбіт мақсатта электр стансаларында қолданылады. Әлемдегі тұңғыш нейтрон өндіріс реакторы Каспий жағалауында орналасқан. Қазақстанның болашағы мұнай, газ кешенінің дамуына байланысты. Қазақстан үшін мұнай мен газ - аса маңызды стратегиялық сала. Қазақстан табиғи газдың қоры бойынша әлемде 15-орында, ал ТМД елдері бойынша 4-орында.

№11 мәтін

 

Мемлекеттік рәміздер тарихынан

Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. Рәміздер сол елдің мәдениеті мен дәстүрінен хабар береді. Біздің еліміздің рәміздері қазақ халқының танымымен ұштасып жатыр. 1992 жылы 4 маусымда ресми рәміздеріміз туралы заң қабылданды. Оларды егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті. Біздің мемлекетіміздің рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олардың әрқайсының мәні, өз орны, тарихы бар.

Мемлекеттік Ту Республика Президенті сарайына, Парламент, үкіметтің, министрліктердің ғимараттарына ілінеді. Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің ғимараттарына тұрақты орнатылады. Бұлардан басқа ту ұлттық мерекелер кезінде көтеріледі. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Қазақстан спортшылары қатысқан олимпиадаларда жеңімпаздарымыз туымызды аспанда желбіретіп жүр.

Мемлекеттік Елтаңба мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға салынады. Қазақстан Республикасының азаматы екендігін айқындайтын төлқұжатта да елтаңба бар. Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлихан.

Мемлекеттік әнұранды салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде орындайды. Қазақстан Республикасының әнұраны көпшілік алдында орындалған кезде, қатысушылар әнұранды тұрып тыңдайды.

Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам Қазақстан Республикасының туын, әнұранын және елтаңбасын құрмет тұтуға міндетті.

 

 

№12 мәтін

Ұлттық валюта – теңге

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

Ақша дегеніміз – адам баласының сауданы жеңілдету мен басқа да экономикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланылатын ерекше бір заттардың жалпы атауы. Ақша экономиканың даму тарихында ерекше текті тауар болып табылады. Ақшаның ерекшелігі – оның әмбебаптығынан жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрінеді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үдерісінде делдал-тауар қызметін атқарады.

№13 мәтін

Қазақ ғарышкерлері

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, авиация институтын бітірген. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғарышта өтеген мерзімі – 7 күн 22 сағат 13 минут. Тоқтар Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 жылы Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда 208 күн ғарышта өткізген.

Айдын Аимбетов 1972 жылы Талдықорған облысының Талдықорған ауданында дүниеге келген. Еліміздің үшінші ғарышкері 2015 жылдың 2 қыркүйегінде СОЮЗ ТМА 18М ғарыш кемесімен Астана уақыты бойынша 10 сағат 37 минутта ұшты. Айдын Айымбетов ғарышта оншақты ғылыми эксперимент жүргізді. Қазақ халқы осы ғарышкерлерді мақтан тұтады.

№14 мәтін

Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды

Бейжіңдегі мемлекеттік мұнай университетінде оқып жатқан отандасымыз Аслан Жанұзақов «Жыл студенті» атанды.

Қытайда мұндай атақ оқу үлгерімі бойынша жоғары көрсеткішке жеткен, қоғамдық және спорттық шараларға белсене қатысқан және үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаған білімгерлерге беріледі. Жерлесіміз Аслан Жанұзақов қазір ғылыми диссертациялық жұмысын жазуда. Ол келер жылы магистратураны аяқтаған соң, Қазақстанға оралып, инновациялық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Аслан Жанұзақов Қытайдың белді оқу орнында 7 жылдан бері білім алуда. Мұнай компаниясының бөлген грантын жеңіп алған Ақтөбелік түлек, 2007 жылы Бейжің мемлекеттік мұнай университетіне қабылданды. 5 жыл бойы үздік оқыған Аслан Қытай Білім министрлігінің оқу грантын иеленіп, білімін магистратурада жалғастыруына мүмкіндік алды. Қазір ол түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарына атсалысып, инновациялық технологияларды терең меңгеруде. Асланның ғылыми жетекшісі Хан Гуоцин қазақстандық студентке үлкен үміт артып отыр.

Жастар – еліміздің болашағы. Қазіргі жас ұрпақ өкілдері заманның қорғаушы күші – шын мәнінде жастар екенін түсінді. Сондықтан жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп тәрбиелеу керек. Барлық нәрсенің іргетасы – білім болуы тиіс.

 

 

№15 мәтін

Әлемдегі ең таңдаулы мамандық

 

Адам екі нәрсені таңдауда жаңы­лыспауы керек. Соның алғашқысы – мамандық таңдау екен. Өйткені мамандық әр­бірімізге өмір бойы азық болады. Кәсіп адам жанына тұрмыстық, рухани тұрғыда жайлылық береді. Қазақстан мұнайлы өлке болғандықтан, еліміздегі ең таң­даулы табысы мол ма­мандық та мұнаймен бай­ланысты. Қазіргі таңда экономикалық мамандықтар ауадай қажет. Елімізде бизнес-консалтингтер де сұранысқа ие. Сондай-ақ заңгер мамандығы да әлі күнге талапкерлер арасында «таны­мал» мамандықтардың қата­рында. Одан кейінгі орында ақпараттық технология және телекоммуникация мамандығы орналасқан. Үздік маман­дық­тар тізімінің соңына маркетинг, PR саласы орнықты. HR-ма­ман­дарының айтуынша, бұл саланың кең етек жаюы елі­мізде компаниялардың кө­беюі­мен байланысты. Осыдан бір жыл бұрын құрылысшы, бан­кир мамандықтары сұранысқа ие болса, биыл аталмыш ма­мандық түрлері үздік маман­дықтардың қатарынан кө­рінбеді. Бұған қоса, әлеу­меттік салаға қажетті мамандық түр­лері тізіміненде бой көр­сет­педі. Елімізде техникалық мамандарға сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар экономика, құрылыс, өндіріс салаларына да заманауи талапқа сай мамандар қажет. Мысалы: болашақта Қазақстан сәулетінің өркендеуіне үлес қосатын мамандарды дайындау қарқынды түрде жүріп жатыр. ХХ ғасырда пайда болған дизайн мамандығының күнделікті тұрмыстық жағдайдағы қажеттілігі күн сайын артып келеді.

№16 мәтін

Іскерлік

Іскерлік – қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы. Мұндай іскер адам барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды ала біледі.

Шағын бизнеспен айналысам деген адам алдымен өз материалдық мүмкіндігін анықтап алуы қажет. Ол өз күш-қуатын, өз іскерлігін, біліктілігін, тіпті денсаулығын объективті түрде бағалауға тиіс. Екіншіден,қолыңыздан не келеді, қандай іспен айналысқыңыз келеді? Сол жұмыс, сол қызмет, сол өнім нарықта сұранысқа ие бола ала ма? Осы мәселені шешпей, бизнеске кірісуге болмайды. Үшіншіден, кәсіпорын құрып, өнім шығара бастағанда, жарнама арқылы өз өнімдеріне тұтынушылардың көңілін аудару қажет.

Қазіргі кезде бірыңғай әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар бар. Іскер әйел басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар да бар. Білімі, іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті мықты басшы әйелдер аз емес. Дегенмен, басшы қызметте отырған әйел адамның бірнеше маңызды сипаттары болуы керек. Өз басқаруындағы ұжым мүшелерінің мінез-құлқын, іскерлік қабілетін, көңіл күйін сезімталдықпен байқау керек. Басшы әйел адамдарды ұжымдастырып, істі ілгері жүргізе алады. Басшы әйел ең алдымен психолог, содан кейін ұйымдастырушы болуы тиіс.

 

№17 мәтін

Әлемдегі ең бай адамдар

Билл Гейтс — АҚШ кәсіпкері, әрі қоғам қайраткері. Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен. Гейтстің өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсысы тек $10 млн. алады. Қалғаны қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған.

Карлос Слим -жербетіндегіең бай адамдепсаналады. Басылым деректерінше, оның қазынасы 79,6 миллиард долларға бағаланған. Бұл осыған дейін байлардың көшін бастаған Билл Гейтстің қазынасынан 500 миллион долларға көп.

Слимнің бизнесі телекоммуникациямен байланысты. Ол Мексиканың ғана емес, Латын Америкасындағы өзге елдердің де байланыс саласын қадағалайды. 2013 жылы Слимді бай адамдардың көш басындағы орнын, Forbes жорналының пікірінше, Билл Гейтс басқан. Қазір Слим бұл атағын қайта иемденді.

Баффет Уоррен Эдвард – американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекеменшік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-Cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30,5 миллиард доллар.

 

№18 мәтін

Кімде қандай коллекция бар?

 

Әркімнің әр нәрсе жинауға әуестігі бар. Өйткені, адамдардың талғамы бірдей емес. Кинокамера жинаумен әуестенетін Димитрис Пистоластың коллекциясынан бүгінде 937 ескі камера моделдері мен кинопроэкторлар табуға болады. Ал қытайлық коллекционер Вонг Гуохуа 2003 жылдан бері шылым қораптарын жинаумен айналысады. Қазір оның жинаған дүниесі 30 мыңға жеткен.

Лайза Кортнидің коллекциясы кезінде Гиннестің Рекордтар кітабына да кірді. Жұмсақ ойыншық көрсе өзін-өзі тоқтата алмайтын Лайзаның бүгінде 12113 қуыршағы бар. Пам Баркер ойыншықтардың бір ғана түрін жинаумен әуестенеді. Яғни кәдімгі жапалақтың кез келген ойыншығын сатып алуға ақшасын аямайды. Пам ханымның қоржынындағы коллекция 18 мыңнан асып жығылады. Шэрон Бэдглидің жинаған коллекциясы 6 мыңға жуық. Өйткені Шэрон дүкендерде сирек сатылатын Санта Клаус (аяз ата) қуыршақтарын жинайды.

Сол сияқты резеңкеден жасалған ойыншық үйректі ермегіне айналдырған Валли Хаммер. Бүгінде Валлидің 2470 резеңке үйрегі бар. Ерекше коллекциясымен әлем жұртшылығын таңғалдырған Рон Тиллер мырза кәдімгі салпыншақ (брелок) жинауға әуес. Оның қоржынынан салпыншақтың мыңдаған түрін кездестіруге болады.Ал неміс фермері Генрих Кэт көптен бері сыра саптыаяғын жинаумен әуестенеді. Қазір оның жинаған саптыаяғы 20 мыңға жетті.

№19 мәтін

Ақ Азияда ойындары

Қазақстанда тұңғыш рет 7-ші қысқы Азияда ойындары өткізілді. Қазақстандағы Азияда бойтұмары жасалынды. Ол үшін барыс күшігін таңдап алған. Оның аты – Ирби. Қазақстанның ірі қалаларында Азияда алауы салтанатты түрде жағылды. Алауды сол қалалардың танымал азаматтары көше бойымен алып жүрді. Азияданың ашылуы бас қаламыз Астанада өтті. Оны әлем елдерінің барлығы тамашалады. Жеті саны қазақ халқы үшін қасиетті. Қазақта жеті ата деген сөз бар. Сол себепті қазақтың жеті спортшысы жеті алаумен үлкен тайқазандағы отты жақты. Аспаннан от шашулар төгілді.

Алматы қаласы зеңгір Алатауымен мақтана алады. Азияда қысқы ойындарының 11 түрі өткізілді: мәнерлеп сырғанау, тауда шаңғы тебу, т.б. Алматыда қысқы ойындар Шымбұлақта, Медеу мұзайдынында өтті. Жарыстар табиғат аясында және жабық стадионда өткізілді. Таудың ауасы өте таза болады. Жарыстар табиғат аясында және жабық стадионда өтті. Азияданың жабылу салтанаты Алматы қаласында өтті. Спортта біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Қазақстан бірінші орынды жеңіп алды. Осы Азияданың өтуіне байланысты Астана мен Алматы қаласында жаңа стадиондар, спорттық кешендер салынды. Алдағы уақыттарда да спорттық ойындардан олимпиадаларды өткізу қолға алынып жатыр.

№20 мәтін

Бисердің шығу тарихы

Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен таралған. Бисер әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап, өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Мысалы алқа, тұмарша, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқылады. Сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Өйткені бұл - жеңіл үйренілетін өнер. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан».

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдарды жастар мен орта жастағы әйелдер тағады. Алуан түрлі бисерден әшекейленген киімдер, аяқ киімдер, сөмкелерді жиі кездестіруге болады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін бойтұмар, алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді. Бұндай бұйымдарды тұтынатын қыздардың саны күн сайын артып келеді.

 

 

№21 мәтін

 

Тарихи тұлға

Тарихи тұлға дегеніміз – жағдайға байланысты және жеке басының сапасына орай танылғандар. Қазақтың шежірелік зердесінде адам – тарихтың негізгі тұлғасы. Тарихи дамуға халық болмысы негіз болады. Жеке тұлғаның өзі халық арасынан шығады. Қандай да бір айбынды әмірші болса да, ол халықпен бірге көтеріліп, халықпен бірге төмендейді деген ойды орыс халқының жазушысы, философ А.И.Герцен айтқан. Әбубәкір Кердері де: «Жігітке бақыт та оңай, дәулет те оңай, егер қабырғалы халқы болса»,- деген. Яғни, тарихи тұлға қаншалықты данышпан болса да, оның барша болмысы қоғамдық өмірмен байланыста болады.

Иә, қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар.

Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, сол елге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісі арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі.

№22 мәтін

Достық деген не?

Қазақта: «Көзден таса – көңілден болады ұмыт» деген нақыл сөз бар. Адал дос досын ғана ойында сақтайды. Қиыр шет, қиын алыста жүргенде де көкейінде ұстайды. Кейбір адамдар, тіпті қайтыс болған достарын да ұмытпайды.

Досыңның көңілінде кірбіңі болса, соны кетіруге асық. Ол бақытсыздыққа ұшыраса – барыңмен бөліс. Ауруға шалдықса – көңіліңмен демеу бол. Ол ашулы отырса, ақылыңды айтып, алдын теже. Адал достың бір-бірімен қарым-қатынасы тек қана осылай болуы абзал. Досты қинағаның - өзіңді қинағаның, оны сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның.

Адал дос аңқау болады. Оны ақылсыздығы емес, сенім артқан достықтың күші аңқау етеді. Ендеше ешқашанда адал досты алдама. Алдаған дос аяусыз үкім шығарады. Данышпан Абайдың: «Досыңа достық – қарыз іс» деген сөзі бар. Бұл сөздің мәнісі адам досына достық көрсетіп, бір-біріне қызмет қылуға міндетті дегенді білдіреді. Егер сен досым маған қызмет етсін деп шіреніп жатып алсаң, онда достық бұзылады. Себебі шын дос адамдар бір-біріне жалшыдай қызмет етеді: айтқызбай жақсылық жасайды, айтқанының бәрін де орындайды. Бірақ бұған ешқайсысы бір-бірінен ақы дәметпейді. Өйткені достықты міндет қылған адам – дос бола алмайды.

 

№23 мәтін

Бірлігі жарасқан ел

Қазақстан көп ұлтты мемлекет екені баршамызға мәлім. Қазақстан – ежелден береке-бірлігі жарасқан ел.Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүріп отыр. Олар бір отбасының баласындай тату-тәтті. Әр адамның өз туған жері, өз Отаны болады. Қазақстан кейбір азаматтарға тарихи Отан болған. Олар Қазақстанды ортақ «Отанымыз» деп санайды.

Әр халықтың өзіне тән мәдениеті мен салт-дәстүрі болады. Олар өз салт-дәстүрлерін, мәдениетін үнемі ұрпақтан-ұқпаққа жеткізіп отырады. Әр ұлт өкілдері өз тарихын жақсы біледі. Өз тарихын білу -парыз. Өзге ұлттардың тілін, салт-дәстүрін ұмытпауға елімізде барлық жағдай жасалған. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері де көптеп саналады. Қазақ тілін еркін меңгерген азаматтар жақсы жұмыстарға орналасады.

Қазақстан халқы арасында қарым-қатынас, достық жақсы дамып жатыр. Басқа елдер бізге қызыға қарайды. Қазақстанда мекен ететін халықтар арасында келіспеушілік жоқ. Халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық сақталған. Келешекте де халықтар достастығы нығая береді. Бұндай мейірімділік – ұлт болашағын, ұлт тағдырын, ұрпақтардың келешегін ойлайтын мемлекетке ғана тән қасиет.

 

 

№24 мәтін

 

Аққу –махаббат символы

Аққу – өте ірі және күшті құстардың бірі. Ол көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап, ерекше құрметтеген. Аққулар қазақ халқының аңыздары мен ертегілерінде жырланады. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді.Аққу – сұлулықтың, асқақ ананың, айрылмас жардың символы. Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс. Егер жұп аққудың бір сыңары өліп қалса, енді бір сыңары басқа бір жұпқа қосылмайды. Өмірден қайғырған қалпында жалғыз өтеді екен. Бұл айнымас адал махаббаттың символы екенін көрсетеді. Бір-бірін шын сүйген жас жұбайлар махаббаттарын аққудың махаббатындай болса деп армандайды.

Қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойында аққуды ерекше қастерлеген. Халық қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. Аққудың қауырсынын бесіктің басына және балалардың омырауына ырымдап тағады.Қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" - деген дана сөздер қалдырған. Аққу – табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.

№25 мәтін

Асар

Асар көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл дәстүр күні бүгінге дейін сақталған. Асар жасау қазақ халқының ұйымшылдығын көрсетеді. Үлкен күш пен көп қолды қажет ететін ауыр жұмыс атқарылғанда жақындарының немесе көрші-қолаңдар мен жора-жолдастарының көрсеткен көмектері асар деп аталады. Асар әсіресе үлкен үй тұрғызғанда ұйымдастырылады. Себебі жұмыс ауқымы үлкен және қиын. Асар жасайтын жұмыс иелері бір күнді белгілеп, ақылдасып, алдын-ала көмектесушілерді шақырады. Көмекке туған-туысқандар, көрші-қолаңдар жиналады. Көмекке келген асаршыларға ақы төленбейді. Олар көмектерін тегін көрсетеді. Асарға келе алмағандар өздерінің көмектерін қаржылай немесе істелініп жатқан жұмысқа қажетті затты беру арқылы көмектеседі. Жұмыс иелері жұмысшыларға жақсылап дастарқан жайып, құрметпен қызмет көрсетеді. Бұндай асар бір-бірін сыйлауды, жанашырлықты, бірлікті, туысқандықты білдіреді. Әйел адамдары жұмысшыларға ас дайындайды. Дастарқан басында әңгіме-думан құрып, ән айтылады. Асарға жас балалар да қатысады. Үлкендер оларға жеңіл-желпі жұмыстар беріп, еңбекке баулиды. Үлкендердің осындай бірігіп істеген жұмыстары балаларына жақсы үлгі бола алады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесіп жасалған жұмыс тез бітеді. Осындай асар туысқандар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады, береке-бірлігін арттырады.

 

№26 мәтін

Үйлену тойы

Үйлену тойы – қуанышты сәт! Жас жұбайлардың бас қосуы – жаңа өмірдің бастауы. Көптеген жұбайлар «Бұл біздің өміріміздегі ең бақытты күн» - деп айтады. Бірақ ол күні көптеген қиыншылықтар болады. Өйткені оған үлкен дайындық пен мол қаражат керек. Қазақ халқында «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақал бар. Бұл шаңырақ көтерудің маңызды екенін білдіреді.

Үйлену – қыз бен жігіттің ата-ана, ағайын-туғандары танысып-білісуінен басталады. Алғашқыда күйеу жігіттің әке-шешесі, ағайын-туыстары болашақ келіннің үйіне келеді. Қыздың ата-анасының, туыстарының ризалығын алады. Кейбір жағдайда жаңа құдалар құр қол келмей, қоржын әкеледі. Құда болысып, тойдың барысы жайлы сөз байласады. Қыз ұзату тойын қыздың отбасы жасайды. Қыздың туған-туыстары жиналып, ұзатылып бара жатқан қызды шығарып салады. Келін түсіру тойлары жігіттің шаңырағында өткізіледі. Бұл тойға көрші-қолаң, ағайын-жекжат түгел жиналады. Жаңа түскен келінге шашу шашылады.

Кейде үлкен шаңырақта бір үйдегі ағалы-інілі балалардың тойлары бір күнде өткізілген. Оны қос той деп атаған. Заман өзгерді, уақыт талабы басқа. Қазіргі кезде екі жақ келісе отырып, үйлену тойын бірге жасауы да кездеседі.

 

№27 мәтін

Әдептілік туралы

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету- адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып, үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып, әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу- халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін- тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі. Отбасындағы тәрбие құдіреті – осында. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Әдептілік – өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

 

 

№28 мәтін

Нәресте мен періште

Бір нәресте дүниеге келуге жақындағанда, бір періштеден сұрайды:

-Мен өте кішкентаймын, сондықтан мен ол жақта қалай өмір сүремін?

-Қорықпа! Сен ол жақта жалғыз болмайсың. Сені бір өте мейірімді қамқоршың күтіп алады. Ол әрдайым сенімен бірге болады, сенімен бірге күледі, жылайды. Сені ешқашан жалғыз қалдырмайды. Тіпті саған ол жақтағы ең әдемі тағамды береді.

-Ол жақта жаман адамдар бар екен. Мені олардан кім қорғайды?

-Сенің қамқоршың сені жан-тәнімен қорғайтын болады. Өзіне қауіп төнсе де, сені жалғыз тастамайды.

-Алайда мен осында бақыттымын. Ән айтамын, періштелердің әнін тыңдаймын.

-Сенің қамқоршың да саған әрдайым әдемі әндер айтып береді. Сені ыстық алақанына алады, мейірім толы құшағына басады, бетіңнен сүйеді, «періштем» деп еркелетеді.

-Егер ол жақтағылар менімен сөйлессе, мен оларды қалай түсінемін?

-Сенің қамқоршың саған олардың тілін үйретеді.

-Сен оған «ана тілім» дейсің. Тіпті сен ең бірінші оның атын айтатын боласың.

-Ендеше менің соңғы сұрағым мынау: мен оны қалай танимын? Оның аты кім?

-Оның аты –Ана. Сен оған “Анашым” дейтін боласың.

№29 мәтін

Отбасы

Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы – қоғамның ең маңызды тірегі болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.

Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын қағидалары, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да өзара татулықты қажет етеді.

Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, отбасы мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше. Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.Ана үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ балалардың тәрбиесіне аса үлкен назар аударады.

Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани-адамгершілік бастауы.Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

№30 мәтін

Отбасылық бюджет

Отбасылық бюджет – бұл бір жанұяның белгілі бір уақытқа жоспарлаған кірісі мен шығысы. Бюджет деген ұғым көне нормандық «Bougette» деген сөзінен аударылған. «Былғары әмиян» деген мағынаны білдіреді.

Отбасылық бюджетті құру – үйге келген ортақ ақшаны дұрыс жұмсауға көмектеседі. Негізгі табыс – ол сендердің ата-аналарыңның бір айдағы еңбекақысы, сол ақша отбасы мүшелерінің бәріне жұмсалады. Тіпті, әлі еңбектеніп, еңбекақы алмайтын сендер де сол ақшаға ортақсыңдар.Үйдегі жан-жануарларға да қажетті дүние ата-аналарыңның ақшасына алынады.

Отбасылық бюджетті сауатты жоспарлау – үлкен өнер. Әр адам осыны меңгерсе, ақшасын үнемдейді және артық қор да жинай алады. Бюджет қалай тиімді болады? Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет. Кіріс дегеніміз – белгілі бір еңбекке төленетін ақша, табыс, кейбір жерлерде оны жалақы деп те атайды. Ал шығыс дегеніміз – кез келген затты сатып алуға жұмсалатын қаржы немесе ақша. Еңбекпен тапқан қаражатты қалай болса солай жұмсауға болмайды. Демек, ақшаны шаша бермей, оны дұрыс ұстауға үйренуіміз керек. Мысалы, шет мемлекеттерде отбасылық бюджетті жоспарлау, ақшаны үнемдеуді арнайы оқытып, балаларды жастайынан тәрбиелейді.

(«Қызықты қаржы», №6)

 

Тыңдалым бойынша тест жауаптары

⇐ Предыдущая12





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
мәтін№ сұрақтар№ дұрыс бұрыс мәтін№ сұрақтар№ дұрыс бұрыс мәтін№ сұрақтар№ дұрыс бұрыс
№ 1   - № 11   + № 21   +
  - +     +
+     - +  
  - +   +  
№ 2   - № 12   + № 22 +  
+     + +  
+   +     -
  - +   +  
№ 3 +   № 13   + № 23 +  
  + +     +
+   +   +  
  +   + +  
№ 4 +   № 14   + № 24   +
  + +   +  
+   +     +
  + +   +  
№ 5 +   № 15   + № 25 +  
+   +     +
  + +   +  
  +   +   +
№ 6 +   № 16   + № 26 +  
  +   + +  
  + +     +
+   +     +
№ 7 +   № 17 +   № 27   +
  +   + +  
+     +   +
  + +   +  
№ 8   + № 18   + № 28 +  
+   +