Здавалка
Главная | Обратная связь

Сынып комплектілерін біріктіру ерекшеліктері.



Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз – балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді белсенді оқыту қызметімен ұштастыра алуы тиіс.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».

ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен мұғалiмдердiң саны ескерiледi. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15 - тен аспайтын болса, 1 - сынып комплект, 15 - тен жоғары 2 немесе 3 - сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 - сынып – комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. Мұнда екі сынып - комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5 - тен 15 - ке дейін ғана бала болса онда 1 сынып – комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды бiрiктiру. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

Мектептiң бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге бiрiктiрудiң мынадай варианттары болуы мүмкiн: 2+3, 2+4, 3+4; мұнда 2 және 4 сынып оқушыларын бiрiктiру (2+4) оңтайлы болып табылады.

Бiрiншi сынып оқушыларын сынып-кешендер құрамына енгiзбеген дұрыс. Бұл кезеңде баланың мектепке күнделiктi оқуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн дене және психикалық-физиологиялық дамуы жүрiп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейiнiн ұзақ шоғырландыруға қабiлетi дамымаған, қозғыш, елiктегiш болады. Жаңа әлеуметтiк жағдаяттар баланы қатаң қалыптағы әлемге ендiредi, бала өмiрiн тәртiпке түсiредi, сөйтiп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзiне айналады. Мектепке түскен әрбiр оқушыға психикалық қысым түседi. Бұл тек оның денсаулығында ғана емес, мiнез-құлқында да көрiнiс табатын болады. Сонымен бiрiншi сынып оқушыларының оқу әрекетiне, табысқа ұмтылуына, өзiн-өзi бақылауға дайын болуына, бейiмделу үрдiсiнiң жеңiл өтуiне оң мотивтерi қалыптасуы үшiн оларды сынып-кешенге қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту ұсынылады.

Сыныптарды бiрiктiру ШЖМ-де оқу сабақтарын ұйымдастыруда қиындықтар тууына әсерiн тигiзедi. Бастауыш шағын жинақталған мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек: жазу сабағы бойынша 2 сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан, математика сабағы бойынша 2 сыныпта 15 минуттан, 3 сыныпта 20 минуттан аспауы тиiс. Оқушылардың шаршауының алдын алу мақсатында қосарланған сабақтардың (әсiресе соңғы 4 және 5 сабақтар) ұзақтығын 10-15 минутқа дейiн (дене шынықтыру сабағынан басқа) қысқарту мүмкiндiгi қарастырылады.

62. Сабақтың білімділік мақсаты, міндеттері.

Сабақтың құрылымы - сабақты үйлестірудің әр түрлі нұсқаларында оның негізгі сипаттамаларының сақталуы мен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы. Бұл элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын шығару. Сабақтың типі құрылымдық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен белгіленеді. Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.

Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.

Жаңа оқу материалын оқу сабағы

Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.

Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді өткен соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі. Мысалы, қазақ тілінде "Зат есім" тақырыбына көптеген сабақтар арналып, соңғы сабақта оқылған материал бекітіледі. Оқушылардың сабақтың өтетін уақытын және оның негізгі міндеттерін білгені жақсы. Мұғалім бекітетін негізгі сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша, жазбаша, тәжірибелік жұмыстармен, өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы жұмыстар бекіту сабақтарының құрылымына кіреді. Ол өткен оқу материалын әрбір оқушыдан немесе бәрінен сұраудан басталады. Содан кейін білім тексеру тақырыптың күрделі жерлерін бекіту үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады.

Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі. Математика, физика, химия сабақтарында ол есептер және мысалдар шығарумен байланысты. Тіл сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық қысқаша мазмұны жазылып, оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау.

 

63. ШКМ сабақ кестесін құру ерекшеліктері.

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пәндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамыз.

64. Мониторинг туралы түсінік және оның түрлері

Мониторинг дегенiмiз не латын тiлiнен аударғанда (напоминающий, еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.