Здавалка
Главная | Обратная связь

Жалпы мониторинг дегеніміз



- Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті.

- Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.

- Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.

Мониторинг – пән мазмұнына, ғылыми мамандығына байланыссыз ойлау қызметiнiң әмбебап (универсальды) типi.

Мониторингтiң атқаратын қызметi

1. Әрекет барысына түзетулер енгiзу.

2. Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету.

3. Аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау.

4. Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.

Мониторингтiң түрлерi:

Педагогикалық; әлеуметтанымдық; психологиялық; медициналық; экономикалық; демографиялық.

Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.

Мониторинг қызметi: Мақсат.Ұйымдастыру. Ақпарат өңдеу. Шешiм қабылдау.

Болжам жасау.

Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.

Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар

Ақпараттың толықтылығы. Нақтылығы. Объективтiлiгi. Үздiксiздiгi.

Уақытында орындалуы. Құрылымдылығы, үздiксiздiгi. Мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.

Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi.Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.

Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:

Мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:

-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер.

-Педагогикалық менеджмент.

-Педагогикалық диагностика.

-Педагогикалық тестiлер.

-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер.

-Шығармашылық қабiлет.

Мониторингтiң негiзгi объектiсi – бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады.

Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсi бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.

Оқу үдерісін үздіксіз, ұзақ уақыттық бақылау және оны педагогикада басқару мониторинг деп аталады. Мониторинг – бұл нәтижені бақылау емес, іс-әрекет барысын, оның даму динамикасының тенденцияларын анықтау.

65. Күнтізбелік жоспар.

Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:

тақырып

сабақтың міндеттері

сабақ кезендері

оқушыларға арналған тапсырмалар

Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: күнтізбелік – тақыраптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Қазіргі кезде күнтізбелік – тақырыптық жоспар жасалынады. Бұл күнтізбелік – тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер жэне әдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, әдістері мен қүралдары белгіленеді. Қазіргі әдістемеде және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың әр түрлі қүрылымы пайдаланылуда.

Оқу жұмысының табысты болуы мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына тікелей байланысты. Күнделікті сабақты жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама талаптарына сәйкес болады. Күнделікті сабақтың өтілу мерзімін сабақ кестесі анықтайды.

Оқу үрдісінің бағдарламасы бойынша күнтізбелік жоспарды мерзіміне қарай жылдық, жарты жылдық, тоқсандық етіп құруға болады. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардың әр түрлі құрылымы болады. Күнтізбелік жоспарды мектеп басшысының талабына сай әр түрлі бөліктерге бөліп жасайды. Көбіне өтілетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, сағат саны, өтілетін күні,үйге тапсырма, ескертулер көрсетіледі. Жас мұғалімдерге қатысты жоспардың басқа үлгілерін ұсынуға болады (ол мектептің әдістемелік – бірлестік жетекшісінің нұсқауы бойынща ). Онда қосымша күтілетін нәтиже, жаңа ұғымдар, пәнішілік және пәнаралық байланыс,сабақта көрсетілетін көрнекі құралдар қамтылады.

Жоспарда тараулар тақырыптарға, өзіндік жұмысқа, бақылау жұмысына, тарауды қайталауға сағаттар бөлінеді.

Бағдарлама бойынша әрбір сыныпта өтетін тараулардың мақсаттары мен міндеттерін, өтілу мерзімін жете бақылау үшін, мұғалім күнтізбелік жоспарды үш түрлі: топтамалық, графиктік және тақырыптық нұсқада жасай алады.Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, онымен толық сәйкестікте белгілі бір тақырып бойынша математиканың әр сабағының жоспары дайындалады. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін:

1.Сабақтың құрылымын анықтау

2.Алдыңғы және кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, әр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу.

3.Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен жұмыс формасын ойластыру. Ұйымдастырудың негізгі формаларына сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады.

4.Сабақтың әрбір кезеңдеріндегі жұмыстың әдістемесін анықтау

5.Сабақтың көрнекілігін дайындау:

6.Жұмысты қорытындылау

7.Сабақтың нәтижесін хабарлау

8.Үй тапсырмасын ойластыру:- сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілетін материалдың күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты.

66.- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс;

- Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс;

- Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс;

- Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді.

Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.Портфолионың қызмет ету мақсаттары:

- Нұсқау беру мен бағалаудың біріктірілуі

- Баланың жетістіктерімен сыныпта қолданылатын әр қилы жаттығулар туралы мәліметті оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға және де басқа шешім қабылдайтын адамдарға жеткізу

- Балаларға өздерінің жұмыстарына баға беруге мүмкіндік туғызу

- Баланың жалпы жұмысын жан-жақты бағалауға негіз құру.

Балалар үшін білім алу туралы шешім қабылдау және оларды нақты бағалау өте маңызды мәселе. Мұғалімдердің балаларды оқып жатқанда, жазып жатқанда, бір-бірімен араласқанда, дамуға бағытталған оқу бағдарламасы барысындағы түрлі жаттығуларға қатысып жатқанын бақылауы, әр бала туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін бағалау процесі терең зейінмен сыныпта жасалған жаттығулар да үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Қай уақытта болмасын бағалау жүйесін жасау өзекті мәселе болып келеді. Оқу мотивацияларындағы бұрмалаушылықтан оқушы жетістігінің динамикасын қадағалаудың объективтілігіне деген күдіктен, оқушының мұғаліммен, ата-анамен, өзімен өзінің қарым-қатынасының бұрмалауынан баланың жүйке жүйесінің жұқаруынан және мазасыздануынан жиі байқалатын бес балдық бағаның зиянын келтіретін нәтижесін болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдар іздестірілуде.

Өзін - өзі бағалау

Оқушыға және оның ата – анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.

Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.

Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.

 

67. Психологиялық-педагогикалық зерттеу логикасы. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде. Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтардың жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, болашақ педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты болашақ педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта болашақ педагог- психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.Сондықтан мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.Берілген зерттеуді қарастыру барысында білім берудің маңызы жөнінде А.А.Әбдікәрімұлы, В.В.Егоров, Ж.Ж.Наурызбай, М.Н.Сарыбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е.А.Батешовтың, Р.М.Дұзбаеваның, Д.М.Жүсібалиеваның, Ж.А.Қараевтың, М.С.Мәлібекованың, Ә.К.Мыңбаеваның және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

68. Сабақтың дидактикалық талаптар. Дидактикалық талаптар:сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс. Мұғалімдер оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиетте жіктеудің 20-дан астам түрі бар. Солардың ішінде ең кең тараған түрі: Огородников, Бабанский, Лемберг сынды ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйелері. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген:

1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)

2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)

3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20%, көру қабілеті арқылы 40-60% қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.

Сабақта мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан да көрінеді.Оқу-тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. Ең бірінші, мұғалім өз пәнін сүйетін, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденгіш, әдіскер, шебер болуы керек. Оның үстіне өз пәнін талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы шарт.

Екіншіден, шәкіртермен қарым-қатынасының жоғары мәдениеттілігі талап етіледі. Мұғалім шәкіртімен терезесі тең адамдай сөйлесіп, оларды өз ойларын қысылмай-қымсынбай айтуға, пікірін еркін, ашық айтуға тәрбиелеп отыруы керек. Оқушы мұғалім қойған талапты зорлықпен емес, саналылықпен орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі.Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

- Білімділік мақсаттың құрамдық элементтері, олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын толық және анық нақтылау. Сабақтың жалпы құрылымында орнын анықтау.

- оқушылардың дайындығын ескерумен қатар, сабақ мазмұнының оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатының талаптарына сәйкестігін анықтау.

- Оқушылардың ғылыми білімді меңгеруі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасуын сабақта және оның жеке кезеңдерінде бақылау.

- Тиімді методтар, әдістер мен оқу құралдарын таңдау, сабақтың әрбір кезеңінде сенімді әсер ету, оларды қызықтыру және бақылау.Танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін таңдау.

- Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.

- Оқушылардың ойдағыдай оқуына жағдай жасау т.б.

69. Әр оқытушы сабақ бермес бұрын сабақтың толық жоспарын құруы тиiс және сол сабақ жоспарын сабақтың мақсатына жету үшiн бiрiншi көмекшiсi ретiнде қолдану керек. Бұл жоспарда тек мұғалiмнiң жұмысы емес, сонымен қатар оқушының да жұмысы ескерiлуi тиiс. Сабақ жоспарын құру барысында мұғалiм әдiстемелiк кiтапшаны қолданады, бiрақ әдiстемелiк кiтапшадағы нұсқауларды мұғалiм сыныптың бiлiм деңгейiне қарай өзгертiп отырады. Сабақ жоспары - мұғалiмге қажеттi оқыту құралы. Жоспар арқылы мұғалiм әр түрлi мақсаттарына жетедi (тәрбиелiк, бiлiмдiлiк және дамытушылық).

Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: тақырыптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделікті жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер және әдістемелік құралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, әдістері мен құралдары белгіленеді.

Күнделікті жоспардың мазмұны сабақтың типіне, құрылымына, құралдары мен әдістеріне қарай іріктеліп алынады. Жаңа білім беру сабағының күнделікті жоспарында мыналар көрсетіледі:

1) сабақтың тақырыбы;

2) Сабақтың білім мен тәрбие беру және дамыту мақсаты;

3) Пайдаланылған әдебиеттер;

4) Құрал-жабдықтары;

5) Құрылымы:

а) кіріспе бѳлімде тексерілетін үй тапсырмасы мен тірек білімнің мазмұны мен әдістері;

ә) негізгі бѳлімде түсіндірілетін материалдың жоспары, ұғымдар, заттардың формулалары және кұбылыстардың реакция теңдеулері, тәжірибелер мен кѳрнекі құралдардың орны және пайдалану әдістері;

6) қорытынды бѳлімде үй тапсырмасының мазмұны, орындау, әдістері, жаңа білімді бекіту және қолдана білу үшін қойылатын сұрақтар, орындалатын жаттығулар және есептер, ѳздігінен істейін жұмыстар.

 

70. .Оқытудың модулдық технологиясы. Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі. Қашықтықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.

71 Сабақтың тәрбиелік қызметі. o тәрбиелік міндеттері:Қоғам дамуы процесінде тәрбие мазмұны өзгереді, алайда педагогика тәрбие субъектісі ретінде үнемі адамды қарастырады, ал тәрбие әсері оны

жетілдіруге бағытталады. Бұл педагог-тәрбиешілердің тұлғаның сапалы өсуіне және жетілуіне ықпал ететін санасын, психологиясын, құндылықты бағдарын, білімі мен қызметінің әдістерін өзгертуіне мүмкіндік беретін тәрбие феноменін түрлендіретін іс-әрекеті ретінде анықтауына негіз береді. Демек, барлық білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады: оқыту және тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту да, тәрбиелеу де белгілі бір аяқталған және құрастырылған процесті білдіреді. Біздің пікірімізше, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің мәнін төмендегіше ұсынуға болады: – Оқыту деп шығармашылық қабылдау мен практикалық қызметтер, мәдени және моральдық-этикалық идеялардың түрлі тәсілдері мен деңгейлері

арқылы білім, білік және дағдыға ие болу түсіндіріледі. – Бұл жағдайда тәрбие этностық, эстетикалық, моральдық, әлеуметтік және т.б. түрлі қарым-қатынастардың, сол сияқты мінез-құлық, дағдылар мен

сезімдердің әртүрлі деңгейлерінің туындау және қалыптасу процесін білдіреді. Оқыту және тәрбие процестерінің өзара ортақ және бір-бірінен ерекшеленетін қасиеттері бар. Оқу процесі – бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуы мен қалыптасуы.

Оқушылардың оқу процесі барысында меңгерген білімі олардың дүниетанымы қалыптасуының негізін қалайды, түрлі табиғи, қоғамдық, техникалық және мәдени құбылыстар мен оқиғаларды дайындаудың маңызды құралы болады. Оқушылардың танымдық қызметі олардың интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік дамуын ескереді. Оқу процесінің тәрбиелік мәні– оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен оларда әлемге, бір біріне, игерілетін оқу материалына эмоционалды-

құндылықты қатынас қалыптасуы арқасында табиғи байланыс орнайтындығында. Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет:

– тұлғаның жалпыадамдық гумандық құндылықтарға бағдарлануы;

– демократиялылық және толеранттылық;

– космизм және ұлттық идеяның үйлесуі;

– тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;

– өз шығармашылық әлеуетін елін көркейтуді іске асыру қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің аймақтық аспектісі. Пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс.Сабақ барысында оқушының алдына мұғалім бір тәрбиелік мақсатты қоя отырып, бірнеше мақсатты да қарастыруы мүмкін. Немесе бір тәрбиелік мақсатты бірнеше сабақ барысында қарастырады, өйткені оқушының бойында бір қасиетті бір сабақта тәрбиелеу мүмкін емес.Тәрбиелік мақсатты құра отырып, оқушының ең алдымен адам екендігін естен шығармау керек. Барлық адамгершілік қасиеттер мұғалім тарапынан тәртіп, әділдік. жолдастық, сыпайылық негізінде тәрбиеленуі қажет

72. Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды. Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махабатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым –қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан – дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз юолады. .Шығармашыл мұғалім – ізгілікті тұлға.Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен бабаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балалрға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес,ата – аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор. Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму» түрінде ұсынады. Г.С.Сухобская мен Ю.В: Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс – қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.

73Сабақтың дамытушылық қызметі. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді оптимальдық арақатынаста жүзеге асыру;оқушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып өнімді танымдық іс-әрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету;оқушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, оқушылардың даму деңгейіне сүйену;тұлғаның барлық аясын дамытуды себептендіру және белсендету;оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы және эмоционалдығы;педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;өмірмен өндірістік іс-әрекетпен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыс;практикалық қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау және жоспарлаудамытушылық міндеттері: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту. оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу. Дамытушылық талаптар:

- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;

- оқушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;

- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;

- оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б.

74 – 75 Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат.[1] Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі

Оқy – әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы бағдарлама болып табылады.

Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдермен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат болып табылады.

Бағдарламаларды құрастырғанда, оларға қойылатын дидактикалық талаптарға жүгіну қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұнын белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу процесіне енгізу үшін оқу материалы деңгейіне аударылады, яғни жоспарланған мазмұнның оқу процесінде іске асырылуы үшін қызмет етеді.

Сонымен қатар бағдарлама мұғалімдер мен оқушылардың іс – әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы тиіс.

Бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы, нақтылығы, процессуальдық сипаты жатады.

Толықтық дегеніміз – алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл – ойының дамуымен тығыз байланыстыру, ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана алу және қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық қажетті және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.

Нақтылық дегеніміз – бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.

Процессуальдық деп – білім мазмұнының оқыту процесімен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс – әрекеттік жағын, оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде әдістерді, оқытуды ұйымдастыруды формалары мен құралдарын айқындайды.

Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

- Түсініктеме;

- Тұжырымдық бөлік;

- Нормативтік;

- Ақпараттық - әдістемелік бөлік.

.Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқу процесін және оның нәтижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке тақырыптарды оқып – үйренуге бөлінетін уақыт және арнайы айдармен берілген «Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар» жатады.

Білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар дегеніміз – оқытудың жоспарланған нәтижелерін белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың нені қалай меңгеру керектігін, қызметтің қай түрлерінде қайсыбір білімдері мен біліктерінің көрінуі қажеттігі оқушылардың қандай қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Басқаша айтқанда, талаптар білім мақсаттарының нақтылануы болып табылады, әр түрлі деңгейлерде берілетін және оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады.

76.Оқушылар бойына танымдық қызығушылықты сіңіру — көп уақытты, мерзімді қажет ететін үрдіс. Жоғары оқу орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы ізгі қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырған жағдайда ғана жұмыстың нәтижесі жоғары деңгейде көрінеді. Бұл мәселеден мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық қажеттілігі туындайды.

Оқушылардың таным үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту мәселесі бірқатар еңбектерде қарастырылған. Соның ішінде А. Тамаевтың “Әдебиет сабақтарында жоғары класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру” ғылыми зерттеуінде оқушылардың оқырмандық қызығушылығының психологиялық негіздеріне, оны тәрбиелей отырып, әдеби білім беру мәселелеріне мән берілген [1]. Субъектінің әртүрлі таным белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарының табиғи құбылыстарға қайта бейнелеу көрінісі (Л.П. Аристова), тұлғаның танымдық қасиетін сипаттаудың еріксіз жағдайы (Р.А. Низамов), ал оқушының өмірлік позициясындағы іс-әрекеттілігі (Г.И. Щукина), тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекеті сапасын (Т.Н. Шамова) сараптаған болса, танымдық қызығушылық мәселесі Т.А.Буянова, Э.К. Васильева, О.А. Золотарева және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазіргі кезде педагогикалы-психологиялық ғалымдардың еңбектерінде кәсіби қызығушылықтардың дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесіне және әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда қарастырылып отыр. Кәсіби қызығушылықтарды тәрбие үдерісінде қалыптастыру жолдарын Л.А. Вайсбург, Ю.П. Вавилов, А.А.Газаев және т.б. ғалымдар талдаған.

Оқушылардың танымдық үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А.Н.Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Л.В. Занков, Л.В. Эльконин, А.В. Петровский, педагогикалық тұрғыдан П.И. Пидкасистый, Т.И.Шамова, Т.Н.Щукина, отандық ғалымдар Ж.И.Намазбаева, Т.С. Сабыров, Н.Д. Хмель және т.б. зерттеді.

Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуде ұтымды жолдарды қолдана білуімен,жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс-әрекетін бақылап,бағалай білуімен сипатталады.Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады,төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп,оқытушының көмегімен орындайды.Оқушының ойлау қабілетінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі-оқушыны пәнге деген қызығушылығын анықтау,тәрбиелеу,жетілдіру,оның бойындағы ерекеше қасиеттерін көрсетуге,дамытуға мүмкіндік көрсету.Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсене қатысып тартылады.Оқушылардың пәнге деген терең қызығушылығын ояту үшін,олардың танымдық белсенділігін таытуда оқушылардың,олардың жас және жеке бас ерекшеліктерін есепке ала отырып,жалпы белсенділігін,дербестігін,жеке ынтасы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасайтын және қосымша құралдарды іздестіру қажет.Танымдық қызығушылық-тұлғаның қоршаған ортаның заттары мен тқұбылыстарына іріктелген бағыттылығы.Бұл бағыттылық тануға, жаңалыққа,тереңірек және толық білуге деген ұмытылыспен сипатталады.Танымдық үдеріс жүйелі түрде нығая және дами отырып,балаға деген жағымды қарым-қатынасқа негіз болады.Оқушыларда танымдық қызығушылығының болуы-олардың сабақта белсенді,білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға ,оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда,белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді

77.ШКМ білім беруді ақпараттандыру ШЖМ-да білім беруді жүзеге асыру ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді және оның ерекшеліктерін ескеретін оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуді қажет етеді. ШЖМ-ны дамытуды ғылыми-әдістемелік қолдау сапасын арттыру мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының (бұдан әрі – Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА) жанынан Шағын жинақты мектептерді дамытудың республикалық орталығы құрылады.ШЖМ-да оқытудың ақпараттық құралдарын (ОАҚ) тиімді пайдалану, кең жолақты Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып біртұтас ақпараттық желі құру білім беру процесінің сапасын арттырудың ең маңызды факторларының бірі болып табылады. ШЖМ қызметін сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпараттық қор құрған жөн, оның құрамына: электрондық кітапхана, оқыту, диагностикалық бағдарламалар, компьютерлік ойындар, конструкторлар және басқа да оқу-әдістемелік құралдары бар медиатека кіреді. Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға, ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне, Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы, ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға бағытталған болатын.

Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы кең ауқымды сипат алды және білім берудің барлық саласына: кәсіптік мектептерге, коледжілерге, жоо-на, институттарға және кәсіптік кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарына тарады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
- оқу - тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
- мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу - әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;
- білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық - техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
-қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
-жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-білім мен тәрбиенің бірізділігі;
-жалпы компьютерлік сауаттылық;
-оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы ( интенсификация).
Нәтижелер:
-жаңа ақпараттық технолгияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
- біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
-білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
- республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.

78.Сабақтың құрылымы.Сабақтың құрылымы - сабақты үйлестірудің әр түрлі нұсқаларында оның негізгі сипаттамаларының сақталуы мен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы. Бұл элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын шығару. Сабақтың типі құрылымдық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен белгіленеді.Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.Сабақ құрлымы:Кәзіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады.Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады.Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.
сабақтың түрлері.Сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді. И. Н. Казанцев бойынша: Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтеті







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.