Здавалка
Главная | Обратная связь

ИНТЕРНДЕР КОМПЕТЕНЦИЯСЫ



Курс: 6

Семестр:11, 12

Бақылау түрі:тестілеу, тәжірибелік дағдыларды бағалау

 

 

Алматы 2014

 

 

Құрастырғандар: м.ғ.д., профессор Шалабаева К.З., м.ғ.д., ассистент Курмангалиева Г.А., доцент м.ғ.к Искакова М.К.

Жұмыс бағдарламасы Типтік оқу бағдарламасы (2013) негізінде құрастырылған.

 

Жұмыс бағдарламасы стоматология бойынша интернатура кафедрасының отырысында талқыланған

«_29_»__08 _2014ж., хаттама №_1__

 

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д., профессор __________________ Жартыбаев Р.Н.

 

 

1. Жалпы мағлұмат:

1.1 ЖОО атауы:С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1.2 Кафедра –стоматология бойынша интернатура

1.4 Мамандық –жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог

1.3 Пән –балалар стоматологиясы

1.5 Тәжірибелік сабақтар көлемі:- 270 сағат.

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:

Т.А.Ә. Қызметі Дәрежесі Басымдық ғылыми қызығушылықтары
1. Шалабаева Клара Зулхарнаевна профессор медицина ғылымдарының докторы ЖСБА қабыну аурулары, стоматологиялық аурулардың пофилактикасы
2. Курмангалиева Гульнара Алимжановна ассистент - Әр түрлі жастағы балалардағы стоматологиялық ауруларды емдеудегі туындағы мәселелер
3. Ахмадов Ислам Бесланович ассистент - ЖСБА қабыну аурулары, стоматологиялық аурулардың пофилактикасы
4. Бектурганова Назым Даулетжановна ассистент - ЖСБА қабыну аурулары, стоматологиялық аурулардың пофилактикасы

Байланыс мәліметі: Кафедра мекен-жайы: Алматы қ., Төле би к-ші 92, стоматология бойынша интернатура кафедрасы. тел: 8-707-9017773

Электронды мекен-жайы: internstom@mail.ru

Интернатурада балалар жасындағы стомалогияны оқытудың мақсаты.

Мақсаты:балалар стоматологиясы бойынша компетентті бағытталған, керекті білімі бар, балалар стоматологиясы бойынша дағдылары бар, стоматологиялық аурулары бар балаларға дәлелді медицина және емдік-нақтамалық технологияларға сәйкес өзіндік квалификацияланған медициналық көмек көрсете алатын, әрдайым өзіндік біліктілікті жоғарылата алатын және кәсіби деңгейде өсуге дайын дәрігерді дайындау.

Талаптары:

- балаларда жақ-бет аймағының негізгі терапиялық және хируругиялық аурулардың этиологиясы,

патогенезі, клиникасын терең білу;

- балаларда терапиялық және хируругиялық стоматологиялық ауруларды нақтамалау және

салыстырмалы нақтамалау дағдыларын жетілдіру;

- науқастарды қарап тексеруде, заманауи зертханалық және аспаптық қарап тексеру әдістерінің

дағдыларын терең зерттеу;

- дәлелді медицина принциптері және емдік-нақтамалық технологияларға сәйкес, балаларда

терапиялық және хирургиялық аурулары кезінде жедел жәрдем көрсете білу және кешенді емдеу

дағдыларын білу;

- белгілі бір науқасты емдеуде, жеке көзқарас қалыптастыру үшін білімін және дағдыларын

интерграциялау жөнінде біліктілігін жоғарлату; дәлелді медицина принциптеріне сәйкес,

профессионалды шешім қабылдай білу;

- ұжымда жұмыс жасау дағдыларын нығайту, нақтамалық және емдік үрдістерді ұйымдастыру

және басқару дағдыларын қалыптастыру;

- жұмыста альтруизм, жанашу, науқас ауруына ортақтасу, жауаптылық, шыншылдық және құпия

сақтау принциптерін ұстану;

- адам және жанұяның салауатты өмір салты әдістері және принциптері жайлы білімін жоғарлату;

- бүкіл профессионалды қызметі барысында, білімін және дағдыларын үздіксіз жоғарлату

мотивациясын қалыптастыру;

- ағымды, есеп құжаттарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Оқытудың методологиясы.

Жанаспалы уақыт тестілеу, блиц сұрау, шағын топтардағы жұмыс, жұптасып жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық/клиникалық талдау.

ИОӨЖ – терапиялық және хирургиялық бөлмеде науқастарды амбулаторлық қабылдау, ауруханада науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, таңба жасау, қабылдау бөліміндегі жұмыс, консилиумға қатысу, жағдайы ауыр науқастарға кеңес беруге қатысу, амбулаторлық медициналық карталарын және сырқатнаманы толтыру, ауруханада оқу сырқатаналарын толтыру,клиникалық жағдайлардың анализі, реферирлеу, аннотирлеу, конспектілеу, презентация, ИӨЖ тапсыру және т.б.

Оқытудың методологиясы

Жанаспалы уақыт тестілеу, блиц сұрау, шағын топтардағы жұмыс, жұптасып жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық/клиникалық талдау.

ИОӨЖ – терапиялық және хирургиялық бөлмеде науқастарды амбулаторлық қабылдау, ауруханада науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, таңба жасау, қабылдау бөліміндегі жұмыс, консилиумға қатысу, жағдайы ауыр науқастарға кеңес беруге қатысу, амбулаторлық медициналық карталарын және сырқатнаманы толтыру, ауруханада оқу сырқатаналарын толтыру,клиникалық жағдайлардың анализі, реферирлеу, аннотирлеу, конспектілеу, презентация, ИӨЖ тапсыру және т.б.

ИНТЕРНДЕР КОМПЕТЕНЦИЯСЫ

Игеру деңгейі:

I – білу (есту, оқу)

II – білу (көру)

III – қалыпты жағдайда орындау

IV – тікелей бақылауда орындау

V – тікелей емес 56 бақылауда орындау

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.